Visual basic ортасында программалау


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
XXI ғасыр ақпараттық технологиялар ғасыры. Сондықтан да біздің өмірімізбен байланысты кез-келген оқиға, кез-келген дүние автоматтандырылып, құнды ақпарат көзіне айналып, компьютер деген машинаның өңделуіне түсіп, жік-жікке бөлінуде. Қазіргі кезеңнің ерекшелігі үлкен көлемдегі материалдық және шикізат ресурстарын пайдалануға негізделген индустриалды экономикадан, негізгі ресурсы ақпарат болып табылатын информациялық экономикаға өту. Информатика мамандары қоғамдағы информация рөлінің күшеюін бір ауыздан мойындап отыр. Оның статусы өзгеруде. Ақпарат бара-бара қоғамдық әл-ауқат деңгейін анықтайтын шешуші факторға айналуда. Ол бизнестің стратегиялық ресурсы болып қалыптасып келеді.
Бізді қоршаған ортада әрқашан қозғалыста болатын ақпараттар жиындары өте үлкен. Уақыт өтуімен олар арту тенденциясына ие. Сондықтан кез келген үлкен немесе кіші ұйымдарда нәтижелі жұмыстарды қамтамасыз ететін мәліметтерді басқару мәселесі туады. Кейбір ұйымдар бұл үшін папкалардан тұратын шкафтарды пайдаланады, бірақ көпшілік ұйымдар компьтерленген мүмкіншіліктерін жоғары бағалайды. Қазіргі күнде көпшілік қаржы ұйымдары, өнеркәсіптер, сауда-саттық және т. б. ұйымдар мәліметтер қорысыз жұмыс істеуі өте қиын. Мәліметтер қоры болмағанда олар ақпараттар көшкінінде жай ғана тұншығып қалар еді.
Үлкен көлемдегі сақталған ақпараттарды қолдану, жүйелік құрылғылардың дамуынан басқа, мәліметтерді тасымалдау құралдары, жады үшін адам мен ЭЕМ арасында диалогты қамтамасыз ететін, файлдарды оқу үшін, сақталған мәліметтерді модификациялауда жаңа мәліметтерді қосу немесе сақталынған мәліметтер негізінде шешім қабылдау үшін мүмкіншіліктер туғызуы керек.
Тарау І. Visual Basic ортасында программалау
1. 1 Батырмалары бар саймандар панелі
Visual Basic жүйесінің қосымша мүмкіндіктері. Visual Basic жобалау жүйесі бізге өзіміздің қосымшамызға әр түрлі бағалы сапалық қасиеттер беруге кең мүмкіншілік береді.
Берілген бұл кезеңде осы мүмкіндіктердің тек бір бөлігін ғана, ал осы кезеңде жалпы қызмет атқаратын басқару объектілерін жасау үшін Visual Basic жобалау жүйесі саймандарының қосымша жиынын қарастырамын.
Жобаның басты панелі мәзіріндегі Project пунктінің Components командасын таңдағаннан кейін, ашылатын Controls тізіміндегі мына төмендегі үш қатарды жалаушалармен белгілейміз:
- Microsoft Windows Common Controls 6. 0
- Microsoft Windows Common Controls-2 6. 0
- Microsoft Windows Common Controls-3 6. 0
OK батырмасын шерткеннен кейін ToolBox терезесінде пиктограммалары төменде келтірілген 15 жаңа элемент пайда болады. Бұл саймандар жалпы қызмет атқаратын басқару объектілерін жасауға арналған.
Осы саймандардың аттары және пиктограммалары мына төменде келтірілген.
1 - кесте

Белгі жолағы
(TabStrip)
Сырғытпа
(Slider)
Саймандар сызғышы
(ToolBar)
Бейнелердің аралас терезесі
(ImageCombo)
Күй қатары
(StatusBar)
Анимация
(Animation)
Процесс жолағы
(ProgressBar)
Үлкен-кіші
(UpDown)
Бұтақты шолу
(TreeView)
Күнтізбені шолу
(MonthView)
Датаны және уақытты таңдау
(DateTimePicker)
Бейнелер тізімі
(ImageList)
Жақсартылған айналдыру жолағы
(FlatScrollBar)
1. 2 Айналдыру жолағының және сырғытпаның көмегімен мәндерді орнату
Горизонталь және вертикаль айналдыру жолақтары басқару объектілері. Осы элементтерді (HscroolBar) және (VscroolBar) жасауға рналған екі сайманды біз ToolBox стандартты жиынынан таба аламыз.
Олардың көмегімен жасалатын объектілер кейбір терезелерде немесе өрістерде бар айналдыру жолақтарына өте ұқсас.
Егер осы өрістің ішіндегісі оның шекарасынан шығып кететін болса, онда мәтіндік өрістің шеттерінде айналдыру жолақтарының пайда болатындығын білеміз. Бұл үшін осы өрістің кейбір қасиеттеріне (MultiLine және ScroolBars) сәйкес мәндер орнатылуы тиіс. HscroolBar және VscroolBar объектілері өз бетінше бар болады, яғни олар ешқандай терезелерге байланыстырылмайды. Олар қандай да бір шаманың сандық мәндерін орнату үшін қолданылады.
формаға орналастырылған HscrollBar объектісінің түрі.
Осы объектінің көмегімен мәндерді орнатудың үш тәсілі бар:
- екі шеткі батырмалардың бірін шерту арқылы;
- жүгіртпені тышқанмен тасымалдау арқылы (жолақтың батырмаларының арасындағы объект) ;
- жүгіртпе мен батырмалар арасындағы екі аймақтың бірін шерту арқылы.
Вертикаль айналдыру жолағымен (VscroolBar) де мәндер дәл солай орнатылады.
Объектілердің келесі деректерінің қасиеттері пайдаланылады:
- Value - айналдыру жолағындағы жүгіртпенің орнымен анықталатын мән;
- Min - жүгіртпенің не шеткі сол жақтағы, не шеткі жоғарғы жақтағы орнымен анықталатын ең кіші мәні;
- Max - жүгіртпенің не шеткі оң жақтағы, не шеткі төменгі жақтағы орнымен анықталатын ең үлкен мәні;
- SmallChange - жолақтың шетіндегі батырмаларының бірін шерткенде Value қасиетінің мәні өзгертетін шама;
- LargeChange - шеткі батырмалардың бірі мен жүгіртпенің арасындағы аймақты шерткенде Value қасиетінің мәні өзгеретін шама.
Көрсетілген қасиеттің мәнін программаның жұмыс процесі кезінде өзгерту керек - ол үшін берілген объектілердің Change және Scrool оқиғалары пайдаланылады.
Көрсетілген қасиеттердің мәндерінің типі Integer, бірақ біз объектінің деректерін бөлшек мәндерді орнату үшін пайдалана аламыз.
Мысалы, 0-ден 1-ге дейінгі аралықтағы мәндерді 0. 01 (SmallChange) қадаммен және 0. 1 (LargeChange) қадаммен біз мына қасиеттердің мәндерін орната аламыз. Min = 0; Max = 0; SmallChange = 1; LargeChange = 10. Ал содан кейін Value мәнін 0. 01-ге көбейтеміз.
Сырғытпа басқару объектісі. Бұл объектіні басқаша слайдер деп атайды. Бұл басқару элементі өте пайдалы және кеңінен тараған - оның көмегімен, мысалы, мультимедиалық қосымшалардың панельдеріндегі дыбыстың қаттылығын реттеуге немесе еркін алынған түстің реңін таңдап алуға болады.
Сырғытпа объектісінің бірнеше қасиеттері біздерге қажет болуы мүмкін - олар слайдер объектісінің Property Pages панелінің бетбелгілеріне қатысады:
- Orientation қасиетінің мәні сырғытпа қозғалысының бағытын (горизонталь немесе вертикаль) анықтайды. Көптеген қасиеттер тілінің тұрақтылары болып табылады, мысалы, Orientation қасиетінің 0 мәні - бұл тұрақтысы;
- TickStyle және TickFrequency қасиеттері сырғытпаның қозғалу жолағы бойында белгілердің (штрихтардың), бар немесе жоқ екендігін, олардың орналасуын және санын анықтайды;
- Min, Max, SmallChange және LargeChange қасиеттері сырғытпамен реттелетін аймақтың мәндерін және сырғытпаны орын ауыстырғандағы оның өзгерісін анықтайды;
- Value қасиетінің мәні сырғытпаның қозғалыс жолағындағы ағымдағы позициясын көрсетеді. Атап айтқанда пайдаланушы қосымшаның жұмысы кезінде осы мәнді өзгере алады;
- Text және TextPosition қасиеттері қозғалыстағы сырғытпа ілестіретін жазулардың мазмұнын және орнын анықтайды.
1. 3 Формада информацияны бейнелеудің қосымша құралдары
Microsoft Windows жүйесінің негізгі класының басқару объектілері мына төмендегідей болады:
- Бетбелгі жолағын (TabStrip) ;
- Күй қатарын (StatusBar) ;
- Процесстер жолағын (ProgressBar) .
Олардың көмегімен жұмыс істеп тұрған қосымша туралы информация формада өте толық және өте көрнекті бейнеленеді.
Көрсетілген кластардың объектілерін жасауға арналған саймандардың бәрі Microsoft Windows Common Controls 6. 0 жиынында тұрады.
Бетбелгі жолағын басқару объектісі. Бұл басқару объектісі тіптен үлкен емес форманың өзін бірнеше бөлікке бөлуге мүмкіндік береді. Оларды жинақтай келгенде айтарлықтай көп әр түрлі деректерді қамтиды.
Бетбелгісі бар Windows терезесінің жақсы мысалы - бұл қандай да бір басқару объектісінің қасиеттерін (Property Pages) орнату панелі. Мысалы, жалпы сұхбат немесе бейнелер тізімі және саймандар сызғышы.
Бетбелгі жолағын формаға орналастыратын TabStrip сайманы ToolBox жиынына Project мәзірінің Components панелінің көмегімен ендіріледі.
Мысалы, айтайық формада қосымшаның бес бетбелгісі болсын дейік. Олардың әрқайсысында бес мектеп пәнінің бірінен мәліметтер жиыны болсын. Бұл мәліметтер емтиханның датасы және емтихан алушы комиссиясының құрамы туралы болады.
Таңдалынған бетбелгідегі жазуды тышқанмен шерткенде пайдаланушының қызықтыратын қандай да бір информациясы бар объект пайда болады.
Бетбелгісі бар қосымша терезесін жобалау технологиясы келесі кезеңдерден тұрады.
1 - кезең. Формаға бетбелгі жолағын оның жоғарғы жартысын алып жататындай етіп орналастырамыз. Бұл орындалатын бетбелгі жиынның дайындамасы. Әзірше бұл объектіде бар болғ аны бір ғана атаусыз бет бар.
Осы объектіні вертикаль бағытта пайдаланушыға қажетті информациясы бар мәтіндік өрісті сыйдыру үшін созамыз.
2 - кезең. Бетбелгі жолағы объектісінің Property Pages терезесін ашамыз. Ол үшін осы объектінің (Custom) қасиетін шерту қажет. Мұны басқаша да жасауға болады, объектіні тышқанның оң жақтағы батырмасымен шертіп, пайда болған мәнмәтіндік мәзірден Properties командасын таңдаймыз. Осы терезенің Tabs бетінің Caption өрісіне «Қазақ тілі» мәтінін ендіреміз және Insert Tab батырмасын шертеміз. Caption өрісіне «Математика» мәтінін ендіреміз және тағы да Insert Tab батырмасын шертеміз. Осылайша бес рет орындаймыз. Ең соңғы («Информатика») қатарын ендіргеннен кейін ОК батырмасын шертеміз. Бетбелгі жолағы объектісінде біз жазуы бар беттің орнына бес жазуы бар бет пайда болады.
3 - кезең. Бетбелгі жолағы объектісіне мәтіндік өрісті орналастырып, олардың саны бетбелгінің санына тең.
Бәрінен де бұрын қазақ тілі пәні бойынша өтетін емтихан туралы деректер үшін бірінші мәтіндік өрісті орнатамыз.
Жұмыс істеп тұрған қосымшадағы қалған 4 мәтіндік өріс бірінші өріс тұрған орында тұруы тиіс. Бірақ жобалау процесі кезінде мұны жасау ыңғайсыз, сондықтан оларды бетбелгі жолағы объектісінен тыс орындарға «қалай болса солай» орналастырамыз. Мысалы, мына төменде көрсетілгендей.
Қосымшаның жұмысы кезінде барлық мәтіндік өрістер бір орында пайда болу үшін, біздер программаның жұмысы кезінде олардың координаттарын өзгерте аламыз.
Мәтіндік өрістерден жиым жасаймыз - олардың барлығына бірдей ат қоямыз, мысалы Text деп атаймыз. Содан соң мәтіндік өріске пайдаланушыға қажетті барлық информацияны ендіреміз.
4 - кезең. Біздің қосымшамыз үшін программа жазайық. Ол екі процедурадан тұрады: Form_Load және Бетбелгі жолағы Click:
Dim Бетбелгі нөмірі As Integer
‘Форманы жүктеу
Private Sub Form_Load()
For Бетбелгі нөмірі = 1 To 4
Text(Бетбелгі нөмірі) . Top = Text(0) . Top
Text(Бетбелгі нөмірі) . Left = Text(0) . Left
Text(Бетбелгі нөмірі) . Heigth = Text(0) . Height
Text(Бетбелгі нөмірі) . Width = Text(0) . Width
Next Бетбелгі нөмірі
Text(0) . Zorder 0
End Sub
‘Бетбелгі жолағын шерту
Private Sub Бетбелгі жолағы_Click()
Бетбелгі нөмірі = Бетбелгі жолағы. SelectedItem. Index
Text(Бетбелгі жолағы - 1) . Zorder 0
End Sub
Келтірілген процедуралардың біріншісі барлық мәтіндік өрістердің өлшемдерін және координаттарын теңестіруді жүргізеді, олардың бәрі бірінші өріске тең болады және бірінші өрістің орнында пайда болады.
Бұл процедура тағы бір қатарды қамтиды - Zorder(N) әдісін мәтіндік өрістер жиымының 0 - объектісіне қолданады. Осы әдістің N параметрлерінің мәні - бұл бірін -бірі жауып тұрған, формаға орналасқан барлық объектілердің «будасындағы» берілген объектінің нөмірі. Берілген жағдайда, N = 0, яғни объект басқа объектілермен жабылмайды.
Екінші процедурада Zorder(N) әдісі пайдаланушы шерткен бетбелгінің нөмірі - бұл бетбелгі жолағы объектісінің SelectedItem қасиетіндегі Index бағыныңқы қасиетінің мәні.
5 - кезең. Программаны іске қосамыз. Іске қосқаннан кейін бірінші бет ондағы бірінші мәтіндік өрісімен ашық болады. Кез келген басқа беттің жарлығын шерту, осы бетке қатысты мәтіндік өрістің пайда болуын шақырады. Қалған мәтіндік өрістер осы өрістің астында қалады.
Қатар күйін басқару объектісі. Бұл элементтің атқаратын қызметі - осы берілген уақыт мезетінде жұмыс істеп тұрған қосымшада не болып жатқандығымен пайдаланушыны хабардар етіп тұру қажет.
Кәдімгі жағдайда күй қатары форма терезесінің төменгі жағының бойымен горизонталь орналасады.
Күй қатары бірнеше панельдерден тұрады. Берілген жағдайда, үш панельді көреміз. Олардың әрқайсысында программа жұмысының барысында сол немесе басқа жедел информация пайда болады немесе жоғалып кетеді. Берілген жағдайда, бұл мәтін тышқан меңзерінің жаңа құжат батырмасына әкелінгені, сондай-ақ пернетақтаның CapsLock және NumLock режімінде жұмыс істейтіндігі туралы мәліметтерді білдіреді.
Ағымдағы уақыт және дата, редакцияланатын мәтіннің параметрі, шағын ғана қозғалмайтын немесе қозғалыстағы бейнелер т. с. с күй қатары панелінде жиі кездеседі. Біз өзіміздің қосымшамызда мұндай қатарды жаай аламыз. Оны жасау үшін StatusBar сайманы пайдаланылады. Оның көмегімен формаға күй қатары объектісі орналасады. Бұл сайман ToolBox жиынына бізге белгілі тәсілмен TabStrip сайманын қалай ендірсек, дәл солай ендіріледі.
Қатар күйін басқару объектісі. Егер программа ұзақ орындалатын болса және пайдаланушы кез келген мезетте оның қандай бөлігінің орындалғандығын, ал қандай бөлігінің орындалмағандығын білу үшін басқару объектісін қосымшаның формасына орнатуға болады.
Тарау ІІ. Visual Basic ортасында файлдармен жұмыс
2. 1. Файлдар
Visual Basic қосымша құру ортасы кең саладағы практикалық есептерді шешуге мүмкіндік беретін өте қуатты құрал болып саналады. Оның негізгі артықшылығы төмендегі бірнеше; Мысалы, пайдалану қарапайымдылығы, көпшілікке ыңғайлылығы және қолданбалы бағдарлама құруда бағдарламашыға жеңілдік жеңілдік беретін қасиеттерінің бар болуы. Осы көрсетілген бағыттардың бірі - файлдарды басқару.
Файл - өз аты бар, дискіде басқа файлдардан тәуелсіз сақталатын мәліметтердің кезкелген жиынтығы.
Файлда мәтін, сурет, сандар таблицасы, бағдарлама т. б. көптеген дүниелер сақталуы мұмкін. Файлда сақталатын мәліметтерге ену үшін, файлға ат беру керек. Файлдың аты екі бөліктен тұрады: ұзындығы 1-8 символ болатын файл атынан және ұзындығы ұш символға дейін файл кеңейтпесінен (тіркемесі) . Файлдың аты мен кеңейтпесі бірінен бірі нүкте арқылы бөліктеніп тұрады, бірақ арасында ашық орын болмайды. Мысалы іnfor. txt
іnfor-аты, txt-тіркемесі
Файл атына
- латын алфавитінің әріптерінен, цифрларды;
- кейбір -(дефис), _(сызып көрсеткіш), $(доллар), #(тор), &(ампер санд), @(уылдырық), !, %, ^, т. б. пайдалануға болады.
Файл атына
- ?, *, үтір, нұкте, /, \, +, = пайдалануға болмайды.
Файлдың атының ішінде бос орын қалдыруға болмайды. Файлдың атын үлкен және кіші әріптермен белгілеуде айырмашылық жоқ. Файлдың атының кеңейтпесі ондағы сақталатын мәліметтердің түрін көрсетеді. Файлдың атын және кеңейтпесін өзіміз көрсеткенмен, кейбір кеңейтпе түрлері ерекше анықталады.
txt - мәтінді файл;
tіf, pcx, bmp, cdr - сурет;
arj, zіp, lzh - сығылған файл;
bas - Бейсик тіліндегі бағдарлама мәтіні;
c - СИ тіліндегі бағдарлама мәтіні;
pas - Паскаль тіліндегі бағдарлама мәтіні; т. т.
Файлды атының кеңейтпесі болуы міндетті емес, мысалы іnfor. Аты бірдей, бірақ кеңейтпелері әртүрлі болып келген файлдар әртүрлі объекті-лерді береді. Мысалы: іnfor. txt және іnfor. exe.
Егер дискіде жүздеген файл жазылған болса, онда өзімізге қажетті файлды табу өте қиын, сосын файлдарға бұрынғыдан өзгеше ат беру де қиындай түседі. Сондықтан осы қиындықтан шығу үшін аққпаратты құрылымды түрде сақтау Ұйымдастырылады. Ол үшін объектілерді белгілі бір белгілері бойынша жеке-жеке топтарға біріктіреді. Копьютерде осы топтар каталогқа енеді, ал бұл каталогқа ат беріледі. Кейде каталог атауының орнына директория деген атау да қолданылады.
Каталог аты Ұзындығы 8 символдан аспайтын бас әріптермен белгіленеді. Мысалы: Дискіде al1. txt, al2. bat, bk1. exe, bk2. com, mnl. txt, mn2. doc деген файлдар болсын. Осыларды біз былай ұш каталогқа біріктірейік:
AL - al1. txt, al2. bat файлдарын біріктіреді;
BK - bk1. exe, bk2. com файлдарын біріктіреді;
MN - mnl. txt, mn2. doc файлдарын біріктіреді;
Осылайша каталогтар құрғаннан кейін, файлдың аттарының орнына каталог аттары AL, BK, MN -дерді аламыз. Каталог мазмұнын білу үшін, оның ішіне ену шарт. Бірақ барлық файлдардың каталогтар ішінде болуы міндетті емес. Файлдарды каталогқа біріктіру варианттары өз мақсат және мүддемізге сай ойластырылады.
Каталог ішінде бір немесе бірнеше ішкі каталогтар құруға болады, ал олардың ішінде тағы да ішкі каталогтар болуы мұмкін. Бір каталогқа аттас объектілер (файл, каталог) болмайды. Ал әртүрлі каталогтарда аттас объектілер болуы мүмкін. Каталогтың аты мен оның ішіндегі каталогтың және файлдың аты бірдей болуы мүмкін.
А н ы қ т а м а: Каталогтар мен файлдардың бастапты тізімі сақталатын алғашқы каталогты түбірлі каталог дейді. Ол көбінесе дискінің аты болады, түбірлік каталогтан
кейін \ белгісі қойылады, мысалы, F:\
А н ы қ т а м а: Тұтынушы пайдаланып отырған каталогты ағымдағы каталог деп атайды.
А н ы қ т а м а: Файлға жол - деп, ішінде керекті файл орналасқан тұбірлік немесе ағымдағы каталогтан басталатын бірінің ішінде бірі болатын каталогтар тізбегін айтады.
А н ы қ т а м а: Файлдың толық аты - деп, тұбірлік каталогтан басталатын файлға жол, әуелі дискінің аты, ал соңында файлдың қысқаша аты қосылады.
Файлдарды басқару - кез-келген бағдарламалық жүйедегі бағдарламашының қызықты есептерінің бірі. Қосымшаны жобалауда файлдармен тікелей жұмыс жасау жиі қажет болады. Ол файлдарды (бумаларды) құру, жою, берілгендерді файлға жазу, оны оқу бағдарламалық, әрі интерактивті режимде де өте қажет. Файлдармен жұмыс жасаудың қажеттілігі қосымшаларды пайдаланушының компьютеріне орнатуды, файлдық баптауын пайдаланып берілгендерді оқуда, баспаға жіберуде де қолданылады. Сондықтан бұл тақырып бастауыш және кәсіпқой бағдарламашыларға да өзекті болып табылады. Visual Basic ортасында файлдарды басқарудың жалпы есептерінде орындалатын түрлі операторлар, функциялар және әдістер бар.
Осы курстық жобаның негізгі мақсаты Visual Basic операторларының, әдістерінің және функцияларының қызметін түсініп, файлдармен жұмыс істеуге тәжірибе жүзінде қолдану болып табылады. Visual Basic ортасының файлдық объектілер жүйесін және басқару элементтерін пайдалану мәселесі де өте маңызды.
Жұмыс барысында алға қойылған мәселе - Visual Basic бағдарламалау ортасында берілгендерді сақтау әдістері мен принциптерін түсініп үйрену болып табылады.
Файл деп - аты берілген және нақты мәліметі бар қатқыл дискіде (немесе дискетада) сақталған облысты айтамыз. Файлды басқару (File management) - диск драйверлерінде сақталған файлдармен орындалатын іс-әрекеттерді сипаттауда қолданылатын ұғым. Файлдарды басқаруға файлды көшіру, жою, орын алмастыру және бумаларды құру, жою т. б. амалдар кіреді. Файлдарды басқару сонымен қатар файл көлемін, құру уақытын анықтау үшін бумадағы файлдардың тізімін көру амалдарын орындайды.
Берілгендерді сақтау форматын анықтауда файлдың бірнеше түрі бар:
- типі анықталған (екілік) файлдар;
- мәтіндік ;
- типі анықталмаған (жазбалар) файлдар.
Файлдарды топтарға бөлу шартты болып, олардағы берілгендерге кіру және файлдарды ұйымдастыру ерекшелігіне байланысты. Мысалы, мәтіндік файлды екілік режимде ашуға болады. Бірақ онда бөлгіштер бар. Сондықтан сол бөлгіштерді ажырату және берілгендерді анықтау үшін арнайы өңдеу процедурасын қолдану керек. Әрине бұл ыңғайсыз. Сондықтан файлдарды берілгендерге қосылу және файл форматына байланысты бөлу қабылданған. Visual Basic-те оқу, жазу функцилаары сәйкесінше топталған.
Файл типі файлдан жазуға және оқуға арналған функциялар тізімін береді. Сондықтан өнімді бағдарлама құру үшін файл типі, олардағы берілгендерді сақтаудың ұйымдастырылуы туралы түсінік болу керек. Ол жағдай тиімді кіру әдісін жасап, сол әдіске сәйкес функцияларды пайдалануға мүмкіндік береді.
Төменде файлдың әр типі мен жеке жұмыс келтірілген. Файлдың типке бөлінуі шартты екені бізге белгілі, бірақ бұл жағдай әр түрлі типке тиімді берілгендердің өңделуін қамтамасыз етеді.
2. 2. Файлға мәліметтерді жазу және файлдан мазмұнын оқу программасы
Есептің қойылымы . Тексттік файл мазмұнын оқу, өзгерту және сақтау программасын құру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz