Қазақ әдеби тілі тарихының мәселелері
1 Қазақ әдеби тілі тарихының мәселелері
2 Қазақ әдеби тілінің тарихы
3 Әдеби тіл
2 Қазақ әдеби тілінің тарихы
3 Әдеби тіл
Қазақтың әдеби тілі қалыптасу және дамуы жағынан көптеген дәуірді бастан өткізді. Әдеби тіл әбден зерттеліп, тексеріліп, ғылыми жағынан айқындалып жете қойды деп айтуға болмайды. Әдеби тіл – бүкіл қазақ халқының мәдени мұрасы. Әдеби тілді жасауға бүкіл қазақ халқы, оның алдыңғы қатарлы мәдениет қайраткерлері көптен бері ат салысты. Өйткені әдеби тіл бүкіл қазақ халқын біріктіруші, ұйымдастырушы, іске, еңбекке, ерлікке жұмылдырушы, ілгері бастаушы ең өткір құралдың бірі. Олай дейтін себебіміз – әдеби тіл қазақ мәдениеті өсіп, өнуіне жетекші болған, өнерге ұмтылуына қажет болған құралдың бірі. «Әдеби тіл дегеніміз – белгілі тарихи жағдайларға байланысты, кезеңдерге байланысты жасалған жасанды нәрсе. Нақтылы әдеби тіл дегеніміз – көркем әдебиеттің тілі ғана емес, ол ғылымның барлық саласын қамтиды, халыққа өнер – білім беретін, тәлім – тәрбие үйрететін баспасөздің тілі. Көркем әдебиеттің тілі – сол кең мағынадағы әдеби тілдің саласы ғана. Ал, әдеби тілдің негізі, қоры болатын нәрсе – халық тілі – фольклор тілі екенін ескере отырып – Сәрсен Аманжолов марксизм ғылымы бойынша әрбір тіл әдеби тіл сатысына жету үшін төмендегі үш даму жолымен қалыпқа келетінін айтады:
1. Роман герман тілдеріндегі сияқты даяр материалдардан, тілдің тарихи дамуы арқасында, бір тілдің өзі – ақ ұлттық тілдің дәрежесіне жетуі бар.
2. Ағылшынның тіліндегі сияқты ұлттардың будандасуы, араласу арқылы жетуі бар.
3. Диалектілердің концентрациялануы (ұштасуы) арқылы бір ұлт тіліне айналуы бар.
Әдеби тіл жөнінде пікір айтушылардың бірі - М. Әуезов. Ол 1950 жылдары жарық көрген бес – алты мақаласында «Әдеби тіл» мен «Әдебиет тілі» атауларын бірде саралап, бірде синоним ретінде қолдана келіп, «Әдеби тілдің әдеби процеспен, жазу мен тығыз байланысты дамитынын, оның халық тілінің жоғары формасы екендігін айтады. Біз кезде әдеби тілдің жасалуын жеке дара дарынды, атақтылардың аттарымен байланыстыру дағдыға айналған кезде Абай, Ыбырайларды мақтаудың реті осы екен деген тұрғыдан «әдеби тілді жасаушылар», «әдеби тілдің негізін қалаушылар» деген пікір үстем болғандығы белгілі. М.Әуезов: «Абайдың алдындағы қазақ халқының көп ғасырдан келе жатқан мол эпостарындағы, ұзынды – қысқалы салттық, тарихтың жырларындағы шебер, көркем өлең үлгілеріндегі тілдерді ұмытуға бола ма? Оларда немесе ХІІІ ғасырда көпке жайылған жырлар тудырған Бұхарда, ХІХ ғасырда асыл, әсем, бай тілмен халықтың асқақ, ескек жырлар тудырған Махамбетте қазақтың әдебиеттік тілінің үлгі - өнегелері жоқ деуге бола ма»– деп жазды. М.Әуезов. «Абай өзінен бұрыңғы әдебиет тілін халықтық әдебиет тілі сапасында өсіре, байыта, сұрыптай түскен және өз шама – шарқынша қазақ әдебиет тілін жасауда белгілі бір дәрежеде Қазақстанның көп өлкесінің тіл қазыналылығын кеңінен пайдаланып, халықтың әдебиет тілін биік белге шығара түскен классик ақын дейміз», - деген.

1. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1966.
2. Аманжолов С. Қазақ тілі теориясының негіздері. Алматы, 2002.
3. Балақаев М, Жанпейісов Е, Томанов Н. Қазақ әдеби тілінің мәселелері. Алматы, 1961.
4. Ысқақов А. Әдеби тіліміздің дамуы // Қазақ әдебиеті. 1962. 16 қараша.
5. Сыздықова Р. ХІІІ – ХІХ ғ қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы, 1984.
6. Сыздықова Р. Ашып алар жәйттар көп // Қазақ әдебиеті 1980. 28 наурыз.
7. Исаев С. Қазақ әдеби тілінің қалыптасу, даму кезеңдері. Алматы, 1976.
8. Әбілқасымов Б. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдеби тілі. Алматы, 1982.

Қазақтың әдеби тілі қалыптасу және дамуы жағынан көптеген дәуірді бастан
өткізді. Әдеби тіл әбден зерттеліп, тексеріліп, ғылыми жағынан айқындалып
жете қойды деп айтуға болмайды. Әдеби тіл – бүкіл қазақ халқының мәдени
мұрасы. Әдеби тілді жасауға бүкіл қазақ халқы, оның алдыңғы қатарлы
мәдениет қайраткерлері көптен бері ат салысты. Өйткені әдеби тіл бүкіл
қазақ халқын біріктіруші, ұйымдастырушы, іске, еңбекке, ерлікке
жұмылдырушы, ілгері бастаушы ең өткір құралдың бірі. Олай дейтін себебіміз
– әдеби тіл қазақ мәдениеті өсіп, өнуіне жетекші болған, өнерге ұмтылуына
қажет болған құралдың бірі. Әдеби тіл дегеніміз – белгілі тарихи
жағдайларға байланысты, кезеңдерге байланысты жасалған жасанды нәрсе.
Нақтылы әдеби тіл дегеніміз – көркем әдебиеттің тілі ғана емес, ол ғылымның
барлық саласын қамтиды, халыққа өнер – білім беретін, тәлім – тәрбие
үйрететін баспасөздің тілі. Көркем әдебиеттің тілі – сол кең мағынадағы
әдеби тілдің саласы ғана. Ал, әдеби тілдің негізі, қоры болатын нәрсе –
халық тілі – фольклор тілі екенін ескере отырып – Сәрсен Аманжолов марксизм
ғылымы бойынша әрбір тіл әдеби тіл сатысына жету үшін төмендегі үш даму
жолымен қалыпқа келетінін айтады:
1. Роман герман тілдеріндегі сияқты даяр материалдардан, тілдің тарихи
дамуы арқасында, бір тілдің өзі – ақ ұлттық тілдің дәрежесіне жетуі
бар.
2. Ағылшынның тіліндегі сияқты ұлттардың будандасуы, араласу арқылы
жетуі бар.
3. Диалектілердің концентрациялануы (ұштасуы) арқылы бір ұлт тіліне
айналуы бар.
Әдеби тіл жөнінде пікір айтушылардың бірі - М. Әуезов. Ол 1950 жылдары
жарық көрген бес – алты мақаласында Әдеби тіл мен Әдебиет тілі
атауларын бірде саралап, бірде синоним ретінде қолдана келіп, Әдеби тілдің
әдеби процеспен, жазу мен тығыз байланысты дамитынын, оның халық тілінің
жоғары формасы екендігін айтады. Біз кезде әдеби тілдің жасалуын жеке дара
дарынды, атақтылардың аттарымен байланыстыру дағдыға айналған кезде Абай,
Ыбырайларды мақтаудың реті осы екен деген тұрғыдан әдеби тілді
жасаушылар, әдеби тілдің негізін қалаушылар деген пікір үстем болғандығы
белгілі. М.Әуезов: Абайдың алдындағы қазақ халқының көп ғасырдан келе
жатқан мол эпостарындағы, ұзынды – қысқалы салттық, тарихтың жырларындағы
шебер, көркем өлең үлгілеріндегі тілдерді ұмытуға бола ма? Оларда немесе
ХІІІ ғасырда көпке жайылған жырлар тудырған Бұхарда, ХІХ ғасырда асыл,
әсем, бай тілмен халықтың асқақ, ескек жырлар тудырған Махамбетте қазақтың
әдебиеттік тілінің үлгі - өнегелері жоқ деуге бола ма– деп жазды.
М.Әуезов. Абай өзінен бұрыңғы әдебиет тілін халықтық әдебиет тілі
сапасында өсіре, байыта, сұрыптай түскен және өз шама – шарқынша қазақ
әдебиет тілін жасауда белгілі бір дәрежеде Қазақстанның көп өлкесінің тіл
қазыналылығын кеңінен пайдаланып, халықтың әдебиет тілін биік белге шығара
түскен классик ақын дейміз, - деген.
Академик Н.Т Сауранбаев та қазақ әдеби тілі туралы біраз пікірлер айтқан.
Ол: Қазақтың әдеби тілі революциядан бұрыңғы дәуірлерде жасалып, белгілі
бір жағдайда өмір сүрген, бұл дәуір қазақ әдеби тілінің алғашқы адымы,
нәрестелік дәуірі, - деді Н.Т Сауранбаев. Неге бұлай аталатының себебін
түсіндіреді. Яғни, ол кісінің пікірінше бұның себебі; сол кездегі
ақындардың еңбектерін халық сауатсыз болғандықтан пайдалана алмаған және
сол ақын – жазушылардың шығармаларының дәл жазылған уақытта басылмағандығы
Н.Т Сауранбаев қазақ әдеби тілін мынадай үш дәуірге бөледі:
1. ХІХ ғасырдың ІІ – ші жартысына дейіңгі дәуір.
2. ХІХ ғасырдың ІІ – ші жартысынан ХХ ғасырдың 20 жылдарына дейінгі
дәуір.
3. Советтік дәуір.
Ғ.Мұсабаев Әдеби тіл деген ұғымға ғылыми техникалық көркем әдебиет
нұсқаларының тілі, мектеп, театр, радио, баспасөз жеке мемлекет
мекемелерінде қолданылатын тіл енетінін және әдеби тілдің нормаланған,
жалпыға бірдей түсінікті болуы шарт екенін айтады. Ол қазақ әдеби тілін
тарихи тұрғыдан мынадай үш кезеңге бөледі:
1. Абайға дейінгі, яғни ХІХ ғасырдың ІІ–ші жартысынан Октябрь
ревлюциясының алғашқы жылдарына дейінгі кезеңдегі жазу тілі – жаңа
әдеби тіл.
2. Қазіргі әдеби тіл.
М.Б. Балақаев әдеби тілдің даму кезеңдерін төрт дәуірге бөледі:
1. ХІІІ ғасырдың орта тұсымен ХІХ ғасырдың І – ші жартысы.
2. ХІХ ғасырдың ІІ – ші жартысы.
3. ХІХ ғасырдың басы.
4. Совет дәуірі.
Ал М. Балақаев, Р. Сыздықова, Е. Жанпейісов авторлығымен жарық көрген
Қазақ әдеби тілінің тарихы деген кітапта авторлар әдеби тілдің екі түрі
болатынын айта келіп, жалпы әдеби тілдің пайда болу мерзімі туралы былай
дейді: Қазақтың әдеби тілінің тарихын біз ХІХ ғасырдың екінші жартысынан
емес, ХІІІ ғасырдан бастаймыз. Өйткені, халық тілінің жазба әдебиет
ыңғайында нормаға түсе бастаған шағы және бірді – екілі стильдік
құбылыстардың көрініс бере бастаған кезі, дәлірек айтқанда, әдеби тіл
белгілерінің айқындала бастаған мезгілі – осы ХІІІ ғасырдан басталады.
А. Ысқақовтың пікірінше, төл әдеби тілдің революцияға дейінгі кезеңінде
қазақ даласына екі түрлі әдеби тіл жарыса өмір сүредi, оның бірі –
жалпыхалықтық әдеби тіл де, екіншісі – сол кездегі үстем таптың өкілдері
ғана, сауатты байлар мен қожа – молдалар ғана пайдаланған түркі тілі,
яғни кітаби тіл.
Т. Қордабаевтың әдеби тіл жөніндегі пікірі С. Аманжоловтың пікіріне жақын,
бірақ онша айқын емес, екіұшты мағынада қалып қойған Қазақ тілінің әдеби
тіл болып қалыптасуына келетін болсақ, - дейді Т. Қордабаев, - оның негізі
өткен ХІХ ғасырдың екінші жартысынан былай қарай қалана бастағанымен, тағы
да, тек совет өкіметі тұсында ғана жеткенін көреміз.
Р. Сыздықова өзінің ХІІІ – ХІХ ғасыр қазақ әдеби тілінің тарихы деп
аталатын құнды еңбегінде әдеби тілдің барлық дәуірлерін сөз етпей, тек екі
ғасырға, әдеби тіл тарихы үшін мәні де, маңызы да зор ХІІІ – ХІХ
ғасырлардағы арнайы тоқталып, нақтылы материалдар негізінде әр дәуірдің
әдеби тіліне тән сипатын, лексикалық, грамматикалық, стильдік
ерекшеліктерін анықтауға көңіл бөледі. Автор ХІХ ғасырдың екінші жартысынан
басталатын қазақтың төл жазба әдеби тіліне дейін оның ауызша тараған әдеби
тіл болды деген пікірді ортаға салады. Р. Сыздықова Ашып алар жайыттар
көп атты мақаласында мынадай қортындыға келеді: Сөйтіп, қазақтың тілі:
ауыз әдеби тілі, жазба алдындағы әдеби тілі, жазба әдеби тілі деген
түрлерге бөлінеді. Ол ХІХ ғасырдың екінші жартысын жалпы қазақ әдеби
тілінің емес, қазіргі әдеби тілдің басы деп есептейді. Сөйтіп, Р. Сыздықова
әдеби тілді үш топқа бөліп қарайды:
1. Ауыз әдеби тілі;
2. Жазба алдындағы әдеби тіл;
3. Жазба әдеби тілі.
Соңғысын ішінара тағы екіге бөліп қарастырады:
А. Орта азиялық түркі әдеби тіліне сүйенген кітаби тіл.
Б. Қазақтың қолтума әдеби тілі, яғни қазіргі жазба әдеби тіл.
С. Исаев Қазақ әдеби тілінің қалыптасу, даму кезеңдері деген еңбегінде
әдеби тілдің сипаты, қызметі, қалыптасу жолдары т.б. проблемаларды
қамтыған. Автор қазақ әдеби тілінің қалыптасуын шартты түрде үш дәуірге
бөледі:
1.Қазақ халқының жеке халық болып қалыптасқанына дейіңгі көне дәуір, яғни
жалпы түрі әдеби тілі дәуірі.
2.Қазақ халқының халық болып қалыптасқанынан кейінгі кездегі қазақ әдеби
тілінің туып, даму дәуірі.
3.Қазақ әдеби тіл дамуының советтік дәуірі.
Б. Әбілқасымов шамамен Х - ХІ ғасырдан бастап қазақ авторлары бір жағынан
шағатай немесе түркі деп атанған тілді пайдалана жүріп, екінші жағынан,
өз шығармаларына қазақтың ауызша әдеби тілін арқау ету арқасында сол
түркі әдеби тілінің тағы бір жергілікті түрін қалыптастырады деген пікір
айтады. Сөйтіп, - дейді Б. Әбілқасымов,- қазақ қаламгерлері ХІ ғасырдан
өткен ғасырдың екінші жартысына дейін қазақтың көне жазба әдеби тілінде
ресми іс қағаздарын жазды, өзара хат жазысты, кейбір көркем әдебиет
үлгілерін жазды.
Б. Әбілқасымов Абай, Ыбырайға дейінгі жазба әдеби тілді қазақтың көне
әдеби тілі деп атайды. Яғни, біздің біраз зерттеушілеріміздің кітаби тіл
деп жүргенін Б. Әбілқасымов көне қазақ жазба әдеби тілі деп атайық дейді.
Оның пікірінше, бұрын қазақтың ауызша әдеби тілі болды, ол тілдің үлгісі
алуан түрлі ауыз әдебиеті жанрларында шешендік толғауларда сақталды.
Сөйтіп, Б. Әбілқасымов қазақтың ауызша әдеби тілі өз алдына, жазба әдеби
тілі өз алдына дамып отырды деп, оларды даралап қарауды ұсынады. Ол қорыта
келгенде, қазақтың жазба әдеби тілін үш кезеңге бөледі:
1.Қазақтың көне жазба әдеби тілі;
2.Қазақтың жаңа жазба әдеби тілі;
3.Қазақтың қазіргі әдеби тілі.
Әдеби тіл мәселелерімен көбірек айналысқан ғалымдардың бірі – Қ.Өмірғалиев.
Ол әдеби тіл жайындағы өз ойын: Қазақ әдеби тілі тарихы, қазақ әдебиеті
тарихын сөз ету арқылы ғана сөз етілмек. Яғни қазақ әдеби тілі тарихы қазақ
әдебиеті тарихының өзгеше үлгіде баяндалуы ғана. Әдеби тіл дегеніміз
әдебиеттің өзі деп тұжырымдайды. Осы ойының дұрыстығын дәлелдей түсу үшін
ол В.В. Виноградовтың әдеби тілді зерттеу, бұл сөздің кең мағынасында,
әдебиетті зерттеумен тығыз байланысты, - деген пікіріне сүйенеді.
Қ.Өмірғалиев Абайға дейінгі тілді ауызша әдебиет тілі деп атайды. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz