Ахмед Иүгінеки
1 Өмірбаяны
2 Мұралары
3 Ахмед Иүгінеки гуманизмі
4 Ахмед Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» еңбегі және ақынның әлеуметтік.саяси көзқарастары
5 Шығармалары:
6 Сілтемелер
7 Пайдаланған әдебиет

Ахмед Иүгінекидің ғұмыры, өмір сүрген ортасы туралы деректер тым тапшы. Зағип болып туып, фәни жалғанның жарық сәулесін көрмей бақиға озған Ахмед жастайынан ілім-білімге құмартып, түркі тілдері мен араб тілін жетік меңгерген. Шариғат қағидаларын жан-жақты зерттеп-танып, терең іліміне сай “Әдиб Ахмед” деген құрметті атқа ие болған. Ақыл-ойы толысып, діни танымы әбден кемелденген шағында Ахмед Иүгінеки қысқаша тақырыптарға бөліп, ислам құндылықтарына негізделген өлең-жырларын өмірге келтіре бастайды. Кейін бұл жәдігерліктердің басы біріктіріліп, “һибуат-ул-хақаиқ” (“Ақиқат сыйы”) деп аталатын дидактикалық өлеңдер жинағына айналған. Мазмұны, танымдық нәрі жағынан алғанда “Ақиқат сыйы” — Әбу Насыр әл-Фараби, Махмуд Қашқари, жылы Баласағұни, Қожа Ахмет Иасауи мұраларымен іштей астасып, 9 — 13 ғ. аралығындағы түркі дүниесінің рухани қазыналарының жарқын туындысына айналды.
Мұралары
Ахмет Иүгінекидің “Ақиқат сыйының” түпнұсқасы біздің заманымызға жетпей, біржолата жоғалып кеткен. Ахмед Иүгінеки мұрасының 14 — 15 ғасыр жасалған 3 түрлі көшірмесі, 3 түрлі үзіндісі бар. Оның ішінде ең ескісі — 1444 жылы Самарқанда Арыслан Қожа тархан Әмірдің қалауымен Зәйнүл Әбідін бин Сұлтан Бақыт Журжани Құсайын көшіріп жазған нұсқа. Көне ұйғыр, арагідік арабша хатқа түскен нұсқаның жалпы көлемі — 508 жол. Бұл мұра қазір Стамбұлдағы Айя-София кітапханасы қорында сақтаулы; 2-нұсқа Стамбұлда 1480 жылы Шайх зада Абд әр-Раззақтың ұйғыр және араб жазуымен көшірген, 506 жолдан тұратын үлгісі.

1 Қазақ энциклопедиясы
2 Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 ж., 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
3 "Қазақ энциклопедиясы"
4 Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2

Ахмед Иүгінеки, Югнаки Адиб Ахмед ибн Махмуд (12 ғасырдыңсоңы, Түркістан
өңірі — 13 ғасырдың басы, сонда) — ортағасырлық ақын, хакім, ойшыл.
Иүгінеки (қазақша Жүйнек) қаласында туып өскен.
Мазмұны
1 Өмірбаяны
2 Мұралары
3 Ахмед ИүHYPERLINK
"http:kk.wikipedia.orgwiki%D0% 98%D2%AF%D0%B3%D1%96%D0%BD%D0%B5%D0 %BA%
D0%B8_%D0%90%D1%85%D0%BC%D0%B5%D0% B4"гHYPERLINK

D0%B8_%D0%90%D1%85%D0%BC%D0%B5%D0% B4"інеки гуманизмі
4 Ахмед Йүгінекидің Ақиқат сыйы еңбегі жәHYPERLINK

D0%B8_%D0%90%D1%85%D0%BC%D0%B5%D0% B4"неHYPERLINK

D0%B8_%D0%90%D1%85%D0%BC%D0%B5%D0% B4" ақынның әлеуметтік-саяси
көзқарастары
5 Шығармалары:
6HYPERLINK

D0%B8_%D0%90%D1%85%D0%BC%D0%B5%D0% B4" СHYPERLINK

D0%B8_%D0%90%D1%85%D0%BC%D0%B5%D0% B4"ілтемелер
7 Пайдаланған әдебиет
Өмірбаяны
Ахмед Иүгінекидің ғұмыры, өмір сүрген ортасы туралы деректер тым тапшы.
Зағип болып туып, фәни жалғанның жарық сәулесін көрмей бақиға озған Ахмед
жастайынан ілім-білімге құмартып, түркі тілдері мен араб тілін жетік
меңгерген. Шариғат қағидаларын жан-жақты зерттеп-танып, терең іліміне сай
“Әдиб Ахмед” деген құрметті атқа ие болған. Ақыл-ойы толысып, діни танымы
әбден кемелденген шағында Ахмед Иүгінеки қысқаша тақырыптарға бөліп, ислам
құндылықтарына негізделген өлең-жырларын өмірге келтіре бастайды. Кейін бұл
жәдігерліктердің басы біріктіріліп, “һибуат-ул-хақаиқ” (“Ақиқат сыйы”) деп
аталатын дидактикалық өлеңдер жинағына айналған. Мазмұны, танымдық нәрі
жағынан алғанда “Ақиқат сыйы” — Әбу Насыр әл-Фараби, Махмуд Қашқари, жылы
Баласағұни, Қожа Ахмет Иасауи мұраларымен іштей астасып, 9 — 13 ғ.
аралығындағы түркі дүниесінің рухани қазыналарының жарқын туындысына
айналды.
Мұралары
Ахмет Иүгінекидің “Ақиқат сыйының” түпнұсқасы біздің заманымызға жетпей,
біржолата жоғалып кеткен. Ахмед Иүгінеки мұрасының 14 — 15 ғасыр жасалған 3
түрлі көшірмесі, 3 түрлі үзіндісі бар. Оның ішінде ең ескісі — 1444 жылы
Самарқанда Арыслан Қожа тархан Әмірдің қалауымен Зәйнүл Әбідін бин Сұлтан
Бақыт Журжани Құсайын көшіріп жазған нұсқа. Көне ұйғыр, арагідік арабша
хатқа түскен нұсқаның жалпы көлемі — 508 жол. Бұл мұра қазір Стамбұлдағы
Айя-София кітапханасы қорында сақтаулы; 2-нұсқа Стамбұлда 1480 жылы Шайх
зада Абд әр-Раззақтың ұйғыр және араб жазуымен көшірген, 506 жолдан тұратын
үлгісі. Парсыша, тәжікше түсініктемелері бар, Стамбұлдағы Айя — София
кітапханасында сақтаулы бұл жәдігерлікті Н. Әсім 1915 жылы, ал қаласының
Маһмудов 1972 жылы алғаш жариялаған; “Ақиқат сыйының” үшінші арабша нұсқасы
14 ғасырдыңақырында, немесе 15 ғасырдыңбасында 524 жол өлең көлемінде
көшірілген. Ол Стамбұлдағы Топ-Қапы сарайында сақтаулы. Сол сияқты “Ұзын
көпірдегі Сейіт Әлі” деген кісінің кітапханасынан табылып, Анкара
кітапханасына табыс етіліп, кейін мүлдем жоғалып кеткен Ахмед Иүгінеки
мұралары туралы дерек бар. Анкарадағы Маариф кітапханасынан табылған
(көлемі 4 бет), Берлин Ғылым Академиясында сақтаулы тұрған (1 бет) өзге
нұсқалардың із-жосықтары Ахмет Иүгінеки. еңбектерінің қаншалықты кең
көлемде таралғанын дәлелдей түседі. “Ақиқат сыйының” бірнеше нұсқасын
тауып, зерттеп, жариялауда — Н. Әсім, Р. Арат (Түркия), В. Радлов (Ресей),
Т. Ковальский (Польша), жылы Дени (Франция), Х. Сүйіншәлиев, Ғ. Айдаров, Ә.
Құрышжанов, М. Томанов, Б. Сағындықов (Қазақстан), Н. Маллаев, қаласының
Маһмудов, С. Мутталибов (Өзбекстан) т.б. шығыстанушы ғалымдардың еңбегі
зор. Ахмед Иүгінеки “Ақиқат сыйының” 14 ғасырдағы түпнұсқасының
фотокөшірмесі, транскрипциясы қазақ тіліне қара сөзбен жолма-жол және
өлеңмен аударылып, 1985 жылы жарық көрді.
Ахмед Иүгінеки өз шығармаларында дүние жаратылысы мәселелерін ислам
қағидалары негізінде түсіндіреді. “Барлық нәрсе бір Алланың еркінде”
екендігін және оның даралығын дәріптейді. Сол үшін де ақын мәңгілік өлім
ұғымы жоқ, ол өмірмен алмасып отырады дейді: “Жоқ едім. Жараттың. Және жоқ
қылып, екінші бар етерсің” немесе “Өліні тірі, тіріні өлі етеді”. Ал
тірліктің өлшемін білім арқылы белгілейді. Яғни, білімдіден пайда бар,
пайдалы нәрсе — тірі, ал пайдасыздық — бос, өлі нәрсе. Олай болса, білім
арқылы мәңгілік өмірге қол жеткізуге болады, өйткені “білімдінің өзі өлуі”
мүмкін, бірақ “аты өлмейді”. Ахмед Иүгінеки үшін білім — көп білу емес,
таным, ақиқатты білу. Ал ақиқаттың негізі Аллада болса, оны да “білім
арқылы тануға” болады. “Бақыт жолы білім арқылы білінеді”. Білім ойдан,
ізденуден шықса, оның пішіні — сөз. Тіл — жаратушымен байланыстырушы құрал,
адам “күн сайын ерте тұрып, тілге жүгіну арқылы құлшылық етеді”. Бірақ сөз
адамға пайдасымен қатар зиянын да тигізуі мүмкін, ол тағы да адамның өзіне
байланысты. Сөз адамның ойлау қабілеті мен адамгершілік бейнесін
бедерлейді. Ахмед Иүгінеки пайдалы мен пайдасыздың, ақиқат пен жалғанның
нарқын өкініш айыратындығын “Қандай іс істесе де білімсіздің еншісі — енші,
оған одан басқа өкініш жоқ”, “Көп сөйлеген көп өкінеді”, “Ашкөздіктің соңы
— өкініш, қайғы-қасірет” деген жолдары арқылы байқатады. Өкініш мұнда этик.
нормалардың ара-жігін ажыратушы ұғым. Осы ұғымға сүйене отырып, біз Ахмет
Иүгінекидің этикалық көзқарастарын анықтай аламыз. Ахмед Иүгінеки үшін бұл
дүниеде тұрақты ешнәрсе жоқ, бәрі де өзгереді. “Жас қартаяды, жаңа
ескіреді”, “Барлық толған нәрсе азаяды, түгел кемиді”. Сол себепті бұл
дүниенің қызығы да жалған, өткінші. Мұнда “менікі” деген жоқ. Өйткені
“менікі дегенің ” ертең “өзгелердің еншісі” болып шығады. Сондықтан
дүниеқорлық пен ашкөздік адамға бос бейнет әкеледі, ал оны ойлай берсең, ол
сенің тек “уайым-қайғыңды көбейтеді, одан да еңбек ет деп тұжырымдайды.
Кішіпейілділік пен жомарттықты, сабырлылық пен көнбістікті мадақтайды.
Ахмед Иүгінеки гуманизмі
Ахмед Иүгінеки гуманизмі діни этикалық қағидалармен қабысып жатады: “Біреу
зәбір-жапа жасаса, қарымына рахат көрсет. Өйткені қанды қанмен қанша жусаң
да тазармайды. Адамгершіліктің басы — осы”. Яғни, зұлымдық зұлымдықты
тудырады деген қағиданы хадистерінің қазығы ете отырып, кешірімді болғанды
хош көреді: “Бір айыпқа бола бас кесуші дүниеде тірі адамсыз қалады” дейді.
Бірақ дүние мен адамдардың кемелсіздігіне орай айтылған “Мың досың болсын
мейлі, біреуі де адал емес”, “Дүние бір қолмен бал, бір қолмен у ұстатады”
немесе “Шырақ, сырың өзіңде сақталып тұрмаса, досыңда сақтала ма?” деген
сөздерінен үмітсіздік сарындар да аңғарылып қалады. Ахмет Иүгінекидің нақыл
сөздері түркі жұртында бүгінге дейін мақал-мәтел түрінде сақталып, айтылып
келеді.[1]
Ахмед Йүгінекидің Ақиқат сыйы еңбегі және ақынның әлеуметтік-саяси
көзқарастары
Адамзат тарихындағы прогресс ғылымның дамуымен өлшенетіні белгілі. Ғылымның
дамуындағы негізгі сипаттамалар мен заңдылықтар әлеуметтік-мәдени контексте
қарастырылып, ғылымның мақсаты, алынған нәтижелерінің маңыздылығы
анықталады. Қоғам және оның мәдени жағдайы ғылыми-зерттеушілік процестерге
бағынышты. Дарындылар шығармашылығы әлемдік мәдениеттің дамуы, жетістіктер
шыңының әрбір тарихи прогресінің өлшемі болып табылады. Осы шығармашылықта
барлық құнды және маңызды, адамзаттың ғылымдағы, өнердегі, тәжірибелік
қызметтегі жетістіктері көрініс табады. Олардың идеялары, өнер туындылары,
азаматтардың ұмтылыстарын білу арқылы, біз олардың сол дәуірдегі
дүниетанымын танимыз. Өз дәуірінің танымал тұлғалары қалыптастырған
шығармашылық еңбектері өзі өмір сүрген кезеңнің бейнесін береді. Ал, ғылым
– жаңа идеяларды алға жылжытушы ғалымдар қызметінің нәтижесі болып
табылады. Олардың мақсаты біреу ғана, ол – ғылыми жаңалық ашу. Олар қоғамға
қажетті ерекше өнім, яғни, жаңа ғылыми білімдер қалыптастырады. Саяси
ғылымдар мен саяси білім беру жүйесінде саяси ілімдер тарихы жеке ғылым
және оқу пәні болып табылады. Берілген саясаттанулық дисциплина шеңберінде
осы ғылымның пәні ерекше түрде зерттеледі. Саясат туралы тереңдетілген
білімді берудегі тарихи процесінің логикалы-түсініктік көзқарастары көрініс
табады. Саясат пен билік, мемлекет пен саяси жүйе, саяси теориялардың
тарихы туралы теориялық білімнің пайда болуы мен дамуының тарихы қамтылады.
Сондықтан саяси ілімдер тарихының пәнінен тыс түрлі ойшылдар мен саяси
қайраткерлердің пікірлері мен ұстанымдары жеке теориялар деңгейінде дами
түседі. Саяси ілімдердің өткені мен қазіргісін саясаттанулық талдаудың
жалпы жиынтығында ол ерекше орынға ие. Саяси ойдың қазіргі ілімдері мен
теорияларының дамуына ортағасырлық Шығыс ойшылдарының еңбектері айтарлықтай
ықпал етті. әл-Кинди, әл-Бируни, әл-Фараби, Ахмет Яссауи, Ибн Сина, О.
Хайям, Низами, Ә. Науаи сынды осы кезеңнің көрнекті өкілдерінің саяси
көзқарастары саяси ілімдер тарихында кеңінен қолданылады. Ендеше, осы
мақаламызда Ахмед Йүгінеки (кей әдебиеттерде Жүйнеки деп аталады) жазған
Ақиқат сыйы еңбегінің ғылыми мұрасы адамзаттың саяси ойларының дамуына өз
әсерін тигізетіндігі және шығармадағы әлеуметтік-саяси көзқарастар туралы
жазылады. Аталмыш шығарма өлең түрінде жазылған дастан және оның негізгі
мазмұны тәлім-тәрбие беретін дидактикалық ойларға құрылған философиялық
толғау болып табылады және имандылық пен адамгершілік туралы ойларға тола
танымдық және насихаттық сипаттарға ие. Сөз басында айтарымыз, А. Йүгінеки
билік үшін күрескен, халықты басқаруға ұмтылған, оларға үстемдік жүргізгісі
келген саясаткер емес. Ол өз дәуірінің ғылыми мәдениетіне тән ойы бар
жоғарғы дәрежедегі интеллектуал ойшыл. Өз ортасының білімпазы есебінде ол
Әдиб Ахмед деген атақты да иеленеді. Бұл арабшадан аударғанда тәрбиелі,
оқымысты, жазушы, әдебиетші деген мағынаны береді. Сонымен қатар, ол
Йүгінекидің лақап аты ретінде де қолданылған. Түркістан шаҺарының күнбатыс
бүйірінде көне Йүгінек (Югнек) қыстағында туып өскен, өзінің Ақиқат сыйы
(Хибатул-хакоик) дастанымен даңқы жайылған Ахмед Йүгінеки (Югнеки)
ертедегі түркі поэзиясының көрнекті өкілі сипатында әлемдік әдебиет
жұртшылығына көптен таныс. Оның өмірі мен шығармашылығы жөнінде түркі,
орыс, өзбек ғалымдары арнаулы зерттеулер жазған. Ахмед Йүгінеки есімі
энциклопедиялар мен әдебиет тарихы кітаптарында да тұрақты аталады.
Зерттеушілер Ахмед Йүгінекидің туған, өлген жылдарын дәл басып айта
алмайды. Ақын жөнінде мағлұмат тым аз сақталған. А. Йүгінекидің өмір кешкен
заманын ХІІ ғасырдың ақыры мен ХІІІ ғасырдың басы деген тұжырым шындыққа
жақын болса керек. Ғасырлар тереңінен еміс-еміс жеткен деректер Ахмедтің
көзі көрмейтін зағип болғанын, өзінің зерек, зерделілігінің арқасында ғана
ізденіп, білім жиғанын, түркі тілдерін, араб тілін меңгергенін, өз кезінің
ең білімдар адамдарының бірі болғанын мәлімдейді. Ал ақынның көлемі бес жүз
жолдан артық Ақиқат сыйы дастанының көшірме нұсқалары Стамбұл, Анкара,
Самарқан кітапханаларында сақталған. Ақын шығармасындағы алғашқы сөзін
мейірімді, рахымды Аллаға шексіз мадақ айтумен бастап, Мұхаммед Пайғамбар
(с.ғ.с.) хадистерін пайдаланады. Сондықтан, Ахмед Йүгінекидің әлеуметтік
көзқарастарындағы ең басты және негізгі орын әлемді жаратушы Алла тағалаға
арналады. Ол адамзаттың ақиқатқа жету жолында осы қоғамды жаратушы Алла деп
тануын және барлық әлеуметтік болмыстың базалық негізі ретінде есептейді.
Бұл ерекшелік Ахмед Йүгінеки заманында өмір сүрген ойшылдар М.Қашғари,
Ж.Баласағұн, Ахмед Ясауи еңбектерінде Дидактикалық сипаттағы өлеңнің
бірінші бөлігі білімнің пайдасы мен надандықтың зияны туралы ақыл сөздерден
басталады. Екінші бөлімде тілдің маңызы, сөйлеу мәдениетін дамыту жөнінде
кеңестер берсе, үшінші бөлімде дүниенің бір қалыпта тұрмай, өзгеріп
тұратындығы сөз болады. Дастан жомарттықты, қарапайымдылықты, сыпайылықты,
өршілдікті дәріптеп, менмендік пен надандықты, сараңдық пен дөрекілікті
айыптайды. Автор сол замандағы адамдардың осы іспеттес ұнамды, ұнамсыз
моральдық-этикалық ерекшеліктерін атап қана қоймай, сонымен бірге мінез-
құлықтың жақсы қасиеттерін қалайша тәрбиелеу, сондай-ақ оның теріс
қасиеттерін жою жөнінде бірсыпыра пайдалы кеңестер мен ұсыныстар береді
(Егер өкіметке қолың жетсе, мақтанба, Бастық болсаң, жайсаң бол, кәріге
де, жасқа да құрмет көрсет, Айтар лебізіңді алдымен ойлап ал, т.т.).
Осындай ұлағатты лебіздер бейнелі салыстырулар мен теңеулерге, нақылдар мен
мақалдар-мәтелдерге толы. Білімдінің сөзі үгіт, насихат, үгіт-өнеге, -
дейді бір сөзінде білімдар ақын. Бақыт жолы білім арқылы білінетіні,
білімді азамат қоғам үшін бағалы, ал білімсіз наданның құны жоқ екендігі
туралы баян етеді. Демек, білімді салғыртсынбай үйрену арқылы қоғам
өмірінің алға жылжитындығына көзімізді жеткізеді. Азаматтарға сөзбен ықпал
ету тек білімдінің қолынан келетіндігін түсінеміз. Жалпы қоғамның даму
сатыларына, әсіресе, біздің өткен тарихымыздағы қоғам мүшелері үшін
данышпандардың сөздері жоғары дәрежеде өз әсерін тигізді. Өлең, толғауларда
елдің қорғаныс қабілетін нығайту, ел іргесін берік ағайындар ұжымымен күшті
болуы насихатталды. Өмір туралы, атамекен, туған елдің әлеуметтік және
қоғамдық жағдайы жырланып, жағымды, жағымсыз тұстары, қатерлері мен
мүмкіндіктері суреттелген керемет туындылары бүгінгі күнге дейін жеткендігі
көңілімізді қуантады. Егер өкіметке қолың жетсе, мақтанба, Бастық
болсаң, жайсаң бол, кәріге де, жасқа да құрмет көрсет, - деген пікірлері
сол кезеңдегі басшыларға айтылған кеңесі секілді. Осыдан Ақиқат сыйында
айтылатын лидерлік феноменіне қызығушылығымыз туындайды. Әлеуметтік
процестегі басшы, лидердің орны мен рөлі, тарихтағы объективті және
субъективті факторлар диалектикасы мен қоғамдық өмір диалектикасын айқындау
шығарманы оқу барысынан кейін орын алады. Бүгінгі күнде лидерлік мәселесі
барлық ғылымдарда толыққанды зерттелуде. Мәселен, психология лидердің
тұлғалық ерекшеліктерін зерттейді. Әлеуметтану лидерлікті әлеуметтік
жүйенің негізінде қарастырады. Әлеуметтік психология лидерлікті әлеуметтік
және психологиялық факторлардың өзара қызметтік процесі ретінде зерттейді.
Ал саясаттану саяси лидерлікті билік феномені ретінде қарастыра келе, оның
табиғатын, қызмет ету механизмдерін, қоғамға ықпалын зерттейді. Сонымен
бірге, тиімді басқарудың әдістері мен тәжірибелік ұсыныстары айқындала
түседі. Жалпы қазіргі әлемдегі қоғамдық дамудың маңызды мәселесі ретінде
саяси лидерлікті түсіну болып табылады. Саясат өзіндік қажеттіліктері мен
мүдделері, идеалдары, білімдері, тәжірибесі, құндылықтары, эмоциялары мен
мәдениеті бар субъектілер мен объектілерден құралады. Сонымен бірге,
лидерліктің саяси салада саяси басқару негізінде түсінілетіні белгілі.
Саяси лидерліктің мәселесі нақты саяси шарттар мен бостандықтар
қалыптасқанда ғана айқындала түседі. Қазіргі оқырман А. Йүгінекидің осы
көзқарасы арқылы сол кезеңдегі басшылар үшін қажет ұстаным екенін айқындап,
оның қазіргі күндегі негізгі биліктік ұғымдарға жат еместігін ұғынамыз. Осы
түсінікке сипаттама беруде лидерлікті ұстап қалу және иеленудегі
заңдылықтар А. Йүгінеки пікірінше жайсаңдылық пен құрмет етушіліктен
ажырамайды. Ал оның ажырамас негізгі алғышарттары ретінде қазіргі қоғам
саяси плюрализм, көппартиялық, партия ішілік және партияның сыртқы қызметін
таниды. Еңбектегі ... дүниенің зұлымдық пен жамандыққа толуы, құлшылықтың
риякерлікке айналуы, мұсылмандардың көр еліктеушілікке (тақлит) салынуы,
мешіттердің қаңырап қалуы, шарапханалардың толып-тасуы, ғалымдардың амал-
істен, захидтердің күнәдан, даналардың (арифтердің) ракс пен самадан
(зікір салудан) қолы тимеу, жамандық-індеттің жайылуы сияқты наразылықтары
мен жан айқайы сол дәуірдің саяси-әлеуметтік тұрақсыздығынан көрініс
береді. Қазіргі қоғамда ынтымақтастықты қалыптастырудың негізгі факторы
ретінде саяси тұрақтылықты атай аламыз. Саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету
саяси институттардың маңызды қызметі болып табылады. Осы мақсаттарды
орындауда билік орындары түрлі саяси механизмдерді қолданады. Тұрақтылық
түсінігін саяси жүйеде қолдану барысында ол ішкі және сыртқы өзгерістер
шарттарында өз құрылымын сақтап, тиімді қызмет пен дамуға жол ашатын ұғымды
білдіреді. Теорияға сәйкес, тұрақты саяси құрылым қоғамның көп бөлігі сол
жүйені қолдауда жоғары деңгей танытумен қатар, билік пен халық арасындағы
қатынастардың келісімдік түрде жүргізілуін айшықтайды. Қоғамдық өзгерістер
мен тұрақтылықтың арақатынасы мәселесі саяси ғылымдардағы өзектілердің бірі
болып саналады. Саяси және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету
реформаларды бұқараның толық қолдауы арқылы орын алады. Кез келген жүйенің
абсолютті түрде тұрақтылығы ғылыми және тәжірибелік тұрғыда
дәйектелмегендіктен, ол мүмкін емес. Сондықтан оны құрайтын элементтерінің
толық қозғалысына кедергі келтірумен бірге, сыртқы ықпалдардан ажырайды.
Дегенмен, қазіргі саяси ғылымдарда тұрақтылықтың жоғары дәрежедегі жүйелері
де айқындалған. Ақынның жоғарыда айтылған ойлары арқылы біз бүгінгі қоғам
үшін ең негізгі қажеттілік саяси тұрақтылық екенін түсінеміз. Шығармаға
қатысты адамзаттың материалды және рухани саласындағы эталондық құндылықтар
жүйесіндегі жетістік жиынтығындағы мәдениетін де атап өте аламыз. Мәдениет
жетістіктеріне жету жолында бұл шығармада көптеген ой-пікірлер айтылған.
Сондықтан ақынның әлеуметтік-саяси көзқарастарында сол кезеңнің саяси
мәдениетіндегі олқылықтар туралы айтылып, оң нәтижелерге ұмтылуды қоғам
мүшелеріне жүктейді. Ақын мәдениеттің жалпы органикалық бөлігін құрайтын
түсініктерді қалыптастыруға тырысады. Сонымен бірге, Ахмедтің дүниеге
көзқарасының бұқарашылық сипаты мына тұжырымдардан жақсы байқалады:
әкімдердің игі жұмсақ, ақ көңіл екен деп сеніп қалуға болмайды, олардан
әрдайым сақтанып жүру керек, өйткені олардың қолында шексіз күшті билік
бар: кейде тіпті қалжыңқойдың зілсіз, бейкүнә қалжыңының өзі оның басын
жұтар болар, пайдасыз дау-шар мен қалжыңнан аулақ бол. Жүйнекидің этикалық-
педагогикалық ой-толғамдары кейде нақты әлеуметтік жағдайлардан тыс
пайымдалғанмен, бұларда адамгершілік ізгі мұраттардың, жалпы адамзаттың
мінез-құлық нормалары мен қағидалардың гуманистік көріністері айқын
аңғарылады. Ата-бабаларымыздың өміртанымы мен өсиетін меңгеру, тілін
түсіну тез арада тындыра салатын шаруа емес. Ол тыңғылықты іздену мен
қажырлы еңбекті талап етеді.Бұл шығарманың бүгінгі жастарды патриоттық
сезімде тәрбиелеудегі маңызы зор деп атап өте аламыз. Өйткені, бүгінгі
Қазақстанның даму шарттарында отансүйгіштікке тәрбиелеу маңызды шаруа болып
табылмақ. Сондықтан Ақиқат сыйы еңбегінің Қазақстандағы патриотизмді
тәрбиелеу мен қалыптастыруда құнды еңбек екенін атап өтуіміз қажет. Осыған
байланысты қазіргі Қазақстандағы қоғамды біріктірудегі негізгі фактор және
тұрақтылықты қамтамасыз ету мен мемлекеттілікті бекітуде патриотизмнің орны
зор. Сондықтан бүгінгі күндегі патриоттық тәрбие қазақстандық азаматтардың
саяси санасындағы ең негізгі мәселе болып табылмақ. Патриотизм (гректің
πατριώτης – отандас, жерлес, πατρίς - отан) түсінігінің негізгі мәні әр
азаматтың ұлтын, Отанын сүюден туындайтын саяси принцип және әлеуметтік
сезім. Патриотизм Отанының жетістіктері мен мәдениетінің ерекшеліктерін
мақтан тұтып, оның құндылықтарын сақтаумен сипатталады. Оның тарихи қайнар
көзі тіл мен дәстүрде бекітілген құндылықтарда жатыр. Ұлт пен ұлттық
мемлекетті құру шарттарында патриотизм мемлекет дамуының жалпыұлттық
сәттерін танытатын қоғамдық сананың бір бөлігі болып табылмақ. Өзінің
тарихи даму ерекшеліктеріне қарай патриотизм бірнеше формаларда көрініс
табады: полистік патриотизм – антикалық қала-мемлекеттерде орын алды;
империялық патриотизм – империя және оның ұкіметіне лоялдылықты көрсететін
сезімдік белгі; этникалық патриотизм (ұлтшылдық) – өз халқына деген сезім;
мемлекеттік патриотизм – мемлекетке деген махаббат сезімі; ура-патриотизм –
мемлекет пен оның халықтарына бағытталған сезім. Жалпы бұл түсініктің өзі
әр түрлі анықтамалар арқылы өз дәуіріне сай түсініліп отырған. Антикалық
дәуірде patria термині (Отан) тек туған қала-мемлекетке байланысты
қолданыста болды. Рим империясындағы патриотизм жергілікті полистік
патриотизм мен империялық патриотизммен шектелді. Полистік патриотизм түрлі
жергілікті діни өкілдерден қолдау тапты. Орта ғасырларда бұл термин
азаматтар ұжымына лоялдылықты білдірді. Американдық және француздық
буржуазиялық революциялар дәуірінде бұл ұғым ұлтшылдықпен байланысты
болды. Осы себептерге байланысты Франция мен Америкада бұл түсінік
революционер ұғымымен синонимдес болды. Патриотизм түсінігіне кең түрде
анықтамалар берілгенімен, оның жалпы сипатына қатысты нақты анықтамалар
жоқ. Мәселен, С.И. Ожеговтың редакциясында жарық көрген сөздікте:
Патриотизм - өз Отанына, халқына деген адалдық пен махаббат, - деп
анықтама берілген. Философиялық сөздікте: Адамгершілік және саяси принцип,
әлеуметтік сезім. Оның мазмұны – Отанға сүйіспеншілік, оған адалдық, оның
өткені мен қазіргісіне деген мақтаныш, Отан мүддесін қорғауға құлшыныс, -
делінген. Дегенмен, патриот түсінігіне біз түрлі мазмұнда анықтамалар
берілгендіктен, патриотизм сипатына жан-жақты нұсқадағы түсініктемелер
ұсынылады. Бұл аталмыш құбылыстың күрделі табиғатымен түсіндіріліп,
мазмұнының көп қырлылығымен сипатталады. Сонымен бірге, патриотизм
мәселесін білім берудің барлық салаларын қамтыған және Отанға деген
қатынастағы авторлардың тарихи, әлеуметтік-экономикалық, саяси
шарттарындағы азаматтық көзқарастары негізінде қарастырылады. Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылы Қазақстан халықтары
Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде: Ұлттың бәсекеге
қабілеттілігінің аса маңызды шарты – бұл әлемдік бәсекелестік үдерісінде
табысқа жетуге мүмкіндік беретін күшті рух пен білім, - деп пайымдайды.
Сонымен қатар, Елбасымыз қазақстандық патриотизм сияқты ұлт табысының
маңызды құрамдасына тоқталып кетеді. Бұл өз Отаның мен жеріңе деген
сүйіспеншілік, оның тарихы мен мәдениетіне деген зор құрмет, әркімнің өз
күш-жігеріне деген сенімі мен барша қоғамның топтасуы. Бұл бүгін тұрғызылып
жатқан өз еліңнің тарихына қатыстылықтың және оның болашағы үшін
жауаптылықтың жоғары сезімі. Бұл әрбір қазақстандықтың табыстары үшін
мақтаныш және қандай тұрғыда болғанына қарамастан өз салаңда табыстарға қол
жеткізу ниеті. Және бұл табысты әркім Отанына бағыштап, әлемде оның даңқын
асыруы, беделін көтеруі тиіс. Патриотизмді, әсіресе жастардың арасында,
біздің балалардың бойында барша қоғамның ортақ күш-қуатымен қалыптастыру
керек. Біздің әр азаматтың табысы және халықаралық тұрғыда мойындалуы – бұл
баға жеткізгісіз капитал, барша қазақстандықтардың мақтанатын нәрсесі және
байлығы екендігі сөзсіз. Осындай үлгілермен ұлттың рухын көтеру керек! Өз
Отаныңның патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегіңде ұялату. Мен сіздерді
осыған шақырамын. Патриотизм мәнін толықтай түсінбеушілік біздің тарихымыз
бен мәдениетіміз, тұрақтылықты қамтамасыз ететін қоғамның саяси дамуының
стратегиясына қатынастары негізінде анықтай алмаймыз. Дегенмен,
патриотизмды қалыптастыру бұл ситуативтік жоспардағы мәселе емес. Бұл
еліміздің саяси жүйесін алға қарай демократияландыру жолындағы түрлі
әлеуметтік топтарды біріктіруге бағытталған үнемі қозғалыстағы фактор.
Сондықтан бүгінгі шарттарда жоғары патриоттық сананың қалыптасуына ықпал
ететін кешенді іс-әрекеттер қажет. Бүгінгі шарттарда мемлекеттілікті
патриотизм негіздерімен қалыптастыру қоғамның модернизациялануына ықпал
етуімен қатар, оның қауіпсіздігін де қамтамасыз етеді. Бірақ, ұлттық
құндылықтары айқындалған мемлекет те ғана ұлттың өзін-өзі тану, ұлттық
мақтаныш сезімдері туындайды. Сондықтан осы процестегі жетекші рөл
патриоттық тәрбие берудегі нормативті-құқықтық базаларға толықтай сүйенген
мемлекет институттарына жүктеледі. Қоғамдық ұйымдар патриоттық жұмыстар
жүргізуде ұйымдастырушылық, құқықтық және экономикалық қиыншылықтарға
ұрынатыны жасырын емес. Оларға мемлекеттің тікелей белсенді көмегі қажет.
Көптеген қоғамдық ұйымдар мәселені өзіндік көзқарастармен бағалап, көп
бөлігі патриоттық тәрбие беру жүйесіне араласпайды. Осыған сәйкес, мемлекет
патриоттық тәрбие беруде азаматтық қоғам институттарын араластыруы қажет.
Патриотизмге тәрбиелеуде ерекше рөлді білім беру атқарады. Осыған
байланысты, бүгінгі күнде патриоттық тәрбие берудің сапасын жоғарылатуда
білім ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz