Біржасушалы организмдер


Ен қарапайым біржасушалы организмдерде (амеба) нерв жүйесі болмайды , ал қоршаған ортамен байланыс организмнін сыртындағы және ішіндегі сүйықтықтар арқылы іске асырылады. Бұл - реттеудін гуморалды (humor- сұйықтык), нервке дейінгі түрі.
Кейін, нерв жүйесі пайда болғанда реттеудің басқа - нервтік түр. қалыптасады. Нерв жүйесі дамыған сайын нервтік реттеу бірте-бірті гуморалдық реттеуді өзіне бағындырып, нерв жүйесі жетекші қызмет атқаратын бірыңғай нейрогуморалды реттеу түзіледі (42-сурет) .
Нерв жүйесі филогенез үрдісінде бірнеше негізгі кезеңнен өтті.
I кезең - тор тәрізді нерв жүйесі. Бұл кезеңде (ішекқуыстылар) нерв жүйесі, мысалы, гидраның көптеген өсінділері арқылы бір-бірімен әр-түрлі бағытта байланысып, жануардың бүкіл денесінде диффузды жайылып тор түзетін нерв жасушаларынан тұрады. Дененің кез келген нүктесі тітіркендіргенде козу барлық нерв жүйссінс жайылып, жануар бүкіл козғалысымен жауап береді. Адамда бұл кезеңнін керінісі асқорыту жолының интрамуралды нерв жүйесінің тор тәрізді құрылысы болып табылады.
II кезең түйінді нерв жүйесі. Бұл кезеңде (омыртқасыздар) нерв жасушалары жекелеген жиындарға немесе топтарға жақындасады. сол себепті жасуша денелерінің жиындарынан нерв түйіндері - орталыктар, ал өсінділер жиындарынан нерв сабаулары - нервтер пайда болады. Бұл кезде әрбір жасушада өсінділер азайып, олар белгілі бір бағыт алады. Жашуарлар денесінің, мысалы, сақиналы кұрттың, сегментті құрылысына сәйкес әрбір сегментте сегменттік нерв түйіндері мен нерв сабаулары болады. Нерв улары түйіндерді екі бағытта байланыстырады: көлденен сабаулар сол сегменттің түйіндерін, ал бойлық сабаулар - әртүрлі сегменттердің түйіндерін қосады. Соның себебінен дененің кайсыбір нуктесінде пайда болатын нерв импульстары бүкіл денеге жайылмай, сол бір сегменттің шегіндс көлденең сабаулармен таралады. Бойлы сабаулар нерв сегменттерін біртұтастырын байланыстырады.
Жануарлар алға карай қозғалғанда қоршаған ортаның түрлі заттар мен түйісіп, жанасып бас жағында сезім ағзалары дамиды, соған байланысты ондағы түйіндер басқаларға қарағанда күштірек дамып, келшектегі мидың бейнесін береді. Адамда вегетативтік нерв жүйесінің құрылысында кездесетін қарапайым белгілердің (шет жақтарда түйімде мен микроганглилердің шатырай орналасуы) сақталуы осы кезеңнің көрінісі болып табылады.
III кезең - түтікті нерв жүйесі. Жануарлар дамуының бастапқы басқышында қозғалыс аппараты ерекше рол атқарады, жануар тіршілігінің негізгі шарты - коректену (қорек іздеп қозғалу, оны ұстап жұту сіңіру) осы аппараттың жетілуіне байланысты.
Қарапайым көпжасушалыларда еріксіз бұлшықет және оның жергілікті нерв аппаратымен байланысты толқынды қозғалыс тәсілі дамиды Жоғарылау сатыда бұл тәсіл қаңқаның қимылымен алмасады, яғни қатты ричагтар жүйесі арқылы қозғалыс дамыды. Осының нәтижесінде каңқалық кимылдың жекелеген ричагтарының қозғалысын үйлестіретін ерікті (қаңқалық) бұлшықет пен орталық нерв жүйесі түзіледі.
Мұндай орталық нерв жүйесі хордалыларда (ланцстник) метамерлі құрылған нерв түтігі түрінде пайда болады. Одан дененің барлық сегменттеріне, қозғалыс аппаратарын қоса сеіменттік нервтер шығады.
Мұны денелік ми деп атайды. Омыртқалылар мен адамда денелік ми жұлынға айналады. Сөйтіп, денелік мидың пайда болуы ең алдымен жануардың кимылдық құрылысының жетілуіне байланысты. Сонымен бірге ланцетниктің өзінде-ақ рецепторлар-сезгіштер (иіс, жарық сезу) пайда болады. Нерв жүйееінің одан әрі дамып, мидың пайда болу негізінен рецеторлық құралдың жетлуімен байланысты.
Сезім ағзаларының көбі жануар денесінің козғалу жағдайда, яғни алға қараған жағында пайда болатындықтан, олар арқылы келетін сыртқы тітіркенулерді қабылдау үшін денелік мидың алдыңғы шеті дамып ми түзіледі, бұл денесінің алдыңғы жағының бас түрінде оқшаулануымен (цефализацияламуымен, серһа - бас) сәйкес келеді.
Е. К. Сепп нерв аурулары туралы оқулығында қарапайымдылығының бірақ оқып-үйрену үшін қолайлы ми филогенезімен кестесін береді. Бүл кесте бойынша ми дамуының I кезеңінде ол үш: артқы, ортаңғы және алдыңғы бөлімдерден тұрады және бұл бөлімдерден ең алдымен (қарапайым балықтарда) арнткы немесе ромб тәрізді ми күштірек дамиды. Артқы ми сулы ортада бағдарлау үшін басым маңызы бар дыбыстық және тепе-теңдік (гравитациялық) рецепторлардың (бассүйек нервтері VIII жұбының рецепторлары) әсерінен дамиды.
Одан арғы эволюция барысында артқы ми жұлын мен мидың аралық) бөлімі болып табылатын сопақша ми мен ментікті артқы миға жетіледі. Меншікті артқы мидан мишық пен көпір дамиды.
Организмнің қоршаған ортаға зат алмасу өзгерту арқылы бейім делу үрдісі барысында артқы мида өсімдік тіршілігінің өнім өмірлік маңызды үрдістерін, атап айтқанда, желбезек аппараттарымен (тынысалу. қанайналым, асқорыту т. б. ) байланысты үрдістерін басқаратын орталықтар пайда болады. Сондықтан сопақша мида желбезек нервтерінің ядролары дамиды.
Тынысалу мен канайналымның орталықтары сопақша мида қалады, сопакша ми зақымданғанда адамның өлуі осымен түсіндіріледі. II ксзеңде (балықтардың өзінде-ақ) көру рецепторының әсерінен ортаңғы ми күштірек дамиды. III кезеңде . жануарлардың сулы ортадан құрғаққа шығуына байланысты қоршаған ортаның жем, кауіп-қатер және басқа өмірлік маңызды кұбылыстары туралы өзінің иісі аркылы хабар беретін буадағы химиялык заттарды қабылдайтын, иіс сезу рецепторы-кабылдағышы күші дамиды.
Иіс сезу рецепторыны» әсерінен алғашқы кезде таза иіс сезу миы ретінде алдыңғы ми ұлғайып өсіп, аралық және сонғы миға бөлінеді.
Орталық нерв жүйесінін жоғарғы бөлімі ретіндегі соңғы мида ссзімталдықтың барлық түрлері үіміп орталыктар пайда болады. Алайда, төмен жақтан орталықтар жоғалып кетпей жоғарғы қабаттарға бағынышты күйде сақталады, Демек, ми дамуының әрбір жаңа кезеңінде ескі орталыктарды өзіне бағындыратын жаңа орталықтар пайда болады. Бұл кезде функционалдық орталықтар бас жағына қарай жылжып, филогенездік жағынан ескі орталықтар жаңаларына бағынышты күйге ауысады. Соның нәтижесінде ең алғаш артқы мида пайда болған есту орталықтары, ортаңғы және алдыңғы мида да, ортаңғы мида пайда болған көру орталықтары алдыңғы мида да, иіс сезу орталықтары тек алдыңғы мида болады. Иіс сезу рецепторының әсерінен алдыңғы мидын кішкене белігі дамиды, сондықтан ол иіс сезу миы деп аталады және ол сұр зат қыртысымен ескі кыртыспен жабылған.
Рецепторлардың біртіндеп жетілуі әсерінен алдыңғы ми катты дамып ол бірте-бірте жануардың бүкіл мінез-қылығын басқаратын ағзаға айналады. Жануардың мінез-құлығының екі формасын ажыратады: түр реакцияларына негізделген инстинктивті мінез-кұлык (шартсыз рефлекстер) және индивидтін тәжірибесіне негізделген жекедара мінез-кұлық (шартты рефлекстер) . Мінез-кұлықтың осы екі формасына сәйкес соңғы мида сүр зат орталықтарының екі тобы дамиды: ядролық кұрылысы бір базалды түйіндер (ядролық орталықтар) және құрылысы тұтасас экран ісметті сүр зат қыртысы (экрандық орталыктар) . Бул жағдайда алдымен "қыртысасты", содан кейін ми кыртысы дамиды. Ми қыртысы жануарлар судан құрлыққа тіршілік етуге кешкенде пайда болып, космекенділер мен жорғалаушыларда айқын байқалады. Нерв жүйесінің одан әрі карай эволюциялық дамуы барысында ми қыртысы барған сайын барлық төмен жатқан орталықтардын қызметтерін өзіне бағындырып, кызметтер біртіндеп ми қыртысына ауысады.
Жоғары дәрежелі нерв кызметін іске асыру үшін қажетті құрылым ми сыңарларының бетінде орналасқан және филогенез үрдісі барысында алты қабатты кұрылыска ие болған жаңа ми қыртысы болып табылады. Жаңа қыртыстың күштірек дамуы аркасында жоғары сатылы омыртқалыларда соңғы ми мидың баска бөлімдерінен басым дамып, оларды жамылғы сиякты жауып түрады. Өсіп келе жатқан жаңа ми, ескі миды (иіс сезу) тереңге ығыстырады, ал ол бұрынғыша иіс сезу орталығы ретінде - гиппокамп, hypcampus, түрінде қалады. Нәтижесінде жамылғы, яғни жаңа ми ескі мидың басқа бөлімдерінен тым басым дамиды.
Адамда мидың одан әрі қарай дамуы басқа, оның әлеуметтік табиғатымен байланысты заңдылықтарға бағынады. Адам жануардарда да болатын табиғи дене ағзаларымен қатар еңбек қ ұ р а л д а р ы н пайдалана бастады. Жасанды ағзаларға айналған еңбек құралдары дененің табиғи ағзаларын толықтырып, адамның техникалық жарақтарын құрады.
Адам осы қару-жарақтар арқылы табиғатқа бейімделіп қана қоимай, табшатты да өз мұқтажына қарай бейімдей бастады. Еңбек, бұрын атап керсетілгендей, адамның қалыптасуында шешуші фактор болып, ал коғамдық еңбек үрдісі барысында адамдардың өзара қарым-қатынас жасау үшін қажетті құралы - сөйлеу пайда болды. "Ең алдымен еңбек, ал содан кейін түсінікті сөйлеу - маймыл миын онымен барынша ұқсастығына қарамастан, одан көлемді және жетілген адам миына айналдырған екі ең негізгі стимул болды" (Маркс К., Энгельс Ф. ) . Бүл соңғы мидың, әсіресе оның кыртысы - жаңа қыртыстың - пеосогтех - барынша дамуына байланысты.
Сыртқы дүниенің түрлі тітіркендірулерін қабылдайтын және жаңуарларға тән нақтылы-көрнекті ойлаудың материалдық субстратын кұрайтын анализаторлардан (И. П. Павлов бойынша шындық дүниенің Бірінші сигналдық жүйесі) басқа адамда сөздің, алдымен естілген (ауызша), кейіндеу көрінетін (жазба) сөздің көмегімен дерексіз ойлау Кабілеті пайда болды. Бұл дамып келе жатқан жануарлар дүниесінде "нерв қызметі механизмдеріне төтенше косымша" (И. П. Павлов) болып табылған екінші сигналдық жүйені құрады. Екінші сигналдық жүйенің материалдық субстраты жаңа қыртыстың беткі қабаттары болады. ('сондықтан соңғы мидың қыртысы адамда барынша дамыған.
Сөйтіп, нерв жүйесінің эволюциясы соңғы мидың прогрсссивті дамуына келіп тіреледі, ол жоғарғы сатыдағы омыртқалылар мен адамда неррв қызметтерінін күрделенуіне байланысты көлемі жағынан өте-мөте ұлғаяды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz