Девианттық мінез-құлық, оның типтері мен негізгі факторлары
1 Қазіргі кездегі педагогикалық өзекті және күрделі мәселелер
2 Қазіргі уақытта балалар мінез.құлқының бұзылу себеп.салдары
3 Девиация
4 Девиацияның негативті формалары

Қазіргі кездегі педагогикалық өзекті және күрделі мәселелердің бірі – «қиын балалар» мәселесі. Соңғы уақыттағы статистика мәліметтеріне сүйенсек, оқушылар арасындағы нашақорлық, алкогольді пайдалану, адам өлтіру, ұрлық сияқты жағымсыз іс-әрекеттері жылдан-жылға күрт өсуде. Осыған байланысты коғамдық ақпарат құралдарында мақалалар жазылып, педагогикалық ғылыми-зерттеулер жүргізіліп жатсада, «қиын бала» мәселесі әліде күн тәртібінен түспей кледі.
«Қиын бала» мәселесі, ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында «Мінез-құлықтағы қиындық және қиын балалар» ұғымында ғана, ғылыми тұрғыда зерттеу өрісіне енбеді, бірақ, әрдайым социолог, психолог, юрист, дәрігер, педагог мамандарының зейінін өзіне үнемі аударып отырды, сөйтіп, өткен ғасырдың орта шенінен бастап арнайы педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік ғылыми-зерттеулердің нысанасына айналды.
Қиын балалардың жеке ерекшеліктерін, қоғамдық, әлеуметтік өмір жағдайымен, тәрбиелік факторлардың өзара әрекеттестігімен біртұтастықта алғашқы болып кешенді зерттеген П.П.Блонский (1936) болды. Зерттедің негізгі мақсаты – қиын балалардың мінез-құлық тарихын мектеп, отбасы арқылы ашып көрсете отырып, қиын балалардың өмірін анықтау. Сонымен қатар, қиын балаларға мұғалімнің қатынасы арқылы «қиын оқушы» терминін нақтылау еді. Блонский П.П.: «Қиын бала, бұл ең алдымен кәдімгі бала, оған табиғи қарапайым тұқымқуалаушылық тән. Айырмашылығы, ол педагогикалық қараусыз қалған. Сондықтан, оны дені сау қараусыз қалған бала ретінде тәрбиелеу керек» деп нұсқаулы ой қорытады.

1. Баженов В.Г., Баженова В.П.. Психолого-педагогическая диагностика и коррекция девиантного поведения школьников. - Тараз, 2003.
2. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. - Алматы, 1994.
3. Кон И.С. Социология личности. – М., 1993.
5. Нұсқабаев О. Мектеп – жас ұрпақты әлеуметтендіру институты. – Алматы: Қазақстан, 1997.
6. Аңламасова Г. Адамгершілік құндылықтар негізінде оқушыларды әлеуметтендіру. П.ғ.к. ... диссер. Тараз, 2003.
7. Степанов В.Г. Психология трудных школьников. -М,: Академия, 2004.

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Гуманитарлық-педагогикалық сырттай оқу факультеті
Жалпы педагогика және этнопедагогика кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ, ОНЫҢ ТИПТЕРІ МЕН НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАРЫ
Орындаған: Әлібек Нұрбол
Тобы: СПП-015д
Қабылдаған: Доцент
Е.Әуелбеков
Түркістан 2011
ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ, ОНЫҢ ТИПТЕРІ МЕН НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАРЫ
Қазіргі кездегі педагогикалық өзекті және күрделі мәселелердің бірі –
қиын балалар мәселесі. Соңғы уақыттағы статистика мәліметтеріне сүйенсек,
оқушылар арасындағы нашақорлық, алкогольді пайдалану, адам өлтіру, ұрлық
сияқты жағымсыз іс-әрекеттері жылдан-жылға күрт өсуде. Осыған байланысты
коғамдық ақпарат құралдарында мақалалар жазылып, педагогикалық ғылыми-
зерттеулер жүргізіліп жатсада, қиын бала мәселесі әліде күн тәртібінен
түспей кледі.
Қиын бала мәселесі, ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында Мінез-құлықтағы
қиындық және қиын балалар ұғымында ғана, ғылыми тұрғыда зерттеу өрісіне
енбеді, бірақ, әрдайым социолог, психолог, юрист, дәрігер, педагог
мамандарының зейінін өзіне үнемі аударып отырды, сөйтіп, өткен ғасырдың
орта шенінен бастап арнайы педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік ғылыми-
зерттеулердің нысанасына айналды.
Қиын балалардың жеке ерекшеліктерін, қоғамдық, әлеуметтік өмір
жағдайымен, тәрбиелік факторлардың өзара әрекеттестігімен біртұтастықта
алғашқы болып кешенді зерттеген П.П.Блонский (1936) болды. Зерттедің
негізгі мақсаты – қиын балалардың мінез-құлық тарихын мектеп, отбасы арқылы
ашып көрсете отырып, қиын балалардың өмірін анықтау. Сонымен қатар, қиын
балаларға мұғалімнің қатынасы арқылы қиын оқушы терминін нақтылау еді.
Блонский П.П.: Қиын бала, бұл ең алдымен кәдімгі бала, оған табиғи
қарапайым тұқымқуалаушылық тән. Айырмашылығы, ол педагогикалық қараусыз
қалған. Сондықтан, оны дені сау қараусыз қалған бала ретінде тәрбиелеу
керек деп нұсқаулы ой қорытады. Психолог Л.С.Выготский Қиын балалық
шақтың педагогикалық клиникасы және дамудың диагностикасы еңбегінде: Жеке
адамның күйзелісімен күресу, оның себептерін жою жолымен ғана емес, сонымен
бірге адамды жөнге салудың белсенді жолымен, білім бірлігімен, дамуына
жағдай жасау арқылы да нәтижеге жетуге болады деп тұжырымдай отырып,
қиындықты тәрбие арқылы түзетудің, осы қайшылықпен күресудің нақты жолын
анықтап берді.
Қазіргі уақытта балалар мінез-құлқының бұзылу себеп-салдары әлеуметтік-
психологиялық және педагогикалық (М.А.Алемаскин, Л.М.Зюбин, И.С.Кон,
Г.П.Медведев т.б.), клиникалық (Г.А.Власова, В.Я.Гиндикин, В.В.Ковалев,
Г.Е.Сухарев т.б.), криминологиялық (М.М.Бабаев, К.Е.Легошев, В.Н.Кудрявцев
т.б.) аспектіде зерттелуде.
Қиын балаларды әлеуметтендіруге байланысты Отандық ғалымдардың
еңбектері аса құнды. Соның ішінде мектеп оқушыларын қазақтың халық
педагогикасы арқылы этикалық-адамгершілік тұрғыдан әлеуметтендіру
мәселелері педагог-ғалымдар: Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Ж..Наурызбай, Қ.Бөлеев,
Қ..Қожахметова, Ж.Намазбаева, Ә.Қамақ, Н.Көшеров т.б. еңбектерінде
ерекшеленген. Біздің проблемамыз тұрғысынан О..Нұсқабаевтың,
Г.Аңламасованың ғылыми-педагогикалық еңбектерінің мазмұны аса құнды.
Қиын балалар мәселесінің тарихын айта келе, оның негізгі
терминдеріне, түрлері мен себептеріне тоқталған жөн.
Жалпы, баланың қиын тәрбиеленуі, қоғамда қалыптасқан нормалар мен
ережелерді сақтамауын ғылымда девиация (латынның deviatio тыңдамау,
ауытқу деген мағынаны береді) деп атайды. Соған орай көптеген әдебиеттерде
қиын бала түсінігінің орнына девиантты термині өте жиі кездеседі.
Жалпы, қиын мінез-құлық, девиантты мінез-құлық, ауытқыған мінез-құлық
түсініктері синонимдер болып табылады да, қай терминді алсақ та, қиын бала
мәселесі туралы ұғым екенін білеміз.
Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды
мінез-құлық. Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге
сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір
түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті антидисциплиналық деп те атайды.
Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация,
оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат
қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.
Девиацияның екінші түрі - делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен
ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:
1. Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін
дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс
береді.
2. Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-
үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты
жат мінез-құлық.
3. Наша сату және тарату.
Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі
арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.
Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып табылады:
алкоголизм, токсикомания, нашақорлық, жезөкшелік, суицид, заң бұзушылық
және қылмыскерлік. Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші
өздеріне үлкен зиян келтіреді.
Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда
болу факторларын түрліше түсіндіреді. Біріншілері оларды екі үлкен топқа
ішкі және сыртқы факторлар деп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей:
• жанұяда берекенің болмауы;
• ата-ананың ерекше қамқарлығы;
• тәрбие берудегі кемшіліктер;
• өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;
• өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен
жарасымды қатынасқа түсе алмауы;
• сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай
алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;
• психоактивті заттарды жиі пайдалануы;
• агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;
• мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;
• балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары,- деп
көрсетсе, үшіншілері оларды негізгі бес факторға бөліп қарастырады.
Оларды жекеше қарастыратын болсақ:
1. Биологиялық факторлар – баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі
жасайтын физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер. Оларға
мыналар жатады:
- ұрпақтан-ұрпаққа берілетін немесе ананың жүкті болғанда дұрыс
тамақтанбауы, арақ-шарап, нашақорлы заттарды пайдалануы, темекі тартуы,
ананың физикалық, психикалық т.б. сырқаттары себеп болатын генетикалық
факторлар: ақыл-ой дамуының бұзылуы, есту, көру кемшіліктері, жүйке
жүйесінің зақымдауынан пайда болған денедегі кемшіліктер.
- психофизиологиялық факторлар: психофизиологиялық күш, дау-жанжал,
келіспеушілік жағдайлар, адам организмдеріне кері әсер ететін, қоршаған
ортаның химиялық құрамы, соматикалық, аллергиялық, токсикалық ауруларға
душар ететін энергетикалық технологияның жаңа түрлері;
- физиологиялық факторлар: сөйлеу дефекттері, адам бойындағы
соматикалық кемшіліктер.
Бұлардың бәрі адамның қоршаған ортаға, жеке адамдарға деген жағымсыз
қарым-қатынасын тудырады, ал балалар болса, өзіндік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz