1946-1970 жылдардағы Қазақстан ауыр өнеркәсібіне инженер кардларды даярлау


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Мемлекеттік-құқықтық пәндер
және халықаралық қатынастар кафедрасы
Қазақстан және шетелдер
тарихы кафедрасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: 1946-1970 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН АУЫР ӨНЕРКӘСІБІНЕ ИНЖЕНЕР КАРДЛАРДЫ ДАЯРЛАУ
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстан ауыр өнеркәсібінің негізгі салаларЫНың дамуы және ондағы маман кадрлардың даярлануы 14
1. 1 Соғыстан кейінгі жылдарда ауыр өнеркәсіптің негізгі салаларының даму ерекшеліктері 14 1. 2 Жоғары оқу орындары - инженер кадрлар даярлаудың негізгі формасы 38
2 Инженер - техникалық кадрлардың өндіріс саласындағы және қоғамдық өмірдегі қызметтерінің негізгі бағыттары 45
2. 1 Инженер - техник интеллигенция ғылыми техникалық прогрестің негізгі қозғаушы күші 45 2. 2 Инженер - техник қызметкерлерінің біліктілігінің көтерілуі және қоғамдық белсенділігінің артуы- өндірісті ұйымдастыру мен дамытудың алғы шарттары 51 Қорытынды 60
әдебиеттер тізімі 66
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезеңде біздің еліміз үшін дүниежүзілік озық тәжірибеге негізделген индустриалы-технологиялық стратегияны қалыптастырудың маңызы өте зор. Дамыған өркениетті елдің барлығы белгілі бір тарихи кезең бойында еңбекті қажет ететін өндірістен капиталды, технология мен ғылымды қажет ететін өндіріске дейінгі жолдан өтті. Қазақстанға да осындай жолдан өтіп, көптеген қиыншылықтарды жеңуге тура келді. Тек шикізатқа бағдарланған ел болып қалмау үшін біз ғылым мен техниканың жетістігіне, жоғары технологияға сүйенген дүниежүзілік стандартқа сай сапалы өнім өндіретін өнеркәсіп орындарын дамытуымыз керек. Ауыр өнеркәсіпті өркендету аса маңызды мәселе десек, күрделі істердің тетігін білетін мамандардың санын көбейту кезек күттірмес міндеттердің бірі екені даусыз. Білімді техниканы, жақсы меңгерген тәжірибе мамандардың басшылығынсыз дамыған индустриялы елдер қатарына қосылу мүмкін еместігін өмір көрсетіп отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына 2005 жылғы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты жолдауында: «Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз, біз инновациялық экономика құра алмаймыз. Бітіру жұмысының маңыздылығы кез келген прогрестің сабақтастықтан тыс жүзеге аспайтынына да байланысты. Соғыстан кейінгі ширек ғасыр ішінде ауыр өнеркәсібі жоғары басқа салаларға қарағанда жоғары қарқынмен дамыды білікті мамандар даярлауға өңіл бөлінді, мол тәжірибе жинақталды. Ал бұл тәжірибе қазіргі күннің өзінде де көптеген жағдайда өндіріс орындарының түпкілікті жұмыс қорытындысы мамандар мен өндіріс басшыларының ұйымдастыруы болды. Олар белгіленген нақты жоспарларды, моральдық, рухани және еңбектік күш жігерді керек ететін үлкен қиыншылықтарды жеңе білді. Демек, инженер кадрларының өндірісті басшыларының жарқын өмір жолдарын көрсетудің тәуелсіз Қазақстанның жаңа инженер отрядтарын тәрбиелеуде айтарлықтай маңызы бар [1, 19 б. ] .
Инженер қызметінің ерекшелігі, біріншіден, бұл қызмет практикалық болып табылады; екіншіден, ол техникалық міндеттерді шешумен тікелей байланысты, үшіншіден, ғылыми білімді талап етеді. Инженерлік өнер арқылы ғылым қоғамның өндіргіш күшіне айналады. Егер ғылым техникалық әртүрлі салаларынан жалпы өте жақсы модельдер жасауға бағытталса, ал инженерлік өнер ғылымының әртүрлі салаларынан алған жан-жақты білім арқылы нағыз техникалық обьектіні жасайды. «Ғылым әртүрлі құбылыстарды жеке сөрелерге жайып қояды, ал инженер солардан білімді жинап алады», - дейді. «Р. Зекрист, Н. Селезнева «Формирование облика современно инженера» деген мақаласында инженерлердің алдында тұрған міндеттер қоршаған ортаның қажеттілігінен туады, ал қажеттілік қоғам өмірімен, ондағы болып жатқан процестермен айқындалады. Осыдан мынадай қорытынды жасауға болады: инженерлер алдындағы міндеттер қоғамдағы күрделі процестердің салдары, бұл міндеттерді шешуде инженерлердің сапасы мен қабілеттілігінің, қоғамда мұндай адамдардың болуы маңызды рөл атқарады [2, 202 б. ] . Әр елде бірдей міндеттер әртүрлі жылдамдықпен және әртүрлі сапалық көрсеткіштермен орындалатынын осымен түсіндіруге болады. Демек, инженерлік процесс-шығармашылық процесс.
Ғылым құбылыстар туралы мәліметтер және зерттеуге математикалық аппараттар береді, ал инженерлік өнер мұны өзіне қаруландыруға алады да, оны техниканы жасағанда пайдаланады, ол техника өз кезегінде ғылымның мәліметтерін практика жүзінде дәлелдейді және өзінің үлгісінде зерттеуге жаңа материал береді. Бұдан басқа техникалық шешімдер мен қоғам арасында кері байланыстар бар. Адамның жасаған кұралдары өмірдің міндеттерін шешеді, бірақ сонымен қатар ол адамды қалыптастырады және дамытады.
Инженердің қоғамдағы алатын орны, оның сапасы қандай болу керек? Біріншіден, өндірістен міндеттерін және оны шешу табиғатын біле тұра, қоғамда болып жатқан үрдістер мен мәдениет туралы түсінігі болу керек.
Екіншіден, инженерлік қызметті жүргізетін адамда шығармашылық дағдысы, болып, оны үздіксіз дамытып отыруы қажет. Тек нақты ғылымдар саласындағы білімді біліп қою жеткіліксіз: соқыр еліктеу ешбір жаңалыққа әкелмейді, өйткені белгілі шеңберден шыға алмайды.
Үшіншіден, шығармашлық дағдысы бар инженерлер қоғамдағы, өндірістегі процестерге қолайлы икемделеді және жағдайларды пайдаланады.
Төртіншіден, инженерлер техникалық шешімдердің ерекшеліктері мен бағасын біле тұра, ол шешімдердің мақсаттары мен идеалдарына байланысты мәселелерді мұқият қажет.
Инженер өнері (инженерия) - қоғамдық қызмет. Ол нәтижелі болу үшін сол қоғамға адамзатқа сүйіспеншілік, құрмет керек. Шынында, технологиялық процестер солар үшін толық жетілдірілуде, дамытылуда.
Ғылыми-техникалық интеллигенцияны азаматтық борышынан қашып жеке баюдың бұлдыр сағымын қуатын ұрпақ сипатында емес, салалы, мақсатты түрде өзінің таңдауын тапқан ұрпақ ретінде тәрбиелеу маңызды іс.
Өмір инженерлерден тек қана жоғары кәсіптік білімдері мен интеллектуалды-шығармашлық дағдыларын ғана емес, олардың жасампаздық орны мен рөлін түсінуін талап етеді.
Кеңес өкіметі құлап, Қазақстан нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты инженер мамандығының обьективтік себептерге байланысты беделі төмендеп, сұраныстың азаюына әкеп соқты. Шетелдік акционерлік компаниялар мен фирмалар біздің мамандарды керексінбей өз мамандарын алып келуі әдетке айнала бастады. Міне осындай жағдайда республикамызда, жаңа заманға лайықты инженер кадрларын, әсіресе ұлттық кадрларды даярлаудың маңыздылығы арта түседі.
Жинақтай айтқанда, ауыр өнеркәсібінде инженер кадрларын даярлау және тәрбиелеу тарихын зерттеу ғылыми-танымдық және практикалық маңызы бар іс.
Бітіру жұмысының зерттелу деңгейі. Қазақстанның индустриалдық дамуы алпысыншы жылдардың ортасынан бастап кең көлемде зерттеле бастады. Бұл мәселені зерттеу қоғамтану ғылымының әртүрлі салаларында еңбек еткен ғалымдардың күш-жігерінің нәтижесінде іске асты. Әсіресе Қазақстанның индустриалдық дамуын ғылыми тұрғыда зерттеуде Қазақстан Ғылым Академиясының академиктері С. Баишев пен Т. Әшімбаев бастаған экономист-ғалымдардың үлесі қомақты болды. Олардың еңбектерінде Кеңес Одағы кезіндегі Қазақстан экономикасының қайта құрылымының тәжірибесіне жан-жақты қорытынды жасалды [3, 4-5 б. ] .
Кеңестік дәуірде жүзеге аса бастаған түбегейлі бетбұрыстарды, оның ішінде экономикадағы өзгерістерді сипаттайтын үрдістердің бірі - индустриаландыру саясаты. Оның Қазақстанда жүзеге асуы, нәтижелері, республика өнеркәсібінің одақтық экономикадағы орны мен рөлін, өндіріс орындарының кеңейіп өрістеу кезеңіндегі жұмысшы табының жүріп өткен тарихи жолдарын нақты материалдар негізінде зерттеп жария еткен. И. С. Шапиро, М. Х. Асылбеков, Н. А. Ерофеев, С. Б. Нұрмұхамедов, А. Р. Ахметов, В. Кольцов және басқалардың күрделі еңбектері жарық көрді [4, 15 б. ] .
XX ғ. 70-80-жылдарында жарық көрген А. Қ. Қошанов, А. Г. Сармурзин, Ю. И. Романов, Н. Б. Ахмедова, Н. Р. Кунқожаев, М. Кұлыбеков, С. А. Атауов, А. Ш. Алтаев еңбектерінде Қазақстанның өнеркәсібінің қалыптасуының, дамуының тарихи және экономикалық аспектілері, өндіріске ғылыми - техникалық жаңалықтарды енгізу үшін күрес қамтылған [5, 10-16 б. ] .
Зерттеу мақсаттары, оның обьектілері, хронологиялық шеңберлері бөлек болғанымен, бұл зерттеулерден республикамыздағы өндіріс орындарының дамуының ортақ тенденцияларын, заңдылықтарын анықтауға болады.
Өткен ғасырдың екінші жартысында ауыр өнеркәсібінің жеке салаларының дамуы мен ірі кәсіпорындарының тарихына арналған зерттеулер шықты. О. М. Малыбаев, Н. Дауылбаев, А. В. Соловьев, В. Я. Басин, Д. А. Шаймуханов, К. М. Туманчин, Я. П. Белоусов, Ф. Сандригайло, Т. Садықұлы, Р. Ж. Хобдабергенов, А. Пинегина және С. А. Федюкин т. б. еңбектерінде қара және түсті металлургия, соғыс кезіндегі ауыр индустрия, Қостанай-Торғай өндірістік кешені, Қазақстан магниткасы, Соколов-Сарыбай комбинаты, қазыналы Сарыарқа, Шымкент қорғасын зауыты туралы деректі мағлұматтар қамтылған [6, 16-19 б. ] .
Қазақстан мәдениетін зерттеген Ә. К. Канапин, А. Ишмұханбетов, Р. Б. Сулейменов, Х. И. Бисенов, К. Нүрпеисов, X. Хабиев, М. Койгелдиев, Ц. Р. Розенберг, X. Әбжановтар еңбектерінде республика интеллигенциясының қалыптасу мен дамуы туралы бай материалдарға талдау жасап, мұндағы табыстар мен жетістіктерге, кемшіліктерге баға берілді [7, 38-45 б. ] .
Республикамыздың мәдени құрлысын әр қырынан қарастырып, талқылаған академик Р. Б. Сүлейменов Х. И. Бисеновпен бірігіп жазған «Социалистический путь культурного прогресса ранее отсталых народов» (1967) және өзінің «Ленинские идеи культурной революции и их осуществление в Казахстане» (1982) кітаптарында Қазақстандағы мәдени революцияның өту кезеңдеріне жан-жақты талдау жасайды [8, 75-79 б. ] .
Қазақстанда жоғары және арнайы орта оқу орындарының тарихын зсрттеген Қ. Жаманбаевтың, Қ. Жоламанның, А. Қапышев, Ж. Амантаевтың Т. Катаевтың т. б. еңбектерінде республикада маман кадрлар даярлау мәселесі жөнінде нақты деректер қамтылған. Ш. Ю. Тастановтың еңбектерінде техникалық интеллигенцияның соғыстан кейінгі бесжылдықтарда жоғары және орта арнаулы оқу орындарында даярлануы қарастырылады [9, 25-29 б. ] .
Жекеленген институттар мен университет қызметіне арналған кітаптардан әртүрлі мамандықтар бойынша студенттердің қабылдануы оқытушы-профессор кадрлардың сапасын жақсарту жайлары, оқу-тәрбие процесіндегі тәжірибелер талданады.
1998 жылы Тілеген Садықұлының «Сарыарқаның мыс алыбы» (Жезқазған өнеркәсіп аймағының қалыптасу және даму тарихы XIX ғ. ортасы - XX ғ. ) монографиясы жарық көрді. Бұл монографияның ІІІ-ІV тарауларында үлкен Жезқазған құрылысы, Жезқазған өнеркәсіп кешенің даму динамикасы, жетістігі, қиыншылығы, өнеркәсіп бірлестігінің одақтық экономикадағы орны мен рөлі, нарықтық қатынасқа көшудің бастапқы қадамдары архив деректері негізінде зерттеліп, құнды құжаттар келтірілген. 2004 жылы З. Г. Сақтағанованың «История осуществления советского опыта экономической модернизации в Казахстане (1946-1970г. ) » монографиясы және осы тақырыпта докторлық диссертациясы қорғалды [10, 16-19 б. ] .
Кітапта соғыстан кейінгі күрделі кезең кезіндегі Қазақстан экономикасының жаңару мәселесі қарастырылады. Автор қазіргі кездегі концептуальдық тұрғыдан Қазақстан экономикалық тарихының әртүрлі аспектілерін талдайды [12, 32-35 б. ] . Әсіресе, 1965 жылғы экономикалық реформаның мәнін, іске асуын және оның салдарын жақсы көрсете білген. Б. А. Кембаев пен Ю. В. Комлевтің «Развитие науки и техники в Казахстане» (2004 г. ) монографиясының ІV тарауында XX ғ. 50-70 жылдарындағы ғылыми техникалық прогрестің интенсивті дамуы негізінде өнеркәсіптің ауыр индустрия саласының өсу көрсеткіштерінің жоғарылағанын көреміз [11, 13-18 б. ] .
Маман кадрлар даярлау мәселесіне біршама көңіл аударылған. Партиялық тұрғыдан жазылғандықтан бұл диссертацияларда Қазақстан табиғи байлығын игеруде лениндік ұлттық саясаттың дұрыстығы, партияның қамқорлығы баса айтылған және буржуазиялық тарихшылар мен экономистерінің Қазақстанның индустрияландыру тарихын «бұрмаланғаны» шындыққа жанаспайды деген қорытындыға келген. Л. Я. Гуревичтің докторлық диссертациясы 1946-1985 жылдар аралығын қамтып, Қазақстандағы ғылым, жоғары білім саласындағы тоталитарлық саясатты әшкерелеуге арналған [13, 15-19 б. ] .
Т. Ғ. Бурин Қазақстанның ғылыми-педагогикалық интеллегенциясы тарихының мәселелері (1970-1990 ж. ) тоқталған. Н. Р. Джагфаров 1951-1959 жылдар арасындағы республикада өңдірістік-техникалық интеллигенцияны даярлау мен тәрбиелеуде Қазақстан Компартиясының рөлін зерттеу нысанасына алған [14, 3-9 б. ] . А. Т. Капаеваның «Қазақстандағы ғылыми интеллигенцияның (1946-1961) » деген, Ғ. Қ. Кенжебаевтың «Қазақстан ғылымы: тәжірибе, проблемалар (1971-1990 ж. ж. ) » кандидаттық диссертацияларда Қазақстан ғылымының, ғылыми-техникалық интеллигенцияның даму жолдарына талдау жасалынған [15, 6-14 б. ] .
Біздің зерттеу тақырыбымызға қатысы бар ғылыми-техникалық білімді халыққа насихаттау және ғылым мен озат тәжірибені өндіріске енгізу проблемалары С. И. Матвеенков пен Б. Н. Мананниковтың еңбектерінде қарастырылған. Мұндағы құнды пікір-ғылыми-техникалық революцияның негізгі күші машина емес, адам екендігін баса айтқан [16, 12-18 б. ] .
О. Б. Рыбакова «Инженерно-техническая интеллигенция на современном этапе развития социализма» атты 1986 жылы философия ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін жазылған диссертациясында ғылыми-техникалық революция кезіндегі мамандарға қойылатын талаптар белгіленген, жоғары техникалық оқу орындарында алған білім саласының жұмыс кезінде іске асуы анықталған, инженердерді даярлау деңгейінің көтерілуіне субьективтік факторлардың рөлі Куйбышев политехникалық институтының тәжірибесі бойынша негізделген [17, 36-39 б. ] .
Біздің зерттеу тақырыбымызға қатысы бар диссертациялар С. С. Әбубәкіров пен Б. Ж. Абжаппарованың жұмыстары. С. С. Әбубәкіров диссертациясы мен монографиясында 1946-1960 жылдардағы Қазақстан инженер-техникалық интеллигенциясының әлеуметтік дамуындағы негізгі тенденциялар талданып сараланған. Сондай-ақ олардың сандық өсуі мен сапалық жақсаруы да сөз болады. Бірақ қорытындылары мен тұжырымдарында Кеңестік идеологияның әсері айқын байқалады. Мысалы, біздің республикамыздағы интеллигенцияның «әлеуметтік өсу көздері озық үлгі ғана емес, ол бүгінгі буржуазиялық қоғамның сиқын да айқын әшкерелейді. Өйткені капиталистік елдердегі жоғары оқу орындарын ат төбеліндей шағын топ жеке бастарының пайдасына үстемдікпен пайдаланып отырғаны белгілі» [18, 12-16 б. ] деген пікірлерді қазіргі шындық жоққа шығарып отырғаны белгілі.
Б. Ж. Абжаппарованың кандидаттық диссертациясы 1961-1970 жылдардағы инженер-техникалық интеллигенцияның өндірісті дамытудағы рөлі» деп аталады. Бұл жұмыста да республика инженер-техникалық интеллигенциясының әлеуметтік дамуы, оның қоғамдық құрылымдағы рөлі, өндірісті дамытудағы үлесі, қоғамадық-саяси жұмыстардағы белсенділік талданылады. Тоқсаныншы жылдардың басында жазылғандықтан диссертация авторы ғылыми тұжырымындарын жаңа көзқарас тұрғысынан жазуға тырысқандық көрінеді [19, 16-19 б. ] .
Қорыта айтқанда, өндіріс, ғылыми техникалық прогресс тақырыбтарына жазылған еңбектер мен қорғалған диссертациялар көп болуына қарамастан, 1946-1970 жылдары Қазақстанның ауыр өнеркәсібін жоғары білімі бар инженер кадрларды даярлау және тәрбиелеу мәселесі арнайы зерттеу обьектісі болмағанын көреміз.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмыстың басты мақсаты сан алуан деректерді саралай отырып, Қазақстан ауыр өнеркәсібіне инженер кадрларды даярлау мен тәрбиелеудің жолдары мен формаларын анықтау және олардың 1946-1970 жылдары республикада қалыптасқан экономикалық, саяси-әлеуметтік ахуалмен байланысты болғанын көрсету болып табылады.
Зерттеу мақсатына сай төмендегідей міндеттер алға қойылды:
1) соғыстан кейінгі жылдарда ауыр индустрияның жедел дамуы себебін ашу;
2) зерттеу жылдарындағы ауыр өнеркәсібінің негізгі салаларының даму қорытындысына талдау жасау;
3) техникалық жоғары оқу орындарының дамуын сипаттау, олардың
материалдық-техникалық базасына баға беру;
4) техникалық жоғары оқу орындарының инженер кадрларын даярлауда оқу-тәрбие жұмысын зерттеу және талдау жасау;
5) ҒТҚ-ның ғылыми-техникалық прогресті дамытудағы қызметіне баға беру;
6) кәсіпорындарда үздіксіз білім алу және біліктілікті көтеру мәселесінің қойылуын зерттеу;
7) инженер техникалық қызметкерлерінің әлеуметтік-саяси белсенділігін көрсету;
8) инженер кадрларды даярлаудағы жинақталған тәжірибелерді салыстыра отырып, жаңа талапқа сай нақты ұсыныстар жасау;
Бітіру жұмысының хронологиялық ауқымы. Ұлы Отан соғысынан кейінгі 25 жылды қамтиды. 1946-1970 жылдары Қазақстанда өндіріс, оның ішінде ауыр индустрияның жедел дамуына ерекше мән берілді, 60-шы жылдары ғылыми техникалық прогрестің табыстары өндіріске едәуір дәрежеде енгізіле бастады, 1965 жылғы экономикалық реформа өнеркәсіп өндірісінің құрамына елеулі өзгеріс енгізіп, оның жаңа салаларының қалыптасуына ықпалын тигізді. Бұл жылдары Қазақстанда 3 жоғары техникалық оқу орындары ашылды, инженер кадрларының өндірісте де, қоғамдық өмірде де беделі жоғары болды.
Бітіру жұмысының деректік негізі. Дерек көздерінің маңызды саласы-материалдармен құжаттар жинақтары, статистикалық жинақтар, мемуарлық әдебиеттер. Олардың ішінде: «Решения партии и правительства по хозяйственным вопросам. ( 1917-1967 гг. ) » (М. 1968. ) [20, 265 б. ], «Плоды великого содружества. » (Алма-Ата, 1968), «Дружбой великой сильны. » (Алма-Ата, 1972), «Вопросы истории Компартии Казахстана (выпуски), «Социально-экономические вопросы развития Казахстана в период развитого социализма 50-70-е годы» (АлмАта, 1977) [21, 23-29б. ], «Великий Октябрь и социально-экономический прогресс Казахстана» (Алма-Ата, 1987), «Развитие народного хозяйства Казахской ССР за 50 лет Советской власти» (Алма-Ата, 1967) [22], «Народное хозяйство Казахстана» (Стат. Сборник, Алма-Ата, 1968) [23], «Казахстан в цифра» (1980), «Қазақ ССР энциклопедиясы», «Энциклопедиялық анықтама» (1980), «Алматы», «Қарағанды» энциклопедиялары .
Зерттеу мәселесін талдауда мерзімді басылымдар екі тілде кеңінен пайдаланды. Орталық және республикалық газеттер мен журналдардан құнды материалдар алынды. Олар мұрағат құжаттарында сирек кездесетін кемшіліктер мен қиыншылықтардың көзін тереңірек және дәлірек ашып, заман тынысын дәл бейнеледі.
60-жылдардың аяғында Қазахстанда социалистик құрлыстың белсенді қатысушыларының естеліктері шыға бастады: (Годы мужания: Воспоминания участников социалистического строительства в Казахстане, Алма-Ата, 1969) Бұл жинақта Қарсақбай мыс балқыту зауытының бірінші директоры И. В. Деев, белгілі шахтер Т. Күзембаев, Балқаш тау-кен металлургия комбинатының инженерлері М. К. Бегалиева, К. Кадыржанов, Риддер полиметалл комбинатының директоры Ю. Свядощ, Шымкент корғасын зауытының токары К. Асылбеков т. б. естеліктері бар. Социалистік еңбек Ерлері туралы жинақтардан ауыр индустрия саласының ардагерлері туралы мәліметтер алынды.
Бітіру жұмысының ғылыми жаңашылдығы. Соғыстан кейінгі ширек ғасырда Қазақстанда ауыр индустрияның жедел дамуы және оның республика экономикасын көтеруге қосқан үлесін обьективтік шындық тұрғысынан көрсету, инженер кадрлардың ұлттық құрамындағы өзгерістерді негіздеу, қазіргі нарықтық кезеңде инженер кадрларын даярлаудың қажеттілігі бүгінгі таңдағы зерделі көзқараспен дәлелденген.
Бітіру жұмысының методологиялық негізі мен әдісі. Зерттеу жұмысында қойылған мәселелерді ғылыми-танымдық тұрғыдан ашып көрсету мақсатында тарихи зерттеудің диалектикалық тәсілдерімен тығыз байланысты тарихилық, обьективтілік сияқты негізгі методологиялық принциптері қолданылды. Соңғы кездерде білім, ғылым саласы қызметкерлерімен кездесулерде, 2005 жылдың басында халыққа жолдауында Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Hазарбаевтың техникалық мамандықтарды бірінші кезекте дамыту туралы талаптары басшылыққа алынды. Сондай-ақ соңғы жылдары жарық көрген көрнекті ғылымдардың Кеңес кезінде Қазақстан экономикасын зерттеуде ұсынған жаңа концепциялар да ескерілді.
Бітіру жұмысының практикалық маңыздылығы. Бітіру жұмыстың практикалық маңызы сол, оның нәтижелері елімізде қазіргі кезде жүріп жатқан білім беру саласындағы тұжырымдар мен бағдарламаларды қайта қарауға септігін тигізері деп сенеміз.
Бітіру жұмысының құрылымы мен логикасы. Бітіру жұмысы мақсаттары мен міндеттеріне қарай айқындалатындығынан кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және де пайдаланылған әдебиеттер тізіміне тұрады.
... жалғасы1 Соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстан ауыр өнеркәсібінің негізгі салаларЫНың дамуы және ондағы маман кадрлардың даярлануы
1. 1 Соғыстан кейінгі жылдарда ауыр өнеркәсіптің негізгі салаларының даму ерекшеліктері
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz