Коммерциялық банкте депозиттік саясат қалыптасуының теориялық негіздері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

БӨЛІМ І. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Депозит . коммерциялық банкте ресурстар базасын
құрудағы негізгі көзі ретінде
1.2 Банктік депозиттердің классификациясы
1.3 Коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың
қалыптасуының негіздері

БӨЛІМ ІІ. «АТФБАНК» ААҚ.НЫҢ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТЫ
2.1 Қазақстанның депозиттік нарығындағы
АТФБанктің рөлі
2.2 АТФБанк қызметінің жалпы сипаттамасы
2.3 АТФБанкі депозиттік саясатының негізгі қаржылық
көрсеткіштері мен қызметін талдау

БӨЛІМ ІІІ. ДЕПОЗИТТІК САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ
3.1 «АТФБанк» ААҚ.ның депозиттік саясатын
жетілдіру құралдары
3.2 Халық салымдарын сақтандыру қоры

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ

Коммерциялық кәсіпорын түрлерінің бірі ретінде банктік мекеменің өзіндік ерекшелігі оның ресурстардың басым бөлігі меншікті құралдардан емес, тартылған құралдардан құрылуында. Қаражаттарды тартуда банктердің мүмкіндіктері шектеулі және кез келген елде Орталық Банк тарапынан реттемеленеді. Банк капиталының мөлшері мен тартылған қаражаттар көлемі арасындағы ара қатынасты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі міндетті экокнкомикалық нормативтер арқылы реттейді.
Барлық банктік саясаттың маңызды құрамдас саясаты – бұл ресурстық базаның қалыптасу саясаты. Банк әрқашан пассивті операцияларын жүзеге асыру үрдісіндегі ресурстық базаның қалыптасуы банктің активті операцияларына қатысты бірінші әрі анықтаушы рөлді ойнайды. Банктік ресурстардың негізгі бөлігі бәрімізге белгілі депозиттік операцияларды жүргізу үрдісінде құрылады, осы операцияларды дұрыс әрі тиімді ұйымдастыруға кез келген несиелік ұйымның қызмет етуінің тұрақтылығы тәуелді. Осыған байланысты пассивтерді тиімді басқару арқылы ресурстар әлуетін өсіру және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету өзгеше өзектілік пен маңыздылықты иеленуде.
Біздің елімізде депозиттік саясаттың қалыптасу мәселелеріне қажетті көңіл аударылған жоқ екендігін белгілеуге болады. Бұл жоғары инфляция және арзан ресурстардың қолда бар болған кезде банктік ісметтерге сұраныс ұсынысқа қарағанда елеулі асты, ал осы шарттар банктік операциялар тәуекелінің табиғатын өзгерте отырып, жоғары пайда нормасын қамтамасыз етумен байланысты болды. Пайда нормасының төмендеуі, банкаралық несиелер және мерзімдік валюталық нарықта операциялары сияқты табыстың дәстүрлі көздерінің жоғалуы өздерімен тартылған қаражаттың құрылымын оңтайландыру және олар бойынша пайыздық шығындарды қысқартуда коммерциялық банктер депозиттік саясаттың қалыптасуын бірінші нөмерге шығарды. 1998 жылы болған банктік дағдарыс және одан кейінгі Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуы коммерциялық банктердің депозиттік саясатының рөлін көтерудің, сонымен қатар жетілдірудің қажеттілігін растады.
Осы жұмыстың теориялық және практикалық негізі ретінде, экономистердің еліміздегі мәселелерді зерттеген материалдары, Қазақстандық коммерциялық банктердің жұмысын талдау барысында алынған материалдар, статитикалық материалдар және мерзімдік басылымдардың мәліметтері табылады.
Зерттеу мақсатынан туындайтын негізгі міндеттер:
- ақша-несие қатынастары жүесіндегі «депозит» экономикалық категориясының мәні мен мазмұнын зерттеу;
- банктік депозиттердің жіктелуін қарастыру;
- халық қолындағы салымдарды коммерциялық банкке тартудағы бағыттарды жетілдіру жолдарын анықтау;
- коммерциялық банктің тұрақтылығын күшейту мақсатында оның депозиттік саясатын оңтайландырудың перспективалы бағыттарды анықтау;
- депозиттерді сақтандыру қорының қызметіне талдау жасай отырып, оны жетілдіру жолдарын анықтап беру.
Зерттеу пәні коммерциялық банктің депозиттік саясаты және оның қалыптасуы мен жүзеге асырылу үрдісіндегі экономикалық және ұйымдастырушылық қатынастары болып табылады.
Зерттеу объектісі. «АТФ Банк» ААҚ-ның қызметі
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» заңы. 24 желтоқсан 1996 жыл.
2. Қазақстан Республикасының «Банктер және банк қызметтері туралы» заңы. 31 тамыз 1995 жыл.
3. Қазақстан Республикасының «Төлемдер мен ақша аударымдары туралы» заңы. 29 маусым 1998 жыл.
4. 1995 жылдың 31 тамызынан № 2444 өзгерiстер мен қосымшалар енгiзiлген “Қазақстан Республикасындағы банктер және олардың қызметi туралы” заңдық күшi бар Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы.
5. Толық экономикалық, қаржылық-несиелік, банктік, салықтық-кедендік, сақтандыру, биржалық және кәсіпкерлік терминологиялардың орысша-қазақша сөздігі/ Сүлеймен Рыхымжанұлы Тоқсанбай. – Алматы: Сөздiк-словарь, 1999.-816 б.
6. VISA, Eurocard/ МasterCard халықаралық пластикалық карталарды беру тәртібі жөніндегі «АТФБанк»ААҚ нұсқаулығы. 9 шілде 1999жыл.
7. Абдильманова Ш.Р. Банковский маркетинг на рынке услуг населению. Алматы: Казахская Государственная Академия Управления. 2000 год. – 387с.
8. Алпамысов А.А. Управление депозитными ресурсами в Республике Казахстан. Автореферат. Алматы, 1998год. – 23с.
9. Бохаев Д.Т. Коммерциялық банктердің несие ресурстарын құрудағы депозиттер: проблемалары мен болашағы. Автореферат. Алматы, 2004 жыл-24 бет.
10. Батракова Л.Г. Экономический анализ деятельности коммерческого банка: Учебник для вузов. М.: Издательство Корпорация Логос, 1999 год. – 344с.
11. Казимагомедов А.А. Банковское обслуживание населения: зарубежный опыт. – М.: Финансы и статистика, 1999 год. – 256 с.
12. Киселев В.В. Управление банковским капиталом (теория и практика). – М.: ОАО Издательство Экономика, 1997год. – 256с.
13. Колесникова В.И., Кроливецкая Л.П. Банковское дело. М.: Финансы и статистика, 1999 год. – 464с.
14. Лаврушин О.И. Банковское дело. М.: Финансы и статистика, 1998 год. – 576с.
15. Морошкин В.А. Простые и сложные проценты. Методическое пособие по расчету: вкладов, кредитов, платежей. – М.: Издательство Акалис-Бизнес-книга, 1996 год.
16. Роуз Питер С. Банковский менеджмент. Представление финансовых услуг. – М.: Издательство Дело, 1997 год: - 768 с.
17. Сейткасимов Г.С., Шаяхметова К.О., Абдраимова Г.Т. Бухгалтерский учет и отчетность в банках. – Алматы: Ќаржы – ќаражат; Раритет, 2000 год. – 456 с.
18. Сейткасимов Ғ.С. Ақша Несие Банктер.Оқулық. – Алматы: экономика, 2001жыл. – 466 бет.
19. Сейткасимов Г.С. Бнаковское дело. – Алматы: Ќаржы-ќаражат, 1998 год. – 576 с.
20. Сейткасимов Г.С. Деньги, кредит, банки: Учебник. – Алматы: экономика, 1999 год.- 423с.
21. Сейткасимов А.Г. Управление банковской ликвидностью и методы ее анализа. – Алматы: Ќаржы-ќаражат, 1998 год. – 112с.
22. Финансы, денежное обращение и кредит: Учебник /Под ред. Сенчагова В.К., Архипова А.Н. М., 2000 год.
23. Акпеисов Б. Вклады населения и их защита. // Банки Казахстана, 2000 год, №9. – с.21
24. Ахметов А. Личная финансовая безопасность гарантируется. // Казахстанская правда от 27 марта 2001 года.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

БӨЛІМ І. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1. Депозит - коммерциялық банкте ресурстар базасын
құрудағы негізгі көзі ретінде
2. Банктік депозиттердің классификациясы
1.3 Коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың
қалыптасуының негіздері

БӨЛІМ ІІ. АТФБАНК ААҚ-НЫҢ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТЫ
2.1 Қазақстанның депозиттік нарығындағы
АТФБанктің рөлі
2.2 АТФБанк қызметінің жалпы сипаттамасы
2.3 АТФБанкі депозиттік саясатының негізгі қаржылық
көрсеткіштері мен қызметін талдау

БӨЛІМ ІІІ. ДЕПОЗИТТІК САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ
3.1 АТФБанк ААҚ-ның депозиттік саясатын
жетілдіру құралдары
3.2 Халық салымдарын сақтандыру қоры

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Коммерциялық кәсіпорын түрлерінің бірі ретінде банктік мекеменің
өзіндік ерекшелігі оның ресурстардың басым бөлігі меншікті құралдардан
емес, тартылған құралдардан құрылуында. Қаражаттарды тартуда банктердің
мүмкіндіктері шектеулі және кез келген елде Орталық Банк тарапынан
реттемеленеді. Банк капиталының мөлшері мен тартылған қаражаттар көлемі
арасындағы ара қатынасты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі міндетті
экокнкомикалық нормативтер арқылы реттейді.
Барлық банктік саясаттың маңызды құрамдас саясаты – бұл ресурстық
базаның қалыптасу саясаты. Банк әрқашан пассивті операцияларын жүзеге асыру
үрдісіндегі ресурстық базаның қалыптасуы банктің активті операцияларына
қатысты бірінші әрі анықтаушы рөлді ойнайды. Банктік ресурстардың негізгі
бөлігі бәрімізге белгілі депозиттік операцияларды жүргізу үрдісінде
құрылады, осы операцияларды дұрыс әрі тиімді ұйымдастыруға кез келген
несиелік ұйымның қызмет етуінің тұрақтылығы тәуелді. Осыған байланысты
пассивтерді тиімді басқару арқылы ресурстар әлуетін өсіру және оның
тұрақтылығын қамтамасыз ету өзгеше өзектілік пен маңыздылықты иеленуде.
Біздің елімізде депозиттік саясаттың қалыптасу мәселелеріне қажетті
көңіл аударылған жоқ екендігін белгілеуге болады. Бұл жоғары инфляция және
арзан ресурстардың қолда бар болған кезде банктік ісметтерге сұраныс
ұсынысқа қарағанда елеулі асты, ал осы шарттар банктік операциялар
тәуекелінің табиғатын өзгерте отырып, жоғары пайда нормасын қамтамасыз
етумен байланысты болды. Пайда нормасының төмендеуі, банкаралық несиелер
және мерзімдік валюталық нарықта операциялары сияқты табыстың дәстүрлі
көздерінің жоғалуы өздерімен тартылған қаражаттың құрылымын оңтайландыру
және олар бойынша пайыздық шығындарды қысқартуда коммерциялық банктер
депозиттік саясаттың қалыптасуын бірінші нөмерге шығарды. 1998 жылы болған
банктік дағдарыс және одан кейінгі Қазақстан Республикасының банк жүйесінің
дамуы коммерциялық банктердің депозиттік саясатының рөлін көтерудің,
сонымен қатар жетілдірудің қажеттілігін растады.
Осы жұмыстың теориялық және практикалық негізі ретінде, экономистердің
еліміздегі мәселелерді зерттеген материалдары, Қазақстандық коммерциялық
банктердің жұмысын талдау барысында алынған материалдар, статитикалық
материалдар және мерзімдік басылымдардың мәліметтері табылады.
Зерттеу мақсатынан туындайтын негізгі міндеттер:
- ақша-несие қатынастары жүесіндегі депозит
экономикалық категориясының мәні мен мазмұнын зерттеу;
- банктік депозиттердің жіктелуін қарастыру;
- халық қолындағы салымдарды коммерциялық банкке
тартудағы бағыттарды жетілдіру жолдарын анықтау;
- коммерциялық банктің тұрақтылығын күшейту мақсатында
оның депозиттік саясатын оңтайландырудың перспективалы
бағыттарды анықтау;
- депозиттерді сақтандыру қорының қызметіне талдау жасай
отырып, оны жетілдіру жолдарын анықтап беру.
Зерттеу пәні коммерциялық банктің депозиттік саясаты және оның
қалыптасуы мен жүзеге асырылу үрдісіндегі экономикалық және
ұйымдастырушылық қатынастары болып табылады.
Зерттеу объектісі. АТФ Банк ААҚ-ның қызметі.

БӨЛІМ І. коммерциялық банкте депозиттік саясат қалыптасуының
теориялық негіздері

1. Депозит коммерциялық банкте ресурстар базасын
құрудағы негізгі көзі ретінде

Банктік депозит (латынан depositum- сақталуға берілген зат) – бұл
банкке клиеттердің уақытша бос ақшаларын беру жөніндегі экономикалық
қатынас. Алайда депозит терминін түсіндіретін анықтамалар көп. Әлемдік
тәжірибеде депозит - бұл заңды және жеке тұлғалардың құралдарды салу
мерзіміне тәуелсіз қаржылық институтқа салу. Ал Казахстанда заңды
тұлғалардың салымдары депозит, ал жеке тұлғалардың– салымдар деп аталады.
Есеп-айырысу және ағымдағы шоттардағы қалдықтар депозит болып саналмайды .
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау – коммерциялық банктердің
алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталымен
тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал – банктің несиелік
ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық
ресурстарының тек 10%-ын құрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда
қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы
мынандай жағдайлармен түсіндіріледі: біріншіден, банктер қаржылық
нарықтарда қаржы делдалы ретінде басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және
халықтың уақытша бос қаражат сомасын депозит түрінде жинақтайды, осы
жағдайда оларды тиімді басқарады, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін
қамтамасыз етеді және пайдалық негізде қарызды қарыз алушыға ұсынады.
Екіншіден, депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі болады, бұл слымдарды
жаппай кері алу қауіптігін төмендетеді. Үшіншіден банктерге тартылатын
депозиттер басқа кәсіпорындардың материялдық объектілерінде орналастырылған
активтеріне қарағанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтімді және нарықта оңай
өткізіледі. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда осы барлық міндеттемелер
коммерциялық банктарге меншікті капиталдың тартылған өзара қатынасында өз
міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне мүмкіндік береді. Ең
алдымен меншікті капитал банк қызметін бастау үшін қажет.
Жоғарыда айтылып өткендей, банктер өздерінің активтік операцияларын
жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90%-нан жоғары бөлігін
пайдаланады, сондай-ақ банктер өз клиенттерінің уақытша бос ақшалай
қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін
депозиттер құрайды.
Каценеленбаум З.С. банктік депозиттің мәнін зерттей отырып оның қос
табиғатында тұжырымдалатын ерекшеліктерін атап көрсетеді: Депозиттер
салымшы үшін әлуетті ақша болып табылады... Салымшы үшін олар екі рөлде
шығады: бір жағынан ақша рөлінде, екінші жағынан пайыз әкелетін капитал
рөлінде... бірақ капитал әкелетін пайызға қарағанда депозит аз пайыз
әкеледі. Бұл төменделген пайыз – кездейсоқ құбылыс емес, банк табиғатының
маңызды мезеті. Өйткені банк табиғатының бүкіл мәні мынада: депозит бойынша
төленетін пайыз банк әртүрлі кәсіпорындарға салған капитал үшін
алатынпайызға қарағанда төмен. Пайыздардағы бұл айырма активті операциялар
бойынша алатын пайыздардың ¼ бөлігін құрайды.
Сонымен, депозит тек қана салымшы үшін ғана емес, және банк үшін
тиімді. Көптеген депозиттер банкке несие капиталды құруға ықпалын тигізеді,
банк кейін бұл несие капиталын тиімді шарттарда шаруашылықтың кез келген
аясына орналастырады. Депозиттер бойынша пайыздармен және қарызгерлер
төлейтін пайыздар арасындағы айырма – банк атқарған бос ақша қаражатты
тарту және несие капиталын орналастыру жұмыстары үшін сыйақы болып табылады
13, 138бет.
Банк үшін пассивті операциялар маңызды орын алады. Пассивтіге пассивті
шоттағы ақша қаражаттардың ұлғаюына әсер ететін банк операциялары жатады.
Осылардың көмегімен банктер ақша нарығындыа несие ресурстарын таба алады.
Коммерциялық банктердің 4 түрлі пассивті операциялары бар:
1) бағалы қағаздардың алғашқы эмиссиясы;
2) қор құруға немесе ұлғайтуға банк табысынан аударым;
3) басқада заңды тұлғалардан алынған несиелер мен борыштар;
4) депозиттік операциялар.
Пассивті операциялар айналымда бола отырып банкке ақша қаражаттар
тартуға мүмкіншілік тудырады. Жаңа ресурстар банк жүйесінде активті
операциялар нәтижесінде құрылады. Алғашқы екі пассивті операциялар (1,2)
түрімен бірінші ірі несиелік ресурстар тобының меншікті ресурстары
құрылады.Келесі екі пассивті операциялар (3,4) түрі екінші ірі ресурстар
тобын - қарыздық немесе тартылған несиелік ресурстарды құрайды.Банктің
меншікті ресурстары банк капиталы мен оған теңестірілген баптарын
көрсетеді. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының ролі мен көлемі
түрлі басқа қызметтермен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдардан
ерекшеленетін айрықша өзгешелікке ие. Банктер меншікті капиталы арқылы
қаражаттарының жалпы қажеттілігінің 10%-дайын жабады. Жалпы мемлекет
банкткрдің меншікті ресурстары мен тартылған ресурстарының арасындағы
қатынастың шекті мөлшерін белгілейді. Қазақстанда банк ресурстарының
арақатынасы белгіленген. Яғни коммерциялық банктердің тартылған қаражаты
меншікті капиталынан аспауы керек.
Банктің меншікті капиталының мәні оның тұрақтылығын ұстау болып
табылады. Банкті құру кезіндегі банк онсыз қызметін бастай алмайтын алғашқы
шығындарын (жер, ғимарат, жабдықтар, жалақы) дәл осы меншікті қаражаты
жабады. Меншікті ресурстар арқылы банктер өздеріне қажетті қор құрады.
Нәтижесінде, меншікті капитал ұзақ мерізімді активтерге салынытын салымның
негізгі көзі болып табылады.
Банктің төртінші пассивті операциялар тобы банктік тәжірибеде негізгі
болып табылатын – депозиттік операциялар. Бұл коммерциялық банк қызметіне
еркін нарықтағы несиелік ресурстарды сатып алуына делдал ретінде қатысады.
Депозит экономикалық категория ретінде жинақ ақшаның құрамдас бөлігі
болып табылады. Бірақ, егер жинақ ақша табыстары бөлу және қайта бөлумен
тығыз байланысты болса, депозит қайта бөлу қатынастары аясын қамтиды.
Депозиттер деп депозиттік операциялардың субъектілері – жеке және
заңды тұлғалардың депозиттік шотқа белгілі-бір мерзімге немесе талап
еткенге дейін салған ақша қаражаттарының сомасын айтамыз.
Егер Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының дамуы
жағдайындағы депозиттік нарықтың даму ерекшелігін ескеретін болсақ, онда
депозит анықтамасы келесідей болып түсіндірілуі керек:
Депозит дегеніміз коммерциялық банктерге белгілі-бір мерзімге және
мерзімсіз, қайтарылу шартыменен, пайызы төленуі тиіс болып, сақтандырыла
отырып салынған кәсіпорындардың ақша қаражаттары.
Банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда
табу мақсатында орналастыру жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады.
Депозиттік операциялар банктік ресурстардың бос ақша нарығында ресурстарды
иемденуде инвесторлармен құралдарды пайдаланушылар арасындағы делдал
ретіндегі банк қарекетін көрсетеді. Депозиттерді тарту арқылы банк
клиенттерге, басқа банктерге несие беру мүмкіндігін арттырады, ал бұл табыс
алуға негіз жасайды. Депозиттік операциялар бұл – салымға ақша қаражатарын
тарту (пассивті депозиттер) немесе қолда бар құралдарды басқа банктер
немесе несие-қаржылық институттарда орналастыру бойынша (активті депозит)
операциялар. Депозиттік операциялар негізінде банктің несиелік
ресурстарының басым бөлігі құралады. Депозиттік операциялар заңды және жеке
тұлғалардың уақытша бос ақшаларын жұмылдыру бойынша маңызды дәстүрлі банк
операцияларының біріне жатады.
Депозиттік операциялардың негізінде коммерциялық банктердің несилік
ресурстарының негізгі бөлігі құралады.
Депозиттердің келесідей қызметтерін атап айтуға болады:
1) Коммерциялық қызмет – жеке және заңды тұлғалардан ақша
қаражаттарын депозитке белгілі бір мүдде төлеу шартымен тарта отырып оны
осы қаражаттар қажет болып отырған тұлғаларға өзінің белгілі үстеме ақысын
қолдана отырып сатады. Банктің осы қатынасы оның коммерциялық банк деген
атына негіз болады.
2) Ынталандыру қызметі – депозиттік салымдардың әр түрлі шартпен
құрылуы, салымдардың белгілі бір шарттағы салым түріне ақша қаражаттарын
сала отырып табыс алуға деген қызығушылығын тудырады. Ол табыс ақша
қаражаты, несие алу мүмкіндігі және белгілі бір сыйлық есебінде алу түрінде
болады.
3) Қорлану қызметі - депозитке тартылатын қаражаттар ақша
түрінде болғандықтан, ол банктің белгілі бір қорларын құруға негіз болады.
Олар – банктің өсімділігін жоғары деңгейде ұстап тұруға негізделген қорлар.
Бұл қорларды коммерциялық банк реттеуші органдардың талап етуімен және өз
қызметін тиімді атқару үшін өз еркімен құрады.
4) Банк ресурстарын құру қызметі – депозиттік салымдар тарихи
қалыптасуы бойынша олар банктік ресурстарды құрудың негізгі көзі болып
табылады. Өйткені бұл ресурстар банк үшін арзан және әр уақытта бар болып
тұратын қаражаттар. Депозиттік қаражаттар банктің пассивтерінің 70-80 %
құрайтын ресурс болғандықтан олар активтік операцияларды жүргізуге қажетті
банк ресурстарының негізін құрайды.
Коммерциялық банктердің несиелік ресурстары дегеніміз – бұл оның
жарғылық капиталы мен басқа да пассивті операциялары нәтижесінде құралған
және уақытша бос тұрған ақшалай қаражаттарының жиынтығы.
Банктің несиелік ресурстары – бұл меншікті капиталдың және тартылған
қаражаттардың ақшалай түрдегі активті-несиелік операцияларға бағытталатын
бір бөлігі. Несиелік ресурстар несиеге берілген уақытында олар банкке
ресурс болудан қалады және олар қор емес (клиент қайтарымдылығы – тәуекелді
операция), ол орналастырылған несиелік ресурстарға айналады.

1.2. Банктік депозиттердің классификациясы

Банктік депозиттер бірнеше критерийлер бойынша жіктеледі: ақшаны алу
нысыны бойынша (сурет 1), салымшылар категориясы бойынша (сурет 2),
мақсаттық арналуы және табыстылық дәрежесі бойынша.
Коммерциялық банктерде депозиттердің әртүрлі критерийлері бойынша
жіктелуі реті 1,2 суреттерде көрсетілген.
Талап еткенге дейінгі депозиттер- белгісіз уақытта салымшылардың
ағымдағы, есеп айырысу шоттарында болатын ақшалай қаражаттар, олар банкті
алдын ала ескертусіз кез клген уақытта салымшылармен алынуы немесе басқа
шотқа аударылуы мүмкін. Әдетте банк талап еткенге дейінгі салымдар бойынша
ең төмен процент төлейді, ал кейбір жағдайларда олар бойынша сыйақы мүлдем
төленбйді. Кейбір мемлекеттерде пайыздарды есептеуге заңды тәртіппен тыйым
салынған. Талап еткенге дейінгі депозиттер бірінші кезекте ағымдағы есеп
айырысуларды жүзеге асыру үшін арналған. Шот иесі оларды әр түрлі
формаларда – қолма-қол ақшалармен, чектермен, аударымдармен жүргізе алады.
Осындай шот ашып клиент банкке өзінің төлем операцияларын техникалық
жүргізуге сенім білдіреді. Банктерде күнделікті төлем операцияларын
жүргізу біраз шығындарды талап етеді, алайда ЭЕМ-ді, компьютерлік
техникаларды қолданумен ол біршама азайды, әйтседе ол банктердің
шығындарының маңызды факторы болып табылады. Клиенттің шоты бойынша
күнделікті банкте жүздеген немесе мыңдаған бухгалтерлік өткізбелер
жасалынады. Талап еткенге дейінгі шоттарды иеленуші клиенттерді жалпы
қарастыратын болсақ, олар өз шоттарындағы бар ақшалай қаражаттарды ағымдағы
есеп айырысулар үшін толықтай пайдаланбайды, ал бұл банк шығындарын көп
немесе аз дәрежеде компенсацияландырады. Банктің коммерциялық мақсаттары
үшін банкімен пайдаланылатын тұрақты қалдық қалады, сондай-ақ ол пайда табу
мақсатымен қарызға берулуі мүмкін.

Кері алу нысаны бойынша депозиттер

1-сурет

Салымшылар категориясы бойынша депозиттер

2-сурет

Ол банктің көптеген клиенттері өздерінің ағымдағы шоттарынан қаражаттарды
үнемі алып және оны бірнеше күннен немесе аптадан кейін қайтадан толтырып
отырулары нәтижесінде қалыптасады. Бірақ көптеген клиенттер өз
міндеттемелерін төлеу үшін салымның бүкіл сомасын алмайды.Бұл экономиканың
айналымдық сипатына негізделеді. Осы қаражаттар қалдықтары мен талап
еткенге дейінгі шоттар 60, 90, 120 күнге вексельге немесе нақты несие бере
алады.
Талап еткенге дейінгі салымдар депозиттік немесе контокоррентік
шоттарды орналастыруы мүмкін. Олардың арасында айырмашылықтар бар.
Депозиттік шот жағдайында клиент шоттағы қалдық сомасын ғана алуы немесе
аударуы мүмкін, сондай-ақ ол өз салымдарын иемдене алады. Ал
контокорренттік есеп шоттарда теріс немесе оң қалдықтар болуы мүмкін.
Клиент кез келген уақытта шоттан өз салымын алып қана қоймай, ол белгілі
бір уақытқа несие алуы мүмкін. Алайда, тәжірибеде бұл айырмашылық бірте-
бірте шегеріледі. Қазіргі кезде клиент келісім бойынша депозиттік шоттардан
несие алуы мүмкін. Бұл шоттар АҚШ-та трансакциялық немесе чектік шоттар деп
аталады, сондай-ақ оларға чек жазылып берілуі мүмкін.
Бұл шоттардың жоғары өтімділігі, төлем құралы ретінде оларды үздіксіз
пайдалану мүмкіндіктері олардың басты артықшылығы болып табылады, негізгі
кемшілік (салымшы үшін) – шот бойынша төмен пайыз немесе пайыздарды
төлеудің жоқ болуы. Бұл шоттардың ерекшелігі банк мерзімді салымдарға
қарағанда орталық банкте ең төменгі резервтерді көбірек сақтауға міндетті
және ол шоттардың иелері шотты пайдаланғаны үшін банкке комиссия төлейді.
АҚШ-та талап еткенге дейінгі шоттарға пайыздарды коммерциялық
банктерге төлеуге заң бойынша тыйым салады. Коммерциялық банктер өз
салымшыларын сақтап қалу мақсатымен депозиттік шоттың жаңа түрін
салымшыларға ұсынады, ол бір жағынан жоғары өтімділік деңгейін, шоттарды
есеп айырысу үшін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етсе, ал екінші жағынан
салымшыларға белгілі бір табыс алуды қамтамасыз етті. Бұл шот – наушот деп
аталады. Ол тек жеке тұлғаларға ғана ашылады. Бұл үшінші тұлғаға төлемдер
үшін пайдалануы мүмкін есеп айырысу траттасы немесе қаражаттарды алу туралы
бұйрыығы, сондай-ақ ол чектер сияқты есеп айырысу тратталарын беруге
болатын депозитті шот, ол бойынша нарықтық мөлшерлеме пайыздық төлемдер
түрінде табыс алуға болады. 1981 жылдан бастап заң арқылы АҚШ-тың бүкіл
аймағында шоттың бұл формасы рұқсат етілді.
Депозиттердің екінші тобын мерзімді салымдар құрайды. Терминнің өзінен
көрініп тұрғандай, мерзімді салымдар белгілі бір айдан жоғары мерзімге
орналастырылады. Салымшы үшін ақшаларды ұзақ мерзімге салудың мәні жоғары
пайыздарды табу болып табылады. Сондай-ақ банк үшін бұл депозит тиімді,
өйткені ол жоғары пайыз табумен қандай-да бір қарыз алушыға қарыздарды
ұсыну үшін осы қаражаттарды ұзақ уақыт бойы иемдене алады. Мерзімді
салымдар талап еткенге дейінгі шоттарда орын алатын ағымдағы төлемдер үшін
пайдаланылмайды. Мерзімді салымдар меншікті мерзімді салымдар және кері алу
туралы ескертуі бар мерзімді салымдар болып бөлінеді. Меншікті мерзімді
салымдар шот иелеріне алдын ала белгіленген күні қайтарылады, ал осы күнге
дейін банк оларды өз қалауы бойынша иемденеді. Егер шот иесі белгіленген
күні соманы кері алмаса, онда оны сол күннен кейін ағымдағы шот секілді
пайдаланады, сондай-ақ ол өз ақшаларын кез келген келесі күндерде кері ала
алады.
Ескертуі бар мерзімді дапозиттерде салымшының ақшаларды кері алу
туралы арнауы арызын банкке алдын ала түсіруі талап етіледі. әдетте ескерту
мерзімдері – 1 айдан 3 айға дейін, 3 айдан 6 айға дейін, 6 айдан 12 айға
дейін және 1 жылдан жоғары. Ескерту мерзіміне байланысты сәйкес пайыздық
мөлшерлемелер белгіленеді. Көбінесе тәжірибеде алдын ала ескертуге
(хабарламасы бар) мерзімді депозиттер қолданылады.
Депозиттердің үшінші түрі – жинақ салымдары. Олардың кеңірек тараған
түрі кәдімгі жинақ шоты немесе жинақ кітапшасы бар шот деп аталатын жинақ
салымы. Шот иесі шотқа ақша салу немесе одан кері алу үшін жинақ
кітапшаларын міндетті түрде ұсынуы керек. Депозиттердің басқа түрлеріне
қарағанда жоғары пайыздарды төлеуінің жинақ салымдарын құнтты демеу және
салымшылардың жинақтарын банктерде сақтауды ынтыландыру үшін пайдаланады.
Халық пен коммерциялық емес ұйымдар кәдімгі жинақ салымдарын кеңінен
қолданады. АҚШ-та корпорациялар, фирмалар және басқа да коммерциялық
ұйымдар үшін шоттың шекті сомасы 150 мың долларға белгіленген.
Халықтың салымдарын тарту мақсатында жинақтардың түрлі формалары
қолданылады: ұтысқа, сыйлыққа, жастарға мақсатты және т.б. Әдетте олар
халыққа қосымша қызметтерді (почталық, телеграфтық, саудалық және т.б.)
ұсынулармен бірге жүреді. Жинақ шоттарының тұрақты мерзімі болмайды және
шот иесінен ақшаны кері алу туралы алдын-ала ескерту талап етілмейді, олар
бойынша чектер берілмейді.
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері депозиттік
операцияларды Конституцияға, Қазақстан Республикасындағы банктер және
банктік қызмет туралы №2444 1995ж. 31 тамыздан , Салықтар және бюджетке
басқада міндетті төлемдер туралы 1995 ж. 24 сәуірден, валюталық реттеу
туралы 1996 ж.24 желтоқсанынан заң күші бар Қазақстан Республикасының
Президент жарлықтарына, Ұлттық Банктің екінші деңгейдегі банк клиенттерінің
банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулыққа сәйкес
жүзеге асырады.
Депозиттік немесе жинақ сертификаты – бұл банк-эмитенттің ақша
қаражаттардың салынуы туралы жасбаша куәлігі, бұл куәлік салымшының ақша
қаражаттарын белгіленген мерзімнің өтуі және пайыздары бойынша алуға
құқығын куәландырады. Сертификаттар сатылған тауарлар мен қызметтерге есеп
айырысу немесе төлем құралы ретінде шыға алмайды. Депозиттік сертификаттар
ірі сомаларда шығарылады және заңды тұлғалар үшін. Табысталмайтын
депозиттік сертификаттар салымшыда сақталады және уақыты өтуі бойынша
банкке ұсынылады. Табысталатын депозиттік сертификаттар қайталама нарықта
сатып алу-сату жолымен үшінші тұлғаға беріле алады. Депозиттік
сертификаттар 14 күннен 18 айға дейінгі мерзімге шығарылады. Жинақ
сертификаттары жеке тұлғаларға сатуға арналған. Мерзімдік жинақ
сертификаттардың айналыс мерзімі егер олардың шығарылу шарттары Ұлттық
Банкпен келісілген болса 1 жылдан 3 жылға дейін. Егер депозит немесе
сертификат бойынша салымды алу мерзімі өткен болса, онда осындай сертификат
талап ету құжаты болып қалады. Банк онда көрсетілген соманы иемденушінің
бірінші талабы бойынша төлеуге міндетті. Жинақ сертификаттары тек қана жеке
тұлғаға ғана табыстала алады
Жоғарыда қарастырылған депозиттер банктік ресурстардың басты көзі
болып табылады. Коммерциялық банктерде салымдар құрылымы ақша нарығы
конъюктурасына және салымдар бойынша пайыздың мөлшерін мемлекеттік
реттеуге тәуелді өзгереді. Депозиттермен байланысты пассивті операцияларды
жүргізе, банк менеджерлері салымдардың әртүрлі категориясы бойынша
шығындар көлемін, мүмкін болатын тәуекелдерді ескере отырып салымдарды
тарту және олардың құрылымын оңтайлатуға күш салады.
Банктер және басқа қаржылық құрылымдар арасында заңды және жеке
тұлғалардың салымдары үшін бәсекелестің шиеленісуі депозиттердің және
оларға бағалардың және қызмет көрсету әдістерінің көптеген түрлерінің пайда
болуына әкелді. Шетел мамандарының деректері бойынша, қазіргі уақытта
дамыған елдерде 30-дан астам банктік салымдардың түрлері бар. Олардың әр
біреуі өзінің ерекшелігін иемденеді, бұл клиенттерге оның мүддесі мен
мүмкіндігі бойынша ақша қаражаттарды жинақтау және тауарлар мен қызметтерге
төлеудің аса тиімді нысанын таңдауға мүмкіндік береді.
Пассивтерді басқару тұрғысынан қарағанда активті операцияларды кеңейту
және ең жақсы тәсілмен пайда алу үшін депозиттердің негізгі түрлерін;
оларға талап еткенге дейінгі және мерзімдік депозиттердің түрлерін
көбейтіп, әртараптандыру қажет. Мерзімдік депозиттерді тарту арқылы банк
балансының өтімділігінің қамтамасыз етілуі шешіледі, ал талап етілмелі
салымдар ең арзан ресурстар болғандықтан олардың көмегімен пайда алынады,
өйткені клиенттердің ағымдағы және есеп айырысу шоттарына қызмет ету
бойынша шығындар төмен.
Қаржылық ресурстардағы талап етілмелі депозиттердің үлесін ұлғайту
жолымен банк пайыздық шығындарды азайтады, бұл банктік активтерде осы
қаражаттарды пайдаланудан банкке аса жоғары пайда алуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар есеп айырысу шоттары – бұл пассивтердің молжаға
болмайтын элементі. Сондықтан қарыз капиталындағы олардың жоғары үлесі банк
өтімділігін қатты әлсіздендіреді. Осыған байланысты басқарудың басты
міндеті болып банктің депозиттік базасының оңтайлы құрылымын анықтау
табылады. Банктік жүйеде депозиттердің құрылымы мен көлеміне үкіметтің ақша-
несиелік және салықтық саясаты шешуші әсер тигізеді. Және банктік
менеджментің сапасы да айтарлықтай маңызды мәнді иеленеді 22, 369 бет.

1.3 Коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың қалыптасуының
негіздері

Банк жүйесінде аса жоғары бәсекелестік шарттарында коммерциялық
банктер халықтың жинақтарын тарту бойынша белсеңді қарекетті жургізуде.
Қарекетті тиімді әрі ойдағыдай жүргізу үшін банктер бәсекелестік
шарттарындағы даму жолдарын дайындау керек.
Кез келген жағдайға бейімделу, банк құралдарын тиімді басқару және
нарықтық ағымдарды айқын көру – бұл қазіргі уақытқа сай экономиканың даму
шарттарындағы коммерциялық банктерге талаптарының кейбіреулері болып
табылады. Тұрақты банк жүйесін құру республика халқының сенімділігін
арттыруға және халықаралық қаржылық нарықтарға аса қарқынды
интеграциялануға мүмкіндік береді.
Осылайша, депозиттерді тарту бойынша коммерциялық банк қаректіндегі
анализ бар мәселелерді жақсы танып білуге және одан әрі стратегиялық даму
бағдарламасын жасауға мүмкіндік береді.
Депозиттік нарықтың даму мәселелерін анықтау мақсатында SWOT-талдау
жүзеге асырылды. SWOT-талдау - бұл депозиттік операцияларды жүргізуде
әлсіз және күшті жақтар, мүмкіндіктер мен қауіптерді талдау.
Коммерциялық банктерде ішкі және сыртқы орта бар, онда өзгерістер
болады. Ішкі орта (немесе микродеңгей) өзіне қаржылық менеджмент, кадр
менеджменті және банктік маркетингті қосады. Сыртқы орта (немесе
макродеңгей) тікелей әсер ету және жанама әсер етудің сыртқы орталарынан
тұрады. Тікелей әсер етудің сыртқы ортасына салымшылар: жеке және заңды
тұлғалар, бәсекелестер кіреді. Жанама әсер етудің сыртқы ортасы келесі
факторлардан тұрады: экономикалық, демографиялық, әлеуметтік, географиялық.
Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының мәнін зерттей отырып,
келесідей сұрақтарды қозғау қажет: депозиттік саясаттың субъекттері мен
объекттері, оның құрылу принциптері, сонымен қатар қалыптасу кезеңдері.
Коммерциялық банктің депозиттік саясатының субъектілері құрамына
банктің клиенттері, коммерциялық банктер және мемлекеттік мекемелер.
Депозиттік саясаттың объектілеріне банктің тартылған қаражаттары және
банктің қосымша қызметтері (кешендік қызмет көрсету).Банктің депозиттік
саясаттың субъектілері мен объектілерінің классификациясы 3-суретте
көрсетілген
Коммерциялық банктің депозиттік саясатының қалыптасу негізінде
принциптердің жалпы және айрықшалықты түрлері жатыр, бұл 4-суретте
көрсетілген.
Депозиттік саясаттың жалпы принциптеріне Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банктің макроэкономикалық деңгейде жүргізетін мемлекеттік ақша-
несиелік саясаты үшін де, және әрбір нақты коммерциялық банк деңгейінде
жүргізілетін саясат үшін бірыңғай принциптер жатады. Оларға ғылыми
негізділікке, оңтайлылыққа және тиімділікке кешендік тәсілдеме
принциптерін, сонымен қатар банктің депозиттік саясаттың барлық
элементтерінің бірлігін жатқызуға болады. Кешендік тәсілдеме банктің
депозиттік саясатының теориялық негіздері мен басым бағыттарын әзірлеуде,
сондай-ақ банк дамуының кезеңі үшін ең тиімді және оңтайлы тәсілдер мен оны
жүзеге асырудың әдістерін анықтауда көрінеді.
Коммерциялық банктің депозиттік саясатының субъектілері мен объектілерінің
құрамы

3-сурет
Депозиттік саясаттың айрықшалықты принциптеріне банк шығындарының
оңтайлы деңгейін, депозиттік операцияларды жүргізудің қауіпсіздігін,
сенімділігін қамтамасыз етудің принциптері жатады, өйткені уақытша бос ақша
қаражаттады кейін оларды орналастыру мақсатында шоғырландыра отырып, банк
өзінің қызметін жүзеге асыратын нарық реалийін ескереді.
Анықталған принциптерді ұстану банкке депозиттік үрдісті
ұйымдастыруда стртегиялық және тактикалық бағыттарын әзірлеуге мүмкіндік
береді.

Коммерциялық банктің депозиттік саясатын құру принциптері.

4-сурет
Депозиттік саясаттың қалыптасуы келесі үш кезеңде жүзеге асырылуы
тиіс:
1. Зерттеу кезеңі.
2. Жоспарлау кезеңі.
3. Шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру кезеңі (5-сурет).

Депозиттік саясат қалыптасуының кезеңдері

Зерттеу кезеңінде банк клиенттердің қажеттіліктерін зерттейді, яғни
депозиттердің қандай түрлері аса тартымды, қандай пайыздық
мөлшерлемелерді депозиттің қай түріне орнату керек. Бұның барлығын жүзеге
асырғанда операцияларды жүргізү бойынша банк мүмкіндіктерін ескеру керек.
Бұл кезеңде сондай-ақ банк нарықты талдау мен зерттеуді жүзеге асырады,
оған нарықтың қоршаған ортасын және бұл нарықта банктің орны рөлін талдау
жүзеге асырылады. Яғни банктің географиялық орнын, клиенттерге
жақындығын, филиалдық желістің жеткіліктігін, қала немесе ауылдық жер,
бәсекелестердің болуын зерттеу және оларды депозиттік саясатты жасаудың
бастапқы кезеңінде ескеру қажет.

Жоспарлау кезеңінде банк депозиттік операциялар бойынша пайданы
бағалау және талдау жүргізеді, мүмкін болатын тәуәкелтерді жоспарлайды,
көрсететін қызмет ассортиментін кеңейтеді т.с.с.

Шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру кезеңі – аса маңызды әрі
жауапты кезең, өйткені бұл кезеңде жоспарланған кезеңде депозиттер қандай
көлемде тартылатындығы шешіледі. Мұнда депозитке құралдарды тарту
процедурасы банк персоналының клиенттермен ойдағыдай жұмысы:
депозиттердің түрлері, мерзімі және артықшылықтары бойынша анықтаушылық
жұмысы маңызды рөл ойнайды. Бұл кезеңде тағы маңызды рөлді жарнама және
жарнамалық компанияның өндірісі атқарады және соңғысы қаржылық құралдарды
аса рационалды пайдалану үшін активтер мен пассивтерді дұрыс әрі тиімді
басқару және тартылатын құралдар мен салынатын құралдар арасында
дисбаланстың қысқаруы банкке тәуелді.

Депозиттік саясатқалыптасуындағы кезеңдер негізінде коммерциялық
банктерде депозиттік саясаттың қалыптасу стратегиясы ұсынылады.

Ұсынылатын стратегия депозиттік нарық мәселелерін зерттеунегізінде
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерге енгізу үшін жасалған.
Банк А мысалында қарастырайық, бұл стратегия барлық банктерге
қолданылыста бола алады. Стратегия негізгі үш кезеңдерде қолданылады және
өзіне бірнеше блоктарды қосады.

2,1-кесте

Депозиттік саясаттың қалыптасу
стратегиясы (А банкінің мысалында)

А Банкі
1. Депозиттік ісметтер нарығында А банкінің рөлі.
2. Депозиттерді тарту бойынша А банкінің негізгі мақсаттары.
3. А банкіндегі негізгі мәселелер.
4. Депозиттік операциялар бойынша бар және мүмкін болатын тәуеклдердің
талдау.
5. Банкке әлуетті және жеңа клиенттерді тарту мүмкіндіктерін талдау.
6. А банкінің депозиттік портфелінің қалыптасуы.
7. Қаржылық нәтижелерді талдау.

1. Депозиттік ісметтер нарығында Банк рөлі.
Басты әрі маңызды мәселе болып Банк ісметтері нарығында Банк рөлін
анықтау болып табылады. Банк жуйесінде Банк қандай орынды алатынды
анықтауға байланысты оған әрі қарай қойылған тапсырмалардың орындалуы
тәуелді. Бұл кезеңде бәрінен бұрын банк қарекет концепциясын жасап, өзін
көрсету керек. Бәсекелестер, салымшылар және банктің қызметкерлері бұл
үрдістің тікелей қатысушылары болып табылады. Яғни олардың көзқарастарын
және ойлаған келешектегі мақсаттарды анықтау үшін басшылыққа алу керек.
2. Депозиттерді тарту бойынша Банктің негізгі мақсаттары.
Банктің негізгі мақсаттары болып:
- халық пен кәсіпорындардандепозиттерді тарту;
- халыққа қызмет көрсету жүйесін жетілдіру;
- депозиттерді сақтандыру жүйесін жетілдіру;
- дапозиттермен жұмыс істеу бойынша әріптестерге кәсіби білім беру;
- банктік технологияларды жетілдіру және т.с.с..
3. Банктегі негізгі мәселелер.
Банктерде депозиттік операциялар жұмысы бойынша кездесетін
мәселелер.

Ішкі мәселелерге:

- депозиттік операциялар бойынша тәуеклдерге;
- кадр менеджментінің жеткіліксіз дамуы;
- жарнаманың жеткіліксіз болуы.
Сыртқы мәселелерге:

- депозиттік нарықта бәсекелестің жоғары болуы;
- шетел валютасының курстық айырмасының өзгеруі;
- өндірістік сектордың дамуының жеткіліксіздігі;
- халықтың әлеуметтік қорғануының жеткіліксіздігі.
4. Депозиттік операциялар бойынша бар және мүмкін болатын тәуеклдерді
талдау.
Банкке депозиттік операциялар бойынша, сондай-ақ клиенттер тобы
бойынша тәуеклдерді бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалану қажет, әдістер
белгілі бір кезең ішінде рестурстардың жалпы сомасының ауытқуын аңғаруға
мүмкіндік береді.

5. Банкке жаңа клиенттерді тарту мүмкіндіктер мен әлуетті клиенттерді
талдау.
Банк жеке және заңды тұлғалар депозиттері нарығында қандай
позицияларды алатынын талдауы қажет. Азаматтардың салымдары өзінің
экономикалық табиғаты жағынан және банктің өзі мен тұтастай несиелік жүйені
несиелік ресурстар қамтамасыз етуде рөлі бойынша біртекті емес. Мысалы:
талап етілмелі салым ақша базасында және қолма-қолсыз төлемдік айналым
шоттарында дамыса, оларды жинақ салымдарынан ерекшелеу қажет, олардың бас
функциясы болып ақшалай жинақтарды ұйымдастыру болып табылады. Соңғысы өз
кезегінде екі негізгі нысанда: жинақ ақша салымы және жинақ ақша
сертификаты нысанында шығады.

6. Банктің депозиттік портфелінің қалыптасуы.
Банк үшін құралдарды тартудың негізгі көзі болып клиенттер депозиты
табылады, олар барлық міндеттемелер сомасының үлкен бөлігін құрайды. Осыдан
тыс банк қаржыландыру көздерін ұлғайту бойынша адымдар немесе амалдар
жасауға борышты.

7. Қаржылық нәтижелерді талдау.
Қаржылық көрсеткіштердің есеп-қисапы негізінде мамандармен жасалады.

Осылайша, депозиттік саясаттың қалыптасу стратегиясын таңдау және
жүзеге асыру әр банктің айрықша құзыреті болып табылады. Бұл стратегияның
әрбір адымы өзінің ерекшеліктерін иемденеді, бұларды банк нарыққа шығарарда
талдауы қажет 34, 31-37бет.

Коммерциялық банктің депозиттік саясатының құрамдас бөлігі – бұл
тарифтік (пайыздық) саясат, өйткені депозиттік пайыз ресурстарды тартудың
тиімді құралы болып саналады.

Депозиттер бойынша пайыздар тіркелген және қалқымалы болып жіктеледі.
Әлемдік тәжірибеде пайыздық мөлшерлеменің ең тараған түрлері LIBOR, PIBOR,
NIBOR және MIBOR. Бұл нарықтық конъюктура ыпалынан құрылатын базистік
пайыздық мөлшерлемелер. Ең көп қолданылатын мөлшерлеме – LIBOR, өйткені ол
халықаралық

Пассивті операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемелердің саралануы
жүргізіледі, соның ішінде халықтың төмен деңгейін әлеуметтік экономикалық
қорғауды күшейту мақсатында салымшылардың топтары бойынша сараланады.

Депозиттерге пайыздық мөлшерлемелердің қалыптасуында банк өзіне алатын
тәуекел дәрежесі мен маркетинг стратегиясы және банк міндеттері маңызды
рөл ойнайды. Банктер пассивтеріндегі депозиттер үлесін түсіргісі келсе,
пайыздық төлемдер деңгейін түсіреді, және керісінше көлемі бойынша үлкен
депозиттерді және ұзақ мерзімге тартуға мүдделі банктер клиенттерге
пайыздың жоғары мөлшерлемесін ұсынады, өйткені банк ресурстарының
қалыптасуындағы мерзімдік депозиттердің басымдылығы өтімділік пен
төлемқабілеттіліктітиімді басқаруға мүмкіндік береді. Жинақтық пассивтерде
мерзімдік депозиттердің ұсынбалы үлесін – 60% құрайды. Мерзімдік депозиттер
несиелік ресурстардың болжанатын бөлігі болып табылады, бұл ұзақ мерзімге
сәйкес аса жоғары пайызбен несиелендіруді жүзеге асырады.12, 88 бет.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Басқармасының 1999жылы 20
қазанда бекітілген №293 ережеге сай несиелер мен депозиттер бойынша
сыйақылар қалқымалы және тіркелген бола алады.

Тіркелген сыйақы мөлшерлемелері келісімнің мерзімінде өзгермейді.

Қалқымалы сыйақы мөлшерлемелері келісімнің кез келген уақытында онда
қарастырылған шарттарына тәуелді өзгере алады.

Сыйақыны есептегенде сыйақы есептеудің келесідей әдістері
пайдаланылады.

1. қарапайым әдіс – депозит бойынша негізгі қарыз сомасына
сыйақы мына формуламен есептеледі:

мұндағы

i- пайыздардың жылдық мөлшерлемесі,

p- депозит қалдығы,

n- пайыздар есептелетін кезеңдегі күндер саны;

2. күрделі әдіс – сыйақы депозиттің тек қана негізгі қарыз сомасына
емес, сонымен қатароған қосылған табыстарға сыйақы есептеледі:

мұндағы

i- пайыздардың жылдық мөлшерлемесі;

n- айлардағы депозиттің ұзақтылығы;

p – депозиттің алғашқы сомасы;

I – салымның барлық мерзіміндегі есептелген пайыздар сомасы.

Коммерциялық банктердің пайыздық саясаты келесі негізгі ұстанымдарда
базаланады:

- белсеңді әрі икемді коммерциялық құралы ретінде сараланған
және экономикалық негізделген мөлшерлемелер мен тарифтерді
тиімді пайдалану арқасында нарықта бәсекеге қабілетті банктік
қызметтер үшін және банк қызметі мен табыстарын
әртараптандыру үшін жағдайлар жасау;

- Банк үшін қолайлы жағдайларды құру арқасында сәйкес
нарықтарда қаржылық жағдайды тұрақтандыру және табыстылықтың
өсуін қамтамасыз ету;

- жоғары сапалы банктік өнімдер мен қызметтерге қолайлы бағалар
бойынша және максималды тиімділікпен клиенттердің
қажеттіліктерін толық қанағаттандыру.

БӨЛІМ 2. АТФБАНК ААҚ-НЫҢ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТЫ

2.1.Қазақстанның депозиттік нарығындағы АТФБанктің рөлі

Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері – жалпы қаржы
жүйесіндегі кәсіпорындар ішіндегі бүгінгі таңдағы қарқынды дамып отырған
алдыңғы ұйымдардың бірі. Өйткені бұл ұйымдардың қызметі шетелдердегі барлық
озық тәжірибелерді енгізе отырып атқарылуда. Қазіргі коммерциялық
банктердің қызметі экономиканың барлық салаларын дамытуға және халықтың
табыс деңгейін арттыруға бағытталған. Осы банктердің қызметіндегі
депозиттік және несиелік операциялардың алатын орны ерекше. Депозиттік
пассивтік операциялар ақшалай қаражаттарды тартуға бағытталған болса,
несиелік активтік операциялар осы тартылған қаражаттарды орналастыруға
бағытталған. Бұл жағдайда салым иелері өздерінің банкке салған ақшалай
қаражаттары бойынша белгілі мүддені пайыз және басқа да қызметтер түрінде
алу мүмкіндігіне ие. Депозит пен несиелік қатынастардың субъектілері әр
түрлі ұйымдар мен жеке тұлғалар. Мұнда айта кететін бір ерекшелік –
депозиттік қатынастардың субъектілері де бола алады. Сондықтан банктің бұл
екі операциясы да – жалпы экономиканы дамытуға бағытталған негізгі
операциялар.

Коммерциялық банктердің несиелері мен депозиттерінің құрылымы

6-сурет

Қазақстан Республикасының депозит нарығы күрделі де қарқынды дамып
келе жатқан жүйе бола отырып, ішкі және сыртқы факторлардың әсерін әр
уақытта өзіне қабылдап отыр. Экономикадағы әр түрлі экономикалық, саяси
және әлеуметтік жағдайлардың әсері депозит нарығының дамуына да әсер етеді.
Бұған қарамастан депозит нарығының даму қарқыны өзінің жеке заңдылықтары
мен ерекшеліктеріне ие болып отыр. Бұл жағдайларды Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі жариялаған және статистикалық мәліметтер
негізінде депозит нарығына мінездеме бере отырып, оны салыстырмалы талдау
негізінде көрсетуге болады. Депозиттерге әрбір кезең мәліметтері бойынша
салыстыра отырып талдау жасайтын болсақ , банк жүйесіндегі депозиттердің
1999 жылдың қаңтарынан бастап 2002 жылдың тамызына дейін қарқынды
өсетіндігін байқауға болады. Бұл өнім 1999 жылдың қаңтарында 73464 млн.
Теңгеден 2002 жылдың тамызында 497904 млн. Теңгеге дейін өсіп, 7 есеге жуық
көлемді құрады.

3-кесте

Коммерциялық банктердің депозиттері және оның құрылымы

Кезең соңындағы депозиттер (млн.теңге)
Кезеңдер
Валюта түрлеріСубъектілері Өтімділік
Барлығыбойынша бойынша дәрежесі бойынша
Ұлттық Шетел Банктік Жеке Талап Мерзімд
валюта валютасы емес тұлға-лет-кенгі
заң-ды ар е депо-зи
тұлғалар де-йінгттер
і
депозит
-тер
Қаңтар 1998 73514 54226 19288 45648 27866 51426 22088
Тамыз 1998 83457 55585 27872 51905 31552 50510 32947
Қаңтар1999 73464 44497 28967 44511 28953 42566 30898
Тамыз 1999 120681 63424 57257 80781 39900 70780 49901
Қаңтар 2000 168156 83764 84392 113301 54855 91543 76613
Тамыз 2000 284750 117947 130804 175661 73090 122632 126219
Қаңтар 2001 284533 134744 149788 192826 91706 119499 165034
Тамыз 2001 391463 161581 229882 226772 164691 152985 238478
Қаңтар 2002 420725 150284 270440 233255 187470 126125 294599
Тамыз 2002 497904 206371 291533 275647 222257 144451 353453
Қаңтар 2003 581933 235466 346467 327809 254123 175752 406180
Тамыз 2003 703135 326834 340301 403950 299184 234214 468921

Ұлттық банктің мәліметтері негізінде әзірленген

1999 жылдың қаңтарынан, 1999 жылдың тамызына дейін барлық депозиттер
сомасы 73464 млн. Теңгеден 120681 млн. Теңгеге дейін өсті. Бұл 47000 млн.
теңгені құрады. Міне осы кезден бастап Қазақстан Республикасының Банк
жүйесіндегі жеке және заңды тұлғалардан депозиттік салымдары үздіксіз өсу
үстінде.
2000 жылдың қаңтарынан бастап 2001 жылдың қаңтарына дейінгі аралықта
депозит сомасы 168 156 млн. Теңгеден 284 533 млн. Теңгеге дейін өсіп, жалпы
өсім 116 000 млн. теңгені құрады. Бұл өсімдегі ерекше жағдайды 2000 жылдың
тамыз айымен салыстырғанда көруге болады. Онда қаңтардағы 168 156 млн.
теңге тамыз айында 248 750 млн. теңгеге жетті. Осы аралықтардағы
депозиттердің өсімі 80 000 млн. теңгеге жетті.

2.2 АТФБанк қызметінің жалпы сипаттамасы

Экономиканың кез келген субъектісініңқызметінің нақты бағытын
талдаудан бұрын, оған қысқаша сипаттама беру қажет.
АТФБанк ААҚ 1995 жылдың маусым айында құрылды. АТФ Банк құрылғанынан
бастап-ақ әмбебап банк ретінде дамыды. Осындай саясат арқасында банк
қазіргі уақытта банктік секторда орнықты жайғасымдарды иеленеді.
Қазақстандық банктер ішінде АТФ Банк қызмет көрсетудің жоғары сапасын
иеленетін дегдарлы сақтанымпаз несиегер болып саналады.
Алғашқы уақытта АТФБанк жабық акционерлік қоғам ретінде Ұлттық
Банкте тіркелген. 1995 жылы қараша айында банктік заңнамада ескерілген
операцияларды жүзеге асыру үшін №59 Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкінің генералды лицензиясын алды. 2001 жылдың сәуір айында АТФБанк
өзінің ұйымдық-құқықтық нысанын өзгертіп, ашық акционерлік қоғамы ретінде
қайта тіркелді.
АТФБанкінің ойдағыдай қызметін атқаруды мойындайтын нәрсе – оған
несиелік рейтингтердің берілуі. 2002 жылдың қыркүйек айында Moody`s
Investors Services халықаралық рейтингтік агенствосының АТФБанк алғаш
рет Ba3NP және D- деңгейінде рейтингтерін иемденді. Ал 2002 жылдың
қазан айында Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенствосы АТФБанктің
рейтингтерін растады. Рейтингтер В деңгейінде, жеке рейтинг-D және
қолдау рейтингі – 5Т деңгейлерінде расталды.
АТФБанк заңды және жеке тұлғаларға қызметтердің кең тізбесін ұсынады.
Жеке тұлғаларға банк теңге және шетел валютасында салымдар, экспресс-
аударымдар, ұлттық және шетел валюталарындағы шоттардан аударымдар, қолма-
қол валютамен операциялар, пластикалық карталарды ашу және олар бойынша
қызмет көрсету сияқты қызметтерді ұсынады және ұйымдар үшін қызметтердің
тізбесі айтарлықтай кең.
Олардың ішінде көбірек сұранысты иеленетін қызмет түрлерін атауға
болады: несиелендіру, ұлттық және шетел валюталарда шоттарды ашу және олар
бойынша қызмет көрсету, еңбекақы жобасы және лизинг. Сонымен қатар АТФБанк
депозитария қызметін, брокерлік және сенімгерлік операцияларды жүргізеді.
АТФБанк қызметінің басым бағыты - салымдарды тарту аясында халықпен
жұмыс істеу. Осы аяда банк есеп айырысу қызметтері мен жинақтарды басқару
бойынша мүмкіндіктерінің тиімді үйлесімдігі арқасында орнықты жайғасымдарды
иеленеді. АТФБанктің салымшылары өз жинақтарын қорғау мен көбейтудің ең
ыңғайлы тәсімін таңдай алады. Банк клиенттерге ұлттық және шетел
валютасында 1 айдан 5 жылға дейінгі мерзіммен салынатын депозиттік
салымдардың икемді жүйесін және ағымдағы шоттың оралымдылығы мен мерзімдік
депозиттің табыстылығын біріктіруге мүмкіндік беретін арнайы депозит
түрлерін ұсынады. (Мысалға, банк ең жоғарғы табыстылықты, сонымен қатар
салымдағы құралдарды пайдалану мүмкіндіктерін беретін АТФ Комфорт
салымын ұсынады).
АТФБанкі –өзнің меншікті логотиптерімен халықаралық пластикалық
карталарын шығару жұмысын белсеңді атқаруда. Төлем карточкалары нарығында
АТФБанк жетекші жағдайлардың бірін иеленеді. 1999 жылдан бастап АТФБанкі
Visa Gold, Visa Classic, Visa Electron және Visa Business төлем
карточкаларын шығара бастады. 2001 жылдан бастап АТФБанк Visa Virtuon деп
аталатын виртуалды карточкасын шығара бастады, бұл карточкалар интернеттің
ғаламдық желісі арқылы тауарлар мен ісметтерге төлемді жүзеге асыру үшін
пайдаланылады және АТФБанкі өзінің меншікті логотипімен жергілікті ALTYN
карточкаларын шығаруды 1999 жылдан бастады.
Банктің клиенттеріне республиканың әртүрлі аймақтарында орналасқан ірі
өнеркәсіптік және сауда кәсіпорындары жатады. Сонымен қатар банк кіші және
орта бизнес кәсіпорындарына да көңіл аударады, оларға қатысты
несиелендірудің меншікті арнайы бағдарламасы дайындалды. Банк кіші және
орта бизнесті қаржыландыру бойынша Европа жаңғыру және даму банкісі,
экономиканы қалпына келтіру бойынша Германдық Несиелік институт, Азияның
даму банкісі, Дүниежүзілік Банкпен бірлескен жобаларға қатысады.
Банк АТФ Лизинг деп аталатын лизингтік компанияның құрылтайшысы
болып табылады.
АТФБанктің филиалдық желісі өте кең, 2003 жылдың маусым айында банк 14
филиалды иеленді. Онда жұмыскерлердің барлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктің экономикалық тұрақтылығын күшейту жүйесінде оның депозиттік саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау
Коммерциялық банкте депозиттік саясаттың қалыптасуы
Коммерциялық банкте депозиттік саясат қалыптас
Коммерциялық банктің депозиттік саясаты депозиттік саясаттың субъекттері
Коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың қалыптасуы
Банктегі депозиттік операциялар және олардың есебі
Коммерциялық банктердің несие ресурстарын құрудағы депозиттер: болашағы мен проблемалары
Коммерциялық банк
Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының сыныптамасы
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДIҢ ДЕПОЗИТТIК САЯСАТЫНА ТАЛДАУ ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКI АҚ МЫСАЛЫНДА
Пәндер