Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы


ДӘРІС КЕШЕНІ
Глоссарий
Автоспоры - аналық клетканың ішінде мейоз жолымен пайда болатын бірнеше әдетте төрт жас клеткалар.
Автотрофты - бейорганикалық заттардан (су, көмір қышқыл газы және минералды тұздардан) өз организмінде органикалық заттар жіктейтін, түзетін организмдер.
Агамогония - бөліну немесе бүршіктену жолымен жыныссыз көбею.
Агамоспермия - өсімдіктің партеногенез, апогамия немесе адвентивті эмбрион жолымен жынысыз ұрықтанудан дамыған тұқыммен көбеюі.
Азигота - сырт пішінімен зиготаға ұқсас, кейбір саңырауқұлақтар мен балдырлар спорасы.
Акинета - жасыл балдырлардың клетка қабықшасы қалыңдаған, құрамында пигменттері, қорлық заттары көп мөлшердегі жіпшелері; көбеюге қолайсыз жағдайға төзуге арналған вегетативті клеткадан түзіледі.
Аллелопатия - өсімдіктердің әр түрлі заттар бөліп шығару арқылы бір-біріне, басқа өсімдіктерге әсері.
Амитоз - кариокинезге сипатты ядроның структурасыз қайта ширатылуына негізделген тікелей бөліну.
Андроспора - зооспорадан дамыған, тек антеридий қалыптастыратын дұрыс жетілмеген өсімдік, бастама беретін жасыл балдырларда кездесетін спора.
Андроцей - гүлдегі аталықтардың жиынтығы.
Антеридий - кейбір балдырлардың, саңырауқұлақтардың және усасырлардың, сушырмауықтың, қырықбуынның, мүктердің аталық жыныс мүшесі.
Антеризоид - антеридияда қалыптасқан аталық гамета.
Апланоспора - кейбір балдырлардың жыныссыз көбейетін, мұртшасы жоқ қимылсыз спорасы.
Апогамия - жұмыртқа клеикадан емес, гаметофиттің вегетативтік клеткаларынан спорофиттің жыныссыз дамуы.
Апотеций - қалталы дискомицеттер қатарында, трюфельді саңырауқұлақтарда қалыптасатын ашық, көпшілік ретте табақша тәріздес ашық жемісті дене.
Аск - қалталы саңырауқұлақтарға тән, спора аскоспора қалыптастыратын қалта.
Аскогон жіпшелері - аскогоннан өсетін саңырауқұлақ жіпшесі.
Базидиоспора - базидийдің беткі жағында пайда болатын споралар.
Базидиокарп - базидиялы саңырауқұлақтардың жемісті денесі.
Гаметангий - қарапайым өсімдіктердің гамета қалыптасатын көп клеткалы мүшесі.
Гаметогенез - жынысты клеткалар қалыптасатын процесс.
Гамета - ұрықтануда өзара қосылатын әр жынысты клеткалар.
Гаплоид - ядросында бір ғана хромосомалар жиынтығы болатын организм.
Гипотека - диатомды балдырлардың екі тасты қабыршақты жақтауының кішісі.
Гифтер - саңырауқұлақтардың денесін қалыптастыратын кәдімгі жіп шумақ түзетін микроскопиялық жіңішке жіпшелер - мицелий.
Диатомин - диатомды балдырлардың қоңыр пигменті.
Диатомды балдырлар - сырты екі жармалы, оның сыртқысы кремнеземмен безендірілген, өте берік тас қабықты, микроскопиялық ұсақ бір клеткалы немесе колониалды сарғыш түсті балдырлар.
Зигоспора - кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтардың жынысты процесінің өнімі.
Зигота - әр жынысты екі гаметаның өзара құйыла қосылуынан, ұрықтанғанынан соң тұзілетін диплоидты клетка.
Зооспора - сулы ортада белсенді қозғалатын мұртшасы бар спора.
Зооспорангий - зооспора қалыптасатын мүше.
Идиобластар - өзін қоршаған ұлпа клеткаларынан пішіні, мөлшері, қызметі жағынан өзгеше өсімдік клеткалары.
Изоспоралар - тең споралар.
Конидия - кейбір саңырауқұлақтарда кездесетін жыныссыз жолмен көбейетін спора.
Конъюгация - конъюгаттар және диатомды балдырларында кездесетін жыныстық процестің формасы.
Мегаспора - әр түрлі споралы күрделі өсімдіктердің ірі гаплоидты клеткасы.
Мейоз - клетканың бөлінуінің ерекше әдісі. Оның нәтижесінде клетканың хромососмасының саны азайып, ол диплоидты күйінен гаплоидтыға ауысады.
Микология - саңырауқұқлақтарды зерттейтін ғылым.
Микориза - саңырауқұлақты тамыр, саңырауқұлақ жіпшелерімен күрделі өсімдік тамырларының селбесуі.
Мицелий - саңырауқұлақ жіпшелері, саңырауқұлақтың жіңішке тармақтанған жіпшелерінен тұратын оның вегетативтік денесі.
Партеноспора - диплоидты ұрықтанбаған жұмыртқа клеткадан редукциялық тәсілмен бөлінбей дамитын спора.
Партеногонидий - көк-жасыл балдырлар вольвокс денесінде қалыптасатын, жыныссыз көбеюге арналған ірі клетка, ретпен бөліну нәтижесінде балдырдың жаңа дарағына бастама береді.
Перитеций - пирономицет қатарындағы қалталы саңырауқұлақтарда қалыптасатын жартылай жабық құмыра тәрізді жемісті дене.
Перитрофты микориза - микоризаның ерекше бір типі, мұнда саңырауқұлақ жіпшумақтары тамыр ұлпаларына енбей тек оны қоршайды.
Пикниды - конидии немесе пикноспоралар дамитын қалталы және базидиальды саңырауқұлақтардың құмыра пішінді мүшесі.
Пикноспора - пикнидиде дамитын дөңгелек бір ядролы спора.
Сапротрофтар - жануарлардың өлі денелерімен немесе олардың органикалық қосындыларымен қоректенетін гетеротрофты организмдер.
Сапрофиттер - өлі органикалық заттармен қоректенетін өсімдіктер.
Спора - жыныссыз көбеюге маманданған аналық өсімдікте қалыптасатын арнайы клеткалар.
Спорангий - спора қалыптасатын көп клеткалы қарапайым өсімдіктер мүшесі.
Спорангиоспора - конидияны алып жүруші құрам бетінде қалыптасатын, конидиядан айрмашылығы - спорангияның ішінде дамитын саңырауқұлақтар спорасы.
Спорогенез - редукциялық бөлінумен ере жүретін, көптеген қарапайым және күрделі өсімдіктердегі спора қалыптасатын процесс.
Телейтоспора - тат саңырауқұлақтарының қысқы споралары.
Тека - өсімдіктердегі және жануарлардағы тегі әр түрлі қабықшалар.
Телом - псилофиттер сияқты өте ерте кезде өскен жоғары сатыдағы өсімдіктердің жер бетіндегі алғашқы мүшесі.
Теций - қыналардың жемісті денесінің гименийі.
Хромотрофтар - көк-жасыл, диатомды, қоңыр және қызыл балдырлардың клеткаларындағы белокты-липоидты строма және бірқатар пигменттерден пайда болған, боялған әр түрлі формадағы денелер.
Цистид - кейбір базидиялы саңырауқұлақтардың қапшық тәріздес ұрпақсыз клеткалары.
Цистокарпий - ұрықтанғаннан кейін қызыл балдырлардың карпогонынан пайда болатын жемісті дене.
Цисталар - қолайсыз жағдайда басынан өткізуге қабілеті бар қалың қабықпен жабылған тыныштық күйдегі споралар.
1 Бөлім. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы
1 тақырып. Ботаника курсының өсімдіктер систематикасы бөліміне кіріспе. Курстың пәні, негізгі бөлімдері.
Дәріс мақсаты : Ботаника курсының «Өсімдіктер систематикасы» бөлімімен таныстыру, өсімдіктерді жүйелеудің мақсаты мен мәнін көрсету;
Тақырыпқа қатысты сұрақтар :
- Курстың пәні, әдістері мен міндеттері.
- Өсімдіктер систематикасының маңызы мен мақсаттары, міндеттері, басқа ғылым саласымен байланысы.
- Систематика тілі - таксономиялық номенклатура.
- Ботаниканың дамуында төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасының даму тарихы.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер) ;
Систематиканың кезеңдері. Жасанды системалар. К. Линнейдің бинарлық номенклатурасы. Систематиканың дамуындағы эволюциялық теорияның маңызы. Филогенетикалық системаны құрудың принциптері. Таксономиялық категориялар туралы түсінік. Түр негізгі таксономиялық бірлік екендігі. Туыс, тұқымдас, қатар, класс, бөлім, дүние. Органикалық дүниенің қазіргі заманғы системасы. Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер туралы түсінік. Филогенетикалық байланыстар.
Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар :
1. Өсімдіктерді жүйелеудің және филогенетикалық системаны құрудың негізгі принциптерін дәлелде;
Әдебиеттер : [1], [2], [4-10]
2 тақырып. Прокариоттар. Бактериялар бөлімі. Көк-жасыл балдырлар бөлімі
Дәріс мақсаты : Прокариоттар мен эукариоттардың морфологиялық және биологиялық сипаттамасымен, таралуымен, ерекшеліктерімен таныстыру;
Тақырыпқа қатысты сұрақтар :
- Бактериялар бөлімі
- Бактерия клеткасының құрылысы. Морфологиялық типтері.
- Патогендік бактериялар. Пигменттері.
- Көк-жасыл балдырлар бөлімі
- Қор заттары, көбеюі, өкілдері, экологиясы, таралуы.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер) ;
«Ядросыз» организмдер - оларға клеткалық құрылыс тән. Алайда олардың клеткасы қоршаған ортадан клетка қабығы арқылы оқшауланып тұрады. Қабық қызметін көбінесе цитоплазма атқарады. Ядросы белгілі бір пішінге ие болмайды, сондықтан ядролық заттар (ДНК) молекуласы цитоплазмада шашырап орналасады. «Ядросыз» организмдерге төменгі сатыдағы өсімдіктер - бактериялар мен көк-жасыл балдырлар жатады. Оларды прокариоттар деп атайды. Бұлар - тіршілік орта жағдайларына бейімделген, кең таралған, сан жағынан көп организмдер. Сондықтан прокариоттардан жануарлар мен өсімдіктердің әр түрлі топтарының шығу және даму мүмкіндігі бар. Көк-жасыл балдырлар бөлімі. Бір клеткалы, колониялы және көп клеткалы жіп тәрізді балдырлар. Бұлардың талшықты қозғалғыш кезеңі, клеткада белгілі қалыптасқан ядросы және хромотофорасы болмайды. Түсі атына сай көк-жасыл немесе сарғыш; крахмал жиналмайды, жыныс процесі жоқ. Бір клеткалы көк-жасыл балдырлар вегетативтік жолмен клетканың тең екіге бөлінуі арқылы көбейеді. Көп клеткалы жіп тәрізді формалары ерекше гормогония деп аталатын көп клеткалы бөлшекке бөлініп кетуі арқылы көбейеді. Көк-жасыл балдырлардың клетка қабықшасына жанаса өте ұсақ түйіршіктер түрінде азықтық қор қор заттары жиналады, кейде май тамшылары да болады. Хроококкалар класына бір клеткалы, не колониялы түрлері кіреді. Оның өкілі - хроококк тұщы суда және ылғалды топырақты жерлерде аса көп тараған шар тәрізді бір клеткалы балдыр. Колония құрайтын түріне қалың қабықшасы бар, шар пішінді глеокапса жатады. Гормогониялар класына - колониялы және жіп тәрізді балдырлар жатады. Эндоспора құрамайды, көпшілігінде гормогония түзіледі. Жіп тәрізді көп клеткалы өкілі - осциллятория. Анабена клеткалары біркелкі емес, жіптері жұмыр клеткалардан тұратын колония түзеді. Носток жіптері анабенаға ұқсайды, бірақ жұмвр шар тәрізді клеткалар тізбегінің сыртында қоршап жатқан кілегейі болады. Батпаққа айналып бара жатқан көлдерде жиі кездеседі.
Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар ;
- Прокариоттардың клетка құрылысындағы негізгі ерекшеліктерін ата;
- Эукариотты ағзаларға қандай ағзалар жатады?
- Бактерия клеткасының кұрылысында қандай ерекшеліктер байқалады, осыған байланысты қандай морфологиялық типтері ажыратылады?
- Көк-жасыл балдырлар бөліміне қандай кластар жатады, негізгі өкілдерін ата.
- Көк-жасыл балдырлардың қор заттары, көбеюі, өкілдері, экологиясы, таралуы туралы.
Әдебиет [1], [2], [3], [4], [12], [13]
3-тақырып. Эукариоттар. Балдырлар.
Дәріс мақсаты : Студенттерді балдырлар бөлімдерінің морфологиялық және биологиялық сипаттамасымен, таралуымен, системасымен, теориялық маңызымен таныстыру
Тақырыпқа қатысты сұрақтар :
- Эукариоттар туралы түсінік
- Балдырлар бөлімдері: жасыл, хара, қоңыр, қызыл балдырлар Кластары, өкілдері.
- Балдырлардың морфологиясы, құрылысының ерекшеліктері мен жалпы сипаттамасы.
- Шығу тегі, эволюциялық байланысы, бөлімдердің филогенетикалық өз ара байланысы, жіктелу принциптері, таралуы
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер) :
Эукариоттар - клеткалық құрылымы қалыптасқан бір клеткалы, автотрофты өсімдіктер. Өзінен бұрынғы организмдерден негізгі айырмашылықтары: біріншіден, оның ядросы, цитоплазмасы және т. б. органеллалары морфологиялық, физиологиялық тұрғыдан анық жіктелген. Екіншіден, жынысты көбеюі арнаулы клеткалар - гаметалар арқылы жүреді (изогамия, гетерогамия, оогамия) . Ядролық организмдерге көптеген бір клеткалық жасыл балдырлар, диатомды балдырлар, сары жасыл балдырлар жатады.
Жер жүзіне кең тараған төменгі сатыдағы өсімдіктердің бір тобы - балдырлар. Бұлардың барлығына ортақ белгі - қосымша пигменттерден басқа жасыл пигмент - хлорофилдің болуы; басым көпшілігінің тіршілік ортасы су - біртекті болуына байланысты, олардың құрылысы жоғары сатыдағымен салыстырғанда қарапайымдау келеді. Балдырлардың бір клеткалы, клеткаланбаған, колониялы, көп клеткалы түрлері бар. Олардың денесінде жіктелген арнаулы мүшелері жоқ, солардың орнына тек талломдары ғана болады. Балдырлар өздерінің құрылысы мен тіршілік етуінде бірнеше ортақ белгілері болуына қарамастан, сыртқы пішіндері алуан түрлі болып келетін және әрбір тобының жеке ерекшеліктері бар алуан түрлі организмдер. Балдырлардың филогенезі сыртқы құрылысының ұқсастықтары мен айырмашылықтарына байланысты қарапайым формалардан күрделі формаларға қарай даму бағытында қалыптасқан, оларды бірнеше ұқсас топтарға біріктіруге болады. Мұндай структура әрбір систематикалық бөлімдерде қайталанып отырады, сөйтіп олардың дамуындағы параллельдікті дәлелдейді. Балдырлардың хроматофораларының алуан түрлілігі. Жыныссыз көбеюі. Жыныс процестері. Даму циклдары, варианттары: ұрпақ алмаспай және ұрпақ алмасу арқылы. Изоморфты және гетероморфты ұрпақ алмасу. Классификациялаудың жалпы принциптері. Пирофитті балдырлар (Pyrrophyta) бөлімі. Жасыл балдырлар (Chlorophyta) бөлімі. Вольвокстар, тең талшықтылар кластары. Вольвокстар, хламидомонадалар, хлорококтар, улотрикстер, хетоформалар, сифондылар қатарлары. Өкілдері - гониум, пандорина, эвдорина, вольвокс; хлорококк, хлорелла, педиаструм, гидродикцион; улотрикс, ульва; драпанальдия, трентеполия, плеврококк, бриопсис, кодиум, каулерпа. Конъюгаттар немесе тіркеспелілер класы. Зигнемалықтар қатары. Өкілдері: спирогира, мужоция, зигнема. Десмидиялықтар қатары. Өкілдері: клостериум, космариум, десмидиум. Хара немесе сәулелілер класы. Диатомды балдырлар бөлімі. Кластар: Орталықты диатомды және Қауырсынды диатомды балдырлар. Өкілдері: мелозира, циклотелла, пинулярия, навикула, диатома, табиллярия. Қоңыр балдырлар бөлімі. Талломдар структурасының варианттары, олардың өсіп-жетілу тәсілдері. Көбею жолдары, жынысты процестері. Феозооспоралы класы. Эктокарпалықтар қатары. Эктакарпус құрылысының өзіне тән ерекшеліктері, көбеюі, даму және ауытқу мүмкіндіктері. Гетерогенераттылар класы. Ламинариялықтар қатары. Спорофиттің морфологиялық және анатомиялық құрылысы. Спора түзілуі және маңызы. Гамотофиттің құрылысы, жыныстық процесс. Зиготаның өнуі. Гетероморфты ұрпақ алмасуы. Циклоспоралықтар класы. Фукустылар қатары. Қызыл балдырлар бөлімі. Таллома мен клетканың құрылысы. Жыныс процестері. Даму циклдерінің варианттары. Кластары: Бангиалықтар және Флоридеялықтар. Үш ұрпақтың алмасуы Балдырлар экологиясының негізгі белгілері.
Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар :
- Эукариоттарға жалпы сипаттама бер
- Балдырлардың негізгі бөлімдері: жасыл, хара, қоңыр, қызыл балдырлар кластар өкілдеріне сипаттама бер
- Балдырлардың шығу тегі, эволюциялық байланысы, бөлімдердің филогенетикалық өз ара байланысы, жіктелу принциптері, таралуы.
Әдебиет [1], [2], [3], [4] [9], [10]
4 тақырып. Саңырауқұлақтар бөлімі.
Дәріс мақсаты : Студенттерді саңырауқұлақтар бөлімінің морфологиялық және биологиялық сипаттамасымен, таралуымен, системасымен, теориялық маңызымен таныстыру
Тақырыпқа қатысты сұрақтар :
- Саңырауқұлақтар бөлімі, классификациясы, өкілдері, таралуы мен маңызы.
- Саңырауқұлақтардың шығу тегі, көбею ерекшелігі, саңырауқұлақтардың қоректенуі, мицелийдің түр өзгерістері, қалта және жемісті дене түрлері.
- Ашыту. базидиомицеттердің жыныстық көбеюі.
- Спора жасалу түрлері.
- Жетілмеген саңырауқұлақтар. Кластары мен өкілдері
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
Саңырауқұлақтар бөлімі. Басқа өсімдік бөлімдерінен басты айырмашылықтары пластидтері, хлорофилі болмайды. Бұлар дайын органикалық заттармен қоректенуге бейімделген гетеротрофты өсімдіктер. Саңырауқүұлақтардың вегетативтік денесі тарамдалып матасқан гифалардан (жіңішке жіпшелерден ) тұрады. Бұлар бір бірімен матасып мицелий деп аталатын саңырауқұлақтың денесін құрайды. Спора түзудің негізгі белгілері, оның әртүрлілігі. Вегетативтік көбею. Саңырауқұлақтардың жынысты көбеюінің эволюциялық тенденциялары. Жоғарғы және төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар туралы түсінік және оларды классификациялау. Жетілмеген саңырауқұлақтар. Хитридиевтар класы. Жыныссыз көбеюі. Жыныс процестері. Даму циклі. Хитридиевтар қатары, өкілдері: полифагус, ольпидиум, синхитридиум. Оомицеттер класы. Оомицеттер оогамия жыныс процесінің болуымен сипатталады. Оомицеттер класында эволюция - құрлықта тіршілік етуге қарай көшуіне бауланысты біртіндеп конидиялар арқылы жыныссыз көбеюге ауыса бастағандығы байқалады. Сапролегниялар қатары. Өкілдері: сапролегния, ахлия. Пероноспоралықтар қатары. Өкілдері: переноспора, фитофтора. Зигомицеттер класы. Зигомицеттер ерекше зигогамиялы жыныс прцесінің болуымен сипатталады. Мұнда жыныс процесі гаметаларға бөлінбеген екі гифаның көп ядролы гаметангия деп аталатын клеткаларының бір біріне құйылуы арқылы болады. Зооспора құрмайды. Қозғалмайтын эндогенді жолмен түзілген споралар немесе конидиялар арқылы жыныссыз көбейеді. Барлық зигомицеттер құрлықта тіршілік етеді. Мукорлар қатары. Мукор. Морфологиялық ерекшелігі. Аскомицеттер немесе қалталы саңырауқұлақтар класы. Бұлардың басты ерекшелігі - көп клеткалы мицелийінің және жыныс процесінің нәтижесінде түзілетін қалталарының (аскаларының) болуында. Олардың ішінде қалыпты жағдайда 8 эндогенді спора түзіледі, оларды аскоспоралар деп атайды. Аскомицеттердің жынысты көбеюімен бірге конидиялар арқылы жыныссыз көбею де көп тараған. Жыныссыз процесс қалталы саңырауқұлақтарда көбеюдің негізгі тәсілі болып есептеледі. Себебі жынысты қалта құру процесі даму циклінің аяғында, қолайсыз жағдайлар туғанда ғана болады. Жыныс органдары және оның процесі. Жалаңаш қалталылар немесе гемиаскомицеттер класс тармағы. Бұлар жемісті денелері мен аскогендік гифаларының болмауы және қалталылардың мицелийдің өзінде немесе жеке клеткалардан дамуымен сипатталады. Алғашқы қалталылар қатары. Ашытқы саңырауқұлақтары. Оларды өнеркәсіпте пайдалану, табиғаттағы маңызы. Аспергилдер қатары. Эуаскомицеттер немесе жемісті қалталылар класс тармағы. Басты ерекшелігі қалталары жемісті денелердің ішінде не ашық бетінде дамиды. Жыныс процесінің қандайд түрлері болмасын, аскогендік гифалар дикариондар түзеді және қалтада кариогамия процесі жүреді. Жемісті денелердің типі, пайда болу тәсілдері. Аспергилдер қатары. Өкілдері: аспергилл, пиницилл. Пиреномицеттер қатарының тобы. Эризифалар қатары. Ақ ұнтақтылар тұқымдасы, олардың морфологиялық және биологиялық негізгі белгілері. Паразиттікке бейімделуі. Күрес шаралары. өкілдері: микросфера, сферотека. Қастауыштар қатары. өкілдері: қастауыш, эпихлос. Базидиомицеттер класы. Базидиомицеттер, аскомицеттер сияқты, көп клеткалы бұтақталған мицелийлерден тұрады. Жыныс процесінің нәтижесінде түзілген кариогамия редукциялы жолмен екі рет бөлініп, 4 гаплоидты ядро түзеді. Ал клетканың жоғарғы ұшынан стеригма деп аталатын ерекше өсінділер өседі. Олардың ісінген ұштарынан протоплазма мен гаплоидты ядролар өтіп, одан базидиоспора түзіледі. Базидиоспоралар сырт қарағанда ұқсас болғанмен, жыныс айырмашылығы бар екені байқалады. Бір споралардан - аналық, екіншілерінен аталық жыныстық мицелийлер өсіп жетіледі. бірінші ретті мицелий аз уақыт өткен соң соңғы мицелий мен алмасады, бірақ ядро қосылмайды. Сөйтіп, дикарионды мицелий өседі. Көп базидиомицеттерде дикарионды мицелийден жемісті денелер пайда болады, олардың ішінде немесе үстінде базидий мен базидиоспоралар өседі. Холобазидиомицеттер класс тармағы. Гмиеномицеттер қатарындағы топ. Гименофора және жемістік денелер эволюциясы. Афиллофоралылар қатары. Үй саңырауқұлағы. Трутовиктер, олардың орман шаруашылығындағы ролі. Гастеромицеттер қатарындағы топ. өкілі: жаңбыршы. Фрагмобазидиомицеттер немесе класс тармағы. Қара күйелер қатары. Қара күйемен өсімдіктің зақымдану жолдары, зияны, күресу жолдары. Тат саңырауқүлағының қатары. Көбеюі мен жұқтыру жолдары. Күресу жолдары. Жетілмеген саңырауқұлақтар класы. Бұл клақа мицелийлері бар жоғарғы сатыдағы көп клеткалы саңырауқұлақтар жатады. Олардың айқын қалталы және базидийлі спора тасушы органдары болмайды, жыныссыз жолмен түзілетін конидиялар арқылы көбейеді. Біраз түрлері бүршіктену және мицелийдің жеке клеткаға бөлінуі арқылы да көбейе алады. Таралуы, табиғаттағы маңызы. Саңырауқұлақтар экологиясы. Сапрофитизм. Паратизм. Микориза. Адам өміріндегі маңызы.
Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар :
- Саңырауқұлақтар бөліміне қандай кластар, қатарлар жатады?
- Саңырауқұлақтардың шығу тегі, көбею ерекшелігі, саңырауқұлақтардың қоректенуі, мицелийдің түр өзгерістері, қалта және жемісті дене түрлері туралы білу керек.
- Саңырауқұлақтардың көбею түрлері, ерекшеліктері.
- Жетілмеген саңырауқұлақтардың өкілдері, маңызы.
Әдебиеттер : [1], [4], [5], [6], [7], [10]
5тақырып. Миксомицеттер бөлімі. Қыналар бөлімі
Дәріс мақсаты : Студенттерді миксомицеттер және қыналар бөлімдерінің морфологиялық және биологиялық сипаттамасымен, таралуымен, системасымен, теориялық маңызымен таныстыру
Тақырыпқа қатысты сұрақтар :
- Миксомицеттер немесе кілегейлілер бөлімі.
- Қыналар бөлімінің жалпы сипаттамасы.
- Қыналардың классификациясы
- Талломдарының құрылысының әртүрлілігі, анатомиялық құрылысының ерекшеліктері, қына талломының компоненттері,
- Қыналардың көбею жолдары, өкілдері, таралуы мен маңызы
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
Миксомицеттер жануар текті кейбір белгілері бар төменгі сатыдағы өсімдіктердің бір тобы. Миксомицеттер хлорофилінің болмауынан және спора түзуінен біраз саңырауқұлақтарға ұқсайды. Сапрофитті және паразитті миксомицеттер. Қыналар бөлімі. Қыналар - төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көп тараған, күй талғамайтын, ерекше құрылысты организмдер тобы. Бұлар - балдырлар мен саңырауқұлақтардың селбесіп тіршілік етуінің нәтижесінде құралған морфологиялық, физиологиялық және экологиялық өз алдына жеке қасиеттері бар өсімдік. Қыналардың морфологиялық құрылысы мен көлемі - алуан түрлі. Сыртқы пішініне қарай 3 топқа бөледі: қабықты (қаспақты), жапырақты, бұталы қына. қыналардың құрамына кіретін балдырлардың көпшілігі жасыл және көк-жасыл балдырлар. Қыналардың құрамына кіретін саңырауқұлақтардың басым көпшілігі аскомицеттердің ішіндегі пиреномицеттер мен дискомицеттер. Тек тропикте өсетін он шақты қыналар түрлерінде ғана базидиомицеттердің ішіндегі телефора туысы қатысады. Қыналардың анатомиялық құрылысы - гомеомерлі және гетеромерлі деп екіге бөлінеді. Қыналар әр түрлі жолмен көбейеді. Олардағы балдыр клеткалары жай екіге бөліну немесе қозғалмайтын автоспоралар түзу арқылы көбейеді. Қыналардың құрамындағы саңырауқұлақтар өздеріне сай спора құратын орган түзеді. Қыналар қабаттардың үзіліп түсуі, сонымен қатар соредий және изидий деп аталатын ерекше органы арқылы вегетативтік жолмен көбейеді. Бұндай көбею эволюция процесінің нәтижесінде кейін пайда болған. Қыналардың классификациясының негізіне саңырауқұлақтың жемісті денесі алынады. Қазақстандағы таралуы, экологиясы, практикалық маңызы. өкілдері: эверния, уснея, пармелия, ксантория, кладония.
Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар :
- Миксомицеттердің биологиялық, морфологиялық ерекшеліктері, көбеюі?
- Қыналардың құрылыс ерекшеліктер?
- Қыналардың морфологиялық типтері, өкілдері?
- Табиғатта қыналардың маңызы?
Әдебиеттер : [1], [4], [5], [6] [7], [14], [36]
6-тақырып. Жоғары сатыдағы өсімдіктерге жалпы сипаттама. Мүк тәрізділер бөлімі
Дәріс мақсаты : Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жалпы сипаттамасымен танысу, мүк тәрізділер бөлімінің морфологиялық, биологиялық, экологиялық ерекшеліктерімен, классификациясымен танысу.
Тақырыпқа қатысты сұрақтар :
- Жоғары және төменгі сатыдағы өсімдіктердің ұқсастығы мен айырмашылығы.
- Жоғары сатыдағы өсімдіктердің көбею органдарының өзіндік ерекшеліктері, даму циклі, бөлімдері, маңызы.
- Мүк тәрізділердің шығу тегі, жалпы сипаттамасы, тіршілік циклі.
- Гаметофит пен спорофиттің айырмашылығы.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
Жоғары сатыдағы өсімдіктер патшалық тармағы 300 мыңнан кем емес өсімдік түрлерін - мүктерден бастап жабық тұқымдыларға дейін біріктереді. Олардың шығу тегі теңіз көп клеткалы балдырларының құрлыққа шығуымен байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz