Арал өңiрiнiң проблемалары



1. Арал өңiрiнiң проблемалары
2. Проблеманың қазiргi жай.күйiн талдау
3. Жалпы сипаттама
4. Экологиялық ахуал
5. Халықтың ауыз сумен қамтамасыз етiлуi
6. Әлеуметтiк инфрақұрылым
7. Арал өңiрi экономикасының жай.күйi
Соңғы жылдары мемлекет экологиялық қасiрет нәтижесiнде Арал өңiрiнде қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық проблемаларды шешу жөнiнде ауқымды шаралар қабылдауда.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 7 мамырдағы N 520 қаулысымен бекiтiлген Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2004-2006 жылдарға арналған және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 49 қаулысымен бекiтiлген, Арал өңiрiне iргелес өңiрлер аумақтарының шөлейттену процесiн тоқтатуға және болдырмауға бағытталған Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөнiндегi 2005 - 2015 жылдарға арналған бағдарлама қабылданды және iске асырылуда.1995
Осы және басқа шараларды iске асыру өңiрдiң экологиялық жай-күйiн бiршама жақсартуға, оның мемлекет кепiлдiк берген негiзгi қызметтердi ұсынатын әлеуметтiк және тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз етушi инфрақұрылым желiсiмен қамтамасыз етiлу деңгейiн арттыруға көмегiн тигiздi.
Сонымен қатар, Арал өңiрi проблемаларының ауқымдылығы оларды шешу жөнiндегi жұмыстарды жалғастыруды талап етедi. Осыны негiзге ала отырып, Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев 2005 жылы 27-28 сәуiрде Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмалар бойынша жаңа 2007-2009 жылдарға арналған Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi бағдарлама әзiрлендi.

Арал өңiрiнiң проблемалары

Соңғы жылдары мемлекет экологиялық қасiрет нәтижесiнде Арал
өңiрiнде қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық проблемаларды шешу жөнiнде
ауқымды шаралар қабылдауда.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 7 мамырдағы N 520
қаулысымен бекiтiлген Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi
2004-2006 жылдарға арналған және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005
жылғы 24 қаңтардағы N 49 қаулысымен бекiтiлген, Арал өңiрiне iргелес
өңiрлер аумақтарының шөлейттену процесiн тоқтатуға және болдырмауға
бағытталған Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөнiндегi
2005 - 2015 жылдарға арналған бағдарлама қабылданды және iске
асырылуда.1995
Осы және басқа шараларды iске асыру өңiрдiң экологиялық жай-күйiн
бiршама жақсартуға, оның мемлекет кепiлдiк берген негiзгi қызметтердi
ұсынатын әлеуметтiк және тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз етушi инфрақұрылым
желiсiмен қамтамасыз етiлу деңгейiн арттыруға көмегiн тигiздi.
Сонымен қатар, Арал өңiрi проблемаларының ауқымдылығы оларды шешу
жөнiндегi жұмыстарды жалғастыруды талап етедi. Осыны негiзге ала отырып,
Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев 2005 жылы 27-28 сәуiрде
Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмалар бойынша жаңа
2007-2009 жылдарға арналған Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу
жөнiндегi бағдарлама әзiрлендi.

Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау
Жалпы сипаттама
Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2004-2006 жылдарға
арналған бағдарламаның қабылдануымен өңiрдегi жағдайды тұрақтандыру
жөнiндегi шаралар неғұрлым жүйелi сипатқа ие болды.
Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет себептерi мен салдарын жою
жөнiндегi басымдықтар айқындалды.
Көрсетiлген Бағдарлама шеңберiнде республикалық бюджеттен 2004-
2006 жылдары Арал өңiрi проблемаларын шешу жөнiндегi iс-шараларды iске
асыру үшiн 17356,1 млн. теңге бөлiндi, оның iшiнде 2004 жылы 6271,9 млн.
теңге, 2005 жылы 7814,4 млн. теңге, 2006 жылы (бюджеттi нақтылау кезiндегi
түзетулердi ескере отырып) 3269,8 теңге бөлiндi.
Көрсетiлген қаражат мынадай жобаларды iске асыруға жiберiлдi:
Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал теңiзінің солтүстiк
бөлiгiн сақтау;
Арал теңiзi өңiрiнiң елдi мекендерiн сумен жабдықтау және
санитариясы;
Қызылорда қаласында сарқынды суларды биологиялық тазарту
станциясын салу;
Қызылорда қаласында сарқынды суларды биологиялық тазарту
станциясына дейiн 1 және 12 кәрiздiк-сорғы станциялары бар бас тегеурiндi
коллекторларды салу;
Қызылорда облысында бас су өткiзу құрылысы бар Қараөзек өзегiн
қайта жаңарту;
Қызылорда қаласында су құбырлары мен кәрiз желiлерiн қайта
жаңарту және кеңейту (1-кезек);
Қызылорда қаласының жылу-энергия көздерiн және тұрғын үй секторын
iлеспе газға көшiру;
және басқалар.
Тұтастай алғанда, көрсетiлген және басқа да мемлекеттiк және
салалық бағдарламалар шеңберiнде Арал өңiрiнiң проблемаларын шешу үшiн 2004
- 2005 жылдары республикалық бюджеттен 32795,98 млн. теңге бөлiнген
болатын.
Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөнiндегi 2005
- 2015 жылдарға арналған бағдарлама шеңберiнде жайылымды пайдалану жүйесiн
жетiлдiру, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстарындағы шөлейттену
процестерiн болдырмау мақсатында егiстiктi жайылымдар жасау, Қызылорда
облысында қайталама тұздалған топырақты қалпына келтiру және мелиорациялау
жөнiндегi пилоттық жобаны әзiрлеу және iске асыру жөнiндегi шаралар
қабылдануда.
Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесiнде соңғы жылдары Арал
өңiрiнде демографиялық көрсеткiштердiң жақсарғаны байқалады.
2005 жылы бала туудың республикалық көрсеткiшi халықтың әр 1000
адамына 18,4-тен келген кезде, Оңтүстiк Қазақстан облысында бұл индикатор
25,9-ды, Қызылорда облысында - 22,5-тi құрайды. Ақтөбе облысында да бала
туу орташа республикалық көрсеткiштен жоғары.
Өлiм-жiтiм көрсеткiштерi соңғы жылдары Арал өңiрiнiң аудандарында
да төмендеу үрдiсiне ие болды және орташа республикалық деңгейден төмен
қалыптасты.
Арал өңiрiнде елдiң басқа өңiрлерiмен салыстырғанда халықтың өмiр
сүру деңгейiн жақсартуға бағытталған қосымша әлеуметтiк қорғау шаралары
iске асырылуда. Мысалы, жыл сайын республикалық бюджеттен экологиялық
қасiрет аймақтарында тұратын халыққа атаулы әлеуметтiк және тұрғын үй
көмегiн көрсетуге арналған нысаналы трансферттер бөлiнiп келдi.
Сонымен қатар, халықтың өмiр сүру жағдайының едәуiр нашарлауына
алып келген Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет себептерi мен салдарын жою
үшiн капиталды қажет ететiн iрi жобаларды iске асыру арқылы мемлекеттiң
одан әрi мақсатты қолдауы қажет.
Сонымен бiрге орасан күйзелiске ұшыраған, табиғи және әлеуметтiк-
экономикалық проблемаларға толы, тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ету үшiн
жарамсыз және даму үшiн перспективасы жоқ өңiр ретiндегi Арал өңірі туралы
соңғы он жылдықтарда қалыптасқан таптаурын көзқарасты өзгерту қажет.
Қолданылып жатқан шаралардың нәтижесi осы ұғымды өзгертуге, Арал
өңiрiн үлкен мүмкiндiктер өңiрi ретiнде қабылдауға жәрдемдесуi тиiс, бұл
оның экономикалық дамуының, инвестициялық тартымдылығының қосымша факторы
болады.

Экологиялық ахуал
Арал теңiзi бассейнiндегi экологиялық жағдайды жақсарту үшiн Арал
өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2004 - 2006 жылдарға арналған
бағдарламаның шеңберiнде "Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал
теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiн сақтау - 1-кезең" (бұдан әрi - САРАТС-1)
жобасының бiрiншi кезеңiн iске асыру бiрiншi кезектегi маңызға ие.
Жобаны iске асыру нәтижесiнде 2006 жылғы ақпандағы деректер
бойынша Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiнiң деңгейi Балтық жүйесi бойынша
(жобаны iске асыру басталғанға дейiн 39 метр) 41,4 метрлiк белгiге дейiн
жеттi. Бұл ретте, су бетiнiң аумағы 2606-дан 3156,6 шаршы км-ге дейiн, су
көлемi - 17,7-ден 25,2 текше км-ге дейiн ұлғайды, ал судың минералдануы бiр
литрге 23-тен 12 граммға дейiн азайды.
Алдын ала есептеулер бойынша судың көбеюiнiң қазiргi қарқыны
сақталған кезде Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегi судың деңгейi 2006
жылдың соңына қарай Балтық жүйесi бойынша 42 метр белгiге жетедi, яғни
жобалық көлемге жобада көзделген мерзiмнен 1-1,5 жыл бұрын жетедi.
Қазалы және Қызылорда гидротораптарынан төменiрек Сырдария
өзенiнiң өткiзу қабiлетi 60-тан 400 текше мсек. дейiн және тиiсiнше 400-
ден 760 текше мсек. дейiн ұлғайды.
Көлдер жүйесiн суландыру алаңы 6,3 мың гектарға, Қазалы
гидроторабына "байланған" шабындықтар 7 мың гектарға және Қызылорда
гидроторабына "байланған" суармалы жер 17 мың гектарға жеттi.
Қазiргi уақытта САРАТС-1 жобасының бiрiншi кезеңiн iске асыру
жалғасуда.
Бұдан басқа, 2002 - 2005 жылдары Арал өңiрінде 2 мұнай және 143
өздiгiнен төгiлiп жатқан, оның iшiнде құрамындағы радионуклидтерi жоғары
121 ұңғыма жойылды. Нәтижесiнде 300 мыңнан астам шаршы метр алаңдағы жер
бетi сулары мен топырақтың мұнай өнімдерiмен және радионуклидтермен одан
әрi ластануының алды алынды және шамамен 9 мың текше мтәулiк көлемiнде жер
асты тұщы судың шығысы қысқарды.
Сонымен бiрге, қабылданып отырған шараларға қарамастан,
техногендiк жүктеме және Арал өңiрiнiң топырақ жамылғысының шөлейттенуi
жалғасуда. Бұл ретте, топырақ түзудiң теңгерiмдi табиғи процестерi
бұзылуда, топырақтың құнарлылығы мен өнiмдiлiгi азаюда, қоршаған ортаның
ластану, топырақ жамылғысының сортаңдану мен азу процестерi күшеюде.
Жер ресурстарын пайдалануда жiберілген маңызды кемшiлiктер едәуiр
учаскелерiн су басқан және сортаңдалған суармалы жерлердің қайтарымының
төмендеуiне әкелдi. Жыл сайын айналымнан суармалы жердiң 10-15 %-ның
шығарылуы жалғасып отыр, Арал өңiрiнiң оңтүстiк бөлiгiнде жайылымның 20-25
%-ы жарамсыз. Үш мың жайылма көлдердiң 123-i ғана қалды, шабындықтардың
өнiмдiлiгi 4 eceгe азайды, топырақтың шөлейттену және сортаңдану процесі
күшейiп отыр.
Суару және коллекторлық-дренаждық желiлердiң техникалық жай-күйi
және олардың пайдалы әрекет коэффициентi жер, сондай-ақ су құрылғыларының
тозу көздерi бола отырып, өте төмен деңгейде қалып отыр.
Суарылатын, құрғатылмаған және шала құрғатылған жерлердiң
сортаңдану және сондай-ақ батпақтану процестерiмен қатар тыңайтқыштар
қалдықтарының жинақталуы, улы химикаттармен, дефолианттармен ластануы
байқалып отыр.
Арал теңiзiнiң кеуiп қалған табанында әртүрлi сортаңдардың iрi
массивтерi қалыптасты. Зерттелген 1533 мың га алаңның 755 мың га немесе
шамамен 50 %-ы сортаң.
3,0 мыңнан астам га аумақта сексеуiл дәнiн себу жөнiндегi жыл
сайынғы жұмыстар жеткiлiксiз, өйткенi Арал теңiзiнiң кеуiп қалған табанының
қазақстандық бөлiгi шамамен 2,4 млн. га құрайды.
2004 - 2005 жылдар бойы жүргiзiлген зерттеулерге сәйкес өңiрдегi
судың сапасы микробиологиялық және санитарлық-химиялық көрсеткiштер бойынша
санитарлық нормаларға сәйкес келмейдi.
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi
"Қазгидромет" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының Арал өңiрiнiң
экологиясы өңiрлiк орталығы 2003 - 2005 жылдар аралығында жүргiзген
қоршаған ортаның ластануы мен халық денсаулығының жай-күйiн мониторингiлiк
зерттеулер халықты сапалы ауыз сумен қанағаттанғысыз қамтамасыз етiлуi
халықтың денсаулығы нашарлауының маңызды себептерiнiң бiрi болып табылады
деген қорытынды жасауға мүмкiндiк бердi.
Бұл ретте, ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң неғұрлым қолайсыз
жағдайы Қызылорда қаласында қалыптасқан, олар кермектiгi, лайлылық,
түстiлiк, сульфаттардың, құрғақ қалдықтың болуы сияқты химиялық-талдамалық
көрсеткiштер бойынша шектi жол берiлетiн шоғырлануға (бұдан әрi - ШЖШ)
сәйкес келмейдi.
Оңтүстiк Қазақстан облысының Арал өңiрiнiң аймағына кiретiн
өңiрлерiнде де жағдай оңып тұрған жоқ, онда мемлекеттiк
гидрометеорологиялық мониторинг деректерi бойынша Сырдария, Келес, Бадам
өзендерiнде мыс пен сульфат бойынша ШЖШ бiрнеше есе асатын жер бетi
суларының ластануы байқалып отыр.
Өңiрде жер бетi суларының ресурстары шектеулi болғандығына және
өзiнiң сапалық сипаттамалары бойынша халық пен шаруашылық жүргiзушi
субъектiлердiң қажеттiлiгiн қанағаттандыра алмайтындығына байланысты судың
жер асты запастарын пайдалану маңызды болып отыр. Осыған байланысты
перспективада минералдылығы жоғары жер асты суларын тұщыту жөнiндегi
қондырғыларды қолдана отырып, жергiлiктi су тартқыштар салу қажеттiлiгi
туындайды.
Арал өңiрi аумағында қоршаған ортаның барлық көрсеткiштерiнiң
жаппай және жүйелi мониторингi жолға қойылмағанын атап өткен жөн. Ауа
сынамасын бiр жолғы iрiктей отырып, тоқсан сайынғы мониторинг Қызылорда
қаласында ғана жүзеге асырылады. Арал өңiрiнiң қалған аумақтарында
атмосфералық ауаның ластануын бақылау жүргiзiлген жоқ.
Тұтастай алғанда, қабылданып жатқан шараларға қарамастан,
өңiрдегi экологиялық жағдай мейлiнше күрделi болып қалып отыр.
Экологиялық қолайсыздық халықтың денсаулығына және бiрiншi
кезекте ана мен бала денсаулығына әсер етедi. Әлеуметтiк маңызы бар
аурулардың (қаны аздық, туберкулез, несеп-жыныс жүйесiнiң аурулары,
гипертензиялық бұзылу, жүктi әйелдердiң, туудың және туғаннан кейiнгi
кезеңнiң патологиясы) өсуi есебiнен әйелдердiң экстрагениталдық патологиясы
ұлғайды. Бұл аудандарда аллергиялық ауру жиi байқалуда. Республиканың басқа
аудандарындағы балалармен салыстырғанда Арал өңiрiндегi балалардың
антропометрикалық деректерiнiң неғұрлым төмен екендiгi байқалуда.
Қызылорда облысында жоғары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арал мәселесі
Қазақстандық шығыс арал өңірінде экологиялық жағдайға байланысты суармалы топырақ құнары қалыптасуының ғылыми негізі
Арал өңірінде табиғи-шаруашылық кешенді экологиялық орнықты дамытудың ғылыми негізі
Оңтүстік Қазақстан аумағы
Қазақстандық шығыс Арал өңірінің географиялық орны мен геоморфологиясы
Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы
Солтүстік Арал теңізінің экологиялық күйі
Арал теңізінің экологиялық ахуалы туралы
Каспий экологиясы туралы
Сібір өзендерін Қазақстанға бұру
Пәндер