Аудитті ұйымдастырудың озық тәжірибесі



Кіріспе
1 Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы
2. Аудит ұйымы және оның даму кезеңдері
3. Аудиттің мәні, қажеттілігі және зерделеу аспектілері 4. Аудит мәні, мақсаттары мен міндеттері
5. Аудиторлық қызметтің халықаралық тәжірибесі
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастың дамуы шаруашылық әдістерін және формаларын қайта өзгертудің объективті қажеттілігін тудырады. Әміршілдік-әкімшілдік жүйеде кеңінен тараған қоғамдық мүлікті талан-таражға салу нарықтық экономиканың ажырамас атрибуты болып табылатын іскерлік және ұқыптылықпен орын алмастырады.
Нарық жағдайына бейімделудің қиындығына қарамастан, елде ғылыми-техникалық саясат, маңызды теориялық және іс-тәжірибелік білім саласына айналатын нақты ғылыми әзірлемелерді жинақтаумен әлеуметтік-экономикалық қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде. Елдің микроэкономикасын басқару құралына аса қажетті әр түрлі бизнес салаларындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін талдау, аудит және басқару есебі сияқты арнайы ғылымдар мен оқыту пәндеріне айрықша маңыз беріліп отыр.
Бухгалтерлік есепті реформалау және аудитті ұйымдастырудың озық тәжірибесі Халықаралық валюталық қордың (ХВК), Бүкіләлемдік банктің, Халықаралық даму бойынша Америка агенттігінің (ЮСАИД), Еуропалық одақтың (ЕО) және Британдық кеңестің белсенді қаты-суымен өткізілгендіктен, оны құраудың ағылшын-американдық үлгісі негіз етіп алынды. Бухгалтерлік есеп пен аудитті жетілдіру бойынша ұсыныс Конституция, Азаматтық кодекс, Бюджет кодексі, Салық кодексі, «Банкрот туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Шетелдік инвестициялар туралы», «Ақша аударымдары мен төлемдері туралы» заңдардың және компания, фирма мен коммерциялық ұйымдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативті-құқықтық актілер талаптарын ескеру арқылы әзірленді.
Сонымен бірге ақпаратты жасаушылар мен пайдаланушылар арасындағы мүдделердің қабыспауы, меншік түрлері және нарық жағдайында пайда болатын басқа міндеттемелер бойынша бақылау объектілерін шектеу белгілі бір бизнес саласындагы қалыптасқан жағдайға тиянақты аудит жүргізуді талап етеді. Микро деңгейдегі бизнесте қабылданатын шешімнің сапасы алынған ақпараттың шындыққа жанасымдылығы мен оның талдамалық негізінің тереңдігіне тікелей байланысты болатыны іс жүзінде дәлелденген.
Қазақстан Республикасында индустриясы дамыған елдердің озық тәжірибесіне сәйкес бизнестің жаңаша кешенді тәуелсіз кәсіби аудиті жүзеге асырылуда. Операциондық аудит пен қаржылық есептілік аудит және оның басқа да маңызды түрлері посткеңестік аумақтарда нарықтық экономиканың қалыптасуындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстармен және шындыққа жанасымды ақпараттармен мүдделілік танытатын пайдаланушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастың дамуы шаруашылық
әдістерін және формаларын қайта өзгертудің объективті қажеттілігін
тудырады. Әміршілдік-әкімшілдік жүйеде кеңінен тараған қоғамдық мүлікті
талан-таражға салу нарықтық экономиканың ажырамас атрибуты болып табылатын
іскерлік және ұқыптылықпен орын алмастырады.
Нарық жағдайына бейімделудің қиындығына қарамастан, елде ғылыми-
техникалық саясат, маңызды теориялық және іс-тәжірибелік білім саласына
айналатын нақты ғылыми әзірлемелерді жинақтаумен әлеуметтік-экономикалық
қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу
белсенділікпен жүргізілуде. Елдің микроэкономикасын басқару құралына аса
қажетті әр түрлі бизнес салаларындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер
қызметін талдау, аудит және басқару есебі сияқты арнайы ғылымдар мен оқыту
пәндеріне айрықша маңыз беріліп отыр.
Бухгалтерлік есепті реформалау және аудитті ұйымдастырудың озық
тәжірибесі Халықаралық валюталық қордың (ХВК), Бүкіләлемдік банктің,
Халықаралық даму бойынша Америка агенттігінің (ЮСАИД), Еуропалық одақтың
(ЕО) және Британдық кеңестің белсенді қаты-суымен өткізілгендіктен, оны
құраудың ағылшын-американдық үлгісі негіз етіп алынды. Бухгалтерлік есеп
пен аудитті жетілдіру бойынша ұсыныс Конституция, Азаматтық кодекс, Бюджет
кодексі, Салық кодексі, Банкрот туралы, Акционерлік қоғамдар туралы,
Шетелдік инвестициялар туралы, Ақша аударымдары мен төлемдері туралы
заңдардың және компания, фирма мен коммерциялық ұйымдардың қызметін
реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативті-құқықтық актілер
талаптарын ескеру арқылы әзірленді.
Сонымен бірге ақпаратты жасаушылар мен пайдаланушылар арасындағы
мүдделердің қабыспауы, меншік түрлері және нарық жағдайында пайда болатын
басқа міндеттемелер бойынша бақылау объектілерін шектеу белгілі бір бизнес
саласындагы қалыптасқан жағдайға тиянақты аудит жүргізуді талап етеді.
Микро деңгейдегі бизнесте қабылданатын шешімнің сапасы алынған ақпараттың
шындыққа жанасымдылығы мен оның талдамалық негізінің тереңдігіне тікелей
байланысты болатыны іс жүзінде дәлелденген.
Қазақстан Республикасында индустриясы дамыған елдердің озық
тәжірибесіне сәйкес бизнестің жаңаша кешенді тәуелсіз кәсіби аудиті жүзеге
асырылуда. Операциондық аудит пен қаржылық есептілік аудит және оның басқа
да маңызды түрлері посткеңестік аумақтарда нарықтық экономиканың
қалыптасуындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін
арттыру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстармен және шындыққа жанасымды
ақпараттармен мүдделілік танытатын пайдаланушылардың қажеттіліктерін
қамтамасыз етеді.
Бизнестің кәсіби аудит проблемасын зерттеудің көкейтестілігі
мүмкіндігінше аз шығынмен аса жоғары экономикалық тиімділікке қол жеткізуді
оңтайлы ұйымдастыруға ұмтылатын барлық қатысушылардың мүддесінен білінеді.
Аудит жоспарлау, талдау, үйлестіру, есеп, үйымдастыру, бақылау және реттеу
сияқты басқару қызметтерімен тығыз байланысты. Егер есептің көмегімен
ақпарат көздері қалып-тасатын болса, онда оның кешенді аудиті шаруашылық
жүргізуші субъектілердің жономикалық процестерін жоспарлау, ұйымдастыру
және реттеу барысында жіберілген кемшіліктер мен қателіктерді анықтауға
және оны қайтадан болдырмауға мүмкіндік береді.
Бизнестің тиімділігін талдау мен кәсіби аудиттің жеткілікті дәрежеде
әзірленбеу мәселесі оның біршама дайын нүсқасын нақтылауды ғана емес,
сондай-ақ белгілі бір экономика секторының әр түрлі салаларындағы дағдарыс
жиілегенде, нарық коньюнктурасы өзгергенде және бәсеке деңгейінің болжап
білуге болмайтын өзгеше жағдайларында оны ұйымдастырудың принциптік жаңа
тәсілдемелерін әзірлеуді де талап етеді.

1. Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы

Ел Президентінің Қазақстан халқына Қазақстан -- 2030 барлық
қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы
Жолдауында XX ғасырдың 90-ыншы жылдары республика экономикасында орын алған
дағдарыстың себептері ашылып, оны жеңудің жолдары айтылған. Радикалдық
саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру, КСРО-ның құлауы және
қазақстандық экономиканың әлемдік шаруашылық қатынас жүйесіне енуі
дағдарыстың болуына, өндіріс көлемі мен өнімдердің, жұмыс, қызметтің
бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетуге объективті жағдайлар тудырды. Бұл
дәстүрлі нарықтың ығысуына, төлемге қабілетсіздік тудыруға, шектен тыс
инфляцияға және көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің
тоқтауына әкеп соқтырды. Қалыптасқан жағдайды ескеру арқылы ұзақ мерзімді
жеті артықшылықтың бірі ретінде жоғары шетелдік инвестиция мен ішкі жинақ
ақша деңгейіндегі ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу
анықталды. Экономикалық өсу қаржы тұрақтылығына, өндірісті әртараптандыруды
қамтамасыз етуге, аса маңызды салаларға инвесторларды тартуға, шешуші
бизнес салаларының іскерлігін, арттыруға, белсенді өндіріс саясатын
енгізуге және акценттерді шаруашылық жүргізудің макродан микродеңгейіне
жылжытуға септігін тигізеді.
Қазақстан Республикасында радикалдық реформалардың стратегиялық курсы
нарықтың рөлі мен барлық тауар-ақша қатынас жүйесін күшейтуге бағытталған.
Нарықтық экономиканың тиімділігін, оның ғылыми-техникалық жетістіктерді
жылдам енгізетінін, адамның қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыруға
мақсаттылығын әлемдік тәжірибе көрсетіп берді. Нарықтық қатынасқа тауар
өндірушілердің экономикалық тәуелсіздігі, субъектілердің шаруашылық
қызметіне әкімшіліктің араласуын болдырмаушылық, өндіріс саласындағы еркін
экономикалық байланыстар және қоғамдық өнім айналымы және оны тұтыну тән.
Қазақстандық экономиканы сәтті функциялау үшін оны ұйымдастырудың озық
құралдары мен нақты тетіктерін, оның ішінде мақсатты-бағдарламалық әдісті
көптеген факторлар бойынша талдауды, жүйелі бақылауды және оңтайлы
шешімдерді қабылдауды қолдану аса қажет. Барлық ресурс түрлерінің аса өткір
сезілген тапшылық жағдайында ұлттық экономиканың қозғаушы күші
кәсіпкерлікке айрықша назар аудару керек. Мемлекеттік меншіктерді
жекешелендіруді тездету, өндіріс тиімділігін арттыру, бәсекелестік ортаны
дамыту, қаржылық бақылауды жақсарту және осы заманғы нарықтық инфрақұры-
лымды қалыптастру сияқты факторлардың маңызы зор. Бір жағынан, шегі жоқ
тұтынушылық, екінші жағынан, ресурстардың шектеулі болуы шаруашылық
жүргізудің қажеттілігін тудырады. Шаруашылық ресурстардың жетіспеушілігін
терең сезінбес .үшін адамдар барлык іс-әрекетін жоспарға құратын болса,
адамдар Экономиканың көмегімен тұтынушылардың қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін өнім, қызмет түрлерін өндірудің барлық мекемелері мен
әдістерін қамтиды. Шешім қабылдаушы, шаруашылық жоспарын дербес жасайтын
әрі осыларға сәйкес әрекет ететін барлық экономика бірліктері шаруашылық
жүргізуші субъектілер деп аталады.
ҚР Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп берушілер туралы заңда жеке
кәсіпкер және ұйым терминдерінің мәні мен айырмашылығы ашып көрсетіледі.
Ал, бұл терминдердің мағынасы республика резиденттері болып табылатын
кәсіпкерлік қызметпен айналысатын барлық занды тұлғаларды, сондай-ақ ел
аумағында (территориясында) тіркелген бейрезидент өкілдіктер мен
филиалдарды білдіреді.
Ұлттық экономиканы реформалау бойынша түбегейлі процестер шаруашылық
қызметті басқаруда жаңа ұйымдық және бақылаушы-талдамалы құрылымның пайда
болуының объективті қажеттілігімен шарттастырылған. Халық шаруашылығын
басқару жүйесін қайта құрудың алғашқы жылдарында-ақ, жоспарлы экономиканың
дәстүрлі бақылау органдары өсу үстіндегі, яғни арта түскен қажеттіліктерді
қанағаттандыру мен барлық мүдделі тұтынушыларды объективті ақпаратпен
қамтамасыз ету бойынша пайда болған проблемаларды кешенді шешуде өзінің
қабілетсіздігін көрсетті.
Әміршіл-әкімшілік жүйеде төменгі басқару буынының жоғарыға қатаң
бағынуы тек жоспарланған тапсырмалардың орындалуын, шаруашылық
операциялардың заңдылығын сақтау, яғни оның заңға сәйкес болуын және
мемлекет қарауындағы жалпы халықтық ресурстардың сақталуын тексеру бойынша
тиісті ревизиялық қызметтерді ғана талап етті. Ал, нарықтық экономика
жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілердің серіктестермен,
инвесторлармен, кредит берушілермен, меншік иелерімен, акционерлермен және
басқа да пайданаланушылармен деңгейлес байланыстары бойынша шындыққа
жанасымды ақпараттарға қажеттілік бірден артады. Бұл арада тек белгіленген
параметрлердің сәйкесетіндігін тексеру ғана емес, сонымен қатар шаруашылық
жүргізуші субъектілердің қызметтерін жақсарту бойынша ғылыми негізделген
ұсынысын әзірлеуді, оларға кеңес беруді және басқадай да жоғары кәсіби
деңгейде тиісті аудиторлық қызмет көрсетуді талап етеді.
Кәсіби аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы бұл бүгінгі танда да
жалғасын тапқан айтарлықтай ұзақ процесс. Аудиттің қоғамдық ролін түсінуі
үшін оны ұйымдастырудың әдістемесін, теориялық негізін және мәнін ашу
керек.
Нарықтық экономикаға өтпелі кезенде шаруашылық жүргізуші субъектілер
қызметін басқарудың маңызды құралдарының бірі қаржылық бақылау болды. ТМД
елдеріндегі нарықтық қатынастың дамуы өндіріс саласындағы бизнестің жаңа
қаржылық бақылау жүйесін қалыптастыратын алғышарттарды тудырды.
Қаржылық-шаруашылық бақылау жүйесін түбегейлі қайта өзгерту, енгізу
және тәуелсіз аудиттің посткеңестік өңірде қарқынды дамыту негізінде мына
принциптер жатқызылды:
1. Меншік түрлері және қаржы көздері бойынша бақылау объектілерін
дәл оқшаулау;
2. Бақылау субъектілерін мемлекеттік, қоғамдық, аудиторлық
(тәуелсіз), ведомствалық (фирмалық) және іштей (ішкі
шаруашылықтық) деп бөлу;
3. Бақылау мәселелерін шектеу, оның ішінде бюджеттің кірісі
мен шығысын дұрыс қалыптастыру, есеп берулердің анықтығы, өндіріс
әлеуетін пайдаланудың тиімділігін арттыратын резервтерді анықтау және
бағалау;
4. Мемлекеттік, жергілікті, қоғамдық, ішкі шаруашылық,
тәуелсіз аудиторлық ұйымдар мен жекелеген аудиторлардың әрекет ету
салдарын анықтау.
Аудит тарихы көрсеткендей, оның дамуы әкімшілік пен инвесторлар
арасындағы мүдделердің бөлінуінен болды.
Америкалық бухгалтерлер ассоциациясының зерттеуіне сәйкес аудитке
қажеттілік мына негізгі шарттарды тудырды:
-ақпарат жасаушылардың (әкімшілікпен) және пайдаланушылардың (акцияны
иеленушілер, кредит берушілер және басқа тұлғалар) мүдделерінің қабыспауы,
яғни сәйкеспеуі ақпараттың объективті болмауына әкеп соқгыруы мүмкін;
-объективті емес ақпараттарға негізделген шаруашылық шешімдерді
қабылдау жағымсыз экономикалық салдарды тудыруы ықтимал;
-алынған ақпараттың шындыққа жанасымдылығын бағалау немесе тексеру
үшін фирманың пайдаланушыларында жоқ арнайы білім болуы қажет;
-ақпаратты пайдаланушының оның сапасын тікелей бағалау үшін уақыты мен
материалы әрдайым бола бермейді.
Қажетті ақпаратты алу мен бағалаудағы пайда болатын қиындықтар
аудиторлық қызметтің аясын тарылтады. Оның негізгі міндеті - есеп берулерді
анық күмәнсіз ету; тұтынушыға ақпаратты маманның пікірін араластырмай
жеткізу.
Еліміздің экономикалык нарықтық қатынасқа көшу барысында ғылыми мен
білім практикалық кызметтің даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына
алып келді. Бұл - аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл
сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда "тыңдаушы"
деген мағынада қолданылған. Осы орайда "аудитор" сөзі нені білдіреді, оның
міндеті неде, қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар
оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет.
Аудитор латынның "аudіо" деген сөзінен шыққан, яғни ол "тындап тұр"
деген мағынаны білдіреді. Шаруашылық - жұмыс барысына тиісті мәліметті
тексеруші немесе бақылап-басқарушы тыңдаушы болған. Сондықтан ерте заманда
"аудитор" - "тыңдаушы" дегенді білдіретін, яғни қандай да бір нәрсені
тыңдайтын адам. Ол адам қызмет барысында аудитор деп аталынған.
Орта ғасырдың соңғы жылдарына дейін барлық елде әріп танитын және жаза
алатын адамдар өте аз болғандықтан, аудитор деп - лауазымды қызметкерлердің
қорытынды есебін тыңдауға тиісті кызметкерлерді "аудитор" деп атаған. Бір
қызығы сол, алыс, ерте кездерде адамдар аудитор қызметінде есеп берудің
жазбаша түрінен, ауызша түрінде мәлімет есеп беруін артық санаған. Өйткені
кез-келген жазба құжатты қолдан әр түрлі етіп жазуға, өзгертуге болады деп
түсінген. Ал, ауызша есеп, мәлімет беруде көзбе-көз отырғанда, есеп беруші
өтірік айта алмайды деген. Қазақтың: "бет көрсе- жүз ұялады", - деген ұлы
сөзінің мағынасы осы негізге келетін шығар, екіншіден "тыңдаушы" мен саған
"сенемін" - деген, ал өз кезегінде есеп беруші "сеніміңізді" ақтаймын" -
деген, адамгершілік қасиет негізге алынған деп тұжырымдауға болады.
Аудит бізге осы уақытқа дейін белгісіз болды деп айтуға болмайды. Шет
елдерде аудит ерте заманда дамыған. Бухгалтерлік есеп жүргізуде,
экономикалық талдау жасауда, басшылық жүргізуде үлкен орын алған. Себебі,
кәсіпорында басшылық жүргізуде, шаруашылықта бақылау жасауда, оған бірден-
бір негіз болатын, бухгалтерлік есеп және аудит қызметі екеніне үлкен көңіл
бөлінген. Сондықтан да, шет елдерде ерте кезден бастап арнайы бухгалтер-
сарапшы, аудитор дайындау өте қажет жұмыс деп табылған.
Америка Құрама Штатындағы ғалымдар аудиторлық фирмалардың жұмыстарын,
атқаратын функциясын зерттеу қорытындысына: "бұл аудит-қызметінің идеясы,
мазмұны мен мағынасына ерекше көңіл бөліп қарастыруға, талдауға тұрарлық
жұмыс, біздің жағдайымызда оны қолдану, есепті жетілдіру мен өңдірісті
басқару ісінде зор әлеуметтік ұйымдастырушылық және экономикалық эффект
берер еді - деп жазған.

2. Аудит ұйымы және оның даму кезеңдері

Аудит термині осыдан екі мың жыл бұрын аudіо деген латын сөзінен
шыққан, аудармадағы мағынасы ол естиді немесе естуші дегенді білдіреді.
Рухани оқу орындарында озат оқушыны аудитор (тындаушы) деп атаған.
Оған оқытушы басқа оқытушылардың сабақта өткен материалды қалай
меңгергенін, тапсырманы қалай орындағанын, яғни оқу үлгерімдерін тексеріп
отыруды сеніп тапсыратын болған. Еуропаның көптеген елдеріндегі мемлекеттік
басқару мен шаруашылық қызмет салаларында лауазымды тұлғалардың ауызша есеп
беруін тындаушы қызметкерді аудитор деп атаған. Есеп берудің бастапқы
ауызша түрі көптеген адамдардың сауатсыз болуына байланысты қолданылған,
сөйтсе де орта ғасырдағы адамдар есеп берудің ауызша түрі жазбашадан да
жақсы болады деп есептеген. Олардың ойынша кез келген құжатты қолдан оңай
түзей салуға болады, ал бақылаушы-аудитордың көзіне тура, тік қарап тұрып
өтірік айту мүмкін емес немесе өте қиын, деп санаған .
Арнайы әдебиеттерде аудиттің пайда болу кезеңі өзгеше әрі қарама-
қайшылыққа толы. Бір авторлардың айтуынша, есеп берудегі мәліметтердің
дұрыс көрініс табуын жасау және бақылау біздің дәуірімізге дейінгі IV
мыңжылдығынан басталады. Сонымен бірге, Ніл, Тигр және Евфрат өзендерінің
жазықтарындағы Таяу Шығыстағы ежелгі өркениетте жоғары дәрежеде
ұйымдастырылған мемлекет кұрылып, шаруашылық қызмет жүргізілді, үкімет
өнім, мүлік, салық жинау, орындалған жұмыс, қазынаны толтыру және кіріс пен
шығыс есептерімен айналысты. Бақылаудың әр түрі жүзеге асырылды, оның
ішінде аудит те бар. Мұндағы мақсат қателіктерді азайту және шенеуніктер
тарапынан алдау әрекеттеріне жол бермеу. Бірқатар бақылау түрлері сол
уақытта Библияда (Інжілде) да суреттеледі. Онда мүлікті екі жақты күзету,
адал қызметкерлерді жалдау, міндеттерді бөлісу мәселелері баяндалады.
Ревизиялық қызмет Вавилон, Мысыр, Рим, Қытай және Греция сияқты
антикалық елдерде де болған. Мысалы, ежелгі Мысырда (біздің дәуірімізге
дейінгі 3400-2400 жж.) мүлікті түгендеу кезең сайын, ал шаруашылық
операцияларын бақылауды үш адам жүзеге асырған. Оның біреуі не нәрсе
берілді, соның санын папирусқа белгілеп отырса, екіншісі нақты босатуларды
жүзеге асырған, ал үшіншісі ауытқуды анықтау үшін берілген мүліктердің
немесе өнімдердің санын нормамен салыстырып отырған. Ресурстардың қозғалысы
мен болған оқиғалар бойынша операциялар қатаң тәртіппен құжатталып отырған,
тікелей орындаушылар мен қатысушылардан тәуелсіз жүзеге асырылатын
шаруашылық процестерін бақылау осылай пайда болған.
Есепті жүргізу бойынша арнайы заңнама алғаш рет Вавилон мемлекетінде
пайда болған. Хаммурапи заңы (біздің дәуірімізге дейінгі 2200-2150 жж.)
көпестерге дербес есеп жүргізуді, ал храмға мемлекеттік есепшілікті
жүргізуді әмір етті, ақшаны қолхатсыз беру жарамсыз деп саналған .
Чжоу династиясы басқарған уақыттағы көне Қытайда (біздің дәуірімізге
дейінгі I 122-256 жж.) есептің мемлекеттік жүйесі, оның ішінде барлық
үкімет департаменттерінің мұқият әзірленген бюджеті мен аудиті жүзеге
асырылды. Ал, біздің дәуірімізге дейінгі 700 жылы ол жақта негізгі міндеті
мемлекеттік ақша мен мүлікті пайдалануға құқығы бар үкімет шенеуніктерінің
адалдығына кепілдік беру болып табылатын Бас аудиторлық қызметі болған.
Афинада біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда Халық жиналысы
мемлекеттің кірісі мен шығысын бақылады, ал оның қаржылық жүйесі барлық
лауазымды тұлғалардың өкілеттілігі біткенше құжаттарын тексеретін үкімет
аудиторларын қамтыды (34,23-6).
Басқа авторлардың айтуынша, аудиттің пайда болуы арнайы ғылыми
білімнің саласы ретінде бухгалтерлік есептің қалыптасу кезеңімен тығыз
байланысты. Бухгалтерлік есеп туралы алғаш рет ғылыми кітап жазған
италияндық ұлы математик Лука Пачоли (1445-1517 жж.) арнайы бюрода тексеріп
және тіркеп отыратын көпес кітабының іс жүзіндегі пайдалылығын атап кеткен
болатын .
Шаруашылық қызметтің дамуы есептің сапасы мен есеп берудің шындыққа
жанасымды болуының жаңа бақылау формасын талап етеді. Англияда аудиторлық
алғаш рет 1299 жылы пайда болды, ал 1324 жылдың 24-інші наурызында король
Эдуард II, үш мемлекеттік аудиторды тағайындайды. Тағайындау туралы
жарлықта аудиторды Оксфорд, Беркенхед, Уэльс провинцияларындағы барлық
есепшотты тексеруге, оларды тыңдауга, олардан сұрауға және есепшоттарды
жүргізуде барлық кемшіліктерді белгілеп отыруға міндеттейді.
XII ғасырдан бастап Англия мен ІІІотландия, Италия, Франция және
Еуропаның басқа елдерінің Қазынашылық мұрағаттарында (архив) аудиторлық
қызмет туралы мағлұмат жиі ұшырасады. Мысалы, Үлыбританияда екі типті аудит
жүргізілген:
1) аудит қалаларда елдің көзінше, яғни жария түрде - билеп-төстеуші
лауазымды тұлғалардың қатысуымен жүзеге асырылған, қазынашы аудиторлық есеп
беруді ауызша, яғни елге естірте оқитын болған;
2) ірі поместьенің қаржылық басқарушысының төлем шотын аудиторлық
декларацияға орай дебет және кредит бойынша егжей-тегжейін тексеру, яғни
оны поместьенің қожайыны мен басқарушылар кеңесінің алдында ауызша есеп
берген.
Қалалардың, фабрикалардың өсуімен және сауда-саттықтың кеңеюімен
сипатталатын ХҮІ-ХҮII ғасырлар кезеңіндегі экономикалық өзгерістер есеп пен
аудиттің жаңа тәсілдемесінің пайда болуына итермеледі, яғни себепші болды.
Бұрыштың басына мүлікке деген меншік құқығы мен пайда және залалдың қатаң
калькуляциясы қойылатын болды. Аудит тыңдау процесінен жазбаша құжатты және
растаушы куәні зерттеуді ретімен талдаушыға айналды. XVII ғасырдың аяғында
Шотландияда белгілі бір лауазымды тұлғаға қалалық аудитор ретінде қызмет
етуіне тыйым салу туралы алғаш рет заң қабылданды, осылай ету арқылы батыс
әлемінде сол уақыттан бері осы заманғы аудитордың тәуелсіздігі деген ұғым
енгізілді.
Мұндай аудиторлық озық тәжірибеге қарамастан, тек ХІХ гасырдың екінші
жартысында ғана кәсіби аудит тұтас іскерлік әлем мен кәсіпкерлік қызметтің
маңызды құрамдық бөлігі болды. Бұл темір жолдарын салу мен сақтандыру
компанияларының, банктердің, акционерлік қоғамдардың өсуімен байланысты.
Ағылшындық темір жол және сақтандыру компаниялары мен басқа да инвесторлар
Солтүстік Америкаға атганғанда, яғни бағыт алғанда олармен бірге аса ірі
ағылшын кредиторларының мүддесін қорғау үшін тәуелсіз аудиторлар да барды.
Осыған байланысты солтүстік америкалық аудиттің шығу тегі ағылшындық
болып табылады және XX ғасырға дейін АҚШ-тың тәуелсіз аудиті ағылшындық
үлгімен құрылып келді. Ол балансқа қатысты мәліметтерді егжей-тегжейлі
зертnеуді ұйғарды. Роберт X. Монтгомери американдық аудитінің сол кезеңін
есепшоттық аудит деп атаған, өйткені аудитордың жұмыс уақытының төрттен
үш бөлігі есептеу және бухгалтерлік кітапты жасауға кетті. Аудит рәсімі
(процедурасы) жылдам ұлғайған америкалық бизнеске бейімделе бастағанда
шектен тыс қаражатты талап ететін есептеу мен көшіруді тексеретін британдық
стиль біртіндеп американдық тестілік аудитке өзгеріп, ауысады
(трансформацияланды). Сонымен қатар аудиторлар тестілеу әдісінен басқа
операцияларды тексеру мақсатында бизнес бойынша серіктестен фирманың
қызметі туралы мәлімет жинауды іс жүзіне асыруға кірісті. Инвесторлардың
мүдделерін ескеру арқылы олар баланстың белсенділігі мен бәсеңділігін
бағалауға, сондай-ақ пайда мен залал туралы есеп берулерде және
есепшоттарда көрініс табатын шаруашылық операцияларының нәтижелеріне де көп
назар аударатын болды.
XX ғасырда бухгалтерлер мен аудиторлардың аса ірі трансұлттық
ұйымдарының құрылуына әкеп соқтырған әлемдік экономика мен бизнестің
ғаламдасу (глобализация) тенденциясы біршама тереңдей түсті. Кәсіби
аудиттің дамуы үшін Халықаралық есеп стандарттары бойынша Комитет (LASC -
1973 ж. негізі қаланған), Жоғары бақылау органдарының халықаралық ұйымы
(ИНТОСАИ 1953 ж.), Халықаралық бухгалтерлер федерациясы (ІҒАС - 1977 ж.
құрылған), БҰҰ-да 1979 жылы құрылған Есеп пен есеп берудің халықаралық
стандарттары бойынша үкіметаралық сарапшылардың жұмысшы тобы (ІSAR) сияқты
халықаралық және аймақтық ұйымдар қызметінің маңызы айырықша. Осы
жаңашылдықтардың барлығы ендігі жерде аудиттің бухгалтерлік жазбалардың
кеңселік нақтылығын тексерумен ғана шектелмей, салалары мен ауқымының
біртіндеп кең өріс алуын көрсетеді. АҚШ және Ұлыбритания сияқты дамыған
елдерде тәуелсіз аудиттің өзгеше жүйесі қалыптасқан. Оларды жетілдірудің
қажеттілігі көптеген кредиторлар, инвесторлар және басқа да мүдделі
пайдаланушылар тарапынан шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметі туралы
сенімді қаржылық ақпаратқа сұраныстың өсуінен туындап отыр.

2.1. Аудиттің мәні, қажеттілігі және зерделеу аспектілері

Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы комитеті бухгалтерлік есептің
негізгі тұжырымдамасы бойынша (ААА) аудитке мынадай анықтама берді: Аудит
— бұл экономикалық іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы объективті деректердің
бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемге (критерийге) сәйкестігін
алудың және мүдделі пайдаланушылардың нәтижелерін ұсынатын процесі.
Классикалық ұғымда аудит- кәсіпорында жұмыс істемейтін маманданған
тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау.
Мұндай кәсіби бақылау аудитке деген қажеттілік көптеген жағдайларға
байланысты артып отыр:
1) Кәсіпкерліктің дамуы мен капитал өсуінің әсері;
2) Өзін-өзі реттеуге ұмтылатын ұйымдар санының арта түсуі;
3) Экономикалық тұрақтылықты, меншік иеленушілерге және
кредиторларға олардың салған ақшаларының сақталуына кепілдік беруді
қамтамасыз ететін жағдай тудырудың қажеттілігі;
4) Компаниялардың операциясы көп әрі күрделі болуы мүмкін,
пайдаланушылар ол туралы ақпаратты дербес алуға мүмкіндігі
болмағандықтан аудиторлардың қызметіне мұқтаж;
5) Қаржылық ақпаратты пайдаланушылар компанияның есептік
жазбаларына әдетте қолдары жете бермейді және олардың тиісті
тәжірибелері жиі бола бермейді;
6) Пайдаланушылар қабылдайтын шешімнің салдары өздері үшін өте
маңызды болуы мүмкін, сондықтан да аудитор арқылы алатын ақпараттың толық
болуы мен анықтығы оларға ауадай қажет (36, 4-6).
Аудит - бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың,
серіктестіктердің және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы
түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау мен тексеру қызметі жүзеге асырылмаған
деп, айтуға болмайды. Алайда көптеген операциялық мазмұны жағынан бір-
біріне жақын болса да, ревизия мен аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді.
Аудит бақылаудың шығармашылық (творчестволық) дамуын білдіреді. Ол
экономикалық бақылаудың формалары мен түрлерін кемітпей, керісінше
толықтырады.
Аудиторлық іс экономикалық талдау, кешенді құжаттық тексеру балансты
немесе сот-бухгалтерлік сараптаманы есеппен тексеру туралы біздің
ұғымымыздан бөлек болса да аудитор өзінің міндетін жүзеге асыру барысында
аты аталғандардың және есептік бақылаушы-талдамалы тәжірибе салаларының
рәсімдерін (процедураларын) пайдаланады. Белгілі ғалым Я.В. Соколовтың
айтуынша тексерудің мақсаты кемшіліктерді құрту және жамандықты жою, ал
аудиттің мақсаты — кемшіліктерді кеміту және қастықты шектеу.
Әкімшіліктік құқы бар және сатылас байланысты ұстанатын тексерушіні
клиент өз қалауымен таңдамайды. Бұған керісінше, аудиторды клиент өз
қалауымен таңдайды және олардың арасындағы қарым-қатынас деңгейлес
байланысқа жол ашатын азаматтық құқықпен реттеледі.
Тексеру және бақылау түсініктеріне қарағанда, аудит ұғымының аясы кең,
өйткені бұл ұғым қаржылық көрсеткіштердің шындыққа жанасымдылығын тексеруді
ғана білдірмей ғылыми негізде шығындарды ұтымды ету мен табысты
оңтайландыру үшін шаруашылық қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарды да
әзірлеу ісін қамтиды. Аудитке келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын, оның
ішінде, бухгалтерлік есеп, ішкі бақылау және қаржылық есеп берулердің
жағдайын тексеретін, сондай-ақ артық шығындарды болдырмау, ресурстарды
пайдаланудың тиімділігін арттыру жәме шаруашылық жүргізуші субъектілердің
табысын өсіру мақсатында кеңес беретін бизнес сараптамасының өзінше бір
түрі ретінде анықтама беруге болады.
Бизнес аудитін жүргізу үшін белгілі бір салалар мен компаниялар іс-
әрекеттің жағдайы туралы шындыққа жанасымды ақпарат алудың кең ауқымды
мәселелерін жан-жақты зерделеу қажет.
Мемлекеттің, аймақтың экономикалық жағдайы белгілі бір салалар мен
шаруашылық жүргізуші субъектілер іс-әрекетінің жағдайы туралы мәліметтерді
алу бойынша бірқатар әдістемелік тәсілдемелер мен нұсқамалар 310 Бизнесті
білу атты аудиттің халықаралық стандартында ашып көрсетілген. Алайда бұл
стандарт қаржылық есеп берулердің аудитін ұйымдастыруда қолданылады, ал
аудиттің басқа түрлері әдетте экономиканың әр түрлі салаларында болатын
оқиғаларды, процестерді және құбылыстарды бағалауда өзіндік ерекшелігі бар
тәсілдемелерге, әдістерге және өлшемдерге ие. Осы арада бизнес аудитінің
озық түрін ұйымдастыруды жетілдірумен байланысты теориялық және іс-тәжірибе
сипаттарындағы бірқатар мәселелер пайда болады.
Тұтастай алғанда аудитті және талдауды уақытылы жүзеге асыру
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін қаржылық-кредиттік,
материалдық-техникалық қамтамасыз етудің, өндірісті ұйымдастырудың
тиімділігін және жоспардың баланстылығын арттыруға ықпалын тигізеді.
Бүгінгі таңда бизнестің жағдайы мен дамуына субъектілердің өзінен басқа
мемлекеттік, қаржылық, кредиттік, ведомствалық, салықтық және басқа да
органдар белсенді әсер етуі мүмкін. Бірақ осы буындардың бірде-біреуі
салықтық жеңілдіктер беру, кредит және баға саясатын жақсарту, өндірісті,
отандық өнімдердің, жұмыс, қызметті өткізуді ынталандыру есебінен бизнесті
басқарудың тиімділігін арттыру үшін қолайлы экономикалық жағдай тудыратын
мүмкіндіктері мен белгілі бір өкілеттіліктері болса да елеулі көмек көрсете
алмайды әрі материалдық өндіріс салаларындағы бизнесті ұйымдастыруды
жақсартуға ықпалын тигізбейді.
Бизнесті басқару жүйесін нарықтық экономиканың шаруашылық тетігінің
құрамдық бөлігі ретінде қарастыру қажет. Жалпы экономикалық жағдайдың
тұрақтылығына қол жеткізбейінше, инфляция деңгейін төмендетпейінше,
өндірісті ұйымдастыру мен қуаттылықты пайдалануды жақсартпайынша,
шаруашылық жүргізуші субъектілердің жабдықтаушылық, өткізушілік және
қаржылық қызметтерін жетілдірмейінше бизнесті оңтайлы жасау мүмкін емес.
Нарықтық экономика жағдайындағы бизнестің кәсіби аудитін дамыту
мәселесінің көп қырлы болуы мына аспектілерді зерделеу үшін бөліп көрсетуге
мүмкіндік тудырады:
1) Теориялық: кәсіби аудиттің мәнін, мазмұнын және мағынасын, оның
бақылаушы-талдамалы қызметінің басқа да шектес ғылымдары және түрлерімен
өзара байланысын анықтау; аудиттің нұсқаларын, түрлерін және типтерін
ғылыми жіктеу; аудиттің даму тенденциясын, тетіктерін, мәселелерін зерттеу;
бизнес аудиті мен талдауының принциптері мен компоненттерін, постулаттарын
нақтылай түсу, тұжырымдамасын әзірлеу;
2) Әдіснамалық: аудиттің жалпы және жеке әдістемелерін анықтау,
бизнес жағдайының талдау көрсеткіштер жүйесін, өлшемдерін,
әдістерін таңдау, экономикалык әлеуетті (потенциалды) пайдалану
тиімділігіне әсер ететін факторларды анықтау және шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қызметін жақсарту бойынша әзірлеу;
3) Үйымдастырушылық: бизнес аудитін жүргізу мен жоспарлау
механизмдерінің, құқықтық-нормативтік және ақпараттық базалардың мағынасын
ашу; аудиторлық бақылаушы-талдамалы қызметтердің технологиясы мен нақты
рәсімін (процедурасын) жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу.
Бизнестің кәсіби аудит мәселесін зерттеу аспектілерінің жалпы
шарттарына жататындар:
- бизнесті басқарумен байланысты шаруашылық операциялары мен
процестерінің аудитін жүргізу үшін алға қойылған мақсаттарға қол
жеткізу;
- шаруашылық қызмет нәтижелерін бақылаудың, талдаудың және есептің
озық әдістерін анықтау;
- қаржылық-экономикалық талдау мен аудиттің озық түрлерін
қолданатын салаларды ұлғайту әрі оған енгізу;
-бақылаушы-талдамалы жұмыстарды жақсарту бойынша халықаралық озық іс-
тәжірибелерді жалпылау;
- бизнестің кәсіби аудитін жүргізудің техникасы мен
технологиясын, ұйымдық кұрылымын жетілдіру;
-бастапқы мәліметтерді алу мен өңдеуде ЭВМ-ді және экономикалық-
математикалық әдістерді қолдану, шаруашылық жүргізуші
субъектілер қызметін басқару жүйесін оңтайландыру.
Кәсіби аудиттің даму проблемаларымен осы аспектілерді өзара тығыз
байланыстырып мұқият зерделеу ұлттық экономиканың нақты секторындағы
шаруашылық жүргізуші субъектілердің жабдықтаушылық, өндірістік, қаржылық
және өткізушілік қызметтерінде болатын оқиғалар мен процестердің
ерекшеліктерін ескеру арқылы оның ұйымдастырылуын жетілдіру бойынша,
ұсыныстарды жасау мен әзірлеуді тереңдетіп зерттеудің әдістемелік негізіне
қызмет етеді.

2.2. Аудит мәні, мақсаттары мен міндеттері

Аудит нарықтық экономика жағдайында барлық шаруашылық процесіне
қатысушылардың қызметінде маңызды рөл ойнайды. Ол анық ақпаратпен
қамтамасыз етеді, серіктестер арасындағы сенімділікті қалыптастыруға
септігін тигізеді, оңтайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу мен
кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлейді, сондай-ақ қаржылық
жағдайды тұрақтандыруға, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің
тиімділігін арттыруға және тұтастай қоғамның әлеуметтік-экономикалық
жағдайын жақсартуға ықпал етеді.
Аудитті қаржылық, экономикалық, техникалық, заңдық және басқа да
қызмет салаларында жүргізуге болады. Аудиттің ең негізгі мақсаттарының бірі
- шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық есеп берулерінің нақты
екендігін анықтау болып табылады.
Бұл арада клиенттің нормативті-құқықтық актілердегі талаптарды
сақтауына бақылауда үлкен мән беріледі. Компаниялардың қызмет нәтижелері
және олардың заңды сақтауы туралы ақпараттың тәуелсіз расталуы мемлекетке,
меншік иелеріне, акционерлерге, инвесторларға, кредиторларға және олардың
бизнес бойынша серіктестеріне қажет. Негізгі есеп тұжырымдамасы бойынша
Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы аудиттің мазмұнын барынша қамтып
жинақтаған анықтамасында былай делінген: Аудит - бұл экономикалық
әрекеттер мен оқиғалар, олардың белгіленген деңгейінің нақты өлшемдерге
қаншалықты сәйкесетіндігі туралы ақпаратты алу мен бағалаудың және
нәтижелерді мүдделілік танытқан пайдаланушыларға беретін жүйелі процесс .
ҚР Аудиторлық қызмет туралы Заңында мынадай анықтама берілген:
Аудит Қазақстан Республикасының заңында белгіленген талаптарға сәйкес
қаржылық есептіліктің дұрыс және объективті жасалғаны туралы тәуелсіз пікір
білдіру мақсатында занды тұлғалардың каржылық есептілігін тексеру болып
табылады.
Таным теориясына орай, бір ғылым ғана зерделейтін объективті шындықтың
қандай да бір бөлігін немесе кез келген ғылымның (оның ішінде аудит те бар)
мазмұны деп ұғынуға болады. Органикалық тұрғыдағы өндірістік қатынастардың
нарықтық экономикадағы объективті экономика заңы экономикалық теорияның
пәні болып табылатыны белгілі. Салалық экономикалық ғылым салалардың,
өзіндік ерекшелігіндегі бұл заңдардың әрекетін, өндіруші күштермен,
техникалар және технологиялармен өзара байланысындағы жекелеген салалардың
өндірістік қатынасының даму ерекшеліктерін зерделейді.
Пән анықтамасы осы ғылымның басқа ғылымдардан айырмашылығын көрсететін
ерекшеліктерді қамтуы керек. Оның ішінде:
1) Ғылымның мақсаты мен мазмұны;
2) Өзіндік ерекшелігі бар зерттеу принциптері;
3) Зерделеу объектісі;
4) Ақпарат көздері.
Осылайша аудит мазмұнын қалыптастырамыз, өйткені арнайы әдебиеттерде
оның әзірге айтарлықтай әрі дәл анықтамасы жоқ. Біздің пікіріміз бойынша,
аудит пәні қоғамның мүддесін білдіретін экономикалық құбылыстар мен
оқиғалар және процестер, сондай-ақ мәліметтері нақтылық пен анықтығына
қарай тексерілетін, зерттелетін және объективті бағасын алатын әр түрлі
мақсаттарды көздейтін заңды және жеке тұлғалар, басқаруды оңтайландыру,
экономикалық қызметтердің тиімділігін арттыру, кеңес берушілік, бақылаушы-
талдамалы және басқа да кәсіби аудиторлық қызмет көрсету жатады.
Аудит мазмұны алға қойылған мақсаттар мен бақылау объектілерін ескеру
арқылы нақтылануы мүмкін. Мысалы, егер аудит объектісіне шаруашылық
жүргізуші субъектінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудиттің негізі, мақсаты және мәселелері
Аудиторлық жұмыстың сапасын бақылау
Бухгалтерлік есепті реформалау және аудитті ұйымдастыру
АУДИТТІ АҚПАРАТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Аудит және бизнесті категориалдық талдау
Сыртқы және ішкі аудит
Аудиторлық қызметтің теориялық негіздері
Аудиттің заңдылықтары
Аудиттің мақсаты мен міндеті
Аудиторлық қызметті басқарудың парадигмалары
Пәндер