Қазақстан Республикасының территориясында бизнесті ұйымдастыру мәселелері
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1. Қазақстан Республикасының территориясында бизнесті ұйымдастыру мәселелері
1.1 Бизнес.жоспардың ролі, мәні және оның түрлері ... ... ... ... 6
1.2 Бизнес.жоспарларды жасаудың шетел әдіснамасы және
оны Қазақстан экономикасы жағдайында қолдану мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
ІІ. Қазақстан Республикасындағы бизнестің даму жолдары
2.1 Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2 Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің даму бағыттары.20
ІІІ ҚР.да бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің қалыптасуы мен жетілдіру жолдары
3.1 Әлеуметтік жаупакершілік үшін бизнес ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
3.2 ҚР.дағы әлеуметтік жағдай мен бизнестің әлеуметтік
жауапкершілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .42
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44

Қазақстан Республикасының территориясында бизнесті ұйымдастыру мәселелері. Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңында жеке кәсіпкерлікті азаматтардың өздерінің немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіне негізделген және азаматтардың немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың атынан олардың тәуекелімен және мүлікті жауапкершілігіне алынып жүзеге асырылатын, табыс табуға бағытталған бастамашылық қызметі деп анықтайды. Заңды тұлға құрамай және заңды тұлғаның белгілері болмаған жағдайда кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жеке кәсіпкерліктің субъектісі болып саналады. Оларға өзіндік кәсіпкерлік, микробизнес, шағын кәсіпкерлік, орта кәсіпкерлік, ірі бизнес субъектілері жатады.
Жеке кәсіпкерлердің де мемлекеттік тіркеуден өтуі, төмендегі анықтаманың біреуіне сәйкестенуі керек:
1. Жалдамалы жұмысшылардың еңбегін тұрақты пайдалануы;
2. Қазақстан Республикасында жеке тұлғалар үшін заң актілерімен бекітілген жылдық салық салынбайтын табысынан артық жылдық табысы болуы керек. ҚР салық Кодексіне сәйкес бір айлық есептік көрсеткіш салық салынбайтын табыс болып есептеледі.
Жеке кәсіпкер мемлекеттік тіркеуден өтпесе қызмет ете алмайды. Мемлекеттік тіркеу үшін жеке кәсіппен айналысатындардың өздері салық комитеттеріне келіп жеке кәсіпкер деген атпен тіркеуден өтуі Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында бірдей жүргізіледі.
Мемлекетік кіріс Министрлігінің 1999 ж. 21 мамырдағы №535 бұйрығымен бекітілген «Кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар үшін салық салудың жеңілдетілген тәртібі туралы» нұсқауына сәйкес, жеке кәсіпкер ретінде жеке тұлға өзін мемлекеттік тіркеу үшін өзі тұрған жердегі салық мекемесіне төмендегі құжаттарды тапсыру қажет:
1. Арнайы белгіленген түрдегі арыз;
2. мемлекеттік тіркеу үшін төлем ақы өткізгені туралы құжат. Төлемақы мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленіп 4 айлық есептегіш көрсеткіш болып есептеледі;
3. үлкендігі 3×4 см суреті.
Бұдан басқа құжаттарды талап етуге тыйым салынады.
Осы құжаттарды алып-келіп тапсырғанда, салық мекемесі сол күннен бастап мемлекеттік тіркеуден өткендігі туралы жеке тұлғаға арнайы куәлік береді.
Куәлік есеп беруге арналған арнайы қағаз болады да, басқа біреуге беруге тыйым салынады. Осы куәліктің ксерокөшірмесі және фотокөшірмесі, басқа да көшірмелері жеке кәсіпкер болып қызмет етуге пайдаланыла алмайды. Жеке кәсіпкер куәлігін қолына алған соң салықтық режимнің біреуін: бір реттік талон, патент негізінде жеңілдетілген декларация арқылы – жеке кәсіпкерлікпен айналысатын өзіне ыңғайлы біреуін таңдап алу қажет. Егер жеке кәсіпкер лицензиялауды қажет ететін кәсіппен айналысса, онда ол осы кәсіп үшін арнайы лицензия алуы керек.

1. Программа дальнейшего углубления социальных реформ в РК на 2005-2007 г.г. /Утверждена Постановлением Правительства РК от 30.11.2004г. 1241.
2. Қазақстан экономикалық , әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында . Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы./ Егемен Қазақстан.18 ақпан 2005ж.
3. Әлеуметтік бюджеттің әлеуеті зор /Егемен Қазақстан . 21 қаңтар 2006 ж.
4. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі./ Егемен Қазақстан. 19 қаңтар 2006ж.
5. Қазақстанның даму қарқыны бәсеңдемейді / Егемен Қазақстан. 20 қаңтар 2006ж.
6. ҮЕҰ : кедейлік мәселелерін шешу./ БҰҰДБ. Алматы, 2004ж.
7. Социальная ответственность бизнеса и корпоративное гражданство/ Мировая экономика и международные отношения, 2005, №11, с. 3-13.
8. Жаңа экономика, инновация және бәсекеге қабілеттілік / Егемен Қазақстан. 16 қыр-күйек 2006ж.
9. Н.Қ.Мамыров, М.Ә.Тілеужанова «Макроэкономика». Алматы 2003ж.
10. Ф.Рудигер, Ф.Стенгли «Макроэкономика», (Ағылшын тілінен
аударылған) Алматы 1997ж.
11.Б.Б. Аманбаев, К.В. Бишимбаев, А.Есиркепова «Бизнес-жоспарлау»
Шымкент 2006ж.
12. М.Ф.Үкімбаев, Б.Ф. Үкімбаев, Б.Б. Аманбаев, «Бизнес-жоспарлауды жасау» Шымкент 2006ж.
13. Ж.А. Асқарова «Бизнесті бағалау» Алматы 2006ж.
14. Үмбетәлиев Керімбеп «Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкер»
Астана 2005ж
15. «Макроэкономикалық саясат», «ХХ1 ғ-ға жол».- 2000ж.- №2.- 11б
16. Есентүгелов А. «Реформаны жүзеге асыру проблемалары мен
жолдары». «Ақиқат».- 1996ж. -№10 – 14б.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1. Қазақстан Республикасының территориясында бизнесті ұйымдастыру
мәселелері
1.1 Бизнес-жоспардың ролі, мәні және оның
түрлері ... ... ... ... 6
1.2 Бизнес-жоспарларды жасаудың шетел әдіснамасы және
оны Қазақстан экономикасы жағдайында қолдану
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .13
ІІ. Қазақстан Республикасындағы бизнестің даму жолдары
2.1 Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.2 Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің даму бағыттары.20
ІІІ ҚР-да бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің қалыптасуы мен жетілдіру
жолдары
3.1 Әлеуметтік жаупакершілік үшін
бизнес ... ... ... ... ... ... ... . ... ...25
3.2 ҚР-дағы әлеуметтік жағдай мен бизнестің әлеуметтік
жауапкершілігі ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..38
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..42
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..44
Кіріспе
Қазақстан Республикасының территориясында бизнесті ұйымдастыру
мәселелері. Қазақстан Республикасының Жеке кәсіпкерлік туралы заңында
жеке кәсіпкерлікті азаматтардың өздерінің немесе мемлекеттік емес заңды
тұлғалардың меншігіне негізделген және азаматтардың немесе мемлекеттік
емес заңды тұлғалардың атынан олардың тәуекелімен және мүлікті
жауапкершілігіне алынып жүзеге асырылатын, табыс табуға бағытталған
бастамашылық қызметі деп анықтайды. Заңды тұлға құрамай және заңды
тұлғаның белгілері болмаған жағдайда кәсіпкерлік қызметпен айналысатын
жеке тұлғалар жеке кәсіпкерліктің субъектісі болып саналады. Оларға
өзіндік кәсіпкерлік, микробизнес, шағын кәсіпкерлік, орта кәсіпкерлік,
ірі бизнес субъектілері жатады.
Жеке кәсіпкерлердің де мемлекеттік тіркеуден өтуі, төмендегі
анықтаманың біреуіне сәйкестенуі керек:
1. Жалдамалы жұмысшылардың еңбегін тұрақты пайдалануы;
2. Қазақстан Республикасында жеке тұлғалар үшін заң актілерімен
бекітілген жылдық салық салынбайтын табысынан артық жылдық
табысы болуы керек. ҚР салық Кодексіне сәйкес бір айлық есептік
көрсеткіш салық салынбайтын табыс болып есептеледі.
Жеке кәсіпкер мемлекеттік тіркеуден өтпесе қызмет ете алмайды.
Мемлекеттік тіркеу үшін жеке кәсіппен айналысатындардың өздері салық
комитеттеріне келіп жеке кәсіпкер деген атпен тіркеуден өтуі
Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында бірдей жүргізіледі.
Мемлекетік кіріс Министрлігінің 1999 ж. 21 мамырдағы №535 бұйрығымен
бекітілген Кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар үшін салық
салудың жеңілдетілген тәртібі туралы нұсқауына сәйкес, жеке кәсіпкер
ретінде жеке тұлға өзін мемлекеттік тіркеу үшін өзі тұрған жердегі
салық мекемесіне төмендегі құжаттарды тапсыру қажет:
1. Арнайы белгіленген түрдегі арыз;
2. мемлекеттік тіркеу үшін төлем ақы өткізгені туралы құжат.
Төлемақы мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленіп 4
айлық есептегіш көрсеткіш болып есептеледі;
3. үлкендігі 3×4 см суреті.
Бұдан басқа құжаттарды талап етуге тыйым салынады.
Осы құжаттарды алып-келіп тапсырғанда, салық мекемесі сол күннен
бастап мемлекеттік тіркеуден өткендігі туралы жеке тұлғаға арнайы
куәлік береді.
Куәлік есеп беруге арналған арнайы қағаз болады да, басқа біреуге
беруге тыйым салынады. Осы куәліктің ксерокөшірмесі және фотокөшірмесі,
басқа да көшірмелері жеке кәсіпкер болып қызмет етуге пайдаланыла
алмайды. Жеке кәсіпкер куәлігін қолына алған соң салықтық режимнің
біреуін: бір реттік талон, патент негізінде жеңілдетілген декларация
арқылы – жеке кәсіпкерлікпен айналысатын өзіне ыңғайлы біреуін таңдап
алу қажет. Егер жеке кәсіпкер лицензиялауды қажет ететін кәсіппен
айналысса, онда ол осы кәсіп үшін арнайы лицензия алуы керек.
Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің талабы бойынша
заңды тұлғаның төмендегідей белгілері болуы керек:
✓ шаруашылық жүргізу, жедел басқару және меншік құқығы бар
қарамағында арнайы меншігі болу керек;
✓ міндеттемелері бойынша сол меншігімен жауап бере алатын болуы
керек;
✓ өз атынан сатып ала алатын және меншіктік пен жеке құқықтар
мен жауапкершіліктерді жүзеге асыра алатын; өз атынан сотта
жауап бере алатын және талап ете алатын болуы қажет.
Заңды тұлғаның өзінің балансы немесе сметасы және өз атындағы
мөрі болуы керек. Заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық
емес ұйым болуы мүмкін.
Коммерциялық ұйым — негізгі мақсаты өзінің қызметінің арқасында
табыс табу болып табылатын ұйым. Коммерциялық емес ұйым - өзінің
қызметінің арқасында табыс табуды мақсат етпейтін және табысын
ұжым мүшелері арасында бөлмейтін ұйым болып табылады.
Қазақстан Республикасының көлемінде коммерциялық ұйым мемлекеттік
мекеме, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам немесе өндірістік
кооператив бола алады. Коммерциялық ұйым Қазақстан Республикасында
тікелей тиым салынған қызметтен басқа барлық жұмыстармен айналысады.
Қазақстан Республикасының заңды акттарымен көрсетілген кейбір
жұмыстармен коммерциялық ұйым тек лицензия алып қана айналыса
алады. Коммерциялық ұйымның құқықтық қабілеті және соған байланысты
міндеттілік қызметі (құқықтық қабілеттілігі) ұйымның лицензия алған
мерзімінен бастап оны қайтарып алған уақытына дейін ғана жарайды
немесе қызметтерін заңды түрде лицензияны жарамсыз деп жарияланған
кезге дейін ғана орындай алады. Коммерциялық ұйым өзінің орындары
арқылы өзіне міндетті түрде, заңды акттер арқылы және құрылтайлық
іс-қағаздарға байланысты азаматтық құқығын пайдалана алады.
Коммерциялық ұйым өзінің фирмалық аты болады, ол басқа да заңды
тұлғалардан өзгеше болатынын көрсетеді. Коммерциялық аты оның
құрылымды құқығының түрін көрсетеді және ұйымның аты қайталанады.
Коммерциялық ұйымның атын төмендегі жағдайларда пайдалануға
болмайды:
• заңды талаптарға қарсы аты аталса;
• қоғамдық моральға қайшы келетін атпен аталса;
• ұйымды құрушылардың атынан басқа азаматтардың атымен аталса,
немесе ұйым құрушылардың (олардың мұрагерлерінің) келісімін
алмаған жағдайларда олардың аттары пайдаланылмайды.
Коммерциялық ұйым құрылтайшыларымен құрылады, олар заңды тұлға
және жеке азаматтар бола алады, тіпті шетел азаматтары мен заңды
тұлғалары да бола алады. Коммерциялық ұйым бір немесе бірнеше
құрылтайшылармен де құрала алады, оның құрылтайлық кілісім шарты мен
жарғысы болуы керек. Оның құрылтайлық шарты белгіленіп, құрылтай
жарғыны бекітеді.
Құрылтайлық шарт құрылтайшы біреу болса белгіленбейді. Құрыл-
тайлық шарт заңды тұлғаның ішкі құрылымы үшін қажетті. Ол
коммерциялық құпияға жататын іс-қағаздар қатарына жатады да, ол сол
құрылтайлық шартта көрсетілген жағдайда байланысты мемлекеттік
органдарға және кейбір тиесілі органдарға көрсетіледі, сонымен қатар
коммерциялық ұйымның органдарының шешілмеген де, заңды актілердің
ұйғарымымен де шешіле алады.
Құрылтайлық шарттан жарғының айырмашылығы және қажеттілігі тек
заңды тұлғаның ішкі құрылымының қызметі үшін ғана емес, коммерциялық
ұйымның басқа да үшінші жақтарымен қарым-қатынас үшін қажет, бірақ
ол коммерциялық құпия үшін жарамайды. Барлық қажет еткен қызығушы
жақтар коммерциялық ұйымның жарғысымен таныса алады. Заңды тұлғалар
өздерінің өкілеттіктерін, филиалдарын ашуға құқығы болады.

1.1 Бизнес-жоспардың ролі, мәні және оның түрлері
Бизнес — ақшаны бөлу, пайда алуға бағытталған стратегиялық және
тактикалық тәсілдердің жиынтығын құрайтын адам қызметінің күрделі түрі
болып табылады.
Кәсіпкерлік жобаларды жүзеге асыру жоспарлары шет ел тәжірибесінде
бизнес-жоспар деген атқа ие болды.
Бизнес (ағылшыннан аударғанда business : іс, қызмет, коммерция дегенді
білдіреді.) - пайда беретін, табыс немесе басқа түсімдер әкелетін
экономикалық қызмет немесе басқа қызмет түрі. Бизнес-жоспар бұл іскерлік
жоспарлауды білдіреді.
Бүгінгі таңда отандық тәжірибеде оның алуан түрлі анықтамалары бар,
біразы шетелдік тәжірибеден алынған. Түрлі дерек көздерінен алынған
бірнеше бизнес-жоспардың анықтамаларын қарастыра көрелік:
Бизнес-жоспар фирманың ішкі жоспарлау құжаты болып табылады, мұнда
кәсіпорынның өндірістік және коммерциялық қызметінің барлық негізі
жоспарларының аспектілері баяндалады, қыржы шаруашылық міндеттерді шешуге
тиімді тәсілдер мазмұндалады.
Бизнес-жоспар — кәсіпорынның, фирманың өзіндік кәсіпкерлік
қызметіне берілетін шынайы баға, сонымен қатар ол нарық
қажеттіліктерімен қалыптасқан жағдайға сәйкес жобалық-инновациялық
шешімдерінің қажетті құралы.
Нарықтық экономикада бизнес-жоспар жұмыс істеп тұрған фирмалар мен
жаңа құрылып отырған фирмалар үшін кәсіпкерліктің барлық саласында
пайдаланылатын жұмыс бағдарламасы болып табылады.
Қазіргі нарық экономика жағдайындағы Қазақстан экономикасында
бизнес-жоспар жасау қажеттілігі туып отыр, себебі, бизнес-жоспар
керекті кәсіби тәжірибесіз кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін жоғарлатуға
мүмкіндік беретін құрал болып отыр.
Бизнес-жоспар тек инвестиция, несие алу үшін ғана емес, сонымен
қатар ойдың өміршеңдігімен анық көре алу үшін де керек.
Сонымен қатар, бірдей бизнес және бірдей бизнес-жоспар мүмкін емес
екенін атап өткен жөн. Олар түр бойынша ұқсас болуы мүмкін, бірақ мақсаты,
міндеті және мазмұнына қарай және бизнестің бағытына қарай белгілі бір
бөлімдері әр түрлі болып табылады, ал құрылымында айырмашылықтар болады.
Бизнес-жоспардың шеңбері 1-суретте көрсетілген.
Бизнес-жоспар және бизнес-жоспарлау: ортақ белгілері және
ерекшеліктері.
Еркін кәсіпкерлік пен бизнес жоспарлаудан құралады. Ешкімде
бизнесменді өзінің бизнес операциялары үшін жоба немесе жоспар жасауға
мәжбүр етпейді. Мұны өмірдің өзі тәжірибе, тәуекел қорқынышы, алдын-ала
келіп білмеген салдарлар мәжбүрлейді.
Нарықтық экономикада бизнес-жоспарлардың түрлері, мазмұны, құрылымы
және тағы басқа белгілері бойынша көптеген үлгілері бар. (2-сурет).
2-сурет. Бизнес-жоспардың түрлері.
Бизнес-жоба тұлғаның негізгі ойын, пайда әкелетін кәсіпкерлік
операциясын іске асырудың ортақ идеясын білдіреді. Жобада белгіленген
операцияның мазмұны мен бағыттылығы суреттеліп, негізделеді, күтілуші
нәтижеге есептеледі. Әдетте, кәсіпкерлік жобалар ірі, ұзақ мерзімді
операциялар үшін қажет, өйткені көптеген аз ауқымды мәмілелер үшін
ойластыру мен бағалау есептерін іске асырудың өзі де жеткілікті.
Әр түрлі белгілерге қарай бизнес-жоспарларды келесідей ажыратуға
болады:
• Соңғы тұтынушы бойынша — ішкі пайдаланушыға, банктерге,
жергілікті әкімшілікке, бизнес-серіктеске (сатып алушылар, несие
берушілер), акционерлерге, инвесторларға арналған бизнес-
жоспарлар;
• Жасау мақсаттары бойынша — сыртқы қаржыландыруды алу; даму
стратегиясын құру; компания іс-қызметін жоспарлау үшін арналған
бизнес-жоспарлар;
• Ресімдеу бойынша — қосымшасы бар және қосымшасыз бизнес-жоспарлар;
• Көлемі бойынша — қысқартылған және жайылыңқы бизнес-жоспарлар;
• Пайдаланатын әдістемелер бойынша — ЮНИДО (UNIDO) халықаралық,
қазақстандық, ресейлік немесе жаңа батыс әдістемелерді пайдаланып
жасалған бизнес-жоспарлар;
• Жоспарлау көкжиектері бойынша — ұзақ мерзімді, орта мерзімді,
қысқа мерзімді бизнес-жолспарлар;
• Қаржылық моделдеу бағдарламаларын пайдалану бойынша — Project
Expert; АльтИнвест; Excel негізінде жасалған есептеулер;
сайтының бағдарламасын пайдалану арқылы жасалған бизнес-
жоспарлар;
• Жоспарлау объектісі бойынша — бизнес-жоспарда келесі
субъектілердің қызметі жоспарлану мүмкін: компаниялар; компания
тобы; шағын кәсіпорын; жоба; бизнес бірлік (бизнес бағыты).
Жобалар негізінде іс-әрекет бағдарламасы немесе үрдістердің орындалу
жоспарлары әзірленеді. Бірқатар жағдайларда бизнес-жоспарда іс-әрекеттер
бағдарламасы мен жоба біріктірілген. Операцианың бизнес-жоспарын
дайындау кәсіпкерліктің барлық нұсқалары мен түрлеріне тән болып келеді.
Егер бизнес-жоспар құжат түрінде пайда болмаса, онда ол ең болмағанда
кәсіпкердің ойында өмір сүруі тиіс. Ірі көлемді қымбат кәсіпкерлік жобалар
жасау үшін, операция басталғанға дейін бизнес-жоспар құру қажет, бұл
кәсіпкерлік қызмет үшін норма болып санаулы керек. Егер сіздің бизнес-
операцияны қаржыландыруға несие беруге келісім беретін адамды таба
қоюыңыз қиын болады.
Бизнес-жоспарлау процесі 3-суретте көрсетілген.
Бизнес жоспар құрылымы мен мазмұнында қатаң тәртіп жоқ, бірақ теориямен
экономикалық тәжірибелерімен белгіленген талаптар мен ережелерге бағынады.
Инвестициялық жобаны жасау үшін мынаны ескеру қажет, капиталды
инвестициялардың бастапқы шарты – болашақта алғаш инвестицияланған
капитал шығынының орнын толтыруға жеткілікті болатын ақша түсімдері
түріндегі экономикалық қайтарым алу, белгіленген мерзім ішінде
инвестициялық жобаны іске асыру.
Кез келген инвестициялық жобаның төрт элементін қарастыру қажет:
• Шығындар көлемі – инвестициялар ( investment);
• Шаруашылық қызметтен келетін ақша түсімдері түрлеріндегі
әлеуметтік пайдалар (operating cash teows );
• Инвестициялар өмірінің экономикалық мерзімі, яғни инвестициялық
жоба кіріс әкелетін уақыт кезеңі (economic );
• Инвестицияның экономикалық өмір сүру мерзімі соңында капиталдың
кез келген босатылуы – ликвидтік құн ( termina value).
Төрт элементке жасалған экономикалық талдау инвестициялық жобаның
тартымдылығына баға беруді мүмкін етеді. Инвестиция термині латынның
invest, яғни салым салу сөзінен шыққан.
Макроэкономикада инвестиция өндірістің жаңа құралдарына арналған, жаңа
тұрғын үйге арналған шығындардың жиынтық шығыны болып табылады, тауар
қорларының өсімін білдіреді, яғни инвестиция дегеніміз — ағымдағы кезеңде
тұтынылмаған, бірақ экономикадағы капитал өсуін қамтамасыз ететін ішкі өнім
үлесінің бір бөлігі.
Бизнес-жоспардың жалпы құрылымы. Бизнес-жоспардың негізгі
элементтері болып келесілер табылады:
➢ титул парағы;
➢ кіріспе бөлім (жобаның түйіні);
➢ аналитикалық бөлім;
➢ мазмұнды бөлім (жобаның мәні);
➢ фирманың ішкі жоспарлау бөлімдері.
4-кесте. Бизнес-жоспардың құрылымы.
Бизнес-жоспардың құрылымы, көлемі және бөлімдердің нақтылану
дәрежесі шығаратын өнімге, технологиялық мүмкіндіктеріне, компанияның
ерекшелігіне және қызмет ету сферасына және т.б. байланысты әр түрлі
болып келеді.
Бизнес-жоспар бұл —
• инвесторға жобаның табысы екенін сендіретін дәлелдемелер жүйесін
келтіруі;
• кәсіпорынның өміршеңдігі және болашақ тұрақтылығы дәрежесін
анықтау;
• кәсіпкерлік іс-әрекет тәуелділігін алдын ала білу;
• дамудың сандық және сапалық көрсеткіштер жүйесі түріндегі бизнестің
перспективаларын нақтылауы;
• жоспарлаудың бағалы тәжірибесін алу жолымен компанияға және жұмыс
ортасына перспективті көз қарастың ұлғаюы.
Бизнес-жоспардың құрылымын талдаған кезде келесі бөлімдер бар деп
жан-жақты қарастырайық.(4-кесте)
Бизнес-жоспардың ең маңызды жағы болып инвесторлармен жобаны
төмендегі элементтер бойынша бағалауды айтамыз:
- өнім (қызмет) шығару мүмкіндіктері, қажеттері және
көлемі;
- потенциалды тұтынушыларды;
- ішкі және сыртқы нарықтарда өнімнің бәсекеге
қабілеттілігі;
- нарықтың өз сигментін;
- тиімділіктің әр түрлі көрсеткіштерін (коммерциялық,
аймақтық, бюджеттік);
- бизнес-ойды бастаған тұлғаның капиталының жеткіліктігін
және қаржыландырудың мүмкін көздерін.
Бизнес-жоспар мүмкін болатын инвесторлармен келісім сөз жасасқан
кезде бизнес-ұсыныстың негізі болып табылады. Сонымен қатар ол қажетті
қызметкерлерді жұмысқа шақыру немесе фирма персонымен келісім шарт жасау
кезінде қолданылады. Бизнес-жоспар фирманың ішкі құжаты болып табыла
ғана қоймай, келісім шарттарды бекіткен кезде пайдаланылады. Бұл Бизнес-
жоспардың құрылымы, түрлі және безендіруге деген белгілі бір талаптарды
қоюын талап етеді.

оны Қазақстан экономикасы жағдайында қолдану мүмкіндіктері
Қазіргі Қазақстан жағдайында Батыста қабылданған бизнес-
жоспарлардың типтік құрылымдары біздегі бизнес-жоспарлар құруға
қаншалықты жарамды деген сұрақтың жауабы маңызды болып келеді. Бизнес-
жоспар әзірлеудің шетелдік көптеген әдістемелеріне жасалған талдау
келесі құрамдардан тұратын құрылымды беруге мүмкіндік тудырады:
1.Қызмет мақсатын баяндау
2.Қысқаша бизнес суреттемесі
3.Нарықты талдауы
4.Өнім (қызмет үлгісі)
5.Өндірісті ұйымдастыру
6. Инвестициялық климат пен тәуекел
7. Бәсеке
8.Өнімді іске асыру
9. Басқару мен мамандар
10.Қаржыландыру
11. Қосымшалар
Осы бір құрылым Қазақстандық бизнес-жоспарға қаншалықты жақын
келетіндігін айтатын болсақ, мәселен бүгінгі таңда Қазақстанда жеңіл
автомобиль өндірісі бойынша жаңа компаниялар құру талпынысын байқауға
болады. Осындай бастама көтерушілер салмақты шетел капиталын
тартқысы келеді, өйткені онсыз мүмкін болмайды. Алғаш қарағанда, батыс
стандарттары бойынша инвесторлар үшін бизнес-жоспар құрып, жақсы
автомобильдер жасап шығару онша қиын емес сиақты көрінеді. Мұның өзі
алғашқы көзқарас қана.
Шетелдік бизнесмендер мұндай бизнес-жоспарға өз сарапшыларына
бергенде, алғаш қойылатын сұрақ болашақ автомобильдің тұтынушылық
қасиеті туралы болады. Ал біздердің сапа мен оған деген қатынасымыз
оларға жақсы белгілі. Олар бізде өнім сапасы деп бұйымның барлық
тұтынушылық қасиетінің толық жиынтығы ретінде бар болғаны бірнеше
параметрлерді ғана ұғынылатынын біледі. Соның нәтижесінде әлемдік
стандарттарға сай емес отандық мол өнімдерге Сапа белгісі қойылмай
келді емес пе? Сондықтан Қазақстандық бизнес жоспарда оның
әзірлеушілері бізде сапа мәселесі деп нені түсінетінін және осы
инвестициялық жобада оны қалай шешуге болатындығын міндетті түрде
көрсетуі тиіс. Мұның өзі Қазақстандық бизнес-жоспардың батыстықтардың
түпкілікті айырмашылығын көрсетеді.
Екінші бір маңызды мәселе — өзіндік құн.Сарапшылардың бұрын
біздердің ойлап табылған баға жүйесімен жұмыс істегенімізді, өнімнің
шынай өзіндік құнына талдау жасауға үйренбегенімізді жақсы біледі.
Сондай-ақ біздер өзіндік құнды басқара алмаймыз, оны қажетті деңгейге
жеткізе алмаймыз. Жақында ғана функционалдық құн талдауы (ФҚТ) әдісі
отандық өндіріске көпшілік қолдау тапқан жоқ. Батыста өзіндік құнды
практикалық басқару — табиғи нәрсе. Сондықтан біздердің бизнес
жоспарларымыздың батыстардан тағы бір ерекшелігі мынада, оны
әзірлеушілер өздерінің осы жобаны іске асыру кезінде өзіндік құнды
басқаруды қалай жүргізетіндігін және оның қажетті деңгейін
қамтамасыз ете алатындығын көрсетуі тиіс.
Үшінші бір мәселе (егер алдыңғы екеуіне дұрыс жауап алынған болса)
— жобаға қатысқысы келетін біздің мамандардан, ЖОО бітірушілерінің
жобаны ары қарай іске асыру қабілеті туралы. Мұнда ең алдымен
өндіріс басшыларының жеке қасиеттері мен тәжірибелері, екіншіден
олардың болашақ істі жан-жақты көре білу айқындылығы мен тереңділігі
зор маңызға ие.
Батыстық іскер ортада барлық қаралғандар аспектілер сөзсіз
сақталынады. Сондықтан олар арнайы тауарларда көрсетілмейді. Ал
Қазақстанда осы тиісті тауарларды бизнес-жоспарларға енгізу қажет,
өйткені инвестор осы үш аспект бойынша толық мәліметке ие болуы
керек. Сонымен, бизнес-жоспар әзірлеудің батыстық әдістемелерін басқа
іскерлік орта болуына байланысты Қазақстандық жағдайда қолдану мүмкін
емес деген қорытындыға келуге болады. Мұның өзі батыстық бизнес-жоспар
құрудың типтік құрылымдарын кем дегенде үш маңызды тараумен
толықтыруды қажет етеді. Мұнда кәсіпкерлер мынаны көрсетуі тиіс:
а) сапа мәселесін дұрыс түсіну және оның шешілу мүмкіндігі;
б) өзіндік құнды сауатты басқару есебінен бәсекеге қабілеттігін
қамтамасыз ету;
с) бизнестің даму болашағын айқын көре білу және басталған істі
соңына жеткізе білу қабілеті.
Нәтижеде біздің жағдайға бейімделген бизнес-жоспар келесі
құрылымға ие болады: 1.Қызмет мақсаты
2.Қысқаша бизнес суреттемесі
3.Нарықты талдауы
4.Өнім (қызмет үлгісі)
5.Өндірісті ұйымдастыру
6. Инвестициялық климат пен
тәуекелдер
7. Қажетті сапаға қол жеткізу
8. Бәсекеге қабілеттілікті
қамтамасыз ету
9.Өнімді іске асыру
10. Басқару мен мамандар
11.Қаржыландыру
12. Бизнестің нәтижелігі және
мүмкін болатын
перспективалар
13. Қосымшалар
Ұсынылып отырған құрылым бизнес-жоспарға қойылатын батыстық
талаптарға қайшы келмейді, өйткені мұнда батыстық тәжірибеде
қабылданған барлық негізгі элементтері бар, сондай-ақ ол неғұрлым ауыр
Қазақстандық іскер орта жағдайына толықтырылып, бейімделген.
Сонымен қатар, инвестициялар нарығындағы жағдайда талдау жасау мен
есептеу де өте маңызды. Инвестициялар нарығындағы еркін капиталдар
бірқатар объективті факторларды ескере отырып, неғұрлым тиімді салым
объектілеріне қарай жылжи түседі, мұндай факторлар —елдің
экономикалық өсу қарқыны, несиелік және бәсекеге қабілеттілік,
қаражат салымы тәуекелін интегралдық бағалау.
Қазақстандық жобаларға инвестициялар тарту өте қауіпті тәуекелге
бел буған іс деген пікірі кең таралған. Қазақстандағы нашар
инвестициялық ахуал туралы әңгімелер жиі айтылады. Шетелдік инвесторлар
мен олардың сарапшыларының біздің инвестициялық ахуалды төмендетіп
көрсеткісі келетіндері түсінікті жағдай. Кім зор тәуекелге бел буса,
сол мол пайдаға үміт арта алады. Шетелдік сарапшылардың өз
әдістемелері бойынша Қазақстандық инвестициялық ахуалды интегралды
бағалауы, біздерді Иракпен, Нигериямен салыстыра қарауы қаншалықты
негізді болып келеді. Шындығында Қазақстанды бұлай бағалауға ешбір
негіз жоқ. Қазақстан 20-ға жуық аймаққа ие үлкен ел, мұндағы
іскерлік ортаның өзіндік ерекшелігі бар, көп жағдайларда жергілікті
биліккебайланысты болып келеді. Сондықтан Қазақстанда қандай да бір
инвестициялық климат бар, нақты бір инвестициялық жобаны несиелеу
кезінде оны ескеру қажет дейтіндер қателеседі.
Өзінің инвестициялық жобасын іске асырудың бизнес-жоспарын
әзірлей отырып, нақ осы жобаға арналған инвестициялық ахуалды
суреттеу қажет. Барлық дұрыс және тартымды факторларды айғақты
дәлелдермен көрсете білуі керек. Инвесторды ұсақ-түйек мәселе
бойынша да алдауға жол берілмейді. Бизнес, оның технологиясы мен
ұйымдастырылуы дами түсуде, жобаларды іске асыру әдіс танымы да
дамып келеді. Соның негізінде сапалы бизнес-жоспар ұғымы уақыттың
қандайда да бір нақты сәтіне қатысты болып келеді.

2.1 Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары
1990 жылдың 1 наурызындағы мәліметтерге сәйкес Қазақстанда 100-ге
тарта қоғамдық ұйымдар қызмет етті.
Олардың қатарында: Достық азаматтық қозғалысы, Форум қоғамы,
Инициатива әлеуметтік-саяси бірлестігі, Қазақ тілі қоғамы, Қазақ ұлттық
мәдениеті ассамблеясы, Ұлттық мәдени орталықтар ассамблеясы, Бірлесу
тәуелсіз кәсіподағы, Желтоқсан қоғамдық комитеті, Бірлестік азаматтық
қозғалысы, сондай-ақ ірі экологиялық ұйымдар – Невада-Семей халықаралық
қозғалысы, Арал – Азия - Қазақстан халықаралық қоғамдық комитеті, Жасыл
майдан және басқалар; тарихи-ағартушылық сипаттағы бірлестіктер –
Ақиқат, Мемориал, Әділет қоғамы, Жерұйық тарихи-этнографиялық
бірлестігі.
90-шы жылдары құрылған адам құқықтарын қорғау жөніндегі ұйымдардың
арасында Адам құқықтары жөніндегі қазақстан-американ бюросы, Қазақстанның
құқықтық дамуы, саяси қуғын-сүргін құрбандары қауымдастығы, Адам құқықтары
жөніндегі демократиялық комитет аса белсенді қызмет етті. Түрлі одақтар мен
қорлар: Қазақстан аграрлық одағы, Қазақстан жастар одағы, сәулетшілер,
кинематографистер, жазушылар, суретшілер, композиторлар одақтары, Қазақстан
еркін кәсіподақтарының конфедерациясы, Қазақстан мәдени қоры, Бейбітшілік,
ғылымды қолдау қорлары, Бөбек балалар мейірімділік қоры, қылмыспен күрес
қоры, жол қозғалысы қауіпсіздігі қоры. Елдің әйелдер қозғалысы:
Қазақстанның мұсылман әйелдері республикалық лигасы, Фемида Алматы лигасы
және Қазақстанның кәсіпкер әйелдері. Ардагерлер құқықтарын қорғаушы
ұйымдар қатарында – Республикалық ардагерлер ұйымы, Қазақстандық саяси
қуғын-сүргін құрбандары қауымдастығы, Чернобыль қоғамы және т.б.
2002 жылы Үкімет қаулысымен Үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ)
мемлекеттік қолдаудың тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдама ҮЕҰ-ды
мемлекеттік қолдаудың мақсаты мен басымдықтары, және оларды жүзеге асырудың
тетіктері мен деңгейі айқындалды.
2003 жылы Үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың 2003-2005
жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның мақсаты –
Қазақстанда ҮЕҰ орнықты дамуына жағдай туғызу және мемлекет тарапынан
көрсетілетін қолдау мен өзара іс-әқимыл негізінде қоғамдағы әлеуметтік
маңызды проблемаларды шешудегі олардың рөлін арттыру. Тиісті аймақтық
бағдарламалар бекітілді.
Бүгінгі таңда облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің
жанында билік пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылын орнықтыратын
кеңестер, ал орталық ақтарушы органдарда салалық ҮЕҰ қатысуларымен
консультативтік-кеңесші органдар құрылып, қызмет етуде.
ҮЕҰ мемлекеттік қолдау Бағдарламасын нақты іске асыру үшін
республикалық деңгейде 42 млн. теңге бөлінді.
ҮЕҰ арасында әлеуметтік маңызды жобаларға конкурстар өткізу үшін
республикалық бюджеттен 2003 жылы – 10 млн. 700 мың теңге, 2004 жылы – 9
млн. 700 мың теңге, 2005 жылы – 59 млн. 700 мың теңге бөлінді.
2004 жылдан бастап ҮЕҰ қолдаудың барлық аймақтық бағдарламалары
қаржымен қамтамасыз етілді. ҮЕҰ жобаларын жергілікті бюджеттен
қаржыландырудың тұтастай көлемі шамамен 100 млн. теңгені құрайды.
2005 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың отандық үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесуі өтті.
Мемлекет басшысы Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдар конфедерациясының
(ҚҮЕҰК) Азаматтық форум өткізу туралы бастамасын қолдады.
2005 жылғы сәуірде республикалық бюджет есебінен әлеуметтік маңызды
проблемаларды шешуде ҮЕҰ-ның қатысуының құқықтық негізін қамтамасыз ететін
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы Заңы
қабылданды. Тұрақты негізде өткізіліп отыратын және нағыз жалпыұлттық
үнқатысу тетігіне айналған үкіметтік емес ұйымдардың Азаматтық форумы
қазақстандық қоғамның өміріндегі маңызды оқиға болып табылады.
2003 жылғы 14-15 қазанда Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан
Назарбаевтың қатысуымен ҮЕҰ республикалық съезі – Тұңғыш Азаматтық форум
болып өтті. Форумның ұйымдастырылуы мемлекеттік ұйымдар мен ҮЕҰ қоғамдық
өзекті проблемаларды шешуде әріптестік негізіндегі өзара іс-қимыл
тетіктерін жетілдірудің бірлескен қадамдарын әзірлеуге мүмкіндік туғызды.
ІІ Азаматтық форум 2005 жылғы 11 қыркүйекте өткізілді. Қазақстан
Республикасы Президентінің бастамаларын қолдау жөніндегі Қазақстанның
Азаматтық альянсын құру, орталық, салалық және өңірлік деңгейлерде
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесін енгізу, ҮЕҰ мен бизнес
құрылымдарының өзара іс-қимылы жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу ІІ Азаматтық
форумның жаңа бастамалары болды.
2007 жылғы 17-18 қазанда Астана қаласында ІІІ Азаматтық форум
өткізілді. Форумда 2006 жылы қабылданған Қазақстан Республикасында
азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске
асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы қаралды. Бұл - азаматтық
қоғам институттарын дамытудың негізгі бағыттарын және азаматтық
бастамаларды іске асыру мүмкіндігін айқындайтын маңызды құжат.
Тұжырымдаманың мақсаты адам құқықтары мен адами өлшем саласындағы
халықаралық шарттар мен пакттар шеңберінде халықаралық-құқықтық құралдарға
сәйкес азаматтық қоғам институттарын жан-жақты дамыту, әрі олардың
мемлекетпен және бизнес секторларымен тең құқылы әріптестігі үшін
заңнамалық, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастырушылық - әдістемелік
базаны одан әрі жетілдіру болып табылады.
ІІІ Азаматтық форумның бұрын өткізілген форумдардан ерекшелігі
әлеуметтік сала министрліктерінің және әкімдіктердің ҮЕҰ-мен өзара іс-
қимылды дамыту бойынша екі жылда жүргізген жұмыстары туралы есеп беруінде
болды.
ІІІ Азаматтық форумның негізгі міндеттері:
- Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жаңа
әлемдегі жаңа Қазақстан атты Жолдауына, Қазақстан Республикасындағы
азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасына
сәйкес биліктің, бизнес пен ҮЕҰ ынтымақтастығының нақты бағыттарын анықтау;
- Қазақстан Республикасы Президентінің ІІ Азаматтық форумда берген
тапсырмалары мен Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамды дамыту
тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу
нәтижелерін талқылау;
- қазақстандық ҮЕҰ жетістіктерін көрсету;
- Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамның ахуалы туралы қоғамды
кеңінен ақпараттандыру.
Форум жұмысы ҮЕҰ секторын дамыту және оның басқа секторлармен өзара
іс-қимылы жөніндегі мынадай өзекті мәселелер талқыланатын дөңгелек үстел
форматындағы 7 үндесу алаңы шеңберінде өтті:
1. Үш секторлы өзара іс-қимылды дамытудың ажырамас бөлігі ретінде бизнестің
әлеуметтік жауапкершілігі.
2. Жергілікті өзін-өзі басқару: азаматтық қауымдастық пен биліктің
басқарудың жаңа нысандарына дайындығы.
3. Мемлекеттік салалық әлеуметтік тапсырыс: әлеуметтік аудит және
әлеуметтік маркетинг.
4. Реформалардың адам және азамат құқығына әсері.
5. Қоғамның кедейшілікке, сыбайлас жемқорлыққа және өмір сапасының
стандарттарына қатысты мемлекеттік қызмет көрсетуге экономикалық, құқықтық
және азаматтық әсер ету механизмдері.
6. Азаматтық ниеттестік негізінде экологиялық мәселелерді шешу.
7. Мемлекеттің әлеуметтік бағдарланған саясатын жүргізу шарты ретінде
қоғамдық сараптаманы және бағдарламалар тиімділігін бағалауды дамыту.
Қазіргі уақытта елімізде барлық әлеуметтік маңызды салалардың
жұмысын жүзеге асыратын 5 мыңға тарта үкіметтік емес ұйымдар қызмет етеді.
Оның ішінде 1709 үкіметтік емес ұйым белсенді әрекет етуде. ҮЕҰ өз
қызметінде іс жүзінде барлық қоғамдық маңызды салаларды қамтиды. Мәселен,
экология, әлеуметтік сала, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау,
гендерлік қатынас, адам құқықтарын қорғау және басқа да мәселелер.
ҮЕҰ-ның түрлі бағыттардағы тұрақты топтары тіркелді, мәселен:
экологиялық - 15%; балалар мен жастар – 13,6%, әйелдер – 13,3%, медициналық
– 13,1%; мәдениет, өнер, ғылым, білім салаларында – 12,5%; құқық
қорғаушылық – 7,6%; әлеуметтік қорғау бойынша – 6,8%; қоғамдық бастамаларды
қолдау жөніндегі - 6%; көпқырлы – 4,7%; мүгедектер қоғамы – 4,4%; мүгедек
балаларды сауықтыру жөніндегі - 3%.
Үкіметтік емес секторға жалпы алғанда 200 мыңға жуық адам тартылады.
Тұрақты негізде 40 мыңға жуық адам, уақытша негізде – 50 мың адам, ерікті
қоғамдық негізде – 100 мыңнан астам адам жұмыс істейді. 2 млн. жуық адам
ҮЕҰ түрлі қызметтерін пайдаланады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
ұйымдастыруымен 2007 жылғы 26-27 наурызда Алматыда өткен Белсенді
азаматтық қоғам – қуатты Қазақстан атты әлеуметтік идеялар мен жобалар
жәрмеңкесі Қазақстанның қоғамдық өміріндегі айрықша оқиға болды. Оған 200-
ге тарта үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдардың, бизнес-
құрылымдарының өкілдері қатысты.
2007 жылы Мәдениет және ақпарат министрлігі 70 лот бойынша ҮЕҰ
маңызды жобалары конкурсын өткізді, оған 392 өтініш берген 154 ҮЕҰ қатысты.
Жобалардың басым көпшілігі ұлтаралық қатынастар, мәдениет, тіл, ақпараттық
саясат салаларындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға бағытталған.
Лоттардың бір бөлігі өзекті әлеуметтік тақырыптарға (жемқорлықпен күрес,
гендерлік насихат, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, нашақорлықтың алдын
алу және басқалар) арналған.
2.2 Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің даму бағыттары
2007 жылғы 28 тамызда Шымкент қалалық балалар және жасөспірімдер
сарайында Оңтүстік Қазақстан облысы үкіметтік емес ұйымдарының облыстық
III Азаматтық форумы өткізілді. Облыстық форум жұмысында үкіметтік емес
ұйымдар, ұлттық-мәдени орталықтар, бизнес-ассоциация және коммерциялық
құрылымдар, кәсіподақ ұйымдар, саяси партиялардың облыстық филиалдары,
бұқаралық ақпарат құралдары, жергілікті биліктің атқарушы органдарының
өкілдері қатысты.
Облыстық Азаматтық Форумды өткізудің басты мақсаты – Мемлекеттік
әлеуметтік тапсырыс туралы Қазақстан Республикасы Заңының шеңберінде
мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың ынтымақтастығының
оптималді жолдарын анықтау; азаматтық қоғамның тең құқылы институты ретінде
үшінші секторды дамытудың келешегі ретінде қабылдау; Астана қаласында
өтетін үшінші республикалық Азаматтық форумға делегаттарды сайлау.
Форум барысында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Д.Қ.
Мыңбайдың Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара қарым-
қатынасы – ынтымақтастығы, мәселелері және перспективалары тақырыбындағы
баяндамасы және облыстық белсенді үкіметтік емес ұйымдар төрағалары мен
бизнес құрылымдар өкілдерінің II Азаматтық форумда берілген тапсырмалар
бойынша атқарылған жұмыстарының есептері мен жетістіктері жөнінде
баяндамалары тыңдалып талқыланды. Форумға қатысушылар әлеуметтік
-экономикалық мәселелерді шешуде мемлекеттік құрылымдар мен үкіметтік емес
сектордың өзара әрекетінің облыста елеулі түрде жақсаруын мәлімдеді.
Форумның аясында жоғары деңгейде іс-шаралар, семинарлар, дөңгелек
үстелдер, кездесулер өткізілді. Іс-шараларға облыстағы түрлі бағыттағы
үкіметтік емес ұйымдар, жергілікті басқару органдары, дін және саяси
партиялар өкілдері тартылды.
Облыстық деңгейде, ұйымдастырушылық іс-шаралардан басқа н
әлеуметтік-маңызды жобаларды орындау мақсатында ҮЕҰ тарту үшін байқау
өткізілді. 2007 жылы байқауға облыстық бюджеттен 33 млн. 500 мың теңге
бөлінді. Бұл қаржы 2006 жылға қарағанда 5 есе көп.
Форумның күн тәртібіндегі келесі мәселенің бірі ағымдағы жылы
Астана қаласында өтетін үшінші Республикалық Азаматтық форумға делегаттарды
сайлау болды. Үкіметтік емес ұйымдардың үшінші Республикалық Азаматтық
форумға делегаттарды іріктеу барысында ОҚО ішкі саясат департаменті
ұйымдастыруымен арнайы конкурстық комиссия құрылды. Комиссия құрамына
облысымызда белсенді де беделді үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері
кірді. Комиссия мүшелерімен Форумға үміткер үкіметтік емес ұйымдардың
жетекшілерінен келіп түскен анкеталары қаралды. Комиссия мүшелері
делегаттарды іріктеу барысында мынадай негізгі алғы шарттарды басшылыққа
алды: негізгі жұмыс бағыты, мемлекеттік тіркеуден өтуі, белсенлілігі,
танымалдылығы, өткізілген іс-шаралардың ашықтығы және толтырылған анкетаның
маңыздылығы. Конкурстық комиссия отырысының шешімімен квотаға сәйкес 20
кандидат іріктелді. Форумда комиссия шешімімен таныстырылып, делегаттар
тізімі бекітілді.
Өткізілген облыстық Азаматтық форум алдағы қазан айында Елбасы Н.Ә.
Назарбаевтың қатысуы жоспарланып отырған республикалық III Азаматтық
Форумның құрамды бөлігі болып табылады.
Республикалық III Азаматтық форумға делегаттырдың тізімі
№ Аты-жөні Лауазымы, Үкіметтік емес ұйымның атауы
1 Жамалбеков ШәріпбекЗТБ "ОҚО Азаматтық альянсы" президенті
Жамалбекұлы
2 Сапарбаев Қайрат "Сапар" ЖШС бас директоры
Махамбетұлы
3 Оспаналиева РашкульБереке ЖШС директоры
Жәлелқызы
4 Оралбаева Зауре "Отырар" телекомпаниясының редакторы
Абдухамидқызы
5 Шеримқұлов Досыбай Облыстық профсоюздер кеңесінің төрағасы
Айтбайұлы
6 Әшірбай Оңалбек Шардара аудандық мүгедектер қоғамы қоғамдық
бірлестігінің төрағасы
7 Баянқұлова Лиза "Ұлтаралық мәдениет орталығы "Ынтымақ" қоғамдық
Қадырқызы бірлестігінің төрағасы
8 Қараибрагимов Раис "ОҚО фермерлер мен кәсіпкерлерді қолдау қоры"
Қазымұлы қоғамдық қорының жетекшісі
9 Бекенова Кұралай Қазақстан іскер әйелдер ассоциация ОҚО қоғамдық
Әбдуәліқызы бірлестігінің төрағасы
10 Сейітбекова Зоя "ОҚО Экономикалық және азаматтық білім беру
Сейітбековна орталығы "Интеллект" қоғамдық бірлестігінің
директоры
11 Тұлғаев Қайрат "ОҚО Ауғанстан және жергілікті соғыс ардагерлері
Әліханұлы қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы
12 Абдуллин Руслан Шымкент қалалық қайырымдылық жастар клубы Сенім
Шавкатұлы қоғамдық бірлестігінің төрағасы
13 Әшірбаев Бахытжан ОҚО Чернобыль одағы қоғамдық бірлестігінің
Шәкірұлы төрағасы
14 Қалменова Лаура Береке қоғамдық бірлестігі төрағасының міндетін
Мұратбекқызы атқарушысы
15 Садықов Берік ЗТБ "Қазақстан жастар Конгрессі" қоғамдық
Қадырқұлұлы бірлестігінің басшысы
16 Баскакова Светлана Дикая природа қоғамдық бірлестігінің төрағасы
Валентиновна
17 Абдрасулов ХамзаханЖандаусы қоғамдық бірлестігінің төрағасы
Абдуғаниұлы
18 Аташева Малика "Шымкент Плюс" Жастар волонтерлер орталығының
Құджақызы көшбасшысы
19 Жүнісов Қадырәлі Аксу-МШ қоғамдық бірлестігінің төрағасы
Шадырманұлы
20 Төлтебай Жарқынбек Киелі-Қазығұрт қоғамдық қорының директоры
Қастайұылы
Резервтер тізімі
№ Аты- жөні Лауазымы, Үкіметтік емес ұйымның атауы
1 Орманов Бектай Нұр -Әлем қоғамдық бірлестігінің жетекшісі
Нұртайұлы
2 Харькова Лариса "ОҚО еркін кәсіподақтар конфедерациясы" қоғамдық
Николаевна бірлестігінің төрағасы
3 Шайбекова Райхан Демократияны қолдау ақпараттық орталығы қоғамдық
Кемелханқызы бірлестігінің директоры
Бизнестің әлеуметтік қызметі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, қызметкерлердің республикалық
бірлестіктерінің және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің
өкілетті өкілдері Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік
туралы Қазақстан Республикасы Заңының негізінде әрекет ете отырып және
Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі дамуының стратегиялық
жоспарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстанның әлемдегі
бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты
Қазақстан халқына 2006 жылғы 1 наурыздағы Жолдауын, Қазақстан
Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 – 2009 жылдарға
арналған орта мерзімді жоспарын (екінші кезең) басшылыққа ала отырып,
Қазақстан Республикасының заңнамасын және Халықаралық еңбек ұйымының
Қазақстан Республикасы ратификациялаған конвенцияларын бұлжытпай сақтау;
мемлекеттің, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі,
өзара сыйластығы мен олардың мүдделерін ықтимал ымыраға келтіруге барынша
қол жеткізу; еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске
асырудағы ынтымақты жауапкершілік және оның жергілікті жерлерде нақты
жүзеге асырылуына жәрдемдесу;
әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық
реттеу; қызметкерлер мен жұмыс берушілердің еңбек құқықтары мен әлеуметтік-
экономикалық мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету ісінде өзара сындарлы іс-
әрекет ету болып табылады.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі БҰҰ Ғаламдық
келісімінің қағидаттарын енгізу, Қазақстанда корпоративтік азаматтықтың
жоғары мәдениетін, әлеуметтік әріптестік пен халықаралық сияқты отандық
компаниялардың да тиімді қайырымдылық практикасын қалыптастыру, әлеуметтік
жобалардың маңыздылығы беделін көтеру мақсатында, Тараптар өздеріне мынадай
міндеттемелерді қабылдайды:
- Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін бағалаудың айқын өлшемдерін
белгілеу.
- Отандық және шетелдік компаниялар ерікті түрде жүзеге асыратын
әлеуметтік бағдарламалардың басым бағыттарын айқындау.
- Бизнес әлеуметтік есептілігінің АА1000 SS халықаралық стандарттары
мен GRI есептілігі жөніндегі Ғаламдық бастама ұсынымдарын енгізу
мүмкіндігін зерделеу.
Қазақстан Республикасының Үкіметі өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
- Бизнестің өзінің әлеуметтік жауапкершілігін ерікті арттыруын
ынталандыру және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін енгізу жөнінде
мәжбүрлі шаралар қолдануды болдырмау.
- Еріктілік және икемділік қағидаттарын сақтау негізінде бизнестің
әлеуметтік есептілігіне мемлекеттің араласпау саясатын жүргізу.
- Компаниялар іске асыратын корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік
бағдарламаларын ынталандыру жөніндегі шараларды әзірлеу және енгізу.
Жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері өздеріне мынадай
міндеттемелерді қабылдайды:
- Ұйымның корпоративтік мәдениетін дамыту.
- Кәсіподақтармен қарым-қатынасты нығайту, атқарушы билік органдарымен
және кәсіподақтармен бірлесе отырып әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларды
әзірлеуге және іске асыруға қатысу.
- Бизнестің әлеуметтік инвестицияларына және табысты әлеуметтік
әріптестік үлгілеріне қатысты қоғамдық пікірді қалыптастыру жөніндегі
жұмысты БАҚ-пен бірлесіп жүзеге асыру.
- Халықаралық қоғамдастық жариялаған адам құқықтарының сақталуына
қолдау көрсету және құрметтеу.
- Адам құқықтарының бұзылуына өзінің қатыспауын қамтамасыз ету.
- Бірлестіктер бостандығын қолдау және ұжымдық шарттар жасасу құқығын
тану; барлық мәжбүрлі еңбек нысандарының жойылуына ниеттес болу.
- Қоршаған ортаға кері әсерлердің алдын алуға жәрдемдесу.
- Қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған
шараларды қабылдау.
- Экологиялық жағынан таза технологияларды дамытуға және таратуға
жәрдемдесу.
- Сыбайлас жемқорлықтың барлық нысандарына қарсы әрекет ету.
- Әлеуметтік жауапкершілік саласындағы мемлекет пен бизнестің өзара
қарым-қатынастары мәселелерін реттеуді одан әрі жетілдіру және
корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік мәселелерімен белсенді айналысатын
компанияларды ынталандыру мақсатымен қолданыстағы заңнамаға толықтырулар
мен өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
- Ұлттық стандарттарды жетілдіру тақырыбы бойынша дөңгелек үстелдер
өткізу.
Осыдан он жыл бұрынғы талап пен мемлекеттік қызмет жүйесіндегі әлемдік
стандартты салыстырғанда, қоғамдық дамудың басты қағидаттары мен
ұстанымдары айқындала түспек. Бұл ретте еліміз әлемдік өркениет көшінен
қалмай, демократия институтын қалыптастыруда дамудың қазақстандық үлгісін
жасап шықты деп айтуға толық негіз бар.
1. Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде және мемлекеттік
емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну
жөніндегі қызмет (бұдан әрі - әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну жөніндегі
қызмет) Лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11
қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес лицензиялауға жатады.
Әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну жөніндегі қызметті жүргізу
құқығына лицензия мынадай кіші қызмет түрлерінің әрқайсысына беріледі:
1) қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы медициналық-әлеуметтік
мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет түрлерін көрсету;
2) психикалық неврологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік
қызмет көрсету;
3) жүріп-тұру мүшелерінің функциялары бұзылған мүгедек балаларға арналған
медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсету;
4) балалар психикалық неврологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерінде
әлеуметтік қызмет көрсету.
2. Әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну жөніндегі қызметті
жүргізуге құқық лицензия берілген күннен бастап туындайды және лицензияның
қолданылуы тоқтатылған сәттен бастап тоқтатылады.
3. Әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну жөніндегі қызметті жүргізу
құқығына берілетін лицензия иеліктен шығарылмайтын бас лицензия болып
табылады және лицензиат оны өзге заңды немесе жеке тұлғаға бере алмайды.
4. Әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну жөніндегі қызметті жүргізу
құқығына лицензиялар мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде және
мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік қызмет
көрсетуді ұсыну жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан
әрі – біліктілік талаптары) сай келетін заңды және жеке тұлғаларға
беріледі.
5. Әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну жөніндегі қызметті жүргізу
құқығына лицензияны жеке немесе заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша
облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы
органы (бұдан әрі - лицензиар) береді.

3.1 Әлеуметтік жаупакершілік үшін бизнес
Еуроппа мен АҚШ-та компанияда әлеуметтік міндеттемелердің болуы —
нарықтағы жұмыстың стандартты талабы. Жетекші фирмалардың топ-менджерлері
қоғам үшін жұмсауға бөлек шығыстар статьясын бөліп қояды.
Қазақстандық кәсіпорындар осы бағыттағы жұмысты енді ғана бастап
жатыр. Алайда, прогресс көірініп тұр: ірі компаниялар қайырымдылық
акцияларын өткізуде, әлеуметтік роликтер пайда болды, ал байсалды
фирмалардың қызметкерлері ай сайынғы жалақыға қоса қосымша жеңілдіктер мен
әлеуметтік пакет алады.
Бүгін жұмысқа орналасқанда, адамдар көбіне ұялы телефонды төлеу,
қызметтік машина және әлеуметтіктің шешуші мәні бар болғандықтан,
жалақысына ғана назар адарып қоймайды. Өйткені телефон арқылы жүргізілетін
келіссөздер мен жолға жалақының бір бөлігі тұрақты түрде кетеді. Бұл екі
жаққа да тиімді: жұмыскер барынша жайлы жағдаймен қамтамасыз етілген,
компания жақсы маманға ие болып отыр.
Өз қызметкерлеріне қамқор болумен қатар, ірі компаниялар тұтастай
қоғам игілігі үшін мазасызданулары қажет. Қазақстандық бизнесмендер
әлеуметтік бағдарламаларға ақша бөлу мүмкіндік тері бар, бұл адамдар өмірін
әжептәуір жақсартады. Бүгін көптеген кәсіпкерлер қайрымдылықпен айналысады,
алайда бұл бытыраңқы сипатта. Ал Қазақстан әлемнің тиімді даму үстіндегі
елдері қатарына ену үшін, бізде азаматтар үшін жаппай жоғары өмір
стандарттары жасалуы тиіс. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің
жыл сайынғы 2006 жылғы наурыздағы Жолдауында отандық компаниялардың бизнес,
жұмыскерлер үшін, сондай-ақ ел мүддесі үшін мәнін баса айта отырып, оның
әлеуметтік жауапкершілігі тақырыбын қозғады.
Біздің алдымызда БҰҰ-ның бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін
басқарудың халықаралық стандарттарын енгізу жөніндегі арнайы бағдарламасына
өз стандарттарымызды сәйкестендіру тұр — бұл туралы мемлекет басшысы
2006 жылдың қаңтарында ҚР Парламентінің бірлескен отырысында сөйлеген
сөзінде айтты. Бизнестік әлеуметтік есеп-қисап ережелерін әзірлеу
және енгізу және оларға „әлеуметтік-жауапты“ бизнес үшін артықшылықтар
жасай отырып, жалпыұлттық міндеттерді шешудегі олардың әлеуметтік
жауапкершілігін арттыру қажет,- екенін атап өтті.
Экономикалық тиімділік пен әлеуметтік әділеттілік талаптарына
ұмтылу арасындағы тепе-теңдікке бағдарланған әлеуметтік-жауапты бизнестің
позитивті рөлі бірінші кезекте, жекелеген фирмалар мен кәсіпорындар
шеңберінде уәждер мен ынталардың жаңа жүйесіне негізделген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz