XXI ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ДҮНИЕ ЖҮЗІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

XXI ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ДҮНИЕ ЖҮЗІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

XX ғасыр - жаңа технологияның дамуы мен ғылыми-техникалық ілгерілеу және ақыл-ойдың салтанат кұрған ғасыры болды. Егер XIX ғасырда тек Батыс елдері ғана каркынды дамыса, XX ғасырда өзгерістер күллі Жер шарын қамтыды.

Қоғамның индустриалдык тұрғыда дамуы Солтүстік Америка, Еуропа елдерін, Жапонияны, бұрынғы КСРО-ны толық қамтыды. Қоғам мен мемлекеттің осылай өркен жаюы үшін өр түрлі техникаларды кеңінен колдану есебінен жаппай халык тұтынатын тауарлар өндірісін дамытудың маңызы зор болмақ. Бүгінгі танда бізді коршаған заттардың 90%-ы XX ғасырда ойлап шығарылған.

Қазіргі кезде дамыған елдерде коғамның әлеуметтік ұйымдарының постиндустриаддьщ түрі енді ғана пайда бола бастады. Постиндустриалдык қоғам - жоғары деңгейде дамыған қоғам. Мүнда ақпараттарды алуға, өндеуге, сақтауға, түрлеңдіруге және пайдалануға бағыттаған еңбек - ең бастысы болмақ. Постиндустриалдық қоғам үшін іргелі ғылымдардың даму негізіндегі техниканың өзін белгілі бір мақсатқа орай жетілдіру сипатты болмақ.

Қазір тек постиндустриалдық өркениеттің негіздері ғана қалып-тасуда. Жаңа өркениеттің түпкілікті салтанат қүруына өлі біраз уақыт керек. Постиндустриалдық қоғам Азия, Африка және Латын Америкасы елдеріндегі қайыршылықпен, аштықпен және артта қалушылықпен қатар жүре алмайды.

Мемлекеттер санының үлғаюы. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі. XX ғасырдың соңы өзінің бастапқы кезеңіне мүлдем ұқсамайды. Ғасырдың алғашқы онжылдықтарында Жер шарында онға жуық тәуелсіз мемлекеттер өмір сұрді. Олардың ірілері калғандарын бағындыруға, өздерінің үстемдігін нығайтуға ұмтыла отырып, бітпейтін баскыншылық соғыстарын жүргізді. Дүние жүзіне үстемдік ету Германия, Жапония, Ресей, Ұлыбритания және Франция үкіметтерінің арманына айналды.

Қауіпсіздік Кеңесі - БҰҰ-ның тұрақты әрекет етуші ұйымы және осы ұйымға мүшелік - аталмыш бөлімнің мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің жоғары кызығушылығын туғызуда. «Вето» құқығына ие мемлекеттердің мүшелігі де ерекше қызыктырады.

Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерінің санын көбейту жөніндегі ұсыныстар БҰҰ-ның 60-мерекелік сессиясында қолдау таппады.

Қазіргі заман және жаһандану мәселелері. Жаһандану үдерісінің қайшылықтары. Жаһандану жағдайындағы мемлекеттің рөлі.

Бүгінгі күнде адамзат алдында тұрған мәселелердің көптігі соншалык, олар шешілмей ілгерілеушілік жолындағы қоғамның алға ұмтылуы мүмкін емес. Осы ұмтылыстардың толыққанды жүйесі жаһандық мәселелер деп аталады, өйткені олар адам өмірінің барлық саласына қозғау салып, ұжым болып шешуді талап етеді.

Қазіргі заманның негізгі жаһандық мәселелері мыналар:

  • жалпыға ортақ әлемді қамтамасыз ету;
  • экологиялык;
  • планетаның тұрғын халқын азық-түлікпен қамтамассыз ету;
  • демография мәселесі (азық-түлік өнімдерін ұлғайтумен салыстыру бойынша тұрғын халықтың бақылаусыз өсу каркынының артуы) ;
  • Африка, Азия құрлығы халықтарының артта калушылығын жеңу;
  • ғарыш пен әлемдік мұхитты игеру.

Жаһандану саяси бірлестіктің экономикалык қүрылымында мемлекет рөлінің белгілі бір дәрежеде өлсіреуімен қабаттаса жүреді. Бірак мемлекеттің ұлттық тұтастығы, оның негізгі қанқасы екенін ұмытпау ләзім.

Жаһандану мен ұлттық мемлекет толығымен сәйкес келетінін қазіргі заманғы күшті мемлекеттердің төжірибесі айғақтап береді. Жаһандану ұлттық мемлекетті жоймайды, керісінше оны өзіне жүктелген міндеттердің оңтайлы көлемі мен сапасы жөнінде ойлануға мәжбүр етеді.

Дүние жүзінің өзара тәуелсіздігі. XXI ғасырдың басындағы дүние жүзі. Қазіргі күнде халықтар мен мемлекеттердің өмірі бұрынғыдан да тығызырақ шырмалып жатыр. Бүгінге дейін экономика мен мәдениеттің бұрын-соңды болмаған өзара іс-қимылы, бір-бірімен тьныз байланыстары жүріп жатыр. Тауар ағымдары, акша-каражат, ғылыми-техникалық жаңалықтар бүкіл кедергіні жеңіп отып. Жаһандану жер бетіндегі бүкіл коғамдық іс-әрекеттерді байланысты дамуда. Бұл дегеніміз, қазіргі заманғы бүкіл адамзаттың әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени жөне баска карым-қатынастар мен байланыстардың бірыңғай жүйесіне кіретінін білдіреді.

Соңғы жылдардағы экономикалык және саяси үдерістер, XXI ғасырдың алғашқы онжылдығында әлдеқашаннан бері ескі аймақтарда ықпалдастықтың дәрежесі едәуір артқан деп ұйғарым жасауға мүмкіндік береді. Жаңа Еуразиялық (посткеңестік), сондай-ақ Африкалық ыкпалдастықтың ара-жігі айқындалып отыр.

XXI ғасырда ықпалдастық жақындасулар үдерісі - бүкіл дүние-жүзілік сипатқа ие болмақ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытайдың Орталық Азиядағы саясаты
Қазақстан Республикасы және НАТО
Зерттеу тақырыбының өзектілігі
Дін философиясы туралы
Қазақстанның әлемдік саясаты
Жер дауы
Европалық білім кеңістігіндегі білім сапасын арттыру жұмыстарына салыстырмалы-педагогикалық талдау
Франция мемлекеті жайлы
Елдің рухани-мәдени өміріндегі жаңалықтар. Театр мен кино. Спорт
ОБСЕ ұйымының 1975-2010 дамуы және қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz