Балалар организмін шынықтыру


БАЛАЛАР ОРГАНИЗМІН ШЫНЫҚТЫРУ
Шынығу негіздері.
Шынығудың маңызы. Организмнің шынығуы деп температураның күрт өзгеруіне және баска да метеорологиялық жағдайларға қарай оның тұрақтылығының артуын айтады. Табиғаттың жаратылыс күштері - күн, ауа және су - дененің үстіңгі жағына ықпал жасай отырып, тері қыртысының негізгі кабатындағы клеткалардың жылдам көбеюін туғызады, мұның өзі терінің қалыңдауына және биологиялық активті заттардың қарқынмен пайда болуына алып келеді. Бұл заттар қанмен бірге барлық мүшелерге таралып, олардың қызметін күшейтеді. Бүкіл организмнің қызметіне ықпал етуде, тері рецепторларының, әсіресе суық және жылу рецепторларының сол жерде тітіркенудің маңызы одан да жоғары. Сондағы пайда болған, көбі терморегуляцияға байланысты болып келетін афферентті импульстардың ағымы рефлекстердің көзіне айналады және орталық нерв системасы қозуының күшеюіне, сөйтіп жалпы зат алмасу процестерінің артуына алып келеді.
Табиғаттың жаратылыс күштерін жүйелі (тым асырып жібермей) пайдалану адамның, бұлшық ет және ойлау жұмыс қабілетін арттырады, сондай-ақ жұқпалы аурулардың жұғуын төмендетеді. Организмді сыртқы температураның өзгеруіне, әсіресе оның төмендеуіне дағдыландыру, терідегі тамырлар реакциясының өз бетінше жаттығуы іспеттес болып келеді. Шынықтырудың нәтижесінде организмде болатын өзгерістер, баяу және біртіндеп дамиды. Егер организмді сонау жас кезден шынықтыратын болса ғана, жоғары нәтижеге жетуге болады. Шыныккан балалардың, әдетте денсаулығы, тәбеті жақсы, салмақты әрі ұстамды болады, сергектігімен, жарқындылығымен, жұмыска қабілеттілігімен ерекшеленеді.
Шынықтыру ережелері. Шынықтыру шаралары жағымды нәтижелер беруі үшін, оларды қолданудың дұрыс жүйесін сақтау қажет. Шынықтырудың ең басты принципі - тітіркендіруді біртіндеп ұлғайту болып табылады. Алғашқы шынықтыру шараларының әсері мен ұзақтығы, баланың организмінде болар-болмас өзгеріс әкелетіндей болуы керек. Баланы шынықтыру процедураларына бейімделуіне қарай оның қарқыны мен ұзақтығын сақтықпен ұлғайтуға болады.
Әр түрлі процедураларды дәйектілікпен және жүйелі қолданудың маңызы ешбір кем болмайды. Мәселен, бала ауа ваннасына әбден үйренгеннен кейін барып, су процедурасы мен күн ваннасына көшкен жөн; балаларды салқын сумен ысқылап үйретпейінше құйынуға, сол сияқты оларды құйынуға үйретпейінше - ашық суаттарға жіберуге болмайды. Басталған процедураларды, бала, организмінде осыған дейін байқалған дұрыс өзгерістерді төмендетіп алмау үшін, негізсіз, бекер босқа үзіп тастамау керек.
Егер балалар аз қыдыратын болса, тым жылы киінсе, ыссы, нашар желдетілетін үйлерде жататын болса, онда шынықтыру процедуралары қажетті нәтижелер бермейді. Табиғи жағдайларға, маусымдарға және ауа райына сәйкес комплексті шынықтыру процедураларын жүргізген жөн. Мысалы, ауа ваннасы күн және су процедураларымен, ал жазғы мерзімде - ашық суаттарда шомылдырумен қатар жүргізген жақсы.
Шынықтыруды баланың денсаулығын, сондай-ақ күш-қайраты мен психологиялық дамуын ескере отырып жүргізген жөн. Балаларды денсаулығына қарай 3 топқа бөледі. Бірінші топқа - негізінен денсаулығы жақсы балалар жатады, олармен шыныктыру процедураларының толық комплексін өткізуге болады. Екінші топқа - жуырда ғана ауырып тұрған немесе жоғары тыныс жолдары қатарға (кілегей қабығының қабынуы), баспа және басқа да тұмау ауруларына жиі ұшырайтын балалар жатады; бұлармен шыныктыру процедураларын шектеп жүргізеді. Үшінші топқа - жедел немесе созылмалы асқынған процестерден (құлақтың, бүйректің, буындардың және т. б. қабынуы) зардап шегетін, жүрегінде ақауы бар, сондай-ақ ішек-қарын ауруларына ұшыраған балалар жатады. Балалар коллективінде мұндай балалармен шынықтыру шараларын жүргізуге болмайды. Олармен шынықтыру жұмыстары жеке-жеке жүргізіледі.
Шыныктырудың нәтижесі көбіне оған балалардың қалай қарай-тьшдығына байланысты. Процедурадан шошыну, оны күштеп жасату дұрыс нәтижеге жеткізбейді. Процедураларды қалай жүргізуді әбден ойлап алу және дұрыс ұйымдастыру, балалардың бойында жағымды эмоциялар туғызатындай етіп жүйеге келтіру аса маңызды.
Жер учаскесі. Балалар мекемелерінде шынықтыру шараларын жүргізу үшін жер учаскесін дұрыс үйымдастырудың елеулі маңызы бар. Оның көлемі, жоспарлануы және жабдықталуы мекеменің типіне, балалардың санына, олардың жасы мен өткізілетін тәрбие жұмыстарының мазмұнына байланысты болады.
Учаскенің ені биіктігі 1, 2 метрден кем болмайтындай, тұтас немесе торлы қашамен қоршалуы, сондай-ақ оның ағаштардан және бұталардан жасалған жасыл алаңдары болуы тиіс. Негізгі көше мен үйдің алдыңғы бетінің аралығына орналасқан учаскенің бір белігін, қорғағыш зона деп атайды, мұның өзі белмелерді сырттан келетін шудың және шаңның кірмеуінен қорғайды. Оның ені 15-20 метрден кем болмауы керек. Қорғағыш зонаға әдетте ағаштар отырғызып, керікті шағын бұталар; гүлдер егеді. Алайда жемісі улы және тікенекті болып келетін, сондай-ақ дәндері шашырап ұшып кететін өсімдіктерді отырғызуға болмайды. Қорғағыш зонаға балаларына келген ата-аналар демалатын орындықтар орналастыруға, сол сияқты скульптуралар, бассейні бар фонтан жасауға болады, мұның өзі алаңды көркейтіп қана қоймайды, сонымен қоса ыстық күндері ауаны жаңартып отырады
Балалардың әрбір тобы үшін басқа алаңдардан дербес және бұталармен қоршалған жеке ойын алаңдарын салу қарастырылады. Алаңдарды, олар балалардың қай тобына арналса, сол топтың шығатын есігіне жақын тұсқа орналастырған жөн. Алаңның көлемі мектепке даярлық тобының жасына дейінгі балалар үшін 100 м 2 , ал мектепке даярланатын балалар тобы үшін - 75 м 2 болуы керек. Емшектегі балаларға арналған алаңның жанынан, сондай-ақ оларды тамақтандыруға арналған алаң жасау ескеріледі. Әрбір алаңның жанынан тақтай еденді, оңтүстікке немесе оңтүстік шығысқа қараған беті ашық, ал қалған үш жағы жабық қалқалар жа-салады; олардың көлемі мектепке даярлық тобының жасына дейінгі балалар үшін 30 м 2 , мектепке даярланатын жастағылар үшін - 50 м 2 болады. Жаз уақытында балаларды күннен қорғау үшін шатырлар, қалқалар, баспалар орнату ұсынылады.
Ойын алаңдарынан баска, сол учаскеде, дене шынықтыру алаңын, жеміс бакшасын, сондай-ақ хайуанаттар мен құстарға арналған бұрыш жасау көзделеді.
Алаңдар бір-бірімен ені 1 - 1, 5 м айналма жол арқылы байланысып жатуы тиіс, мүның өзі велосипедтермен және педальді автомобильдермен жүруге арналған.
Орталықтандырылған канализация болмаған жағдайда учаскенің неғүрлым қашықтау жеріне екі орынды жазғы дәретхана салынады. Мектепке дейінгі мекемелерге арналған үйлердің қосалқы жағы, өзге территориялардан дербес және өз алдына кіретін бөлек есігі бар, шаруашылық ауласына қосылып жатуы тиіс.
Шынықтыру құралдары Ауа арқылы шынықтыру. Ауа - бүкіл жыл бойында, тіпті шынықтырудың басқа түрлері денсаулығына кері әсер етуі мүмкін балалар үшін де аса қажет шынықтыру құралы. Сондықтан да балалар мүмкіндігінше көп уақытын таза ауада өткізуі және олардың бөлмелері әрқашан да жаксы желдетілген болуы. тиіс. Терінің үстіңгі жағына ауа неғұрлым көбірек тиген сайын, ауа арқылы шынықтырудың әсері де соғұрлым жоғары болады. Міне сондықтан да қысқы мерзімде балалардың үй ішінде, ал ауа райының жылы кезінде далада жеңіл киіммен жүруіне ұмтылу керек. Ауа ваннасының маңызы зор. Оны бала тамақтанғаннан кейін әрбір 1 - 2 сағат сайын, желден және күн сәулесінің тура түсуінен қорғайтын жерлерде; ашык верандаларда, террассаларда, шатырдың немесе ағаш көлеңкелерінің астында отырып, орманда, өзен немесе теңіз жағалауларында қабылдауға болады.
7-таблица
Балаларға арналған ауа ваннасының үлгі схемасы
Ауа ваннасын гимнастика сабақтарымен, қимыл ойындарымен, бау-бақшаларда жұмыс істеумен ұштастырған пайдалы, өйткені қимыл-әрекеттер денені суынудан қорғайды. Алғашқы кезде балалар ауа ваннасын майка, труси және жеңіл аяқ киім киіп қабылдайды, бұдан әрі, шынығуына қарай, трусимен, егер топырақта жүру мүмкін болса жалаң аяқ жүріп қабылдауға болады.
Ауа ваннасын қабылдаудың бастапқы және ең жоғарғы ұзақтығы, сондай-ақ ауаның ең төменгі мүмкін температурасы жасқа байланысты болады (7-таблица) .
Ауа ваннасының ұзақтығын жоғарғы шегіне жеткізу біртіндеп, шамамен әр 3 күнде 1 - 2 минут арттыру арқылы жүргізіледі. Балалардың ауа ваннасына бейімделуіне қарай, оны сүртінумен, шомылумен немесе душ қабылдаумен аяқтап отырған жөн. Жазғы уақытта 2 - 7 жастағы денсаулықтары жақсы балаларға ауа ваннасынан соң бассейнге, өзенге, теңізге шомылуына рұқсат етуге болады. Өзінің денсаулығы жағынан екінші топқа жататын балалар, бүкіл күз және қыс бойына ауа ваннасын майка және труси немесе қағаздан жасалған комбинезон киіп қабылдайды.
Күн арқылы шынықтыру. Денсаулықтары мықты, жастары екі- ге толған балаларға күн ваннасын ертеңгі сағаттарда (орталық аймақтарда 9- 11 сағат, ал оңтүстікте 8-10 сағат аралығында), ауаның температурасы көлеңкеде 20° С төмен және 32° С-дан жоғары болмайтын, арнайы алаңдарда, олар тамақтанғаннан кейін l-2 сағаттан соң ғана қолданған жөн. Күн ваннасын қабылдау кезінде баланың басынан езге денесін түгелдей жалаңаштайды, ал көздеріне күн кезінен қорғайтын қоңыр әйнегі бар көзілді-ріктер кигізеді. Балалар жеке-жеке төсеніштерге немесе ағаш кереуеттерге аяқтарын күнге қаратып жатады.
Күн ваннасының ұзақтығы алғашында 4 минут, бұдан кейін күніне 1 минуттан арттырылып, екі жастағы балалар үшін 20 - 30, ал 3 - 7 жастағы балалар үшін - 35 - 40 минутқа дейін жеткізіледі. Баланың бүкіл денесіне біркелкі сәуле түсуі үшін ол белгілі бір уақыт еткен сайын арқасын, бүйірін, кеудесін, екінші бүйірін күнге қаратып жатуы тиіс. Күн ваннасынан соң дымкыл орамалмен сүртіну, суға жуыну немесе шомылу пайдалы. Күн ваннасын толық қабылдау жаз бойына 25 - 30 ваннадан аспауы керек.
Денсаулықтарына қарай екінші топқа бөлінген балалар үшін
ең жоғарғы ұзақтығы 15 - 20 минут болатын және ваннадан кейін суланған орамалмен сүртінумен өтетін 20 ванна қабылдау ұсынылады.
Күн ваннасын алу кезінде балалар үнемі тәрбиеші мен медицина қызметкерінің бақылауында болулары керек. Әлсіздік, мазасыздану, баланың беті мен денесінде қатты қызарғандық пайда болған жағдайда оны көлеңкеге көшіреді. Егер бұдан кейін баланың терісінде бөртпелер, ұйқысыздық, бас ауруы, тым шаршағаңдық байқалса күн ваннасын қабылдау тоқтатылады.
Қысқы уақытта күн сәулесі тым жеткіліксіз болатын орталық аймақта және әсіресе Қиыр Солтүстікте балаларды ультракүлгін сәулені жаксы бөліп шығатын - сынапты-кварц шамымен қыздыруға болады. Бұл шаралар медицина қызметкерінің бақылауымеи жүргізілуі тиіс.
Су арқылы шынықтыру. Су процедуралары нерв системасын қоз-
дырады, сондықтан да оларды ертеңгі немесе күндізгі ұйқыдан
кейін жүргізу керек. Қандай да болмасын су процедураларынан
соң теріні құрғақ орамалмен сүрткілеу оның жақсы массаждалуың
қамтамасыз етеді, қан айналасына, демек, баланың тәбетіне де
жақсы ықпал жасайды.
Күнбе-күн таңертең тазалық сақтау мақсатында жүргізілетін жуындыру өзі, оны белгілі бір ұйьмдастырған жағдайда балаларға шынықтырушы ықпалын тигізуі мүмкін. Ол үшін судың температурасы 28°С-ден біртіндеп төмендетіледі (әрбір 2-3 күнде 1°-қа), сөйтіп екі жастағы балалар үшін 20°С-ге дейін, үш жастағылар үшін -18° С-қа, үш жас және одан үлкендердікі - 14°С-ге дейін жеткізіледі. Мұнымен қоса жасына қарай дененің шайылатын көлемі де ұлғайтылады: әдетте екі жасқа дейінгі балалардың бетін және қолын жуады, 3 жасқа дейінгі балалардың бұдан басқа, мойнын және қолдарын шынтағына дейін, үш жастағы және одан үлкендердің кеудесінің жоғарғы бөлігін жууға болады.
Аяқтың тонуы көп ретте балаға салқын тиюіне әкеп соғады. Алдын ала сақтану мақсатында аяқтарды бұлаудың көмегімен оны төменгі температураға үйреткен пайдалы. Сонымен қоса, аяқты күнбе-күн бүлау, ысқылай отырып аяққа массаж жасау оның терлегіштігін азайтады және табанның жалпайып кетуінен алдын ала сақтандырады. (Аяқты су құйғышпен жууға немесе легенге су құйып соған малып. отыруға да болады, мұндағы судың температурасы әрбір 3 - 4 күнде 1 градусқа төмендетіліп, 1, 5 - 3 жастағы балалар үшін 36-дан 20° С-ге дейін және 4-7 жастағы балалар үшін 18-16° С-ге дейін жеткізіледі.
Температурасы әр түрді аяқ бүлаулары да пайдалы, мұнда бала аяқтарын алма-кезек судың температурасы үнемі біркелкі болатын (36°С) легеннен, судың температурасы әрбір 2-4 күн сайын 1-2 градусқа төмендетіліп, 35-тен 18° С-ге дейін жеткізілетін екінші легенге ауыстырып отырады. / Легендегі судың деңгейі баланын балтырының орта тусында~оолуы керек. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін процедураның үзақтығы 3 - 5 минут болады.
Таблица 8 Адам терісінің құрылысы:
3 айлық кезінен бастауға болатын ысқылау да денені шынық-тырудың жақсы құралы. Оны жүзеге асыру үшін қажетті температурадағы су құйылған үлкен легенге (8-таблица) денені ысқылайтын жұмсақ матадан жасалған арнайы биялай салады. Суға теңіз немесе ас тұзын (бір шелек суға 2 ас қасық тұз) қосқан жақсы. [ешінген балалар процедураны күтіп қалмас үшін барлығын алдын ала дайындап қою керек. Үш жасынан бастап ер балалар мен қыздарды ысқылау процедурасын жеке-жеке өткізген жөн. .
Баланың денесін жақсылап суланған биялаймен біртіндеп ыс-қылайды да, сол мезетте құрғақ орамалмен сүртеді. Жөргек қолында жатқан кішкентай нәрестелердің ең алдымен аяқ-колдарын, содан кейін мойнын, кеудесін, қарны мен арқасын ысқылайды. Аяғымен тұра алатын балалардың денесін сол тұрған күйінде; алдымен денесінің жоғарғы бөлігін түгелдей, ал содан соң төменгі жағын тегіс ысқылайды. 5 - 7 жастағы балаларды, биялайды сумен алуына және жотасын ысқылауына көмектесе отырып, өз денесін өзі ысқылауға жаттықтырады. Пайдаланып болғаннан кейін биялайды қайнатады және кептіреді. Әлсіз балаларды сумен ысқыламас бұрын 1 - 2 апта бойына шағын ғана таза, әрі жүмсақ матамен терісі болар-болмас қызарғанға дейін Құрғақтай сүртіп отыру қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz