Ірі қараның лептоспирозы



Жоспар.
І.Кіріспе
II.Өлексені сою барысындағы жазылған хаттама
ІІІ.Анықталған ауруды талдау
IV.Әдебиетке шолу
4.1.Аурудың қысқаша анықтамасы
4.2. Этиологиясы мен патогенезі
4.3. Клиникалық белгілері
4.4. Паталого.анатомиялық өзгерістер
4.5. Диагноз. Деференциальды диагноз
4.6. Алдын алу және күресу шаралары
V.Қорытынды
VI.Қолданылған әдебиеттер тізімі
VII.Қосымшалар.
I. Кіріспе
Қазақстан Республикасы аймағында кең таралып, жіті және клиникалық белгісі анық байқалмай өтетін жануарлар лептоспирозының алдын алу мен емдеу қазіргі таңда ауыл шаруашылығы саласын үлкен экономикалық зардаптан құтқаратын маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, лептоспироз ауруы экономикалық шығыны жағынан туберкулез және бруцеллез ауруларымен деңгейлес деп саналуда.
Республика көлемінде медициналық және ветеринарлық зерттеушілермен 20 лептоспир серовалары анықталып, соның 8-і адамдар мен жануарларға патогенді болып табылады: Роmona, Tarassova, Grippotyphosa, Canicola, Hebdomadis, Australis, Sejroe. Көп жылдық тәжірибе нәтижелері көрсеткендей, аурудың таралуы, этиологиялық құрылымы, патогенезі сұрақтары қаралып, ауру қоздырғышының құрылымдық қасиеті, анықтау әдістері және арнайы алдын алу мен емдеу жолдары зерттелуде.
Адам және жануар липтосперозын ұзақ уақыт бойы ұқсас аурулардан ажырату қиын болды. Тек ХІХ ғасырдың соңында ғана алғаш рет 1886 жылы А.Weil, 1888 Н.П. Васильев адамның жұқпалы сары аурудың клиникалық картинасын нақты сипаттады. Содан соң осы ғалымдардың құрметіне аталмыш ауру Вейл-Васильев атауына ие болды. 1904 жылы неміс журналында Е.Дьяченконың Кубаньдағы мүйізді ірі қара иктерогемогмобинуриясының клиникалық белгілері туралы еңбегі жарияланды. Ауру қоздырушысы Жапонияда 1914 жылы Инадо, Ноки, Канеко ашып, олар жұқпалы сары аурумен ауырған адамның қанымен зақымдалған теңіз шалқалардың бауырынан спирохеталарды ажыратып алып, ауру қоздырушысын Spiroclaeta ictero haemorr laguae деп атады. 1917 жылы Ногуши қоздырғышы Leptospira деп атап, оларды туыстығына байланысты жіктеді.
Лептоспроз (іедетті сары ауру, иктерогемоглобинурия) – көбінесе жіті түрде өтетін жұқпалы ауру. Мал біраз күн (2-3 күн) ыстығы көтеріліп, қатты ауырғаннан кейін, ауызы мен танауының, көзінің кілегейлі қабықтары сап-сары болып кетеді, несебіне қан араласады, салмағы едәуір азайып, ішек-қарыны жиырылмай, солып қалады, сиырдан сүт шықпайды, барған сайын мал әлсірей түседі.
Жалпы осы курстық жұмыстың мақсаты ауыл шаруашылық малдары ауыратын жұқпалы ауруларды анықтау, себебі мен клиникалық белгілерін зерттей отырып, диагноз дәл қою арқылы емдеу, сонымен қатар олардың аурудан өлген жағдайда өлекселерін жарып сойып қарау, басқа малға жұқпауын қадағалау, яғни, алдын алу және күресу шараларын өткізу болып табылады. Осы шараларды нәтижелі жүргізсек, мал басы сақталып, одан алынатын өнімнің мөлшері мен сапасы артады. Ветеринарлық шараларды жетілдіргенде оған жұмсалатын шығын да азаяды.
VI. Қолданылған әдебиеттер тізімі.
1. Боль Н.Г., Боль Б.К., Основы потологической анатомии сельско-хозяйственных животных, М. –Колос, 1961, С.538-541
2. Справочник по ветеренарии, М. –Колос, 1968, С.236
3. Шатров А.П., Кирпичев А.Ф., Лептоспироз сельско-хозяйственных животных и меры борьбы с ним, Алма-Ата, Қайнар, 1971. С.420-422
4. Төлеуғалиев Т., Еттің мал дәрігерлік экспертизасы, Қайнар 1970. 54 бет
5. Конынов Г.А., Краткий справочник ветеринарного фельдшера Л. – Колос, 1973. С.164-165
6. Справочник ветеренарного санитара М. – Колос, 1975 С.217-219
7. Көпбосынов Б., Сұлтанқұлов Т., Мал санитарлық кітапшасы, Алматы. –Қайнар. 1978. 83-84бет.
8. Конопаткин А.А., Эпизоотология и инфекциоонные болезни сельскохозяйственных животных. М. –Колос, 1984. С.197-204
9. Антонов Б.И., Лабораторные исследования в ветеринарии, ВО. –Агропромиздат, 1986 С.128-133
10. Житенко П.В., Ветеринарно-санитарная экспертиза продуктов животноваодства, М. –Агропромиздат, 1989. С.75-76
11. Бакулов И.А. Індеттану және микробиология негіздері, А. –Қайнар, 1993. 156-162 бет.
12. Беляков И.М., Лукьяновский В.А., Основы ветеринарии, М. Колос, 1994 С.356-359
13. Жаров А.В., Патологическая анатомия животных, М. –Колос, 2006. С.594-598
14. Ильясов Б.К. Пути передачи возбудителя инфекции и распространение лептоспироза человека //Животноводство и ветеринария в XXI век: Действительность и перспективы развития: материалы Международный научно-практической конференции. – Семей, 2002. - С.163-166.
15. Шатров А.П., Кирпичев А.Ф. Лептоспироз сельскохозяйственных животных и меры борьбы с ним. - Алма-Ата, Кайнар, 1971. - 47 с.
16. Жұмабеков Х.С., Дербышев К.Ю. – Жануарлардың патологиялық анатомиясы, Алматы, 2011 – 210-213 б.
17. Ахмедов М.М. Лептоспироз сельскохозяйственных животных в Южных регионах страны: автореф. ... вет. наук. – М., 1988. - 23 с.
18. Б.К. Ілиясов., А.Б. Ілиясов. Жануарлар лептоспирозының этиологиялық ерекшеліктері және эпизоотиялық ахуал //Жаршы. - 2005. - №2. - 11-15 б.
19. Е.П.Бернасовская, В.М.Мацюк, Н.И.Захаренко. Применение метода Фуллера для получения полисахаридсодержащих фракций лептоспир. Лептоспирозы //Тр. V Всесоюзн. науч конф. по лептоспирозу человека и животных. - Казань, 1971. - С.11-16.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ
ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
" ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯ КАФЕДРАСЫ"

Курстық жұмыс
Пән: Жануарлардың патологиялық анатомиясы (3).
Тақырыбы: Ірі қараның лептоспирозы

Орындаған:
Топтың студенті:

Қолы: _______
Қолы:_______
Тапсырған күні: ________
Бағасы:________

Күні:______________

Нормоконтроль: ___________________________________ _________

Семей қаласы, 2016 жыл.
Жоспар.
І.Кіріспе
II.Өлексені сою барысындағы жазылған хаттама
ІІІ.Анықталған ауруды талдау
IV.Әдебиетке шолу
4.1.Аурудың қысқаша анықтамасы
4.2. Этиологиясы мен патогенезі
4.3. Клиникалық белгілері
4.4. Паталого-анатомиялық өзгерістер
4.5. Диагноз. Деференциальды диагноз
4.6. Алдын алу және күресу шаралары
V.Қорытынды
VI.Қолданылған әдебиеттер тізімі
VII.Қосымшалар.

I. Кіріспе

Қазақстан Республикасы аймағында кең таралып, жіті және клиникалық
белгісі анық байқалмай өтетін жануарлар лептоспирозының алдын алу мен емдеу
қазіргі таңда ауыл шаруашылығы саласын үлкен экономикалық зардаптан
құтқаратын маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, лептоспироз
ауруы экономикалық шығыны жағынан туберкулез және бруцеллез ауруларымен
деңгейлес деп саналуда.

Республика көлемінде медициналық және ветеринарлық зерттеушілермен 20
лептоспир серовалары анықталып, соның 8-і адамдар мен жануарларға патогенді
болып табылады: Роmona, Tarassova, Grippotyphosa, Canicola, Hebdomadis,
Australis, Sejroe. Көп жылдық тәжірибе нәтижелері көрсеткендей, аурудың
таралуы, этиологиялық құрылымы, патогенезі сұрақтары қаралып, ауру
қоздырғышының құрылымдық қасиеті, анықтау әдістері және арнайы алдын алу
мен емдеу жолдары зерттелуде.

Адам және жануар липтосперозын ұзақ уақыт бойы ұқсас аурулардан
ажырату қиын болды. Тек ХІХ ғасырдың соңында ғана алғаш рет 1886 жылы
А.Weil, 1888 Н.П. Васильев адамның жұқпалы сары аурудың клиникалық
картинасын нақты сипаттады. Содан соң осы ғалымдардың құрметіне аталмыш
ауру Вейл-Васильев атауына ие болды. 1904 жылы неміс журналында
Е.Дьяченконың Кубаньдағы мүйізді ірі қара иктерогемогмобинуриясының
клиникалық белгілері туралы еңбегі жарияланды. Ауру қоздырушысы Жапонияда
1914 жылы Инадо, Ноки, Канеко ашып, олар жұқпалы сары аурумен ауырған
адамның қанымен зақымдалған теңіз шалқалардың бауырынан спирохеталарды
ажыратып алып, ауру қоздырушысын Spiroclaeta ictero haemorr laguae деп
атады. 1917 жылы Ногуши қоздырғышы Leptospira деп атап, оларды туыстығына
байланысты жіктеді.

Лептоспроз (іедетті сары ауру, иктерогемоглобинурия) – көбінесе жіті
түрде өтетін жұқпалы ауру. Мал біраз күн (2-3 күн) ыстығы көтеріліп, қатты
ауырғаннан кейін, ауызы мен танауының, көзінің кілегейлі қабықтары сап-сары
болып кетеді, несебіне қан араласады, салмағы едәуір азайып, ішек-қарыны
жиырылмай, солып қалады, сиырдан сүт шықпайды, барған сайын мал әлсірей
түседі.

Жалпы осы курстық жұмыстың мақсаты ауыл шаруашылық малдары ауыратын
жұқпалы ауруларды анықтау, себебі мен клиникалық белгілерін зерттей отырып,
диагноз дәл қою арқылы емдеу, сонымен қатар олардың аурудан өлген жағдайда
өлекселерін жарып сойып қарау, басқа малға жұқпауын қадағалау, яғни, алдын
алу және күресу шараларын өткізу болып табылады. Осы шараларды нәтижелі
жүргізсек, мал басы сақталып, одан алынатын өнімнің мөлшері мен сапасы
артады. Ветеринарлық шараларды жетілдіргенде оған жұмсалатын шығын да
азаяды.

II.Өлексені сою барысында жазылған паталогиялық-анатомиялық хаттама

Хаттама №7

Мал түрі: Ірі қара.

Жынысы: еркек

Тұқымы: Қазақтың ақбасы

Жасы: 3 жас

Түсі: Қоңыр

Ерекше белгісі: жоқ

Жеке номері: №182025

Мал иесі: Түсенов Әділбек

Өлген күні: 18.09.2016ж

Сойылған күні: 18.09.2016ж Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік
Университетінің прозекториясында

Союшы: Әділбек Тоғжан Әділбекқызы

Өлексені союға қатысқан адамдар: Жексенов Нұржан, Ықыласов Абай.

Мал қашан ауырған. 8.09.2016 жыл. Сиыр малы дене температурасы 410С-
қа дейін көтерілген. Азық жұту актісі бұзылған. Дем алысы мен жүрек тамыр
соғысы жиілеуі байқалған. Қызудың аяқ кезінде көзге көрінетін барлық
кілегейлі қабықтардың сарғаюы пайда болған. Терісі өлі еттенген. Мал қатты
жүдеп, күйзеліске ұшыраған.

Қысқа анамнез: Ешқандай ем қолданбаған. Сиыр иесінің қорасында өлді.

ІIІ. Анықталған ауруды талдау

1.Сыртқы көрінісі.

Өлексенің жалпы сипаттамасы: Өлексесі саол жағымен жатыр жүні
үрпиіп қампиған, жүндері түскен, арып жүдеген.

Өлексе белгілері: Өлексе температурасы қоршаған орта температурасынан
төмен. Өлекседе сіресу жоқ. Сырттай қарағанда көзге көрінетін кілегей
қабықтары және ішкі ағзаларының барлығы дерлік сарғайған. Құлағында,
басында, мойынында қоңыр түсі қабыршақтар пайда болады.

Сыртқы жыныс мүшелері: ойылым жара пайда болған.

Терісі: әртүрлі учаскелерінде некроз ошақтары, кілегей қабаттарының
сарғаюы. Желін:
үрпі жолдары – сыртқы кілегей қабығы некроздалған.

Дене құрылысы: Дұрыс.

Қоңдылығы: Өте төмен.

Тері астындағы шелі: Теріні сыпырғанда майда қан тамырларының
эндотелийі зақымданып тері шелінде лимон тәрізді сұйықтық жиналған, қан
ұйыған.

Көзге көрінетін кілегей қабықтары мен көздің жағдайы: Көзге
көрінетін барлық дерлік кілегей қабықтары сарғайған. Конъюктивасында қасаң
қабығы бозарған, көз алмасы солғын, көздің кілегей қабықтары қансызданып
кеткен, көздің маңайында ойылым жаралар байқалды.

Құлағы: Құлақ айналысының жүні түсіп, ойылым жаралар пайда
болған.

Бұлшық еттері мен сіңірлері: солғын тартқан және қою күлгін
түстес, ісік байқалады, майда қан тамырларының қабырғасы эндотелийі жұқарып
қан элементтері сыртқа шығып, бұлшық ет тоқымалары бозарып кеткен, дәнекер
ұлпасықанталаған.

Сүйектер мен буындар: Буындары – үсті аздап ісінген, буын қуыстарында
аздаған жылтыр сарғылт түсті созылған сұйықтық.Сүйіктері – бүтін, жарылған
жоқ, анатомиялық тұрғыдан алып қарағанда орналасуы ұрыс

Сыртқы сөл бездері: Мойын шап бездері 2- 3 есе ұлғайған,бездер
төңірегіндегі тоқымаларда лимон тәрізді сұйықтық іркілген.

Ішкі қуыстар мен мүшелерді зерттеу.

Ауыз қуысы: Ауызында ойылым ойылым жаралар пайда болған.

Өңеш: ісік пайда болған.

Танау мен мұрын қуысы: кілегейлі cұйықтық табылды, жылтыр танауда
ойылым жара пайда болған.

Кеңірдек және көмей: кілегей қабықтары жылтыр, домбығу сұйығы іркілген
ұсақ қан тамырларының эпилелийі жұқарып өткізгіштігі жоғарылаған, қызғылт -
қоңыр түсті, қабынған.

Көкірек қуысы: Көкірек қуысының шымылдығы домбығу сұйығына толған.

Өкпеде:домбыққан, қан кернелген,паренхимасында нүкте және қанталаулар
табылды.Бронхтары көбікке толы.

Бездер: Қатты ісінген.

Жүрек: бұлшық еті пісірілген ет түсіндей, түсі өзгеріп сұрғылт рең
алады, сарғыш тартады. Эпикард пен эндокардта қанатлаулар бар. Сол жақ
жүрекше эндокарды қабынған, ішінде ұйымаған қан іркілген.

Қан тамырлары: қан тамырларының эпителийі қабығы экзотоксиндер
әсерінен қабырғасы жұқарған, қан кернеген.

Құрсақ қуысы: Сарғайған, қанталаулар байқалады, сұйықтық іркілген

Қарыны:

Мес қарын: қарынның атониясы нәтижесінде астың жылжуы
азайып,құрғақ нығыздалған азыққа толған, кілегей қабығы қанталаған.

Кітапша қарын: қарынның атониясы нәтижесінде астың жылжуы
азайып,құрғақ нығыздалған азыққа толған, кілегей қабығы қанталаған.

Тақия қарын: қарынның атониясы нәтижесінде астың жылжуы
азайып,құрғақ нығыздалған азыққа толған, кілегей қабығы қанталаған.

Ұлтабар: кілегей қабығы суланып қабынған.

Бүйрек: Бүйректе қан құйылу байқалады, ісіңкі, сыртқы қабықтары
сұрғылт тартқан, болбыр, бозарған, сарғайған, қабығы қолмен оңай
сыпырылады, көлемі ұлғайған. Бүйрек шумағының қауашағының астында серозды
жалқақ жиналған.

Бауыр: көлемі ұлғайған, реңі сары балшық сияқты, қан элементінің
шоғырлануына байланысты кей жерлері қоңырқай. Консинтенсиясы болбыр, тіліп
қарағанда бөлшектік құрылымы байқалмайды, қауашағының ұлпалық бөлімі ұсақ
өллі еттенген ошақтар мен қанталаулар байқалды. Өт қабы – үлкейген, қара
көк өкпе толы.

Он екі елі ішек: Кілегей қабығы қатты қанталаған, қара қызыл
түстес, қан аралас қабынған.

Ащы ішек: Кілегей қабығы қанталаған, қара қызыл түстес, қан аралас
қабынған.

Мықын ішек: Кілегей қабығы қанталаған, қара қызыл түстес, қан аралас
қабынған.

Тоқ ішек және оның бөліктері: Кілегей қабығы қанталаған, қара қызыл
түстес, қан аралас қабынған.

Бүйен: Басқа ішектерге қарағанда ерекше көрінген, кілегей қатты
қабығы қанталаған, қара қызыл түстес, қан аралас қабынған.

Тік ішек: Кілегей қабығы инвагинациясы, гемморагиялық гастроэнтерит
көптеген қанталаулар байқалады.

Талақ: тіліп қарағанда қан молайып қанталаған, сәл еті жұмсарған.

Қуық және несеп шығаратын жолдар: Қуық қою шие түсті зәрге толып
кернелген, кілегей қабығы ісініп, қанталаған.

Лимфа түйіні: аса үлкейген, күлгін қызыл түсті, сірілі инфильтрациялық
жасунықпен қапталған, қан құйылуы байқалды.

Бас миы мен жұлын: сол түйіндері үлкейген, айналасында жалқаяқ
жиналған.

Қорытынды бөлім.

Патологиялық-анатомиялық диагноз:

1. Бауырдың майлану дистрофиясы

2. Бүйректе майлану және түйіршікті дистрофиясы

3. Жүректе түйіршікті және майлану дистрофиясы

4. Ағзалардың атрофиясы

5. Қарынның атониясы

6. Аллопеция

7. Жалпы анемия

8. Интерстициальды гепатит

9. Интерстициальды нефрит

10. Гемоглобинурия

11. Уремия

12. Алдыңғы қарынның катаральды қабынуы

Қосымша лабороториялық зерттеу.

Лептоспирозға диагнозды микроскопиялық, бактериологиялық,
серологиялық және гистологиялық зерттеулер жүргізу арқылы және де
эпизоотологиялық, эпидемиологиялық, клиникалық, патологоанатомиялық
мәліметтер бойынша қояды.

Лептоспироздың диагносикасын арнайы зертханада микроскопиялық,
бактериологиялық, серологиялық зерттеулер жүргізеді.

Тірі малға диагноз қою мақсатында зертханаға цитратталған немесе таза
қанды , несепті, түсік тастаған төлді, шарана сұйықтығын жібереді, ал
өлген малға диагноз қою үшін ұсақ малдардың ұшасын, ірі қара малдың
паренхиматозды мүшелерінің бөлшегін, кеуде және құрсақ қуысынан, қуықтан
транссудат жібереді.

Несепті мал табиғи отырып тұрған кезде жинайды, микроскоптың қараңғы
алаңында 6-12 сағаттан кем емес уақытта, қалған патологиялық материалды
жазғы уақытта 6 сағаттан кеш емес , ал қысқы уақытта 10-12 сағат
аралығында зерттейді.

Жолдама хатта патологиялық материалдың уақыты және де малдың өлген
уақыты, сынама алынған уақытта көрсетілуі тиіс.

Бактериологиялық әдістің негізі ол лептоспирлерді қараңғы алаңда
микроскоп астында иммунофлюоресценнттік әдіс арқылы немесе арнайы ортада
боялған препараттар арқылы анықтау және де биосынамаларды зертхана
жануарларында зерттеу жүргізу.

Микроскопиялық зерттеуді тамшылау әдісі арқылы анықтайды. Несепті,
кеуде қуысынан, құрсақ қуысынан алынған сұйықтықты таза күйінде немесе
центрифугадан өткізгенен кейін бүйректегі, бауырдағы, өкпедегі
суспензияларды алдын ала тұндырып, центрифугалағаннан кейін тұнбаны
зерттейді. Әрбір материалдан кемінде 10 препаратты қарайды 50 көру
алаңында қозғалыстағы лептоспирлерді анықтау үшін.

Қышқыл несепте рН 5,0-6,0 лептоспирлер аз қозғалып тез өледі.
Лептоспирлерді фибрин талшықтарынан, сынған спермия құйрықтарынан,
бүтіндігі бұзылған эритроциттерден, вибрионға ұқсас микроорганизмдерден
ажырата алу қажет.

Бактериологиялық зерттеуде таза культураны алу мақсатында арнайы
ортаға патологиялық материалдан себінді жасайды. Инкубируют при 28-30°С. 28-
30°С температурада инкубациялап, арықарай 5-10 тәулікте культураны
зерттейді. Ол үшін зерттелетін қан сарысуын физиологиялық ерітіндімен
араластырады 1:50 ден 1:1000 қатынасына дейін.

Антиген ретінде мұражайдағы культуралар пайдаланылады.Реакцияны
көлемі 0,1 мл планшетте қояды, қан сарысуымен араласқан 0,1 мл антигенмен
бірге. 30°С термостатқа 1 сағат көлемінде пластинкаларды араластырып
қояды. Бақылаушы ретінде физиологиялық ерітіндімен антигеннің ерітіндісі
негіз болады. Реакцияны тексеру төрткресті жүйе бойынша оқылады.

Диагностикалық титр ретінде 1:50 және де одан жоғары болып саналады.

Өлім себебі туралы соңғы қорытынды:

Жиналған анамнездерге, патологиялық анатомиялық өзгерістеріне, қосымша
зерттеулердің нәтижелеріне, белгілеріне сүйене отырып, өлім себебі-
лептоспироз деген қортындыға келдік.

Лептоспироз (Leptospirosis) - сан түрлі жануарлардың табиғи –ошақты
уақыт лихорадкамен, гемаглобинуриямен, кілегей және терінің некрозымен,
қарындардың атониясымен, іштастаумен немесе клиникалық белгілерсіз өтетін
жұқпалы ауруы.

IV.Әдебиетке шолу.

4.1.Тарихи дамуы.

Ауру тарихы. Адам және жануар лептоспирозын ұзақ уақыт бойы ұқсас
аурулардан ажырату қиын болды. Тек ХІХ ғасырдың соңында ғана алғаш рет 1886
жылы А. Weil; 1888 жылы Н.П. Васильев адамның жұқпалы сары ауруының
клиникалық картинасын нақты сипаттады.

Содан соң, осы ғалымдар құрметіне бұл ауру Вейл-Васильев атауына ие
болды. 1904 жылы неміс журналында Е. Дьяченконың Кубаньдағы ірі қара
иктерогемоглобинуриясының клиникалық белгілері туралы еңбегі жарияланды[1].

Ауру қоздырушысы Жапонияда 1914 жылы Инадо, Ноки, Канеко ашып, олар
жұқпалы сары аурумен ауырған адам қанымен зақымдалған теңіз шошқаларының
бауырынан спирохеталарды ажыратып алып, ауру қоздырушысын Spirochaeta
icterohaemorrhagiaе деп атады. 1917 жылы Ногуши қоздырушыны Leptospira деп
атап, оларды туыстығына байланысты жіктеді

Leptos – ұсақ, spira – иір. Spirochaetaceae тұқымдасының leptospira
туысына жатады. Халықаралық жіктеуге сәйкес, лептоспир туыстары екі түрде:
лептоспир – паразиттер (L.interrogans) және лептоспир – сапродиттерден (L.
biflexa) құралады. Қазіргі уақытта L.interrogans 23 топқа біріккен 202
сероварға, ал L. Biflexa 38 топқа жататын 63 сероварға бөлінеді.

Т.Сұлтанқұлов (1978) пікірінде шаруашылықта лептоспироз ауруы
анықталғанда ауру малды бөлектеп оған қан сарысуын тері астына 10-12мл
дейін инемен жібереді. Қалған барлық малды вакцина мен әр жеті күннен кейін
2 рет егеді. Аурудың клиникасы білінбесе және күдікті болса малды союға
болады. Мұндай малдың етін мал дәрігерлік экспертизаның ережелеріне сәйкес
пайдаланылады. Ал сүтін жақсылап қайнатқаннан кейін пайдалануға рұқсат
етіледі. Ауырған малға 40%-к глюкоза ерітіндісін қанына жібереді.
Асқазанның жұмысын жақсарту үшін глаубер тұзын (200-1000г дейін) суға езіп
ішкізеді. Бір аптаға дейін әр киллограмм салмағына 60000 ЕД есеппен
стрептомин береді. Жылқыға емдік мақсатпен әр киллограмм салмағына (0,005-
0,01 кг қан тамырына) нарсульфазал жібереді. Ауру малдың тұрған жерін әктің
10-20%-к ерітіндісімен немесе 2%-к креолин, 1-2%-к формалин ерітіндісімен
дезинфекциялайды. Жаңадан келген малды 30 күн карантинде ұстайды[2].

А.П. Шатров пен А.Ф. Кирпичев (1971) деректеріне сүйене келсек, бұл
індеттің пайда болуы Қазақстан жануарларының Солтүстік Кавказдан,
Украинадан, Роспов облысынан әкелінуімен байланыстырады. Қазақстанда
қойлардың лептоспирозы 1943 жылы тіркелген.

К.П. Студенцов (1966) мәліметтеріне қарағанда лептоспирлер
пішініне байланысты С және S әріптері тәріздес. Осыған орай лептоспира
атауы гректің екі сөзінен құралған.

Э.С. Плотников (1975) негіздеріне назар аударар болсақ, сауылатын
малдар сүт беруін азайтады немесе біржолата тоқтатады. Буаз малдар іш
тастайды немесе бұзаулар нашар болып туады. Ал ауырған малдан туған бұзауда
алғашқы күннен-ақ дене температурасы көтеріледі, тәбеті жоғалып мұрнынан
кілегей ағады, конъюктивиясында ірің пайда болып, қатты арықтайды[6].

Т.Төлеуғалиев (1970) жазбалары бойынша бұл ауруды гемоспоридиоз
ауруларынан ажырату керек. Гемоспоридиозда талақтың көлемі ұлғаяды, ал
лептоспирозда талағы әдеттегідей болады. Лептоспирозда аурудың кілегей
қабығы өлі еттенетін болса, гемоспоридиозда ол кездеспейді[4].

Т.А. Кононов (1973) бойынша шошқа аурудың жіті және жетілеу түрімен
ауырғанда олардың сол түйіндері сәл ғана ұлғаяды, қызыл сұр тартады,
пышақпен тілгенде ойдым-ойдым боп қанталағаны байқалады. Көмекей бездерінде
өлі еттенген сары түсті участоктар пайда болады.

Талақ сәл үлкейген, етегі нүкте тәрізденіп қанталаған. Бауыры сарғаяды
немесе қызыл - қоңыр түсті болады. Бүйректері сәл үлкейеді. Қызыл - сұр
түсті. Аурудың созылмалы түрінде бүйректерінің үстіңгі жағы нүкте тәрізді
қанталайды. Етінің түсі солғын қызыл кейде сәл сарғыш тартады.

Б. Көпбосынов (1978) мәліметінше лептоспирозбен тек жануар ғана емес
адамда ауырады екен[19].

С.А. Амреев, Л.П. Баяринова зерттеулеріне қарағанда 1998 жылы бұл
ауруға 806 адам шалдыққан. Бұл дегеніміз дерттің жылдам ұшығатынын
көрсетеді.

А.И. Протасов (1968) зерттеулерінде лептоспирлер аздап жарық сәулесін
сындырады, сондықтан оларды микроскоптың қараңғы бөлімінде қарайды. Олар
нәзік спиральмен қоршалған жіңішке жіп болып көрінеді, активті қимылы бар.
Олардың мөлшері 4-15х0,2-0,4мкм, шеттері (бір немесе екі жағы) қайырылған
және домалақтанған жуандауы бар. Лептоспирлер 26-280С температурада және РН
7,2-7,4, үй қояндарының немесе қойлардың қан сарысуы қосылған әртүрлі
қоректік ортада культивирленеді. Лептоспирлер ұзақ уақыт төменгі
температурада, тіпті суыққа қатырғанда да сыртқы ортада сақталады. Өзен мен
көлдердің суларында 200 күнге дейін өмір сүргіштігі сақталады. Тура түскен
күн сәулелері мен кептіру оларды 2 сағатта, 550С дейін қыздыру – 30 мин.
Кейін, 760С және одан да жоғарғысы – кенеттен өлтіреді, 20% спирт, 2% тұз
қышқылының ерітіндісі, фенолдың 0,5% ерітіндісі, формалиннің 0,25%
ерітіндісі микробтарды 5 минуттан кейін өлтіреді[10].

А.А. Конопаткин (1984) жазбаларында лептоспираның морфологиялық
құрылысы білік жіпке тізгендей бірімен-бірі қабыса бұйраланып, өте ұсақ
спирал тәрізді көрінеді. Лептоспираның ұзындығы 5-тен 18 метрге, 2-0,2-ден
0,3 метрге дейін болады. Бұл микроорганизмнің басы қармақ сияқты иіліп
келіп, ұшы түйме тәріздес сүмбіленеді. Лептоспиралардың тағы бір қасиеті
олар анаминдік бояумен боялмайды, Романовтың әдісі бойынша көк - сұр түске
боялады. Ал күміс жалатылса қоңыр немесе қара түске айналады.

Б.Ф. Бессарабов (1984) лептоспироз кезінде ауырып айыққан малдарда
берік және ұзаққа созылатын иммунитет пайда болады дейді. Кейде ол
стирилсіз. Активті иммундау үшін поливалентті ВГНКИ депонирленген
вакцинасын қолданады, онда елдің қай аймағында болсын ең жие кездесетін
лептоспирлердің әр түрлі сероптары үйлескен екі варианттары шығарылғандары
пайдаланылады[18].

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лептоспироз індетінің эпизотологиялық ахуалы
Лептоспироздың экпресс - диагностикасына проф Б. К. Ильясовтың толық емес гемагглютинация тестісін қолдану
Лептоспироз ауруы және оның қоздырғыштары
Вакцина егу профилактикасы
Ауру қоздырушысы стирохет тұқымдастарына жататын leptospira түрінің патогендік микроорганизмдері
Лептоспироз туралы мәліметтер
Ит лептоспирозыауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Қой мен ешкіні су, әуе, темір жолмен, автокөлікпен импорттау ,экспорттау кезінде ел ішінде тасымалдау кезінде қойылатын талаптар ветеринариялық- санитариялық бақылау
Лептоспироз иа кезіндегі иа сойыс иа өнімдерін иа ВСС иа және иа санитарлық иа бағалау
ЛЕПТОСПИРОЗ
Пәндер