ХҮІІғ. басындағы Англияның әлеуметтік-экономикалық дамуы


1. ХҮІІғ. басындағы Англияның әлеуметтік-экономикалық дамуы
ХҮІІғ. басында Англия Европада Франция және Испаниямен салыстырғанда әлсіз мемлекет еді. Англия сондай-ақ сауда, теңіз қатынасы, ақша ресурсы жағынан Голландиядан да көп артта болатын. Дегенмен, Англияның болашақ экономикалық дамуына бірнеше қолайлы жағдайлар бар болатын. Бұл ең алдыменен оның географиялық орналасу жағдайы еді. Оның сауда кемелерінің жол торабында болуы, континенттен тыс жатуы, Европадағы ХҮІ-ХҮІІІғғ. мәнсіз соғыстар Англияның Европа елдерінен ілгері озуына мүмкіндіктер жасады. Сонымен қатар, ағылшын буржуазиясы мен феодалдарының көп әскер ұстамауы көп қаржыны экономика саласына жұмсауға жағдай туғызды. Ғасыр басында Ағылшын буржуазиясының экономикалық күші қарқындап дамыды. Өсіп жатқан өнеркәсіптің түрлі салаларының ішінде шұға өндірісі ерекшеленді. Шұға шығару ағылшын экспортының 5/4 бөлігін құрады. Сыртқы сауда да Шығыс, Левант және Африка, Ост Инд компаниялары құрылып, жұмыс істеді.
Елде капитализм біршама дамыды. Өнеркәсіпте капиталистік өндіріс қатынастары басым болды. Ағылшын буржуазиясы тез күшейіп, капитализм ауыл шаруашлығына да енді. Ауылдық жерде ХҮІғ. басталған «қоршау саясатың - помещиктердің қауымдық жерлерді басып алып, шаруалардың жаппай жерсізденуі процесі нәтижесінде капиталистік өнеркәсіп пен капиталистік ауыл шаруашылығы үшін еркін әрі арзан еңбек күші құрылды. Жалдамалы жұмысшы еңбегін өз шаруашылығында пайдаланып, капиталистік қатынаста жүргізген помещик-жаңа дворяндар қалыптасты.
ХҮІІғ. ортасына қарай Англияда 5 млн-ға жуық адам өмір сүрді. Қалалардың өсуі мен деревняларда өнеркәсіптің дамуы ішкі рыноктың қалыптасуына және шаруалардың басыбайлы жеке тәуелділігінің ерте жойылуына әсер етті. Англияда сыртқы сауда екі есе өсті. Капиталистік өндіріс түрі шашыраңқы мануфактура қарапайым еңбек бөлінісі болды. Орталықтанған мануфактура сирек кездесетін. Көпестер шикізат әкелуші, сатып алушы, өндірісті ұйымдастырушы ролінде қолөнершілерді - жіп иірушілер мен тоқымашыларды өзіне бағындырды. Ағылшын дворяндары саудамен айналысты, өз ақшаларын ауыл шаруашылығына, теңіз ісіне салды, буржуазияланды.
Ауылшаруашылығында феодалдық меншік сақталды. Жердің иесі және жерді пайдаланушы құқық болды. Дворян жерлері рыцарь иелігі болғандықтан король қалауынша өз жерінің толық иесі болмады. Шаруаларда /йомендер/ түрлі топтарға бөлініп Фригольдерлер /еркін жер иеі/, копигольдерлер /келісім бойынша жер иесі/, лизгольдерлер /уақытша арендаторлар/, коттерлер /жерсіз/ деп аталды. Қоршау саясаты копигольдерлерді жерден айырды. Қоршауға қарсы күрес, феодалдық құрылысқа қарсы қозғалыс ретінде сипат алды.
Бұл уақытта Тюдорлар әулиеті өздерінің корольдік билігін нығайтып, өз билігін Карнуэлл, Уэльс және Англияның солтүстік графтықтарына дейін ұлғайтқан болатын. Теодарлар династиясы елдің экономикалық өміріне араласып, өнеркәсіп, сауда салаларының және ағылшын флотының дамуына ықпал етті. Жаңа дворяндар монархтың ең сенімді әлеуметтік тірегіне айнала бастайды. Осы жағдайдан Теодарлар әулиеті парламенттегі төменгі палатаның жағдайын жақсартып, орта дворяндарды қолдан қуаттап отырды. Европаның басқа монархиялы мемлекеттерімен салыстырғанда ағылшын абсолютизмінің негізгі ерекшелігі парламенттегі осы саясаты болатын.
Елизавета Тюдор тұсында тақ пен парламент арасында байқалған қақтығыс ХҮІІғ. басында шиеленісе түсті. Англияда абсолютизм Тюдорлар басқаруы кезінде қалыптасты. Алғашқы кезінде ағылшын абсолютизмі басқа мемлекеттердегі сияқты елдің орталықтануына жағдай жасап прогрессивті роль атқарды. ХҮІІ ғ. басында ағылшын абсолютизмі қоғамдық өмірдің бар саласын қамтыған үлкен дағдарысқа ұшырады. Тюдорлар әулиетін 1603 жылы ауыстырған Яков І Стюарт /1603-1625жж. / кезеңінде король билігінің шекарасы жөніндегі мәселелер төңірегінде күрес басталды. Яков І-нің тұсында-ақ Стюарттарға оппозиция өсе түсті. Әрбір парламент шақыру кезінде оның өкіметінің жүргізген шіркеу, сыртқы істер, финанс саясаты сынға ұшырап отырды. Яков І-дің абсолютизм, шексіз билігіне қауымдастар палатасы парламентті король еркінен тәуелсіз және оның билігін шектеген «апологииң құжатымен қарсы шықты. Құжатта “Власть смертного короля, не является ни божественной, ни абсолютной, ни единичной. Только в парламенте и совместно с парламентом может законодательствовать король” деп жазылған.
1625 жылы ағылшын тағына өз өмірін король билігін шектегісі келген парламентпен күреске арнаған Яков І-нің баласы Карл І келді. Карл І-нің тұсында парламент оппозициясының шабуылдауы өрши түсті. Карлдің І-ші парламенті қысқа өмірлі болды. 1625 жылдың маусымында жиналған Карл І-нің алғашқы парламенті өте қысқа мерзімде, шақырылғаннан кейінгі бірнеше аптадан соң-ақ тамыз айында таратылды. Алайда Батыс Франция жағалауы Ре көліндегі экспедиция және финанстың толық күйреуі, үкіметтің 1627 жылғы әскери сәтсіздіктері Карл І-ге 1928ж. көктемінде парламентті қайта шақыруға мәжбүр етті.
Парламент 1628ж. 17 наурызда жұмысын бастады. Өзара қақтығыс алғашқы уақыттан бастап-ақ төтенше шиеленісті жағдайға жалғасты. Парламент корольден өзі дайындаған Құқық жөніндегі Петицияда көрсетілген бірқатар жекеменшік және мүліктік құқықтардың орындалуына кепілдік талап етті. Құқық жөніндегі Петиция деген атпен белгілі құжат 1628ж. 7 маусымда қабылданған болатын. Петиция негізінен 4 пункттен тұрды:
1/ Тұрғындар өз ырқынан тыс парламент бекітпеген займдарға және салық төлеуге тартылмауға тиіс;
2/ Мемлекет заңы және соттың заңды үкімі болмаса ешкімді де қамауға және мүлкінен айыруға болмайды;
3/ Бейбіт азаматтарды соғыс кезеңі заңдары бойынша тұтқындаулар тоқтатылуға тиіс;
4/ Жекеменшіктегі үйлерді әскери тұрақтарға тиым салынуы керек.
Екінші рет 1629 жылдың ақпан айында жиналған парламент сол жылдың маусым айында өз оппазициялығына байланысты таратылды. Англияда революцилық хал-ахуал ХҮІ ғ. 30-40 жылдары қалыптасты. Оған заңсыз салықтар мен түрлі қысымдар сауда мен өнеркәсіптің дамуын тежеп, халық жағдайының күрт нашарлауы себеп болды.
Көпес-монопалистердің делдалдығы шұғаны сатуға кедергі болып, бағасын өсірді. Мыңдаған тай шұға алушыға жетпестен қоймаларда жатты. Жұмыссыздар саны өсті. Төменгі топтың өмір қайшылығы мен король сарайының финанстық дағдарысы бір-біріне жалғасты. 1637 жылы Шотландияда корольдің абсолютизм орнатпақ болған мақсатына қарсы көтерліс басталды. Шотландиямен болған соғыс үлкен шығындарды қажет етті. Қазынанының бос қалуына байланысты, король жаңа займ мен салық түрлерін ендіру үшін парламент шақыруға мәжбүр болды. 1640 жылдың 13 сәуір - 6 мамыр аралығында жұмыс істеген парламенттің қайта таратылуы, 11 жыл парламентсіз басқару кезеңі, барлығы халық бұхарасы, буржуазия мен жаңа дворяндардың абсолютизмге қарсы күрес бастауына түрткі болды.
2. Ағылшын буржуазиялық революциясы
40 жылдары саяси жағдай шегіне жетіп, абсолютизмді құлату үшін күрес басталды. Стюарттар және ол қорғаған феодалдық тәртіптің мемлекет ішінде капиталистік қатынастар дамуында негізгі кедергіге айналды. Экономика мен саяси өмірде тосқауылар қойылды. Жаңа өндіргіш күштердің дамуы мен ескі феодалдық өндіріс қатынастары арасындағы қақтығыс Англиядағы буржуазиялық революцияның басты себебі болып табылады.
Қысқа парламент таратылғаннан кейін, соғыстың созылуы қаржыны қажет етіп 3. 11. 1640 жылғы шақырылған парламент құрамында сайлауда жеңіске жеткен буржуазия мен жаңа дворяндар көп болды. Сондықтан парламент көп кәсіпкерлікке бостандық, репрессияға тосқауыл сұрады. Парламентсіз басқару кезіндегі ендірілген салық түрлерін жойды. Халық толқуынан қорыққан король бірнеше талаптарды мойындады. Парламент шақылуымен, парламентсіз басқару орнап, абсолюттік монархия жойылды. Парламент корольдің 1629-1640 жылдары заңсыз қысыммен жинаған салық түрлеріне тиым салды. Парламентті өз қалауынсыз таратуға болмайтын қаулы қабылдады. Корольдың жақын кеңесшілері Страффорд пен Лод қамауға алынды. Май айында Лондондағы халық толқуларынан кейін король Карл І 10 мамырда корольдің парламентті тарату құқын жойса, 12 мамырда Страффордты өлім жазасына кеcуге келісім берyге мәжбүр болды. Жаңа парламент шіркеу эпископтарының билігін шегеруді, атқарушы үкіметтің парламент алдында жауапты болуын талап етті.
1641 жылдың 22 қарашасында бүкіл абсолюттік құрылысты айыптаған жаңа дворяндар мен буржуазия жазған арыз - құжаты Ұлы Ремонстрация парламентте қабылданады. Король жеке билеушілігіне қайшы келеді деп санаған король, оны бекітпеді. Парламентті таратып, көсемдерін тұтқындауды талап етеді. 1642 жылы 3 қаңтарда халық наразылығы милиция құрып, парламентті қорғайды. Парламент қарулы күштерді корольге қалдыруды толық жояды. Бұл оқиға король мен парламент арасындағы соңғы айрылысу еді. 1642 жылғы қаңтар-тамыз аралығында король Лонданнан солтүстікке кетіп азамат соғысын бастауға дайындалады.
1642 жылы 10 қаңтарда король жеңіліс тапқан соң, солтүстікке кетті де, тамыз айында парламентке азамат соғысын жариялады.
Парламенттің қарулы күштері соғыс ісіне үйретілмеген халық жасақтары, қолөнершілер, ұсақ саудагерлер, дамыған графтықтардың ерікті шаруалардан тұрса, ал король жағында сауда компанияларының жоғарғы тобы, ағылшын шіркеу иелері, корольдің монополиясының қызметкерлері соғысты.
Граф Эссек бастаған парламенттік әскер король күшін талқандауға мүдделі болған жоқ, олар Карлмен келісімге келуге тырысты. Армия мен парламенттегі индепенденттер шешуші қимылды талап етті. Осы негізде индепенденттер мен пресвитериандар арасында қайшылық шиеленісті. 25 қыркүйек 1643 жылы парламент Шотландиямен Салтанатты Лига мен Ковенантқа қол қойды. Англияда пресвитериандық шіркеу жүйесі енгізілді. 1644 жылдың басында шотланд әскері шекарадан өтті, бұл парламент әскеріне табыс әкелді. 2 маусым 1644 жылы парламент әскері Марстон-Муре түбінде роялистер әскеріне соққы берді.
Индепендентердің лидері Оливер Кромвель жаңа үлгідегі тұрақты әскер құра алды. 11 қаңтар 1645 жылы әскер құру туралы актіге қол қойды. Оның құрамы алғашқыда 6 мың атты әскер, 1 мың драгун, 14, 5 мың жаяу әскерден тұрды. Бұлар негізінен бай емес джентрилерден, шаруалардан, қолөнершілерден, мастерлерден жасақталды. Кромвель әскері 1645 жылы 14 июньде Нэйзби түбінде роялистерді талқандады. Карл І солтүстікке қашып, шотландықтарға берілді. Роялистерді жеңу парламентке демократиялық бағыттағы реформа жүргізуге түрткі болды.
Пресвитериандар мен корольге біртұтас күйінде қарсы шыққан армия ішінде офицерлер мен солдаттар күресі левеллерлер идеясын - ұсақ демократиялық буржуазиясы идеологиясын қолдады. Левеллерлер жалпы саяси теңдікті қалады. Сондықтан оларды теңестірушілер деп атады. Олар, Неге лорд 20 депутат ал, кедей біреуінде де жібере алмайды?, -деп сұрады. Олардың әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларында метрополияларды, десятинаны, қоршауды жою, сот ісі мен құқықты демократияландыру, шіркеуді мемлекеттен бөлу болды. Левеллерлердің маңызды құжаты Халықтық келісім деп аталды. Көсемі Джон Лильборн /1614-1657/ Адал Джон деген атпен белгілі. Левеллерлер сондай-ақ буржуазиялық республика орнауын, сайлау құқын кеңейтуді, сауда, сөз, ар бостандықтары берілуін талап етті. Армияның солшыл революциялық күштерінен құралған левеллерлер . өз алдарына: король билігі мен лордтар палатасын жою; жоғарғы билікті қауымдар палатасына беру; сайлаушылар алдындағы жауапкершілік; парламентті жыл сайын сайланып отыратын органға айналдыру; ар бостандығы; қызметкерлердің жауаптылығы мен ауысып отырушылығы; Англия адамдарының тең правалылығы; сөз, жиналыс, петиция, одақ бостандығы; жекеменшікті пайдалану бостандығы т. б. мақсаттар қойды.
Левеллерлер программасы революциялық буржуазияның жүйеге келтірілген программасы болып табылады.
1647 жыл ағылшын революциясы буржуазиялық-демократиялық - жаңа кезеңіне өтті. Революциялық инициатива халық қолына көшті. Парламенттің корольмен қайткенде де компромисске келуге тырысуы, монархия мен екі палаталық парламентті сақтауы, революциялық армияны тарату жөніндегі шешімі бүкіл елде халықтың наразылығын тудырды. Оның үстіне төменгі шендегі офицерлер мен солдаттар көп айлар бойы жалақысын ала алмаған еді. Полктарда насихатшыларды сайлау бастады. Олар солдаттар атынан сөз алды. . 1647 жылдың мамыр айында Әскер Кеңесіне белсенді насихатшыларды сайлау жүргізілді. О. Кромвель, Айртондардың конфликті басуға ұмтылуынан нәтиже шықпады. Бағынбаушылық өсті, сондықтан парламент мамырдың соңында Армияны тарату жөнінде бұйрық берді. Бұл қатты қарсылық тудырып, бұл Кромвель мен Ферфакс парламенттік басым көпшілік пресвитериандардан қатынасты үзуіне алып келді. 1647 жылы маусымда Кромвельдің бұйрығы бойынша король тұтқындалып, армияның Бас штабына әкелінді. Өздеріне тиімді жағдайда индепендентердің лидерлері Карлмен келіссөз жүргізді. Олар Армияда ықпалын өсіру мақсатында Кеңеске әр полктан екі офицерден, полковниктен бастап барлық жоғарғы шендерді мүше етті. Бұл солдаттар мен төменгі офицерлердің арасында наразылық тудырды. Олар Парламент алдына Лондон милициясын қаруландыруды тоқтатуды, жалақыны төлеуді, корольмен қайшылықты жоюды талап еткен ультиматум қойды. Осыған жауап ретінде офицерлер - индепенденттер конституция жобасын - Ұсыныстар тарауын жасады. Онда өмір сүріп отырған Парламент таратылсын, екі жылдық өкілеттігі бар жаңа парламент шақырылсын, сайлауға салық төлейтіндер қатыстырылып, депутаттық орын теңдей бөлінсін, монархиялық құрылым және лордтар палатасы сақталсын, милиция мен қарулы күштерді басқару парламент қолына көшсін, епископтық пен пресвитериандық міндетті емес, петиция беру еркіндігі, қажетті товарларға салық жойылсын, саудаға шектеу қойылмасын деген нақты талаптар қойылды. Осы талаптар негізінде феодалдық рыцарлықты ұстау толық жойылған жоқ, сот органдарына реформа жүргізілді, армияның барлық қарыздары төленді, жалпы амнистия жарияланды.
Осы келісімпаз жоба корольге табыс етілді, алайда ол қабылданбады. Лондонда роялистік элементтер мемлекеттік төңкеріс жасауға тырысты. Осы себепті армия басшылығы Лондонды басып алуға шешім қабылдады. 6 тамыз 1647 жылы Армия астанаға енді. Ұсыныстар тарауы жарияланды. Осы тұста левеллерлер өз программасын орындауды талап етті. Олар елдің конституциялық құрылым жобасын көрсеткен «Армия ісің, «Халық келісімің атты құжаттар жариялады: корольдік билікті жою, екі жылда бір сайланатын бір палаталық парламент, халық алдында депутаттар мен қызметкерлердің жауаптылығы, салық алудың прогрессивті формасы, қоршалған жерлеріді өз иелеріне қайтару көзделді. 28 қазан 1647 жылы Петниге Армия Кеңесі жиналды. Кеңестегі қызу талас левеллерлер арасында келіспеушіліктің бар екендігін көрсетті. Мемлекет құрылымы, бостандық, халық құқылығы жөніндегі мәселелерде бір-бірімен келіспеді. Мәжіліс тоқтатылды. Армия Кеңесі өз өмір сүруін тоқтатты. Бұл пресвитериан-роялистік реакцияның күшеюіне әкеп соқты. 1647 жылдың қарашасында Карл І Уайт аралына кетіп, желтоқсанда шотландиялық пресвитериандармен құпия келісімге қол қойды. Бұл құпия ашылғанда парламент корольмен барлық қатынасты тоқтатты.
1648 жылы көктемде ІІ-ші азамат соғысы басталды. Бірақ ол ұзаққа созылмады. Роялистердің нашар ұйымдастырылған аз күшін Кромвель Уэльс, Престон түбінде талқандады. Ферфакс ұзақ айқастан соң, Кольчестрді алды. 1648 жылдың қыркүйегінде соғыс қимылдары негізінен тоқтады. Қауымдастар палатасы пресвитериандардың ықпал етуімен корольмен тағы да келіссөз жүргізе бастады. Олар Парламентке қарсы бағытталған барлық декларацияларды жою, заң алдында барлығы тең, үш жылға шіркеуге пресвитериандық құрылым ендіру, милицияны басқаруды 20 жылға парламентке беру деген сияқты талаптар қойды. Карлдың таққа қайтып келу қаупі төнді.
Бұл жағдай индепенденттерді левеллерлермен жақындастырды. Левеллерлер парламентке жолдаған қыркүйектегі петициясында: қауымдар палатасының үстем болуын қамтамасыз ету, заң алдындағы бәрінің теңдігі, ар бостандығы, заңдарды жеңілдету, феодалдық сословиелік жеңілдіктерді, шіркеу десятинасын, қосымша салықтарды жою, король мен лордтар басқаруын тоқтату т. б. талап етті. Сонымен қатар левеллерлер жекеменшікті жоюға қарсы болды. Осы принципиалдық негіз индепенденттермен жақындастырды.
Карлмен келіссөз нәтиже бермеген соң, пресвитериандық парламент халық қозғалысын басуға ұмтылуынан соң, Армия шешуші әрекетке көшті. Король Херс түрме-бекінісіне әкелінді. 2 желтоқсанда әскер Лондонды алды. 6 желтоқсанда полковник Прайд өз солдаттарымен пресвитериандарды қауымдар палатасының мәжілісіне жібермеді. Парламенттен король жақтастарын қуу оқиғасы тарихта Прайдтық тазалау деген атқа ие болды. Жоғарғы сот Карл Стюарттың қылмысын қарады.
Арада көптеген пікірталастардан кейін 4 қаңтар 1649 жылы қауымдастар палатасы жабық есік жағдайында Англияны республикаға айналдырған шешім қабылдайды. Қауымдастар палатасы осы шешім негізінде өзіне мемлекеттегі жоғарғы биліктің өтетіндігі туралы төмендегідей шаралар белгіледі. 6 қаңтарда палата жаңа формасына байланысты жаңа үлкен мемлекеттік мөрдің жобасын жасау жөнінде комиссия тағайындады. 27 қаңтар күні қауымдастар палатасында бұдан былай барлық сот ісінде, сондай-ақ барлық шешімдерде және басқа құжаттарда «король атынанң деп басталатын сөздің орнына «ағылшын бостандығын сақтаушылар, парламент билігі атынанң деген сөзді ендіру қабылданды. Сол күні парламент талқылауына корольдің парламент келісімінсіз жарияланған кез келген құжатын заңсыз, сатқындық деп жариялаған акт қабылданды.
17 наурыз 1649 жылы король билігі қажетсіз және қауіпті ретінде жойылды. Екі күннен кейін лордтар палатасы да оның тағдырын кешті. Лордтар палатасы қауымдастар енгізген 1649 жылдың екінші қаңтарында корольді соттау туралы ордонансын бекітуден бас тартқандығы үшін таратылды. 19 мамырда республика жарияланды. Декларацияда: Бұдан былай, Англия парламенттегі халықтар өкілдері мен басқаралатын болады- деп көрсетіледі.
Республиканың заң шығарушы билігін бірпалаталы парламент атқарды. Атқарушы билік құрамында 41 мүше бар /оның 31-і парламент мүшесі болып табылатын/ Мемлекеттік кеңес атқарды. Оның ішінде армияның жоғарғы офицерлері /Ферфакс, Кромвель, Айртон т. б. / болды. Жоғарғы кеңес мүшелерін 5 пэр, жоғарғы аристократияның өкілдері графтар - Пемброк, Солсбери, Денби т. б. құрады.
Мемлекеттің Кеңес парламент орган ретінде құрылып және алғашқы кезеңде парламентке түгелдей тәуелді парламент комитетінің ролін ғана атқаруы тиіс еді. Оның мөрінде ағылшын парламенті тағайындаған Мемлекеттік Кеңес мөрі деп жазылған. Алайда өз қызметінің бас кезінде-ақ Мемлекеттік Кеңес республикадағы маңызды және ықпалды органға айналды
Алайда, жаңа республика демократиялы болмады. Республика орнаған соң левеллерлер жаңа режимді сынады. 1649 жылдың алғашқы айларында Лильборн екі памфлет жариялады. Ол онда: парламент халыққа шынайы құқық пен ерік берген жоқ деп көрсетті. Елді Кромвель бастаған Армияның жоғарғы тобы мен беделді юристер басқарды, парламент мүшелері жеке бастарының мүддесін ойлады. Левеллерлердің іс-әрекетін соғыстың әсерінен ашынған, жағдайы нашарлаған халық қолдады. Республикадағы өкімет орта буржуазия мен орта жаңа дворяндар қолында болды. Олар өкіметті сыртқы жауымен бірге халық қозғалысын басу үшінде қолданды. Левеллерлер қозғалысы басылды. Дж. Лильборн сотталып, қуғындалды.
Левеллерлердің қала мен деревня кедейлерінің мүдделеріне қайшы әрекеті 1649 жылы нағыз теңестірушілер қозғалысын тудырды. Осы жағдайда 1649 жылдың көктемінде жаңа қозғалыс «нағыз теңестірушілерң немесе диггерлер /жер қазушылар/ пайда болды: кедей шаруалар, жұмыссыздар, қайыршылар т. б. көсемі Джерард Уинстенли. Ол 1649 жылдың көктемінде Серри графтығындағы Әулие Георгий төбешігіне бірнеше кедейлерді жинап, бос жатқан жерді өңдеп, әртүрлі егін екті. Қарапайым теңдік түрінде бірнеше қожалықтар пайда болды. Алайда барлығы да талқандалды, қудаланды. Дж. Уинстенли: Құдай алдында адам тең-деген діни идеологиядан жекеменшікті әділетсіз, деп түсіндіреді. Мүлік теңдігін насихаттады. Бос жерлерді басып алып, егін салғандықтан, оларға « жер қазушылар-диггерлерң аты берілді.
Өздерінің бейбіт түрде қойған талаптарының орындалмайтынына көзі жеткен левеллерлер 1649 жылы көктемде Солсбериде көтеріліс ұйымдастырды. Кромвель мен Ферфакс оларға қарсы каваллерия күшін жұмсап, 14-15 мамырда талқандады. Англияда күзге қарай левеллерлер қозғалысы толық талқандалды. Екі қозғалыстың да күшпен басылуы индепенденттердің революцияны тереңдетудің кез келген түріне қарсы екендігін көрсетті.
Ағылшын республикасының алдында индепенденттік дженти мен буржуазия билігін нығайту міндеті тұрды. Оппазицияны талқандаған олар Ирландия мен Шотландиядағы роялистік қауіп ошағын талқандауға тиіс еді. 1649 жылы шілдеде Кромвель армиясымен Ирландияны жаулап алуға аттанды. Ирландия қанға боялды. Ирландияны басып алудың, екі маңызды нәтижесі болды. 1. Ирландия жері тоналды, ол арқылы қоғамның жаңа таптары байыды. Солдаттар мен офицерлерге жалақы орнына Ирландиядан жер бөліктері берілді. Ақшаға зарыққан олар жерді арзан бағаға сатты. Осылайша ирланд жерлері арқылы контрреволюциялық күшке айналған Стюарттар реставрациясын қамтамасыз еткен лендлордтардың жаңа тобы қалыптасты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz