Қосу бөлшектерінің түрлері


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қосылыстар. Қосу бөлшектерінің түрлері, жалпы сипаттамалары мен ерекшеліктері

Мәшиненің бөлшектері мен тораптары бірімен-бірі әр түрлі тәсілмен қосылады. Сол тәсілдердің барлығын ажырамайтын қосылыс және ажырамалы қосылыс деп екі түрге бөлуге болады.

Ажырамайтын қосылыс деп бөлшектерді бұзусыз ажыратуға келмейтіндей етіп біржола қосуды айтады.

Оған үш түрлі қосылыс жатады: бөлшектерді пісіру немесе дәнекерлеу арқылы қосу, заклепка - тойтарма шегемен қосу және бөлшектерді бірімен-бірін нығыздап жылжымайтындай етіп қосу (керілісті қосылыс) . Ажырамалы қосылыстар арқылы қосылған бөлшекті тез арада бөлшектеп қайта жинауға болады, олар бірімен-бірі бұрандалы бөлшектер немесе сына мен штифттер, шпонкалар арқылы қосылады.

3. 2 Бұрандалы қосылыстар

Бұрандалы қосылыстар деп, болттың, винттің, шпильканың, гайканың және т. б. бекіту бөлшектерінің көмегімен қосылатын ажырамалы қосылыстарды айтамыз. Мұндағы винт дегеніміз бұрандалы сырық; болт қалпақшалы винт; гайка - бұрандалы тесігі бар кілтпен қамтылатын пішінді бөлшек; ал шпилька - екі жағы да бұрандалы сырық.

3. 2. 1 Бұранда

Бұранда тілінген бөлшектің пішіні бойынша конусты бұранда және цилиндрлі бұранда болып екі түрге бөлінеді . Цилиндрлі бұранда көп таралған. Конусты бұрандалар көбінесе тұрбаларды жалғастырғанда қолданылады. Өйткені олар тығыздықты жақсы қамтамасыз етеді.

Бұрандалар профилі бойынша үшбұрышты, тікбұрышты, трапециялы, жұмыр және т. б. болып бөлінеді.

Винт сызығының бағыты бойынша оң және сол бұранда болып бөлінеді. Оң бұрандада винт сызығы солдан оңға қарай жоғары, ал сол бұрандада оңнан солға қарай жоғары жүреді. Оң бұранда кеңінен таралған. Сол бұранданы арнайы жағдайларда ғана колданады.

Бұранда сызықтарын өзара параллель етіп бірнешеуін қатар жүргізуге болады және ондай бұрандаларды көп кірісті бұрандалар деп атайды. Олар бұранда сызығының кіру санына байланысты бір кірісті, екі кірісті, үш кірісті және т. б. болып бөлінеді. Бір кірісті бұрандаларды кесу оңай және арзан, сондықтан олар техникада көп қолданылады. Барлық бекіту бұрандалары бір кірісті болып келеді. Ал көп кірісті бұрандалар тек жүк көтеретін винттерде қолданылады, себебі олардың пайдалы әсер коэффициенті жоғары келеді.

Бұрандаларды дайындау әдістері.

  1. Бұранданы кескішпен (метчик, плашка) қолдан дайындауға болады. Бұл әдіс өнімділігі шамалы болғандықтан шағын өндірістер мен жөндеу жұмыстарында ғана қолданылады.
  2. Бұранданы кескіш арқылы темір жонатын немесе арнаулы болт өңдейтін станоктарда дайындауға болады.
  3. Арнаулы фрезерлік станоктарда дайындалады. Бұл әдіспен дәлдікті талап ететін, үлкен диаметрлі винттер дайындалады (жүріс және жүк винттері, біліктердегі бұрандалар және т. б. ) .
  4. Арнаулы бұрандалар таптағыш станок автоматтарда кесіледі. Мұндай өнімділігі жоғары, әрі арзан әдіспен стандартты қозғалыс қажетіне арналған бұрандалар әзірленеді (болттар, винттер, гайкалар және т. б. ) .
  5. Құю әдісі. Мұнда пластмассадан, шойыннан және шыныдан құйылған бөлшектердің бұрандаларын құю процесінде жасауға болады.
  6. Сығу әдісі. Жұқа қабырғалы қаңылтырдан және пластмассадан штамптау немесе үлкен қысыммен қысу арқылы жасалатын бөлшектерге бұранда сызығын сығу арқылы түсіреді.

Бұранданың геометриялық параметрлері (3. 1-сурет) : - бұранданың сыртқы диаметрі, яғни бұранда орамының сыртқы төбелері арқылы жүргізілген цилиндр диаметрі; - бұранданың ішкі диаметрі, бұранда орамының ішкі табандары арқылы жүргізілген цилиндр диаметрі; - бұранданың орта диаметрі; - гайка мен винт орамы жанасатын профильдің жұмыс биіктігі; - қадам; - бұранда жүрісі, бұл гайканың бір айналу кезіндегі жылжу шамасын көрсетеді. Бір кірісті бұранда үшін = ; көп кірісті бұранда үшін , мұндағы - кіру саны; - профиль бұрышы; - көтерілу бұрышы (3. 2-сурет) .

. (3. 1)

Бұранданың параметрлері мен оның дәлдік шектерінің өлшемдері стандартталған.

Бұрандалардың негізгі түрлері . Бұрандалы винттер пайдалану қажеттілігіне қарай бекіту бұрандалары және қозғалыс немесе күш беретін бұрандалар болып бөлінеді.

Бекіту бұрандалары бөлшектерді қосу қажетіне арналған, ал олардың профилі үшбұрышьы етіп жасалады. Бекіту бұрандалары : метрлік (3. 1-сурет) - негізгі бекіту бұрандасы; Трубалы бұрандалар (3. 3, а-сурет) - төбелері мен ойықтары дөңгелетілген үшбұрышты; жұмыр (3. 3, б-сурет) ; ағаштарға арналған винттердің бұрандасы (3. 3, в-сурет) .

Қозғалыс немесе күш беретін бұрандалар (жүріс бұрандалары) : тікбұрышты (3. 4., а-сурет) ; трапециялы симметриялы (3. 4, б-сурет) ; трапециялы симметриясыз, немесе сүйеніш (3. 4, в-сурет) .

Бұрандалардың профилін таңдап алу . Көптеген факторлармен анықталады, олардың ішіндегі маңыздылары беріктік, технологиялылық және бұрандадағы үйкеліс күштері. Айталық, мысалы, бекіту бұрандасының беріктігі және бекіту бөлшектерін өздігінен бұралудан сақтандыру үшін үйкеліс күштері жоғары болуы керек.

Қозғалыс немесе күш беретін бұрандаларда тозуды азайтып, п. ә. к. көтеру үшін үйкеліс күштері аз болуы керек. Беріктік олар үшін көп жағдайда винт жұбының өлшемдерін анықтайтын басты критерий болып табылмайды.

Осы көрсеткіштері бойынша бұрандалардың профильдерін салыстырайық (3. 5-сурет) . Винт сырығы бойымен әсер ететін өстік күш , бұранданың орамдары бойымен таралған гайканың реакциясымен теңдестіріледі. 3. 5-суретте бұл реакция профиль сызығына перпендикуляр қадалған күшпен шартты түрде алмастырылған.

және үйкеліс күші ,

мұндағы - нақты үйкеліс коэффициенті; - бұрандадағы келтірілген үйкеліс коэффициенті:

. (3. 2)

Бекіту метрлік бұрандасы үшін және ; трапециялы симметриялы жүріс бұрандасы үшін және ; жүріс сүйеніш бұрандасы үшін және ; тік бұрышты бұранда үшін және . Сонымен бекіту метрлік бұрандасындағы үйкеліс күштері жүріс бұрандаларындағы үйкеліс күштеріне қарағанда 15…12% - ке үлкен.

Бұранданың кесілуге беріктігін қимасы бойынша есептейді (алда көрсетіледі) (3. 5-сурет) . Үшбұрышты бұранда үшін тең , трапециялы - , тік бұрышты - . Демек, бұранда қадамы бірдей болғанда, үшбұрышты профильді бұранда тікбұрышты профильді бұрандадан шамамен екі есе берік. Осы жағдайды ескере отырып, негізгі бекіту бұрандаларын үшбұрышты профильді етіп, ал жүріс бұрандаларын тікбұрышты немесе оған жақын етіп орындайды.

Метрлік бұранда (3. 1-сурет) . Стандарт бойынша метрлік бұрандалар ірі және ұсақ қадамды болып бөлінеді. диаметр бірдей ұсақ қадамды бұрандалар ірі қадамды бұрандалардан қадамның мәнімен ажыратылады. Мысалы, 14мм диаметр үшін ірі қадам 2 мм-ге, ал ұсақ қадам 1, 5; 1, 25; 1; 0, 75 және 0, 5 мм-ге тең. Ұсақ қадамды бұрандалар төмендегідей болып белгіленеді: М12х1, 5 (1, 5 - қадам шамасын мм-мен көрсетеді), ал ірі қадамды бұрандалар М24. Қадам азайған кезде сәйкес бұранданың биіктігі (3. 6-сурет) және бұранданың көтерілу бұрышы [ (3. 1) -формуланы қара] азаяды, ал ішкі диаметр өседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Машина құрастыру негіздері пәнінен жоғарғы және орта кәсіптік мамандар дайындайтын техникалық оқу орындарының студенттері үшін арналған дәрістік конспект
Оқытудың техникалық құралдарын қолдану
Коллоидты ерітінділер
«Автомобильдердің рульдік басқару жүйесіндегі күшейткіштер»
Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы электрмен жабдықтау жүйелері
Бұрандалы қосылыстар
Ағындардың құрылымы мен аппараттағы сұйықтықтың болу уақыты
Биыл сәнде баулы аяқ киімдер
Бөлшек сандарды оқыту
Бөлшек сандарды оқыту реті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz