XI-XII ғасырлардағы Киев Русі: саяси тарихы, әлеуметтік құрылымы және Русская правда


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

11-12 ғасырлардағы Русь

Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Киевқаласы славян мемлекетіКиев Русініңастанасына айналды. Бұл мемлекет IX ғасырда құрылған болатын. Киев кінәздігінің жері бірте-бірте өсе берді. XI ғасырда Киев РусіБалтық теңізіменҚара теңіздің, алып жатты. Құдіретті кінәзЯрослав Мудрыйдыңаты алысқа жайылды. Онымен одақ құру үшінЕуропаныңкөптеген елдерінен қымбат сыйлықтар алып, елшілер келіп жатты. Бұдан тоғыз жүз жылдай бұрын Ярослав Мудрый кезінде салынған үйлер Киевте және басқа қалаларда күні бүгінге дейін түр, олардың ең бірегейі -София соборы. Ол дала көшпелілерімен болған қанды шайкастың орнына салынған. Киев «орыс қалаларының анасы» деп аталды. Оның жағасында айбаттана бой созып, шіркеулерінің алтындатқан күмбездері күнге шағылысатын. Еңісте, айлақ қолтығында алыс- жақын елдерден келген жүздеген кемелер мен қайықтар тұратын. Кемелерге алуан түрлі тауарлар: гректің сәнді ыдыстары, Балтық бойынан әкелінген жақұт моншақтар, алтынмен аптап, күміспен күптеген айшықты әшекейлер, жүн маталар, теңіздің арғы бетінен келген шарап пен кептірілген жеміс т. б. тиелген. Шаңдақ жол алуан тілдегі сөздер естілетін сауда алаңына апарады. Онда алушылар мен сатушылар, карапайым жұрт сеңдей соғылысар еді. Көпестер мен қолөнершілер өз бұйымын мақтап, зар қағады. Топырлаған жұрттың арасынан әрең өтіп, шетелдік елшілер соборға карай бара жатар еді. Қаланың айлаққа тірелетін төменгі бөлігі - Подол (Етек) деп аталады. Мұнда қарапайым жұрт -қолөнершілер, ұсақ саудагерлер тұрады. Tap көшелерді бойлап ағаш үйлер, жер кепелер орналасқан. Днепр суының көктемгі жайылуынан сақтанып, үйлердің көпшілігі биік дөңге салынды. Соғыс қаупі төнген жағдайда Киев тұрғындары өз қаласын ерлікпен қорғады. Мұның өзі далалық аймақтан келген көшпелілердің шапқыншылығына қарсы үздіксіз күреске айналды. Олар бай қаланы шауып, тонап алуға тырысатын. Ең қатерлі әрі үрейлі дүрбелең XII ғасырдың орта шеніндегімонғол-татар басқыншылығыболды. Бұл шапкыншылықта қала түгел талқандалып, тұрғындары қырғынға ұшыраған еді.

[өңдеу] Владимир Мономах

1113-1125 жылдары Ярослав Мудрыйдың немересіВладимир Всеволодич МономахКиевтің ұлы кінәзі болды. Ол ұлы кінәздік таққа отырмас бұрын да қыпшақтардан Русьті белсенді қорғаушы батыр ретінде халыққа танымал болатын. Мономах тек қолбасшы және мемлекет қайраткері ғана емес, сонымен бірге жазушы болды. Ол өз өмірінен «Владимир Мономахтың балаларына жазған өсиеті» атты кітап жазды. Осы шығармадан және жылнамадан біз кінәз Владимирдің өз өмірінде 83 жорыққа қатысқанын білеміз. Мономах Руське қыпшақ қолын бастап келген Олег Святославичпен ұзақ соғысты және 1097 жылы Любеч қаласында өткен съезде барлық кінәздердің арандатушы кінәз Олегті жазғыруын ұйымдастырды. Любечтегі съезд мынадай шешім қабылдады: «Өзара қырқысып, неге біз орыс жерін құртамыз, соны көріп қыпшақтар қуанады және олар біздің жерімізді бөлшектеп, құртқысы келеді. Осы күннен бастап ынтымақты болайық, орыс жерін сақтап қалайық!» Алайда бұл съезд кінәздер арасындағы қырқысуды тоқтата алған жоқ, бірақ Владимир Мономахтың осы жолдағы талпынысы замандастарының есінде қалды. Владимир Мономах қыпшақ хандарымен соғысқа қарсы орыс кінәздерін топтастырды. Оның Сарыхан Бұншақ және Түғырылды жеңгені туралы халық дастан шығарды, онда бұл хан Тұғырыл Змеевич деп аталған. Киевтің ұлы кінәзі Владимир қыпшақтарды біржола талқандап, біраз уақыт Русьті көшпелілердің шапқыншылығы қаупінен құтқарды. Қырық мың қыпшақСолтүстік Кавказғакөшіп барып, соңынан грузин патшасы Давидке қызмет етті. Владимир Мономахтың қыпшақтар тарапынан төнген қауіпке отыз жыл бойы қарсы тұруы, кінәздер арасындағы қырқысуларды тыюға талпынысы және қарызға белшесінен батқан қарапайым адамдарға қамқорлық жасауы бұл кінәзді кең танымал етті.

[өңдеу] «Русская правда»

«Русская правда» заңы бойынша жазаға тарту. И. Я. Билибин салған сурет.

Таптық күрестің өсуіне байланысты үстем

тапты қорғайтын қосымша заңдар қажет болды. Шамамен 1072 жылы үш ағайынды Ярославичтер Киевте жаңа кінәздік заң - «Русская правданы» жасады. Ол қауым мүшелері үшін қатаң заң болды. Оның әрбір бабы кінәз мүддесін қорғады. «Русская правданың» бірнеше бабын келтіре кетейік:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі орыс мемлекетінің (Киев Русі) қалыптасуы, саяси-қоғамдық құрылымы және дамуы
XI-XII ғасырлардағы Қыпшақ хандығының этникалық құрамы, қоғамдық құрылысы және саяси жағдайы
IX-XII ғасырлардағы Қарахан, Оғыз және Қимақ мемлекеттерінің аумағы, әлеуметтік-саяси құрылымы және мәдениеті
XI-XIII ғасырлардағы Қыпшақ мемлекеттігінің саяси тарихы және этно-саяси проблемалары
XI-XII ғасырлардағы Қыпшақ хандығының әкімшілік-құқықтық жүйесі, шаруашылығы және мәдениеті
XI-XIII ғасырлардағы Қыпшақ мемлекетінің саяси құрылымы мен тайпалық-этникалық құрамы
XI-XII ғасырлардағы Солтүстік және Орта Италияның қала халқы, қолөнері және экономикалық дамуы
XI-XIII ғасырлардағы Қыпшақ хандығы: саяси құрылымы, территориялық кеңеюі және тайпалық құрамы
IX-XI ғасырлардағы Оғыз мемлекетінің қалыптасуы, саяси құрылымы және ыдырауы
Түркістан аймағындағы Сығанақ қаласының XI-XVI ғасырлардағы саяси-экономикалық және мәдени тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz