Аудармадағы аударылмайтын сөздер


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Филология, журналистика және өнер факультеті

Аударма теориясы мен практикасы кафедрасы

Аудармадағы аударылмайтын сөздер

050207 «Аударма ісі» мамандығының студенттеріне арналған

оқу-әдістемелік құрал

Павлодар

Кереку

2010

ӘОЖ 81. 25:811. 112. 2(07)

КБК 81. 2-923

Т 34

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің филология, журналистика және өнер факультетінің аудару теориясы мен практикасы кафедрасының отырысында басуға ұсынылды

Пікір беруші:

филология ғылымдарының кандидаты, доцент Д. Е. Капанова.

Құрастырушылар: Г. К. Кенжетаева, Р. А. Омарова

057 Аудармадағы аударылмайтын сөздер: 050207 «Аударма ісі» мамандығының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құрал / құраст. Г. К. Кенжетаева, Р. А. Омарова. - Павлодар : Кереку, 2010. - 69 б.

Оқу-әдістемелік құралда аудармадағы аударылмайтын сөздердің теориясы мен практикасы баяндалған. Оқу құралы мысалдармен тапсырмалардың үлкен көлемімен түсіндіріліп, сипатталған.

Жоғарғы оқу орындарында қазақ дәрісханасында ағылшын және неміс тілінің тәжірибелік сабақтарын жүргізуде қосымша ретінде, тіл үйрену курстарында және т. б. арнаулы курстарда қосымша құрал ретінде пайдалануға болады.

Оқу-әдістемелік құрал «Аударма ісі» мамандығының студенттеріне арналған.

ӘОЖ 81. 25: 811. 112. 2 (07)

КБК 81. 2 - 923

© Г. К. Кенжетаева, Омарова Р. А., 2010

© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2010

Материалдың дұрыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты


Кіріспе

Соңғы жылдары тіларалық және мәдениетаралық қарым-қатынас мәселелері өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Шетел тілдерін оқытудың қазіргі әдістемесі шетел тілін зерделеумен бірге зерделенетін тіл елінің мәдениетін бірге үйлестіре отырып оқытуды болжайды. Кейінгі кездері тілді тану мен лингводидактика саласында лингвоелтану сияқты сала кең дамыды.

Тілдердің салыстырмалы талдауы арқылы біз ана тілінің заңдылықтарын, сөздердің функционалды ерекшеліктерін тереңдеп ұға аламыз. Сонымен қатар басқа тілдің құрылымын түсініп, тілдің идиоэтникалық ерекшеліктерін де ажыратамыз.

Әр түрлі тілдердегі сөз бірліктерін салыстырмалы түрде зерттегенде, аудармаға көңіл бөлмей зерттеу жұмысын жүргізе алмаймыз. Аударматануда әлі де көптеген шешілмеген мәселелер баршылық. «Қалай аудару керек?» деген сұраққа жауап іздеген кезде, зерттеушілер әр түрлі аударма объектілеріне назар аударады. Әрине, дәлме-дәл аударма жасау мүмкін емес. Бұл тілдердің грамматикасына, сөздік қорына және сол тілдердегі мәдени айырмашылықтарға байланысты. Мәдени айырмашылықтар аудару жолдарына, нәтижелеріне үлкен ықпал етеді.

Аударматанудың негізгі мәселелеріне тіларалық эквиваленттілік, эквиваленттілік және барабарлық, заңға сыйымды лайықтылық теориясы, эквивалентсіз лексиканы аудару және тағы сол сияқты мәселелер (В. С. Виноградов, Г. И. Исина, В. Н. Комиссаров, С. С. Прокопович, Л. К. Латышев, Я. И. Рецкер, А. Д. Швейцер және т. б. ) жатады.

Аудармашылар тіл бірліктерінің прагматикалық аспектілеріне (негізінен лексикалық және фразеологиялық) үлкен назар аударады. Барабар аудармада ұлттық-тарихи, мәдени-тұрмыстық, идеологиялық факторлар мәтінде (ауызша немесе жазбаша) маңызды орын алып, лексикалық бірліктерінде із қалдырады. Осыған байланысты басты назарды аудармашының біліміне аудару қажет (О. С. Ахманова, Е. М. Верещагин, В. С. Виноградов, С. И. Влахов, Т. Г. Грушевицкая, И. В. Гюббернет, В. Г. Зусман, В. Г. Костомаров, В. Д. Попков, С. Г. Тер-Минасова., С. П. Флорин) .

Аталмыш оқу құралының мақсаты - студенттерді реалия сөздерді аудару тәсілдеріне үйрету. Реалия сөздерді аудару мәселесі аударматануда әлі де толық шешімін таппаған мәселелердің бірі.

Реалия сөздер көбінесе әдеби шығармаларда кездеседі (романдар, дастандар, өлеңдер, ертектер) . Ұсынылып отырған оқу құралында реалия сөздерді аударудың теориялық мәселелері зерттелініп, практикалық материал ретінде «Нибелунгтер туралы хикая» эпосы алынып («Das Nibelungenlied» эпостың түпнұсқасы: «Das Nibelungenlied» nach dem Text von Karl Bartsch und Helmut de Boor ins Neuhochdeutsche uеbersetzt und kommentiert von Siegfried Grosse “Philipp Reclam jun. Stuttgart 1991”, аудармасы «Нибелунгтер туралы хикая», А. Қ. Қалиева, Х. Б. Мағзұмов, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2005), ондағы түпнұсқа мәтіннің лексикасын және аудармасын салыстыра отырып, «Нибелунгтер туралы хикая» эпосындағы реалия сөздердің аудару тәсілдерін, олардың түпнұсқадағы ұлттық мәдени ерекшеліктерін аудармалы тілге қалай жеткізілгені қарастырылды. Аудару кезіндегі дәлдікті анықтау үшін қазақ тіліндегі түсіндірме сөздік, неміс, қазақ, ағылшын және орыс тілі сөздіктері, лингвист, әдебиеттанушы, мәдениеттанушы ғалымдардың ғылыми зерттеу еңбектері қолданылды. Аудару кезінде барабарлы эквиваленттер болмаған жағдайда осы оқу құралдың авторларының өз аудару нұсқасы ұсынылды.

Оқу құралының мақсаты түпнұсқада берілген реалия сөздердің қазақ тіліне аудару кезінде қолданылған негізгі тәсілдерді анықтап, мүмкіндігінше қазақ және ағылшын тілдерінде өз нұсқасын ұсыну және қазақ тіліндегі аударма мен түпнұсқа арасындағы барабарлықты (эквиваленттілікті) анықтау.

Оқу құралында келесі мәселелер шешілуі керек:

1) ұсынылып отырған жұмыстың терминологиялық аппаратын анықтау (аудару үдерісі, реалия, эквивалентсіз лексикалық бірлік, лакуна, аудару тәсілі) ;

2) аудару теориясында отандық және шетел аударматануындағы реалия сөздерді аудару тәсілдерінің мәселелеріне арналған зерттеулерді жүйелеу;

3) ұлттық, тарихи, мәдени лексиканы (реалия сөздерді) аудару тәсілдерін суреттеп, екі тілді сөздіктерді қолдану;

4) эквиваленттілік теориясының мәселелерін жүйелеу; «денотат», «референт», «эквиваленттілік және барабарлық», «дұрыстық және дәлдік» терминдерін анықтау;

5) зерттеу мәліметтерін қарастырып, «Нибелунгтер туралы хикая» эпосындағы кейбір лексикалық бірліктерге (реалия сөздерге) мүмкіндігінше қазақ және ағылшын тілдерінде өз нұсқасын ұсыну;

Оқу құралының гипотезасы: егер біз реалия сөздерді аудару тәсілдерінің жүйелі теоретикалық білімін неміс, қазақ тілдеріндегі «Нибелунгтер туралы хикая» эпосы бойынша салыстырмалы зерттеуде қолданатын болсақ, онда қазақ тіліндегі реалия сөздердің аудару тәсілдерін анықтап, түпнұсқа мәтіннің коммуникативті маңыздылықты бұзатын, сәйкес емес лексикасына сай келетін нұсқаны ұсыну.

Оқу құралының теориялық маңыздылығы оқырмандарды дефиниция (кейбір ұғымдардың анықтамасы) мәселесі және реалия сөздерді аудару тәсілдері туралы әр түрлі көзқарастармен таныстыру, эквивалентсіз лексика ерекшеліктерінің функционалды семантикалық зерттеулері және оларды басқа тілдерге аудару, қазақ, неміс тілдеріндегі әдеби шығармаларының аудармасындағы лексикалық бірліктерді тереңдетіп зерттеуге ықпал етеді.

Аталмыш оқу құралының практикалық нәтижелері аударманың теориялық және практикалық курстарында жоғары білім беру орындарында «Аударматанудағы аударылмайтын сөздер» сабағында қолданыс табуы мүмкін. Оқу құралының теориялық бөлімі «Аударматанудағы аударылмайтын сөздер» пәнінен студенттердің білімін тереңдетуге және тексеруге көмектеседі.

1 Аударматанудағы лексико-семантикалық барабарлық (эквиваленттілік)

1. 1 Көркем аударма жалпы аударманың негізгі бөлігі ретінде

Аударманың адам қызметінің ең көне түрі екені даусыз. Әуел бастан аударма тілі басқа адамдардың бір-бірімен араласуына мүмкіндік тудырып, аса маңызды әлеуметтік қызмет атқарды. Жазбаша аудармалардың таралуы адамдарға басқа халықтардың мәдениетімен танысуына кең жол ашып, әдебиеттер мен мәдениеттердің араласып, баюына жағдай жасады. Шетел тілін білу кітаптың түпнұсқасын сол тілде оқуына негіз болады, алайда ең болмады бір шетел тілін үйрену әркімнің қолынан келмейді, ал бір адамның кітаптарды әдеби тілдердің баршасында, тіпті көпшілігінде оқуы мүмкін емес. Рудаки мен Омар Хаямның, Шекспир мен Гетенің, Толстой мен Достаевскийдің, Абай мен Шәкәрімнің ғажайып шығармалары аударманың арқасында ғана адамзаттың игілігіне айналды.

Аударма - түрлі тілдерде сөйлейтін адамдардың арасындағы қатынас (коммуникация) мүмкіндігін қамтамасыз ету құралы [1, б. 70] .

Лингвистикада және аударматануда аударма бір тілдегі ойды басқа тілге жеткізіп аудару ретінде анықталады (Л. С. Бархударов,

В. Н. Комиссаров, Я. И. Рецкер, А. В. Федорова және т. б. ) .

В. Н. Комиссаровтың пікірінше, аударманы - тіларалық қарым-қатынастың ерекше бір түрі, үш сөйлеу актісінің бірлігі ретінде қарастыруға болады:

1) шет тілі арқылы түпнұсқаны тудыратын сөйлеу актісі;

2) аудару тілі арқылы аударма мәтінді тудыратын сөйлеу актісі;

3) бірінші және екінші актілерде іске асқан сөйлеу актісі арқылы сөйлеу шығармалардың біріктіру актісі (коммуникативті теңеу) [2, б. 34-35] .

П. И. Копаневтің анықтамасы бойынша аударманың мақсаты заттық-логикалық мәліметтерді хабарлау, қандай да болса істерге, белгілі бір сезімдерге түрткі болу. Осыдан келіп ол аударманың қызметіне төмендегідей анықтама береді: аударма қызметі - бұл тіларалық, мәдени-эстетикалық бөгеттерді бұзу [3, б. 144] .

Лингвист З. Е. Роганова зерттеулеріне сәйкес, аударма - бұл барабарлы нұсқаның барабарлы басқа тіл арқылы мазмұнын және формасын қарастырып, жаңадан құру. Екі тіл жүйесінің компоненттерін салыстыру негізінде, аудару кезінде керекті тіл бірліктерін таңдап алу. Қарастырылатын тілдерде, олардың ұлттық ерекшеліктеріне байланысты бір ой әр түрлі тәсілдермен жеткізілуі мүмкін [4, б. 5] . Аударманы, ұлттық мәдени әдістердің маңыздысы және мәдени аралық қарым-қатынастың әсерлі тәсілдерінің бірі ретінде қарастыруға болады. Мәдениетаралық қарым-қатынас әр түрлі мәдениеттердің вербалды және вербалды емес, өзінің және басқа мәдениеттің және тілдің иеленушісімен қатынастағы ерекше үрдіс ретінде анықталады [5, б. 85 - 89] .

В. Г. Зусманның, З. Е. Рогановтың пікірлеріне сәйкес аудармашының мақсаты тілдердің ерекшеліктеріне, қызмет заңдылықтарына, мәдениетіне байланысты лингвоэтникалық бөгеттерді бұзу. Басқа сөзбен айтқанда, аудару үдерісі кезінде аудармашы әр түрлі тілдерде сөйлейтін, әр түрлі лингвоэтникалық қоғамға жататын адамдардың қарым-қатынасы әсерлі болу үшін лингвоэтникалық бөгеттерді бұзады. Сонымен, аударма - бұл лингвоэтникалық ретрансляция [4, б. 6 - 10] .

В. С. Виноградов, Г. И. Исина, М. Т. Сабитова, А. В. Федоров екі аспектіде қарастырылатын «аударма» терминіне өз назарларын аударады: біріншіден, бұл аудару жұмысының әр түрлі кезеңдерімен байланысты үдеріс және екіншіден, бұл аудармашының шығармашылық жұмысының нәтижесі - мәтін [6, б. 7; 7, б. 5; 8, б. 1 - 2; 9, б. 13] .

Аударманың теоретигі және практигі Л. К. Латышевтың, сол сияқты В. С. Виноградовтың және А. В. Федоровтың пікірлерінше аударманың заты аудармалы мәтін болып табылады. Аудармалы мәтін үдеріс кезінде екі тілді қарым-қатынас кезінде түпнұсқа мәтінді алмастырады. Сонда аудармашы әр түрлі тілдерде сөйлейтін коммуниканттар арасында лингвоэтникалық бөгеттерді бұзып, оларға бір тіл коммуникациясында қатынасуға мүмкіндік береді. Басқа сөзбен айтқанда, қажеттілік - аудармашының ісін айқындап, аударылған мәтін ретінде қанағаттандырылады [10, б. 14 - 15] .

Л. К. Латышевтың пікірінше аударма үш негізгі талапқа сай болу керек:

1) аударылған мәтін коммуникативті-функционалды жағынан берілген мәтінге барабар (эквивалентті) болу керек;

2) семантикалық құрылымы жағынан берілген мәтінге максималды түрде сәйкес болу керек (бірінші талапқа қарама-қарсы болмау керек) ;

3) берілген мәтінге сәйкес емес «орын толтыратын лексикамен» қамтымау және мүмкіндігінше аударма шектеулерінен аспау керек.

Егерде осы аталған талаптардың бірін назарға алмай аударма жасайтын болсақ, бұл аударма аудармадағы кемістік немесе аударма, тіларалық қатынастың басқа бір түріне айналуы мүмкін [10, б. 35 - 36] .

Л. К. Латышевтің пікірінше аударылатын мәтін коммуникация, қатынас құралы болып табылады [10, б. 15] . Біздің ойымызша осы пікір дәлдікті, түсінікті талап етеді. Мәтін - бұл ауызша немесе жазбаша түрде болатын вербалды белгілердің (сөздердің) жүйелілігі [11, б. 507] . Яғни, ауызша, жазбаша мәтіндер адамның коммуникативтік үдерісінің нәтижесі.

Коммуникацияның екі түрі болады: бірінші, бастапқы (кәдімгі), және екінші, соңғы (әдеби) . Біріншісі, сөйлеп және тыңдап жатқан адамдардың арасында туған коммуникативті жағдай. Екіншісі, толық емес коммуникативті жағдай болып саналады. Ол әңгімелейтін адам (әңгіме авторының өкілі) мен оқырман арасындағы коммуникация. Коммуникация толық болу үшін, келесі жағдайларға назар аудару қажет:

1) сөйлеуші және адресат болу керек;

2) уақыт бірлігі;

3) орын бірлігі;

4) коммуниканттар және олардың қатынастары арасындағы бірлік.

Әдеби коммуникация кезінде осы жағдайлар сақталмайды. Өйткені қатынастың түрі өзгереді. Мысалы: коммуникативті байланыс автор мен оқырман арасында болады, ал қатынас серіктесі (партнері) мәтін болып табылады [12, б. 68] .

Аталмыш оқу құралында түпнұсқа мәтіннің лексикасын аудармамен салыстыра отырып, «Нибелунгтер туралы хикая» эпосындағы реалия сөздердің аудару тәсілдерін, олардың түпнұсқадағы ұлттық мәдени ерекшеліктерін аудармалы тілге қалай жеткізілгені қарастырылды.

Жоғарыда айтылғандай, жазба мәтінді аудару кезінде, біздің жағдайымызда бұл «Нибелунгтер туралы хикая» эпосы, түпнұсқа немесе берілген мәтін аударма мәтінмен ауыстырылды.

А. В. Федоровтың ойынша, осындай алмастыру кезінде, аудармашы негізгі екі жағдайды есте сақтауы керек:

1) жазба аударманың мақсаты - шетел тілін білмейтін оқырманды берілген мәтінмен жақынырақ таныстыру;

2) осы жағдайда аудару - ертерек бір тіл құралдары арқылы берілген мәтінді басқа бір тіл амалдары арқылы екінші бір тілге дәл және толық жеткізіп, аудару [9, б. 15] .

А. В. Федоровтың пікірінше, аударманың қайта жасаудан, мазмұндамадан және сол сияқты әр түрлі «бейімделулерден» (адаптациялардан) айырмашылығы дәлдікте және толықтықта.

Көптеген аудармашылардың пікірлерінше (Л. С. Бархударов, Я. И. Рецкер, А. В. Федоров, А. Д. Швейцер) жазбаша аударма тек қана екі тілді, түпнұсқа мен аударманы байланыстырмай, сонымен қатар әр түрлі мәдениеттерді, ұлттарды, тарихи дамудың әр түрлі дәуірлерін, өткен және бүгінгі күндерді байланыстырады.

Шығарманың аудармасы өз бетімен жасала қалмайды. Онда әрқашанда түпнұсқа басқа әдет-ғұрыптардан, салт-дәстүрлерден, антропонимдерден, географиялық антропонимдерден және т. с. с. тұрады. Сондықтан аударма әрқашанда әмбинұсқалы. Өйткені аударма бір уақытта екі мәдениетке жатады: идеяны шығарған мәдениетке және оны қабылдаған мәдениетке, бір тілде мәтінді құрастырған авторға және оны басқа тілге аударған аудармашыға жатады.

А. Д. Швейцер шетелдердің аударма теоретиктері мен практиктерінің аударма жөніндегі зерттеулерін жүйелеп, төмендегідей мәліметтерді ұсынады.

У. Уинтердің пікірінше, аудару - бұл қоршаған орта сегментінің интерпритация тұжырымдамасын, мүмкіндігінше басқа барабарлық тұжырымдамамен ауыстыру. Дж. Кэтфорд аударманы тіл операциясы ретінде анықтайды. Сонда аударма кезінде бір тілдегі мәтін басқа мәтінмен, берілген мәтін материалы басқа тілдегі барабар материалмен ауыстырылады. Ю. Найданың және Ч. Табердің пікірлерінше, аударма - бұл рецептордың тілінде жаңадан құралған мәтін, берілген мәліметке өте жақын баламаның берілуі. В. Вильстің ойынша, аударма - бұл мәтіннің өңдеу және сөзге айналған үдерісі. Берілген мәтіннің барабар мәтінге ауыстырылуы. Сонда аудару тілінде мәтін мағыналы және стилистикалық жағынан түпнұсқаның мәні түсінілген мәтін. Ішкі жағынан аударма бөлінген, екі негізгі фазаны қамтитын үдеріс: біріншісі, ойлау фазасы, осы фаза кезінде аудармашы берілген мәтінді талдап, мән және стилистикалық интенциясына көңіл аударады, ал екіншісі, тілді қайта құру фазасы, осы фаза кезінде аудармашы коммуникативтік талаптарға көңіл аудара отырып, мағыналық және стилистикалық талдаудан өткен түпнұсқаны құрастырады [13, б. 68 - 71] . Г. Вермеер және К. Райс мәтін - бұл «жіберушіден алушыға жіберілетін мәлімет сөйлемі» - дейді де, аударманы «мәлімет сөйлеміне ұқсататын сөйлем» ретінде қарастырады [13, б. 73 - 74] .

А. Диомидованың айтуынша аударма - әдеби-тіл интерпритациясы, ал аудару үдерісі - жаңа мәліметтің құрылу актісі. Осы үдеріс кезінде мәтіннің түпнұсқасының және аудармасының белгілі бір мағынасы сақталып, «мәтін мағынасының жетілдірілуі» іске асады [14, б. 15] .

Жалпы аударманың негізгі екі концепциясы бар: лингвистикалық және әдебиеттану ғылымы. Аударма және аударматану бойынша негізгі екі мәселелер шеңбері бар.

Бірінші мәселелер шеңбері - бұл аудару шекараларының мәселелері, яғни, мәтінді аудару мүмкіндігімен байланысты мәселелер.

Екінші мәселелер шеңбері, біріншісімен арақатынасын белгілейтін және ерекше сипаттамасы бар аудару барабарлығымен байланысты мәселелер. Осы екі мәселелер шеңбері және олардың шешімі аударудың нормативті негізін белгілейді.

Аударма нормалары аудару актісінің ерекшелігін анықтайды. Яғни, аударма үдерісі кезінде аудармашының дербестігі, тәуелсіздігі қай деңгейде екені байқалады.

Қазіргі кезде дербес емес аудармалық іс және тәуелсіз аудармалық іс бар. Дербес емес аудармалық іс тираждауға жақынырақ, сондай-ақ іс аударма мәтініне өте тығыз байланыста болады (ресми-істі, ғылыми-техникалық құжаттарды қамтиды), ал тәуелсіз - бұл аудармашының белгілі бір дербестігін белгілейді (публицистикалық және әдеби мәтіндер) . Қоғамдық істің басқа бір түрі сияқты, аударма да белгілі бір қоғамдық мұқтаждықтарды қанағаттандыратын қажеттілік.

Аударманың мақсаты қарым-қатынаста болған кісілердің арасындағы лингвоэтникалық бөгеттерін бұзып, қатынасын мүмкін ету. Басқа сөзбен айтқанда, аударманың қоғамдық мәнін төмендегідей анықтауға болады: аударма - екі тілде қатынасқан коммуниканттардың байланысы, бір тіл ширегіндегі коммуникацияға мүмкіндігінше сәйкес болуы керек. Яғни, аудармада тек қана адамдар қарым-қатынасы кезінде ғана қажеттілік туады. Сол кезде адамдардың арасында тілдік емес, лингвоэтникалық (мәдениеттердің, ұлттық психологиясының және т. с. с. факторлардың әр түрлі болуы) бөгет туады.

Біз өзіміздің зерттеу жұмысымызда В. Н. Комиссаровтың және А. Д. Швейцердің пікірлерін қолдаймыз. Олардың пікірінше, жазбаша аударма - бұл бір жақты және екі фазадан тұратын, тіларалық және мәдениетаралық коммуникация үдерісі. Сонда аудармалық талдаудан өткен, бірінші мәтін екіншісімен алмастырылады. Біріншісін алмастыратын мәтін басқа тілдік және мәдени ортада қалыптасады [13, б. 75] .

В. Н. Комиссаровтың анықтамасы бойынша, көркем аударма - бұл аудармалық әрекет, оның негізгі мақсаты аударма тілінде көркем-эстетикалық әсер ете алатын шығарма жасау [15, б. 95] .

Сонда, көптеген әдеби сыншылардың ойынша көркем аударма - бұл өнер, онымен тек қана эстетикалық қағидаларға сүйенетін тіл шеберлері айналыса алады.

Г. Гачечиладзенің пікірінше, аударма мәселесі маңызды және терең зерттеу негізінде, көркемдік жағынан толық емес және толық, бірақ та түпнұсқадан алыс, еркін аударма. Осы екі көзқарас келесі екі пікірлердің негізінде жатыр: аударма лингвистикалық және әдебиеттану ғылымы жағынан анықталады. Аударманың лингвистикалық қағидасы түпнұсқаның формалды құрылымын қайта жасау. Бірақ, егер де лингвистикалық қағида негізгі екені айтылатын болса, онда ол түпнұсқаның сөзбе сөз аударылуына әкелуі мүмкін. Тіл жағынан ол нақты болар, ал көркемдік жағынан өте әлсіз аударма болуы мүмкін. Сонда бұл түршіліктің (формализмнің) бір түрі болады. Түршілік (формализм) кезінде басқа халықтың тіл формалары дәл аударылады да, шетел тілінің заңдары бойынша мәтіннің стилизациясы шығады. Кейбір жағдайларда, аударылатын сөйлемнің синтаксистік құрылымы аудармада ұқсас тәсілдермен берілуі мүмкін болса, онда сөзбе сөз аударма ешқандай әдеби талдаусыз, соңғы амал ретінде қарастырылуы мүмкін. Алайда, әр түрлі тілдерде синтаксистік амалдардың тура келуі өте сирек кездеседі. Көбінесе сөзбе сөз аударма кезінде қазақ тіліндегі синтаксистік нормалардың бұзылуына әкеледі. Сондай жағдайларда біз мазмұн мен форма арасындағы қарама-қайшылықпен түйісіп қаламыз. Автордың ойы айқын, бірақ оны білдіру түрі қазақ тіліне жат. Нақты сөзбе сөз аударма түпнұсқаның эмоционалды әсерін барлық жағдайларда толық жеткізе алмайды. Яғни, сөзбе сөз нақтылық және көркемділік үнемі бір бірімен үйлеспеушілікте болады. Аударма тілдік материалға сүйінетіні даусыз. Сөздердің және сөз тіркестерінің аудармасынсыз көркем аударма бола алмайды. Аудармашының екі тілдің заңдылықтары және осы заңдылықтардың бір біріне сәйкес келуі туралы білімі болу керек. Демек, көркем аударманың сапасын анықтау үшін тіл аралық сәйкестілікті анықтайтын жалпы қағидалар жеткіліксіз болады. Толықтылық үшін бүкіл аудару кезінде түпнұсқаға сөзбе сөз жақын болу қажет емес [16, б. 115] .

Кейбір зерттеушілердің (Г. Гачечиладзе, А. А. Смирнов және А. В. Федоров) пікірінше, аударманы жаңа сөздер табу өнерінің бір түрі ретінде, яғни, лингвистикалық көзқарас жағынан емес, әдебиеттану ғылымы жағынан қарастыру керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лингвистикалық аударма теориясы
Жалпы аударма теориясы
Аударма сапасының бағалау мәселелері
Публицистикалық мәтіндегі жалқы есімдердің аудару мәселелері
Поэзия аудармасының ерекшеліктері
Аударма түрлеріне жалпы түсінік және қалыптасу кезеңдері
Лексикалық трансформацияларды аударудың ерекшеліктері
Роман мазмұнының көркемдік–әдеби маңызы
Ағылшын тіліндегі фильмдерді қазақ тіліне аударудың прагматикалық мәселелері
Аударма модельдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz