Шарт: сақтау шарты, мердігерлік шарт


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Азаматтық құқық пәні бойынша

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: Шарт: сақтау шарты, мердігерлік шарт

Дайындаған:

Тексерген:

Баға: . . .

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Шарт ұғымы және мазмұны.

2. Шарттың формасы және шарттың түрлері

2. 1 Сақтау шартының түсінігі, түрлері және элементтері.

2. 2 Сақтау шартының нысаны және сақтау шартының

субьектілері( тараптар ) .

2. 3 Мердігерлік шартының жалпы ұғымы және түсінігі

3. Шарт жасасу негізі және шарты өзгерту және бұзу.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Азаматтық құқық пәні бойынша курстық жұмысымның тақырыбы «Шарт туралы жалпы ереже». Шарт ұғымын саралайтын болсам, шарт бір тараптың екінші тараппен әртүрлі шарт жасасуы.

Шарт жасау екі немесе одан да көп адамдардың құқықтар мен міндеттемелерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі деп те түсінуге болады. Шарт деген сөздің өзіне тоқалып өтсем, шарт көне құқықтың құрылымы ретінде жүзеге асырылған.

Шарт-құқықтық қатынастың туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына негіз болатын заңдық факт. Бұл курстық жұмыста шарттың ұғымы, шарттың мазмұны, шарт еркіндігішарт формасы, шарттың елеулі ережелері, шарттардың түрлері, шарт жасасатын жер, шартты өзгерту және бұзу, шарттан бас тарту туралы баяндалған.

Шарттардың басым көпшілігі екі жақты мәміле болып табылады. Себебі шарттан міндеттемелік құқық қатынастары туындайды, ал міндеттеме үшін мүдделері қарама қарсы екі тарап болуы керек:біреуінде талап ету құқығы (несие беруші), екіншісінде-сол құқыққа икемделген міндет (борышкер) болады.

Азаматтық құқықтық шартты міндеттемелік, заттық, авторлық құқық қатынастарымен байланыстырады. Шарттан авторлық қатынастар (бірлескен авторлар арасында), өнертапқыштық қатынастар (бірлескен өнертапқыштар арасында) және тағы басқа туындаған жағдайда осылай бағалауға болады.

Азаматтар мен заңды тұлғаларға шарт жасасуда еркіндік берілген. Азаматтық кодексте, заң құжаттарында немесе өз еркімен қабылдаған міндеттемеде, шарт жасасу міндеті көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасасуға мәжбүрлеуге жол берілмейді. Қазір шарт жасауға мәжбірлеу айрықша жағдайларда ғана болады. Міндетті түрде шарт жасасу туралы ережелер Азаматтық кодекстің арнайы баптарында жинақталған. Шарт еркіндігі принципі тараптардың заңдарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алатындығынан көрініс

4

табады. Азаматтық кодекстің Ерекше бөлімі баптарының басым көпшілігі заңнамада көзделген шарттарға арналған. Шарттардың жаңа түрлерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары және ондай құқық берілген мемлекеттік органдар белгілей алады. Ондай шарттардың мысалы ретінде толлинг операцияларын жүргізу туралы шартты алуға болады.

Заңдық факт деп саналатын шарттың мазмұнын оны жасасқан кезде тараптар құрастырған ережелер жиынтығы құрайды. Шарт ережелерін, егер тиісті ереженің мазмұны заңнамамен міндеттелген болмаса, тараптар өз қалауларымен анықтайды. Тиісті ереженің мазмұны заңда тікелей міндеттелген болса императивтік норма болып табылады, егер шарт ережелерінде диспозитивтік норма көзделген болса тараптар оны қолданбауға немесе одан өзгеше ереже белгілеуге құқылы. Шарттың елеулі ережелері дегеніміз екі немесе бірнеше адамның келісіп ерік білдіруі. Елеуліден басқа шарттың дағдылы және кездейсоқ ережелерін бөліп қарастыруға болады. Дағдылы ережелер заңнамада шарттардың осы түрі үшін дағдылы деп көзделгендіктен қолданылады және олар шартта бар-жоғына қарамастан қолданылады. Мысалы баға туралы ереже. Кездейсоқ ережелер шарттың бұл түріне тән емес және шартқа тараптардың өзара келісімі бойынша кіреді. Мысалы:сатып алу-сату шартының нысаны.

Шарттың түрлері:Нақты және консенсуалдық шарттар, бір жақты және өзара шарттар, бір типті және аралас шарттар, негізгі және алдын ала шарттар, еркін және міндетті шарттар, өзара келісілген шарттар және қосылу шарттары, өзінің қатысушыларының пайдасына жасалған шарттар мен үшінші жақтың пайдасына жасалған шарттар негігі түрлері болып табылады.

Шарт жасасу екі кезеңнен тұрады:шарт жасасуға ұсыныс(оферта) және ол ұсынысты басқа тараптың қабыл алуы (акцепт) . Ұсыныс жасаған тұлға оферент деп, ал ұсынысты қабыл алған тарап акцептант деп аталады.

Шартты өзгерту дегеніміз оның мазмұнын құрайтын бір немесе бірнеше ережелердің өзгеруі. Шартты орындаудан бір жақты бас тартуға егер ол Азаматтық кодексте, заң актілерінде немесе шартта тікелей көзделген ғана

жол беріледі. Шартты бұзудың және өзгертудің салдарлары әртүрлі бұзылғанда тараптардың міндеттемелері тоқтаса, ал шарт өзгергенде олар өзгерген түрде сақталады. Шарт мерзімін ұзарту үшін бір тарап екінші тарапқа оферта жіберуге, ал ол тарап сол офертаны акцептеуге тиіс. Шарттың күшінде болу мерзімін ұзартуды шартты жаңа мерзімге пролонгация жасаудан ажырату керек, соңғы жағдайда шарттың күшінде болу мерзімі өткеннен кейін шарттың күшінде болуы өзінде көзделген мерзімге өзінен өзі ұзарады. Егер шарттың өзінде тікелей көзделсе ғана шартты пролонгация жасауға жол беріледі.

Азаматтық құқықтық қатнастардың реттелуі азаматтық кодексте нақты белгіленеді. Қазіргі қоғамда азаматтық құқықтың ерекше бөлімінің қарастыратын мәселелерінің бірі сақтау шарты.

Сақтау шарты дегеніміз - бір тарап (сақтанушы) оған екінші тараптың (жүк берушінің) берген затын сақтауға және бұл затты сақталған күйінде қайтаруға міндеттннеді.

Сақтау шарты - зат сақталуға берілген кезден бастап жасалған деп танылады, ал қозғалмайтың мүлікті күзетуге осы шарт күші қолданылмайды. Затты сақтауға қабылдау туралы шарт бойынша өзіне затты сақтауға қабылдау міндеттемесін алған сақтаушының бұл заттың өзіне сақтауға берілуін талап етуге құқығы жоқ, ал немесе шартта көзделмеген мерзімде затты сақтауға бермеген жүк бнруші, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, сақталмай қалуға байланысты келтірілген залалдар үшін сақтаушының алдында жауапты болады.

Сақтау шарты бойынша сақтаушыға берілетің сыйақы мөлшері тараптардың келісімімен белгіленеді. Сыйақының мөлшері таксалары, вставкалар, тарифтер бойынша айқындалуы мүмкін. Сақтаушы сақтауға алған заттың жоғалғаны, кем шыққаны немесе бүлінгені үшін жауап беруі. Егер өзінің кінәсінен болмағаның дәлелдесе, жауаптылықтан босатылады.

Сақтаушының заттардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері:

  1. Сақтаушы өзіне берілген заттардың сақталуын қамтамасыз ету үшін шартта көзделген және басқада қажетті барлық шараларды қолдану.
  2. Сақтаушы сақтауға алынған затқа өз заты сияқты қамқорлық жасау.
  3. Зат оның табиғи бұзылуын немесе табиғи кемуі ескеріле отырып сақтауға қабылданған қүйінде қайтарылуы тиіс.

Заттың үшінші тұлғаға берілгендігі туралы сақтаушы дереу жүк берушіге хабарлауға міндетті. Сақтаушы затты сақтауға берген үшінші тұлғаның іс - әрекеті үшін жауап береді.

Кейбір жұмыстарды орындау үшін арнайы дағды, дәрежелі мамандық қажет. Сондықтан мердігер, мердігерлік шартты жалпы жасап, шартты орындауға басқа тұлғаларды тартуға құқылы. Бұл мердігер болып заңды да және жеке де тұлғалар қатысатын мердігерлік шарттарында мүмкін. Бұл дипломдық жұмыста мердігерлік шарт жан-жақты қаралып, талқыға салынды.

Дипломдық жұмысымда келесідей әдебиеттерді қолдандым:Ғ. Төлеғалиев Азаматтық құқығы, Азаматтық құқық 1том Ю. К Толстой, А. П. Сергеев. Е. Б. Жүсіпов, Г. Т. Өтегенов « Шарт ерекшеліктері». Темірғалиева Р. А. «Шарттар жинағы» және тағы басқа әдебиеттер.

1. Шарт ұғымы және мазмұны.

Шарт- көне құқықтың құрылымының бірі. Шарттың ғасырлар бойы пайдаланылуы құқықтың икемді түрі екндігін көрсетеді, ол арқылы әртүрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген. Шарттың негізгі міндеті заң шеңберінде адамдардың әрекетін реттеу, ал оларды бұзу заң талаптарын бұзушылықты білдіреді.

Шартты рим құқығы үш түрлі мағынада: құқық қатынастарының туындауы ретінде, құқықтық қатынастың өзі ретінде, ең соңында тисті құқытық қатынастың нысаны ретінде қарастырады.

Шарт туралы мұндай көзқарастар нақты іс жүзінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және басқа да елдердің азаматтық кодекстерінде қарастырылған.

Азаматтық кодекстің 378 бабына сәйкес, екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтары мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады. Мұндай айқындама шарт -мәмілені көрсетеді.

«Шарт»- термині азаматтық заңнамада әртүрлі мәнде қабылданады: өзінен міндеттеме туындайтын заңдық фактор, сол шарттық міндеттеменің өзі, шарттық міндеттемені рәсімдеген құжат.

Шарт- құқықтық қатынастың туындауына, өзгеруіне немесе тоқтауына негіз болған заңдық факт. Сондықтан да шарт азаматтық құқықтар мен міндеттемелерде туындайтын негіздердің бірі болып табылады. Шарт- мәміле болып табылады және шартқа екі және көпжақты мәмілелер туралы, мәміленің формасы және оны тіркеу туралы, мәмілені заңсыз деп тану туралы және тағы басқа ережелер қолданады. Шарттың басқа мәмілелерден және басқа заңдық фактілардан айырмашылығы сол, шарт дегеніміз тараптардың келісімі. Шарт жасасу үшін екі тараптың (екі жақты мәміле) үш немесе одан да көп тараптың (көп жақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет.

Шарттардың басым көпшілігі екі жақты мәміле болып табылады, себебі шарттан міндеттемелік құқық қатынастар туындайды, ал міндеттеме үшін мүдделері қарама -қарсы екі тарап болуы керек: біреуінде -талап ету құқығы (несие беруші), екіншісінде - сол құқыққа икемделген міндет (борышкер) болады. Бірлескен қызмет туралы шарт көпжақты мәмілеге мысал бола алады.

Көпжақты шарттарға шарт туралы жалпы ережені қолдануға болады. Көпжақты шарттардың ерекшеліктеріне байланысты кейбір нормаларды қолдануға болмайды, атап айтқанда: жария шарты туралы, үшінші жақтың пайдасына шарт туралы ережелерді көпжақты шартқа қолдану күрделі, шарт жасасу туралы нормалаларды қолдануда да қандай да бір ерекшелік болуға тиіс.

«Шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге де құқықтық қатынастар туындауы мүмкін»- деген ережені Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекісінің 379 бабының 1 тармағына кіргізу елеулі жаңалық болып табылады.

Азаматтық құқықтық шартты міндеттемелік құқық қатынастарымен байланыстырады. Міндеттемелік құқық қатынастарының ауқымына зорға сиятын құқықтық қатынастар да бар. Мысалы, бірлескен қызмет туралы шарттан ортақ меншік объектісін бірлесіп иелену және пайдалану жөнінде оның қатысушылары арасында қатынастар туындайды, ал олар міндеттемелік емес заттық салыстырмалық құқық қатынастары болып табылады.

Шартта авторлық қатынастар (бірлескен авторлар арасында), өнертапқыштық қатынастар (бірлескен өнертапқыштар арасында) және тағы басқа туындаған жағдайда осылай бағалауға болады. Құқықтық қатынастар кешені (заттық және міндеттемелік) заңды тұлғаның пайда болуына негіз болатын құрылтай шартынан туындайды.

Шарттан туындайтын міндеттемелерге міндеттемелер туралы жалпы ережелер қолданылады, себебі Азаматтық кодекстің шарттар туралы жалпы

ережелерге арналған 22 тарауының баптарында және шарттардың Азаматтық кодексте көрсетілген кейбір түрлері жайындағы өзгеше көзделмеген. Азаматтық кодекстің 379 бабының 3- тармағына сәйкес басқа формула енгізілген, шарттан (бірлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт және басқа) туындайтын заттық, авторлық немесе өзге де (міндеттемеліктен басқа) құқықтық қатынастарға, егер заңнамадан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнінен өзге де туындамаса.

Шарт еркіндігі . Азаматтар мен заңды тұлғаларға шарт жасасуда еркіндік берілген. Азаматтық кодексте, заң құжаттарында немесе өз еркімен қабылдаған міндеттемеде, шарт жасасу міндеті көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасасуға мәжбүрлеуге жол берілмейді Азаматық кодекстің 380 бабының 1- тармағы.

Шарт еркіндігі туралы норма азаматар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген азаматтық құықтарды өз қалауы бойынша пайдаланады деген ережесіне негізделген. Шарт еркіндігі азаматтық кодексте бекімін тапқан кәсіпкерлік қызмет еркіндігі мен және тұтынушылардың тауарлар иеленуге, жұмыстар мен қызметтер пайдалануға шарт жасасу еркіндігіне құқығымен үйлестікте болады. Шарт жасасу міндеті Азаматтық кодексте, егер мұнда жария шарт болса, коммерциялық ұйым үшін көзделген (387 бап) . Шарт жасасу міндеті еркімен қабылдаған міндеттемеден туындайтын жағдайларға алдын ала шар жасасу жатады. Азаматтық кодекстің 306 баптың 1- тармағына сәйкес кепіл ұстаушыға оның иеленуіне берілген кепілге салынған мүлікті сақтандыру міндеті шартпен немесе заң актілерімен жүктелуі мүмкін. Кепіл берушінің пайдалануында қалатын кепіл мүлкін сақтандыру кепіл берушіге жүктеледі.

Шарт еркіндігі принципі тараптардың заңдарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алатындығынан көрініс табады. Азматтық кодекстің 380 бабының 2- тармағы.

Тараптар заңда көзделммеген шараларды да жасаса алады, бұл ереже туындайтын жалпы ережеде «Азаматтық құқықтар мен міндеттер заңнамада

көзделген негіздерден, сондай -ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерінен пайда болады, өйткені ол әрекеттер азаматтық заңнамада көрсетілмегенімен, олардың жалпы негіздері мен мәні азаматтық құықтар мен міндеттерді тудырады»- делінген.

Бұл ереже Азаматтық құқықтың жалпы бастауына негізделген, ол жаратылысынан диспозитивті және бар қатынастарды да, болашақта болуы мүмкін қатынастарды да реттеуді көздейді. Бұл қазіргі Қазақстан экономикасының өтпелі кезеңі үшін аса маңызды, себебі күніне бір жаңа шарттың пайда болатынан көріп отырмыз.

Шарттың мазмұны . Заңдық факт деп саналатын шарттың мазмұнын оны жасасқан кезде тараптар құрастырған ережелер жиынтығы құрайды. Шарт ережелерін, егер тиісті ереженің мазмұны заңнамамен міндеттелген болмаса, тараптар өз қалауларымен анықтайды.

Шарт ережелерін анықтаудың жалпы принципі шарт еркіндігінен туындайды. Тараптар шарттың заңнамада тікелей тыйым салынғаннан басқа кез келген ережені анықтауға құқылы.

Тиісті ереженің мазмұны заңда тікелей міндеттелген болса (императивтік норма), тараптар оны өзгертүге құқылы емес. Олар ол нормаларды шартта қарастыруы да, қарастырмаы да мүмкін, бірақ оған қарамастан олар оны заңда көрсетілген қалпында орындауға міндетті. Азаматтық кодекс 383-бап.

Егер шарт ережелерінде дизпозитивтік норма көзделген болса тараптар оны қолданбауға немесе одан өзгеше ереже белгілеуге құқылы. Мысалы, Азаматтық кодекстің 285 бабына сәйкес екі немесе бірнеше әрекеттің бірін жасауға міндетті борышкерге, егер заңнамадан немесе міндеттеменің шарттарынан өзгеше туындамаса, таңдау құқығы беріледі. Сондықтан тараптар балама міндеттемені орындаудың өзге тәртібін қарастыра алады.

Азаматтық заңнамада императивтік нормалар көп емес. Олардың басым көпшілігі диспозитивтік нормалар. Ол шарт еркіндігіне сүйене отырып

тараптардың оның барлық ережелерін өздері анықтай алатындығымен байланысты. Тараптар шартта кез келген жағдайды қарастыруға құқылы, егер олар оны істемесе онда диспозитивтік нормалар қолданылады.

Қандай да бір ережені тараптардың өздері де, дизпозитивтік нормалар да қарастырмаған жағдайлар кездесуі мүмкін. Ондай, іскерлік айналым дағдысы бар болып, оны дәлелдеу мүмкін болса, сол жағдайда дағды басшылыққа алынады.

Шарттың елеулі ережелері . Шарт дегеніміз екі немесе бірнеше адамның келісімі, немесе бірнеше адамның келісіп ерік білдіруі. Әр шартта көптеген ережелер болуы мүмкін, олардың ішінен, егер келісілмесе шарт жасалды деп саналмайтындарын бөліп алу қажет. Бұл - шарттың елеулі ережесі. Азаматтық кодекстің 393- бабына сәйкес, тараптар арасында шарттың барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін формада келісімге қол жеткен кезде шарт жасалынады деп есептелінеді.

393- бап елеулі ережелердің тізбесін бермейді, тек жалпы тәртіпте олардың нышандарын атап өтеді.

Ережелердің елеулі болып табылатын үш тобын бөліп алуға болады, олар:

  1. Шарт нысаны туралы ережелер. Шарт нысаны анықталмайынша бірде бір шарт жасалған болып саналмайды;
  2. Заңнамада елеулі деп танылған ережелер. Мысалы, брокер-диллер мен оның клиенті арасында жасалған брокерлік шартта мыналар болуы тиіс:

А) шарт нысаны: номиналдық ұстаушы ретіндегі клиенттің тапсырмасы бойынша брокер-диллердің өз қызметін жүзеге асыруы;

Б) тараптардың, оның ішінде брокер-диллердің, клиенттің есепшоты туралы коммерциялық құпияны сақтау міндеттемесін қоса алғандағы, құқықтары мен міндеттері;

В) брокер-диллердің қызметін төлеудің мөлшері мен тәртібі;

Г) брокер-диллердің клиент алдында есеп беруінің формасы мен кезеңділігі;

Д) тараптардың шарт ережелерін бұзғандық үшін жауаптылығы. ;

Е) бағалы қағаздар бойынша табыс алудың және оны клиенттің есеп -шотына аударудың, сондай-ақ ақша қаражатын клиенттің бұйрығы бойынша төлеудің шарттары мен тәртібі (Қазақстан Республикасының 1997 жылға 5 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар мен мәмілелерді тіркеу туралы» заңы)

  1. Шарттардың осы түрі үшін қажетті ережелер, мысалы: мүдікті жалдау шартындағы жалдау ақысының мөлшері;
  2. Тараптардың біреуінің арызы бойынша оған қатысты келісім болуға тиіс ереже. Мысалы, жүк алушы шартта жүкті теміржолмен емес су көлігімен жеткізу туралы ереже болуын талап етеді. Ондай елеулі ережелер болмағандықтан немесе ондағы ержелер бойынша келісімге келмегендіктен шарттың заңсыз деп танылуы мәмілені заңсыз деп санау салдарына әкеледі.

Елеулі деп есептелмейтін нормативтік актілерде қаралмаған мәселелер бойынша әр жақтың келісімі. Елеуліден басқа шарттың дағдылы және кездейсоқ ережелерін бөліп алуға болады. Олардың ерекшелігі сонда, бұл ережелердің болған- болмағандығын шарттың заңдық күшіне әсер етпейді. Дағдылы ережелер заңнамада шарттардың осы түрі үшін дағдылы деп көзделгендіктен қолданылады және олар шартта бар-жоғына қарамастан қолданылады. Мысалы, баға туралы ереже дағдылы ережелер, негізінен диспозитивтік нормаларда көзделеді және ол шартқа ондағы бұл ережелер қандай да бір себептермен шешілмей қалғанда қолданылады.

Кездейсоқ ережелер . Шарттың бұл түріне тән емес және шартқа тараптардың өзара келісімі бойынша кіреді, мысалы, сатып алу-сату шартының нысанын сатып алушыға беру тәртібі туралы ереже, мердігерге жұмыыс істеу мерзімінен бұрын орындағаны және оның айрықша сапасы үшін қосымша сыйақы беру туралы жатады.

Бұл ережеледің бар-жоғы шартты жасалған деп тануға еш ықпал етпейді. Дағдылы ережелерге шарттың үлгі ережелерін жатқызуға болады. Үлгі ережелер шарттардың тиісті түрі үшін жасалынады және баспасөзде жариялануы тиіс. Азаматтық кодекстің 388 бабы.

Үлгі ережелерді тараптардың біреуі дайындаған шарттардың үлгілерімен бөліп қарау керек. Өнім өндіретіндер, жұмыс, қызмет орындайтындар, өз клиенттеріне шарт жобасын ұсынады. Үлгі ережелерінің мысалы ретінде Мұнай туралы заңның 26 бабында және Жер қойнауын пайдалану туралы жарлықтың бірінші бабында көзделген Модельдік контрактыны алуға болады. Үлгі ережелері қолданылуы үшін олар шартта көрсетілуі тиіс. Егер ондай сілтеме болмаса, үлгі ережелері іскерлік айналым дағдысы ретінде ғана қолданылады.

Шарт күшінде болған кезде оның ережелерін түсіндіру, яғни шартқа түсініктеме беру қажеттігі жиі туындайды. Азаматтық кодекстің 392 бабының 1 -тармағына сәйкес, сот шарт ережелерін түсіндірген кезде ондағы сөздер мен сөйлемдердің сөзбе-сөз мәні қабылданады.

Шарт ережесінің сөзбе-сөз мәні түсініксіз болған жағдайда, ол бүкіл шарттың басқа ережелермен және мағынасымен салыстыру арқылы анықталады. Егер осы көрсетілген ережелермен шарт мазмұнын анықтау мүмкін болмаса, Азаматтық кодекстің 392 бабының 2- тармағына сәйкес, шарт мақсаты ескеріле отырып, тараптардың шын мәніндегі ортақ еркі анықталуға тиіс. Бұл орайда шарт жасасу алдындағы келіссөздер мен хат алмасу тараптардың өзара қатынастарында орныққан тәжірибе, іскерлік қызмет дағдысы, тіптен олардың мінез-құлықтары да назарға алынады.

Шарт формасы мәмілелер формасы туралы ережеге сәйкес анықталады. Заңнама бойынша шарттың бүл түрін нотариалдық куәландыру қажет болмаса да шарттың нотариалдық формасы туралы тараптар өздері қарастыруы мүмкін. Бұл ретте мәміленің нотариалдық формасы туралы ереже

елеуліге айналады. Егер тараптар белгілі бір формада шарт жасасуға уағдаласса, заң бойынша шарттардың осы түрі үшін бұл форма талап етілмесе де, шарт оған уағдаласқан форма берілген кезден бастап жасалады деп есептеледі. Азаматтық кодекстің 394 баптың 1 тармағы.

2. Шарттың формасы және шарттың түрлері.

Шарттарды топтастыру әртүрлі негіздерде жүргізіледі. Міндеттемелер түралы мәселені қарастырғанда жүргізілген топтастыру да, атап айтқанда, тауарды беру, жұмыс жасау, қызмет көрсету сияқтылар шарттарға да қолданылуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқықтағы өтелмелі қызмет көрсету
Өтелмелі қызмет көрсету
Мердігерлік шарты жайында
Мердігерлік шарты туралы
МҮЛІКТІ ИЕЛІКТЕН АЛУДАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТМЕЛЕР
Мердігерлік шартының жауапкершілігі
Азаматтық құқық бойынша мердігерлік шартының ұғымы, мазмұны және формасы
Шарт жасасудың кезеңдері
Азаматтық құқықтағы мердігерлік ұғымы
Азаматтық құқық бойынша мердігерлік шарты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz