Адам экологиясы – экология ғылымының бір тармағы



1. Адам экологиясы . экология ғылымының бір тармағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
2. Антропология және экология ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2.1. Адам биологиялық түр ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2.2. Конституция (дене бітім), адам нәсілдері және тіршілік орта ... ... ... ... ... ..13
3. Адамның биосферадан ажырамастығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
4. Қоршаған табиғи орта және адам ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
4.1. Сыртқы ортаның кері әсерлерінің нәтижесінде және антропогенді факторлар әсерінен туындаған қазіргі таңдағы экологиялық проблемалар ... ...19
4.2. Экологиялық факторлар, олардың өзара әрекеті. Шектеуші факторлар ... ..24
5. Адамның бейімделуінің жалпы заңдылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
5.1. Бейімделу факторлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
5.2. Бейімделу формалары мен эволюциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
5.3. Бейiмделу үрдiсiнiң даму кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
5.4. Бейімделу механизмдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
5.5. Төменгі температура жағдайына бейімделу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37
5.6. Жоғары температура әсеріне бейімделу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39
5.7. Әртүрлі дене белсенділік режиміне организмнің бейімделуі ... ... ... ... ... ...41
5.8. Гипоксияға бейімделу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .43
5.9. Бейімделуді басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45
6. Термореттелу және экология ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48
6.1. Дене температурасы және оның реттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48
7. Организмнің уақыттылық параметрлері және оның жүйелері ... ... ... ... ... ...52
8. Дүние жүзіндегі демографиялық жағдай ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..54
ПРАКТИКУМ.
1. Денені жылыту реакциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..60
2. Биологиялық жасты анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62
3. Тұйықталған, желдетілмейтін кеңістіктегі организмнің тіршілік әрекетін зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .65
4. Қоршаған орта температурасының өзгерісінің кардиореспираторлық жүйеге әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .67
5. Организмнің функционалдық жағдайына баға беруге жүрек ырғағының математикалық анализ әдісін қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 68
6. Шудың қан қысымның деңгейіне әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...71
7. Жүрек . тамыр жүйесіне ортостатикалық сынақтың әсері ... ... ... ... ... ... ... ...72
8. Қан айналу жүйесінің бейімделу потенциалын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ..73
9. Адамның тері жабынына ультракүлгін сәулелердің әсері ... ... ... ... ... ... ... ... 74
10. Адамның экология пәнінен өз білімін тексеруге арналған тестік сұрақтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..75
Экология гректің «ойкос» - үй, «логос» - ғылым деген сөзінен шыққан. Тура аудармасында бұл ұғым «табиғи үйді», онда тұрып жатқан организмдермен бұл «үйді» тіршілікке жарамды ететін үрдістерді зерттеп, танып білуді білдіреді. Экологияның ғылым ретінде пайда болуы 1866 жылдың 14 сентябірінде неміс биологы Э.Геккелдің «Организмдердің жалпы морфологиясы» деген еңбегімен байланысты. Ол өз еңбегінде «Экология ретінде біз организмдердің сыртқы ортамен қатынасын қарастыратын жалпы ғылымды түсінеміз» - деп көрсеткен. Экология, бұл атау шықпастан бұрын адамзат дамуымен бірге жүрді десе де болады. Экология – тірі организмдердің бір-бірімен және олардың қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым. Бұл байланыстар жер бетіндегі «тіршілік» деп аталатын өте күрделі және тығыз бірліктегі байланыстарды түзеді. Қазіргі таңда экология кешенді пән аралық ғылымға айналды. Экология география, геология, химия, физика, биология, мәдениет теориясы, экономика, медицина сияқты ғылымдармен тығыз байланыста. Экология ғылымы биоцентристі бола турса да таза биология емес. Экологияда зерттеу әдістері сипаты және ұйымдасу деңгейі жағынан алғанда әртүрлі болуы мүмкін: химиялық, физикалық, биологиялық, молекулярлық, морфологиялық, физиологиялық, демографиялық т.б. Қазіргі таңдағы экология ғылымы – бұл білім қорларының жаңа бөлімі. «‡лкен» экология немесе «мегаэкологияның» нақты айқын құрылымы жоқ.
Басқа биологиялық организмдер сияқты адамдар да қоршаған ортамен тығыз байланыста болады, сондықтан олар табиғат заңдарына бағынып, онда өтіп жатқан заттар айналымына қатысады.
Ертедегі Қытай, Египетте өсімдіктер мен жануарлар және олардың өзара байланысы, адамдардың табиғатқа әсері туралы мағлұматтар жиналды. Бұл таңданарлық жайт емес, себебі адамдардың қоршаған табиғи ортаға кері әсері ертеден басталды. Мәселен, Ливандағы тау шатқалдарының жалаңаштануы 5000 жыл бұрын Соломон патшаның әмірі бойынша сарайлар салуға ливандық балқарағайларды пайдаланудан басталды. Адамзат қоғамының қалыптасуының алғашқы кезеңдерінің өзінде ақ, адамдардың тұрып жатқан жағдайлары мен олардың денсаулықтары арасындағы байланысы айқындалған. Екі мың жыл бұрын ежелгі кезеңнің ұлы дәрігері Гиппократ (шамамен біздің дәуірге дейін 460-370 ж.) климат, су, жыл мезгілдерінің адам денсаулығына әсерін ғана сипаттап жазып қоймай, сонымен қатар Жерорта теңізінің Европалық, Азиалық, Африкалық жағалауларын мекендеген халықтардың салыстырмалы антропологиялық сипатын да берген. Оның еңбектерінде сыртқы ортаның факторлары, тіршілік сипаты адамның тәндік (дене құрлысының) және жандық (темперамент) қасиеттерінің қалыптасуына белгілі бір ықпалын тигізетіні жөніндегі көптеген дәлелдер кездеседі.
ХҮІІ ғасырда түрлі аймақтардағы табиғи және әлеуметтік жағдайлардың сол жерді мекендейтін халықтың денсаулығына әсерін зерттейтін ғылым – медициналық география пайда болды. Оның негізін итальяндық дәрігер Б.Рамаццини (1633-1714) қалады. Медициналық география бойынша ғылыми жұмыстар Рессейде XVIII ғасырдың орта кезеңіне сәйкес келеді. Медициналық география XIX ғасырда біршама дамыды. Осы кезеңде егжей-тегжейлі медициналық-географиялық сипаттамалар жасалды. Бұл жұмыстарда нақты бір әсердің, табиғи жағдайлардың тұрғындар денсаулығына жағымсыз да, жағымды да ықпалы жан-жақты баяндалды. Яғни, ғалымдарды адамдардың экологиялық жағдайларының сәттілік мәселесі ертеден ақ көңіл бөлдірді.

МАЗМ¦НЫ

1. Адам экологиясы – экология ғылымының бір
тармағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
2. Антропология және
экология ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 8
2.1. Адам биологиялық түр ретінде
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
2.2. Конституция (дене бітім), адам нәсілдері және тіршілік орта
... ... ... ... ... ..13
3. Адамның биосферадан
ажырамастығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
7
4. Қоршаған табиғи орта және
адам ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
19
4.1. Сыртқы ортаның кері әсерлерінің нәтижесінде және
антропогенді факторлар әсерінен туындаған қазіргі таңдағы экологиялық
проблемалар ... ...19
4.2. Экологиялық факторлар, олардың өзара әрекеті. Шектеуші
факторлар ... ..24
5. Адамның бейімделуінің жалпы
заңдылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
1. Бейімделу
факторлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...28
2. Бейімделу формалары мен
эволюциясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .
...30
3. Бейiмделу үрдiсiнiң даму
кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
... ... 32
4. Бейімделу механизмдері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ..34
5. Төменгі температура жағдайына
бейімделу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .37
6. Жоғары температура әсеріне
бейімделу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
..39
7. Әртүрлі дене белсенділік режиміне организмнің
бейімделуі ... ... ... ... ... ...41
8. гипоксияға бейімделу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... .43
9. Бейімделуді
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... 45
5. Термореттелу және
экология ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 48
6.1. Дене температурасы және оның
реттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48
6. Организмнің уақыттылық параметрлері және оның
жүйелері ... ... ... ... ... ...52
7. Дүние жүзіндегі демографиялық
жағдай ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .54
ПРАКТИКУМ.
1. Денені жылыту
реакциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...60
2. Биологиялық жасты
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..62
3. Тұйықталған, желдетілмейтін кеңістіктегі организмнің тіршілік әрекетін
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .65
4. Қоршаған орта температурасының өзгерісінің кардиореспираторлық жүйеге
әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...67
5. Организмнің функционалдық жағдайына баға беруге жүрек ырғағының
математикалық анализ әдісін
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
8
6. Шудың қан қысымның деңгейіне
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .71
7. Жүрек - тамыр жүйесіне ортостатикалық сынақтың
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. .72
8. Қан айналу жүйесінің бейімделу потенциалын
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ..73
9. Адамның тері жабынына ультракүлгін сәулелердің
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ..74
10. Адамның экология пәнінен өз білімін тексеруге арналған тестік
сұрақтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...75

1 АДАМ ЭКОЛОГИЯСЫ – ЭКОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ БІР ТАРМАҒЫ
Экология гректің ойкос - үй, логос - ғылым деген сөзінен шыққан.
Тура аудармасында бұл ұғым табиғи үйді, онда тұрып жатқан организмдермен
бұл үйді тіршілікке жарамды ететін үрдістерді зерттеп, танып білуді
білдіреді. Экологияның ғылым ретінде пайда болуы 1866 жылдың 14
сентябірінде неміс биологы Э.Геккелдің Организмдердің жалпы морфологиясы
деген еңбегімен байланысты. Ол өз еңбегінде Экология ретінде біз
организмдердің сыртқы ортамен қатынасын қарастыратын жалпы ғылымды
түсінеміз - деп көрсеткен. Экология, бұл атау шықпастан бұрын адамзат
дамуымен бірге жүрді десе де болады. Экология – тірі организмдердің бір-
бірімен және олардың қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым. Бұл
байланыстар жер бетіндегі тіршілік деп аталатын өте күрделі және тығыз
бірліктегі байланыстарды түзеді. Қазіргі таңда экология кешенді пән аралық
ғылымға айналды. Экология география, геология, химия, физика, биология,
мәдениет теориясы, экономика, медицина сияқты ғылымдармен тығыз байланыста.
Экология ғылымы биоцентристі бола турса да таза биология емес. Экологияда
зерттеу әдістері сипаты және ұйымдасу деңгейі жағынан алғанда әртүрлі болуы
мүмкін: химиялық, физикалық, биологиялық, молекулярлық, морфологиялық,
физиологиялық, демографиялық т.б. Қазіргі таңдағы экология ғылымы – бұл
білім қорларының жаңа бөлімі. ‡лкен экология немесе мегаэкологияның
нақты айқын құрылымы жоқ.
Басқа биологиялық организмдер сияқты адамдар да қоршаған ортамен
тығыз байланыста болады, сондықтан олар табиғат заңдарына бағынып, онда
өтіп жатқан заттар айналымына қатысады.
Ертедегі Қытай, Египетте өсімдіктер мен жануарлар және олардың
өзара байланысы, адамдардың табиғатқа әсері туралы мағлұматтар жиналды. Бұл
таңданарлық жайт емес, себебі адамдардың қоршаған табиғи ортаға кері әсері
ертеден басталды. Мәселен, Ливандағы тау шатқалдарының жалаңаштануы 5000
жыл бұрын Соломон патшаның әмірі бойынша сарайлар салуға ливандық
балқарағайларды пайдаланудан басталды. Адамзат қоғамының қалыптасуының
алғашқы кезеңдерінің өзінде ақ, адамдардың тұрып жатқан жағдайлары мен
олардың денсаулықтары арасындағы байланысы айқындалған. Екі мың жыл бұрын
ежелгі кезеңнің ұлы дәрігері Гиппократ (шамамен біздің дәуірге дейін 460-
370 ж.) климат, су, жыл мезгілдерінің адам денсаулығына әсерін ғана
сипаттап жазып қоймай, сонымен қатар Жерорта теңізінің Европалық, Азиалық,
Африкалық жағалауларын мекендеген халықтардың салыстырмалы антропологиялық
сипатын да берген. Оның еңбектерінде сыртқы ортаның факторлары, тіршілік
сипаты адамның тәндік (дене құрлысының) және жандық (темперамент)
қасиеттерінің қалыптасуына белгілі бір ықпалын тигізетіні жөніндегі
көптеген дәлелдер кездеседі.
ХҮІІ ғасырда түрлі аймақтардағы табиғи және әлеуметтік жағдайлардың
сол жерді мекендейтін халықтың денсаулығына әсерін зерттейтін ғылым –
медициналық география пайда болды. Оның негізін итальяндық дәрігер
Б.Рамаццини (1633-1714) қалады. Медициналық география бойынша ғылыми
жұмыстар Рессейде XVIII ғасырдың орта кезеңіне сәйкес келеді. Медициналық
география XIX ғасырда біршама дамыды. Осы кезеңде егжей-тегжейлі
медициналық-географиялық сипаттамалар жасалды. Бұл жұмыстарда нақты бір
әсердің, табиғи жағдайлардың тұрғындар денсаулығына жағымсыз да, жағымды
да ықпалы жан-жақты баяндалды. Яғни, ғалымдарды адамдардың экологиялық
жағдайларының сәттілік мәселесі ертеден ақ көңіл бөлдірді.
Орыс дәрігері, профессор А.А. Остроумовтың 1895 жылы жарыққа шыққан
Клиникалық дәрістерінде Біздің зерттеу затымыз - қалыпты өмірі оның
тіршілік ету жағдайларымен бұзылған науқас адам болып табылады деп жазды.
Н.Ф.Реймерстің (1992) пікірінше, адам экологиясы басқа атаумен болса да
классикалық биологиялық экологиямен (биоэкологиямен) бір мезгілде дерлік
пайда болды. Көптеген жылдар бойы ол екі бағытта қалыптасты – адам
экологиясы және әлеуметтік экология. Адам экологиясы мәні жағынан
әлеуметтік экологиядан үлкен, әрі кең. Бұл бағыт адам биологиясы деген
атаумен кеңінен дамыды.
Әлеуметтік экология ұғымын Р.Паркпен Э.Бюргес (АҚШ) өткен ғасырдың
20-сы жылдары ғылымға енгізді. Олардың айтуынша адамдардың қоғамдағы орны
тек өмір сүру үшін тартысу және күресу арақатынастарының негізінде, яғни
биологиялық бақталастықта көрінеді. Бірақ, біртіндеп мұндай көзқарастар
өзгеріп, адамдарды тек биологиялық тұрғыдан қарамай, жаратылыстану,
экономиялық, әлеуметтік ғылымдар жиынтығы ретінде танитын ғылыми еңбектер
жарық көре бастады. Біртіндеп шетелдік әдебиеттерде әлеуметтік экология
ұғымынан қарағанда адам экологиясы ұғымы жиі қолданыла бастады. Жалпы,
жаңа ғылыми бағыт - адам экологиясы 20 ғасырдың екінші жартысында адамды
тіршілік ортасымен біртұтастықта кешенді зерттеу мақсатында қалыптасты.
Ю.П.Лисицын (1973), А.В.Кацура, И.В.Новак, А.Г.Воронов (1974).
О.В.Бароян (1975), Н.Ф.Реймерс, т.б. авторлар өмір сүруге қолайлы
жағдайлады зерттегенде адамдар экологиясы мәселенің екі жағын: биологиялық
және әлеуметтік, ескеруі қажет екенін атап көрсетті.
Адам экологиясы – бұл адамның мекен ету ортасымен өзара қарым-
қатынасы туралы ғылым болып табылады. Бұл қарым-қатынастардың негізінде
адам организімінің ортаның әсерлеріне морфофизиологиялық реакциялары жатыр.
Организімге қоршаған ортаның абиотикалық (физикалық, химиялық), биотикалық
және антропогенді факторларының әсері анықталады.
Адамдардың жыл сайын күшейіп келе жатқан іс әрекеттерінің
қоршаған ортаға тигізетін әсерін, пайда-зиянын, табиғат байлықтарын
ұқыпты пайдаланып, қалпына келтіріп отырған жолдары мен әдістерін де
адамдар экологиясы зерттейді. Оның негізгі тақырыбы – адамдар мен
табиғаттың арақатынасы, олардың іс әрекетінің қоршаған ортаға пайдасы
мен зияны. Адам экологиясы адамның табиғи мәнін, оның тіршілік ортасының,
денсаулығының экологиялық факторларын қарастырып, әлеуметтік-экономикалық
келелі мәселелерді пайдалы шешу, адамдардың өмір сүруін жақсарту, табиғат
пен қоғамның ара қатынастарын ұтымды ұйымдастыру жолдары мен әдістерін
зерттейді.
Адамдар экологиясы экологияның үлкен бір бөлігі болып есептеледі.
Адамдардың табиғатпен арақатынастары көп қырлы және көп сырлы болады.
Оларды түсініп білу үшін терең білім мен зерттеу әдістерін жете меңгеру
қажет. Адам экологиясы құрлымы жағынан биологиялық, әлеуметтік,
антропогендік, қолданбалы компоненттерден тұрады.
Қазіргі таңда адам экологиясының алдында маңызды бірнеше теориялық
мәселелер тұр:
1. Популяциялық, топтық, жекелей деңгейде адамның бейімделу
механизмдерін зерттеу;
2. Қоршаған орта әсерлеріне арнайы, арнайы емес организмнің
конституциялық реакцияларын анықтау;
3. Бейімделу реакцияларының қалыптасуына уақыт факторының мәнін
зерттеу;
4. Әр түрлі аймақта тұрақтап тұрып жатқан халықтың эволюция-
генетикалық сипатын және олардың бейімделу механизмдерінің ерекшеліктерін
зерттеп, анықтап олардың экологиялық портретін жасау (Адамның экологиялық
портреті – жеке адамның өзі өмір сүріп жатқан ортаның белгілі бір
ерекшеліктеріне арнайы бейімделуін сипаттайтын генетикалық қасиеттері мен
морфофункционалдық тұқымқуалау белгілерінің жиынтығы);
5. Адам денсаулығына космостық, жердік, әлеуметтік қоғам
факторларының және олардың ырғағының әсерлерін зерттеу, анықтау.
Адам экологиясы бойынша көптеген еңбектердің авторы Н.А.Агаджанян
экологиялық ықпал мен адам экологиясының құрылымын келесідей суретте
көрсетеді (Сурет 1).

Экологиялық сфералар
ЛитосфераГидросфераАтмосфера Биосфера Космосфера Ноосфера

Экологиялық орталар
Абиотикалық Биотикалық

Экологиялық факторлар
Табиғи Техногенді Антропогенді Әлеумет-экономикалы
қ

Адамдардың экологиялық қажеттіліктері
Биология ӘлеуметтіЭкономикалық
Лық ПсихологиялыЭтникалықЕңбектікк
қ

АДАМ ЭКОЛОГИЯСЫ

Адамның Адамның Адамның
биологиялық қолданбалы әлеуметтік
экологиясы экологиясы экологиясы
¤ндіріс
экологиясы
Технологиялық
экология
Ауылшаруашылық
экологиясы
Ветеринарлық
экология
Урбоэкология
Видеоэкология
Табиғатты
қорғау
Адамның
қоршаған
ортасын қорғау
Медициналық
экология

Эволюциялық
экология
Физиологиялық
экология
Морфологиялық
экология
Генетикалық
экология
молекулярлық
экология
репродукция
және
онтогенез
экологиясы
Саясат
экологиясы
Экономика
экологиясы
Ғылыми
экология
Мәдениет
экологиясы
Дін
экологиясы
Демография
экологиясы
Этникалық
экология
Тұлға
экологиясы
Жанұя
экологиясы

Жеке Репродук Кіші Адамзат НәсілдеБірлес Адамзат
тұлға тивті топтар популяцияр тік экологи
экологитоптар экологисының экологиэкологияясы
ясы (жанұя) я экологияся сы
экологияссы ы сы
ы

Сурет 1- Экологиялық ықпал мен адам экологиясының құрылымы
2 АНТРОПОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ

2.1 АДАМ БИОЛОГИЯЛЫҚ ТҮР РЕТІНДЕ

Адам ғылыми-техникалық прогресстің дамуына байланысты өзінің кәсіптік
кеңістігін кеңейті. Жер бетінде адам аяғы баспаған жер қалған жоқ. Адамзат
баласы тек тіршілікке қолайлы, жақсы игерілген аймақтарды ғана емес,
сонымен қатар эктремальды аймақтарды да: Қиыр Сібір, Арктика, Антрактида
т.б. жерлерде де өмір сүруде. Адам ғарышқа да ұшты. Қазіргі адамзат
панэйкуменді түрді береді, яғни адам Жер планетасының барлық экологиялық
тұрғыдан баруға болатын жерлеріне орналасып, таралуда. Экологиялық тұрғыдан
адамзатты биологиялық түрдің жалпы әлемдік популяциясы ретінде, жер
экожүйесінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде қарастыруға болады.
Дене құрылысы мен түрі бойынша адамдар омыртқалылар типіне,
сүтқоректілер класына, маймылдар отрядына, гоминидтер тұқымдастығына
жататыны белгілі. (Гоминид – қазіргі заманның және мұнан 3,5 миллион жыл
бұрын болған адамдардың жалпы атауы.) Басқа тірі организмдер сияқты
адамдарға да оттек, су, қоректік заттар керек, олар маусымдық және
тәуліктік табиғат құбылыстарына көндігіп, үйренеді. Температура мен күн
сәулесі жарығының өзгеруіне байланысты, қорғану әрекеттерін жасайды.
Аталған нышандар мен қасиеттер адамдардың биологиялық организмдер қатарына
жататынын олардың табиғатқа бағынышты екенін көрсетеді. Бірақ, бұдан
адамдардың жануарлар мен өсімдіктерден айырмашылығы жоқ деген қорытынды
тумайды. Керісінше адамда басқа тірі организмдерде жоқ ақыл мен сана бар,
олар үнемі пайдалы іс-әрекетпен айналысуға, өзара келісіп, бірлесіп өмір
сүруге, өз іс-әрекетіне жауапкер болуға, организмдерде болмайтын ерекше
әлеуметтік орта - қоғам құруға тырысады.
Олар құрған қоғамдық арақатынас басқа жануарлар арақатынасынан
анағұрлым жоғары тұрады. Адамдар өз қауымдастық қоғамында онда өмір
сүрудің заңдары мен ережелерін бекітеді және қоғам мүшелерінен оның
орындалуын талап етеді. Адамдардың өмір сүруі тек биологиялық
факторлармен шектелмей, әлеуметтік мәселелеріне, қоғам заңдары мен
ережелеріне де байланысты болады.
Адамның биологиялық табиғаты барлық жанды затқа тән тіршілікті сақтап
қалудан және оны көбею арқылы уақыт пен кеңістікте жалғастырудан,
қауіпсіздік пен қолайлылықты барынша қамтамасыз етуден көрінеді. Барлық
адамдар қоректік тізбекте І және ІІ қатардағы консументтер бола отырып,
тағам тұтынады. Олар биогенді элементтердің айналымына қатысатын басқа
организмдерге (редуценттермен) қажетті физиологиялық алмасу өнімдерін бөліп
шығарады.
Адам – жер бетіндегі қазір белгілі болған үш миллион биологиялық
түрлердің бірі. Салыстырмалы эмбриология мен анатомияның мәліметтері адам
тәнінің дамуы мен құрылысынан жануарларға ұқсас белгілерді айқын
көрсетеді.
Антропология - homo sapiens түрінің биологиялық ерекшеліктері
туралы ғылым. Ол адамның шығу тегін, ішкі және сыртқы құрлысын
(морфологиясын), дамуын, адамзат нәсілдері мен олардың шығуын, осы
нәсілдердің ішіндегі адамның органикалық құрлысының қалыпты вариацияларын,
оның ішінде адамдардың мекендеу ортасының ерекшеліктерімен байланыстыра
отырып зерттейді. Адам мен жануарлардың дене құрылысында көптеген ортақ
белгілер бар:
1. Адамда (жануардағыдай) эмбриондық дамудың ерте кезеңдерінде ішкі
қаңқасы желі түрінде, жұтқыншақ қуыстарында желбезек саңылаулары бар. Жүйке
түтігі арқа жағында, денесі екі жақты симметриялы болады.
2. Даму деңгейіне қарай желінің омыртқа бағанасына өзгеруі, бас
сүйек пен жақ сүйек аппаратының қалыптасуы, қаңқада еркін жұп аяқ қолдың
пайда болуы, ішінде жүректің дамуы адамды омыртқалыларға жатқызуға
мүмкіндік береді.
3. Сүтқоректілердегі сияқты, адамның омыртқасы бес бөлікке бөлінген,
терісі түкті және онда тер және май бездері бар, көк еттің, төрт камералы
жүректің, қанның жылы болуы тән.
4. Жатырдың болуы және ұрықтың ұрпақ жолдас арқылы қоректенуі адамда
плацентарлыларға жатқызуға мүмкіндік береді.
5. Қолдарының ұстауға икемділігі (бірінші саусақ басқаларына қарама-
қарсы орналасқан), тырнақтардың болуы, бір жұп сүт бездері, көздерінің бір
деңгейде орналасуы (үлкейтіп көруге мүмкіндік береді), сүт тістердің түсуі
және тағы басқа адамды приматтар отрядына жатқызуға мүмкіндік береді;
6. Адамның жануарларға ұқсастығы туралы, оларда арғы тектің белгілері
(атавизм) мен қалдықтардың (рудименттің) болуы, арғы тектік белгілер –
берілген түрдің жекелеген ағзаларында бұрынғы тегінде болған, бірақ
эволюция үрдісінде жойылып кеткен белгілердің пайда болуы, кейде адамда
ұшырасатын арғы тектік белгілер (сыртқы құйрық, бетінде қалың түктің болуы,
аса жетуілген ит тістер, көп емізіктік т.б.) де көрсетеді.
Сөйте тұра, адам мен адам тәрізді маймылдардың арасында түбегейлі
айырмашылықтар бар:
1. Тіп-тік жүру және омыртқа жотасындағы төрт иілім тек адамға тән
қасиет;
2. Тік күйінің арқасында адамның қаңқасы кең жамбасты, кеуде қуысы
жазық, омыртқасы күрт иілімді, аяғының басы тоғыспалы келеді, аяғының үлкен
бақайы басқаларына жақын орналасып, тірек қызметін атқарады;
3. Қол білезігінің иілгіштігі – еңбек ету мүшесі – сан алуан, әрі
дәлме-дәл қимылдар жасауға қабілетті;
4. Бас сүйектің ми сауыт бөлігі бет бөлігінен басым;
5. Адамның бас миының құрлысы өте күрделі; үлкен ми сыңарының көлемі
орташа есеппен 1250 см2 құрайды, бұл адам тәрізді маймылдардікінен едәуір
артық;
6. Адамның миының психика мен сөйлеудің маңызды орталықтары
орналасқан және жоғары дамығын;
7. Адамның ойлау қабілеті, сана-сезімі бар, ол өнер мен ғылымды жасай
алады.
Адам эволюциясының негізгі кезеңдері төрттік мұз басу дәуірінің
кезінде қалыптасқан климаттық өзгерістер уақытына сәйкес келеді. Әдетте
мардымсыз қазба мәліметтерінің негізінде адам мен адам тәрізді маймылдардың
эволюциялық түр тармақтарының бөлінуі шамамен 20 млн. жыл бұрын жүрген деп
саналатын. Алайда жүргізілген көптеген зерттеулер ірі адам тәрізді
маймылдар мен гиббондар 10 млн. жыл бұрын тіршілік етті деген басқаша
көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік берді. Адам эволюциясының негізгі
кезеңдерін мына кесте көрсетеді:
Кесте 1 - Адам эволюциясының негізгі кезеңдері
Адамның арғыҚайда және Сыртқы Тіршілігіндегі Еңбек
тегі қашан өмір пішініндегі прогрессивті құралы
сүрді прогрессивті белгісі
белгісі
Австралопи Оңтүстік Шығыс Бойы 120-140 Екі аяғымен Тас, ағаш.
тектің Афпика, см, ми жүрген, жартас жануарлар
бастапқы Оңтүстік Азия, сауытының арасында тұрған, сүйегі
пішіні 5-3 млн. Жыл көлемі 500-600етпен қоректенген
бұрын куб.см.
Ертедегі Африка, ЖерортаБойы 150 см, Алғашқы табынды Қарапайым
адам-питекантеңізі ми сауытының өмір сүрген, отты тас
троп маймыл жағалауы, Ява көлемі пайдаланған құралан
адам аралы, 1 млн. 900-1000 жасаған,
жыл бұрын куб.см., ағашты
маңдайы пайдалан
аласа,жақ ған
сүйегі иексіз
Ертедегі Қытай, 400 мың Бойы 150-160 Табынды өмір Тастан
адам-синантржыл бұрын см, ми сүрген, баспана және
оп сауытының жасаған, отты сүйектен
(қытайлық көлемі пайдаланған, құрал
адам) 850-1220 теріден киінген жасады
куб.см.,
маңдайы аласа,
жақ сүйегі
иексіз
Ертедегі Европа, Африка,Бойы 155-165 ‡ңгірде топтанып Тастан
адам- Орта Азия, 150 см, ми 100 адамнана және
неандерталь мыңдай жыл сауытының тұрды, теріден ағаштан
бұрын көлемі 1400 киінді, асты отқа еңбек
куб.см., даярлады, ымдасып құралда
маңдайы аласа,сөйлесті, еңбек рын жасады
иек сүйегі бөлінісі пайда
нашар дамыған болды

Кесте 1 жалғасы
Алғашқы Барлық жерде Бойы 180 см-геТуыстық қоғамда Тастан
қазіргі 30-40 жыл бұрындейін, ми өмір сүрген, және
адамдар - сауытының тұрғын жай салды, ағаштан
кроманьондар көлемі 1600 оны суретпен әртүрлі
куб.см., безендірді, еңбек
маңдайы биік, теріден киім құралда
төменгі жақ тікті, сөз сөлеу рын жасады
сүйегінде иегіқатынасын
анық қолданды,жануарлар
ажыратылады ды үйретті,
өсімдіктерді
өсірді.
Биологиялық
эволюциядан
әлеуметікке көшті

Қазіргі таңда адамның шығу тегі туралы мәселе әлі де толығымен
дәлелденбеген талас тұдырушы сұрақ болып отыр.
Көптеген зерттеушілер Европалық краманьондықтардың
неандертальдықтардан шыққанына күмәнданады, себебі зерттеуге болатын
табылған қазбаларға қарағанда эволюциялық секіріс тым жылдам жүрген.
Қазіргі кезде біздің түршелеріміздің шамамен 100 мың жыл бұрын Африкадағы
Homo sapiens-тің көне түрінен шыққандығы туралы болжам ықтимал болып
табылады. Африкада пайда болған қазіргі типтік адамы Азияға таралып, 30 мың
жыл бұрын Антрактидадан басқа барлық континенттерге аяқ басты деп
болжанады. 1996 жылы ағылшын ғалымдары Джеймс Бинскот пен Адреан Хиал ДНҚ
нуклеотидтерінің жүйелілігін зерттей отырып, дүние жүзінің барлық халықтары
өзара туысқандық байланысы бар Африкандықтардың шағын бір тобынан тараған
деген тұжырым жасаған.
Біздің түршеміздің бүкіл әлемге таралуына қарай адамдардың түрлі
топтары түрлі климаттық аймақтарға тап болды. Табиғи сұрыптау барысында
адамдар түрлі табиғи жағдайларға физикалық тұрғыдан бейімделді.

2.2 КОНСТИТУЦИЯ (ДЕНЕ БІТІМ), АДАМ НӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ТІРШІЛІК ОРТА

Адамдар Жер шарының түкпір-түкпірлеріне дейін қоныс теуіп, қоршаған
тіршілік ортаның әртүрлі ықпалына ұшырады. Қоршаған орта тұқым қуалау
үрдісімен бірге организмнің құрлымдарының барлық деңгейінде әсер етеді,
әсіресе организмнің конституциясына.
Қазіргі кезеңде конституцияның жіктелуі (классификациясы) туралы
қолданыстағы жалпыға бірдей теория жоқ. Конституция (лат. constitutio –
орнату, ұйымдастыру) – тұқымқуалаумен негізделген, сонымен қатар қоршаған
ортаның әсеріне жауап реакцияларының қалыптасуымен жүретін жеке тұлғаның
салыстырмалы тұрақты морфологиялық, физиологиялық және психикалық
қасиеттерінің жиынтығы. Конституция туралы ілім ерте кезеңде туындады.
Әрбір дәуір конституцияның анықтамасы мен топтарына өзінің көзқарасын
қалыптастырды. Бірінші рет конституция ұғымымен біз Гиппократ еңбектерінде
кездесеміз. Ол белгілі бір конституция типі адамға туғаннан тән және ол
өмір бойында өзгермейді деп есептеген. Сонымен қатар, ол жақсы-жаман, күшті-
әлсіз, құрғақ-ылғалды, енжар-серпінді деген конституция түрлерін ажыратқан.
Темперамент бойынша адам конституциясының төрт түрі: сангвиник, флегматик,
холерик, меланхолик, Гиппократтың пікірі бойынша организмде қанның,
сілемейдің, өттің және гипотетикалық қара өттің қайсысының басымдық
көрсетуіне байланысты көрініс береді және адамның мінез-құлығын айқындайды.

Анатом-морфологиялық даму кезеңдегі медицинаға адам денесінің
пропорциясы мен ішкі ағзаларының мөлшерін өлшеу негізінде қалыптасқан
конституция классификациясы тән: жіңішке, орташа, кең типті; долихоморфты
(дене тұрқының ұзындық мөлшері басым), брахиморфты (дене тұрқының көлденең
мөлшері басым) т.б.
Кейбір авторлар, (A.Chaillon, Mac-Auliffe, 1910; C.Sigand 1914) әр
түрлі конституциялық типтердің болуы - бұл адам организіміне сыртқы орта
факторларының әсерлерінің нәтижесі, деп есептейді. Бұл әсерлер төрт канал
арқылы: атмосфера ауасы – тыныс алу ағзаларына, суда еріген тамақ – асқазан-
ішек, ауыз қуысына, топырақ құрылымдары – бұлшық ет аппаратына, ал жарық
пен дыбыс сезім мүшелері арқылы миға және шеткі нерв жүйесіне әсер етеді.
Э.Кречмер 1924 жылы үш конституция типін ажыратып ұсынды:
астеникалық, пикникалық, атлетикалық. Оның пікірі бойынша конституция
индивид генотипінің фенотиптік көрініс беруі.
Богомолец А.А. (1926) дәнекер ұлпасының физиологиялық жүйесін негізге
алып, төрт конституция типтерін ажыратты: 1. астеникалық (нәзік дәнекер
ұлпасының басымдылығымен сипатталады); 2. фиброзды (тығыз талшықты дәнекер
ұлпасының басымдылығымен сипатталады); 3. пастозды (борпылдақ дәнекер
ұлпасының басымдылығымен сипатталады); 4. липоматозды (май ұлпасының жақсы
дамуымен сипатталады). Конституция туралы білімнің қалыптасуына И.П.Павлов
та үлкен үлес қосты. Ол өз шәкірттерімен бірге нерв жүйесінің типтерін
ажыратты.
Біздің елімізде кеңінен М.В.Черноруцкидің (1927) конституция типтері
кеңінен қолданылады. Ол үш түрлі конституция типтерін ажыратады:
астеникалық, нормостеникалық, гиперстеникалық. Олардың бiреуiне жатқызу
Пинье индексiн (ИП) анықтау арқылы жүргiзiледi.
ИП = бой ұзындығы - (дене салмағы + тыныштық кезiндегі көкiрек
жасушасының аумағы);
ИП30 астеникалық конституция (көлденеңінен дене ұзындығы басым, май
ұлпасы нашар, бұлшық еттері әлсіз жетілген, сүйектері жіңішке келеді, аяқ-
қолдары ұзын);
ИП10 гиперстеникалық конституция (жақсы жиналған май ұлпасы,
жетілген бұлшық ет, мығым денелі, аяқ-қолдары қысқа, көкірек жасушасы кең);
ИП=10 мен 30 аралық нормастеникалық конституция (дененің көлденеңі
мен ұзындығының арақатынасы қалыпты, майдың жиналуы орташа, бұлшық ет жақсы
жетілген, көкірек жасушасы цилиндр немесе конус пішінді).
Конституция мәселесiне биоритмологиялық тұрғыдан қарастыру адамның
белсендiлiгiнiң циркатты (тәулiк) циклде әртүрлi көрiнiс беруiне байланысты
жапалақ, бозторғай, кептер түрлерiн ажыратуға мүмкіндік береді.
Жапалақ- таң сәрiде жұмысқа қабілеттілігі төмен, түс ауа жұмысқа
қабiлеттiлiгi жоғарлайды. Бозторғай- ерте тұрып, күндіз жақсы жұмыс
iстейдi. Кептер - екi белгiнi де бойына жинақтаған.
Қазiргi көзқарастар бойынша конституцияның қалыптасуына сыртқы орта
және тұқым қуалаушылық бiрдей деңгейде қатысады. Белгілі бір әсерге жауап
беру түрі – бұл салыстырмалы жаңа конституциялық белгі. Адамның сыртқы
ортаның экстремальдық жағдайына реакциясы тек әсер ететiн тiтiркендiргiш
күшiне ғана емес, сонымен қатар бейiмделу стратегиясы типiне де байланысты.
В.П. Казначеев (1873; 1980) индивидтi жауап берудiң үш түрiн ажыратты:
1. Спринтер - қысқа мерзiмдi күштi әсерлерге организмнің
шыдамдылығы жоғары, ал ұзақ әсер ететiн әлсiз тiтiркендiргiштерге
организмнің шыдамдылығы әлсіз;
2. Стайер - организмдегі үрдістердің тұрақтылығын ұзақ бірақ,
біршама әлсіз әсер ететiн тiтiркендiргiштердің әсері жағдайында ұстап тура
алады, күштi қысқа мерзiмдi тiтiркендiргiштерге организмнің шыдамдылығы
әлсіз;
3. Микст - аралық тип.
Адамның конституциясының типтерi әртүрлi климато-географиялық,
әлеуметтiк орта жағдайындағы адам эволюциясының көрiнiсi. Әртүрлi тарихи
кезеңдерде және әртүрлi географиялық аймақтарда тұру адамның әртүрлi
конституциясының типтерiн туындатты. Мысалы, тропикалық аймақтағы халықа
дененiң ұзын болып келуi, тердiң бөлiну аумағының ұлғаюы, тер бездерінің
санының жоғарылауы, артериялық қан қысымының жоғарылауы, метоболизм
деңгейiнiң төмендеуi тән.
Сiбiрдiң жергiлiктi тұрғындарының жылу өндiруінің жоғарылығына
байланысты май қабатының қалыңдауы тән. Олардың арасында брахиоморфты
пропорциалы пикникалық дене бiтiм жиi кездеседi.
Жаңа тiршiлiк жағдайы мен климаттық географиялық жағдай әсерiн мына
мысалдан көруге болады: Америкада туып өскен еврейдiң бойы, салмағы, бас
аумағы мен бастың бет бөлімінің мөлшерiнің көрсеткіштері израйлдық
еврейлерге қарағанда ұлғайған, яғни жоғары болып келеді.
Адамзат баласы табиғи климаттық жағдайы әр түрлі болып келетін Жер
шарының әр бөлігінде тіршілік ете бастады. Міне, осының нәтижесінде
нәсілдер пайда болды. Дамудың әрқилы сатысынан, қоршаған ортаның әсерінен,
климаттық факторларға байланысты әр нәсілде өзіне тән сипатты белгілер
қалыптасты. Әрбiр нәсiл шығу тегiнiң бiр екендiгiмен және белгiлi бiр
аймаққа таралуымен байланысқан, тұқым қуалаумен негiзделген белгiлердің
жиынтығымен сипатталады. Нәсілдер арасындағы айырмашылық морфологиялық
ерекшеліктерге: терінің, шаштың, көздің түсі, мұрынның, еріннің пішіні және
т.б. негізделген. Әр түрлі нәсілдер өкілдері арасында ешқандай ақыл-ой
қабілеті, ойлау, сөйлеген сөзде айтарлықтай өзгеріс болмайды, биологиялық
тұрғыдан алғанда нәсілдердің барлығы бірдей.
Қазiргi адамдарды үш немесе бес нәсiлге бөледi:
1. Негроидты үлкен нәсiл: негр, бушмендер, готтентоттар;
2. Европоидты (евразиялық) үлкен нәсiл: атланто-балтикалық, индо-
жерортатеңiздiк, орта европоидты;
3. Монголоидты үлкен нәсiл: солтүстiк азиатты, арктикалық, оңтүстiк
азиатты;
4. Американдық үлкен нәсiл;
5. Австралоидты үлкен нәсiл: веддоидтар, австралийцтер, айналар.
Нәсілдер кеш палеолит дәуірінде, шамамен 30-40 мың жыл бұрын
қалыптаса бастаған деп болжанады. Көптеген нәсілдік белгілер бейімделуде
маңызды болып, белгілі бір географиялық ортада табиғи сұрыпталу арқасында
бекітіліп отырылған болса керек. Мысалға, экваторлық нәсілдердің күңгірт
тері жабынының түсі ультракүлгін сәулелерден қорғаныш ретінде біртіндеп
пайда болған. Көптеген зерттеушілердің пікірлері бойынша европоидты нәсіл
негроидты нәсілден кейін пайда болған. Негроидты нәсілдің сібірге қарай
қоныс тебуінен біртіндеп табиғи сұрыпталудың әсерінен күңгірт тері
жабынының түсі ашық түске алмасқан. Яғни, нәсілдік белгілер қоршаған
тіршілік ортаның нақты бір экологиялық жағдайында ұзақ эволюциялық жолмен
қалыптасқан.

3 АДАМНЫҢ БИОСФЕРАДАН АЖЫРАМАСТЫҒЫ

Биосфера (грекше биос - өмір, сфера - шар) деп тірі организм
мекендеген Жер қабатының бөлігін айтады. Биосфера адам мен басқа да тірі
ағзалардың бірден бір мекен ету ортасы болып табылады. Оның байлықтары
(жер, су, ауа, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі) ежелден бері қарай
адамзат баласының барлық мұқтаждықтарын өтеп келеді.
Биосфера адамзат және ондағы қоғаммен тығыз байланыста (биосфера –
адам - қоғам). Биосфераны адамзат жасаған жоқ, ол адамзат баласының пайда
боуынан әлде қайда бұрын жаралған.
Биосфера туралы ілімді Жер химиясын тіршілік химиясымен
байланыстырып, жер бетін өзгертудегі тірі заттардың ролін белгілейтін жаңа
ғылымның – биогеохимияның негізін қалаушы академик В.И.Вернадский (1863-
1945) жасады. Ілімнің негізі оның Биосфера кітабында (1926) баяндалған.
В.И.Вернадский тірі заттың планетаның бет-әлпетін өзгертуге және оның
дамуына қолайлы экожүйелерді қалыптастыруға қабілетті аса қуатты
геологиялық фактор екенін дәлелдеді. В.И.Вернадский бойынша тірі заттар күн
энергиясын қабылдай алады және ыдырауы кезінде химиялық және физикалық
жұмысқа жұмсалатын энергия бөліп шығаратын химиялық қосылыстарды жасайды.
Биосфераның белгілі шекарасы бар. Жоғарғы шекарасы жер бетінен 15-20 км
биіктікте орналасқан. Ол стратосфера қабатымен өтеді. Тірі организмдердің
негізгі салмағы оның төменгі қабаты - тропосферада орналасқан.
Тіршіліктің төменгі шекарасы литосферада 2-3 км тереңдікте өтеді.
Тіршілік негізінен литосфераның жоғарғы қабатында шоғырланған. Планетаның
су қабаты – гидросфера Жер бетінің 71% құрайды.
Ноосфера – Жердің игерілген қабаты. В.И.Вернадский адамзат баласы
Жер қыртысын өзгертіп жаңа қабат қалыптастыруда деп пайымдаған.
Адам биосфераның биотикалық құрауыштарына кіреді. Мұнда ол
продуценттермен қоректік тізбек арқылы байланысады. Өзі бірінші және екінші
реттің консумент, гетеротроф болып табылады. Яғни, дайын органикалық
заттармен биогенді элементтерді пайдаланады. Адам тірі заттардың физикалық
химиялық біржұптастық заңына бағынады және биосфераның зат айналымына
қатысады. Тірі организмдердің барлық сан алуандығына қарамастан оларда
химиялық, физикалық ұқсастығы сонша біреулері үшін зиянды нәрсе басқалары
үшін де әсерсіз бола алмайды.
Адам үшін орта жағдайларының организмнің генетикалық алдын ала сәйкес
келу заңы орындалады: организм түрлері оны қоршаған табиғи ортада осы
түрдің бейімделуінің генетикалық мүмкіндіктеріне ортаның ауытқулары сәйкес
келгенде ғана тіршілік ете алады. Тіршілік ортасын күрт өзгерту түрдің
генетикалық мүмкіндіктердің тіршіліктің жаңа жағдайларына бейімделуі үшін
жеткіліксіз болып шығуына әкеліп соғуы мүмкін. Бұның өзі түрдің жойылып
кетуіне әкеледі. Осыған байланысты адамның табиғатты өзгертуі қазір
тіршілік етіп отырған түрлер үшін оның ішінде ерекше биологиялық түр болып
табылатын адамның өзі үшін де аса қауіпті.
Адамның биосферадан ажырамастығы ноосфераны құрудың басты мақсатын
көрсетеді. Ол биосфераның адам биотикалық түр ретінде пайда болып, өз
денсаулығы мен өмірін сақтай отырып тіршілік ететін типін сақтап қалуда
жатыр. Тек адамдардың саналы әрекеттілігі ғана ғаламдық дамудың басты
айқындаушы факторына айналады.
Биосфера – бұл мыңдаған кез келген ауытқуларда тіршілік ортасының
тұрақтылығын қамтамасыз ететін жалғыз жүйе. Қоршаған ортаның тұрақтылығын
табиғи бірлестіктер сияқты қамтамасыз ете алатын жасанды бірлестіктер
құруға үміттенуге ешбір негіз жоқ. Сондықтан, биосфераның өзгеруіне
әкелетін үрдістертерді шектеу және техносфераны биосферадан толықтай дерлік
оқшаулау арқылы оны барынша сақтау қажет.

4 ҚОРШАҒАН ТАБИҒИ ОРТА ЖӘНЕ АДАМ

4.1 СЫРТҚЫ ОРТАНЫҢ КЕРІ ӘСЕРЛЕРІНІҢ НӘТИЖЕСІНДЕ ЖӘНЕ АНТРОПОГЕНДІ
ФАКТОРЛАР ӘСЕРІНЕН ТУЫНДАҒАН ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР

Адамзат қоғамының пайда болуының алғашқы кезеңінде адамдар
табиғаттың дайын өнімдерін пайдаланып, аңшылықпен айналысты. Адамдар
табиғатқа тәуелді болды, бұл тәуелділікті жоғары деңгейде сезінді.
Адамдарды табиғат биледі.
Қазіргі таңда экологиялық дағдарыс басталды. Бұл дағдарыс
адамдардың қатысуымен туындады. Әрине мұндай жағдай бір жылда,
болмаса он жылда пайда болған жоқ. Адамдар әрқашанда қоршаған
ортаға өздерінің әсерін тигізетін. Бірақ, қазіргі кезеңде адамдар
мен табиғат арақатынастары өте шиеленісіп барады. Жер жүзіндегі
халықтар санының тез өсуі мен мемлекеттердің жаппай өнеркәсіпті
дамыту жолына түсуі бұған себеп болып отыр. Соның салдарынан
табиғат қорларын пайдалану бірнеше есе өсіп, адамдардың қоршаған
ортаға тигізетін зияны жоғарлауда. Өнеркәсібі дамыған бірқатар
елдерде қоршаған ортаның нашарлағаны сонша, адамдардың денсаулығына
кесірін тигізе бастады.
Міне, сондықтан да табиғат қорларына ұтымды пайдалану, бұзылған
табиғи ортаны қалпына келтіріп отыру, ауаға, суға, өсімдіктер мен
жануарлар дүниесіне қамқорлықты күшейту барлық азаматтардың борышы
және абройлы міндеті болып саналады.
Ғылыми-техникалық дамудың нәтижесінде адамдар табиғатпен ара
қатынас жасау үшін жаңа білім, жаңа әдіс, жаңа құралмен қаруланып
қойған жоқ, қоршаған ортаны сақтаудың, қалпына келтірудің,
байлықтарын ұтымды пайдаланудың жаңа әдістерін, жаңа жолдарын да
үйренді.
Қазіргі таңда ғылыми-техникалық жетістіктер қоршаған ортаны
сақтауға, оның бүлінбеуін, ластанбауын қамтамасыз етуге толық
мүмкіншілік береді.
Үнемі табиғаттың жағдайын нашарлатып, байлықтарын шашып-төгіп
пайдалануға болмайды. Табиғатты қорғау, қалпына келтіру мәселелерін
ақылмен, білгірлікпен және ұтымды жолмен жүргізудің өзіміз үшін
де, келесі ұрпақтар үшін де маңызы зор. Биосфераның тепе-теңдігін
бұзған әрбір антропогенді құбылыс, басқа келеңсіз құбылыстардың пайда
боуына мүмкіндік туғызады. Қоршаған ортаның ластану мөлшері биосфераның
төзімділік шегінен асып кетіп отыр. Сондықтан, табиғат өз заңдарына
бағынбаған адамзатты өз қыспағына алуда.
Қазіргі таңда адамдардың организміне келешекте кері әсерін тигізетін
негізгі мәселелердің бірі атмосфера ауасында жоғары концентрациялы улы
қоспалардың түзілуі (СМОГ, қышқылдық жауындар) және жылулану эффектісі мен
озон қабатының бұзылуы.
СМОГ- үлкен өнеркәсіп орталықтары бар қалаларда ауаның жоғары
деңгейде ластануы.
СМОГ – тың екі түрін ажыратады:
1. Атмосферада өнеркәсіптердің газдық қалдықтары мен түтінінен
тұратын қою тұманның түзілуі.
2. Фотохимиялық СМОГ. Өнеркәсіптердің газдық қалдықтары күннің
ультракүлгін сәулелерінің әсерінен фотохимиялық реакцияларға түсіп,
тұмансыз газ қоспаларының өнеркәсіп орталықтары бар қалаларда тұтылып
тұруы. Фотохимиялық СМОГ өте улы болып келеді. Оның құрамында ПАН
(пероксиацилнитрат), Н2О2 альдегидтер және басқа химиялық элементтер 25-40%
құрайды да, О3 60-75% құрайды. Фотохимиялық СМОГ ең алғаш рет Лос-
Анджелесте 1940 жылы байқалған, қазіргі таңда өнеркәсіпті қалаларда әлсін-
әлсін байқалып тұрады.
Қышқылдық жауындар 100 жылдан астам бұрын белгілі болған. Қышқылдық
жауын деген сөзді ең алғаш рет 1872 жылы британ оқымыстысы Роберт Ангус
Смидт қолданған. Қышқылдық жауындар атмосферадағы күкірт (Н2SО4) пен
азоттың (НNО3) химиялық және физикалық өзгерістерінен туындайды. Яғни
атмосферадағы бұл заттардың өзгерісі, химиялық реакциялары күкірт қышқылы
мен азот қышқылын береді. Бу күйіндегі бұл заттар бұлттарға сіңеді, ауа
құрамында болады. Содан кейін жауынмен немесе құрғақ түрінде жерге түседі.
Жалпы қышқылдық жауындар табиғатта жанартаулардың атылуына байланысты
өздігінен түзіле алады. Жер атмосферасына әр жыл сайын күкірттің
қосындылары 92-112 млн. тн, азот қосындылары 51- 61 млн. тонна түседі.
Күкірт қосындыларының 59-69 % , азот қосындыларының 37% антропогенді
факторлардың нәтижесі болып табылады. Қышқылдық жауындар биосфераға тікелей
немесе жанама әсер етеді. Тікелей қышқылдық жауындардың әсерінен
өсімдіктер мен ағаштар құрайды. Эпицентрден 100 км радиустағы аймақтардың
топырағы ластанады. Қышқылдық заттар әсіресе, тыныс алу жолдарына өте зиян
келтіреді. Егер атмосфераның тыныс алу аймағында SО2 концентрация деңгейі
1мгм куб. жететін болса, тыныс алу жүйесінің аурулары күрт жоғарылап,
тыныс алу жүйесі ауратын егде тартқан адамдардың арасында өлім көбейеді.
Жанама әсері - топырақ пен судың РН көрсеткішінің өзгерісі. Қышқылдық
элементтер су мен топыраққа түсіп, олардың РН көрсеткішінің төмендеуіне
әкеледі. Ал бұл аллюминий және марганец, кадмий, мыс сияқты ауыр
металлдардың ерігіштігін жоғарылатады. Олар өсімдік және жануарлар
организмінде жинақталып, тамақ арқылы адам организміне түсіп көптеген
аурулар тудырады. Тұщы сулардың қышқылдығы артқан жағдайларда ең бірінші РН
өзгерісіне сезімтал тірі организмдер өле бастайды. Олар РН 6,5 болған кезде
өле бастаса, РН 4,5 тең болған кезде кейбір насекомдар мен өсімдіктер
ғана тірі қалады.
Қышқыл жаңбырлардың зардабын тартқан кейбір мемлекеттер бұл мәселенің
шешуін іздестіріп, белгілі бір шаралар қолдануда. Мәселен, қышқыл
жаңбырлардың зардабын катты тартқан Швеция көміp мен мұнай жағуды шектеді.
Бұл елде құрамында күкіpті жоқ жанармайлар ғана пайдаланылады. Кенді
балқытқанда және отынның қазба түрлерін жандырғанда бөлінетін зиянды заттар
түгелдей дерлік сүзіледі. Швеция үкіметі күкіpт шығарындыларын шектеу
туралы келісімге қол қойды. Сонысымен басқа елдерге үлгі-өнеге керсетті.
Жылулық эффект. Атмосфераның құрамы мен жағдайы космос пен жер
арасындағы сәулелі жылу алмасуына әсерін тигізеді. Жылу алмасуының
нәтижесінде биосфераның температурасы белгілі бір деңгейде болады. Орташа
шамамен +150С. Биосфераның температуралық жағдайын ұстап тұруда күн
радиациясының маңызы өте зор. Биосфераның температура деңгейі 99,8% күн
радиациясына, 0,18% табиғи көздер жылуына, 0,02% антропогендік көздер
жылуына тәуелді. Жердің жылулық тепе-теңдігінің бұзылуы ақырғы он жылдықта
антропогендік факторлардың әсері нәтижесінде туындап отыр. Көптеген газдар
күн радиациясын кедергісіз өткізеді. Бірақ көмір қышқыл газы, метан, озон,
су буы атмосфераның төменгі қабатында жинақталып, 0,38...0,77 мкм болатын
күн сәулелерін жерге қарай кедергісіз өткізіп, ал жерден шағылысып космосқа
шығатын 0,77-340 мкм ұзындықтағы инфрақызыл сәулелерді өткізбейді. Соған
байланысты бұл газдардың концентрациясы және қоспалары атмосферада жоғары
болған сайын жерден космосқа соншалықты аз жылу бөлінеді. Сәйкесінше ол
жылу мөлшері биосферада қалып климаттың жылулануына әкеледі. Бұл үрдісте
негізгі рольді СО2 атқарады. Яғни биосфера газдарының жылулық
эффектілігін туындатуына қатысуының пайыздық көрсеткіші мынадай: СО2-50%,
СН4-20%, фреон -15%, N2О-10%, О-5%. Атмосферадағы көмірқышқыл газы
концентрациясының пайыздық көрсеткіші 1900 жылы- 0,029% , 1990 жылы-
0,036% , 2000 жылы- 0,038% болса 2030 жылы- 0,045-0,06% , 2050 жылы - 0,07-
0,075% болады деп болжануда. Егер бұл болжам дұрыс болса Қазақстан мен
Орта Азия елдерінде қаңтар айының орташа температурасы 6-15оС- қа
жоғарылап, қыста түсетін қар мен жауын 20-30 пайызға кемиді.
Біздің онсыз да қуаң климатымыз күрт өзгеріп, ауа райы тіпті
қолайсыз болуы мүмкін.
2005 жылға дейін жер шарының орташа температурасы 1,5-4,5 көтерілуі
мүмкін. Мұндай температураның көтерілуі поляр мұздықтарының біртіндеп
еруіне әкеледі. Ал бұл дүниежүзілік мұхит деңгейінің 0,5-1,5 метрге
көтерілуіне себепкер болады. 2100 жылы 5 млн км2 құрғақ аймақтар судың
астында қалады деп болжам айтылуда. Бұл барлық құрлықтың 3%, құнарлы жердің
- 30 % құрайды. 1982-1988 жылдар аралығында жер серігі арқылы жүргізілген
зерттеулер дүниежүзілік мұхиттың әр жыл сайын 0,1оС жылынатынын
анықтаған.
Озон қабатының бұзылуы. Атмосфераның техногенді ластануы озон
қабатына да кері әсерін тигізеді. Озон қабатының бұзылуы жерге 0,29 мкм
болатын және одан төменгі қысқа толқынды ультракүлгін сәулелердің түсуіне
әкеп соғады. Бұл қысқа толқынды ультракүлгін сәулелер биосфераға өте
қауіпті: өсімдіктер өледі (ең бірінші дәнді дақылдылар), онкологиялық және
көз ауруларының деңгейі жоғарылайды. Озон қабатын бұзатын негізгі заттарға
хлор мен азот қосындылары жатады. Хлордың бір молекуласы 105 озон
молекуласын, ал азот оксидінің 1 молекуласы озонның 10 молекуласын бұзады.
Бұл заттардың қосындыларының атмосфераға түсетін негізгі көздері: ұшақтар
(әскери ұшақтар). Олардың шығару газдарының 0,1% азот оксидтері (NO, NO2)
құрайды; ракеталар; жанартаулық газдар; фреон қолданатын өнеркәсіптер; атом
жарылыстары. Бір Шаттл ракетасының космосқа ұшырылуы озоның 0,3 %
(100000000т озон) бұзылуымен ұштасады. Бұл жағдайда түзілетін озон
қабатындағы тесік ұзақ мерзім бітпейді. 1973 жылы озон қабатының техноген
факторларының әсерінен 1% бұзылса, 2050 жылы озон қабатының 10% бұзылады
деген болжам айтылуда.

4.2 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР, ОЛАРДЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТІ. ШЕКТЕУШІ
ФАКТОРЛАР

Экологиялық факторлар - тірі организмге олардың жеке дамуының бір
ғана кезеңінде болса да тікелей немесе жанама әсер ете алатын ортаның кез-
келген әрі қарай бөлшектенбейтін бөлшегі. Экологиялық факторларды үш топқа
бөледі: абиотикалық - өлі табиғат факторлары; биотикалық – особь пен
популяция және табиғи бірліктер популяциясы арасындағы өзара қатынас;
антропогенді – адамның іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсерінің жиынтығы.
Экологиялық факторлардың әрқайсысының өзінше маңызы бар. Мысалға, жылудың
кемшілігін мол жарықпен, ал организмге қажетті минералдық элементтерді
сумен алмастыруға болмайды. Организмнің тіршілік етуіне неғұрлым қолайлы
қарқынды факторды - тиімді (оптималды) деп атайды. Организмнің тіршілік
етуіне мүмкіндік жоқ шекараны – шыдау шегінің төменгі және жоғарғы деңгейі
деп атайды. Егер де қайсыбір фактордың мәні шыдау шегінен шығып кетсе онда
ол – шектеуші фактор деп аталады. Қоршаған ортаның қолайлы немесе
қолайсыз жағдайларын тексергенде алдымен организмдердің өмір
сүруіне аса қажетті факторларға көңіл аударған жөн.
Адамдардың ортаға жасайтын әсерін, пайда - зиянын анықтағанда ең
басты шектеуші факторларды іріктеп алып, жеке организмге, бір
түрлі организмдер тобына, бірге өмір сүретін әр түрлі организмдер
тобына жасайтын ықпалын білу маңызды.
Шектеуші факторлар физикалық, химиялық және биологиялық
сипатта болады. Мысалы, бірге өмір сүретін организмдер тобының
арақатынасы биологиялық сипатта болса, организмдердің жылы мен
суыққа, құрғақшылық пен жауынға әсерлестігі физикалық сипатта,
қоршаған ортада көмір қышқыл газының көбеюі - химиялық сипатта
болады.
Табиғаттың көптеген шектеуші факторларының ішінен климатқа
жататындарын бөліп алып қараған дұрыс, себебі олардың адам
өміріне, шаруашылық жүргізуге жасайтын әсері өте үлкен. Мысалы,
адамдардың солтүстіктің кейбір жерлеріне қоныс тебуіне жылудың
жетіспеушілігі шектеуші фактор болса, керісінше кейбір оңтүстік аймақтарда
су тапшылығы мен температураның өте жоғарлығы шектеуші фактор болып
табылады. Себебі, адам организмдерінің бейімделу мүмкіндіктері де шектеулі.
Бірақ, қазіргі ғылыми-техникалық прогресстің нәтижесінде бұл шектеуші
факторлары бар аймақта да тірішілікке қажетті жағдайларды адам қолымен
жасап қою мүмкіндігі бар. Табиғаттың шектеуші факторлары адамдардың
қолайлы өмір сүруі үшін керекті жағдайларды жасауына әкеледі.
Климаттың шектеуші фактор болатыны ондағы өзгерістер мен
құбылыстар адамдардың еркімен жүрмейді, тек табиғат заңдарына ғана
бағынады. Сондықтан, қандай да болмасын өндрісті ұйымдастырғанда,
өмір сүруге қолайлы жағдай жасағанда сол жердің климат
ерекшеліктерін ескеріп, олардың пайдалы жағын пайдаланып, зиянды
жағын азайту бағытында қызмет істеу қажет. Организмнің сол жердің
климаттық шектеуші факторларына бейімделуін ескеру керек. Климаттың
шектеуші факторларына ауаның температурасы, күн сәулесі, жылу,
ағын су, жел және атмосфералық қысым жатады. Климаттағы өзгерістер
мен құбылыстар табиғи жолмен және антропогенді факторлар
нәтижесінде де болып жатады.
Табиғи жолмен болатын өзгерістер милиондаған жылдар бойы
жүріп келеді. Жер шарының әр түпкірінен табылған ауа райы
туралы деректерді салыстырғанда бірнеше миллион жыл бұрын
климаттың басқаша болғаны, содан бері айтарлықтай өзгергені мәлім
болды.
Адамдардың іс-әрекетіне байланысты болатын өзгерістер
ормандарды кесіп, жерді игеріп, қала мен су қоймаларын сала бастаған
кезден жүріп келеді.
Шаруашылық жұмыстарымен айналысқанда биосфераның өсу заңдарын
ескеріп отыру, болашақта болатын пайда-зиянды анықтап алған дұрыс.
Мысалы су электр станциялары құрлысын бастамас бұрын өзеннің
ағысы мен жауын шашын мөлшері бұрынғы қалыпта сақталама, болмаса
азайып кетеме, су астында қалатын құнарлы топырақпен кесілген
орманның орнын су электр станциясы беретін пайда толтырама, әлде
зиян әкелеме, сол сияқты мәселенің тағы басқа жақтарын есептеп
білуі керек.

5 АДАМНЫҢ БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ЖАЛПЫ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ

Біздің планетамыздың тарихында адамның қоршаған ортамен әрекетінің
нәтижесінде көптеген Жер планетасының кейпін өзгерткен үрдістер болып
жатыр. Адам бір жағынан тарих нәтижесі, ал екінші жағынан оның жасаушысы,
тудырушысы. Жүз ғасыр бойы қалыптасқан адам организмнің физиологиялық
қасиеттеріне ғылыми – техникалық үрдістің қарқыны және тіршілік жағдайы
т. б. көп жағдайда сәйкес келмейді. Бұл тұрғыда Ф.Энгельстің табиғатты
жеңген жеңісіміз үшін масаттанбауымыз қажет, себебі әр осындай жеңіс үшін
табиғат кек алады,- деген пікірі еске түседі. Жаңа табиғи және өндіріс
жағдайында адамның бейімділігін қысқаша белгілі бір экологиялық ортада
организмнің тұрақты тіршілігі үшін қажет әлумет-биологиялық қасиеттері мен
ерекшеліктерінің жиынтығы ретінде сипаттауға болады. Жеке тұлғаның немесе
популяцияның бейімделу мүмкіндіктері тіршілік әрекеттің нақты жағдайларында
айқындалады. Тірі жүйенің бейімделу қасиеті жеке бас денсаулығының бірлігі
болып табылады. Адамның бейімделу қасиеттері мен қорлары белгілі бір ретпен
көрініс береді және олар уақытпен шектеледі. Белгілі бір табиғи немесе
жасанды тіршілік ортасында организмнің бейімделу мүмкіндіктерінің қорын
терең зерттеуге болады.
Серотинина Н.Н., Агаджанян Н.А. еңбектерінде ішкі организмнің
тұрақтылығының бұзылуына қауіп төнген кезде тұтас организмнің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік экологияның қалыптасуы
Адамдардың табиғатпен арақатынастары
Әлеуметтік экология пәні баса ғылымдармен байланысы
Экология және тұрақты даму пәні, мақсаты мен міндеттері
Экология ғылымының даму кезеңдері
Экологиялық мектептердің қалыптасуы. Осы күнгі экологияның негізгі бөлімдері. Экологияның қатысуымен шешілетін теориялық және қолданбалы мәселелер
Экология пәнінен лекциялық сабақтар тезисі
Экология ғылымы туралы ақпарат
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері туралы ақпарат
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері туралы ақпарат
Пәндер