Ақтабан шұбырынды, Алакөл сұлама жылдары



1 1723 жылға қарай қазақ.жоңғар қатынастары
2 «Кайың сауған ақтышқан жылы»
3 Шона.Добаның шабуылдары
4 «Елімай» жоқтауы
1723 жылға қарай қазақ-жоңғар қатынастарындағы жағдай күрт өзгерді: Қытай императоры Канси өліп, жоңғар-қытай шарты жасалды, Ертіс бекініс шебінің құрылуына байланысты Ресей үкіметі қандай да болсын нақты талаптар қоймады. Оқиғалардың күтілмеген бетбұрысын жоңғар қонтайшылары мен тайшылары казақ жеріне шабуыл жасау үшін пайдаланбақшы болып ұйғарды. Казақ хандықтарының бытыраңқылығын пайдаланып және алдағы соңғы мықтап дайындалып алгаш жоңғар билеушілері 1723 жылы өз әскерлерін қазақстан шегіне аттандырды.
XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі жоңғар басқыншылығына қарсы күрес қазақ мемлекетгілігін сақтап қалу жөніндегі маңызды саяси шешімдерге ықпал жасаған негізгі факторға ғана емес, қазақ халқының өмір сүруінің, өзі туралы мәселе туған кезде өмірлік қажетті факторға айналды. Өткен замандағы аса көрнекті тарихнамашы Шәкерім Құдайбердиев жоңғарлар басқыншылығы -«Ақтабан шұбырынды, Алакөл сұлама» кезеңінде бүкіл халықтың үштен екісі қырылды деп көрсетеді. Жоңғарлардың 1723 жылғы шапқыншылығы елеулі оқиға болып қана қойған жоқ, ол казақ халқы өмірінің барлық салаларына және бірінші кезекте саяси ахуалына қатысты болды. Жоңғарлардың бұл теңдесі жоқ әрекетке өздерінің әрбір қадамын әр түрлі жеті бағыт бойынша күтпеген жерден берілетін және қуатты соққының барлық салдарын өлшестіре отырып, мұқият дайындағанын мойындау керек. 1723 жылғы шапқыншылыққа дайындалу барысында жоңғар ханы Цеван-Рабтанның елеулі рөл атқарғаны да көрінді.
Қазақтардың көптеген батырлары мен қауымдары көшпелі шаруашылық үшін өмірлік маңызы бар жұмыстар басталған сол бірерте көктем кезінде жоңғарлардың күтпеген жерден жасаған шабуылына қарсы әзір емес еді.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Ақтабан шұбырынды, Алакөл сұлама жылдары

1723 жылға қарай қазақ-жоңғар қатынастарындағы жағдай күрт өзгерді:
Қытай императоры Канси өліп, жоңғар-қытай шарты жасалды, Ертіс бекініс
шебінің құрылуына байланысты Ресей үкіметі қандай да болсын нақты талаптар
қоймады. Оқиғалардың күтілмеген бетбұрысын жоңғар қонтайшылары мен
тайшылары казақ жеріне шабуыл жасау үшін пайдаланбақшы болып ұйғарды. Казақ
хандықтарының бытыраңқылығын пайдаланып және алдағы соңғы мықтап
дайындалып алгаш жоңғар билеушілері 1723 жылы өз әскерлерін қазақстан
шегіне аттандырды.
XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі жоңғар басқыншылығына қарсы күрес
қазақ мемлекетгілігін сақтап қалу жөніндегі маңызды саяси шешімдерге ықпал
жасаған негізгі факторға ғана емес, қазақ халқының өмір сүруінің, өзі
туралы мәселе туған кезде өмірлік қажетті факторға айналды. Өткен замандағы
аса көрнекті тарихнамашы Шәкерім Құдайбердиев жоңғарлар басқыншылығы
-Ақтабан шұбырынды, Алакөл сұлама кезеңінде бүкіл халықтың үштен екісі
қырылды деп көрсетеді. Жоңғарлардың 1723 жылғы шапқыншылығы елеулі оқиға
болып қана қойған жоқ, ол казақ халқы өмірінің барлық салаларына және
бірінші кезекте саяси ахуалына қатысты болды. Жоңғарлардың бұл теңдесі жоқ
әрекетке өздерінің әрбір қадамын әр түрлі жеті бағыт бойынша күтпеген
жерден берілетін және қуатты соққының барлық салдарын өлшестіре отырып,
мұқият дайындағанын мойындау керек. 1723 жылғы шапқыншылыққа дайындалу
барысында жоңғар ханы Цеван-Рабтанның елеулі рөл атқарғаны да көрінді.
Қазақтардың көптеген батырлары мен қауымдары көшпелі шаруашылық үшін
өмірлік маңызы бар жұмыстар басталған сол бірерте көктем кезінде
жоңғарлардың күтпеген жерден жасаған шабуылына қарсы әзір емес еді. Онын,
үстіне, жоңғарлардың жекелеген жасақтарының ширек ғасыр ішіндегі жыл сайын
деуге болатын шабуылына ұшырап , халықтықтың өзі моральдық жағынан күйзеліс
жағдайында болатын, ал көптеген сұлтандар мен рубасылары бір-бірінен барған
сайын оқшауланып алғанды. 1723 жылы Жетісу мен Ертіс өңірінің қазақтары
бірінші болып жау табаныра түсті, шабуылдың тұтқиыл да тегеурінді болғаны
сонша, жұрт ең қауқарсыз қарттар мен балашағаны тағдырдың тәлкегіме тастай
кашты. Сондықтан ол жылдар жөнінде халық жадында зар заман жылдап
қасіреті ретінде сақталған. Бұған Елімай деген атақты ән дәлел болады.
Оның үстіне ең шөлді және жан аяғы баспаған, қу мекеннен басқа шын мәнінде
Қазақстанның бүкіл аумағы басып алынды. Бұл қасірет казақтарды ғана емес,
Орта Азияның барлық халықтарын да қамтыды. Сара-рқанның каңырап қалғаны
және Бұхарада көптеген адамдардың аштыққа ұшырағаны туралы құжаттар мен
дәлелдер кеңінен мәлім. Қазақтардың ауыздан-ауызға тарап келген аңыз
аузында бұл кезең Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама деп аталады.
Әдебиетте Алқакөл сұлама термині жөнінде алуан пікірлер айтылады.
Біреулер қателесіп, сұлама түйенің ысатпа болып қырылуы деп санайды.
Басқа біреулер Алқакөл емес, Алакөл деп есептейді. Бұл жөнінде сол
қасіреттің куәгері болған Қожаберген жыраудың Елімай дастанында: Қырылу
Алакөлден басталып тұр, -деп тікелей көрсетілген жекелеген зерттеушілердің
пікірінше, Алқакөл -Сырдарияның арғы жағындағы, өзеннің сол жақ
жағалауындағы Бетпакдаладағы көл. Екінші бір нұсқа бойынша, Алакөл емес,
Алқакөл (Алқақотаи), бұл топтасып, қол ұстасып, алдында жатқан адамның
тізесіне басын койып отыру иемесетізіліп жату, жорықтағы демалыс әдісі.
Сұлама — әбден шар-шағы қалжырап, басын көтере алмай жату.
Қожаберген жыраудан кейін Е. Бекмаханов Алқакөл емес, Алакөл деп
санады. Бұл түсінікті де, өйткені Алакөл Жоңғар қақпасының кіре берісінде
жатьір (өйтіп жоңғар феодалдары қазақтарға қатты соққы беруге және қазақ
жеріне, одан өрі Орта Азияға басып кіруге ұйғарды. ІІІабуыл жасауға 1723
жылдың көктемін таңдап алыпды, қыс қыстаудан жүдеп шыққан қазақ ауылдары
жайлауға көшугс дайындалып жаткан кез еді. Сол жылы катты жұт болды.
Қазақтардың жадында: Кайың сауған ақтышқан жылы айрықша қалған.
Қазактардың халықтық күнтізбесі бойынша, тышқан жылы мен қоян жылында
көбінесе жұт болып, мал қырылып отырған. Мұны кейінгі жылдардағы мұрағат
материалдары да растайды. Қазақтар нақ осындай кезеңде жоңғар-лардың ауыр
соққысына ұшырады. Қазақ жеріне шабуыл жасағанда жоңғалар кенеттен, тез
арада тегеуірінді қимылмен басып кіру факторын да пайдаланды.
Жоңғарлар ірі-ірі жеті сына сияқты қозғалып, 70 мың адамнан тұратын
әскермен шабуыл жасады Мәселен, Цеван-Рабтанның баласы Галдан-Церен 10 мың
әскермен Балқашқа және одан әрі Қаратауға қарай аттанды. Қонтайшының інісі
Құлан-Батур Алтайға және Көктал өзенінің бойына беттеді Қонтайшының
немересі Әмірсананың жасағы Нұра өзені алабына бағыталды. Галдан-Цереннің
баласы Цеван-Доржы Шелек өзенінің аңғарына аттанды. Галдан-Цереннің екінші
баласы Лама-Доржы Ыстық көлге бағыт ұстады. Ной-он Дода-Доржым Шу өзеніне
қарай ұмтылды. Цеван-Рабтанның өзі Іледен өтіп, Жетісудың оңтустігіне карай
жылжыды. Басып кіруге жалпы басшылықты Цеван-Рабтанның ағасы Шона-Доба
жүзеге асырды. Олар өзжолындағыны жыланша жалап, қынадай қырды. Қысжұтынан
әбден қажыған қазақ қауымдары күшті карсылық көрсете алмады. Шу аңғарынан
жалайырлар қуып шығарылды. Олар көп шығынға ұшырап, Ұлытау мен Көкшетау
жақка кетуге мәжбүр болды. Талас өзенінен Арыс өзенінің орта ағысына дейін
қоныстанып жатқан наймандардың садыр руы түгелге дерлік қырғынға
ұшыратылды, тірі қалғандары босып кетті. Қожаберген жыраудың дастанындағы
мәліметтерге қардғанда, наймаңдар Алтайдан кеткен.
Қаратауда, Арыс өзені алабында да ойран салынды. Қапы қалған қазақтар
малын, үйін, мүлкін тастап кетуге мәжбүр болды. Жоңғар феодалдары көп
халыкты қырып салды, көптеген адамдар Талас, Боралдай, Арыс, Шыршық
өзендерінен, Сырдариядан өту кезінде қазатапты. Қазақ рулары Сырдарияға
карай қашып, оның арғы бетінде ғана өздерін кауіпсіз сезіне аламыз деп
санады.
Жоңғарлар өздерінің жолында ауылдарды талап-тонап, қазақ қауымдарын
бытыратып жіберді, малын тартып алып, қалаларын басып алды. Бұл жөнінде
Ресей капитаны И. Унковский Қонтайшының баласы Шона-Добаның Қазақ ордасына
аттандырылғаны, ұрыс барысында ол казақтардың үш қалашығын алғаны және
қазақтардың 1000 отбасын әкеле жатқаны, олардың көп кешікпей күтіліп
отырғаны жөнінде хабар бар екенін хатқа түсіреді. Ал берілген қалалар:
Ташкент, Сайрам, Харамурт (Қара-мүрт. ).
Казақ ауылдары әсіресе қонтайшы Шона-Добаның шабуылдарынан катты
зардап шекті. Ол өз жасақтарымен Талас аңғарына, Сырдария өзенінің бойына
өтті. Түркістан, Қарамұрт (Шымкент түбінде),Тараз, Шымкент, Ташкент
қалаларын жаулап алуды ол өз табысы деп санай алатын. Шона-Доба-ның
жасақтары казақ коныстарына жортуыл жасап, ауылдарды шапты, тұтқындар алды.
Тек соның жасақтары ғана қазақтардың 5000-дай отбасын тұткынға алды,
олардын, мың отбасы қонтайшының ұлыстарына жіберілді. XVIII ғасырдың 20-
жылдарына қарай жоңғарлар қазақ жерінің орасан көп бөлігін басып алды.
Жоңғарлар мен қазақтар иеліктерінің арасындағы шамамен алғандағы шекара
Ұлытау, Балқаш көлі мен Шу, Талас өзендері арасындағы өңір болды.
Кабанбай батыр. Үмбетей жырау өз толғауларында жоң-ғарлардың Баянауыл,
Қызылтау, Абралы, Шыңғыстаулары мен Қара Ертіс бойындағы Мамырықты және
Алатауды қалай жаулап алғанын суреттеп Жоңғар жайсаны Черен-Дондук Лепсі
және Қаратал аңғарында көшіп жүрді. Онда қонтайшынікінен кем түспсйтін жеке
үлкен жасақтары болды. Ұлы жүздің Жетісуда көшіп жүретін рубасылары соның
жасақшыларына бағынды. Сондай-ақ көптеген қазақтар Шу, Талас аңғарларына,
Бетпакдалаға кетіп қалды.
А. И. Левшинің атап өткеніндей, отарлар мен табындар күн санап кеми
берді, айырбас сауда тоқтап қалды, жұрт жаппай қайыршылық пен қайғы-
қасіретке ұшырады, кейбіреулер аштан өліп, басқа біреулері әйелдері мен
балаларын тастап кетті. Егер оңтүстікке кетпесе, үш жақтан қысым көріп,
қудаланған оларды мүлде қырып жіберу мүмкін еді.
Ұлы жүз бен Орта жүз қазақтары Сырдариядан өтіп, Ходжентке көшіп, Орта
жүз руларының көпшілігі Самарқанға кетті, ал Кіші жүз Хиуа мен Бұхара
шегіне көшіп барды.
Ақтабан шұбырынды жылдары Отан алдындағы өз жауапкершілік шамасын
түсінген халық еркін жасытпады. Табан тірескен және ұзаққа созылған
шайқастар жүріп жатты. Ташкент қаласының қазақ жасағы бастаған 300 мыңдай
тұрғындары үш айға жуық қаһармандықпен қорғанды. Ташкенттің ізінше Сайрам
мен Түркістан да құлады. Бүкілхалықтық қарсыласуды ұйымдастырушылар
Бөгенбай, Қабанбай, Саңырық, Жәнібек, Малайсары, Елшібек және басқалар
халықты туған жерін қорғауға көтерді. Жоңғар әскерлері қазак, халқының
табанды қарсыласуымен санасуға мәжбүр болды. Жау таулы жерлерде, алыстағы
далалық аудандарда, қалаларда тойтарыс алды.
Қожаберген жыраудың айтуынша, қазақтар ұрыса отырып шегінген, жасақтар
Бетпакдала құмдарында қуып келе жатқан жаудан қара үзіп кетіп, Таңбалы тас
ауданындағы ұрыстарда оған тойтарыс берген, сөйтіп оны Сарысу өзенінің
жағасында қорғанысқа көшуге мәжбүр секен.
Жоңғарлар Түркістанға шабуыл жасаған кезенде Айшыбек
батырмен бірге Қабанбай қала қорғанысына тікелей қатысты.
Жаулап алушыларға Түркістанды қорғаушылар ғана табанды қарсылық көрсетіп
қойған жоқ. Сайрамды жау қоршаған кезде де қала тұрғындары каһармандық
көрсетті. Жоңғарлар қаланы шабуыл арқылы бірден басып ала алмады, олар
қаланы айнала қоршап, қамауға алды. Олардың мақсаты қаланы басып алып,
талап-тонау болатын. Алайда мұны істей алмады. Сонда қонтайшы өз
әскерлерінің бір бөлігін тауға жіберіп, қаланы сумен жабдықтап тұрған
Сайрамсу және Тубалық өзендерінің арнасын бұрып жіберуге бұйрық берді.
Сайрам тұрғындары сусыз қалды. Аңызда бұл туралы былай делінген: Олар
қаланы қорғап, ұзақ уақыт бекінді, бірақ, ақырында, дінсіздер жеңді,
біртіндеп қаланы да, камалды да алды.
Жоңғарлар мұнда мол мүлікке жолығып, көптеген тұтқындар алды.
Түтқындарды ШығысТүркістан ауданына әкетті. Қазактар Сырдарияның орта
ағысына ғана емес, бұл өзеннің төменгі сағасына қарай да шегінуге мәжбүр
болды. Ресей елшілігінің курьері Николай Минер Сыртқы істер алқасына
жоңғарлар ондағы жердің бәрін, тіпті Сыр өзеніне және Бұхара жағындағы
Ходжентке дейін иеленіп алды деп хабарлады. Көптеген қазақтар Сырдарияның
сол жақ жағалауындағы Бетпақ далаға, Жызақ және Нұраты таулары ауданына,
Зеравшан аңғарына кетті. Бұл жөнінде орта азиялық тарихшы Хожамқұлибек
Балхы былай деп көрсетеді: Қонтайшы (калмақ)өз ұлым қазақ жұртын:
Ташкентті, Әндіжанды, Сайрамды және Сейхун (Сырдария өзені) жағалауындағы
аудандарды жаулап алуға тағайындағандықтан, шамамен алғанда үш лек қазақтар
ташкенттіктермен бірлесіп соғысуға бел буды. Әскерлерін шепке тұрғызып, екі
жақ бір ай бойы үздіксіз ертеден кешке дейін шайқасты. Асқан дана жаратушы
мұсылмандардан жеңісті дінсіздерге алып берді.
Шамамен алғанда бірлек (жүз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының ХVІІІғасырдағы саяси жағдайы
1723 ж. Қазақ даласындағы тойтарыс
Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі
Қазақ хандығының ішкі саясаты
Қазақстанның жоңғар шапқыншылығы қарсаңындағы ішкі саяси жағдайы
XVIIғ Соңы мен XVIII ғ. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты
Жоңғар мемлекетінің тарих сахнасына шығуы
Қарақалпақтармен бірге қазақ жасақтары
Жоңғар.Жоңғар шапқыншылығы
Аңырақай шайқасы
Пәндер