Биологиялық қару, бактериологиялық қару



1 Биологиялық қару
2 Биологиялық қарудың зақымдау әрекетінің сипаттамасы
3 Биологиялық құралдардың түрлері және
негізгі қасиеттері
Биологиялық қару, бактериологиялық қару — адамдарды, жан-жануарларды ауыр дертке шалдықтыру арқылы қатардан шығаруға негізделген жаппай зақымдағыш қару. Биологиялық қарудың әскери жағынан жоғары тиімділігі індет тудырғыш дозасының шағындығы, үлкен аумаққа жасырын түрде қолдануға болатындығы, мөлшерін айқындау мен индикациялаудың қиындығы, әрекетінің таңдамалылығы (тек адамға, белгілі бір жан-жануар түрлеріне әсер етуі), психологиялық әсерінің күштілігі, әскер мен тұрғын халықты биологиялық қорғаудың және қолданғаннан кейінгі оның зиянды әсерін жою жөніндегі жұмыстар көлемінің ауқымдылығы әрі күрделілігі арқылы анықталады.
Биологиялық қару — соғыс құралдары ішіндегі адамзат пен қоршаған ортаға ең зиянды қарулардың бірі.
1. Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
  Wiki-бәйгеге қатысып, сыйлық ұтып ал!  

Биологиялық қару

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу

Халықаралық биологиялық қатердің белгісі.
Биологиялық қару, бактериологиялық қару — адамдарды, жан-жануарларды ауыр
дертке шалдықтыру арқылы қатардан шығаруға негізделген жаппай зақымдағыш
қару. Биологиялық қарудың әскери жағынан жоғары тиімділігі індет тудырғыш
дозасының шағындығы, үлкен аумаққа жасырын түрде қолдануға болатындығы,
мөлшерін айқындау мен индикациялаудың қиындығы, әрекетінің таңдамалылығы
(тек адамға, белгілі бір жан-жануар түрлеріне әсер етуі), психологиялық
әсерінің күштілігі, әскер мен тұрғын халықты биологиялық қорғаудың және
қолданғаннан кейінгі оның зиянды әсерін жою жөніндегі жұмыстар көлемінің
ауқымдылығы әрі күрделілігі арқылы анықталады.
Биологиялық қару — соғыс құралдары ішіндегі адамзат пен қоршаған ортаға ең
зиянды қарулардың бірі.

E 120 биологиялық бомбасы.
1-дүниежүзілік соғыста Германия жылқыға маңқа (сап) жұқтыратын биологиялық
қару қолдануға тырысты. 1925 ж. Женева хаттамасында биологиялық қаруға
тыйым салынғанына қарамастан, 2-дүниежүзілік соғыс кезінде Германия мен
Жапония оны қолдануға дайындықтар жасағаны Нюрнберг (1946) және Хабаровск
(1949) сот процестерінде анықталды. БҰҰ биологиялық қаруға тыйым салу
жөнінде 1972 ж. Конвенция қабылдап, ол 1975 жылдан күшіне енді. Кеңес
өкіметі жылдарында Қазақстандағы Ақмола облысы Степногорск қаласысында
биологиялық қару шығаратын “Биокомбинат” жұмыс істеді. Ал Арал теңізіндегі
Возрождение аралында биологиялық қарулардың сынақ алаңы орналастырылды.
Қазақстанның дербес мемлекетке айналуына байланысты 1992 ж. комбинат пен
полигон жұмысы тоқтатылды. Бұрынғы “Биокомбинат” медициналық дәрі-дәрмектер
шығаратын орталық (Биотехнологиялық ұлттық орталық) болып қайта құрылды.
[1]
Биологиялық қару
Биологиялық қарудың зақымдау әрекетінің сипаттамасы

Биологиялық қару (БҚ) – биологиялық заттармен жарақталған, жеткізу
құралдары бар арнайы оқ-дәрілер мен ұрыс аспаптары. Ол қарсыластың тірі
күшін, малдарды, ауыл шаруашылығы дақылдарын себуді зақымдауға, кей
жағдайда қару-жарақты, әскери техника мен жабдықтау материалдарын бүлдіру
үшін қолданылады.
Биологиялық қаруды қолданып ұрыс әрекеттерін жүргізуді биологиялық соғыс
деп атайды.
БҚ-ның зақымдау әрекеті бірнеше кезекте патогендік микробтар мен олардың
улы өнімдерінің ауру тудырғыш қасиетін қолдануға негізделген. Адам
(жануарлар) ағзасына аз көлемде түссе де, ауру тудырушы микробтар мен
оларды4 улы өнімдері өте ауыр жұқпалы аурулар таратады; оны дер кезінде
емдемесе, өлім қаупін тудырады немесе зақымдаушыны ұза0 уақыт ұрысқа
жарамсыз етеді.
БҚ-дың зақымдаушы әрекеті бірден көрінбейді, ол ағзаға түскен микробтар мен
токсиндердің түрі мен санына, ағзаның күйіне байланысты. Инкубациялық кезең
2—5 күнге созылады (1 күн не одан аз уақытқа созылуы өте сирек кездеседі).
Осы кезең бойында жеке құрам ұрысқа қабілеттілігін сақтайды, тіпті кей
жағдайда залалданғанын байқамай да қалады. Залалдану нәтижесінде туған,
аурулардың көбі контагиозды (оба, шешек және т.б.) деп аталады, ол кейін
залалданған адамдардан айналасындағы сау адамдарға ауа, қан сорғыш
насекомдар арқылы және басқа жолдармен берілуі мүмкін. Контагиозды емес деп
аталатын аурулар (күйдіргі, туляремия және т.б.) сау адамдарға жұқпайды. БҚ-
дың адамға тигізетін күшті психологиялық әсерін ерекше атап өту керек.
Қарсыластардың БҚ-ды кенеттен қолдануы қаупінің болуы, әскер мен тұрғындар
арасындағы ірі жұқпалы қауіпті аурулар індеті мен оның ошағының пайда болуы
барлык жерде үрей туғызып, әскердің ұрыс қабілетін төмендетеді, тыл
жұмысына кері әсерін тигізеді.
Тарихи анықтама. Патогенді микробтарды зақымдау құралы ретінде қолдану
идеясы өте ертеде, яғни одан туындаған жаппай жұқпалы аурулар (індеттер)
адамға. өлшеусіз шығыг әкелуі нәтижесінде туған. Әсіресе олар әр түрлі
стихиялық апаттар мен соғыс салдарынан туындайды. Кейбір шайқастар мен
бүтіндей науқан жағдайын ескердегі сәтсіздіктер емес, індеттің шешкен
жағдайлары аз болмаған. Осылайша, 1741 жылы Мексика мен Перудегі
басқыншылық науқанға қатысушы 27 мың ағылшын солдатының 20 мыңы сары
безгектен өлді. 1802 ж. көтерілісті басу үшін Гаити аралына Наполеон
жіберген генерал Деклерктің 30 мыңдай армиясы түгелге жуық қырылып қалды.
Өткен соғыстар тарихында осыған ұқсас мысалдар баршылық. XIX ғасырдың
аяғына дейін соғыс барысындағы шығындардан індет салдарынан болған шығындар
көп болды. Еуропадағы 1733 жылдан 1865 жылға дейінгі соғыстарда 8 млн-дай
адам өлді, оның ішінде шайқаста 1,5 млн. адам шейіт болса, 6,5 млн. адам
жұқпалы аурулардан өлген. Тіпті біздің уақытта да емдеу мен аурудың алдын
алу шараларындағы қол жеткізген жетістіктерге қарамастан, жұқпалы аурулар
ұрыс әрекеттері барысында елеулі із қалдырды. Вьетнамдағы соғыс кезінде
американдық әскерлердің жұқпалы аурулардан өлуі шейіт болғандар мен
жараланғандардан 3 есе көп болды.
Барлық құрлықтағы елдер экономикасына ауылшаруашылық малдары (эпизоотия)
мен ауыл шаруашылығы өсімдіктердің (эпифитотия) жаппай ауруы едәуір
шығындар әкелді. Мысалы, 1950-1951 жылдары Оңтүстік Африкадағы Рифт
алқабында эпизоотиядан 100 мыңнан астам бас қой мен ірі мүйізді қара шығын
болып, адамдар арасында ірі көлемді індет тараған, ал әр түрлі дәнді-
дақылдар мен картоптың аурулары мен таттың, түбірдің шіруі эпифитотиясынан
АҚШ-тың өзінде ғана жылына 20 млн. адамды асырауға жететін астық өнімі
шығын болады.
Биологиялық қаруды мақсатқа сай және жүйелі дайындауға мемлекеттер XX
ғасырда биология ғылымдары саласындағы жетістіктерді, табиғатпен патогенді
микроорганизмдерді тарату жолдары туралы жоғарғы білімді қолдану
нәтижесінде ғана қол жеткізе бастады. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
Германия Оңтүстік Америкадағы Атланта елдері сатып алатып ауыл шаруашылығы
малдарына қарсы биологиялық заттарды (күйдіргі, маңқа ауруының
қоздырғыштарын), сондай-ақ 1916 ж. Оңтүстік-Батыс (Румын) майданы мен 1917
жылғы француз армиясына қарсы Батыс майданда қарсыластардың атты және
артиллериялық армиясына қарсы диверсиялық қолдануда "табысты" қадамдар
жасады.
Биологиялық заттарды тарату тәсітідерінің сол кезде қолданылуының
қарапайымдылығынан болатын шығын химиялық қаруды қолданғаннан көп болмады.
Бірақ биологиялық қаруды қолдану фактісі бүкіл әлемде кең көлемде наразылық
толқыньш туғызды, соның нәтижесінде, жоғарыда көрсетілгендей, 1925 ж.
17маусымда Женевада "Соғыста тұншықтырғыш, улағыш және сол сияқты басқа
газдар мен бактерологиялық заттарды қолдауға тыйым салу хаттамасына" қол
қойылды.
Екінші дүниежүзілік соғыстың алдындағы жылдарда жапондықтар биологиялық
қаруды жасау мен қолдануға қатысты қарқынды жұмыстар жүргізеді. 30
жылдардын басында басып алынған Маньчжурия аумағында олар арнайы Квантун
армиясын - "731- отрядын" құрды, онда зерттеу және өндірістік бөлімдермен
бірге лабораториялық жануарларға ғана емес, тірі адамдарға, соның ішінде
түтқынға түскен Қытай, АҚШ, КСРО және басқа елдер адамзаттарына да
биологиялық заттарды сынауға арналған тәжірибе полигоны болды, онда 3000-ға
жуық адам өлген.
1940 жылдан 1944 жылға дейін жапон армиясы қытай әскері мен бейбіт
тұрғындарға қарсы биологиялық заттардың әр түрін 11 рет қолданды,
нәтижесінде Қытай қалалары мен аудандарында індет тарап, мыңдаған адам
госпитальға түсіп, 700-ге жуық адам бір ғана оба қоздырғышын қолданудан
құрбан болды.
1941 жылдан бастап АҚШ биологиялық заттарды әскери мақсатта қолдану мен
жасауға қатысты зерттеу жұмыстарына кірісті. Бұл жұмыстар Мэриленд штатында
бас әскери ғылыми-зерттеу орталығын, Арканзас штатында биологиялық заттарды
өндіру зауыты мен арсеналын, Юта штатында сынақ полигонын және басқа
объектілерді салғаннан кейін айрықша дамыды. Онда жүргізілген жұмыстардың
бәрі ерекше кұпиялық жағдайында жасырын жүргізіледі. Бірақ БҚ заттары мен
оны қолдану тәсілдерін жетітідіруге арналған ең ірі көлемдегі зерттеу
жұмыстарын 50-60 жылдары АҚШ пен оның одақтастары жүргізді, олардың қаруды
агрессиялық мақсатта қолдануы адамзатқа орны толмас шығын әкелу қаупін
тудырды. Бүкіл әлемдегі бейбіт сүйгіш халықтың ең үлкен жеңісі 1972 жылы
қабылданған бактериологиялық (биологиялық) және токсинді қарулар қорын
жасауға, өндіруге және жинауға тыйым салу және оларды жою жөніндегі
Конвенциясы болды. Бірақ ЖЖҚ-ның барлық түріне жаппай және толық тыйым
салуға ұмтылған іргелі күштер агрессиялық күіптер қарсылығына соқтығысып
қалды. Олар әр түрлі сылтаулар айтып, өздерінің көптеген ғылыми-зерттеу
орталықтарында өздерінде бар биологиялық заттар түрін жетілдіру, сондай-ақ
оның жаңа түрлерін, оны қолдану тәсілдері мен құралдарын жасап, сынау
жұмыстарын жалғастыруда (15-кесте).
15-кесте

Биологиялық қаруды жасау мен оны жетілдіруге үлес қосып отырған Солтүстік
Атлантика одағы (НАТО) елдері (шетелдік ашық баспасөз материалдары бойынша)

Әскери базаның, ғылыми-зерттеу (сынау) орталығының орналасуы
Ғылыми-зерттеу (сынау) орталығының атауы
1
2
АҚШ
Форт-Детрик (Фредерик қаласы, Мэриленд штаты)
АҚШ құрлыктағы әскерлердің медициналык ғылыми-зерттеу институты
Дагуэй (Юта штаты)
Соғыс жүргізу кезінде биологиялық және химиялык құралдарды сынау полигоны
Бетезда каласы (Мэриленд штаты)
АҚШ ӘТК медициналык зерттеулер институты
Пайн-Блаффр каласы (Арканзас штаты)
Соғысты жүргізу кезінде колданылатын биологиялық және химиялық құралдарды
өндіру зауыттары мен арсеналы зауыттары мен арсендары
Атланта қаласы (Джорджия штаты)
Аса қауіпті ауруларды бақылайтын ғылыми-зерттеу орталығы
Форт-Коллониз (Колорадо штаты)
Вирусты ауруларды зерделейтін ғылыми-зерттеу орталығы

1
2
Окленд қаласы (Калифорния шататы)
АҚШ ӘТК ғылыми-зерттеу биологиялық зертханасы
Вашингтон қаласы (Колумбия округі)
АҚШ құрлықтағы әсерлер Уолтер Рид атындағы ғылыми-зерттеу институты, ЖЖҚ
қорғайтын мамандарды дайындау орталығы
Ұлыбритания
Портон-Даун (Уилтшир графствосы)
Әскери-химиялық зерттеулер орталығы және оның құрамына кіретін Солсбери
Плейнздегі сынау бөлімі бар қолтаңбалы микробиологиялық зерттеулер орталығы
Канада
Сефилд қаласы (Альберта провинциясы)
Қорғаныс зерттеулердің ғылыми-зерттеу орталығы
Германия
Мунстер қаласы (Төменгі Саксония жері)
Ядролық, биологиялық және химиялық қарулардан қорғайтын ғылыми-зерттеу
орталығы
Шмалленберг қаласы (Р – Пфальц)
Аэробиологшия институты
Гамбург қаласы (Гамбург жері)
Нохта атындағы тропика медицинасы институтының арнайы зертханасы
Мюнхен қаласы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биологиялық қарудың зақымдау әрекетінің сипаттамасы
Химиялық қарудан қорғану
Радиоактивті химиялық, биологиялық зақымдану кезінде халыққа көмек көрсету
Жаппай қырып жою қаруларының түрлері
Биотероризм
Cоғыс уақытындағы қауіптер
Зақымдану ошақтарының болу уақытын анықтау
Аса қауіпті аурулар және бактериологиялық қарулар
Биологиялық қару туралы
Соғыс кезіндегі қауіпті жағдайлар
Пәндер