Абай мұрасындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді болашақ педагогтардың кәсіби дайындығында пайдалану


ӘОЖ 372. 8:37. 01:371. 4:894. 342(574. 54)
Қолжазба құқығында
БАЙДІЛЛАЕВА ЖАНСАЯ ҚОЙШЫБАЙҚЫЗЫ
абай мұрасындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді болашақ педагогтардың кәсіби дайындығында пайдалану
6М010300 - Педагогика және психология
мамандығы бойынша білім магистрі академиялық
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
РЕФЕРАТЫ
Қызылорда, 2012ж
Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің «Педагогика» және «Психология» кафедрасында орындалды.
Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының
кандидаты, профессор Х. Е. Нұғманова
Ресми оппонент: педагогика ғылымдарының кандидаты
С. Жанибекова
Диссертация 2012 жылдың күні сағат Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік университетінде (мекен-жайы: 120014, Қызылорда қ, Төлеби көшесі, №36, 7 оқу ғимараты, «Музыка-педагогикалық» факультеті, 4 қабат, дәрісхана) қорғалады.
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің ҒТК танысуға болады.
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жаткан шаралардың барлығы жастарға жалпы адамзаттық және жеке ұлттың игіліктер негізінен тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде.
Бүгінгі таңда қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшеліктерімізді айқындайтын рухани мәдениетінімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Тәуелсіздік жолына түсіп, өркениетті елу елдің қатарына қосылу мақсатын жүзеге асыруға кіріскен Қазақстан үшін халқымыздың ұлттық сана-сезімі мен ұлттың дүниетанымын қалыптастыру бүгінгі таңда аса маңызды міндеттердің бірі болып отыр. Сондықтан елімізде жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпы адамзаттық және жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде. Қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр.
Қазіргі кезде рухани мәдениетіміздің тарихына айрықша назар аударылып отырғанының себебі де осы. Жастар тәрбиесінде халқымыздың рухани мұраларын пайдаланып, жаңаша көзқарас тұрғысынан қарауға мүмкіндік туып отыр. Сондықтан да ұлттық мәдениетіміздің дамуына зор үлесін қосқан ұлы дала ақыны, ағартушысы Абай Құнанбаевтың педагогикалық мұрасын зерделеу ешуақытты маңыздылығын жоймайды. Ал бұл мәселені зерттеу педагогикалық пәндер курсының мазмұнын кеңейтіп, онан әрі байыта түсетіні хақ.
Рухани мәдениетіміздің тарихына айрықша назар аударуымыздың себебі де осы. Бұл процеске қоғам танушы ғалымдар-тарихшылар, филологтар, философтар, психологтар мен қатар педагогтарда жан-жақты зерттеп келеді. Бәрінің мақсаты - тамыры тереңде жатқан ұлттық философиялық ой-санасының ерте дәуірлерден күні бүгінге дейінгі тарихын зерделеу, оның дамуына өріндік үлес қосу. Қазір ұлттық сананың көтерілуіне байланысты тарихтың "ақтаңдақ" беттеріде ашылып рухани байлықтарымызбен төл мәдениетімізге және білім мен тәрбие беруге жаңаша көзқарас тұрғысынан қарауға мүмкіндік туып отырғаны белгілі [1. 5] .
Қазіргі уақытта әр саладағы Қазақстанның көрнекті ғалымдары Т. Қ. Айтқазин, Ж. Молдабеков, Т. Есімов, Д. Кішібеков, Ә. Нысанбаев, ғалым-педагогтар Т. Ә. Әлсатов, С. Қалиев, К. Қожахметова, С. Ғаббасов, Қ. Жарықбаев, К. Құнантаева, К. Шәймерденова, І. Халитова, Н. Әлқожаева, І. И. Төретаева, А. Елемесовалардың ғылыми зерттеулері мен жекелеген мақалаларында зерттелген.
Тек тәуелсіз Қазақстанда ғана ғұлама ойшылдар мен гуманистер көзқарастары жүйелі түрде зерттеуге мүмкіндік туды.
Өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасау - жалпы ұлттық бірлігіміздің, Қазақстан Республикасының мемлекеттік байланысын қалыптастырудың, оның егемендігін нығайтудың, азаматтық пен отаншылдықты, ұлттық сананы тәрбиелеудің ең басты факторларының бірі. Тарих - халықтың зердесі, ол содан сусындап, әлеуметтік шығармашылыққа, жарқын болашаққа бастайтын күш-қуат алады. Сондықтан да Абай мұраларындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер жас ұрпақ бойында адамгершілік, имандылық т. б. қасиеттерді қалыптастырып дамытуға, қадірлеуге, ұлттық мәдениетті дамытуға зор ықпал етеді. Ал бұл мәселені зерттеу педагогикалық пәндер курсының мазмұнын кеңейтіп, байыта түсетіні хақ.
Абай Құнанбаев мұрасы халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын, уақыт өткен сайын маңызын жоймайтын зерттеудің көзі болып табылады.
Абай шығармаларындағы білім, ғылым, тәрбие мәселелерін ұлттық тәрбие тұрғысынан қарастырып, оларды бүгінгі күнде жастардың адами қасиеттерін қалыптастырудың кәдесіне жаратуды көздедік.
А. Құдиярова, І. Халитова, А. Елемесов, Н. Әлқожаева зерттеулерінде Абай мұрасының тәлім-тәрбиелік жақтары туралы небір құнды пікірлер берілген. Оларды біз негізге алып, талдай келе, ғалым-педагогтардың еңбектерінде әлі де болса жеткіліксіз зерттеле қоймаған мәселені байқадық. Ол - «Абай мұрасындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді болашақ педагогтардың кәсіби дайындығында пайдалану».
Дегенмен, жоғарыда аталған ғалымдардың ғылыми еңбектерімен таныса келе, біз зерттеп отырған мәселе жеке-жеке қарастырылуы әлде де жеткіліксіз деп есептеп, жоғары оқу орындарындағы студенттерді Абай құндылықтарын пайдалану негізінде білім беріп, оларды кәсіби жағынан дайындауды көздедік. Бүгінгі күнде болашақ педагогтардың этнопедагогикалық білімін жетілдіру және олардың соның негізінде жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беруде Абай тағылымдарын тиімді пайдалану қажеттілігі арасында белгілі бір дәрежеде қайшылықтар туып отыр. Сондықтан біздің зерттеу проблемамызды айқындауға себеп болды. Аталған қайшылықтың шешімін зерттеуіміздің тақырыбын «Абай Құнанбаев мұрасындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді болашақ педагогтардың кәсіби дайындығында пайдалану» деп, таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: Абай Құнанбаев еңбектеріндегі тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді мүмкіндігімізше ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеп, оларды педагогикалық пәндерді оқыту үдерісінде тиімді пайдалану.
Зерттеудің нысаны: жоғарғы оқу орындарындағы оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеудің пәні: Абай Құнанбаев шығармаларын зерттеп, талдап педагогикалық пәндерді оқытуда пайдалану.
Зерттеудің міндеттері:
- Абай Құнанбаевтің әлеуметтік-қоғамдық көзқарастары және шығармаларындағы білім, ғылым, тәрбие мәселелерін педагогикалық пәндердің әрбір тақырыптарына пайдалануға іріктеу;
- Абайдың педагогикалық пәндерді оқытуда пайдалану жолдарын анықтау;
- «Абайдың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері педагогикалық пәндерді оқытуда пайдалану» атты арнаулы курс бағдарламасын жасау, оны өткізу, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеудің болжамы: егер А. Құнанбаев шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері ғылыми-әдістемелік жағынан негізделсе, педагогикалық пәндерді оқыту үдерісінде пайдаланылса, онда келешек маманның кәсіби дайындығының тиімділігіне белгілі бір дәрежеде оң ықпалын тигізеді.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі: жеке тұлға, іс-әрекет теориясы, А. Құнанбаевтің философиялық, психологиялық, педагогикалық ой-пікірлері, зерттеу проблемасына қатысты отандық және шетел педагог
ғалымдарының еңбектері, Қазақстан Республикасының заңы, білім беру,
тәрбие тұжырымдары мен бағдарламалары.
Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау, А. Құнанбаев шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ой пікірлерді оқу-тәрбиеде пайдаланудың жағдайын зерттеу, сауалнама, бақылау, эксперимент ұйымдастыру және нәтижесін қорыту.
Зерттеу көздері: А. Құнанбаевтің өлеңдері, қара сөздері, оқу орындарындағы іс-шаралар; (конференция, сұхбат, тәрбие жұмыстары т. б. )
Зерттеудің кезеңдері: тақырып анықталып, ғылыми-педагогикалық еңбектерге талдау жасалынып, педагогикалық әдістеме бойынша педагогикалық эксперимент өткізілді. (2011) ;
2012 жылы - эксперименттің қорытындысы жасалды, методикалық ұсыныстар жасалынып, диссертация мәтіні әдеби тұрғыда баяндау аяқталды.
Зерттеудің базасы: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті.
Зерттеудің теориялық және тәжірибелік мәнділігі: А. Құнанбаев шығармаларындағы философиялық, ағартушылық, діни және гуманистік ой-пікірлер талданып, оларды педагогикалық пәндерді оқытуда пайдаланудың мүмкіндіктері анықталды. Зерттеу материалдарындағы жоғары оқу орындарында, педагогика және психология, филология, тарих мамандығында оқытуда педагог кадрлардың біліктілігін жетілдіру институттарында пайдалануға болады.
Жұмыстың құрылымы: диссертация жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Кіріспеде зерттеудің өзектілігі, тұжырымдамалық аппараты негізделеді. «Абай Құнанбаевтың педагогикалық мұрасы» деп аталатын бірінші тарауда Абай мұрасындағы дидактикалық ой-пікірлер; Абай шығармаларындағы тәрбие мәселелері жөнінде ой қозғалады.
Біз өз зерттеуімізде Абай мұраларын зерттеуге үлкен үлес қосқан ғұламалар Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, М. Әуезов, ғалым-педагогтар Т. Тәжібаев, Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, К. Шәймерденова, Б. Ұзақбаева, С. Ғаббасов, К. Құнантаева, Л. Халитова, А. Елемесовалардың еңбектеріне сүйендік. Аталған ғалымдар еңбектерінде ұлы ұстаздың тәлім-тәрбиелік ойлары туралы ғылыми тұжырымдар белгілі дәрежеде түрде қарастырылғандықтан, біз бұл зерттеуімізде Абайдың нақты шығармаларындағы білім, ғылым, тәрбие туралы ой-пікірлерін болашақ педагогтардың кәсіби дайындығында пайдаланудың әдістемелік жолдарына тоқталуды жөн көрдік.
Абайдың дүниетанымы зерттеушілер назарын аударып, оқырман қауымның рухани қазынасына айналды. Профессор Т. Тәжібаевтың еңбектерінде Абайдың ақыл-ой, адамгершілік, еңбек тәрбиесі жайлы тұжырымдарына талдау жасалған. Ол Абайдың педагогикалық, психолиялық көзқарасын тұңғыш рет ғылыми тұрғыдан жан-жақты ашып берді. Ақынның ағартушылық түрғыдағы ой-пікірлері туралы бірқатар зерттеулер жазылып, диссертациялар қорғалды. Абайдың педагогикалық көзқарасы мәселелерін арнайы тақырып етіп қозғамаса да М. О. Әуезов, Қ. Б. Жарықбаев, X. Сүйіншәлиев еңбектерінде ақынның ағартушылық тұжырымдары жайлы біршама құнды пікірлер ұшырасады. Абай педагогика саласынан арнайы ғылыми- теориялық шығармалар жазып, тікелей педагогикалық қызметпен шұғылданбаса да, оның өлеңдері мен қарасөздерінен жастарды тәрбиелеу мен оқытудың кейбір дидактикалық мәселелері жөнінде үлгі-өнеге тұтарлық салиқалы ойлар мен тұжырымдарды көп кездестіруге болады.
Абай еңбектерін педагогика, философия, психология, әдебиет, тарих тұрғысынан зерттеуші белгілі Қазақстандық ғалымдар С. Қирабаев, Х. Сүйіншәлиев, Г. Есімов, З. Ахметов, Қ. Жарықбаев, С. Қалиев т. б. тәлім-тәрбиелік ой-пікірлердің бар екендігін жан-жақты көрсетсе, Ш. Әлжанұлы, А. Көбесов, А. Дайрабаева, Т. Төретаева ақын мұрасындағы оқыту, оқу, яғни дидактика мәселелері де орын алғанын атап көрсеткен.
Абай шығармаларындағы оқу, оқыту, ғылым, білім мәселелерін бүгінгі дидактиканың талаптарымен сабақтастыруға тырыстық.
Абайдың қара сөздері - оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына дейміз. Абайдың өз тұсында болған тарихи шындықпен, қоғамдық құрылыспен, күнделік сан алуан надандық, қанаушылық, озбыр зұлымдық атаулының барлығымен байланысты туған шығармаларды көрдік. Қарасөздердің бағасы - Абай заманындағы жағдайды, тарихтық шындықты өз қалпында бұлжытпай толық танытып береді.
Абайдың қара сөздері - оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына деуге болады. Бұл қарасөздердің құндылығы сол замандағы жағдайды, тарихтың шындықты өз қалпында бұлжытпай толық танытып беруінде. Әрине, қазіргі заман үшін Абай сынап, суреттеп отырған ортаның барлық болмысы және Абайдың сол кездегі күнделік өмірмен байланысты атап отырған мақсаттары, кейбір ұсыныстары - ескірген. Қазіргі Бұл тұрғыдан қарасақ қарасөздердің мазмұны мен мұраттары тек тарихи жағынан бағалы болмақ. Ал, Абайдың адамгершілік жөніндегі моральдық өсиеттерін алсақ, олардың ішінде біздің заманға да бағасы зор шындықтары, тәрбиелік ойлары аз емес.
Абайдың қара сөздері жалпы тақырып мазмұны жағынан алғанда, оның ақындық мұрасымен тығыз байланысты. Көп сөздеріндегі ойлар, пікірлер өлеңдерімен ұштасып, солардың мән-мағынасын кейде қайталап, пысықтап, әрі қарай жалғастыра дамытып отырады.
Бұл қара сөздер жанрлық, стильдік жағынан әр алуан. Мұнда терең публицистикалық тебіреністер де, жүйелі философиялық толғаулар да, ойға оралымды нақыл сөздер де, ғибрат ретінде жазылған аңыз-хикая да, тарихи эссе-очерк те табылады. Қара сөздерді алғаш жазуға кіріскенде ақын: « . . . Ойыма келген нәрселерді жаза берейін . . . кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым» - деп қарапайымдылық білдірсе де, бұл жазбалар ғылыми-танымдық және әдеби көркемдік мәні өте зор, ақынның жалпы ақыл-ой өрісін, дүниеге көзқарасын танытуға баға жетпес мағлұмат беретін аса құнды қазына болып табылады.
«Абай Құнанбаевтың педагогикалық ой-пікірлерін болашақ педагогтардың кәсіби дайындығында пайдалану» деп аталатын екінші тарауда Абайдың педагогикалық ой-пікірлерін оқыту үдерісінде пайдалану; тәжірибелік зерттеу жұмыстарының нәтижелері берілді.
Абай шығармаларынан туған халқының жан дүниесі мен салт-санасы, әдет-ғұрпы дәстүрінің лебі аңқып тұрады. Соның ішінде заманына қарай жаңадан енген халқының санасына, әдет пен ғұрпына жат қылықтармен бірге ғасырлардан бері келе жатқан кертартпалық, керенаулықты да өлтіре сынайды. Сөйтіп, халқын ілгері дамыған жұрттардың қатарына жетуге, өнер, білім, ғылымды меңгеруге шақырады.
Ақын мұрасының өміршеңдігін, замана озған сайын маңызы, әсері қаншалықты күшейе түскенін зер салып байыптап қарасақ, оның өз заманының озық тілек-қасиеттерін айқынырақ танимыз. Сол замандағы қоғамдық өмір салтының ой-сана, ұғым-түсініктерінің бірнеше ғасыр бойы қалыптасқанын, түп-тамыры арыда жатқанын ескерсек, Абайдың өнегелі өсиет сөздері қай заманда да мәнін жоймайтындығын және қанша заман ауысып, уақыт жағдай өзгерді дегенмен халықтық ұлттық ерекшеліктері, адамгершілік қасиеттері жаңғырып жаңаша сипат алып, жалғасын тауып өрістеп, дами беретінін ескерсек, Абай мұралары кейінгі дәуірдің, соның ішінде бүгінгі замандағы өмір-шындығын танып-білуге үлкен себеп болатындығын мойындауымыз қажет.
Абай Құнанбаев шығармалары педагогика ғылымының көптеген салаларына қатысты пікірлерге бай, сондықтан әлі де болса, ақын мұраларының оқу - тәрбие процесіне енгізу мәселелері жеткіліксіз есептейміз. Бұл мәселе аумағында Қ. Құнантаева, І. Халитовалар Абай мұрасы арқылы жас ұрпақтарды оқыту және тәрбиелеудің теориялық - әдіснамалық тұжырымдамасын жасады. Аталмыш ғалымдар ақын мұрасының мектепті оқытылуы мен ондағы тәрбие процесінде қолданылуын теориялық - әдіснамалық, тарихи - педагогикалық негізде қарастырған. Бұл зерттеудің құндылығын атай отырып, оның кейбір тұстарының әсіресе, жоғары оқу орнында болашақ педагогтарды кәсіби жағынан дайындалуда жеткіліксіз зерттелгендігін байқадық.
Абай педагогика саласынан арнайы ғылыми-теориялық шығармалар жазып, тікелей педагогикалық қызметпен шұғылданбаса да, оның өлеңдері мен қара сөздерінен жастарды тәрбиелеу мен оқытудың кейбір дидактикалық мәселелері жөнінде үлгі -өнеге тұтарлық салиқалы ойлар мен тұжырымдарды көп кездестіруге болады.
Ақынның қарасөздері мен нақылдары- ақын творчествосының елеулі саласы, өлеңдері мен мұңдас, идеялас, бірін-бірі толықтыра түсетін маңызды шығармалары. Абайдың қарасөздерін негізінен прозаның шағын түрі деп атау керек.
Болашақ педагогтарды мектепті оқу - тәрбие жұмысына дайындалуда педагогикалық пәндерді оқыту барысында Абайдың тәлім - тәрбиелік тағылымдарын тиімді пайдалану жолдарын анықтаудың мәні зор. Мұны төмендегі кесте арқылы бердік.
1-кесте. Педагогикалық пәндерді оқытуда пайдаланылатын Абай шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер
- «Педагоги-калық мамандық-тың пайда болуы»;
- «педагоги-калық іс-әрекетке кәсіби дайындық»;
- «педагог тұлғасы және оның кәсіби қасиеттері»
- ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға;
- әрбір ғұламаның басқан ізінде бір-бір медресе жатыр;
- білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез;
- әсемпаз болма әрнеге, өнерпаз болсаң арқалан, сенде бір кірпіш дүниеге тетігін тапта бар қалан.
Эссе жазу:
«Маманды-ғым - мақтаны-шым»
Абай өлеңдерін жатқа айтып, талдау жасау.
«Тұлға қалыптас-тыруға әсер ететін факторлар», «тәрбие мақсаттары, «эстетика-лық, адамгерші-
лік, имандылық, еңбек,
отбасы, экология тәрбиесі», «ғылым, білім, оқыту», «ақыл-ой тәрбиесі, патриоттық тәрбие», «тәрбие принцип-тері», «дидактика-ның принцип-тері», «отбасы тәрбиесі»
- «Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей,
- ондай болмақ қайда деп айтпа ғылым сүйсеңіз.
- талаптан да білімнен өнер үйрен;
- білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл
- білімдіден шыққан сөз, талаптығы болсын кез;
- есектің артын жусаң да, мал тап;
- болмасаңда ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз,
- дүние де өзі малда өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз;
- махаббат, әділет, сезім
- кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы жоқ.
- баланың жақсысы - қызық, жаманы - күйік.
17-ші, 18-ші, бірінші қара сөздеріне талдау жасау.
Пікірталас өткізу:
«ондай болмақ
қайда деп айтпа ғылым сүйсеңіз».
1-кесте (жалғасы)
«ХІХ ғасырдың екінші жартысын-дағы ағартушы-лар мұраларын-дағы педагогика-лық ойлар»;
«Әл-Фараби және Абай»
- әкесінің баласы-адамның дұшпаны, адамның баласы - бауырың;
- құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең - оқыт, мал аяма;
- адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып адам болады.
«Адам баласы болса - бауырың» (пікірталас) .
«Әл-Фараби мен Абайдың тәлім-тәрбиелік ойларының сабақтас-тығы» (реферат)
1-кесте (жалғасы)
- «Адамдар-ды әлеумет-тендіру»;
- «балалар-ды отбасын-да тәрбие-леудің негізгі шарттары»;
-«тұлғаны әлеуметтен-дірудегі мектептің рөлі»;
- «баланы еңбекке баулу».
«түзу жолға мәдени прогрестік даму жолына шығу қажет», «адам баласын заман өсіреді, кімде кім жаман болса, оның өзінің замандастарының бәрі виноват»,
«атаның баласы болма, адамның баласы бол, жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін»
«Елдің сиқын кімдер бұзады» (пікірталас) .
«Дін - адамгерші-лік құралы» (шығарма) .
1-кесте (жалғасы)
- «Мектепті басқарудың қағида-лары»;
- «білім беру жүйесіне басшылық жасау»;
- мектеп ісін басқаруға қойылатын талаптар т. б.
- Егер ісім өнсін десең ретін тап.
- биік мансап - биік жартас, ерінбей еңбектеп жылан да шағады, екпіндеп ұшып қыран да шығады.
- адамның адамшылығы істі бастағанды-ғынан білінеді;
- әрбір ғалым, хакім емес, әрбір хакім-ғалым;
- бас басыңа би болсаң, манар тауға симассың, басалқыңыз бар болса, жанған отқа күймессің.
«Ағайын тату болса аспандағы келер» (эссе жазу) .
Тезисті аяқтау. «егер мен мектеп директоры болсам . . . »
Тренинг «педагоги-калық кеңес»
1-кесте (жалғасы)
- «Абай шығарма-ларындағы этнопеда-гогикалық идеялар»;
- «этнопеда-гогиканың даму кезеңдері»;
-«этнопеда-гогикадағы тәрбие мақсаты, қағидалары» т. б.
- қазақтың мақал-мәтелдері
«44-шы сөз»,
«29-шы сөз»,
«24-шы сөз»,
«7-ші сөз»,
«6-шы сөз».
- Мал тапқан елдің жазығы жоқ;
- бірлік бар жерде, тірлік бар;
- ұят кімде болса, иман сонда;
- жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол;
- ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті;
- бақпен асқан патшадан, мимен асқан қара артық;
- кісі ақылымен бай болғанша, өз ақылыңмен жарлы бол;
- өнер алды-бірлік,
- ырыс алды-тірлік.
«Қазақтың тыйым сөздері» (реферат) .
«адамгер-шілік, еңбек, иманды-лық, отансүй-гіштік» тақырып-тарына арналған шағын конкурс ұйымдас-тыру.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz