Бұқаралық мәдениет


Жоспар
І. Кіріспе
Бұқаралық мәдениет
ІІ. Негізгі бөлім
- Мәдениет бұқаралық ақпарат құралдарда 24 сағат ұлттық тәрбие көзінің бірі
- Қазіргі бұқаралық мәдениет және коммуникация
- Бұқара мәдениеті және жеке тұлғаның орны
Қорытынды
Бұқаралық мәдениет
Бұқаралық мәдениет - бұқаралық қоғамға тән, коммуникациялық-ақпараттық жүйелердің дамуының жоғарғы деңгейінің, урбанизация мен индустриализацияның жоғарғы дәрежесінің арқасында мүмкін болатын күрделі әлеуметтік-мәдени феномен. Ол индивидтің шеттеуінің жоғары дәрежесімен, даралығын жоғалтып, өзімшілдікке айналумен сипатталады. Осыдан бұқараны жойып, олардың бұқаралық коммуникациялар каналдары арқылы мәдени-мінез құлықтарын орнатып, элитаның оларды жеңіл билеп алуы шығады. Бұқаралық қоғам сатысында өзіндік мақсатқа айналатын техниканың дамуы Ж. Эллюльдің пікірі бойынша барлық қоғамның дәстүрлі құндылықтарын жояды, бірыңғай маңызы жойылған мәдениетті құрады. Ол адамды қазіргі қоғамның құндылықтар еркіндігінен босатады, ол екінші жағынан, Э. Фромның ойы бойынша техникалықты абсолюттеуге және адам болмысының құндылықтарын жоюға әкеп соғады.
Қазіргі бұқаралық қоғам әрбір индивидтің тереңде жатқан жеке қажеттіліктерін жүзеге асыруға бөгет жасайды. Адамның өзін-өзі тану және басқа адамдармен жеке қатынастарын орнатуға тырысуы, не мінез-құлық стандарттылығын тудыратын рухани енжарлықты, не индивид өзі туралы бұлдыр түсінікті жасау үшін қолданылатын жалған бағытқа, «пұтқа» табынуды тудырады
Мәдениет бұқаралық ақпарат құралдарда 24 сағат ұлттық тәрбие көзінің бірі
Шынымды айтсам, мен түсінбеймін Мәдениет және ақпарат министрлігінің саясатын, менің ойымша бүкіл бұқаралық ақпарат құралдарда 24 сағат ұлттық тәрбие жұріп, айтылып, жазылып, көрсетіліп тұру керек. Қазақ тілінде, әсіресе жастарға дұрыс тәрбие беретін бағдарламалар күндіз түні көрсетіліп тұру керек. Ал кәзір не мына каналды көрсең тыр жалаңаш кісілерді көрсетеді, басқа каналға қойсаң ұрыс, атыс және қылмыс көрсетеді, одан басқа каналға кетсең бәрі орысша, олардың мәселесін талқылап жатыр, ары ғарай басқа каналға қойсаң даңғырлатып шетелдің музыкасын қояды, тағыда басқа каналды қойсаң шетелдің сериалдарын көрсетеді, амалсыздан көнілің толмай теледидарды өшіріп тастайсың. Кей кезде бірен сараң қазақша бағдарламалар болады, көзбояушылық үшін. Сондықтан бұл министрліктің жұмысын өзгерту керек.
Менің ойымша кәзір жастар тәрбиесіз қалды, әсіресе ұлттық тәрбиесіз. Ұлттық тәрбиені көрмеген адам ешқашанда елге пайдалы болмайды, не өзі дұрыс адам болмайды. Осы жастар ұлттық тәрбиені көрмегеннен ұрлық, надандық, жезөкшелік, арақ ішу мен нашақорлық, нәпсі, күйемен ажырасу, аборт жасап нәресте өлтіру, темекі тарту, қылмыс жасау, әке шешесін тастау, туған баласын тастау деген жаман тенденциялар көбейіп жатыр. Осының бәрінін түбінде ұлттық тәрбие көрмегендіктен шығып тұр. Сондықтан ұлттық тәрбие біздің халқымызға ауадай қажет. Ұлттық тәрбие бүкіл бұқаралық ақпарат құралдарда 24 сағат ұлттық тәрбие жұріп, айтылып, жазылып, көрсетіліп тұру керек. Ұлттық тәрбие бүкіл мектептерде, жоғарғы оқу орында, әскерде, түзету мекемелерде өткізу керек. Сосын ұлттық тәрбиені заңдылық шаралармен және қағидалармен қуаттауға болады. Біріншіден заң ретінде аборт жасап нәресте өлтіру мен жезөкшелікке тыйым салу керек. Содан соң ары ғарай басқа мәселеледі шешу керек. Мысалы әйел азаматтарға бастарына заңды түрде орамал кигізу. Сосын мен ойлаймын көп әйел алуға рұқсат беру керек деп.
Қазіргі бұқаралық мәдениет және коммуникация
Қазіргі мәдениетте өзін ерен көрсететін құбылыстардың бірі - бұқаралық мәдениет, ал ол болса техника жетістігі мен коммуникация технологиясына сүйенеді. Демек, қазіргі заман мәдениетін студенттерге таныстыруда осы мәселелерді терең зерттеген жөн. Сондықтан осы оқу құралында техника-технологиялық үдерісті дамудың мәдениетке тигізетін әсері, БАҚ және соның тікелей жемісі болып табылатын бұқаралық мәдениет пен одан туындаған тобыр адамының сипаттамалары.
Адам қарым-қатынассыз тіршілік етпейді. Қарым-қатынас үстіндегі кез келген әрекет ақпарат болып табылады. Өйткені адам әлемі мәнділік әлемі. Сол мәнді беруші де, мәнге назар аударушы да, пайдаланушы да адамның өзі. Адамның сөйлемеген кезінде де, оның үнсіздігінен де көп нәрсені аңғаруға болады, өйткені оның барлығы қоршағандарға әсерін тигізбей қоймайды. Кейде өзіңе қабақ астынан үндемей қараған жанның бұдан гөрі маған айғайлап ұрысқаны дұрыс еді дейтіндей жағдай да болатындығы мәлім.
Коммуникация арналары туралы бір-екі ауыз айта кетер болсақ, онда бұқаралық ақпарат көздері (баспасөз, радио, теледидар және т. б. ) мен тұлғааралық қарым-қатынас жолын айта аламыз. Оған вербалды, бейвербалды және паравербалды ақпарат тасымалдау көздерін жатқызамыз.
Вербалды ақпарат көздеріне - тілді, сөзді, айтылған әңгімені жатқызамыз. Ал тіл пайдаланылмаған жағдайда бейвербалды каналдар: мимика, қол қимылы, дене қимылы, көзқарас, арақашықтық, өзі-өзі ұстау мәнері, киім киіс үлгісі мен иіс те кіруі мүмкін. Күліп амандасқаннан жақтырмай суық амандасқанды ажырату оңай ғой. Айтылатын сөз біреу, ал қалдырған әсер - түрліше. Ал паравербалды арналарға интонация, дауыс ырғағы, сөйлеу шапшаңдығы кіреді.
Коммуникацияның атқаратын басты қызметтері төмендегідей болып келеді:
1. Ақпараттық қызмет
2. Әлеуметтік қызмет
3. Экспрессивті қызмет
4. Прагматикалық қызмет
5. Интерпретациялық қызмет
Ақпараттық қызмет - адамдар арасында ақпарат алмасуды жүзеге асырады, ал әлеуметтік қызмет - адамдар арасында өзара қарым-қатынасқа түсу қабілетін арттырады. Осы соңғы қызмет біздің пікірлерімізді, дүниетанымымызды, қандай да бір орын алған оқиғаға деген қатынасымызды құрастырады.
Экспрессивті қызмет адамдардың ақпарат алмасу барысында бір бірінің эмоционалды көңіл-күйін түсінуін білдіреді. Қарым-қатынас барысында эмоциялардың қаншалықты маңызды екендігі кімге де болса мәлім. Эмоцияны сөз қылып айтпай-ақ бет әлпетімен де жеткізуге болады.
Прагматикалық қызмет арқылы коммуникацияға қатысушылардың іс-әрекеті мен өзін-өзі ұстау мінез-құлығы шектеледі. Ол сол коммуникацияның көздеген түпмақсатына сай жүргізіледі.
Интерпретациялық қызмет коммуникацияға бірге түскен адамды түсіну үшін қажет. Коммуникация құралдарының түр түрі қоршаған шындықтың оқиғасы туралы ақпарды жеткізіп қана қоймай, сонымен қатар, оны белгілі бір мағынада түсіндіреді, интерпретациялайды.
Бұқара мәдениеті және жеке тұлғаның орны
Жаһандану, екінші тұстан қарағанда, қазіргі заман талабы десе болғандай. Олай деуге бірнешеме себептер де бар. Оларды төмендегідей сипаттауға болады. Бұқара мәдениеті алдында жеке тұлғаның орны үлкен. Адамзат қол жеткізген ғылыми-техникалық жаңалықтардың нәтижесінде адамдар қарым-қатынасы тез өрбіп, күн өткен сайын кеңейіп келе жатыр. Әлем тарылып (әлем тарылды ма, адамдардың пейілі тарылды ма?!), адамзат бір үйде бас қосқандай… Техногенді өркениеттің бел баласы - бұқаралық ақпарат құралдары бүкіл дүние жүзін өз уысынан шығармай, көздегенін жасатарлық күйде.
Сонда интернет жүйесі ыңғайлы ғана емес, бұқаралық қолданыстың жалғыз құралына да айналуы мүмкін. Бұл әлемдік прогресс жемісі. Шын мәнінде, қазірдің өзінде әлемдік Ғаламтор жүйесі адамзаттың ақпараттық әлеуетін айтарлықтай дамытып, әлемнің барлық бұрышындағы миллиардтаған адамдардың тепе тең түрде әрі оңай бірігуінің басты себебі болып отыр.
Қазіргі заман мәдениетіндегі БАҚ-тың орны және бұқаралық мәдениет феномені
Қазіргі заман мәдениетін біз көбінде медиамәдениетпен байланыстыратынымыз заңды. Өйткені бұқаралық ақпарат құралдары қазіргі заман адамын да, оның мәдениетін де құрастырады. Концепциялар туралы айтпас бұрын жалпы бұқаралық мәдениет ұғымының ғылыми айналымда болсын, БАҚ-та болсын орнығып үлгергеніне қарамастан, кейбір таласты тұстары бар екендігі жайлы мамандардың барлықтары бірдей көзқараста еместігін де айта кетуіміз керек. Мысалы, еліміздегі танымал мәдениеттанушылардың бірі, профессор С. Темірбеков бұқаралық мәдениет пен сауықтық мәдениет деген ұғымдар арқылы аражікті ашып көрсету керектігі туралы ойларын өз басым қолдаймын.
Осы халықтық мәдениет пен тобырлық немесе мазмұны жағынан алғандағы сауықтық мәдениеттің айырмашылығына көз тастар болсақ, онда, біріншіден, халықтық мәдениетті халықтың өзі әрі өзіне арнап жасайтындығын байқаймыз. Демек, жасаушы да пайдаланушы да, әрекеттің субъекті де, объекті де біреу - халықтың өзі. Ал тобырлық сауықтық мәдениет үлгілерін біреулер көпшілік халықтың тек қана бір бөлігі үшін - қарабайыр тобыр үшін арнайы даярлайды, сөйтіп, тобырды өзінің тәжірибе объектісіне айналдырады.
Қорытынды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz