16-17 ғасырлардың бірінші жартысындағы Испания, Нидерланд және Италия


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

16-17 ғасырлардың бірінші жартысындағы Испания, Нидерланд және Италия

Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мазмұны[жасыру]:

Мазмұны

[жасыру]

1 Испания2 Нидерланды буржуазиялық революциясы3 Италия4 Пайдаланған әдебиет[өңдеу] Испания

оның жүбайы Изабелла өздерін«католиктік корольдерміз»деп атады. Олар Испанияны тазахристиандареліне айналдыруды көздеді. Ол үшін король билігін нығайту қажет болды. бұл мақсатқа жету жолында Испания корольдері католик шіркеуіне арка сүйеді. 1516 жылы арагондық Фердинанд қайтыс болды. Таққа V Карл (1516-1555) отырды. Ол Испания үлгісіндегі дүниежүзілік католиктік империя құру ісін онан әрі жалғастырды. Алдымен ол әскерді күшейтті, соғыс кемелерін көбейтті, корольді қолдаушы кеңес құрды. Соның көмегімен абсолюттік тәртіп орнатты.

Еуропадағы католиктік күштер Испанияның дүниежүзілік империя құру құралына айналды. 1555-1598 жылдары билік құрған король II Филипп католиктік реакцияны бүкіл Еуропа елдеріне таратуға тырысты. Осы мақсатпен ол епископтар санын 4-5 есе көбейтті. XVI ғасырда Испания корольдігі Еуропаның ең күшті державаларының бірі саналды.

Алайда бұл қуаттылық үзаққа созылмады. 1588 жылы Испан королі 130 желкенді кемеден түратын флотын Англия жағалауына аттандырды. Жеңетіндігіне күмән келтірмеген король ол флотты«Жеңілмейтін армада»деп атады. Бірақ испан флоты тас-талқаны шығып, жеңіліп қалды. Сөйтіп XVI ғасырдың аяғында Испания теңіздегі үстемдігінен айырыла бастады. Осылайша, испандық корольдердің дүниежүзілік«христиан империясын»құрмақшы болған әрекеттері сәтсіздікке үшырады.

XVI ғасырдың ортасына қарай Испания саяси-экономикалық дағдарысқа үшырады. Ол 1618-1648 жылдары Австрия мен Германия жағында Франция, Голландия, Швецияға қарсы соғысқа қатысып, жеңіліп қалды. XVII ғасырдың басында Испанияда елдің үзаққа созылған тоқырау кезеңі басталды.

XVII ғасырдың ортасына карай Испания саяси-экономикалық даму жағынан Еуропа елдерінің ішіндегі ең артта қалған мемлекеттің біріне айналды.

[өңдеу] Нидерланды буржуазиялық революциясы

1433 жылы ішкі талас-тартыстардан әлсірегенГолландияны, да басып алды. 1477-1482 жылдар аралығында Нидерланды Габсбургтер әулеті қол астында болды. 1556 жылдан Испанияның қол астына көшті. XV ғасырдың аяғы-XVI ғасырда Нидерландыда феодалдық қатынастардың ыдырауы кезінде, бастапқы қор жинау процесі жүріп жатты, капиталистік катынастар туа бастады. Ол қатынастар Нидерландыда жақсы дамыған балық шаруашылығында, теңізде жүзу мен кеме жасау салаларында кең орын алды. Капиталистік өндірістің басты орталықтары Голландия мен Зеландия аймағы болды. Капиталистік қатынастардың онан әрі дамуына испандық абсолютизмнің езгісі кедергі жасады. 1566 жылы оған қарсы буржуазиялық революция басталды. Көтерілістің басты ошақтары Голландия мен Зеландияболды. 1578 жылы испандықтар Амстердамнан қуылды. 1579 жылы солтүстіктегі провинциялар Утрехт униясын құрды. Ол келешек тәуелсіз Нидерланды Республикасының заңды негізі болып табылды.

1581 жылы Голландия мен Зеландия штаттары ресми түрде Испания королі II Филипптің тақтан түсірілгенін жариялады. 1585 жылы Нидерландының оңтүстігінде революция жеңіліске үшырады. Ол сәтсіздік Республиканы қайтадан Испаниямен соғыс аренасына айналдырды. 1609 жылғы 12 жылдық уақытша бітім бойынша Нидерланды тәуелсіз мемлекетке айналды. Сөйтіп Нидерланды ең алғашқы буржуазиялық революция жеңіске жеткен ел болды. Ол елде тарихта ең алғашқы буржуазиялық республика орнады.

1621 жылы Испаниямен соғыс қайта жалғасты. Ол соғыс жалпы-еуропалық отыз жылдық (1618-1648) соғыспен үласты. 1648 жылғы Вестфаль бітімі бойынша Біріккен провинциялар Республикасының (Нидерланды солай аталған) тәуелсіздігі түпкілікті мойындалды. 1650 жылы ол Республикадағы өкімет билігі голландиялық ірі буржуазиялық партияның қолына көшті.

Буржуазиялық революцияның жеңісі Нидерландының экономикасы мен мәдениетінің тез дамуына ықпал етті. Нидерланды бір-екі онжылдықтың ішінде өзінің дамуы жағынан барлық Еуропа елдерін басып озды. Әсіресе мануфактуралық өндіріс, кеме жасау және теңізде жүзу істері, балық аулау қарқынды дамыды. XVII ғасырдың ортасына қарай Нидерландының сауда флоты Англия мен Францияның флоттарын қосқандағыдан екі есе көп болды. Нидерланды португалдықтар мен испандықтарды ығыстыра отырып, Оңтүстік-Шығыс Азияны отарлай бастады.

[өңдеу] Италия

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы біріккен провинциялар Республикасындағы экономикалық өзгерістер
Қайта өрлеу мәдениеті (XVI-XVII ғ.ғ.)
Әлемдік саясаттағы Еуропалық одақ
Спорт падишасы саналатын футболдың шығу, таралу тарихы
Ағылшын революциясының тарихи маңызы
Сақтардың бейнелеу өнері
Кейінгі орта ғасырдағы испан абсолютизмінің саясаты
Қазақстанның Еуропа елдерімен өзара қарым-қатынастары
Наполеон Бонапарт және ХІХ ғ. І жартысындағы Европа елдері
Еуроодақ құрылуының алғы шарттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz