Ауыл жастарын адамгершілік- құқықтық тұрғыдан әлеуметтендіру


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 145 бет
Таңдаулыға:
Ауыл жастарын адамгершілік- құқықтық тұрғыдан әлеуметтендіру
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Ауыл жастарын адамгершілік - құқықтық тұрғыдан
әлеуметтендіру қажеттілігі . . . 8
1. 1. Ауытқымалы мінез - құлық, оның түрлері
сипаттамалық белгілері . . . 8
1. 2. Ауытқымалы мінез - құлықты талдаудың
теориялық және заңнамалық қайнар көздері . . . 17
1. 3. Ауыл жастарының бойына ауытқымалы
мінез - құлықтың жұғу себептері және оның зардапты салдарлары . . . 38
2. Ауыл жастарын адамгершілік- құқықтық тұрғыдан әлеуметтендірудің негізгі нысандары мен амалдары . . . 49
2. 1. « Әлеуметтендіру » ұғымы. Ауыл жастарын әлеуметтендірудегі адамгершілік пен құқықтың өзара байланыстылығы . . . 49
2. 2. Ауыл жастарын адамгершілік - құқық тұрғыдан әлеуметтендірудің мектептік жүйесі . . . 62
2. 3. Ауыл жастарының құқықтық оқуы . . . 91
2. 4. Ауыл жастарының құқықтық білімдарлықтарының деңгейін анықтаудың талдауы . . . 124
Қорытынды … . . . 142
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 149
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жаңа-нарықтық қоғамдық қатынастар жүйесіне өту үрдісінде бұрындары қалыптасқан экономикалық-өндірістік жүйе тоқырауға ұшырап, елімізде жұмыссыздық, осыған, байланысты туындаған жоқшылық көп қиындықтар тудырды. Жұмыс іздеп босқан ауыл жастары тарапынан құқық бұзушылық-ұрлық істеу, қарақшылық жасап жол тору, барымташылық, балағатшылдық, т. т. көбейді. Міне, осының бәрі жинақтала келіп жастарды, соның ішінде, ең алдымен ауыл жастарын адамгершілік -құқықтық тұрғыдан әлеуметтендіріп, қоғам өміріне өз құқықтарын қорғап қана қоймай, заңды міндеттерін түсінетін, құқық бұзушылық жасаса, ол үшін заң алдында жауапталатынын сезінетін, қоғамдық тәртіп пен заңдылықтың сақталуына, үнемі мүдделік танытып жүретін құқықтық мінез-құлықтары үлгілі кәсіби біліктіліктері жоғары азаматтар етіп қосу қажеттілігін күн тәртібіне қойды.
Бұл түсінікті де. Себебі жас ұрпақты адамгершілік- құқықтық тұрғыдан әлеуметтендіріп, қоғамдық өмірге құқықтық мәдениеті жоғары, іскер де белсенді азамат етіп қосу адамзат өркениеттілігінің ұстындық тұғырларының бірінен саналады. Себебі, адамгершілік-құқықтық әлеуметтендіру барысында өсіп келе жатқан жас ұрпаққа адамгершілікке негізделген қарым-қатынас тәжірибесі игертілуімен қатар, қоғамдық өмірді реттеулерге бағдарланған заңдар мен заңдық күші бар нормалар туралы мәліметтер беріледі.
Ал, өз кезегінде жастардың бойына сіңдірілген адамгершілік-құқықтық саналық қасиеттер олардың алдағы өмірлерінде адамгершілік қылықтары мен құқықтық мәдениеттерінің мазмұнын құрайды.
Демек, бұл мәселенің оңды шешілуінің негізгі бағыттары мен жолдарын екшелеп, зерделеудің мемлекет үшін терең әлеуметтік мәні бар.
Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. Жастарды адамгершілік -құқықтық тұрғыдан әлеуметтендіру мәселелері заң ғылымы мен құқық теориясында өте аз зерттелген. Дегенмен, дүниежүзілік әлеуметтік-құқықтық ғылым тарихында бұл проблеманың теориялық-методологиялық, моральдық-этикалық, құқықтық-заңнамалық және социологиялық негіздері өзектелген еңбектер баршылық. Солардың алдыңғы қатарында Платонның, Аристотелдің, Әл-Фарабидің, Әл-Газалидің, Гобсстің, Локктың, Томазийдің, Пуффендорфтың, Канттың, Фихтенің, Гегельдің, Ш. Л. Монтескьенің, Ю. Конттың, Г. Сепсердің, К. Маркстің, Ф. Энгельстің, У. Х. Шелдонның, З. Фрейдтің, Э. Дюркгеймнің, М. Вебердің, т. б. еңбектерін атауға болады.
Өткен ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырдың басында құқықтану, этика, социология және психология ғылымдарында адамгершілік, құқық, әлеуметтендіру, соның ішінде жас ұрпақты адамгершілік - құқықтық тұрғыдан әлеуметтендіру мәселелерімен айналысқан ғалымдардың алдыңғы қатарында Америка Құрама Штаттарынан - Д. Ж. Льюиді, К. Мертонды, Т. Парсонсты, Р. Паундты, Д. Фрэнкті, Б. Кардозоны, О. Холмсті, К. Ллевелинді, М. Ориді, Ж. Гурвичті, П. Сорокинді., Германиядан - Р. фон Иерингті, Е. Эрлихті, Ф. Гекті., т. б. Франциядан - Л. Дюгиді, Ф. Жениді, Ж. Карбоньені, Р Пэнтонды, М. Гравитцті, т. б., Ресейден - Г. М. Андрееваны, С. С. Алексеевті, Б. К. Бабаевты, П. П. Баранованы, С. Н. Бобатовты, Ю. И. Гревцовті, В. П. Казимирчукті, И. Конді, В. Н. Кудрявцевті, В. В. Лапаеваны, Н. И. Матузовты, И. Н. Санякинді, И. Е. Тархановты, А. С. Явичті, т. б., Қазақстаннан - Т. А. Ағдарбековті, М. Т. Баймахановты, А. С. Ибраеваны, К. М. Илиясованы, Қ. А. Жиреншинді, М. Х. Матаеваны, М. С. Нәрікбаевты, Ғ. С. Сапарғалиевті, М. Қ. Сүлейменовті, С. А. Табановты, Ш. В. Тлепинаны, т. б . атаған орынды.
Сонымен қатар жастар арасында жиі бой көрсетіп қалатын девианттық мінез - құлық, криминологиялық - қылмыстық істердің алдын алу мәселелерін зерттеулермен айналысатын ғалымдардың, мысалы, ресейліктер - В. С. Афанасьевтің, Г. А. Аванесовтың, Я. И. Гилинскийдің, К. Е. Игошевтің, В. В. Луневтің, Г. М. Миньковскийдің, А. Н. Шилованың, М. Д. Шаргородскийдің, Л. И. Спиридоновтың, Ю. Л. Сусловтың, т. б., қазақстандықтардан- А. Н. Ағыбаевтың, Е. О. Алаухановтың, М. С. Бейбітовтың, Ж. Д . Бусурмановтың, Ю. В. Герасименконың, И. О. Жанайдаровтың, Е. І. Қайыржановтың, Ф. С. Қарақұсовтың, М. Ч. Қоғамовтың, Ә. Х. Миндагуловтың, С. С. Молдабаевтың, Ғ. М. Мукашевтың, Р. Т. Нұртаевтың, Б. М. Нұрғалиевтың, М. О. Нукеновтың, Е. Ә. Оңғарбаевтың, Р. А. Подопригораның, И. И. Роговтың, Г. Р. Рүстемованың, Қ. Б. Сафиновтың, С. Ф. Ударцевтің, А. И. Худяковтің, т. б. еңбектерінде жастарды адамгершілік-құқықтық тұрғыдан әлеуметттендіру қажет деп айтылғанымен, олардың ешқайсысы да бұл мәселені жеке зерттеу обьектісі ретінде қарастырып, екшелемеген. Міне осының өзі-ақ ауыл жастарын адамгершілік-құқықтық тұрғыдан әлеуметтендірудің мән - мағынасын зерделеп, саралаудың маңыздылығын негіздеп беріп отыр десек, артық айтқандық бола қоймас.
Зерттеу обьектісі мемлекеттік және қоғамдық адамгершілік-құқықтық әлеуметттендіру институттарының қызметі.
Зерттеу пәні ауыл жастарын адамгершілік-құқықтық тұрғыдан тәрбиелеудегі мемлекеттік және қоғамдық әлеуметтендіру институттарының заң баптарындағы құқықтық нормалардың мән- мағыналарын түсіндіру, тәртіп бұзушылықтың алдын алу, құқықты оқыту мен насихаттаудың ұйымдастырылуын жетілдіру, тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру.
Зерттеудің мақсаты ауыл жастарын адамгершілік-құқықтық тұрғыдан әлеуметтендіріп, қоғам өміріне қосудың маңыздылығын, мәні мен мазмұнын зерделеу.
Зерттеудің міндеті ауыл жастарын адамгершілік-құқықтық тұрғыдан әлеуметтендіруге тікелей ықпал ететін мемлекеттік және қоғамдық әлеуметтендіру институттарының тәртіп бұзушылықтың алдын алу, құқықты оқыту мен насихаттаудың ұйымдастырылуын, жетілдіру, тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар жасау.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
-диссертацияда қазақстандық заң ғылымы мен құқық социологиясы түйсінде ауыл жастарын адамгершілік - құқықтық тұрғыдан әлеуметтендіріп, қоғам өміріне қосудың маңыздылығы, мазмұны, нысандары мен жолдары алғаш рет жеке тақырыптық зерттеу обьектісі ретінде қарастырылып, сараланды .
- девианттық ауытқымалы мінез - құлықтың мәні, түрлері, олардың сипаттамалық белгілері, ауытқымалы мінез - құлықтың ауыл жастарының бойына жұғу себептері және оның зардапты салдарлары, оның алдын алуды негіздеулердің теориялық-методологиялық және құқықтық -заңнамалық қайнар көздері талданды;
- «әлеуметтендіру» ұғымының мәні анықталды. Ауыл жастарын адамгершілік құқықтық тұрғыдан әлеуметтендірудегі адамгершілік пен құқықтың ара қатынасы екшеленіп, «жастарды адамгершілік-құқықтық тұрғыдан әлеуметтендіру» ұғым-түсінігіне анықтама берілді;
- ауыл жастарының құқықтық білімдері мен хабардарлықтарын арттыра отырып, олардың бойында оларды адамгершілік-құқықтық тұрғыдан әлеуметтендірудің түпкі мақсаты ретіндегі биік адамгершілік қалыпты, құқықтық мінез-құлықты, құқықтық мәдениетті және құқықтық сананы қалыптастыруға ықпал ететін құқық қорғау институттары мен құқықты оқыту ұйымдарының қызметін, құқықтық насихаттың мазмұны мен ұйымдастырылуын жетілдіру, тиімділігін арттыру мәселелері қарастырылды;
- заңдылықтың сақталуына және заң нормаларының мүлтіксіз орындалуына қатысты ауыл жастарының көзқарастарын саралау арқылы олардың құқықтық білімдарлықтары мен құқықтық біліктіліктерінің деңгейі анықталды.
Зерттеу жұмысының теориялық-методологиялық негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың қарастырылып отырған мәселені зерттеу қажеттілігі негізделген еңбектері пайдаланылды.
Заңнамалық негіздері ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясы және республикада қабылданып, қолданыста жүрген заңдар, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтары, Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесі мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қаулылары, қоғамдық тәртіпті сақтау органдарының ведомстволық актілері, т. б. алынды.
Деректік және фактілік қоры ретінде тәртіп сақтау мекемелерінің қызметі туралы жазылған мерзімдік басылымдардың материалдары, нақты- социологиялық зерттеулердің және статистикалық органдардың мәліметтері алынды.
Жұмыстың эмпирикалық қайнар бастауына автор жүргізген нақты-социологиялық зерттеу мәліметтері алынды. Жастарды адамгершілік-құқықтық тұрғыдан әлеуметтендіріп, қоғамдық өмірге қосу жолдарын анықтау мақсатымен жүргізілген бұл зерттеулер қылмысқа қарсы күрес жүргізумен айналысушы әр түрлі құқық қорғау институттарының қызметтерін үйлестіру және жақсарту шараларын белгілеу үшін заң ғылымдары және құқық социологиясы түйісінде жасақталған ғылыми бағдарлама аясында жүзеге асырылды / Бағдарлама жетекшісі заң ғылымдарының докторы, профессор Т. Ағдарбеков /. Зерттеу барысында сауалнама, интервью, документтерді талдау, ауыл жастарының құқықтық тұрғыдан хабардарлығы туралы ақпараттық мәліметтер жарияланған мерзімді басылымдардың материалдарын саралау, республика аумағында жасалған қылмыстар туралы тәртіп қорғау органдары хабарлаған статистикалық мәліметтерді екшелеу, байқау, салыстыру, эксперимент, салыстырмалы тадау, т. с. с. әдістер пайдаланылды. Дей тұрғанмен, ақпараттар жинастыру негізінен анкеталық сұрақ таратып, жауаптау тәсілі арқылы жүргізілді. Зерттеу обьектісі ретінде Қазақстанның оңтүстік өңірі ауыл жастары ішінен шамамен 1600-дей респонденттер тартылды. Олар республика ауыл тұрғындарының жыныстық, жас мөлшері, таптық, саяси, ұлттық және мамандық ерекшеліктерін жан-жақты қамтиды. Жиналған жауаптарды өңдеу «Анкета» атты мамандандырылған бағдарлама бойынша электронды-есептеу машинесі арқылы жүзеге асырылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми және практикалық маңыздылығы. Зерттеуде жас азаматтардың бойына заңға мойын ұсынушылық пен оны құрмет тұтушылық сезімдердің қалыптасуына себепті салдарын тигізетін адамгершілік-құқықтық тұрғыдан әлеуметтендіру мәселелері талданып, қарастырылғандықтан диссертациялық жұмысты тек заң және құқық социологиясы аясында ғана емес, сонымен бірге философия, құқықтық және саяси ілімдер тарихы, социология, политология, психология және педогогика ғылымдарын оқытуда пайдалануға болады. Сонымен бірге, зерттеу нәтижесінде алынған методологиялық қағидалар мен теориялық тұжырымдарды, мәліметтер мен практикалық ұсыныстарды Парламент депутаттары жаңа заң жобаларын талқылап, кабылдағанда, бұрын кабылданған зандарды қайталап қарап, жетілдіруде, құқық қорғау институттары бүгінгі таңда қоғамдық өмірімізде орын алып отырған қылмысты ауыздықтауда, қоғамдық тәртіпті сақтау мен тәртіптілікті нығайту шараларын тізбелеп, жоспарлауда пайдалануларына болады. Сондай-ақ, зерттеу жұмысын түгелімен құқық қорғау органдары қызметкерлері мен заңгерлер даярлайтын арнаулы орта және жоғары оқу орындарында, факультеттерде және білім мен біліктілігін арттыру институттарында арнайы (спец. ) курс ретінде оқуға болады. Жұмыс, сонымен бірге тәртіп сақтау органдары қызметкерлеріне, ең алдымен участковый полицейлерге қызметтерінде таптырмайтын көмекші кұрал бола алады.
Қорғауға ұсынылған негізгі ғылыми тұжырымдар:
-девианттық ауытқымалы мінез - құлықтың мәні, түрлері, олардың сипаттамалық белгілері, ауытқымалы мінез - құлықтың ауыл жастарының бойына жұғу себептері және оның зардапты салдарлары, оның алдын алуды негіздеулердің теориялық-методологиялық және құқықтық -заңнамалық қайнар көздері анықталды.
- ауыл жастарының құқықтық білімдері мен хабардарлықтарын арттыра отырып, олардың бойында оларды адамгершілік-құқықтық тұрғыдан әлеуметтендірудің түпкі мақсаты ретіндегі биік адамгершілік қалыпты, құқықтық мінез-құлықты, құқықтық мәдениетті және құқықтық сананы қалыптастыруға ықпал ететін құқық қорғау институттары мен құқықты оқыту ұйымдарының қызметін, құқықтық насихаттың мазмұны мен ұйымдастырылуын жетілдіру, тиімділігін арттыру жолдары нақтыланды.
- нақты - социологиялық зерттеулер негізінде жастарға құқықтық праволары мен міндеттерін түсіндіріп, ұғындыруда құқықтық нормалар мен заң актілерінің жас азаматтардың бойына сіңдірілуінің, яғни олардың кұқықтық мінез-құлық нормаларына айналуының әлеуметтік-құқықтық механизмдері, ішкі кұрылымдық компоненттері, олардың әрқайсысының өзіндік орны мен атқаратын қызметтері, қалыптасу ерекшеліктері екшеленіп, негізделді.
-ауыл жастарын адамгершілік-құқықтық тұрғыдан әлеуметтендіру өз құрылымына оларға құқықтық білім беруді, оларды адамгершілік-құқықтық тұрғыдан тәрбиелеуді және өздерін өздері адамгершілік-құқықтық тұрғыдан тәрбиелеуді жинақтайды, осылардың өзара үйлесімді қызметінің нәтижесінде жоғары деңгейдегі құқықтық мінез-құлық, құқықтық сана және биік адамгершілік-құқықтық мәдениет қалыптасады.
- жастардың адамгершілік- құқықтық тұрғыдан толық әлеуметтенуі олардың қоғамдағы өз орындары мен мәртебелерін білетін, көпшілік ортада өздерін-өздері ұстай алатын, тәртіп бұзса заң алдында жауап беретінін сезінетін, белгілі бір кәсіби мамандықты меңгеруге талаптануы керектігін түсінетін, сондай-ақ құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын, заңды міндетін орындайтын, заң үстемдігін мойындайтын құқықтық мемлекеттің үлгілі азаматы болып қалыптасуларына ықпал етеді.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі мен жариялануы. Жұмыстың негізгі мазмұны республикалық ғылыми журналдар мен басылымдарда жарияланған автордың мақалаларында қамтылды. Зерттеудің негізгі ғылыми тұжырымдары мен практикалық ұсыныстары автордың республикалық құқық қорғау, құқықты оқыту, құқықты насихаттау институттары тарапынан ұйымдастырылған жиналыстарда, ғылыми-практикалық конференцияар мен семинарларда жасаған баяндамаларында тыңдалып, қоғамдық тәртіпті сақтау орындарының іс-тәжірибесіне енгізілді.
Зерттеу жұмысының мақұлдануы . Зерттеу жұмысы Қазақ гуманитарлық - заң университеті «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы» кафедрасы мәжілісінде талқыланып, мақұлданды, қорғауға ұсынылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі . Диссертация кіріспеден, 2 бөлімнен, 6 параграфтен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. АУЫЛ ЖАСТАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ -АДАМГЕРШІЛІК
ТҰРҒЫДАН ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ
Зерделеуді бастамастан бұрын осы мәселені саралауда шешуші рөл атқаратын жағдаяттар мен үрдістердің мән-мағыналарын анықтауда негізгі орындарды именденетін ұғым-түсініктердің мәнін, құрылымын, сипаттамалық белгілерін және олардың әрқайсысының ауыл жастарын құқықтық-адамгершілік тұрғыдан әлеуметтендіруде атқаратын міндетті қызметін, сондай-ақ, талдаудың теориялық және заңнамалық кайнар көздерін алдын ала анықтап алған жөн.
Онсыз зерделенгелі отырған мәселенің өміршеңдігі мен мән-мағынасын гносеологиялық-танымдық және логикалық-қисындық амалдармен мазмұндау, мәселе шешімі туралы ғылыми мәліметтерге сүйенген тұжырымдар қорыту, зерттеу нәтижесінде анықталған практикалық ұсыныстарды іс жүзінде қалай қолдану керек екендігін ұғындыру мүмкін емес.
1. 1Ауытқымалы мінез-құлық, оның түрлері, сипаттамалық белгілері
Соңғы жылдары жастар, соның ішінде әсіресе, ауыл жастары арасында алды- артын байыптап жатпай-ақ көпшілік жиналған орындарда жағымсыз қылықтарға бой алдырып, қоғамдық тәртіпті бұзушылар саны көбейіп барады. Мұндай жағымсыз мінез-құлық көріністері ғылымда «девиациялық» (ауытқушы) мінез-құлық деп аталады. Мінез-құлықтың мұндай түрлеріне қоғамға жат әрі қоғамдық тәртіпті бұзатын барлық теріс қылықтар: ұсақ бұзақылық, көпшілік орындарда боқтап- балағаттау, басқалардың ар-намысына, шамына тиіп ұрыну, ауыр сөздер айту, қылмыс жасау, ұрлық істеу, қарақшылық, нашақорлық, жезөкшелік, т. с. с. жатады. Себебі, әлеуметтік өмір әрдайым бір қалыпты, түзу жолмен жүре бермейді, осындайда кездескен кейбір қиыншылықтарда адам мінезі сыр беріп, жеңіл жол іздейді, жеңілдің астымен, ауырдың үстімен қиындықтардан сырғып өтіп кетуге тырысады. Міне, осындай дұрыс жолдан ауытқу нышандары ауытқымалы мінез-құлық, немесе аномия, немесе девианттық мінез-құлық деп аталады [ 1-3] .
Ғалымдар ауытқымалы жағымсыз мінез-құлық көріністерінің себептерін ашып көрсетуге, түсіндіруге тырысады. Айталық, девиацияны биологиялық және психологиялық тұрғыдан түсіндіру, ең алдымен, ауытқымалы қылық адамның мінезімен байланысты деген пікір аясына келіп сияды. Ал, ауытқымалы мінез-құлықтың социологиялық түсіндірмесі де, сондай-ақ девианаттық мінез-құлықтың заңнамалық-құқықтық түсіндірмесі де жоғарыда мысал ретінде келтірілген себептердің әсерін жоққа шығармайды, бірақ ауытқымалы мінез-құлықтың туу және дамып, қалыптасу себептерін әлеуметтік-мәдени факторлармен, яғни белгілі бір қоғамдық құбылыстың дамуының белгілі бір кезеңіндегі оның әлеуметтік-экономикалық және рухани -мәдени жағдайының нақтылы қалпымен байланыстыра қарастырады. Мысалы, классикалық социологиялық ілімнің ірі өкілдерінің бірі француз социологы Э. Дюркгейм өзінің алдына ауытқудың (девиацияның) себебі неде? Егер девиация мен конформизм бір нәрсенің екі жағы болатын болса, онда біріншісіне неге көп көңіл бөлінеді?- деген сұрақтар қойып, бұл сұрақтарға өзі төмендегінше жауаптар береді. Біріншіден, девиацияның өте бір өзгеше құбылыс болуынан және оның адам көңілін өзіне тартқыштық қасиетінен деп көрсетсе, екіншіден, оған назардың басым болуын оған мемлекеттегі қобалжулықтың көтеріңкі болуымен байланыстырды.
Ауытқымалы мінез-құлық қоғам мүшелерінің көпшілік топтарына тарап, қоғамның негізін шайқалтуы мүмкін жағдайларда кездеседі. Мұндай қоғамның күйі әлеуметтік аномия, яғни қоғамның деформациялануы- тәртіпсізденуі деп аталады. Мұндай жағдайлар көбінесе әлеуметтік дағдарыстар, терең реформалар, соғыстар мен революциялық төңкерістер, басқада ірі әлеуметтік дүмпулер негізінде болады.
«Аномия» ұғымы француздың «anomie» деген сөзі негізінде пайда болған, қазақшалағанда «заңның бұзылуы» деген мағынаны білдіреді. Э. Дюркгейм өзінің теориясында бұл ұғымды адамның «өзін өзі билеуін жоғалтуы», белгілі бір «норманың болмауы» деген мағынада қолданған. Бұл ұғымның мәнін, ол осындай мағынада түсіндіре келіп, ол сонымен бірге адамның қоғами тіршілігін реттеуде әлеуметтік нормалар адамдардың мінез-құлқын реттеуші, басқарушы феномен екендігін мойындайды. Алайда, күйзеліс, немесе түбірлі әлеуметтік өзгеріс (мысалы, біздің қоғамымыздың жаңа-нарықтық қоғамдық қатынастарға өтуінің алғашқы жылдарында қоғамдық өміріміздің барлық жақтарын қамтып алған дағдарыс экономиканың құлдырауына, өндіріс ошақтарының жаппай тоқтап қалуына әкеліп соқтырды) нәтижесінде туындаған инфляция, жұмыссыздық, жоқшылық, кедейшілік, т. с. с. жағдайында халықтың дәстүрлі өмір сүру тәжірибесі қоғамдық нормаларда көрсетілген мұраттарға (идеалдарға) сәйкес келмей қалып, олардың күнделікті тұрмысында, рухани жан дүниелерінде күйзеліс тудырады. Міне, осындай аномиялық жағдайлардың адам мінез-құлықына ықпалын дәлелдеу үшін Э. Дюркгейм экономиканың кенеттен төмендеу жағдайында адамның өзіне-өзі қол салуын, депрессияға ұшырауын, өмір қиыншылықтарына төзе алмай ішімдік пен нашақорлыққа салынуларын, көпшілік жиналған орталарда басқалардың ар-намысына, шамына тиіп ауыр сөздер айтуын, балағаттап боқтауын, ұрлық жасап, қылмыстық істерге баруын, бір сөзбен айтқанда, олардың бойында қоғамдық нормалар мен тәртіптен ауытқушылық мінез-құлықтық (девиациялық) құбылыстардың әдеттегіден көбейіп, жаппайлыққа айналып кетуін саралап түсіндіріп береді. Э. Дюркгеймнің пікірінше, қоғамдағы күйзеліс немесе позитивті өзгерістер «ұжымдық реттіліктің өзгеруіне» байланысты болып келеді. Яғни әлеуметтік норма бұзылған жерде девианты мінез пайда болды. Демек, әлеуметтік тәртіпсіздік─дезорганизация адамның девианттық мінезін түсіндіруде негізгі принцип екендігі социология ғылымында да, заңнамалық -құқықтық білімде де мойындалған аксиома. «Әлеуметтік тәртіпсіздік» ұғымы қоғамда әдеттегі мәдени құндылықтардың, нормалардың және әлеуметтік байланыстардың жойылуынан туындайтын қайшылықтар мен тұрақсыздық жағдайларды көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда әлеуметтік тәртіп үшін «әлеуметтік байланыс» ұғымының маңыздылығы артады. Мысалы, адамдар қоғамда қабылданған құндылықтарға (айталық, заңға, құықтық нормаға) неғұрлым берік сенетін болса, соғұрлым әлеуметтік байланыс мықты болады және девианты құбылыстар аз болады деген қорытынды жасайды [4-5] .
Қоғамды әлеуметтік ауытқудан, әлеуметтік тәртіпсізденуден сақтаудың екі жолы бар. Бірі- ешқандай ымырасыз батыл қимылдап, жағдайды тез реттеу жолы, екіншісі асығыстық жасамай, қоғам өмірін қалыпқа келтірудің дұрыс стратегиялық әдіс-тәсілдерін іздеп тауып, қоғам мүшелерінің талап-тілегін, мүддесін ескере отырып ақыл- парасатпен шешу. Қазақстан Республикасы осы екінші жолды қалап алды. Қоғам өмірін реттеудің қай жолы қолданылмасын оны тиісті өкілетті басқару және бақылау функциялары бар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдар іске асырады. Мекемелік органдардың жұмысы қоғамда қабылданып, тұрақтанған тәртіп ережелері мен құықтық нормаларды сақтауға жұмылдырылса, ал қоғамдық ұйымдардың жұмысы адамдардың күнделікті өзара әрекеттесу барысында туып, қалыптасқан салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын жағымды мінез-құлық нормаларын әрбір жаңа ұрпақтың бойына сіңдіруден көрінеді. Бұл екі институттың да қызметтері қоғамда қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді [6. 74-75б] .
Әлеуметтік ауытқушылықты (девиацияны) бірнеше түрге бөліп қарастыруға болады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz