Ағзаның бейспецификалық тұрақтылығының факторлары


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Ағзаның бейспецификалық тұрақтылығының факторлары

Микробтардан жэне антигендерден бейспецификалық қорғауда, үш кедергі маңызды рөл атқарады: механикалық, физикалық-химиялық және иммунды биологиялық. Тері, шырышты қабықша, ферменттер, фагоцитоздаушы жасуша, комплемент, интерферон және кан сарысуының тежеуші ақуыздары аталган тосқауылдардың негізгі қорғаныс факторлары боли и табылады.

Тері және шырышты қабьщтар.

Сау терінің көпқабатты эпителиясынан микробтар мен макрп молекулалар өте алмайды. Бірақ, байқалмайтын микрожарақаталғанд. і жәндіктер шаққанда, күйікке шалдыққанда, жарақаттанған кезде тер жэне шырышты қабық арқылы микробтар мен макромолекулалар оту мұмкіншілігі туады. Вирустар мен бактерияның кейбір түрі макро-ағзаға жасуша арасындағы саңылау, жасуша арқылы немесо фагоциттардың көмегімен шырышты қабықтан ағзаға енуі мүмкін Оған табиғи жағдайда инфекциялық аурудың тыныс органдарыні. ш жоғарғы бөлімінің шырышты қабығы, асқазан-ішек жолдары, жыныі органдары арқылы жүғуы дэлел бола алады. Сонымен қатар, ауі. і і қуысы арқылы, ингаляция арқылы вирустық және бактериалдық вакциналарды егу де дэлелдейді.

Физкалыц-химиялыц корганыс.

Таза жэне зақымдалмаған теріде микробтар саны аз, өйткепі тер жэне май бездері бактериоцидтық заттарды (сірке, күмырсқа, сү қышқылдары) үнемі бөліп отырады. Асқазан- ауыз қуысы арқыль енген бактериаларға, вирустарга, антигендерге күрделі кедергі, өйткепі олар асқазанның қышқыл сүйығымен, ферменттермен залалсыздаи-дырылып отырады. Заласыздандыру факторларына ішектің калыпты микробтары бөліп шығаратын ферменттер, бактериоциндер, жэне де трипсин, панкреатин, липаза, амилаза жэне өт жатады.

Иммупдыбиологиялъщ цорганыс.

Фагоцитоз.

Фагоцитоз (грек, phagos - жүтамын, обимын, cytos - жасуша), ағзаны бөгде заттардан қоргауды қамтамасыз ететін негізгі ең бір қуатты фактор. Бүл фактор алгашында ішекқуыстыларда қүрылған ертеде пайда болған иммундық корғаныстың түрі. Бүл қүбылысты И. И. Мечников ашқан жэне зерттеген.

Фагоцитоз механизмі арнайы мамандалған жасушалар -фагоциттардың бөгде затты жүтып, қорытып жэне заладансыздыруына негізделген. И. И. Мечников фагоцитоз атқаратын жасушаларға макрофагтар мен микрофагтарды жатқызған.

Қазіргі уақытта фагоцитозды атқаратын барлық фагоциттер түрі мононуклеарлық жүйе деп аталатын топка жинакталған. Ол топқа тінм. ікрофагтары (альвеоларлық, перитонеалдық т. б. ), Лангерганс және I ренстейн жасушалары (терінің эпидермоциттері), Купфер жасушалары (жүлдызша ), эпителиодты жасушалар, ііейтрофилдер мен қанның эозинофилдері жэне баска жасушалар жатады.

Фагоциттердің негізгі функциясы. Фагоциттердің функциясы оі е аумақты: 1) өлген жасушалар мен олардың қүрамдық бөлшектерін ағзадан шығарады (эритроциттер, қатерлі ісіктің жасушалары) ; 2) агзаға ір жолмен еніп қорытылмаған органикалық емес заттарды тысқа шығарады (мысалы, тыныс жолдарымен енген көмірдің бөлшектері, минералдық және басқа да шаң) ; 3) микробтарды (бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар), олардың қалдықтарын қорытып жэне чаласыздандырады; 4) ағзаның төзімділігін қамтамасыз ететін биологиялық белсенді (комплементтің кейбір компоненті, лизоцим, интерферон, интерлейкиндер т. б. ) заттарды қорытып шыгарады; 5) иммундық жүйенің реттеуіне қатысады; 6) Т-хелперлерді антигенмен «таныстырады», яғни иммундыкомпетентті жасушалардың кооперациясына қатысады.

Сонымен, фагоциттер бір жағынан ағзаны тегіне, табиғатына қарамастан бөгде заттардан тазартып «сыпырындыны жинаушы» болса (бейспецификалық функциясы), екінші жағынан спецификалық иммунитетке антигендерді иммундыкомпетентті жасушаларға (Т-хелперлерге) таныту жэне олардың белсенділігін реттеу арқылы қаты насады.

Фагоцитоздыц өту сатылары. Фагоцитоз процесі, яғни бөгде затты жүтуы, өндеуі, бірнеше сатыдан түрады: 1) фагоциттің жүтыла-тын затқа жақындауы (хемотаксис) ; 2) жүтылатын заттың фагоциттың қабырғасына жабысуы, қонуы (адсорбция) ; 3) жасуша мембранасының жасуша ішіне жүтылатын затпен бірге кіру арқылы протопласта фагосоманың қүрылуы ( вакуольдер мен үлбіректер) ; 4) фагосоманың лизосомамен қосылып фаголизсомаға айналуы; 5) лизосоманың белсендірілген ферменттерінің көмегімен фаголизосоманың ішінде заттың қорытылуы (3 - сызбанүсқа) .

Фагоцит физиологиясыныц ерекшеліктері. Өзінің жүмысын атқару үшін фагоциттерде түрлі ферменттердің жинағы болады және де олар алыстан жасушалардың мембранасына зақым келтіретін тотықтар мен иондарды қорытып шығарады. Фагоциттердің цитоплазмалық мембранасында комплементтермен, иммуноглобулиндердің қүрамымен, гистаминмен және тағы да басқалармсі! байланысатын рецепторлар болады. Жасушаның ішіндегі лизосомаларда қандай да болмасын заттарды «қорытып» жібереііи 100-ден артық ферменттер түрі бар.

Фагоциттердің сырт қабығы жетік дамыған жэне фагоциттср өте жылжымалы. Олар биологиялық ерекше белсенді заттардың -хемоаттрактантардың концентрациясына сэйкес фагоцитозға түсетіи объектінің бағытына қарай белсенді жылжу қабілеті бар. Фагоцит-тердің жылжу түрі хемотаксис деп аталды (грек, chemeia - металл балқыту өнері жэне taxis -орналастыру, қүру, салу) . Хемотаксис жиырылатын ақуыздар актин, миозин қатынасымен өтетін АТФ-тэуелді процесс. Хемоаттрактанттардың қатарына комплемент компонентінің кейбір бөлшектері (СЗа, С5а), лимфокиндер ИЛ-8 жэне де жасушалар мен бактериялардың ыдыраган заттары жатады.

Фагоциттердің қабығына заттардың қонуы элсіз химиялық байланыстар есебінен бейспецификалық жолмен немесе арнайы рецепторлармен байланысу арқылы атқарылады. Фагоциттердің заттарды «басып алуы» фагоцитерде көптеген тотықтардьщ қорыты-лып шығарылуы себепкер болады. Ол заттар жасушалардың немесе олардың молекулаларының кайтарылмас зиянды өзгерістерін тудырады.

Фагоциттерге жабысқан заттардың «жүтылуы» эндоцитоз көрнісімен өтеді. Бүл энергия тәуелді процесс, жэне де актин, миозиннің қатысуымен өтіп фагосома қүрылуымен аяқталады. Фагосоманың ішінде жұтылганы актин, миозиннің қатынасымен өтіп фагосома күрылуымен аяқталады. Заттарға белсенді радикалдардың шабылуы жалгастырыла береді. Фагосома лизосомамен қосылған кезде лизосоманың ферменттері белсендіріліп жұтылған заттарды өзінің қажетіне жарайтын бөліктерге дейін ыдыратады. Егерде ферменттер і ) агоциттің сыртына шығатын болса, ол кезде заттардың қорытылуы фагоциттен тыс жерде де жалгаса береді.

Әдетте фагоцитоз жүтылған заттардың толық қорытылуымен аяқталады. Оны аяқталган фагоцитоз деп атайды. Кейбір кезде фагоцитоз толық қорытылумен аяқталмайды, өйткені кейбір микробтар түрі (оба қоздырушысы, гонококк, АИВ-вирусы) фагоцит () ерменттерінің белсенділігін тежейді. Сондықтан ыдырап жойылмай, ксйде өсіп-өрбуі де мүмкін. Бүл көрініс аяқталмаған фагоцитоз деп аталады.

Адъюванттар, комплемент, иммуноцитокиндер тагы басақа факторлар фагоцитозға дем береді. Оның механизмі - негізінде фагоциттердің бетіндегі рецепторлардың қабілетін көтермелеп, фагоцитоздың өтуін жеңілдету болады.

Фагоциттердің белсенділігіопсонды-фагоцитарлық индекспен есептеледі. Фагоцитарлық көрсеткіш дегеніміз бір фагоцит жасушасының белгілі мезгілде «жүтқан», не «қорытылған» микробтар санымен есептелсе, ал опсонды-фагоцитарлық индекс - иммуындық, жэне иммундық емес сарысулармен өткен фагоцитоздың көрсеткіш-терін салыстыру арқылы анықталады. Клиникалық тэжірибеде опсонды-фагоцитарлық индекс түлғаның иммундық статусының жағдайын (деңгейін) анықтауға қолданылады.

Тромбоциттер.

Тромбоциттер иммунитет процесінде өте маңызды рөл атқарады. Олар мегакариоциеттерден дамиды. Тромбоциттердің сырт қабығында (IgG, IgE) иммуноглобулиндер, комплементтің CI, СЗ бөлігі жэне де гистосэйкестік антигеннің 1 сыныбымен байланысқа түсетін рецепторлар орналасқан.

Иммундық қосынды антиген + антиденемен белсендірілген комплемент тромбоциттарға эсер етіп, оларды биологиялық активті заттарды (гистамин, лизоцим, І-лизин, лейкоплакиндер, простаглан-диндер) қорытып шығаруына мэжбүр етеді де, иммунитет жэне қабыну процестеріне қатысады.

Комплемент.

Тегі және цасиеші. Комлемент гуморалдық иммунитеттің аса маңызды іс атқаратын ерекше қорғаныс факторы. 1899 жылы француз ғалымы Ж. Борде ашқан, және де "алексин" деп атаған еді. Қазіргі уақыттағы комплемент деген атын Г. Эрлих үсынган.

Комплемент антиген мен антидене қосылган кезде белсен-ДІрілетін, жай кезде енжар жағдайда болатын сарысу ақуыздарынып күрделі кешені.

Комплементтің құрамына өзара байланысты 20 ақуыз түрі кіреді. Оның ішінде 9 түрі ең негізгісі болып саналып CI, С2, СЗ, С4, С5, С6, С7, С8, С9 әріп-сандармен белгіленеді. Комплементтің ақуычі . і глобулиндер қатарына жатады және физикалық-химиялық көрсеткіштерімен өзара айырмашылығы болады. Мысалы, олардыц молекулалық салмағы жэне де күрделі суббірліктік қүрамы болады. Комплемент бөлшектері жоғарғы концентрацияда синтезделеді (сарысу ақуызының 5-10%- комплемент), сонымен қатар, оның бір бөліміп фагоциттер бөліп шығарады.

Комплементтің атқаратын қызметі эр алуан:

а) микробтар мен баска жасушаларды еріту (цитотоксикалық эсері) ;

б) хемотоксикалық қасиеті бар; г) фагоцитозды қолдау ;

Яғни, комплемент ағзаны микробтан басқа да жасушалар жэнс антигендерден (мысалы ісік жасушалары, трансплантант) босатуға бағытталған, көптеген иммундылитикалық реакциялардың бір бөлігініц міңдетін атқарады.

Комплементтің аптивацияпанауы.

Комплементтің антивацияланауы өте күрделі. Ол протеоли-тикалық ферменттер арқылы жүретін көп сатылы реакциялардан түрып, соңында бактерия, немесе басқа жасушалардың қабырғасын жоюға қатысатын активті цитолитикалык кешеннің пайда болуымен аяқталады.

Қазіргі уақытта комплемент активтелуінің үш жолы белгілі: классикалық, альтернативті жэне лектинді. Классикалъщ жол.

Комплемент антиген + антидене кешенінің эсерінен активтеледі.

Антиген+ антидене кешені пайда болу үшін Ig М-ң бір не болмаса Ig G-ң екі молекуласы жеткілікті. Процесс комплементтің С1 компенентінің ыдырап оларды АГ+АД кешеніне қосылуынан басталады. Комплементтің С1 компенентінің өзінің қүрамдас суббірліктеріне бөлшектенеді де, реакция ары қарай комплементтің басқа бөліктері қатысуымен жалгаса береді. Алгаш пайда болган СЗ болігі С5 бөлігін белсендіріп оның жасуша қабыргасына бектілуіне ; ісер етеді. Одан әрі бекітілген С5 бөлшекке кейінгі С6, С7, С8, С9 компоненттері қосылып литикалық немесе шабуылдайтын кешен пайда полып, ол жасушаның жойылуына себепкер болады. Алътернативті жол.

Бүл процесс (эдіс) антидененің қатысуынсыз өтеді. Ол тэсіл і рамтеріс микробтардан қорғауға бағытталған. Сатылы реакция аіітигеннің В, Д ақуызы жэне пропердин (Р) қосылуымен басталып СЗ бөліктің белсендірілумен жалғасады. Одан эрі процесс классикалық жолга сэйкес аяқталады.

Лектинді жол.

Бұл жол да антиденесіз өтеді. Оның басталуына ерекше манноза байланыстырушы ақуыз себепкер. Ол зат микроб қабырғасындағы маннозамен байланысқаннан кейін компленттің С4 бөлігін белсендіреді. Орі қарай сатылы реакция классикалық жолдың механизіміне үқсас жүреді.

Комплементті белсендіру (активациялау) жолында реакцияның қорытындысы ретінде биологиялық өте белсенді суббірліктер пайда болады (СЗа, СЗв, С5а, С5) . Мысалы, СЗа, С5а анафилактикалық реакицялардың басталуына қатынасады, хемоаттрактанттардың қатарына жатады. СЗб- опсонизацияны күшейтеді. Күрделі сатылы комплемент белсендіру реакциялары Са2+ жэне Mg2+ иондарының көмегімен өтеді.

Лизоцим.

Лизоцимді алғашқы рет 1909 жылы П. Л. Лащенко ашқан, 1922 жылы А. Флеминг таза күйінде алып зерттеген. Лизоцим ағзаның габиғи тозімділігінде ерекше жэне зор орын алады. Лизоцим дегеніміз протеолитикалық мурамидаза ферменті (лат. тілінен-murus - қабырға), молекулалық салмагы 14-16 КДа. Макрофагтар, нейтрофильдер жэне де басқа фагоцитоз жасушаларымен синтезделіп үнемі ағза үлпасының сұйықтығына дарып отырады. Лизоцимді қаннан, лимфадан, көз жасынан, емшек сүтінен, үрық сүйықтығынан, жыныс-зэр, ас қорыту жүйесінен, ми тінінен табуға болады. Лизоцим тек қана ми-жүлын сүйықтығында жэне коз алмасының алдыңгы кеңістігінде болмайды. Бір тэулікте оншақты. грамм лизоцим қорытылып шыгарылады.

Лизоцимнің бактериоцидтік жэне бактериостатикалық қабілеті бар. Бүл қасиет эсер ету механизіміне байланысты. Лизоцим жасуша қабыргасының қүрамындагы гликопротеидтерді (муракилпептидаза) ыдыратып жасушаның бүзылуынына себепкер болады, сонымен қатар зақымдалған жасушаның фагоцитоздануын жеңілдетеді. Сонымсп қатар лизоцим фагоцитоз өтуіне жэне синтезделуіне эсер етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иммунитет
Екіншілік иммундық тапшылық жағдайлар
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы.Инфекция түрлері және оларға сипаттама. Иммунитеттің механизмдері.Иммунитеттің гуморальдық,клеткалық,жалпы физиологиялық факторлары
Энзимологияның медициналық аспектілері
Микроағзалардың генетикасы. инфекция және иммунитет жайлы ілім. аллергия
Иммунология және аллергология бойынша дәрістер жинағы
Стресс туралы ілім
Стресске анықтама, кезеңі, дамуы
ЖАЛПЫ ИММУНОЛОГИЯ
Жасушалар мен тіндердің патологиясы Несеп жолындағы тас ауруының себебі, потогенезі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz