Бастауыш мектептегі дарынды балаларды оқыту барысында жүргізілетін жұмыстар


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 2

І тарау. Бастауыш мектептегі дарынды балаларды оқыту барысында жүргізілетін жұмыстардың теориялық негіздері.

1. 1. Бастауыш сыныптардағы дарынды балаларды оқытудағы педагогикалық-психологиялық зерттеулер . . . 5

1. 2. Бастауыш сыныптарда дарынды балаларды оқытуда мұғалімге қойылатын талаптар . . . 16

ІІ тарау. Кіші мектеп жасындағы дарынды балаларға қазақ тілінен білім беруді ұйымдастырудың әдістемелік негіздері.

2. 1 Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту барысында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың ерекшеліктері . . . 27

2. 2. Қазақ тілі сабағын оқытуда кіші мектеп жасындағы дарынды балалармен жұмыс жүргізудің әдіс-тәсілдері. (4 сынып) . . . 40

Қорытынды . . . 56

Сабақ үлгілері . . . 59

Қосымшалар . . . 70

Пайдаланылған әдебиетер . . . 79

Кіріспе

Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуна ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.

Егеменді еліміз тәуелсіз мемлекет мәртебесін алып, қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы іске асу барысында, осы тұста өз жеткіншегін жан-жақты жетілген, парасатты азамат етіп тәрбиелеу, тиісті мамандық беру кез-келген мемлекеттің естен шығармайтын негізгі мақсаттарының бірі. Қазіргі кезде орын алып отырған қиыншылықтарды, келеңсіздіктерді жеңетін де, жаңаша жол табатын да, нарықтық қатынастардың дұрыс бағытын анықтыйтын да тек іскер, білгір мамандар болатындығына дау жоқ.

Ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан-2030» жолдауында: «Біздің жас мемлекетіміз өсіп жетіліп кемелденеді, біздің балаларымызбен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады»-деген сенімі жай айтылған сөз емес. Бүгініг күн талабына орай білім беру мазмұны, мақсаты қайта қаралып, түбегейлі жаңартылуы тиіс. Еліміздің болашағы көркейтіліп, өркениетті елдер қатарына қосылу бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Осыдан барып жас ұрпаққа ғылыми негізде білім беру, қабілеттерін ашу міндеті туындайды. Яғни білім мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту-өмірдің өзі талап етіп отырған бүгінгі күннің обьективті заңдылығы.

Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттілігі тудырмайды.

Білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне бастауыш сынып оқушысын белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың

иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әр түрлі мәдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес өз жасын қалыптастыруға күш жұмсап, еңбектенетін бала деп қарастыратын, осыған орай көп қырлы құрылымды білім- тәрбие мазмұнын анықтап құруға көмектесетін қазіргі заманғы дамыта оқыту идеясы алынады.

«Адам ұрпағымен мың жасайды»-дегендей, ұрпақ тәрбиесі- қай кезеңде де халықтық мәселе болған.

Тарихтан білетініміз:дарындылар, қабілеттілер аса жоғары бағаланған.

Н. Ожеговтың сөздігінде дарындылық «табиғаттан берілетін ерекше қабілет »деп түсіндіріледі. Адами ойлау, ізденімпаздық-

табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары сөзсіз. Дегенмен, табиғат оны бәріне бірдей етіп бөлмей, біреуге көптеу, біреуге аздау, ал үшіншілеріне мүлдем жарытпай тарататыны да анық.

Көптеген ғалымдар дарындылықты генетикалық нәрсе деп қарастырған. Оны белгілі бір даму сатысының соңғы нәтижесі деп түсіндіреді.

Кезінде Плотонның өзі ақындықты «өнер мен білімнің арқасында емес, құдайдың анықтауы мен кернеген сезімнен» туындайды деген болатын.

Ал, Сократ өзінің ерекше қасиетін түсіндіргенде «маған әрдайым көмекке мейірімді пірім-гений келеді» деген екен.

Дарындылықты немесе ерекше қабілеттілікті балалық шақтан универсалдық тұрғыдан қарастырған жөн. Ал, уақыт өте келе, тұлғаның есеюімен бұл қабілет өзінің арнаулы қырларын көрсетеді, пәндік дәрежеге, мазмұнға ие болады.

Жаңа дәуір табалдырығында тұрған адамзат баласы өзінің даму сатысында интелектуалдық қабілетке барынша иек артуда. Интелектуалдық ақыл-ой иесі дегенде бізт талантты адамдарды айтамыз. Мұндай дарын иелері қоғамның үлкен байлығы және алға жылжытар күші.

Осыған орай тақырыпты зерттеудегі мақсат: Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту кезеңінде дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мәселелерін жан-жақты анықтап, жолдарын қарастыру.

Міндеті:

1. Қазақ тілі сабақтарында бастауыш мектептегі дарынды балаларды оқытудың теориялық-әдістемелік негізін анықтау, зерттеу.

2. Бастауыш мектепте дарынды балаларға қазақ тілін оқытудың тиімді жолдарын қарастыру.

Зерттеу әдісі:

Кіші мектеп жасындағы дарынды балаларды оқыту мәселесінде ақпарат құралдарына, әдістемелік оқу құралдарында және әдебиеттерде жазылған мақалаларға сараптама жүргізу.

Зерттеу объектісі:

Бастауыш мектепте оқу-тәрбие процесіндегі қазақ тілі сабақтарында дарынды балалармен жұмыс ұйымдастыру.

І тарау. Бастауыш мектептегі дарынды балаларды оқыту барысында жүргізілетін жұмыстардың теориялық негіздері.

1. 1. Бастауыш сыныптардағы дарынды балаларды оқытудағы педагогикалық-психологиялық зерттеулер.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында « Әр баланың жеке қабілетіне қарай интелектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отыр. Себебі ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті мамандар қажет.

«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың сөзі жай айтыла салған жоқ. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Осыдан барып жас ұрпақтың бойындағы іскерлік пен қабілеттерін ашу және оларды шығармашылыққа баулу туындайды. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни, әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдай жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Оның қандай мектеп болсын, инновациялық үрдіс сатысынан өтпей даму мүмкін емес екеніне көзіміз жетіп отыр.

Сондықтан, қазіргі кезеңде мектептің негізгі жұмыстарын баланың жан-жақты дамуы мен қалыптасуына, олардың белсенділіктерін, жауапкершіліктерін арттыруға, мұғалімдердің шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыруға, озат тәжірибені жинақтауға, ғылыми негізде білімді тәжірибемен ұштастыру қажет.

Дарындылық - адам бойындағы тума қасиет деп есептеледі. Талантты, дарынды балалар жөнінде 1975 жылы дүниежүзілік Кеңес құрылды. Көптеген елдерде дарынды балаларды әлеуметтік, психологиялық жағынан қолдау мақсатында арнайы бағдарламалар жасақталды.

Өркениетті қоғамда дарынды балаларды бөлектеп оқыту ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында басталып, оқытудың саралап, даралап білім беру принципіне көшкені мәлім. Ол Францияда, Германияда, Америкада, Жапонияда т. б. елдердің білім беру жүйесінде қазір жоғары деңгейде жүргізілуде.

Әлемдік тәжірибеге сүйенсек мектеп жасындағы балалардың 20 пайызы осы топқа жатқызылады екен. Біз дарынды деп белгілі бір қабілеті көпшіліктің орташа қабілетінен ерекшеленетіндерді айтып жүрміз. Өмір сүретін орта, берілетін тәрбие осы ерекшіліктің одан әрі дамуына көмектеседі немесе оны мүлдем жоқ қылады. Мәселен, саусағынан бал тамған зергердің табиғи алмазды бриллиантқа айналдырғаны сияқты, қолайлы ахуал, тамаша кәсіби ұстаздық кез келген қабілетті оқушыны дарынға айналдыра алады. Міне, осы бір айдай анық мәселе педагогика мен психологияда көптеген қиыншылықтардан өтіп, өз жолын енді тауып келеді.

Әлбетте, дарындылықтың тұқым қуалайтындығы, ұрпақтан ұрпаққа берілетіндігі сөзсіз. Ендеше Абайдай ұлы тұлғаны өмірге әкелген Құнанбайды дарын емес деп кім айта алады?

Канада ғалымы Д. Хебб « генотиптік интеллект » деген ұғымды енгізді. Бұл таза тұқым қуалайтын интеллект сыртқы ортамен қарым-қатынас орната отырып, « фенотиптік интеллектіні » құрайды. Соңғысының деңгейі бәрімізге белгілі тест әдісімен анықталады. Д. Хеббтің ойынша ген арқылы берілу мен сыртқы ортаның әсерінің арасындағы қатынас 8:2. Мұнда 8- тұқым қуалаушылық, 2- сыртқы орта. Осыдан ол мынадай қорытындыға келеді: ой-өріс (интеллект) - бұл мәдени-әлеуметтік орта мен индивидтің (адамның) тәжірибесінен пайда болатын өнім, ал осы тәжірибені ассимиляциялап (жинақтап) тиімді пайдалана білуінің 80% генотиптік құрылымға байланысты.

Д. Хеббтің және басқа да гендік дарындылықты жақтаушылардың тұжырымдары практик-ғалымдар мен білім қызметкерлері тарапынан қатты сынға алынды. Олардың бірінші қарсылығы «қатып қалған интеллектіні»жоққа шығарудан басталады. Сегіз бен он алты жас арасындағы сынақтан өткен оқушылардың 50% ғылымның әртүрлі саласынан әр дәрежеде ой-өріс деңгейін көрсете білген. Сонда оқушы 8 жыл ішінде тұрақсыз интелектуалды дарындылығын танытқан. Нақты, шүбә келтірмейтін немесе көпшілік мойындаған дарындылық туралы тұжырымдама болған емес және бұл бағыттағы жақсы жетістіктерге қарамастан оны жоқ деуге болады. Әйтсе де, бұл жағдай дарындылықты ғылыми тұрғыдан зерттеушілерді көп қиналта қоймайды. Тіпті, кейбіреулері мұны дұрыс заңды нәрсе ретінде қабылдау керектігін алға тартады. Белгілі ағылшын психологы Г. Айзенк осы мәселе жайындағы көзқарасын былай түйіндейді: « Термометрді алғаш ойлап тапқанда ғылымда жылу құбылысы, оның өлшем бірліктері туралы мәлімет өте мардымсыз болды, түбінде жылулық теориясы термометр және басқа да құралдармен өлшеулер жүргізу арқылы дамыды емес пе?». Сөйтіп, Г. Айзенк дарындылық туралы түбегейлі, тұрақты қорытынды шығаруға асықпаған жөн деп тұжырымдайды ойын.

ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында ассоциативтік психологияда дарындылық мәселесіне функционалдық көзқарас туындады. А. Бэн, В. Вундт, Д. Милль, Г. Спенсер, Т. Циген сияқты психолгтар ой-өріс дарындылығын диагностикалау үшін бес негізгі функцияны өлшеп, зерттеу керектігін айтады. Олар : ой, зейін, ерік, қабылдау және есте ұстау. Тек ХХ ғасыр басында ғана ғалымдар нағыз дарынды ғылыми қызмет, ғылыми ойлаудан іздеу керектігін айта бастады. Содан әр түрлі, өзара қарама-қайшы шиеленіскен көзқарастарды жүйелей отырып, ғалымдар дарындылықты жалпы және арнаулы деп екіге бөліп қарастыруға көшті. Неміс ғалымы В. Штерн жалпы дарындылық - интеллектіден өзгеше, оны индивидтің өз ойын жаңа талаптар, мақсаттар мен міндеттерді орындауға саналы түрде бағыттай алатын қабілеті деп түсінеді. Арнаулы дарындылық дегеніміз - бұл белгілі бір бағытта ерекше қабілеттер таныта білуі. Мысалы, қолөнер, сурет, ақындық және т. б. Сонда көптеген біріне-бірі байланыссыз арнаулы факторлар түбінде ақыл-ой қабілетін, яғни интелектіні құрайды.

Дегенмен, іс-әрекеттің әр алуан саласында ұлы жетістіктерге жету үшін интеллекті емес, психикалық оданда күрделі ерекшеліктері: жаңа, ұшқыр ойлар мен идеяларды туындату және қисыны көп, стандартты емес есептердің шешімін таба білу қабілеті болу керек. Мұны психологияда креативтілік деп атайды.

ХХ ғасырдың 50-60 жылдары «Креативтілік» ұғымы «интеллект» ұғымының дарындылықты сипаттаудағы монополистік құқығынан толығымен айыра бастады. Сонымен жоғарыда қарастырып отырған мәселе бойынша ойымызды қорытындыласақ, дарындылық - тұлғаның жалпы интегралды қасиеті екендігі анық көрініп тұр. Тек қана бір салада ерекше қабілетті болып, ал өмірдің басқа жақтарынан дәрменсіз болу табиғатта сирек кездесетін құбылыс. Атақты суретшілердің көпшілігі өлең жазған және керісінше атақты ақындардың біразы сурет, қолөнермен қосымша шұғылданып, жақсы туындылармен халқын тамсандырған.

Дарындылықты немесе ерекше қабілеттілікті балалық шақта жалпы, универсалдық тұрғыдан қарастырған жөн. Ал уақыт өтісімен, тұлғаның есеюімен бұл қабілет өзінің арнаулы қырларын көрсетеді, пәндік дәрежеге, мазмұнға ие болады.

Қазақстан Республикасында соңғы жеті жылда қолға алынып, жүйелеуден өтіп жатқан «Дарын» бағдарламасының педагогтер алдына қойып отырған мақсаты - тұлғаның жалпы қабілеттерін дамыта отырып, белгілі бір саладағы ерекшелігін танытуына жан-жақты әдістемелік және психологиялық қолайлы жағдайлар тудыру.

Жалпы Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының бағдарламасының басты мақсаты: әрбір шәкірттің жеке дара қабілеттерін ілгері дамыту, дарындылығы анықталған оқушыны қабілетіне сай шығармашылықпен ойлай алатын азамат етіп тәрбиелеуге жағдайлар жасау, дарынды балалармен жұмыс жасау аясында ғалымдар мен өнер қайраткерлерін, ізденімпаз ұстаздар ұжымын топтастыру.

Психикалық қасиеттер - бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер. Бұған әрбір адамның мінезі мен темпераменті, қабілеті мен дүниетанымы, сенімі мен талғамы, қызығуы жатады.

Біз балаға «қабілетті» деген мінездеме береміз. Қабілеттілік әр алуан. Мектепте оқушыларға түрлі жұмыстар жүктелгенде де олардың кейбіреулерінің ұйымдастырғыштық, екінші біреуінің музыкалық, ал үшіншісінің суретшілік қабілеті еске алынып, бұған ерекше мән беріліп отырады. Бұл мысалдар әр адамның әрекеттің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі болатынын байқатады. Ерекшеліктер іс-әрекетті орындау үстінде, әсіресе, оның нәтижесінен жақсы көрінеді. Мысалы: біреу қолға алған ісін тез бұрқыратып тастайды және оны нәтижелі етіп шығарады. Ал, екінші біреуі өте баяу қимылдап әрі сапасыз орындайды. Бұл жерде бірінші адамның екінші адамға қарағанда іске деген қабілеттілігі әлдеқайда жоғары екендігі көрініп тұр.

Қандай да болсын бір нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Тәжірибе мен парасат адамдардың тең емес екенін дәлелдейді.

Адамның өзгеше қасиеттері ана құрсағында пайда болады. Анатомиялық нышан - баланың ата-анасына ұқсап тууы. Физиологиялық нышан - жүйке жүйесінің кейбір анализаторының ерекшеленуі. Анализатордың ерекшелігі қабілеттің көрінуіне себін тигізеді. Егер адамның туысында нышан болып, ол тәрбиеленбесе, оның қабілеті дамымайды. Қолайлырақ жағдай туса, қиыннан қиыстырып мәселе шешуде ізденімпаз болып шыға келеді.

Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін дарындылық деп атайды. Дарынды балалар мектеп бағдараламасын жылдам меңгереді. Зеректік, байқағыштық қасиеттері жоғары болады. Олардың көпшілігі өз уақыттарын шығармашылық жұмысқа арнайды. Сурет салады, өлең жазады . Мысалы, Ч. Дарвин көп уақытын көбелек қуып коллекция жинауға бөлген екен.

Дарын өкілдерінің қуат-қабілетінің шарықтайтын шегі болады. Мұндайда олардың санасының барынша өткірленіп, мейлінше айқындалады, бақылампаздығы онан сайын арта түседі.

Ж. Аймауытовтың пікірінше, адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттерімен келеді. Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын - оқыту мен тәрбие.

« Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады. Бала бойындағы ерекше қасиеттерді, оған жақын жасы үлкендер дұрыс жеткілікті бағаламаса, оның «өзгелер сияқты болып қалып қоюы мүмкін», дейді америкалық ғалымдар.

Жалпы білім беретін орта мектептерде оқушыларға білім берудің тиімді жолдарын іздестіру, жаңа технологиясын ойластыру қазіргі заманның көкейкесті мәселесіне айналған.

Сол мәселелерді шешудің бірден-бір жолы педагог қауымның іс-тәжірибесін жарыққа шығару.

Елбасымыз « Заманымыз - мәдениет заманы, ал мәдениетке білім жеткізеді. Білім алудың ішінде ең төтесі - жақсы мектеп, білімді мұғалім», - дегені.

Шығармашылық үшін икемді жас - орта буын. Бұл жастың ерекшелігі ойлау процесінің өзіндік ерекше стилі қалыптасады, түрлі болжамдар, ой, қиял, сезім шапшаңдығы көркем шешім таба алады. Бұл жастағы балалардың жан дүниесі нәзік, қаламы тез төселеді.

Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің әлемдік тәжірибелері, ғылыми бағыттары ескеріліп, негізгі төмендегі идеялар басшылыққа алынады:

  • дарынды балаларды әлеуметтік және құқықтық қорғаудың ізгілігі мен бұқаралығы;
  • дарынды балаларды іріктеу және олармен жұмыс істеуде биологиялық және әлеуметтік факторларды ескеру;
  • дарынды балалармен үздіксіз, жүйелі жұмыс жүргізу;
  • дарынды балаларды іріктеу үшін диагностикалық әдістердің жиынтығын қолдану;
  • жеке тұлғаның дарындылық деңгейінің қалыптасуына орай оқу мен оларды одан әрі жетілдіруде арнайы жасақталған бағдарламалардың сәйкестігі;
  • дарынды балалар мен оқытатын мұғалімдерді арнайы дайындау;
  • инновациялық технологиялар мен әдістерді пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту;
  • дарынды балалармен жұмыс істейтін жеке бағдарламалар дайындау.

Дарынды оқушылардың білімге деген талпынысы басқа оқушылардан өзгеше болып келеді. Дарынды оқушылар білім мазмұнын тез әрі терең түсініп, оған талдау жасай біледі. Дарынды оқушылармен жұмыс істеу үшін психолог мұғалімдер, сынып жетекшілері, тәрбиешілер арнайы дайындықтан өтуі қажет.

Дарынды балаларға арналған бағдарламада мынадай ерекшеліктер бар:

  • қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттар;
  • жүйелі бағдарламада (кезеңдермен) ;
  • мектептің жалпы бағдарламаны толықтыратын бөлшегі;
  • бағдарлама жеке-жеке және үзіліссіз жүргізіледі.

Мұғалімдер мен ата-аналарды педагогикалық-психологиялық білімін жетілдіру жөнінде теориялық, практикалық семинарлар жүйелі түрде өткізіліп отыруы тиіс.

Психологтер Д. Д. Элыконин мен В. В. Давогдовтың зерттеулерінде оқу іс-әрекетінің негізгі құрылымы оқу мақсаты және оқу әрекетінен тұрады. Олардың пікірінше, оқу үрдісін басқарушы бөліктер оқу пәндерін оқыту (мұғалімнің әрекеті) және оқу (оқушының әрекеті) өзара бірлесіп әрекеттескенде және терең ойланып өзара тәуелділікте болғанда ғана оқу сапасы артады, балалардың психикалық дамуы тиімді қамтамасыз етіледі.

Сөз жоқ, бүгінде педагогикалық зерттеулер өте көп. Бір байқалатыны, педагогика, дидактика, методика, психология тұрғысынан мектепте оқыту мәселесін әр ғылым өз тұрғысынан зерттейді, ұсынады. Бірақ сол теориялық негіздемелердің нақты практикада іске асырылуына, жүйеленуіне әр мектеп өзі ғана мүдделі. Соның ішінде жаңа типті қазақ гимназиялары мен «Дарын» мектептері қазір ғылыми негізделген, бүгінгі күн қайнауында ширатылған концепцияны керек етіп отыр.

Ол үшін ең алдыңғы қатарлы батыстық және Отандық қағидалар мен тәжірибелерге сүйенген, жаңа технологиялар тоғысқан жаңаша мазмұнды ғылыми-практикалық ізденістерді жүргізу - аса маңызды шара.

Адамның жеке дара қасиеттерінің бірі - қабілет. Бұл - іс-әрекеттің жекелеген түрін ойдағыдай, әрі нәтижелі етіп орындаудан көрінетін ерекшелік. Қабілет басқа да жан қуаттары мен қасиеттері сияқты өмірмен іс-әрекет үстінде дамып, қалыптасып отырады. Қабілет дамуының табиғи негізін құрайтын, жүйке сапасының туа біткен белгілі нышандар жиынтығын дарындылық дейді. Кісінің қандай да болмасын бір істі жемісті орындауы тек қабілетке ғана байланысты емес. Ол сондай-ақ, адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағды және тәжірибенің болуын қажет етеді. Кісінің пәрменді түрде қызыққан іс-әрекеттерінен тыс қабілеттің қалыптасуы мүмкін емес. Қабілеттер жалпы (жалпы адам атаулыға ортақ), арнайы (іс-әрекеттің белгілі бір саласы бойнша) және практикалық деп үш түрге бөлінеді.

Қызметті нәтижелі орындау үшін қабілеттің ерекше түріне сүйенуге болмайды. Мәселен, ақын-жазушылар ерекше бақылампаздық, ой-өрістің кеңдігі, жазуға икемділігі мен орамдылығы, кеңдігі мен ұшқырлығы ауадай қажет. Бірнеше қабілеттердің ойдағыдай қиысып келуі іс-әрекеттің белгілі саласынан көрінетін талантпен байланысты. Адам жас кезінде сөре олақ болғанымен есейе келе ерен еңбек етудің нәтижесінде ірі ақын, ірі жазушы болуы мүмкін. Мәселен, белгілі орыс жазушысы С. Аксанов алғашқы шығармасын 56 жасында жазған. Бала кезінде түрлі себептермен білім ала алмаған кісінің егде тартқан кезде ғалым болғанын, айғақтайтын деректер аз емес. Бұған 40 жасында сауат ашып, 73-інде ғылым докторы болған С. К. Гусеваның өмірі жақсы дәлел. Қазақ елі тарихында да мұндай фактілер көп кездеседі. Адам неғұрлым талантты, дарынды, болған сайын, өз еңбегі мен шығармашылық шеберлігін істеп, бар күш-жігерімен еңбек етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектептегі дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс ерекшелігі
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері
Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту кезеңінде дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мәселелерін жан-жақты анықтау
Бастауыш сыныптарда жеке пәндерді оқыту барысында дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алу және мұғалімнің рөлі
Жеке оқушымен жұмыс. Дарынды және педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған балалармен тәрбие жұмысы
Математика сабағында дарынды балалармен жұмыс
Бастауыш сыныпта математика пәнінен дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу
Математика сабақтарында дарынды балалар мен бастауыш сынып мұғалімі жұмысының ерекшеліктері
Дарынды балалар сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz