Алгоритм және алгоритмдеу түсініктері


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:
Алгоритм және алгоритмдеу ұғымдары
Қазіргі заманда адам көп істі компьютерді пайдалану арқылы атқарады. Кез келген міндеті орындау алгоритмнің болуын, яғни нәтиже алуға жеткізетін әрекеттердің алдын ала жазылып қоюын қажет етеді. Алгоритмнің негізінде бағдарлама түзіледі, яғни есеп шешуінің алгоритмі оны компьютерде орындауға жарамды түрде жазылады. Осыдан барып компьтердің көмегімен есепті шешу процесінің мәні алгоритмді құру екені көрінеді. Алгоритмдік алдын ала жазбаларды құрастыру процесі алгоритмдеу деп аталады. Қазіргі қоғам өміріндегі алгоритмнің ролі оны пайдаланудың техникалық аспектілерімен ғана айқындалмайды. Алгоритмдік қатынас адамдардың күнделікті өмірінен, олардың әдеттегі жұмысынан айырғысыз. Басым көп жағдайларда адам қызметінің нәтижесі оның өз әрекеттерінің алгоритмдік мәнін қаншалықты дәл білетіндігіне тәуелді: әр мезетте, қандай ретте не істеу керек; әрекеттер қортындысы қандай болу керек. Бұл белгілі дәрежеде алгоритмдерді құрастыру мен пайдалана білуге қатысты.
1. 1 Алгоритмдер нұсқасы
Қазіргі замандық, жаңарған мектептердің оқу бағдарламаларында, сабақтарында, ғылыми - талпыныстық ізденістері мен тәліми - тағылымдық жұмыстары жүйесінде «алгоритм» деген ғылыми атаушытар және олардан туындап тараған: «алгоритм тіл» т. с. с әр алуан анықтамалық тіркестері жиі қолданылып жүр. Осы айтылғандармен байланысты «Алгоритмтану» деп аталатын жаңа ғылыми саласы өмірге келді.
«Алгоритм» сөзінің ұғыми мағанасы, оның жасалуы мен жаңарып таралуы туралы тарихи деректер «Информатика және есептегіш техника негіздері» пәнінің сабақтарына кеңінен талданып оқытылады.
Анықтама: Алгоритм деп, орындаушыға ұғынықты тілмен, қандай да бір есептер класында кіретін белгілі бір есепті шешуге болатындай етіп айтылған яғни жазылған, саны ақырлы, әмірлер тізбесін айтады.
Қолданылған әдебиеттер
Әдебиеттер тізімі
1. Есенжанов А. Е. Алгоритмдер және оларды мектепте оқыту. / Есенжанов А. Е. - Алматы «Мектеп», 1988 ж.
2. Халықова К. З. Информатикаы оқыту әдістемесі. / Халықова К. З. - Алматы. : “Білім”, 2000 ж.
3. С. Жагдал, Л. Чойжоованчиг. Мэдээлэл зүй. / С. Жагдал, Л. Чойжоованчиг. - Улаанбаатар хот, 2001 ж.
4. Ермеков Н., Қараев Ж., Криворучко В, Кафтуики В. Информатика. 9-сынып. Байқау оқулығы / Ермеков Н., Қараев Ж., Криворучко В., Кафтуики В. - Алматы. “Жазушы” баспасы, 2001 ж.
5. Кушниренко А. Г., Лебедев Г. В., Сворень Р. А. Информатика мен есептеуіш техника негіздері. / Кушниренко А. Г., Лебедев Г. В., Сворень Р. А. - Алматы “Рауан” баспасы.
6. Авербух А. В., Гисин В. Б., Зайдельман Я. Н. Изучение основ информатики и вычислительной. / Авербух А. В., Гисин В. Б., Зайдельман Я. Н. - Москва «Просвещение» 1992, г.
7. Әбдиев Қ. С., Сыдықов Б. Д., Нұрғалиева Д. Қ. Компьютермен танысу және алгоритмдеу сабақтары. / Әбдиев Қ. С., Сыдықов Б. Д., Нұрғалиева Д. Қ. Абай атындағы АлМУ. - Алматы, 1997 ж.
8. Лапчик М. П., Семакин И. Г., Хеннер Е. К. Методика преподавания информатики. / Лапчик М. П., Семакин И. Г., Хеннер Е. К. - Москва «Академия», 2004 г.
9. Қараев Ж. А, Есжанов А. С., Нақысбеков Б. Қ., Ермеков Н. Т., Тоқтбаев М. Х. Информатика мен есептеуіш техника негіздері курсы бойынша есептер мен жаттығулар. / Қараев Ж. А., Есжанов А. С., Нақысбеков Б. Қ., Ермеков Н. Т., Тоқтбаев М. Х. - Алматы «Рауан» 1993 ж. 20 бет - 79 бет.
10. Камардинов О., Азаматов С. Информатика негіздері. / Камардинов О., Азаматов С. - Алматы «Рауан» 1993 ж. 18 - 43 бет.
11. Нақысбеков Б., Мұхамеди А., Мадиярова Г. Информатика мен есептеуіш техника негіздері оқыту 9. Әдістемелік нұсқау. / Нақысбеков Б., Мұхамеди А., Мадиярова Г. - Алматы «Мектеп» 2005 ж (4 - 16 бет) .
12. Беркінбаев К. М. Информатика. / Беркінбаев К. М. Оқулық - Алматы 2005 ж.
13. Касаткин В. Н. М. Информация, алгоритмы, ЭВМ. / Касаткин В. Н. М. : Просвещение, 1991 г.
14. Сыдықов Б. С. Алгоритмдеу және программалау негіздерін оқыту. / Сыдықов Б. С. - Оқу құралы. Алтамы, 2001 ж.
15. Вирт. Н. Алгоритм+структуры данных. / Н. Вирт. М:Мир, 1989 - 360 стр.
16. Алтынбек Шәріпбаев. Информатика. / Алтынбек Шәріпбаев. - Алматы, Қазақ Университеті 1992 ж.
17. Шуақбаева Р. Компьютерді пайдаланудың теориялық мәселелері. / Шуақбаева Р. - Қазақстан мектебі 2004. - №4
Дисциплина:
Информатика
Тип работы:
Дипломдық жұмыс
Алгоритм [1], алгорифм (ағылшынша: algorіthm, algorіsmus - Әл-Хорезмидің атынан шыққан) - бастапқы берілген мәліметтермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін қай амалды (жұмысты) қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу (математикалық есеп-қисаптар орындау, техникалық объектілерді жобалау, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу т. б. ) тәсілдерінің дәл сипаттамасы. Алгоритм - математика мен кибернетиканың негізгі ұғымдарының бірі. Агоритмді орындау алгоритмдік процесс деп аталады.
Жалпы Алгоритм деп алдын ала не істеу керек екені дәл көрсетілген есептеу процесін айтады. Есептеу процесі қандай болса да алғашқы мәндерден бастап, сол арқылы толық анықталған қорытынды шыққанша жүргізіледі. Алгоритм ұғымының алғышартына алгоритмдік процеспен қатар мүмкін болатын алғашқы деректер жиынтығының нұсқауы және қорытынды алуға байланысты жүргізілген процестің аяқталғандығын көрсететін ереже енеді. Белгілі бір бастапқы деректердің жиынына қолданылған Алгоритм тиянақты қорытындыға келмеуі немесе есептеу барысы аяқталмай тоқталуы мүмкін. Егер есептеу процесі белгілі бір қорытынды алумен аяқталса (не аяқталмай қалса), онда Алгоритм мүмкін болатын бастапқы деректерге қолданылады (не қолдануға болмайды) деп ұйғарылады.
Алгоритм - қазіргі математикада, оның ішінде электронды есептеуіш машинада қолданылатын негізгі ұғымдардың бірі. Белгілі бір теңдеу түбірінің жуық мәнін кез келген дәлдікпен табу оған арналған Алгоритммен есептеледі. Компьютердің кең қолданылуына байланысты Алгоритм жаңа мағынаға ие болды. Берілген есепті шешу барысында орындаушыға біртіндеп қандай әрекеттер жасау керектігін түсінікті әрі дәл көрсететін нұсқау да Алгоритм деп аталады. Алогритмді орындаушы - адам, ЭЕМнемесе робот. Әрбір нұсқау - бұйрық. Ал орындаушының жүзеге асыра алатын бұйрықтар жиыны бұйрықтар жүйесі деп аталады. Мысалы, у = (ax + b) (cx - d) функциясын есептеу ЭЕМ-да мынадай әрекеттерден құралады:
- а-ны x-ке көбейту R1 деп,
- оған b-ны қосу нәтижесі R2 деп,
- с-ны х-ке көбейту R3 деп,
- сх-тан d-ны алу R4 деп,
- R2-ні R4-ке көбейту у деп белгіленеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz