Буынның сипаты жөнінде


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Буынның сипаты

Жоспар :

1. Буынға тән сипаттар

2. Буынның түрлері

3. Буынның жігі және тасымал

4. Буынның дыбыстық құрамы

Пайдаланған әдебиеттер

  1. «Қазақ грамматикасы» Алматы 2005ж.
  2. І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев «Қазіргі қазақ тілі» (лексика, фонетика) Алматы 2001ж.
  3. Қараев «Қазақ тілі»

Буын - ауаның кілт үзілуінен не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын жеке (дауысты) дыбыс, не дыбыстар (дауысты, дауыссыз) тобы. Қазақ тілінде буынның маңызы ерекше. Буын мәселесі - фонетикалық (айтылудағы) категория. Буын түрлері мен сапасын практикалық жазу тұрғысынан қарауға болмайды. Өйткені айтылудағы буын өлшемі жазылудағы түрі мен үнемі сай келе бермейді: айтылуда сөз ішіндегі буындардың саны мен сапасы бір түрлі, жазылуда екінші түрлі болып келе береді. Айтылуда метр деген де, литр деген де - екі буынды сөздер; коорпаратив деген сөз айтылуда төрт, жазылуда бес буын (айтылуда екі дауысты тоғысып, бір-ақ дауыстының орнына жүреді) . Қазақ тілінде екі дауысты қатар келсе, алдыңғысы айтылуда түсіп қалып, ықшамдалып тұрады. Мысалы, келе алмайды деген келалмайды болып, айта алмайды деген айталмайды болып, буын саны кемиді. Сондықтан буын өлшеміне негізгі критерий бола алатын - сөздің жазылуы емес, айтылуы.

Фонациялық ауаның қарқынымен кілт үзіліп шыққан бір немесе бірнеше дыбыс тобын буын дейміз. Демек, буын экспирация арқылы (өкпедегі ауаны сыртқа шығару арқылы) жасалады. Көп тілдерде (соның ішінде қазақ тілінде) буын жасаушы - дауысты фонема болып есептеледі. Дауысты фонема өз алдына тұрып та, төңірегіне дауыссыздарды алып та буын құрай алады. әр буында бірден артық дауысты фонема болмайтындықтан, сөз ішінде неше дауысты фонема болса, сонша буын болады. Буын ішінде дауыссыздарды экспирациялық күшіне қарай, айтылуына қарай: күшті бас дыбыс, күшті соңғы дыбыс деп, негізінде, екі топқа бөлуге болады. Буын ішіндегі екі дауыссыздың, алғашқысының экспирациясы соңғысынан басым келсе, күшті бас дыбыс (немесе эксплозив дыбыс) болады да, керісінше келсе, күшті соңғы дыбыс (немесе имплозив дыбыс) болады. Мысалы, буынның бас дыбысы да соңғы дыбысы да бір түрлі болып келген қақ, тұт сияқты сөздердің алғашқы дыбыстар күшті (айқын) айтылады да, соңғы дыбыстары әлсіз айтылады. Сол сияқты гүл, дөң сөздеріндегі (буындарындағы) г, д дыбыстары да күшті айтылып, олар буын бастап тұр; ал л, ң дыбыстары әлсіздеу айтылып, буынды аяқтап тұр. Егер де сөз ішінде немесе сөз аралығында имплозив дыбыс пен эксплозив дыбыс қатар келсе, бұл екеуінің түйіскен жерінен буын жігі пайда болады. Мысалы, аппақ (ап-пақ), көкке (көк-ке), тәтті (тәт-ті) . Мысалдарда көрсетілген қатар тұрған бір келкі дыбыстардың алдыңғысы имплозив, кейінгісі эксплозив дыбыс болады: имплозив дыбыс - буынды аяқтаушы дыбыс, эксплозив дыбыс - буынды бастаушы дыбыс.

Қазақ тілі сөздерінде бір буынның ішінде әрі жуан, әрі жіңішке дыбыстардың болуы мүмкін емес: буын ішіндегі дыбыстар біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке болады.

Сөздің жуан, жіңішке болуы буынмен байланысты, буынның жуан, жіңішкелігі дауысты дыбыспен байланысты. Дауысты дыбыс жуан болса, буын да жуан, ол жіңішке болса, буын да жіңішке болады.

Жуан, жіңішке болып жұп-жұбымен келетін дауыстылар: а - ә, о-ө, ұ-ү. Тек е(э) дыбысының ғана жуан сыңары болмайды. Алфавитімізде жуанына бір әріп, жіңішкесіне бір әріп алынбай, екеуіне ортақ әріп алынған дыбыстар - у, и. Бұл екеуінің жуандық, жіңішкелігін жазуда айырып таңбалаймыз, бірақ басқа дауыстылар секілді, бұл екеуінің де жуан, жіңішкелігі кейде мағаналығымен байланысты (ту деген сөз жуан айтылса, қызыл ту дегендегі мағына шығады) .

Құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың орын тәртібіне қарай қазіргі қазақ тіліндегі буынның екі түрі бар: ашық буын және тұйық буын. Бұлай бөлу буынның теориялық та, практикалық та мәніне сай келеді.

Буын құрамында кездесетін дауыстыны шартты түрде А, дауыссыздарды В әрпімен таңбалап, буынның түрлерін оның дыбыстық құрамын былайша өрнектеп көрсетуге болады.

  1. Ашық буын - жеке дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып дауыстыға бітетін буын. Мұның дыбыстық құрамы:А:а, ә, а-на, ә-же, е-не, о-қы, ө-ре, ұ-зақ, ү-кі; ВА: ба-ла-сы, бі-лі-мі, же-лі, да-ла; ВВА:ста-нок, ста-кан, пла-кат; ВВВА: стра-тег, стра-тосфера;

2 . Тұйық буын -соңы дауыссызға аяқталатын буын.

Дыбыстық құрамы:

  1. АВ:ат, ой, ән-детті, ой-ланды, үй, ақ-тар, әл-ден;
  2. АВВ: ант, өрт, ұлт, өрт-те, акт;
  3. ВАВ:бас-тар, бас-тық, тас-тай, бұл-бұл-дар;
  4. ВАВВ: қант, былқ-былқ, жалт-жұлт, жарқ-жұрқ;
  5. ВАВВВ:пунк, центр, текст;
  6. ВВАВ: шкаф, шлаг, шлем, хлор, стиль;
  7. ВВАВВ: спорт, старт, скетч;
  8. ВВАВВВ: спектр;
  9. ВВВАВ: штрек, штраф, штрих.

Байырғы қазақ сөздері, қала берді бүкіл түркі сөздері негізінен бір буынды болып келеді. Олар құрылымына қарай алты түрде ғана ұшырайды:А, ВА, АВ, АВВ, ВАВ, ВАВВ.

Буынның қалай пайда болатынын, жалпы сипатын аңғарғаннан кейін, алдымен анықтап, меңгеріп алуды қажет ететін қарапайым да аса маңызды ұғым - сөздің буын жігін табу, немесе сөзді буынға бөлу.

Буын жігі дауыстылардың қабатында тұрған дауыссыздардың қай жағына қарап кететіндігіне байланысты.

Қазақ тілінде дауыстыдан басталатын буындар үнемі сөзді бастап тұрады: а, ә, ас, ант, ұлт, ас-қа, ант-ты, ұлт-тық. Сондықтан да бірінші буыннан басқа буындар дауыстыдан басталмайды. Оның үстіне қазақ тілінде байырғы буындар қос дауыссыздан басталмайды.

Қазаіргі қазақ тілінде буындар дыбыстық құрамы жағынан мынадай болып келеді:

  1. бір дыбысты: а-та, ә-же, і-ні, а-па, а-са, о-қы, о-тыр. Бір дыбысты буындар тек дауысты болады да, жеке сөз түрінде, не сөз басында ғана кездеседі. ;
  2. екі дыбысты: ба-ла, қа-ла, та-за-ла, ал, ат, же, не;
  3. үш дыбысты:бас, бет, сөз, көз, өрт, бөл-шек-тер, бал-шық;
  4. төрт дыбысты:қант, төрт, былқ, жалт, жылт, салт.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі буынының сипаты
Жоғары сынып оқушыларының көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
Оқушыларды ауызекі сөйлесуге үйретудегі коммуникативтік әдіс
Буынның сипаты
Кешігуі бар буыны
Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері туралы ақпарат
Кинематикалық жұптар
Тілімізге араб, парсы тілдерінен ертеректе енген сөздер бұған дәлел
Қонақ үйлерді басқару ерекшеліктері
Өлең сөздің теориясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz