Visual Basic 6 ортасында программалық код


Кіріспе

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр - білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.

Информатика пәнінің орта білім беру жүйесіндегі ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.

Информатиканың қазіргі курсының ғылыми-әдістемелік идеялары оқушының өз бетімен жұмыс жасауға көңіл бөлуін қажет етеді. Қорыта айтқанда ұлттық мәдениетке негізделген қазақ мектебінің жас ұрпағына білім беруде, оларды дамытуда және тәрбиелеуде Информатиканың алатын орны ерекше екені белгілі. Осыған орай мектептегі Информатикадан білім беру егеменді еліміздің қәзіргі әлеументтік-экономикалық дамуымен сай болуы керектігі анықталды. Оқушылардың өз бетімен дамуына, өз бетімен білім алуына, ғылыми және әлеументтік ақпараттардың жедел ағымына ілесе білу дағдысына көңіл бөлінуі қажет.

Жаңа ақпараттық технологиялар дегенiмiз - бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесi. Бұл процестi icкe асырудан негiзгi құрал компьютeр болып табылады. Компьютер - бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретiн зор құрал. Бiрақ әлі күнге деЙін бiз осы зор құралдың шексiз мүмкiндiктерiнің оннан бiрiн де пайдалана алмай отырмыз. Себеп не? Басты себеп - мұғалімнің ақпараттық коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiнің қалыптаспауына немесе төмендiгiнде. Соңғы жылдарда бiлiм беру жүйесiне енген «құзырлылық» немесе «құзiреттiлiк» ұғымы жеке қасиеттерi мен бiлiм, бiлiк, дағды, ic тәжiрибесi, түсiнiгiнің бiрлiгiн сипаттайды.

Дүние жүзінде оқытудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерін іздестіру

жұмыстары соңғы кезде кең көлемде жүргізіліп келеді. Оқыту процесі терең, берік және дәл білім алу таным жолындағы оқушылардың қимылына байланысты. Оқыту процесі - бұл мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге білім беру міндеттерін шешу.

Оқыту процесі - тұтас педагогикалық процестердің бір бөлігі. Біртұтас ашық білім беру ортасының тиімді дамуы күмән тудырмайды. Жоғары және үздісіз білімге сұраныстың күшеюінен әр түрлі, әр мақсаттағы интернационалдық білім беру құрылымдарын жасауға жағдай туады. Мұндай үрдіс білім беруді мазмұндық жағынан да, әдістемелік-ұйымдық түрі жағынан да алып келеді. Бұл білім беруді біліммен технологияны өзара тығыз әрекет факторы ретінде ғана емес, капиталдың өзара кipiryi мен нарық үшін күрес факторы ретінде де құралдандыру арқылы геосаяси міндеттерді шешуге жол ашады. Қазіргі уақытта осы заманғы қамту дәрежесі мен қашыққа жетуі жоғарылағанымен сипатталатын технологиялық жетістіктерге сүйенген қашықтан оқыту әдістері білім беруде телекоммуникациялық жүйелерді және компьютерлерде пайдаланудьң әлемдік тәжірибесі жинақталды.

Қазірде программалау тілдерін оқыту әдістемесіне кеңінен көңіл бөлінеді. А. Скробов VB тілін пайдаланып бірнеше есептердің бір уақытта орындалуын зерттесе, В. Тихвинский VBA модульдерін өңдеуді кеңінен зерттеп келеді. Ал Г. Магдануров объектілі-бағдарлы бағдарламалау тілінің Visual Basic. Net бағдарламасында қолданылуын зерттеді. Бұл зерттеулер елімізде жаңадан қолданыс табуда. Сол себептен бұл программалау тілін оқып үйрету әдістемесін жетілдіру қажет. Оқу процесінде ақпараттық технологияның қарқынды дамуына байланысты оқу процесінің тиімділігін көтеруге байланысты көптеген зерттеулер жүргізілуде. Программалау тілін оқыту әдістемесі бойынша зерттеу жұмыстары аз емес. Көптеген зерттеушілер программалау тілін оқытудың көптеген әдістемелерін ұсынады. Ашық білім беру жүйесінің қарқынды дамуына байланысты программалау тілдерін меңгерудің көптеген жолдары бар. Әрбір оқушы өз бетінше де программалау тілін меңгере алады. Бірақ зерттеушілер программалау тілін оқытудың тиімді жолдарын қарастырған. Еліміздің зерттеушілері Visual Basic for Аpplicat ion программалау тілін оқытудың әдістемесін қолға алуда. Программалау тілдері күнбе күн дамып отырғандықтан, оларды оқыту әдістемесі де осыған байланысты үздіксіз дамып отырады.


Тарау І. Визуал Бейсик ортасының мүмкіндіктері

  1. Визуал Бейсик ортасымен танысу

Visual Basic бұл күшті программалау орта, практикалық тапсырмаларды қысқа спектрде жүзеге асырып шығарады. Қолданбалы программаларды дайындауда оның негізгі тиімді қарапайым тіркесте пайдаланады, әр түрлі мүмкіндіктермен барлық негізгі әрекеттерді қамтып жүзеге асырады.

Бұл тілдегі “Visual” сөзі атауының әдісімен пайдаланушы интерфейстерінің графикалық мәліметтерін программалық ортада көрсетеді. Бағдарламашы өзінің қарапайым қосымшаларының программалық бөлімдерін сипаттағанда өздерін этаптармен керекті жерлерге орналастырады.

Сондай-ақ жағдайлардың басым көпшілігінде дайын басқару элементтерін пайдаланады, яғни құрылған объектінің әдіс және қасиеттері болады. Бағдарламашы таңдалған объектінің қасиеттерін немесе мәндерін, сондай-ақ әртүрлі әдістермен бейнелеп өзгертуге болады. Бұдан басқа бағдарламашы әртүрлі оқиғаларды пайдалануға мүмкіндік береді.

Visual Basic тілінің мүмкіндіктері мына төмендегідей болады:

1. Өзінің қосымшалары үшін ыңғайлы интерфейс және максимальды гибкаларды пайдалануды жүзеге асырады;

2. Әр түрлі шарттар және мәзірлер құруды орындайды;

3. Пернелік тақта және тышқан оқиғаларын өңдеу, сондай-ақ әр түрлі геометриялық фигураларды графикалық бейнемен экранға шығарады;

4. Түстерді басқару және принтерді баптау стандартты диалогты терезелерді пайдаланады;

5. Графиктермен жұмыс істеу, яғни бейнелерді суреттеуді жүзеге асырады;

6. Таймерді пайдалану;

7. Файлдар және каталогтармен жұмыс істеу;

8. Мәліметтер базасымен жұмыс істеу;

9. ActiveX басқару элементтерін пайдалану.

Бағдарламаны іске қосу

Терезе элементтері

Менің бірінші қосымшам

Жазба жазу

Форма жасау

Нәтижесі

1. 2. Visual Basic тілінің басқару элементтері

Саймандар терезесі (Окно инструментов - Toolbox) қосымшаның формасын көріп отырып жасақтауда негізгі жұмыс саймандарын беретін терезе.

Саймандар терезесінің құрамында форма жоспарын көріп отырып тез жобалауға арналған жазу, мәтіндік өріс, батырмалар, тізімдер т. б. жасауға арналған саймандар, яғни басқару құралдары бар.

Саймандар терезесінде таңбашалардың саны әр түрлі бола алады. Саймандар терезедегі саймандардың таңбашаларын, аттарын және атқаратын қызметін (2 - кесте) қарастырып өтейін.

2 - кесте.

Батырма
Команда
Атқаратын қызметі
Батырма:
Команда:

Көрсеткіш (Указатель)

(Pointer)

Атқаратын қызметі: Тышқан көрсеткішін позициялау үшін пайдаланылады.
Батырма:
Команда:

Графикалық өріс

(Графическое поле)

(Picture Box)

Атқаратын қызметі: Элементтер тобын біріктіру үшін қызмет ететін графикалық өріске графикалық бейнелерді, сондай-ақ мәтінді, графикалық элементтерді және анимацияны формаға орналастырады.
Батырма:
Команда:

Жазу

(Метка)

(Label)

Атқаратын қызметі: Формаға мәтіндік информацияларды, жазуларды және ескертулерді жасау үшін қызмет ететін объектілерді орналастырады
Батырма:
Команда:

Мәтін өрісі

(Текстовое поле)

(TextBox)

Атқаратын қызметі: Формаға мәтіндік информацияларды, сандарды және мерзімдерді ендіру үшін қызмет ететін мәтін өрісін орналастырады.
Батырма:
Команда:

Жақтау

(Рамка)

(Frame)

Атқаратын қызметі: Объектілерді логикалық топқа топтастыру үшін формада тақырыбы бар жақтау жасайды.
Батырма:
Команда:

Басқару батырмасы

(Кнопка управления)

(CommandButton)

Атқаратын қызметі: Командаларды орындау программаларды іске қосу әрекеттерін жүзеге асыратын формаға басқару батырмаларын орналастырады.
Батырма:
Команда:

Жалауша

(Флажок)

(СһескВох)

Атқаратын қызметі: Формаға программаның орындалу шарттарын, немесе қандайда бір "ия-жоқ" принципі бойынша жұмыс істейтін баптауларды қалыптастыру үшін қызмет ететін жалаушаларды орналастырады.
Батырма:
Команда:

Ауыстырып қосқыш

(Переключателъ)

(OptionBox)

Атқаратын қызметі: Жұмыс режимін немесе программаның орындалуын баптауды таңдау үшін формада ауыстырып қосқыштарды жасайды.
Батырма:
Команда:

Ашылатын тізім

(Поле со списком)

(ComboBox)

Атқаратын қызметі: Формада ендіру өрісі және ашылатын тізімі бар объектілерді бір мезгілде жасайды.
Батырма:
Команда:

Тізім

(Список)

(ListBox)

Атқаратын қызметі: Мәндер тізімімен мәндердің біреуін немесе бірнешеуін таңдау үшін формада тізім жасайды.
Батырма:
Команда:

Горизонталь айналдыру жолағы

(Горизонтальная полоса прокрутки)

(VScrollBar)

Атқаратын қызметі: Берілген аралықтан мәндерді таңдау үшін Жүгіргіші (Бегунок) бар формада горизонталь айналдыру жолағын орналастырады.
Батырма:
Команда:

Вертикаль айналдыру жолағы

(Вертикалъная полоса прокрутки)

(VscrollBar)

Атқаратын қызметі: Берілген аралықтан мәндерді таңдау үшін Жүгіргіш ретінде пайдаланылатын формада вертикаль айналдыру жолағын орналастырады.
Батырма:
Команда:

Таймер

(Таймер) (Timer)

Атқаратын қызметі: Формаға таймерді орналастырады
Батырма:
Команда:

Дискілер тізімі

(Список дисков)

(DriveListBox)

Атқаратын қызметі: Формада дискілер тізімін жасайды.
Батырма:
Команда:

Бумалар тізімі

(Список папок)

(DirListBox)

Атқаратын қызметі:

Формада бұтақ тәріздес бумалар

тізімін жасайды.

Батырма:
Команда:

Файлдар тізімі

(Список файлов)

(ҒіleListВох)

Атқаратын қызметі: Формада файлдар тізімін жасайды
Батырма:
Команда:

Фигура

(Фигура)

(Shape)

Атқаратын қызметі: Формада тікбұрыш, квадрат дөңгелек, эллипс, бұрыштары доғалданған тікбұрыш және квадрат сияқты геометриялық фигураларды жасайды.
Батырма:
Команда:

Сызық

(Линия) (Line)

Атқаратын қызметі: Формада сызық сызу үшін қолданылады
Батырма:
Команда:

Бейне

(Изображение)

(Image)

Атқаратын қызметі: Формада графикалық бейнелерді бейнелеу үшін қызмет ететін өріс жасайды.
Батырма:
Команда:

Деректер

(Данные)

(Date)

Атқаратын қызметі: Жазулар бойымен жылжып отыру және навигация нәтижелерін бейнелеу үшін деректер базасында, деректерді басқарушы элемент жасайды.
Батырма:
Команда:

OLE Қобдиша

(Контейнер OLE)

(OLE Container)

Атқаратын қызметі: OLE механизмі арқылы басқа өнімдердің мүмкіндіктерімен қатынас жасауға мүмкіндік береді.

Тарау ІІ. Visual Basic ортасында анимация

2. 1. Visual Basic-те анимацияға кріспе

Анимация - бұл объекттердің қозғалысы. Бізге қажетті барлық объекттердің қозғалысын қамтамасыз ете аламыз. Мысалы, тексттік өрісті қозғалту үшін бағдарлама құрамыз. VB(Standart EXE) -ке кіреміз, формаға батырма қойып, оған тексттік өрісті орналастырамыз. Мына бағдарламасы:

Private Sub Command1_Click() ' Батырманы басқан кезде:

Text1. Left = Text1. Left + 10

' тексттік өріс. Left тең тексттік өрістке. Left+10 - тексттік өріст батырманы басқан кехде 10 пикселге оң жаққа қарай жылжиды. Тексттік өрістің орны ретінде кез-келген объектті көрсетуге болады.

End Sub

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоба және пішін терезесі
Visual Basic-те стандартты қосымшаларды дайындау
Visual Basic-та инженерлік калькулятор жүйесін құру
Мамандардың мәліметті өңдеудің машиналық құралдарына максималды жақындығы
Визуал Бейсик ортасының графикалық мүмкіндіктерін пайдаланып ай, кун, бұлытты бейнелейтін бағдарлама құру»
Visual Basic ортасында жоба құру негіздері
Visual Вasic ортасында “Мектеп математикасына көмекші есептегіш құрал” дайындау
Visual basic программалау ортасы
Delphi Windows жүйесінде программалаудың ыңғайлы құралы
Visual basic ортасында сызықтық бағдарлама құру»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz