Visual basic бағдарламалау ортасы


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Программаның кодын редакциялау бұл компьютерге, дәлірек айтқанда, Visual Basic ортасына жаңа программалық кодты ендіру немесе бұрын ендірілген ескі кодты түзету болып табылады.
Visual Basic ортасында программада кездесетін қателіктерді қадағалау және түзету үшін пайдалануға болатын бірнеше құралдар бар. Бұл құралдар жалпы біздерге қателіктерді жібермеуге үйретпейді, бірақ олар жіберілген қателіктерді іздеуді және түзетуді жеңілдетеді.
Программа қаншалықты өте мұқият жөнделсе де оның жұмысқа жарамдылығын тағайындаудың шешуші кезеңі программаның тестер жүйесінде тікелей орындалуын тексеру болып табылады.
Редакциялау үшін программалық код терезесі пайдаланылады. Программа қағазға жазылғаннан кейін ешкім онда қателіктің жоқ екендігін кепілдік бере алмайды. Программадағы қателіктерді іздеу және түзету жөндеу деп аталады.
Әрбір жөндеуші программа нақтылы программалау тілінде жазылған программамен бірігіп жұмыс істеуге бағдарланған. Ол программадағы айнымалы мәндерінің өзгерістерін қарап шығуға, программаның орындалуын оперативті басқаруға, программаның орындалушы операторларын баспаға шығаруға, сонымен бірге басқа да қателіктерді іздеуді диалог режимінде жүзеге асыруға арналған программалық құралдар береді.
Бізді қоршаған ортада әрқашан қозғалыста болатын ақпараттар жиындары өте үлкен. Уақыт өтуімен олар арту тенденциясына ие. Сондықтан кез келген үлкен немесе кіші ұйымдарда нәтижелі жұмыстарды қамтамасыз ететін мәліметтерді басқару мәселесі туады. Кейбір ұйымдар бұл үшін папкалардан тұратын шкафтарды пайдаланады, бірақ көпшілік ұйымдар компьтерленген мүмкіншіліктерін жоғары бағалайды. Қазіргі күнде көпшілік қаржы ұйымдары, өнеркәсіптер, сауда-саттық және т. б. ұйымдар мәліметтер қорысыз жұмыс істеуі өте қиын.
І тарау. Visual Basic бағдарламалау ортасы
1. 1. Visual Basic бағдарламасын іске қосу
Бүгінгі Visual Basic - C++, Delphi сияқты дамытылған, визуальды программалау жүйесі. VB құрамында бірнеше жүз кілттік сөздер бар, олар түрлі операторлар (нұсқаулар, командалар), стандартты функциялар және арнайы символдармен толықтырылған. Пайдаланушылар олардың көбін қолдана бермейді де.
Visual Basic’ тің толық нұсқасы және программалау ортасының ықшамдалған нұсқасы Microsoft Visual for Application (қолданбалы Визуал Бейсик) атымен Microsoft Word, Excel, Access және т. б. қосымшалар құрамына кірістірілген.
Visual Basic (VB) программалау жүйесі компьютерге орнатылған соң оны іске қосу Windows терезесі арқылы әдеттегідей жүргізіледі: Іске қосу→Программалар→Microsoft Visual Basic 6. 0. Бұл кезде Project Wizard (Проект шебері) программасы іске қосылады да, экранда Microsoft Visual Basic, оның жоғарғы бетінде белсендірілген New Project (Жаңа проект) сұхбаттық терезесі көрінеді (1-сурет) . Терезеге үш қосымша бет енгізілген: New (Жаңа), Existing (Қолданылған), Resent (Жақында қолданылған файлдар) .
1-сурет. Жаңа проект терезесі.
New бетіне енгізілген проект типтері:
- Standart. EXE (стандартты ехе-файл) ;
- VB Application Wizard (Қолданбалы VB шебері) ;
- Add-In (қосымша қондырма) ;
- Internet’те Web - беттер құруға мүмкіндік туғызатын ActiveX файдары, т. б.
Бұрын не жақында құрылған проектілерді екінші не үшінші қосымша беттерінің бірінен іске қосуға болады, (проект - дайындалатын программада қандай форма, мобуль, тағы басқа файлдардың пайдаланылатынын көрсететін терезесі бар арнайы файл. Программа проект ішінде орындалады) .
Жаңа проектіні ашу үшін New Project терезесіне орналастырылған Standart EXE белгішесін таңдап, Ашу (Открыть) түймесін шерту жеткілікті. Бірнеше компоненттері (сыңарлары) бар, Дайындаудың (Жетілдірудің) біртұтас ортасы (IDE, Integrated Development Envivonment) не Visual Basic программалау ортасы деп аталатын терезелер көрінеді. Оларды қысқаша Орта деп атайды (2-сурет) . Егер компоненттердің кейбірі көрінбесе, оларды арнайы командалар арқылы орнату қиын емес.
2-сурет. Жетілдірудің біртұтас ортасы (IDE)
- негізгі мәзір(Menu) ;
- аспаптар панелі(Toolbar) ;
- проект терезесі(Project 1) ;
- форма терезесі (Form 1) ;
- қасиеттер терезесі (Proporties) ;
- элементтер панелі (Toolbox) ;
- форма конструкторы (Project Container) ;
[design] - программаны дайындау режимі (ол Project 1 тақырыбында көрінеді) .
Ортада Immediate ( тез, тікелей орындау ) терезесін шығару да мүмкін, оған қосымша ортада форма макетін (Form Layout Window) шығаруға болады. Олар Көрініс мәзіріне енгізілген. Аспаптар панелінде соңғысын қосуға арналған арнайы түйме де бар.
Панельдер мен терезелерді жылжыту не формасын өзгерту (кеңейту, сығу) тәсілі Windows’та пайдаланатын әдістер сияқты. Егер терезенің шекарасы басқа терезенің шекарасымен біріктірілетіндей етіп жылжытылса, ол соңға терезеге қосылып (бекітіліп) қойылады. Мұндай терезелерді кеңейту, олармен жұмыс істеу қиын емес.
Visual Basic - бірнеше файлдар жиынтығы (exe-файл) . Онымен жұмыс істеу IDE ортасында орындалады. Ортада жұмыс істеу командалары мәзірлерге енгізілген. Аспаптар панеліне мәзірлерге енгізілген негізгі командаларды орындайтын түймелер орналастырылған.
Стандартты түймелер:
- Standart. exe типті проектіні іске қосу (Add Standart EXE Project) ;
- Форма қосу (Add Form) ;
- Проектіні ашу (Open Project) ;
- Проектіні сақтау (Save Project) ;
- Көшіру (Copy) ;
- Кірістіру (Paste) ;
- Проект терезесін шығару (Project Explorer) ;
- Қасиеттер терезесін шығару (Proporties Window) ;
- Программаны іске қосу (Start) ;
- Программа жұмысын аяқтау (End) ;
- Мәзір редакторы (Menu Editor) ;
- Элементтер панелі (Toolbox), т. б.
1. 2. Алгоритм және оның қасиеттері
Егер сіз берілген есепті шешу үшін қандай да бір программалау тілінде программа жазғыңыз келсе, онда алдымен есепті шешудің алгоритмін құруыңыз керек. Алгоритм - математикадағы ең бір іргелі ұғымдардың бірі. Алгоритм сөзі ІХ ғасырда өмір сүрген, адамдардың квадрат теңдеулерді жүйелей құрып оны шеше білуге үйреткен ұлы математик Әл- Хорезмидің атының латынша жазылуы algorithmi сөзінен алынған. Осылайша алгоритм ұғымы математикада ертеден қолданыла бастағанымен, математикалық теорианың объектісі ретінде кейбір проблемаларды зерттеуге байланысты ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында зерттеле бастады.
Алгоритм деп берілген есепті шешудегі жасалатын әректтерді дәл және қарапайым етіп жазуды айтамыз. Басқаша айтқанда алға қойылған мақсатқа жетуде немесе берілген есепті шешуде орындаушыға біртіндеп қандай әректтер жасау керектігін дәл көрсететін нұсқауларды немесе іздеп отырған нәтижені алу мақсатында деректермен атқарылатын әрекеттерін орындалу реттілігін анықтайтын жарлықты алгоритм дейміз. Алгоритм белгілі бір реттіліепен бірінен соң бірі орындалатын бірнеше қадамдардан тұрады. Алгоритмнің әрбір қадамы бір немесе бірнеше қарапайым операцияларды қамтиды. Алгоритм ұғымның мәнін аша түсетін оның мынадай қасиеттері бар:
1. Алгоритм дискретті информациялармен жасалатын әрекеттерді тағайындайды және өрнектейді. Алгоритмге қатысты әрекеттердің бәрі дискретті болады. Алгоритмнің жұмысына қажетті материалдар ретінде символдық мәтіндер және сандар пайдаланылады.
2. Алгоритм біздің қалауымызға қарай өзгертуге болмайтын нақты нұсқау алгоритмде не істеу керектігі алдын-ала айқын береді. Мысалы, бір есепті шешудің алгоритмі берілсе онда ойланбай-ақ алгоритмде қандай нұсқаулар берілсе, сол нұсқауларды берілу ретімен орындасақ, есеп шығады. Алгоритмнің осы қасиетін оның анықталғандық қасиеті дейміз. Бұл жағдай адам сияқты емес ойлау қабілеті жоқ құрылғылардың мысалы, компьютердің көмегімен есептерді шешу мүмкіндігіне кепілдік берді. Мұндай құрылғылар алгоритмнің жарлықтарын ойланбастан формальды орындайды. Сондықтан алгоритмді есепті шығаруға қажеттінің бәрі бір мәнді анықталу және атқарушыға түсінікті әрі нақты болуы тиіс.
3. Бір алгоритмнің өзін бірнеше есептің шешімін табу үшін пайдалану мүмкіндігі, яғни бастапқы деректер мәндерінің жиынына пайдаланылу мүмкіндігі бар.
Алгоритмнің мұндай қасиетін көпшілікке бірдейлік, басқаша айтқанда, жалпылық қасиеті деп атайды.
4. Әрбір алгоритм белгілі бір бастапқы деректердің болуын талап етеді және іздеген нәтижені алуға жеткізеді. Мысалы, екі санды қосу алгоритмнде қосылғыштар бастапқы деректерге, ал қосынды нәтижеге жатады. Осылайша, алгоритмдегі әрекеттердің белгілі бір санның орындалуынан кейін қажетті нәтиже алу мүмкіндігі алгоритімнің нәтижелілігі деп аталады.
Осы айтылғандардан алгоритім бастапқы деректерді пайдаланып іздеген нәтижеге қол жеткізетін реттелген әрекеттер тізбегі деген қлрытынды жасруға болады. Мұндай әректтер тізбегінің орындалуы алгоритмдік процесс, ал әрбір әрекет оның қадамы, әрбір нұсқау алгоритмнің қалыптасуы болып табылады.
Алгоритмнің ең маңызды қасиеті жоғарыда анықталғандық қасиетінде айтылғандай оның орындалу нәтижесінің атқарушыға тәуелсіздігі.
Сонымен алгоритм туралы мына төмендегідей тұжырымдар жасауға болады:
- алгоритмдер әртүрлі есептерді шешу үшін пайдаланылады;
- алгоритмді атқарушыдан аз білім талап етілетіндіктен есеп шығаруды айтарлықтай оңайлатады;
- әрбір алгоритм толық аяқталған әрекеттерді орындайтын атқарушыға арналған командалардан тұрады;
- атқарушы орындайтын командалардың жиынын атқарушының командалар жүйесі д. а.
- алгоритмдегі командалар атқарушының командалар жүйесінен алынады;
- алгоритмдегі командалар тізбегінің орындалуы алгоритмдік процесс д. а;
- алгоритмдегі әрбір команда оның қадамы д. а;
- санаулы әрекеттен кейін ғана алгоритмде іздеген нәтижеге қол жетеді;
- алгоритмдегі әрбір әрекет атқарушыға түсінікті және нақты болуы керек;
- бірнеше есептің шешімін табу үшін бір ғана алгоритмді пайдалануға болады;
- құрылған алгоритмді атқару есептің мазмұнына ой жүгіртіп оны талдауды қажет етпейді, тек командаларды формальді орындай береді;
- алгоритм әрбір атқарушыға арналып құрылады;
- алгоритмнің командалары атқарушыға түсінікті және орындалатын болуы тиіс;
- алгоритмді атқаруды тек адамға емес компьютерге де жүктеуге болатындығы есептеу процесін автоматтандыруға мүмкүндік береді;
Алгоритмнің құрамы дараланып және оның әрекеттері анықталғаннан кейін алгоритмді жазып көрсету тәсілін және тілін білу керек
Алгоритмдік тілді падалану оны құрушының өзіне ғана түсінікті командаларды көпшілік қауымның пайдалануына мүмкіндік береді.
Алгоритмді жазудың бірнеше тәсілдері бар. Төменде алгоритмді бейнелеу әдістерінің логикалық құрылымы көрсетілген.
Алгоритмді бейнелеу әдістерінің ішінен біз блок - схема мен мектептік алгоритмдік тілді пайдаланамыз.
Блок-схема
Блок схема компьютерге программалар жасау практикасында кеңінен қолданылатын алгоритмдерді жазудың графикалық тәсілі, басқаша айтқанда, алгоритмнің логикалық құрылымын график түрінде бейнелейтін тіл десек болады. Есепті шешу алгоритімінің блок схемасын құрған кезде есепті шығару процесі кезең дерге бөлініді. Әрбір кезең есептелетін операцияның сипатына байланысты белгілі конфигурациясы бар бір геометриялық фигурамен (блокпен) белгіленеді. Мысалы, жұмыр (сопақ), параллелограмм, тіктөртбұрыш, ромб т. с. с.
Блок деп аталатын мұндай фигуралардың ішіне кезеңдердің мазмұны жазылады. Есептелу процесінің бағыты блоктарды қосатын стрелкалармен көрсетіледі. Осы аталғандардың бәрі блок - схема тілінің алфавитін құрайды және олардың мағынасы алдын ала келісілген келісім бойынша беріледі.
Төмендегі 1-кестеде стандартты блок - схема тілінің алфавиті берілген. Әрбір блок схеманың басы және соңы деп аталатын блоктары болады.
Басы, соңы блоктарынан басқа әрбір блоктың бір ену және бір - екі шығу сызықтары болады.
Атқаратын қызметі жағынан блоктар негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгі блоктар енгізіу мен баспаға шығару және информацияларды өңдеу әрекеттерін білдіреді, ал қосымша блоктар блок - схеманы түсіндіру және байланыстарды таңбалау үшін пайдаланылады.
Блоктардың анықтайтын әрекеттері, яғни түсініктер блокты бейнелейтін геометриялық фигураның ішіне жазылады.
Деректерді енгізу блогы есептеу есептерін шешуде айнымалылардың сандық мәндерін компьютердің жадына енгізу үшін қолданылады.
Деректерді өңдеу блогы қандай да бір формула бойынша айнымалының мәнін есептеу процесін білдіреді. Мұнда есептелген шамалар оларға сәйкес айнымалылар жаңа мәндер қабылдағанша сақталады.
Бұл блокта формуланың сол жағында тұрған айнымалылар оның жағына да қатыса алады, бұл дегеніміз айнымалының жаңа мәнін бұрын есептелген ескі мәнінен шығарып алудың қажеттігін көрсетеді.
Шартты тексеру блогы есептелу процесінің барысы тікелей кейбір шартқа тәуелді болатын есептелу процесінде анықталатын тармақталу алгоритмін бейнелейді.
ІІ тарау. Visual Basic ортасынында таймермен жұмыс
2. 1 Таймер және оның қасиеттері
Таймер - құрылған программа арқылы Windows жүйелік сағатына қол жеткізуге болатын көрінбейтін секөнт өлшеуіш объектісі. Жүріп тұрған цифрлық сағатты формада көрсетуге болады:
- Орталықты ашу.
- Элементтер панелініңTimer(Таймер) түймесін шертіп, форманың сол жақ шетіне Timer1 объектісін орнату. VB оны стандартты өлшемге келтіріп қояды.
- Label түймесі арқылы форма ортасында Label1 өрісін (объектісін) орнатып, оны кеңейту.
- Форманы тандап, Properties терезесінде оның Caption қасиетіне Clock (Сағат) мәнін енгізу. Ол форма тақырыбына жазылып қойылады.
- Label1, Timer объектілерінің қасіеттерін орнату:
- Формада екі рет шертіп, код терезесіне процедура енгізу:
Private Sub Timer1 _ Timer()
Label1. Caption = Time
End Sub
- Терезені жауып, іске қосу (F5) командасын беру. Таймер орындау режімінде формада көрінбейді де, Label1 өрісі ішінде жүріп тұрған цифрлық сағат көрінеді (3-сурет) .
10-сурет. Формада жүріп тұрған сағат
- Программа жұмысын тоқтатып, форма мен проектіні сақтау. (Бұдан әрі бүл команданы қысқашапроектіні сақтаудеп жазамыз) .
Сағаттың Interval қасиетінің мәні үшін 1000 орнатылады. Ол әр секөнт сайын жүйелік сағаттың ағымдық секөнтін көрсетеді (1сек = 1000 миллисек) .
Процедураға енгізілген Label1. Caption = Time командасы іске қосу режимінде Windows’қа енгізілген жүйелік ағымдық уақытты оқып, оны Label1 объектісінің Caption қасиетіне меншіктейді ( Label1 өрісіне жазады) .
Time - Visual Basic’тің стандартты функциясы.
Программа жұмысын тоқтату үшін аспаптар панелінің End (Соңы) түймесін шерту керек.
Ескерту. Формада ағымдық уақытты код терезесіне енгізілген Print time$ әдісі арқылы шығаруға болады. Мұнда келесі уақыт келесі қатарға жазылады.
Сонымен, осының алдындағы мысалдарда Visual Basic’те орындалуы мүмкін үш түрлі әрекеттер көрсетілді: функция мәнін есептеу; формада қолдан фигура салу; формада жүріп тұрған сағатты орнату. Келесі тарауларда Visual Basic’ті пайдаланып, мәзірлер орнатылған терезе құру, мәзірлермен жұмыс; берілгендер қоры кестесін құру және т. б. қосымшалар құру тәсілдері көрсетілген. Осылардың өзі Visual Basic’тің мүмкіндіктерінің орасан зор екеніне көз жеткізетіні сөзсіз.
Форманы Windows қосымшаларының терезесі сияқты пайдалану Visual Basic’тің тағы бір ерекшелігі. Формада түрлі мәзірлер орнатып, әр мәзірге енгізілген командалық пункттер объектілерімен әдеттегідей жұмыс істеуге болады. Мәзір құру үшін VB құрамына Menu Editor (Мәзір редакторы) программасы енгізілген. Оны пайдалану әдісі:
Форманы таңдап, Tools - Menu Editor (Құрал - Мәзір редакторы) командасын беру (аспаптар панелінің «Мәзір редакторы» түймесін шертуге де болады) . Редактор іске қосылып, оның екі бөлімді терезесі көрінеді. Оның жоғарғы бөлімі мәзір және мәзір командаларының атауларын енгізуге арналған. Енгізілген атаулар терезесінің төменгі бөліміне жазылып қойылады.
11-сурет. Мәзір редакторы терезесі.
Терезеде көрінген Caption, Name, Checked, Enabled, Visible, WindowList-мәзір компоненттері (қасиеттер) :
Caption - мәзір не оның командасы атауын анықтау.
Name - программада ажырату үшін Caption өрісіне енгізілген атауды арнайы түрде жазу (VB атауды Name өрісіне енгізілген түрде қабылдайды) .
Visible (көрсету) - мәзір командасын жасыру не көрсету.
Enabled (қосылулы) - командаға True не False мәнін меншіктеу. Алғашқы кезде Enabled, Visible қасиеттері үшін логикалық True мәні орнатулы тұрады. Оны ерекше жағдайлардан басқа кезде өзгертпеу керек.
Index - мәзірді элементтер массивіне айналдыру. Ол Windows-та пайдаланылатын тәсіл сияқты мәзір пункттерінің төменгі жағында ашылған файлдар тізімін көрсетіп қою үшін пайдаланылады.
Мысал. Формада Clock (Time, Date) мәзірін құру керек. Time (уақыт), Date (дата) - Clock (сағат) мәзірінің пункттері (жүйелік сағаттың ағымдық уақыты мен датаны көрсететін стандартты функциялар) .
Мәзір құру тәсілі:
- Орталықты іске қосып, көрінгенформаны ерекшелеу. Menu Editor терезесін экранға шығарып, Caption өрісіне мәзір атауын (Clock) енгізу, одан соң TAB клавишін басу (ол курсорды бір мәтіндік өрістен келесісіне орналастырып қояды) . Атау төменгі бөлімге жазылады.
- Name өрісінің алдына mnu қосымшасы (префиксі) жазылған мәзір атауын енгізу: mnuClock. Ол программалық код терезесініңобъектілер тізімінекірістіріліп қойылады (mnu - тізімге жазылған атаудың мәзір екенін ажырату үшін пайдаланылатын префикс. Mnuорнына басқа префиксті жазу да мүмкін) .
- Next (келесі) түймесін шерту. Caption, Name өрістері тазаланады да, редактор келесі мәзір атауын не мәзір пунктін енгізуді күтеді. Курсор Caption өрісіне орналастырылып қойылады.
- Caption өрісіне Time, Name өрісіне TimeItem пункт атауын енгізу (item(пункт) - программада атаудың мәзір пункті екенін ажырату үшін пайдаланылған жалғау) . Time терезенің төменгі бөліміне жазылып қойылады.
- Терезенің«Солдан оңға»(→) түймесін шерту. Ол төменде жазылған Time атауының алдына көп нүкте ( . . . ) қойып кетеді. Көп нүкте -редакторың Time-ді мәзір пункті етіп белгілеуі.
- Next түймесін шертіп, Caption өрісіне Date, Name өрісіне DateItem пункт атауларын енгізу. Бұл жолы «Солдан оңға» түймесін шертудің қажеті жоқ, оны тек алғашқы пунктті енгізу кезінде шерту керек. Редактор Date сөзін мәзір пункті деп автоматты түрде қабылдайды да, алдына көп нүкте қойып кетеді (13-сурет) .
13-сурет. Clock мәзірі құрылған Мәзір редакторы терезесі
Ескерту. Қажет болса, келесі мәзірлер мен олардың пункттерін де осылайша енгізуге болады. Редактор терезесінде Солға, Жоғары, Төмен, Кірістіру ( Insert ), Жою ( Delete ) түймелері де бар. Оларды пайдаланып, құрылған мәзірді редакциялау қиын емес.
- ОК түймесін шерту. Редактор терезесі жабылап, Clock мәзірі енгізілген форма көрінеді. Мәзірді ашу үшін атауын әдеттегідей бір шертсе болғаны (14-сурет) .
Clock
Time
Date
14-сурет. Clock мәзірі енгізілген форма модулі
Clock мәзірі пункттерімен жұмыс
- Формада Label1, Label2 объектілерін орнату. Label1 өрісіне уақытты, Label2 өрісіне датаны енгізуді жоспарлау.
- Clock мәзірін ашып, Time пунктін екі рет шерту. Код терезесі ашылып, процедура моделі көрінеді. Оны толтыру:
Private Sub TimeItem_ Click ()
Label1. Caption = Time
End Sub
- View - Object командасы арқылы форманы экранға қайта шығарып, мәзірдің Date пунктін екі рет шерту. Ашылған код терезесінде процедура моделін толтыру:
Private Sub DateItem_ Click ()
Label2. Caption = Date
End Sub
Form1
Label1
Label2
MnuClock
TimeItem
DateItem
15-сурет. Формаға енгізілген объектілер тізімі
Ескерту. Формада мәзір орнатылған соң код терезесінде процедура модельдерін ашудың екінші әдісі:
- View - Object командасы арқылы код терезесін ашу;
- Терезенің сол жақ (General) бөліміне енгізілген тілсызық түймесін шертіп, объектілер тізімін ашу (7-сурет) .
- Тізімнен TimeItem қатарын екі рет шерту. Процедура моделі көрінеді. Оған қажетті команданы енгізу.
- DateItem қатарымен де осы сияқты іс - әрекеттерді орындау.
4. Проектіні сақтау (мысалы, FormClock. frm; FormClock. vbp) .
- Іске қосу командасын беру (F5) . Форма көрінеді.
- Оған енгізілген Clock мәзірін ашып, ретімен Time, Date пунктерін шерту. Label1, Label2 өрістерінде ағымдық уақыт пен дата жазылып қойылады, мысалы:
9:18:12 30:11:2008
- Программа жұмысын аяқтау командасын беру (End) .
Ескерту. TimeItem объектісінің қасиеттер терезесі жоқ. Сол себепті формада тек ағымдық уақыт көрінеді. (Жалпы, мәзір элементтерімен жұмыс істеу оқиғасы Click (басу) ғана) .
2. 1 Массивтермен жұмыс жасау
Есептің қойылымы: екі өлшемді массив берілген. Оны толтырып, индексациялау, төменгі және жоғарығы үшбұрышты, таңдалған қатар және баған элементтерін, олардың қосындысын, ең кіші және ең үлкен элементті, диоганаль бойынша максимуммен минимумды, орташа мән және элементтер қосындысын табу керек.
Онда программасыз негізгі бір формадан құралған болады.
8-сурет. Негізгі форма
Программасы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz