Балабақшада тіл дамыту мәселесінің зерттелу жайы



1 Тіл дамыту тарихы
2 Тіл дамыту әдістемесі пәнінің басқа ғылымдармен байланысы
3 Тіл дамыту әдістемесінің ғылыми негізі
Тіл және тіл дамыту сұрақтарына тереңірек тоқталсақ. Бұл мәселелерге байланысты көптеген ғалымдар мен зерттеушілер өздерінің еңбектерін арнаған. Тіл дамыту мәселесінің зерттелу тарихында аса елеулі орын алатын тұлғалар:
Қазақтың дара ұстазы, ұлы перзенті – Ыбырай Алтынсарин. Алғашқы мектеп оқулықтарын жазған ғалым – Ахмет Байтұрсынов. Кезінде жәбір-жапа шегіп, сауатсыз қараңғылықта жүрген халқының көзін ашу, балаларын оқытып, білім алу үшін, “Жарғақ құлағы жастыққа тимей” еңбек еткен, мектеп ашып, оған өзі арнайы оқулық жазған ұлы ағартушы - Ыбырай Алтынсарин.
Халық арасындағы аңыз әңгімелер, қара өлең үлгілері, мақалдары автордың өзі басқа тілдерден аударған, жанынан қосқан тәлімді әңгімелер топтастырылған қазақ тіліндегі алғашқы оқу құралында Ыбырай Алтынсариннің тек тәрбиелік-дидактикалық мәселелерге ғана емес, қазақ тілінің тазалығы мен сөздігінің дұрыс қолдануына да қатты мән бергенін байқауға болады.
Ахмет Байтұрсынов өзінің «Баяншы», «Тіл жұмсар», «Қай әдіс жақсы?» атты мақала еңбектерінде тұтас сөздік әдістерінің тиімділіктері мен кемшіліктерін талдап көрсетумен бірге, оқушыларға сөз мағыналарын оқыту мәселесін тыс қалдырмады. Сонымен қатар Ахмет Байтұрсынов алғаш рет Орынборда басылып, 1925 жылға дейін 7 басылым жарық көрген “Оқу құралы” әліппесінде сөздіктің дыбыстары мен мағыналары арасындағы байланысты оқушыларды дыбыстарды оқытудың тиімді әдісі ретінде алған. Ахмет Байтұрсынов қалыптастырған жаттығу үлгілері мен оқыту әдістері кейінгі оқулықтар мен әдістемелік еңбектерінде одан әрі тереңдетіліп, қазіргі кезге дейін қолданылуда.
Тіл дамыту мәселелерін теориялық және практикалық тұрғыдан К.Б.Баркин, Н.М. Соколов, М.А.Рыбникова, Е.И. Тихеева өз еңбектерінде қарастырған.
Тіл дамыту мәселесіне үлес қосқандар: орыс ғалымдары: П.П.Блонский, С.А. Рубинштейн, Б.Г.Ананьев, Н.И. Жинкин; Қазақ ойшылдары: Т. Шонанұлы, Ж. Аймауытов,М. Жұмабаев;
Мектепке дейінгі жастағы балалар мен бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту мәселелері М.Жұбанова, С.Рахметова, К.Бозжанова, Б.Баймұратова, Р.Әміров, Т.Әбдікәрімовлардың ғылыми-әдістемелік еңбектерінде арнайы зерттелді.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Глоссарий (анықтама, сөздік)
Тіл- қарым-қатынас құралы.
Тіл дамыту- балалардың сөздік қорын байланыстыра білуге, мағынасын
түсініп, сол сөздерді дәл қолдана білу үйрету.
Тіл ширату- балалардың пассив сөздерін активтендіру
Тіл жетілдіру - балалардың тілін түзету
Әдіс- білімді бір адамнан екінші адамға беру мақсатымен орындалатын
үйренуші мен үйретушінің іс-әрекеттерін
Тәсіл- негізгі іс-әрекетке оқу дидактикалық материалдың сипатынан
туындайтын қосалқы іс-әрекеттің енгізілуі
Грамматикалық мағыналар- бұл болмыс құбылыстары арасындағы сөз арқылы
білдірілетін қарым-қатынастар мағынасы, яғни бұл логикалық (ойлағыштық)
қатардың тілдік мағыналары.
Диалог–екі не одан да көп адамның әңгімесі.
Монолог–бір адамның байланыстыра сөйлеген сөзі.
1-тақырып. Балабақшада тіл дамыту мәселесінің зерттелу жайы.
Дәріс мақсаты: Тіл дамыту мәселесінің зерттелу жайы туралы түсінік беру.
Тіл дамыту тарихы
Тіл дамыту әдістемесі пәнінің басқа ғылымдармен байланысы
Тіл дамыту әдістемесінің ғылыми негізі
Тіл және тіл дамыту сұрақтарына тереңірек тоқталсақ. Бұл мәселелерге
байланысты көптеген ғалымдар мен зерттеушілер өздерінің еңбектерін арнаған.
Тіл дамыту мәселесінің зерттелу тарихында аса елеулі орын алатын тұлғалар:
Қазақтың дара ұстазы, ұлы перзенті – Ыбырай Алтынсарин. Алғашқы
мектеп оқулықтарын жазған ғалым – Ахмет Байтұрсынов. Кезінде жәбір-жапа
шегіп, сауатсыз қараңғылықта жүрген халқының көзін ашу, балаларын оқытып,
білім алу үшін, “Жарғақ құлағы жастыққа тимей” еңбек еткен, мектеп ашып,
оған өзі арнайы оқулық жазған ұлы ағартушы - Ыбырай Алтынсарин.

Халық арасындағы аңыз әңгімелер, қара өлең үлгілері, мақалдары
автордың өзі басқа тілдерден аударған, жанынан қосқан тәлімді әңгімелер
топтастырылған қазақ тіліндегі алғашқы оқу құралында Ыбырай Алтынсариннің
тек тәрбиелік-дидактикалық мәселелерге ғана емес, қазақ тілінің тазалығы
мен сөздігінің дұрыс қолдануына да қатты мән бергенін байқауға болады.
Ахмет Байтұрсынов өзінің Баяншы, Тіл жұмсар, Қай әдіс жақсы?
атты мақала еңбектерінде тұтас сөздік әдістерінің тиімділіктері мен
кемшіліктерін талдап көрсетумен бірге, оқушыларға сөз мағыналарын оқыту
мәселесін тыс қалдырмады. Сонымен қатар Ахмет Байтұрсынов алғаш рет
Орынборда басылып, 1925 жылға дейін 7 басылым жарық көрген “Оқу құралы”
әліппесінде сөздіктің дыбыстары мен мағыналары арасындағы байланысты
оқушыларды дыбыстарды оқытудың тиімді әдісі ретінде алған. Ахмет
Байтұрсынов қалыптастырған жаттығу үлгілері мен оқыту әдістері кейінгі
оқулықтар мен әдістемелік еңбектерінде одан әрі тереңдетіліп, қазіргі кезге
дейін қолданылуда.
Тіл дамыту мәселелерін теориялық және практикалық тұрғыдан К.Б.Баркин, Н.М.
Соколов, М.А.Рыбникова, Е.И. Тихеева өз еңбектерінде қарастырған.
Тіл дамыту мәселесіне үлес қосқандар: орыс ғалымдары: П.П.Блонский, С.А.
Рубинштейн, Б.Г.Ананьев, Н.И. Жинкин; Қазақ ойшылдары: Т. Шонанұлы, Ж.
Аймауытов,М. Жұмабаев;
Мектепке дейінгі жастағы балалар мен бастауыш сынып оқушыларының тілін
дамыту мәселелері М.Жұбанова, С.Рахметова, К.Бозжанова, Б.Баймұратова,
Р.Әміров, Т.Әбдікәрімовлардың ғылыми-әдістемелік еңбектерінде арнайы
зерттелді.

Кейінірек қазақ тілін оқыту әдістерін зерттеуде Қ.Жұбанов, Г.Бегалиев,
С.Жиенбаев, Ш.Сарыбаев, И.Ұйықбаев тіл дамыту, сауат ашу кезіндегі тіл
дамыту жұмысының әдістерін арнайы зерттеу обьектілері ретінде таңдамаса да,
өз еңбектерінде бұл мәселеге тоқталып өткен.

Тіл дамыту – сөзі термин ретінде қазақ тіліне 1930 жылы жазылған
әдістемелік еңбектерден бастап ене бастаған. Ертеректе шыққан оқулықтар мен
әдістемелік құралдарда тіл ширату.., сөз байлығын арттыру деп әркім
өзінше пайдаланып жүрген.

1930 жылы Мұхтар Әуезов жасаған қазақ әдебиетінің мектеп бағдарламасында:

- “Оқу ға жаттығу”

- “Жазу тілінде жаттығу”

- “Сөйлеу тілінде жаттығу”

деген арнайы түсініктер бере келе, тіл дамыту жұмысының жүйелілігі мен
сабақтастығына баса назар аударылды.

Балабақшадағы балалар тілін дамытудағы әдіс-тәсілдері

Мектепке дейінгі кездегі тілдің дамуына мынадай практикалық әдістер
тән: еліктеу әдісі, сөйлесу (әңгімелесу) әдісі, қайталап айту әдісі,
әңгімелеп беру (құрастыру) әдісі.
Еліктеу әдісінде үйретуші мен үйренуші екеуіде бірсөзді, бірақ әртүрлі
етіп айтады: үйретуші ересек адамдармен сөйлескендегіден көрі бір шама
қарқындырақ, сөзінің дыбысын артикулдеп және сөзінің дауыс ырғағын
мәнерлеп сөйлейді, ал үйренуші тыңдайда да, қайталайды, оның сөзіне
еліктейді, сөйлеу қимылын үйренуге (дауыстың артикулиациясымен
модулиасиясы) және мағынасын түсінуге тырысады (затты, қимылды және т.б.
көрсететін дыбыс комплекстерінің мәліметін салыстырады). Мұндайда
тәрбиеші үшін орфоэпиялық норма деңгейінен төмен түспеу және баланың
сөзіне еліктемеу (сақауланбау, шолжаңдамау) аса маңызды.
Бұл әдісті қолдану сәби шағынан бастап, кейінгі шақтарда (тек балалар
бақшасында ғана емес, мектепте, тіпті есейгендеде) жалғыстырып отырады.
Еліктеу әдісіне үйрену тұрмістіқ іс әрекеттерді атқару кезінде, айталық,
баланы шомылдыру кезіндегі баламен қатынас процесінде де еріксіз түрде
болуы мүмкін.
оқытудың бір әдіспен — еліктеу әдісімен келтірілді. Бірақ әр жағдайда
бұл әдіс әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады.
Белгілі бір әдістің қолданылу вариантын, сол әдісті құрайтын негізгі іс-
әрекетке оқу дидактикалық материалдың сипатынан туындайтын қосалқы іс-
әрекеттің енгізілуін тәсіл деп атаймыз.
Сонымен, еліктеу әдісін жүзеге асыратын тәсілдер мыналар болуы мүмкін:
1) айналадағылармен танысқанда нақты затты бақылау жоғарыда айтқан
жағдайда, сәби өз қолына қарайды, анасының қолын бақылап, оған ілесе
қайталайды, оның сөзіне елітейді;
2) ойындар: біздің байқағанымыздай, ойын үстінде баланың тілі жаңа
лексикамен толығып қана қоймайды, сонымен бірге ол жаңа сөз формасымен де
байиды (электр монтері, қонаққа бару ойынында балалар зат есімді
меңгереді, Қызыл Телпек пен сұр қасқырды ойнағанда, балалар диалог
сөздерді байланыстыруға үйренеді);
3) сөз үлгісіне сүйену (сөзді елестету): тәрбиеші айтқан сөзді балалар
кайталайды (Су, су, менің бетімді жу!).
Сонымен, біз үйретуші мен үйренуші бір сөзді айтатын еліктеу әдісімен
таныстық, бірақ үйретуші қалай сейлеу керек екендігі жөнінде үлгі көрсетеді
ал үйренуші оны дәлме-дәл қайталайды, оған еліктейді. Жоғарыда еліктеу
әдісін орындайтын тәсілдер ,келтірілді. Бірақ кез келген әдісті іске
асырудың тәсілдері көп-ақ: творчестволықпен жұмыс істейтін әрбір тәрбнеші
әдістің өзін бұзбастан әрдайым өзіндік тәсілдер жасайды. Мысалы, еліктеу
әдісі, айтылған тәсілдерден басқа, суреттерді, тірі объектілерді
(жануарларды, өсімдіктерді), диафильмді, магнитофонды және басқаларіды
пайдалану тәсілдері арқылы орындалуы мүмкін.
Бала үшін орындауы анағұрлым қиыны онын тілін үйрету әдісі — сөйлеу
әдісі, мұны қосымша сұрақ пен жауап әдісі, әңгімелесу әдісі деп те атайды.
Әңгімелесу әдісі үйретушінің сұрауынан, ал үйренушінің жауап беруінен
тұрады. Демек, олардың екеуі де сөйлейді, бірақ бір сөзді емес (еліктеу
әдісіндегідей), әр түрлі сөздер сөйлейді: үйретуші өзінің сұрағымен
балаіның өзіне таныс сөздерді, дыбыстарды, грамматикалық формаларды немесе
дәнекер тексті еске түсіруге және оны орнымен қолдануға итермелейді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілінде құрастыру (әңгімелеп беру)
әдісіне кең дербестік беріледі. Оньщ мәні мынада: балалардың ертегілерді өз
бетшше құрастыруын, олардың өз өмірлерінде кездескен нақты жағдайларды
әңгіміелеп беруін, Қылған көркем әдебиеттегі тақырыптарды араластырып
айтуын, картинкаларды, нақты объектілерді — заттарды, хайуанаттарды,
өсімдіктерді — суреттеуін тәрбиеші көтермелеп отырады
Балалардың сөздік қорын молайту әдістемесі
Сөз- тілдің негізгі өлшемі. Ол былайша айтқанда бір мезгілде тілдің барлық
компоненттерінің - фонетиканың (сөз дыбыстарынан тұратындықтан) ,
лексиканың (болмыстың белгілі бір құбылыстарын білдіріп, сөздің қандай
мағыналық роль атқаратындықтан), грамматикалық ( бұл жағдайда белгілі бір
грамматикалық формада қолданыларлықтан), өкілі болып тбылады. Тілде сөз
белгілі бір мағынаға және тиісті грамматикалық тәртіпке ие болады.,
сөздерді жай, фонетикалық құрылыссыз және грамматикалық формасыз, үйрену
мүмкін емес. Сөздердің тілден тысқары шындығы:заттар мен құбылыстарды (
үй,күн, адам, күннің батуы), дерексіз ұғымдарды ( ой, шындық), іс-
әрекеттерді ( құрылыс салу, жарық жағу, сүю, ойлау), заттардың сынын ( ақ,
мәңгі, жылы шыраайлы, әділ) іс-әрекеттің белгілерін ( жоғары қарай, ашық,
шың, адал), санды ( бір, он екі жүз ), заттарды сынды, санды көрсетуін (
кім, мен, қандай, қанша) білдіру қабілетін сөздің лексикалық мағынасы деп
те атайды.
Сөздерді мағынасы бойынша жалпылаудың бірнеше дәрежесі ажыратылады.
Жалпылаудың нольдік дәрежесі – жалқы есім, жеке заттың аты (Әсел,
Марат, әже, табақ, стол).
Жаңадан сөйлей бастаған балалар ( бір жастың соңы –екі жастың басына
қарай) сөздерді, яғни бұл атауды нақты затпен арақатынаста салыстыра отырып
(қорытудың нольдік дәрежесі) үйренеді: олар үшін мама. Орындық, доп, ваза
сөздері Әсел, Марат секілді жалқы есімдер
М.М.Кольцова 1 жастан 1 жас 3 айға дейінгі балалрдың екі тобының сөздің
жалпылауышы мағынасын түсінуі қалай өтетіндігін былайша сипаттайды: Бір
топта кітап сөзіне 20 шартты қозғалыс рефлекстері (кітапты ал, кітапты қой
және т.б), ал екінші топта 20 көру шартты рефлекстері қалыптастырылады;
Міне, кітап сөйлемін қайталай отырып, балаға кезекпе –кезек форматы мен
түсі әр түрлі 20 кітапты көрсетеді. Сөйтіп, бірінші топта көру
тітіркенулері бекіледі, екінші топта, керісінше көру әсерлері әркелкі, ал
істеген іс-әрекеттері бірыңғай болады.
Бақылау мақсатында сынау жүргізгенде кітап сөзі бірінші топтың
балалары үшін жалпылауыш сигналы болса, екінші топтың балалары үшін олай
болмай шықты.
Мектеп жасына дейінгі барлық топ балалары тәрбиешілерінің қамқорлығы әр
баланың лексикалық сөз қорын кеңейтуге ғана емес , сондай-ақ әр баланың
қабылдаған сөзі оның өзіне тән жалпылау дәрежесінде үйренуіне бағытталуы
тиіс. Өйтпейінше сөздің дыбыстық құрылымын ғана есте сақтауды емес, сөздің
лексикалық мағынасын толық түсінуді талап ететін ана тілін үйрету заңдылығы
бұзылады.
Біздің айтып өткеніміздей, әр баланың лексикалық сөз қорын толықтыру (
сөздік қорын байыту) баланы айналадағы заттармен таныстыру процесінде
жүзеге асады: сөз баланың сол сөздің өзі білдіретін зат немесе іс-әрекет
жөніндегі түсінікпен бірге өзі сай келетін ұғымдар жөніндегі түсінікпен
бірге енеді.
Баланың ана тілі сөздерін үйрену процесі осы сөздерге сай келетін
заттарды зерттеумен қатар жүреді.: бала затты қарап, қандай дыбыс
шығаратынын тыңдап, ұстап, сипап, дәмі мен иісін байқайды. Баланың назары
ауған зат оның зат санасына барлық бес сезім органдары – көру, есту, иіс
сезу, дәм сезу, сипап сезу органдары – арқылы енеді. Дүниені сезім арқылы
танып білу баланың эмоционалдық сезімдерін дамытады: ол тамаша -
жексұрын сияқты тіптен қарама-қарсы сезімдерді ғана емес, сондай –ақ
бүкіл сезімдерінің гаммасын сезінуге қабілетті. Затты сөздің жәрдемімен
сезімдік қабылдау баланың жадында осы зат жөніндегі түсінік ретінде берік
орналасқан соң, оны айтатын сөз баланың жадында ең алдымен, ол затпен сезім
арқылы жанасқан кезде бастан кешірген сезімдерінің бірін қоздырады.
Фонетикалық жаттығулар сияқты лексиалық жаттығулар да тұтасымен осы
тақырыпқа арналған арнаулы сабақтарда сирек жүргізіледі; мұндай жаттығулар
байланыстыра сөйлеуді дамыту және көркем әдебиетпен таныстыру сабақтарына
енгізіледі.
Мысалы, байланыстыра сөйлеуді дамытудың белгілі бір сабағы 20
минутқа есептелген болса, оның 2 минуттан 10 минутқа дейінгі мөлшерін
арнайы лексикалық жаттығуларға пайдалануға болады; жазушының лексикасын
түсіндіру керек болған жағдайда лексикалық жаттығулар көркем әдебиетпен
таныстыру сабақтарына енгізіледі.
Лексика бойынша арнайы жаттығулардың нақты лингивистикалық міндеттері
болады;1) сөздің жалпылау мағнасын түсінуді дамыту, 2) тұтас және оның
бөліктері қатынасын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл дамыту әдістемесі мәнерлеп оқудың практикумымен
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу - танымдық әрекетін қалыптастыру жүйесі
Байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқытудың әдістемесі (мектепалды даярлық топтары)
Байланыстыра сөйлеуге үйрету
Тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы және оның зерттелуі
Балабақшада балаларды тәрбиелеу ерекшелігі
Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесін беру әдістемесі
Мектептерде оқытуға үйрету әдістері
Оқушылардың адамгершілігін дамыта оқытудың зерттелу жайы
ТІЛ ДАМЫТУ САБАҒЫНДАҒЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер