Шыңғыс хан (Тэмуджин, Темучин)



1 Шыңғыс хан
2 Моңғол шапқыншылығынан кейін керейлердің батысқа аууы.
3 Мемлекеттің құрылуы
Шыңғыс хан (өз аты – Тэмуджин, Темучин) – Азияда тұңғыш біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері. Ежелгі ру басшысы Есугей батырдың отбасында туған. Өзінің әскери таланты арқасында және дұшпандарының әлсіздігі мен бытыраңқылығын пайдаланып, 1183-1204ж. өкімет билігі үшін күресте негізгі жауларын [Меркіт тайпасының көсемі Тохтадан бастап, Найман тайпасының басшысы Таян (Даян) ханға дейін] талқандады да, кең-байтақ территорияны басып алды, сөйтіп онда мекендейтін көптеген ру-тайпалық одақтардың бірден-бір билеушісі болды. Осы жеңістері және тайпа көсемдерін өз маңына топтастыруға бағытталған бірсыпыра әлеуметтік шараларды жүзеге асыруы нәтижесінде Тэмуджин дала ақсүйектері құрылтайының шешімімен 1206 жылы барлық тайпалардың ұлы ханы болып жарияланды да, «Шыңғыс хан» (түрікше «теңіз, мұхит» деген сөзден шыққан) лауазымын алды. Ішкі саясатта Шыңғыс хан мемлекетті басқару ісін бір орталыққа бағындыруға күш салды, түркі-моңғол тайпаларын «мыңдық» деп аталатын әскери-әкімшілік бөліктерге бөлді (өйткені хан талабы бойынша, бұл бөліктердің әрқайсысы 1000 атты әскер беруге тиісті болды). Шыңғыс хан бұларды жайылым жерлерімен қоса өз туыстары мен нояндарға еншіге бөліп берді. Ұлы хан жазбаша іс жүргізуді ұйымдастырды. 1206 жылы ол әдеттегі құқық (яса) ережелерін бекітті. Мемлекет ішіндегі наразылықтарды басу үшін 10 мың адамдық жеке гвардия (кэшиг) құрды. Әскерде өте қатаң тәртіп орнатты: сәл кіналы немесе қорқақтық көрсеткен әскери адамдар өлім жазасына кесілді. Шыңғыс хан әскери стратегия мен тактикада мұқият барлау, жауды жекелеп талқандау, тұтқиылдан шабуыл жасау, дұшпанды алдау үшін арнаулы отрядтардан тосқауыл қою, қыруар атты әскермен маневр жасау, т.б. әдістерді қолданды. 1207-11ж. Шыңғыс хан Сібір мен Шығыс Түркістанды (буряттарды, якуттарды, ойраттарды, қырғыздарды, ұйғырларды) бағындырды. 1211ж. Цзинь мемлекетіне жорық жасады. 1215 ж. Пекинді алды. 1217 ж. Солтүстік Қытай түгел Шыңғыс ханның билігіне көшті. 1219 ж. Корея патшалығы Шыңғыс хан әскерлерінен тізе бүкті. Моңғол әскерлерінің Солтүстік Қытай мен Корея патшалығына жорықтарын ірі қолбасшы, әмір Мұқылы Гауин Жалаири басқарды. Қытайға қарсы шабуылдан кейін Шыңғыс хан әскерлерінің бір тобы 1218-1219ж.ж. Жетісуды, 1219-21ж. Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алды. Басып алынған жерлерді Шыңғыс хан ұлыстарға бөлді де, ұлдарына үлестіріп берді. Жошыға Ертістен Орал тауына, одан оңтүстікке қарай Каспий мен Арал төңірегіне дейінгі жерлер, Орта Азиядағы иеліктерінен Солтүстік Хорезм мен Сырдария аймағы, Шағатайға Мауераннахр, Жетісу, Қашқария, Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Төле әкесінің ұлысы Моңғолияны мұраға алды. Шыңғыс хан Тұнғұстарға кезекті шабуылы кезінде қаза тапты. Соғысты Шыңғыс ханның мирасқорлары, Шыңғыс әулетінің хандары азды-көпті үзілістермен үсті-үстіне жүргізе берді.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Шыңғыс хан
Шыңғыс хан (өз аты – Тэмуджин, Темучин) – Азияда тұңғыш біртұтас
мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері.
Ежелгі ру басшысы Есугей батырдың отбасында туған. Өзінің әскери таланты
арқасында және дұшпандарының әлсіздігі мен бытыраңқылығын пайдаланып, 1183-
1204ж. өкімет билігі үшін күресте негізгі жауларын [Меркіт тайпасының
көсемі Тохтадан бастап, Найман тайпасының басшысы Таян (Даян) ханға дейін]
талқандады да, кең-байтақ территорияны басып алды, сөйтіп онда мекендейтін
көптеген ру-тайпалық одақтардың бірден-бір билеушісі болды. Осы жеңістері
және тайпа көсемдерін өз маңына топтастыруға бағытталған бірсыпыра
әлеуметтік шараларды жүзеге асыруы нәтижесінде Тэмуджин дала ақсүйектері
құрылтайының шешімімен 1206 жылы барлық тайпалардың ұлы ханы болып
жарияланды да, Шыңғыс хан (түрікше теңіз, мұхит деген сөзден шыққан)
лауазымын алды. Ішкі саясатта Шыңғыс хан мемлекетті басқару ісін бір
орталыққа бағындыруға күш салды, түркі-моңғол тайпаларын мыңдық деп
аталатын әскери-әкімшілік бөліктерге бөлді (өйткені хан талабы бойынша, бұл
бөліктердің әрқайсысы 1000 атты әскер беруге тиісті болды). Шыңғыс хан
бұларды жайылым жерлерімен қоса өз туыстары мен нояндарға еншіге бөліп
берді. Ұлы хан жазбаша іс жүргізуді ұйымдастырды. 1206 жылы ол әдеттегі
құқық (яса) ережелерін бекітті. Мемлекет ішіндегі наразылықтарды басу үшін
10 мың адамдық жеке гвардия (кэшиг) құрды. Әскерде өте қатаң тәртіп
орнатты: сәл кіналы немесе қорқақтық көрсеткен әскери адамдар өлім жазасына
кесілді. Шыңғыс хан әскери стратегия мен тактикада мұқият барлау, жауды
жекелеп талқандау, тұтқиылдан шабуыл жасау, дұшпанды алдау үшін арнаулы
отрядтардан тосқауыл қою, қыруар атты әскермен маневр жасау, т.б. әдістерді
қолданды. 1207-11ж. Шыңғыс хан Сібір мен Шығыс Түркістанды (буряттарды,
якуттарды, ойраттарды, қырғыздарды, ұйғырларды) бағындырды. 1211ж. Цзинь
мемлекетіне жорық жасады. 1215 ж. Пекинді алды. 1217 ж. Солтүстік Қытай
түгел Шыңғыс ханның билігіне көшті. 1219 ж. Корея патшалығы Шыңғыс хан
әскерлерінен тізе бүкті. Моңғол әскерлерінің Солтүстік Қытай мен Корея
патшалығына жорықтарын ірі қолбасшы, әмір Мұқылы Гауин Жалаири басқарды.
Қытайға қарсы шабуылдан кейін Шыңғыс хан әскерлерінің бір тобы 1218-
1219ж.ж. Жетісуды, 1219-21ж. Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алды. Басып
алынған жерлерді Шыңғыс хан ұлыстарға бөлді де, ұлдарына үлестіріп берді.
Жошыға Ертістен Орал тауына, одан оңтүстікке қарай Каспий мен Арал
төңірегіне дейінгі жерлер, Орта Азиядағы иеліктерінен Солтүстік Хорезм мен
Сырдария аймағы, Шағатайға Мауераннахр, Жетісу, Қашқария, Үгедейге Батыс
Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Төле әкесінің ұлысы Моңғолияны
мұраға алды. Шыңғыс хан Тұнғұстарға кезекті шабуылы кезінде қаза тапты.
Соғысты Шыңғыс ханның мирасқорлары, Шыңғыс әулетінің хандары азды-көпті
үзілістермен үсті-үстіне жүргізе берді.

Моңғол шапқыншылығынан кейін керейлердің батысқа аууы.
Моңғолдық деректер 1203 жылы керейлердің моңғолдардан жеңілгеннен
кейінгі тағдырын қыл үстінде шешеді. Мұнда Шыңғыс хан бастаған моңғолдардың
керей елін басып алып, жан-жаққа бөліп таратқаны сөз етіледі. Бұл мәселе
туралы ілгерідегі отандық тарих ғылымына қатысты зерттеулер де Құпия
шежіре сияқты деректерге сүйеніп, моңғолдар “Керейлерді тай тұяғын
қалдырмай бөлісіп алды” дегенді тілге тиек еткен. Дегенмен, тарихи
шындықтар біздің мұндай пікірді құптауымызға жол бермейді. Керей хандығының
1203 жылғы жойылуы Керей этносының моңғолдарға бір жолата қосылуы және
түпкілікті сіңісіп кетуі дегеннен белгі бере алмайды. Бұл туралы мынадай
екі түрлі себеп бар. Біріншісі, этностық керейлердің барлығы бірдей
Оңханның қол астына қараған жоқ. Бұған дейін керейлердің үлкен тобы ұлыстың
батысында қанаттас жатқан наймандардың арасына көшіп келіп, Найман ұлысының
құрамына енеді. Екіншісі, 1203 жылғы қырғында олардың бәрі бірдей
моңғолдардың теліміне түскен жоқ. Моңғолдардан ығысқан керейлердің бір
бөлігі әуелі наймандарға қосылып. Найман ұлысы жойылғаннан кейін көпшілік
наймандармен бірге Алтай асып үлгерген.
Моңғолдар Керей хандығын жойғанымен, керейлер қауымы жайыла қоныстанған
ұлыстың бұрынғы ұлан-ғайыр территориясын бірден өз иелігіне алғаны
байқалмайды. Құпия шежіре бізге: Керей елін азайтып, сол жылы Абжыға
Көдекері деген жерге қыстады деген мәліметті ұсынады. Қытай ғалымы Чэнь
Дэчжи бұл жер туралы егжей-тегжейлі зерттеулер жасап, оның Оңханның Оң
қанат қосындарының жұрттары екендігін айтады әрі бұл жердің орнының қазіргі
ҚХР ІМАА-ны Шығыс Учжумуцинь қошұнының солтүстік жағындағы Баянхуэрхэ
тауынан солтүстікке қарайғы жерлер мен Моңғолияның Дорнод өлкесінің
оңтүстік аумағына қарасты жерлерге тура келетінін дәлелдел берді. Бұл енді
бұрынғы Керей хандығының оңтүстік шығысына қарасты территориясы болып отыр.
Ал ұлыс территориясының екінші бір шеті саналатын Қанқай тауы мен Орхон
өзені тарапына моңғолдардың ықпалы жете алды ма екен? Бұл сауал біздің
моңғолдар керейлерді бірден өзіне телім етіп қосып алды ма деген сауалға
дұрыс жауап беруімізге көмектесе алады. Шын мәнінде моңғолдар бірден мұндай
жетістікке жете алғаны байқалмайды. Енді біз өз пікірлерімізді тарихи
деректермен дәлелдеп көрейік.
Тарихи деректер бізге Керей хандығы жойылғаннан кейін керейлердің бұл
аймақтағы территориясына наймандардың өз иелігін жүргізе бастағанын
көрсетіп береді. Бұл жөнінде Юаньши кітабы бізге: Тайан хан қолын Аньтай
тауынан жылжытып, Ханхай тауына әкеп орналастырғаны туралы мәлімет береді.
Юаньши берген бұл деректі Циньчжзнлу кітабы да растайды. Онда: “Ханхәй
тауындағы Хачжиэр-усунь өзеніне келіп жайғасты” деп жазады. Құпия шежіре
194-бапта Тайаң ханның қонған жерін: Ханғайдың Хачир ус деген жері дейді.
Жоғарыдағы деректерде көрсетілген жер Алтай тау жоталарының терістігіндегі
Қанқай тау жоталары болатын. Қытай деректерінде бұл таудың аты түрік
дәуірінен бастап мәлім. Түрік жұртының алтын бесігі саналатын бұл аймақ қай
заманда да киелі жер есептеліп, аталған тау көшпенділер империясының орда
тіккен саяси ошағы болған. Арысы Ғұн тәңірқұтынан бастап, Түрік қағанаты,
Ұйғыр қағанаты, қатарлы қағанаттардың қай-қайсысы да өз ордасын осында
тіккен. Бұл аймақ Керей хандығы заманында солардың құзырында болған. Керей
хандығы дәл осы аймақта отырғаны үшін өзін Моңғолияның заңды иесі санап,
сол мақсатта батыста Алтай тауларының арғы-бергі бетінен тартып, Шығыс
Моңғолиядағы Хинган жоталарына дейінгі аймақтарға түрлі жорықтарды
ұйымдастырумен болды. Ұлыс жойылғаннан кейін наймандар үшін бұл аймақтың
ендігі заңды иесі өздері екендігін сақараға мойындату керек болды. Бұл
туралы Тайаң ханның Темүжін Оңханды жойғаны туралы хабарды алған кездегі
айтқан сөздері де, өзінің моңғолдарға жасаған жорығында негізгі күштерін
осылай жылжыта бастаған әскери қимылдары да растай алады.
Тайаң ханның әскерін топтаған жерлері туралы деректерде белгілі
болуынша Қанқай таулары деп көрсетілгенмен, деректер бізге дәл осы кезде
Темүжіннің Жебе мен Құбылай екеуін Керуленге қарай барлаушы етіп жібергенін
және дәл осы мезетте Тайаң ханның қарауылшылары оның негізгі қосындары
тұрған жерден әлде қайда шалғайдағы Сары кегер маңында Жібе мен Құбылай
бастаған моңғолдардың алдыңғы шеп қосындарымен қақтығыстарға түсе
бастағанын хабарлайды. Бұл жер қазіргі Моңғолия астанасы Ұланбатырдан тым
алыс емес, негізінде бұрынғы Керей хандығының орталық аймағы еселтелетін
жерлерге тура келеді. Осының өзі наймандардың Керей хандығы жойылғаннан
кейін бұрынғы осы ұлысқа қарасты аймақтарға бірден өз иелігін жүргізе
бастағандығын көрсетеді, керісінше, моңғолдардың наймандарға қарсы жасаған
жорығы моңғол жерінің қиыр шығысынан басталып отыр. Міне, олар осыдан
шамалы уақыт бұрын Керей хандығын күйреткеннен кейін, бұрынғы Керей хандығы
территориясына қарасты жерлерді иемденудің орнына қиырдағы ата мекеніне
қарай ат басын бұрғанын анықтап береді. Сөйтіп, осынау байтақ даладағы
керейдің қалың жұртын ат тебеліндей моңғолдар аса қысқа уақыттың ішінде
өзіне тәуелді етіп ала қойды дегенге күдік туғызады. Керісінше, осы
уақыттың ішінде бұрынғы Керей хандығының территориясына моңғолдар емес
наймандар өз ықпалын кеңейте бастаған. Бұл дегендік өңірдің бұрынғы
тұрғындары моңғолдармен бірге наймандардың да ықпалына көшті дегенді
көрсетіп отыр. Осы жәйттерді ескере отырып моңғолдардың 1204 жылы
наймандарға жорық жасауына түрткі болған маңызды уақиға наймандардың керей
жеріне иелік таныту қимылдарымен қатысты болды деп қарауға негіз бар.
Бұдан тыс керейлер мен наймандар арасында бұрыннан бері қалыптасқан
саяси және этникалық байланыстар сақталып келгені белгілі. Арысын
айтпағанда Оңханның жеке басының өшпенділігіне қатысты керейлер мен
наймандардың ара қатынасы ең жаман болған Оңхан заманында да мұндай қатынас
жалғасын тауып отырған. Мұнда Оңханмен араздасып қалған керей ақсүйектері
үнемі наймандарға қашып барып отырғанын айтуға болады. Міне, осылай Керей
ұлысы күйрегенге дейінгі уақыт ішінде керейлердің аз болмаған тобы
наймандар арасына барып кірігіп отырған.
Енді біз 1204 жылғы наймандар мен моңғолдар арасындағы соғысқа қайта
оралайық. Юаньши, Құпия шежіре, Рашид ад-Дин кітабы қатарлы еңбектердің
барлығы осыдан бұрын Оңханмен жанжалдасып наймандарға қашып келген керей
Арін-Тайжіні (Агіп-ТаіsсһіАлен-Тайшы) осы реткі моңғолдарға қарсы
жорықтағы Тайаң ханның басты одақтастары ретінде қарап меркіттің Тоқта аға
бегі, Ойраттың Құдұқа бегі қатарлы қабырғалы елдің бектерінің қатарында
атын атап, оған ерекше мән берген. Дерек беттерінде аталған одаққа
қатысушылардың қатарында “Тоқтәй-бек бастаған меркіттер, Арін-Тайжі (Ален-
тайші) және кезінде Оңханнан бөлініп қашып келген керейлердің бір бәлімі,
Құдұқа бек пен оның ойраттары. Жамұқа мен оның жажираттары, сондай-ақ
дурбан татар, катакин, салджиут қатарлылардың соғыста жеңіліп қашып кеткен
қалдықтары болған” деп жазып отырған. Юаньши кітабы бірде наймандардың
бұл одақтастарын “мелици бегі Тото, кэле тайпасының өмірі Алянь тайши,
Вэйла тайпасының билеушісі Худухуә бецзи және тулубань (DorbenDorban)
татар, хатацзинь (QataonҚатағын) сәньчжиу (SaldjioutSalziaut) қатарлы
тайпалармен күш біріктіргендіктен, олардың (наймандардың-ОЖ.) әскер қуаты
ерекше мығым еді деп жазды. 0сының өзі Алин-Тайшының наймандар арасында
салт бас, сабау қамшысымен ғана ауып бармағанын, ауыл-аймағымен, ел-
жұртымен, аламандарымен бірге барғанын және осы жолғы одақтың құрамында ол
бастаған керейлердің маңызды орын алатындығын түсіндіре алады.
Жоғарыдағы одақтастардың арасында Оңханның інілерінің бірі, 1202
жылдары шамасында ағасы Оңханмен араздасып наймандарға қашып барған
Жақамбұдың аты аталмайды. Бұл туралы Юаньши кітабы бірде “Наймандар мен
Меэрцитай күш біріктіріп шабуыл жасады, көптеген тайпалар олармен астыртын
тіл біріктіріп, бір-бірімен одақ құрған еді, ойламаған жерден Тайцзу әскер
бастап жорық жасап дер кезінде барғандықтан тәйпәлар бет-бетіне тарап
кетті, [Тайцзу] осы орайда оларға шабуыл жасады, Шучитай олардың Чжаха
цзянпу деген билеушісімен оның екі қызын тұтқындап алып келді, тайпалар
түгел бағынды, [Тайцзу] Чжаха цзянпумен одақ құрып, оны өзіне қосып алды.
Көп ұзамай наймандар қайта бүлінді, Шучитай Чжаха цзянпудән айласын асырып,
оның өзін өлтіріп тастап, мемлекетін тыныштандырды8 деп жазады. Юаньши
мәтінінің бұл бөлігінде баяндалған уақиғалар тізбегі оқырманға тым қым-қуыт
тәрізді болып сезілері. Бізше болғанда, осында баяндалып отырған наймандар
мен меркіттердің күш біріктіріп жасаған шабуылы деп Керей хандығы
күйрегеннен кейін найман билеушісі Тайаң ханның шығысқа жасаған жорығы
айтылып отыр деп ойлаймыз. Бұл соғыстың 1204 жылы болғаны белгілі. Соғыс
наймандардың жеңілісімен, Тайаң ханның опат болуы уақиғасымен аяқталды.
Нәтижесінде, наймандардың маңына топтасқан тайпалар бет-бетіне тарап кетті.
Бір бөліп моңғолдарға бағынды. Юаньши кітабы берген бұл дерек бізге осы
жолғы найман одағына қатысқандардың арасында керейлердің әйгілі ұлығы Ален-
Тайшиден басқа Оңханның інісі Жақамбұ да болғанын мәлімдеп отыр. Бұл
тұрғыдан қарағанда аталған дерек Юаньши кітабының жоғарыдағы деректе орын
алған олқылықтардың орнын толтырумен құнды көрінеді. Дерек ең әуелі:
“Шучитай олардың Чжаха цзяньпу деген билеушісі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұғырыл хан мен Темучинның тайшуыттарға қарсы жорығы
Шыңғыс хан- өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері
Моңғолстанның құрылуы
Ұлы Жібек жолы.Монғол мемлекетінің саяси тарихы.
Монғол дәуіріндегі қазақ даласы
Моңғолдардың үйлену салты
Шыңғыс хан ұлы қолбасшы және евразиялық империяны құрушы
Еуразия даласындағы Шыңғысхан тұлғасы
Шыңғыс хан әулеті
Шыңғысхан жайлы
Пәндер