«Нұрсишылар» жамағаты


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

«Нұрсишылар» жамағаты

“Рисалә-и Нұр” атты кітапшаларды таратып, сол арқылы ислам дінін уағыздап жүрген топ ел арасында нұрсишылар жамағаты деген атпен белгілі. Нұрсишылар сопылық тариқатына жақын жамағат. Ақидада Әл-Мәтуридия тәлімдерін, мазһабта имам Ағзам жолын ұстанады. Олардың уағыздары арнайы басылған кітапшалар немесе тікелей нөмірлі сабақтар (мысалы жиырма бесінші сабақ) арқылы насихатталады. Ағым әдебиеттерінде Құран Кәрім аяттарына түсініктеме әрі талдау жасау, оның жұмбақты құпия-сырларын, Жаратушының бар екенін және бірлігін, адамзат баласын жаратудағы Алла тағаланың мақсатын, өлімнен кейін өмірдің барлығын философиялық тұрғыдағы мысалдармен баяндайды. Сондай-ақ, хазреті Мұхаммедтің пайғамбарлығын, Құран - Алланың сөзі, ақиқат пен шындық кітабы екенін анық, нақты түрде дәлелдеп және ислам негіздері туралы басқа да мыңдаған сауалдарға жауап береді.

Бұл жамағат Түркияның шығыс Анадолыдағы Битлис өлкесінде, Хизан аймағында Ван көлінің маңындағы шағын ғана Нұрс деп аталатын таулы ауылда дүниеге келген Мырзаұлы Сайд Нұрси (1873-1960 ж. ) тарапынан құрылған. Ұйым осы кісінің атымен нұрсишылар деп аталады.

Осы кезеңнен бастап ол өзінің атеизм ықпалынан мұсылмандарды арашалау мақсатында “Рисалә-и Нұр” кітапшаларын жазып шығара бастайды. Сайд Нұрсидің еңбектерін бағалаған көпшілік оған “Бадиүз-заман” - “Заманның ғажайып адамы” деген есім берген.

Оның бүгінгі таңда “Әл-Калимат”, “Мактубат”, “Лемалар - Сәулелер”, “Шұғылалар”, “Аса - и Мұса”, “Маснауи Нурия”, “Ишарат әл-Иғжаз”, атты кітаптарынан басқа да бірнеше парақтан ғана тұратын да шығармалары бар.

Қазіргі таңда нұршылар тобы Түркиядағы ең үлкен діни ағымдардың бірі саналады, кейбір мәліметтерге қарағанда бірнеше миллион ұстанушысы бар. Ағым мүшелері өзара ынтымақ пен бірлік қағидаларына берік. 1999 жылдың сәуір айындағы сайлауда олар ешбір партия мүшелерін қолдамады.

Нұршылар туралы Түркияда және шетелдерде қайшы пікірлер жоқ емес. Кейбіреулер бұл топты айыптаса, кейбірі бұл топ заманға сай іс-шараларды ұйымдастырып, үлкен ғылыми істерді амалға асырып жүр деп санайды.

Бұл ағым Үндістанда, Пәкістанда, Малаизияда да көпшілікті құрайды. Сондай-ақ, Еуропа мемлекеттері мен Америкада да жамағаты бар.

Саид Нүрси

Күрт ұлтының ислам ғалымы, Рисала- и нұр жазушысы және Рисала-и нұр әрекетінің құрушысы. Сол кездің ислам ғалымдары тарапынан «Бадиуззаман » (заманның ең ұлығы ) лақабы берілген, уақыт өте келе ізбасарлары бұл лақапты есіміне қосып, Бадиуззаман Саид Нүрси деп атайтын болды.

Өмірі

Саид Нүрси 1878 жылы Битлистің Нурс ауылында (қазіргі Кепирли) дүниеге келген. Әкесінің есімі- Мырза, анасының есімі- Нурие. Нүрси өмірін үш кезеңге: Ескі Саид, Жаңа Саид және Үшінші Саид деп бөледі. Еңбектерінде, 45 жасына дейінгі өмірін Ескі Саид кезеңі деп бағалайды. Ескі Саид Исламға, иманмен бірге саясат жолы арқылы да қызмет ете алу пікірін ұстанады. Кейінірек түрлі жағдаяттар оның бұл пікірін мүлде өзгертті және саясаттан біржола да бас тартты. Ескі Саидтің Жаңа Саидке ауысуы кезеңінде Әбдулқадір Жайланидің «Фүтуһ ул ғаип» кітабынан алған білімі Саид Нүрси үшін маңызды болды.

Рисалаи Нұрдың үлкен бөлігі Жаңа Саид кезеңінде жазылған. Саид Нүрси, Ескі Саид пен Жаңа Саид кезеңдерін мына сөзімен сипаттайды:

«Ескі Саид ақылға көбірек мән беретін, ал Жаңа Саид ақылмен жүрек қалауын бірге ұстайтын еді».

Қамаудан кейінгі өмірін «Үшінші Саид» кезеңі деп атады. Бұл кезеңде Рисала - и Нұр еңбегін адамдарға таратумен айналысты. Осы мақсатпен бірнеше қала және ауылдарда Рисаленің оқылуы, оқытылуы, кейбір орталықтарда Рисале түпнұсқасының көбейтілуі; Анкара, Станбул және батыс елдері қамтылған Рисалелер барлық қоғам өкілдеріне таратумен айналысты. Мұны қабылдаған мекемелерде және кейбір елдерде Нұршылар үшін мектептер ашылуы себебімен ресми түрде кездесулер ұйымдастырылды. 1950 жылы билік басына келген демократиялық партия үкіметінің Рисале -и Нұр әрекетін қолдауы және оның таралуына көмек бергендігі себепті Рисалелер бұл кезеңде баспаларда басылып, Анадолы, Мысыр, Пәкістан, Америка, Рим сияқты үлкен елдерге жіберілді.

Ескі Саид кезеңі

Бұл кезеңде Бадиуззаман (дәуірдің теңдессіз сұлулығы) есімімен бірге Молда Саид, Молда Саид-и Машһүр, Саид-и Күрди, Саид-и Нұрси есімдері де қолданылған. Алғашқы тәлімін Нұрс ауылында, ағасы Молда Абдуллахтан алған. 9 жасынан бастап, Тағ ауылындағы Молда Мехмет Эмин Эфендінің медресесінде тәлім алды. «Тарихче-и Хаят» еңбегінің «Алғашқы өмір» бөлімінде, кейбір себептерге байланысты Тағ ауылы медресесінен кеткендігі жазылады.

Достары және кейбір ұстаздарымен пікірталастарының болуы себебінен медреседен алған білімі толықсыз болды. Оған «Бадиуззаман » лақабын Молда Фетхуллах Эфенді берген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қазақ қоғамындағы ислам діні
Бауырымен жорғалаушылар туралы түсінік
Қазақстандағы дәстүрлі емес ислами ағымдар
Қазіргі дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен ғибадат. Бүгінгі Қазақстандағы дін және ұлт
Суда тіршілік ететін сүтқоректілер
Діни қызмет және діни бірлестіктер
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі Қазақстандағы діни жағдай
Қазақстанда қандай секталар бар?
Ахмадия жамағаты
«Хизб-ут-Тахрир», «Аль-Каида», «Мұсылман бауырлар», «Талибан», «Моджахеттер жамағаты», «Лашкар и-Тайба»… немесе дініміз берік елміз бе?
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz