Балаларда АИТВ- инфекциясын және ЖИТС-ты диагностикалау және емдеудің ХАТТАМАСЫ


Балаларда АИТВ- инфекциясын және ЖИТС-ты диагностикалау және емдеудің ХАТТАМАСЫ
Хаттама коды:
АХЖ - 10 бойынша коды (кодтары) :
B20 Инфекциялық және паразитарлық аурулар түрінде байқалатын, адамның иммунтапшылығы вирусымен (АИТВ) туындайтын ауру;
B21 Қатерлі ісіктер түрінде байқалатын, адамның иммунтапшылығы вирусымен (АИТВ) туындайтын ауру;
B22 Басқалай анықталған аурулар түрінде байқалатын, адамның иммунтапшылығы вирусымен (АИТВ) туындайтын ауру;
B23 Басқалай ахуалдар түрінде байқалатын, адамның иммунтапшылығы вирусымен (АИТВ) туындайтын ауру;
B24 Анықталмаған, адамның иммунтапшылығы вирусымен (АИТВ) туындайтын ауру.
Анықтама: АИТВ- инфекциясы - адамның иммунтапшылығы вирусының (бұдан әрі-АИТВ) лимфоциттерінде, макрофагтарында және нерв жасушаларының тінінде көп жылдар бойы персистелу нәтижесінде өрбитін, иммундық жүйені біртіндеп зақымдап үдеуімен сипатталатын жұқпалы ауру, адамды екінші зақымдалудан кейін өлімге апаратын, жұқтырылған иммунтапшылығы синдромы (бұдан әрі-ЖИТС) ретінде сипатталады.
Жіктемесі: тіркелген оппортунистік инфекцияларға (бұдан әрі - ОИ), басқа және иммунотапшылыққа байланысты екінші қайтара туындаған ауруларға негізделген Қазақстанның жағдайларына бейімделген, АИТВ инфекциясы сатысының ДДҰ белгіленген клиникалық жіктемесі, 2006 жылғы версиясы.
II-A қосымша. Балалардағы АИТВ/ЖҚТБ ДДҚ (ВОЗ) қарастырылған клиникалық сипаттамасы АИТВ-инфекциясы зертханамен дәлелденген, Еуропия аумағы үшін (<15 жастағы балаларға арналған нұсқа: антител табылған балаларда >18 ай, ДНК, РНК немесе р24 антигені табылған балаларда <18 ай)
1 клиникалық саты
Бессимптомды ағым
Персисті генерализацияланған лимфаденопатия
2 клиникалық саты
Гепатоспленомегалия
Қышыма папулезді бөртпе
Көлемді бөртпелі контагиозды моллюск
Онихомикоздер
Ауыздағы қайталанбалы жара
Қызыл иектің сызықтық эритемасы
Бұрыштық хейлит
Құлақ жанындағы сілекей безінің ұлғаюы
Құрсаулы теміреткі
Бессимптомды лимфоидты интерстициалды пневмония
Тыныс жолдарының қайталанатын немесе созылмалы жұқпасы (ортаңғы отит, оторея, синусит)
3 клиникалық саты
Емдеу стандартына нашар жататын бірыңғай түсіндірілмейтін тағамдану бұзушылығы
Өкпе туберкулезі
Периферикалық лимфотүйіндер туберкулезі.
Түсіндірілмейтін созылмалы диарея (14 тәулік және одан көбірек)
Түсіндірілмейтін персистирленген қызба (ауыстыратын немесе тұрақты, айдан артық)
Ауыз кандидозы (2 айдан асқан балаларда)
Ауыздың түкті лейкоплакиясы
Ауыр некрозданған (өліеттенген) жаралы гингивит немесе периодонтит
Қызыл иектің сызықты гиперплазиясы
Ауыр қайталанбалы бактериалды пневмония
Көлемді бірігетін біріккен кондиломдар
Алып түсі бұзылған контагиозды моллюск
Өкпенің созылмалы зақымдануы, бронхоэктазды есепке алғанда шартты АИТВ инфекциясы
Интерстициалды пневмония клиникалық сипаттағы лимфоидттар
Түсіндірілмейтін анемия (гемоглобин <8 г%) или нейтропения «500/мкл)
1 айға дейін созылатын түсіндірілмейтін тромбоцитопения (< 50 000/мкл) 4 к линикалық саты
Түсіндірілмейтін ауыр кахексияға немесе емдеу стандартына нашар жататын тағамдану бұзушылығы
Пневмониядан басқа (мысалы, плевра эмпиемасы, пиомиозит, сүйек және буын инфекциялары, менингит) қайталанылатын ауыр бактериалдық жұқпа
Созылмалы ВПГ-инфекция (айдан көбірекке созылған ерін және ауыз қуысы немесе тері герпесі)
Төсіші лимфотүйіндері мен туберкулезді плевритті қоса алғанда өкпеден тыс туберкулез) .
Капош Саркомасы
Кандидозды эзофагит
Токсоплазменді энцефалит (жаңа туғандардан басқа)
АИТВ-энцефалопатия 1 айдан асқан балалардан асқан балаларда дамитын ЦМВ-инфекциясы (бауырдан, көкбауырдан және лимфотүйіндерден басқа) ретинит немесе ішкі ағзаның инфекциясы)
Өкпеден тыс криптококкоз, мысалы, менингит. Кез келген диссеминирленген эндемиялық микоз (мысалы, өкпеден тыс гистоплазмоз, кокцидиоидоз, пенициллиоз)
Криптоспоридиоз
Изоспориаз
Атипиялы микробтармен шақырылатын диссеминирленген инфекция
Кандидоз трахея, бронхтар немесе өкпе
Висцералдық (ішқұрылыстық) герпес
Пайда болған тікішек жыланкөзі түсіндірілетін АИТВ инфекциясы
ЦНС лимфомасы немесе В-жасуша лимфомасы
Күшейген мультифокалды лейкоэнцефалопатия
АИТВ-кардиомиопатия немесе АИТВ нефропатия
Лейомиосаркома немесе басқа АИТВ ассоцирленген тығыз ісіктер.
Қауіптілік факторлары: анадан балаға АИТВ-ның берілуінің алдын алуға бағытталған шаралардың сақталмауы, жұқтырылған қан және оның құрауыштарын құю, стерильді емес инъекциялық практикалар.
Алғашқы профилактика: анадан балаға АИТВ-ның берілуінің алдын алуға бағытталған барлыұ шаралардың сақталуы:АИТВ-жұқтырған әйелдерге жүктілік және босану кезінде антиретровирустық профилактика, жоспарлы кесарево тілігі, жаңа туған балаларға антиретровирустық профилактика, емшек сүтімен тамақтандыруды болдырмау, донор қанын карантиндеу, тері қабатының және шырышты қабықтың тұтастығын бұзуға байланысты медициналық және медициналық емес манипуляцияларды жүргізу барысында сақтандырушы әмбебеп шаралар.
18 айдан кіші балалардың АИТВ инфекциясын зертханалық диагностикалау.
Жасанды қоректендірудегі балаларды диагностикалау (төмендегі алгоритмді қара)
1-сурет. Жасанды коректендірудегі және АИТВ жұқтырған аналардан туған нәрестелерді вирусологиялық диагностикалау
* Нақтылаушы тест жаңа үлгімен жүргізіледі.
Емшек еметін нәрестелердің диагностикасы
ДДСҰ Европа бюросының ұсыныстарына сәйкес АИТВ-жұқпалы аналардан туылған нәрестелерді жарамды, қолайлы, қауіпсіз және тұрақты жағдай жасалса қолдан қоректендіру ұсынылады. Алайда, ақырғы шешім қабылдау құқығы әйелдің өзінде болады.
Егер қолдан қоректендіру мүмкіндігі болмай, бала емшекпен емізілсе, вирусологиялық зерттеу қолдан қоректендіру жағдайдағыдай сол мерзімде өткізіледі. Егер тексеру нәтижесі теріс болса, қайта тестілеу үш айда бір рет жасалады. Теріс нәтижелі жағдайда АИТВ-жұқпаның жоқтығын растайтын тестілеу емшекпен қоректендіру толық тоқтатылып, 6 апта өткеннен кейін жүргізіледі.
АБЖП кезінде АРВ-препараттары ықпалына түскен нәрестелердің диагностикасы
АРВ-препараттары көмегімен анадан балаға АИТВ жұқтыру профилактикасы (АБЖП) АИТВ ДНК зерттеу нәтижесіне ықпал етпейді , себебі вирусты ДНК науқас баланың перифериялық қан мононуклеарларында анықтала береді.
АБЖП АРВ-препараттары көмегімен АИТВ РНК зерттеулерінің сезімталдығын төмендетуі мүмкін. Сол себептен, профилактикалық ем алатын баланың АИТВ РНК-сы анықталмаса, емдеуден 2 апта кейін зерттеулер қайта өткізіледі.
Ана АРТ-сы баланың вирусты ДНК-сын анықтауға ықпал етпейді.
18 айдан асқан балалардың АИТВ инфекциясын диагностикалау
18 айдан асқан балалардың (АИТВ жұқтыру қауіпі анықталған және анықталмаған жағдайда) қорытынды диагноз антиденелерді зерттеу (ИФА немесе экспресс-тест) және иммуноблоттинг арқылы қойылады.
* кейбір ауру түрлері АИТВ жұқтырмаған балаларда өте сирек кездеседі (пневмоцистті пневмония, кандидоздық эзофагит, лимфоидты интерстициалды пневмония, Капоши саркомасы, криптококкты менингит) . Осы және басқа да аурулар (АИТВ инфекциясының 3 және 4 клиникалық кезеңдері) АИТВ инфекциясын көрсетуі мүмкін, демек, АИТВ антиденелерін зерттеуді талап етеді.
АИТВ инфекциясы бар балаларды бақылау
АИТВ инфекциясы бар балаларды клиниклық және зертханалық зерттеу
АИТВ инфекциясы диагнозы қойылған әрбір бала АИТВ инфекциясының клиникалық кезеңдерін, иммунодефицит дәрежесі мен АРТ-ге көрсетімді анықтап, сондай-ақ, назар аударуды талап ететін ілеспелі аурулар мен жағдайларды айқындау үшін клиникалық және зертханалық тексеруден өтуі тиіс. Сонымен қатар, баланы алғашқы тексеру кезінде профилактика ретінде котримоксазол тағайындау мәселесі шешіледі; баланы, оның ата-анасы мен күтуші адамдарын қостау мақсатында оларға кеңес беріледі. АТВ жұқпасына шалдыққан бала өз мекен-жайы бойынша балалар емханасының педиатр дәрігері мен ЖИТС орталығы маманының диспансерлік бақылауында болады.
Балалардың АИТВ инфекциясы ересектерге қарағанда жылдам үдейеді. Ауру ағымын вирусты РНК деңгейі арқылы болжамдау, әсіресе нәрестелер арасында, қиынға соқпайды. АИТВ/ЖИТС ауруына шалдыққан баланы клиникалық және зертханалық тексеру кезінде АИТВ инфекциясының клиникалық кезеңін анықтау үшін ағымды симптомдарды бағалау керек:
байланыстарды анықтап, коинфекция қауіпін бағалау (туберкулез, В және С типті гепатиттер) ;
ілеспелі ауруларды айқындау және оларды емдеу үшін қандай препараттар қолданылатындығын анықтау;
АББ профилактикасына қажетті АРВ-препараттарын қоса АРВ-препараттарын қабылдауға қатысты анамнез жинау;
зертханалық зерттеулер жүргізу;
қанның жалпы анализі;
СД4 лимфоциттер санын (абсолюттік, ал 6 жасқа дейінгі балаларда лимфоциттердің жалпы санынан үлесі) ;
бауыр ферменттерінің белсенділігін (АлА Т, АсА Т) ;
қосымша зерттеулер : билирубин, креатинин және глюкоза деңгейлері, зәр анализі;
туберкулезді, В және С типті гепатиттерді зерттеу (қауіп факторы бар болса) ;
жасөспірім қыздарды жүктілікке тестілеу.
Жолығысу кезінде жинақталатын басқа да мәліметтер:
антропометрикалық көрсеткіштер: салмақ, бой, бас шеңбері;
тамақтану статусы, қоса алғанда:
бала алатын тамақтың түрі мен саны;
тәбеті, тамақтандыру ұзақтығы;
тамақтандыру кезіндегі проблемалар;
баланы күтіп-бағатын тұлғаның қайсысы баланы тамақтандырады.
әлеуметтік жағдайлар:
жалпы санитариялық жағдайлар, дәрілерді сақтауға арналған қауіпсіздік суы және тоңазытқыштың бар болуы;
тағайындалған дәріні қадағалай алатын отбасының мүшесі мен баланы күтіп-бағатын тұлға анықталады.
баланың және оны күтіп-бағатын тұлғаның психологиялық жағдайы; бала дамуын нервтік-психикалық бағалау.
Тамақтануға қолдау көрсету
аурудың ерте кезінде тамақтануға қолдау көрсету қажет, оның мақсаты - құнарлы заттектер және микроэлементтермен қамтамасыз ету.
АИТВ инфекциясының симптомсыз ағымы бар балаларға осы баланың жасы мен жынысының нормасынан 10%-ға калориялық рационын арттыру.
АИТВ инфекциясының клиникалық айқындалған балаларға және реконвалесценттердің жіті инфекцияларынан кейін нормасынан 20-30 %-ға калориялық рационын арттыру қажет.
ЖИТС-тің клиникалық сатысында балалаларға лактоза және сиыр сүтінің нәруыздарын (ССН) жақпауы жиі кездеседі. Мұндай жағдайларда құрамында лактоза және сиыр сүтінің нәруызы жоқ сүт қоспасын қолдану ұсынылады.
Балаларда антиретровирустық терапия
АИТВ инфекциялы балалардағы мелициналық көмек пен антиретровирустық терапияның негізгі қағидаттары:
баланың АИТВ статусын уақтылы анықтауды және АИТВ инфекция сатысын айқындауды қамтамасыз ету.
Жалпы және мМамандандырылған медициналық көмек, бағдарламалық оңалту мен жақсартуға қолжетімділікті қамтамасыз ету.
АРТ, АРТ-қа кепіл берілген үзіліссіз рұқсат пен антиретровирустық терапияны уақтылы тағайындалуы бар АИТВ жұқтырған балаларға кешендік көмектің бөлігі болуы тиіс.
АРТ, 10 «Анасынан баласына АИТВ берілу профилактикасы» хаттамасының іс-шараларына тізбектеліп байланысқан болуы тиіс.
Шағын тәртіпке келтірілген тәсіл, медициналық көмектің кешенділігі мен децентрализациясы:
қолмен жасалатын педиатриялық бақылауды педиатрлар мен жалпы практика дәрігерлері көрсетуі тиіс;
АИТВ инфекциясы күйі мен АРТ-қа көрсеткішті бағалауд бақылау үшін педиатрлар мен жалпы практика дәрігерлері балалардағы АИТВ инфекциялары жөніндегі мамандармен тығыз іскерлікте болу керек және АРТ-ты дайындау және бастау үшін оларға балаларды уақтылы жіберіп отыру;
психикалық-әлеуметтік сүйемелдеуді қамтамасыз ету, медициналық бақылау мен АРТ ұстанымды қалыптастыру және қолдау, олар тәрбиеленетін балалар мен отбасылардың күтімін ұйымдастыру және қолдау;
бала және жасөспірімдің жаста көмектің басымдылығын қамтамасыз ету қажет ( «Үлкендер мен жасөспірімдерді зерттеу және антиретровирустық терапия» хаттамасы) .
Емдеу мақсаттары
клиникалық: өмірін ұзарту және оның сапасын жақсарту
иммунологиялық: иммундық жүйесін бұздыруды болдырмау және/немесе қалпына келтіру;
вирусологиялық: вирус репродукциясын басу және вирустық жүктеменің анықталмайтын деңгейіне қол жеткізу;
эпидемиялық - АИТВ-инфекциясының әрі қарай таралуын болдырмау, оның ішінде балалар арасында.
Балалардағы АИТВ инфекция кезіндегі антиретровирустық терапия
2 жас шамасынан кіші балаларда АРТ-сын СД4 лимфоциттері және ауру сатысының деңгейіне байланысты емес, АИТВ-на алғашқы ПЦР тестінің оң нәтижесінен кейін бастай береді.
2 жас шамасынан асқан балаларда АРТ-сын ДДҰ жіктемелері бойынша ІІІ немесе ІҮ ауру сатысын көрсететін ауру симптомы айқындалған кезде, немесе иммунитет тапшылығының нақты дәрежесінің дамуы кезінде бастау қажет.
Балалардың АРТ бастау үшін өлшемдер
1-кесте
Көздері : ДДҰ дүниежүзілік ұсынымдарынан бейімделген, 2010 .
б АРТ көрсетілген CD4 лимфоциттердің құрамы, 2-кестені қараңыз
Жасына қарай АРТ бастау үшін иммунологиялық өлшемдер
Иммунологиялық маркерлер қосалқы рөлге ие және клиникалық айғақтармен үйлесімділікте пайдаланылады.
АРТ көрсетілген ауыр иммундық тапшылықты көрсететін СД4 лимфоциттердің бастапқы деңгейлері 1-кестеде келтірілген. Тұтасымен, 5 жасқа дейінгі балаларда барынша нақты маркер болып СД4 лимфоциттердің үлесі, ал 5 жастан үлкен балалардың СД4 лимфоциттердің саны табылады.
Егер СД4 лимфоциттердің үлесін анықтау мүмкін болмаса онда лимфоциттердің абсолюттік санынан алуға болады.
5 жастағы және одан үлкен жастағы балаларда бастапқы деңгей деп 350/мкл бар ересектердікіндей деңгейді есептеуге болады
Лимфоциттердің саны 350/мкл-ден төмен түскенде ЖИТС-тің қаупі айтарлықтай артады, сондықтан оған жол бермеген жөн.
СД4 лимфоциттер санының бастапқы деңгейден төмендеуіне жол беруге болмайды, өйткені бұл ретте аурулар мен өлім-жітім қаупі айтарлықтай артады. СД4 лимфоциттердің бастапқы деңгейі кезінде АИТВ инфекциясының клиникалық сатысына қарамастан АРТ бастаған жөн. Егер балада өкпе туберкулезі болса, онда СД4 лимфоциттердің деңгейі бойынша және клиникалық статусы бойынша АРТ-ны баяу бастау-бастамау мәселесін немесе «Туберкулез және АИТВ инфекциясы: үйлескен инфекциялары бар пациенттерді режіммен тексеру тәсілі» хаттамасын ала отырып, оны кейінге қалдыру мәселесін шешу керек.
Балалардың АИТВ инфекциясымен түсіндірілетін ДДҰ жіктемесі VII A-қосымшада келтірілген.
CD4 көрсеткіштерге негізделген АРТ бастау үшін өлшемдер
2-кесте
25%
(750/мкл)
а Бес жастан бастап АРТ бастау үшін барынша нақты айғақ болып CD4лимфоциттердің саны болады
Көзі: ДДҰ дүниежүзілік ұсынымдарынан бейімделген, 2010 .
ВН - бұл емдеуге жауап, сондықтан оны емдеуге дейін және терапияны бастағаннан кейін 3 айдан соң өлшеу керек
ВН анықталмаған деңгейінде немесе 2 және одан көп есе төмендеткен жағдайда ВН-ге тексеру еселігі-6 айда бір рет. Емдеудің мақсаты - ВН-ді анықталмаған деңгейге дейін төмендету (қазіргі таңда бастапқы деңгей болып <50 копия 1 мл плазмадағы РНК АИТВ саналады, мұнда вирус репликациясы қысқарады және қолданылатын АРТ сызбасын дамыту ықтималдығы төмендейді.
Бірінші қатардағы ЖБАРТ сызбасы
Балалардың бірінші қатардағы ЖБААРТ сызбасын таңдау ересектердің қағидаты сияқты құрылады, бірақ қосымша мыналарды ескерген жөн:
баланың жасын;
балалар үшін дәрілік нысандардың жарамдылығы;
жанама әсері;
болашақта препаттарды таңдау маңыздылығы;
күтілетін емдеуге бейімділік;
қосалқы аурулар мен жағдайлар (инфекциялар, тамақтануының бұзылуы,
Метаболиялық бұзылулар) ;
жасөспірім қыздардың жүкіт болу мүмкіндігі;
мүмкін болатын дәрілік өзара іс-қимыл.
Егер АББП процесінде АРВ препараттарының әсеріне ұшыраған балалардың дәрілік тұрақтылығын зерттеу жүргізу мүмкін болмаса бірінші қатардағы АРТ-ның стандарттық сызбасы пайдаланылады. (3-кесте) .
Балаларға бірінші қатардағы АРТ сызбасы
3-кесте
a АРВ препараттардың әсеріне ұшырамаған балаларда абакавир + ламивудин комбинациясы өте тиімді.
PENTA 5 зерттеу осы сызбаның артықшылығын растады (http://www. ctu. mrc. ac. uk/penta/trials. htm) .
б Эфавиренз <3 жастағы немесе дене салмағы <10 кг балаларға ұсынылмайды; ол сондай-ақ сенімсіз контрацепсиясыз жыныстық қатынаста өмір сүретін немесе жүктіліктің бірінші триместрінде пубертаттық жастан кейінгі жастағы қыздарға жақпайды. 3 жастан асқан балаларға эфавиренз невирапиннен жақсылау.
в Невирапин CD4 лимоциттердің бастапқы саны >250/мкл болатын пубертаттық жастан кейінгі жастағы қыздарға ұсынылмайды (оларға емдеу ересектердің сызбасы бойынша жүргізіледі.
Ерекше жағдайлар кезіндегі ЖБААР cызбасы
Ерекше жағдайларда бастапқы режімді жеңілдету үшін мыналарды қолдануға болады:
Үш КТНИ сызбасынан, атап айтқанда, оларды мыналарға тағайындауға болады:
невирапин мен эфавиренз жақпайтын лимфоциеттерінің саны СД4 >250/мкл болатын жүкті жасөспірім қыздарға;
емдеу режімін нашар сақтау кқтілетін немесе расталған жасөспірімдерге (егер осы сызба үшін белгіленген дозамен аралас препаратты пайдалану ммүкіндігі болса) .
АРТ-ның альтернативті сызбасы
4-кесте
АРВ-препараттар комбинациясы
Зидовудин + ламивудин + абакавир
«ИП-мен сызба»
Протеаз ингибаторларын тағайындауға көрсетілімдер бірінші қатардың сызбасында: емдеу басталғанға дейін трансаминаз деңгейінің 2 және одан неше есе артық көтерілуі;
АИТВ және ВС гепатитінің коинфекциясы
АРВ-препараттардың әсеріне ұшыраған нәрестелердің АРТ
Жатырішілік даму кезеңінде, босану кезінде және босанғаннан кейін (емшекпен коректендіру кезінде) кейбір АРВ препараттарға тұрақтылығының даму ықтималдығы бар. бала мынадай жағдайларда АИТВ-ның тұрақты штамдарын жұқтыруы мүмкін:
ана АРВ-препараттарды алған жоқ, бірақ АИТВ-ның тұрақты штамдарын жұқтырған;
ана АРВ-препаратын жүктілікке дейін алған;
ана АРВ-препараттарын АББП үшін немесе АИТВ инфекциясын (АРТ) емдеу үшін жүктілік кезінде алған.
АИТВ тұрақты штамдарының осындай жолдармен берілу жиілігі нақты белгісіз, сондықтан АРВ препараттарының әсеріне ұшыраған балаларда осы әсерге ұшырамаған балалардыкіндей АРТ сызбасы пайдаланылады.
АББП үшін пайдаланылатын АРВ препараттардың әсері
Егер АББП үшін невирапин, ламивудин немесе олардың комбинациясы пайдаланылса, осы препараттарға тұрақтылық туындау үшін бір нүктелік мутация жеткілікті.
Баланың АББП үшін невирапиннің немесе ламивудиннің немесе басқа АРВ препараттардың бір дозасын алуы оларға қажетті АРТ тағайындаудан бас тартудың себебі болмауы тиіс.
Перинаталдық кезеңде КТНЕИ әсеріне ұшыраған нәрестелердің бірінші қатардағы АРТ сызбасы
АРТ қабылдайтын ананың емшек сүтіндегі АРВ препараттардың әсерлері
Кейбір АРВ препараттар (невирапин, зидовудин, ламивудин) емшек сүтіне енеді, алайда бала емшек сүтімен алатын оның топтауы мен саны терапевтік деңгейге жетпейді. Егер емшекпен тамақтандырылатын балажа АРТ-қа көрсеткіш бар болса, анасы АРТ алуы-алмауына тәуелсіз, стандартты бала дозасында АРВ препараттарын тағайындау қажет. Бірінші қатардағы сызба ретінде НИОТ+ 2 стандартты комбинация ұсынылады.
АРВ препараттар дозалары және оларды жасына байланысты түзету
Қандағы препараттардың жеткілікті концентрациясын қамтамасыз ету және дәрілік тұрақтылықтың дамуын болдырмас үшін үш айда бір реттен кем емес АРВ препараттар дозасын бала денесінің салмағына сәйкес тексеріп және қайтар қарап отыру керек. Дозалар дене салмағында мг/кг және дене бетінің ауданы мг/м2 есептеледі. Дозаны көп жаққа дөңгелектеу клиникалық практика мақсатқа лайықты (мұндай практикада ата-ана үшін балаға дозаны беру оңай) . Бала тез өсетіндіктен дозаны 10% шамасында арттырған жөн.
АРТ тиімсіздігі
Емдеудің тиімсіздігінің себептері әртүрлі болуы мүмкін: емдеу режімін дұрыс сақтамау, АРВ препараттарды адекватсыз дозалау, немесе олардың жеткіліксіз белсенділігі, фармакокинетикамен байланысты проблемалар. Терапияның бірінші сызбасының тиімсіздігі туралы қорытынды емдеу басталғаннан кейін 24 апта және пациент режімді сақтау шартында ғана жасалады. Емдеу тиімсіздігінің клиникалық критерийлері иммунологиялық деректермен (СД4 лимфоциттер деңгейі) бекітіледі.
АРТ тиімсіздігінің иммунологиялық критерийі
АРТ иммунологиялық тиімсіздігінің критерийі, 2-ден 5 жасқа дейінгі емдеу алатын балада АРТ-қа жоғары ұстаным шартында емдеу басталғаннан 24 аптадан кейін 1 мл 200 жасушадан кем немесе 10% СД4 лимфоциттер саны болып табылады. 5 жастан үлкен балаларда жоғарыда көрсетілген шарттарда СД4 саны 1 мл-да 100 жасуша.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz