Лексикография жайлы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

І. Тарау Лексикалық мағынаны ашуда көпжылдық тәжірибесі ... ... ... 5
1.1 Лексикографиялық туындылары және де көрнекілігі ... ... ... ... ... 10
1.2 Лексикалық шағын жүйенің өзге элементтерін
нұсқау жолымен жасалатын қосалқы түсіндірме ... ... ... ... ... ... ... 12

ІІ. Тарау Лексикографиядағы идеографиялық оқу
сөздігі үлгілерінің түзілім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 16
2.1 Лексикадағы идеографиялық сөздіктердің негізгі белгілері ... ... .. 21
2.2 Оқу сөздігіндегі лексикалық бірліктердің
лексикографиялану ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 27
Түсіндірме сөздіктердегі әліпбилік түзілім тәртібі тілдің лексикалық құрамын бейнелеудің сан ғасырлар бойы қалыптанып, тұрақтанған, ыңғайлы әдісі болып табылады. Алайда әліпбилік сөздіктерде лексикалық бірліктердің арасындағы жүйелі семантикалық байланыс толық көрініс таба алмайды. Сөздерді әріптердің орнына сәйкес әліпби, графика және орфография заңдылықтарына орай тізбелеп беретін сөздіктердің бір кемшін тұсы осы мәселеге байланысты. Сол себепті қазақ тілін тез меңгеру ісінде идеографиялық сөздіктердің қосар үлесі зор. Алайда идеографиялық оқу сөздіктері қазақ лексикографиясында әлі де ғылыми-теориялық тұрғыдан жеткілікті түрде қарастырылмай отыр. Идеографиялық оқу сөздіктерінің құрылымы, ондағы сөздердің берілу тәртібі, сөз мағыналарының ашылу заңдылықтары, сөзтізбенің түзілу ерекшеліктері өз дәрежесінде зерттеу нысанына айналмай келеді. Қазақ лексикографиясының өткен ғасырлардағы тарихында түзілген алуан түрлі қазақша-орысша және орысша-қазақша сөздіктерде қолданылған идеографиялық принциптер құрамы айқындалмай отыр. Оның үстіне, қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде жасалған түрлі тілашарларлар мен оқу құралдарында, жолсілтегіштерде, анықтамалықтарда келтірілген тақырыптық топтамаларда берілген лексиканың құрамы мен құрылымы осы кезге дейін зерделенген емес. Осындай себептерге байланысты қазақ лексикографиясындағы идеографиялық оқу сөздіктерінің негізгі ерекшеліктерін ашудың, ол сөздіктерді сапалы етіп жасаудың жолдары мен әдіс-тәсілдерін айқындаудың қажеттілігі осы тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Егемен еліміздің мемлекеттік тілі ретіндегі қазақ тілінің ғылыми негіздерін нығайту, оны орта, арнаулы және жоғары оқу орындарында оқыту ісінде аса күрделі, кезек күттірмей шешуді талап етіп отырған көптеген мәселелер бар. Солардың бірі – тілдік жүйені, оның грамматикалық құрылысы мен лексикалық құрамын, семантикалық құрылымын меңгеру үшін аса қажетті оқу құралдарының бірі ретіндегі оқу сөздіктерін түзу.
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алып, қоғамдағы әлеуметттік қызметінің артуына байланысты оқу лексикографиясы да қарқынды дамып келеді. Идеографиялық оқу сөздіктері қазақ тіліндегі түсініктер мен ұғымдардың жіктелім жүйесін айқын көрсетуге жағдай жасайтын, оның мүмкіншілігін, әлеуетін ұлғайтатын, лексикалық жүйені семантикалық байланыстар тұрғысынан сипаттайтын, тілүйренім үшін ерекше маңызды оқу құралдарының бірінен саналады.
1. Термин сөздердің көркем шығармалардағы қолданысы // Ө.А.Байқоңыров оқулары. Жезқазған, 2005. 89-93 бб.
2. Көркем шығармадағы термин сөздердің қолданысы. Көмекші оқу құралы. Жезқазған, 2005. 56 б.
3. Сөздіктерде берілетін терминдердің ерекшелігі. Тараз, 2006. 123-127 бб.
4. Сөздіктегі ғылыми анықтаманың түрлері туралы // «Қазақ тілі мен әдебиеті және инновация мәселелері». Алматы, 2008. 74-77 бб.
5. Ұлттық терминологияны зерттеудің кейбір мәселелері // Тілтаным, 2008. №1. 70-73 бб.
6. Терминдердің анықтамалары туралы // Тілтаным, 2008. №3. 111-115 бб.
7. Терминологияның кейбір жалпы мәселелері туралы // ҰҒА Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. 2008. №1. 43-46 бб.
8. Терминологиялық тезаурус туралы // «Сөз семантикасы: лексикология, семасиология, терминология». Алматы, 2009. 216-221 бб.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3

І. Тарау Лексикалық мағынаны ашуда көпжылдық тәжірибесі ... ... ... 5
1.1 Лексикографиялық туындылары және де
көрнекілігі ... ... ... ... ... 10
1.2 Лексикалық шағын жүйенің өзге элементтерін
нұсқау жолымен жасалатын қосалқы
түсіндірме ... ... ... ... ... ... . ... 12

ІІ. Тарау Лексикографиядағы идеографиялық оқу
сөздігі үлгілерінің түзілім
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.1 Лексикадағы идеографиялық сөздіктердің негізгі
белгілері ... ... .. 21

2.2 Оқу сөздігіндегі лексикалық бірліктердің
лексикографиялану
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... . 26

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 27

Кіріспе
Түсіндірме сөздіктердегі әліпбилік түзілім тәртібі тілдің лексикалық
құрамын бейнелеудің сан ғасырлар бойы қалыптанып, тұрақтанған, ыңғайлы
әдісі болып табылады. Алайда әліпбилік сөздіктерде лексикалық бірліктердің
арасындағы жүйелі семантикалық байланыс толық көрініс таба алмайды.
Сөздерді әріптердің орнына сәйкес әліпби, графика және орфография
заңдылықтарына орай тізбелеп беретін сөздіктердің бір кемшін тұсы осы
мәселеге байланысты. Сол себепті қазақ тілін тез меңгеру ісінде
идеографиялық сөздіктердің қосар үлесі зор. Алайда идеографиялық оқу
сөздіктері қазақ лексикографиясында әлі де ғылыми-теориялық тұрғыдан
жеткілікті түрде қарастырылмай отыр. Идеографиялық оқу сөздіктерінің
құрылымы, ондағы сөздердің берілу тәртібі, сөз мағыналарының ашылу
заңдылықтары, сөзтізбенің түзілу ерекшеліктері өз дәрежесінде зерттеу
нысанына айналмай келеді. Қазақ лексикографиясының өткен ғасырлардағы
тарихында түзілген алуан түрлі қазақша-орысша және орысша-қазақша
сөздіктерде қолданылған идеографиялық принциптер құрамы айқындалмай отыр.
Оның үстіне, қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде жасалған түрлі тілашарларлар
мен оқу құралдарында, жолсілтегіштерде, анықтамалықтарда келтірілген
тақырыптық топтамаларда берілген лексиканың құрамы мен құрылымы осы кезге
дейін зерделенген емес. Осындай себептерге байланысты қазақ
лексикографиясындағы идеографиялық оқу сөздіктерінің негізгі ерекшеліктерін
ашудың, ол сөздіктерді сапалы етіп жасаудың жолдары мен әдіс-тәсілдерін
айқындаудың қажеттілігі осы тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Егемен еліміздің мемлекеттік тілі ретіндегі қазақ тілінің ғылыми
негіздерін нығайту, оны орта, арнаулы және жоғары оқу орындарында оқыту
ісінде аса күрделі, кезек күттірмей шешуді талап етіп отырған көптеген
мәселелер бар. Солардың бірі – тілдік жүйені, оның грамматикалық құрылысы
мен лексикалық құрамын, семантикалық құрылымын меңгеру үшін аса қажетті оқу
құралдарының бірі ретіндегі оқу сөздіктерін түзу.
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алып, қоғамдағы әлеуметттік
қызметінің артуына байланысты оқу лексикографиясы да қарқынды дамып келеді.
Идеографиялық оқу сөздіктері қазақ тіліндегі түсініктер мен ұғымдардың
жіктелім жүйесін айқын көрсетуге жағдай жасайтын, оның мүмкіншілігін,
әлеуетін ұлғайтатын, лексикалық жүйені семантикалық байланыстар тұрғысынан
сипаттайтын, тілүйренім үшін ерекше маңызды оқу құралдарының бірінен
саналады.

І. Тарау
Лексикалық мағынаны ашуда көпжылдық тәжірибесі
Негізінде қалыптасқан анықтама түрлері бар. Оларды логикалық (тектік,
бүтін мен бөлшектің қатынасы, сипаттама тәсілмен ашу) және лингвистикалық
(синонимдік, деривациялық, релятивті-синтагмалық) деп жіктеуге болады.
Аталған түсіндірмелердің ішінде идеографиялық сөздіктерде көбінесе тектік,
сипаттама, синоним, антоним тәсілі мен аралас тәсіл жиі қолданылады. Тектік
сипаттамада атаудың нақты, номинативті мағынасы ескеріледі
Ғылым тілі бойынша кейінгі кезеңдерде жүргізілген зерттеулердің
негізінде қалыптасқан жаңаша көзқарасты қолдайтын ғалымдар оны жеке
функционалдық тіл ретінде қабылдағанды жөн көреді. Терминология саласының
белгілі маманы А.В.Суперанская өзінің Әдеби тіл және терминологиялық
лексика атты зерттеуінде осы мәселені жан-жақты талдайды. Осы зерттеудің
нәтижелері мен тұжырымдары біздің жұмысымыздың нысанына да тікелей қатысты.
Олар зерттеу барысында толық қолдау тапты. Атап айтқанда, ғалым
терминологиялық лексика әдеби тілдің құрамына кіреді деген пікірдің
қаншалықты ақиқаттығына көз жеткізу үшін бірнеше қарама-қарсылықты
салыстырма жасайды.
Бірінші қарама-қарсылық: жалпы лексика – арнулы лексика. Жалпы
лексика сөздің жалпылама қолданымда болуын білдіреді. Яғни, бұл сөздің
жалпылама қабылданған ұғымының болуын, оның мағынасын түсіндіріп жатпай-ақ
барлық мәнмәтіндерге қосуға мүмкіндік беретін ұғынылымының болуын
білдіреді. Ал арнаулы лексика тобына кіретін сөзді қолданарда оның
мағынасын түсіндіру қажет болады. Себебі, сыртқы формасы жағынан жалпы
лексикалық бірлікпен бірдей тұлғада болғанмен, арнаулы ғылыми мәтінде ол
өзгеше мағынаны иеленеді. Мысалы, су, айналыс, мүлік жалпы лексикада
күнделікті қолданымдағы сұйықтықты, айналу процесін, заттың жалпы атауын
білдіретін болса, олардың арнайлы салалық лексикадағы мағынасы өзгеше.
Химиктер үшін су – сутек пен оттектің химиялық қоспасы, экономистер үшін
айналыс – сатып алу және сату арқылы еңбек өнімін, ақшаны, басқа да меншік
объектілерін айырбастаудың тауарлы өндіріске тән нысаны, заңгерлер үшін
мүлік – меншік құқығының материалдық нысаны. Телефон сөзінің жалпылама
қолданымдағы мағынасы - белгілі бір қашықтықта сөйлесуге арналған аппарат.
Ғылыми тілде ол:

1) электрлік тербелістерді дыбыстық тербелістерге айналдыратын құрал;

2) дыбысты қашықтыққа беру үшін қолданылатын электрлік аппараттар
жүйесі. Келтірілген мысалдардан арнаулы мағынаның кейде жалпы мағынадан
айтарлықтай алыстап кететіні байқалады.

Екінші қарама-қарсылық: әдеби тіл – арнайы мақсатта қолданылатын
тіл. Арнайы мақсатта қолданылатын тілде терминологиялық жүйелер мен
терминологиялық бірліктердің сипаттамалары жасалады, терминологиялық
сөздіктер мен стандарттар түзіледі. Жанрдың ерекшелігі арнайы мақсатта
қолданылатын тілге ерекше шектеулер қояды. Мысалы терминологиялық
стандарттардағы дефиницияларда үтір болмайды. Бұл әдеби мәтіндерге жат
құбылыс. Арнайы мақсатта қолданылатын тілдегі сөздердің әрқайсысы бір-бір
ұғымға байлаулы болғандықтан, тақырыптық өрісте қатаң тәртіппен бөлініп,
әрқайсысы өз орнына ғана орналастырылатындықтан, мұнда синонимияға жол жоқ.
Экскаватор шөміші, әдеби тілдегі шөміш не ожау емес. Арнаулы лексика
мәтінінде кездесетін синонимия арнаулы мағынаның бұрынғы атауының
ауыстырылып отырғанын, оған сай келетін жаңа термин ретінде қолданылып
отырғанын немесе бұл ұғымның тұтас еместігін, оның одан әрі бөліктерге
бөлшектенетінін байқатады. Арнайы мақсатта қолданылатын тіл – жұтаң тіл.
Оған метафоралардың, стилистикалық синонимдердің, көркем әдеби образдардың
қажеті жоқ. Алайда, жаңа ұғымдарды атау процесінде жалпы лексикадағы
образды сөздер де қолданылады.
Үшінші қарама-қарсылық: әдеби тілде термин – арнайы мақсатта
қолданылатын тілде бейтермин. Термин әдеби мәтін тілінде өзінің арнаулы
терминологиялық мағынасында қолданыла алмайды. Әрине, егер жазушы сондай
мақсатты көздеп қолданбаса. Ал арнайы мақсатта қолданылатын тілде бейтермин
сөздердің ұшырасуы - әдеттегі құбылыс. Олар коммуникативтік қызмет
атқарады. Қандай арнаулы мәтін болса да, ұғымдардың кеңістік пен уақыттағы
қатынастарын көрсетуге арналатындықтан, құрамына жалпы лексикадағы көп
мағыналы сөздерді алмай отыра алмайды. Әрбір арнаулы кәсіби мәтінде кең
мағыналы көмекші сөздердің өзіне тән жиынтығы болады. Олардың саны
шектеулі, мағынасы арнаулы мақсатқа бағдарланған болады. Мысалы, жасуша дем
алады, процесс жүріп жатыр, организмдегі темірді қалпына келтіру. Ғылыми
еңбектердің тілі – іскери қарым-қатынаста жалпыға түсінікті болу үшін
белгілі бір дәрежеде нормаланған тіл. Алайда, ғылыми еңбектердің тілі
кәсіби қарапайым сөздер мен кәсіби аргодан айқын ажыратылмайды. Ал әдеби
тіл болса, жергілікті диалектілерден, кәсіби социолектілерден айқын
ажыратылады. Әдеби тілде әдетте жергілікті сөздердің жалпылама қабылданған
баламалары болады. Ал терминді түсіну үшін, оларды мағынасы ішінара сәйкес
келетін лексикалық баламалармен ауыстыру жеткіліксіз. Тиісті білім
саласындағы ұғымдар жүйесін меңгеру қажет.
Төртінші қарама-қарсылық: сөзқолданымды реттеу – терминологиялық
жүйелерді құру. Сөзқолданымды реттеу ісімен тіл мәдениеті саласында жұмыс
жасайтын мамандар айналысады. Терминологиялық жүйелерді құру ісімен
айналысатын – терминологтар. Сөзқолданымды реттеу кезінде дұрыс және бұрыс
қолданым мысалдары жинақталып, нормадан ауытқу жағдайлары анықталады.
Ақпарат көзінің, нақты шығармалардың беделі ескеріле отырып, басым
бағдарлар айқындалады. Терминологиялық жүйелерді құру ісінде нақты ғылым
саласындағы терминделетін ұғымдар айқындалып, олардың арасындағы тек-түрлік
иерархиялық қатынастар жүйесі белгіленеді. Ұғымдарды білдіретін сөздердің
лексикалық мүмкіндіктері ескеріліп, ұғымдық байланыстары мен сөзжасамдық
мүмкіндіктері мол сөздер алынады. Сөзқолданымды реттеу де, терминологиялық
жүйелерді құру да сөздердің стихиялы түрде дамуына қарсы, саналы түрде
бағытталған процестер. Алайда, олар бір-бірінен принциптік тұрғыда өзгеше
негіздерде жасалады. Тілшілер сөзқолданымды әдеби тілдің нормасын, оның
даму бағыттарын ескере отырып реттейді. Ғылым саласының мамандары
терминологиялық жүйелерді құру ісін логика және тіл мамандарын қатыстыра
отырып жүзеге асырады.
Бесінші қарама-қарсылық: термин - бейтермин. Аталған шендестіру
әртүрлі жағдайларда, әралуан мақсаттарға сай жүзеге асырылады. Мысалы
логика мамандары өз еңбектерінде термин деп дәл дефинициясы бар кезкелген
сөзді атайды. Бейтермин – дәл сол сөз, бірақ дефинициясы жоқ сөз. Ғылым мен
техниканың арнаулы метатілдерінде терминдер мен номенклатуралық атаулардың
арасы ажыратылуы мүмкін. Ол кезде термин ретінде ғылыми ұғым атауы, ал
номен ретінде ғылыми таным процесіне қатысы бар заттардың атаулары алынады.
Екеуінің арасында айқын шегара жоқ. Бір сөз ғылымның бір саласында термин
болса, екіншісінде – номен болуы мүмкін. Осыған байланысты олардың ұғымдары
да, жүйедегі орындары да ауысады. Ал жалпы лексика құрамына қайта өткен
кезде арнаулы сөздердің бейтерминденуі орын алады. Дәл дефинициялары
жойылады. Салыстыру үшін инфаркт, валидол, пенициллин сөздерінің
медицинадағы, фармакологиядағы, биохимиядағы, теоретикалық физикадағы
мағыналары мен жалпы лексикадағы мәндерін алып қарастыруға болады.
Сонымен, терминологиялық лексиканы әдеби тіл лексикасына қосуға
болмайтыны түсінікті болды. Терминологиялық жүйелердің әдеби тілге қатысты
автономдылығы білінді. Қорыта келгенде, терминологияның арнаулы лексика
саналатыны, көбінесе арнайы мақсатта қолданылатын тіл мәтіндерінде
ұшырасатыны белгілі болды. Терминдер – жеке-жеке түрлі сөздер емес. Олар
өздері атаушы ұғымдармен тығыз байланысты. Формасы жағынан бірдей сөз,
әртүрлі терминологиялық жүйелерге ену арқылы түрлі мағынадағы дәл сол бір
сөз болудан қалады. Олар – екі түрлі омонимдер. Бір-бірімен шығу тегі
жағынан және терминологиялық қолданымы жағынан байланысты омонимдер болып
шығады.
Осылайша, ғалым бес түрлі қарама-қарсылық келтіре отырып, ғылым
тілінің әдеби тілдің құрамына кірмейтіндігін, екеуінің де жалпыхалықтық,
ұлттық тілдің құрамында қарастырылатынын дәлелдейді. Сонымен, термин
өзінің сыртқы формасы жағынан сөз түрінде болғанымен, ұлттық тілдің
грамматикалық қағидаларына сөз тәрізді бағынғанмен, ұғымдық жақтан жалпы
лексикалық сөзден ерекшеленеді. Шындығында, терминология ұлттық тіл
лексикасының дербес бөлігін құрайды. Әрбір ғылым саласының өзіне тән
терминологиялық жүйесі мен ерекше терминдері бар. Ол терминдердің
мағыналары сол ғылым саласында ғана актуалданады. Демек, ғылыми
терминологияның әдеби тілге тәуелсіздігін дәлелдеп жатудың өзі артық нәрсе.
Сонымен бірге, ғылым мен техниканың жекелеген салаларындағы ұғымдардың
сөздермен аталатындығы, ал сөздердің лексикалық бірліктер екендігі де аян.
Олай болса, терминологиялық бірліктерді тілден тыс жасанды таңбалар
жүйесіне жатқызу да жөн болмайды. Терминологиялық бірліктер арнаулы кәсіби
лексиканың құрамына енеді және оның басым бөлігін құрайды. Асылы, ұлттық
тіл лексикасын жүйелердің жүйесі ретінде, яғни көптеген шағын жүйелерден
құралатын үлкен жүйе ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар,
терминология мамандары тілдегі бүкіл сөздік құрамды жалпылама қолданыстағы
лексика мен арнаулы кәсіби лексикаға бөліп қарастыруды жөн санайды. Салалық
кәсіби тіл құрамындағы арнаулы кәсіби лексиканың семантикалық жағы тек сол
кәсіппен шұғылданатын мамандарға ғана түсінікті болмақ.

1.1 Лексикографиялық туындылары және де көрнекілігі
Соңғы 20-30 жылда қарқынды дамып келе жатқан оқу лексикографиясының
жетістіктерін, оқу сөздіктерінің мәні мен маңызын мойындай отырып, біз де
өз тарапымыздан бұл ұсынысты қолдаймыз.
Лексикографиялық туындылардағы сөздік бірлікке анықтама беру‚
түсіндірме жасау кезінде жеке лексикалық бірліктер мен тұтас лексикалық
жүйенің ішкі құрылымын‚ заңдылықтарын көрсетуге талпыныс жасалады. Осы
мәселеге қатысты мынаны ескерген жөн: тілді қолданудың екі түрі бар. Ол
халықтың қолданатын құралы болғандықтан қоғамдық құбылыс ретінде, жеке
адамның қолданатын құралы болғандықтан индивидуалды құбылыс ретінде
қарастырылады. Тіл білімінің тілді қалыптасқан қоғамдық құбылыс ретінде
қарастыратын бөлігі - с и п а т т а м а л ы - ж і к т е м е л і
лингвистика деп аталатын болса‚ оны жеке адамның ішкі дүниесінен өсіп
шығып‚ ұлғая беретін тірі организм ретінде қарастыратын бөлігі - а н т р
о п о ц е н т р и с т і к лингвистика аталып келеді. Идеографиялық
сөздіктегі бірліктерге сипаттама жасалған кезде мәселенің осы екі аспектісі
де міндетті түрде ескерілуі қажет деп ойлаймыз.
Оқу лексикографиясы - тіл білімі ғылымының кейінірек дамыған жас
саласы. Осы саланың ғылыми-теориялық тұрғыдан қалыптасуына мүмкіндік
тудырған жұмыстардың авторы В.В.Морковкин. оған Оқу лексикографиясы –
басты мазмұны лексикаға тілүйретімдік мақсатта сипаттама жасаудың
теоретикалық және практикалық аспектілері болып табылатын, арнаулы мақсатта
қолданылатын лексикографиялық, лингвоәдістемелік пән түрінде анықтама бере
отырып, оқу сөздігінің алатын орнының, ерекше екендігін жазады. Оның тілдік
қатынас пен тілдесім құралы көлемі мен типі жағынан алуан түрлі болып
келетін лексикографиялық туынды болып табылатындығын тұжырымдайды .
Оқу лексикографиясында, жалпы лексикографиядағы тәрізді, сөздіктің
микроқұрылымын яғни оның элементтері мен параметрлерін зерттеу мәселесі
маңызды орын алады. Сондықтан‚ сөздіктің тіліне жасалатын талдаудың алғашқы
түрі параметрлік талдау болмақшы. Ю.Н.Караулов әлем тілдеріндегі түрлі
типтегі сөздіктерді талдау нәтижесінде лексикографиялық параметрлер санын
алпыс беске жеткізеді. Солардың ішіндегі қазақ тіліндегі сөздіктері үшін
маңыздылары төмендегідей: Тілдер саны. Сөздік кірісі (әліпбилік, тура
және кері; мағыналық; сөздің ұзындығына байланысты әліпбилік -
хронологиялық транскипциялық, т. б.). Хронологиялық параметр (сөздің
бірінші жазбаша тіркелу уақыты, сөздіктің хронологиялық рамкілері). Сандық
параметр (сөздіктегі сөздердің саны). Орфографиялық (әрбір әріп бойынша
әліпбилік). Сөздің ұзындығы (әріптер саны). Екпін. Айтылым. Буынға бөліну.
Сөз табы. Жекеше көпше. Сын есімдердің шырайлары. Сабақты салт етістік.
Етістер. Райлар. Тұйық етістік. Көптік, жіктік, септік, тәуелдік жалғаулар.
Көмекші етістіктер. Есімше. Етістіктің шақтары. Сөздің морфологиялық
құрылымы. Сөзжасамдық параметр. Аббревиятуралар. Көп мағыналылық бір
мағыналылық. Семантема (семантикалық эквивалент, дифиниция). Мағынаның
транспозициясы. Ареалдық параметр. Синтагматикалық тіркес (еркін тіркесім).
Фразеологиялық тіркес (тұрақты тіркесім). Лексикалық тіркесімділік.
Иллюстративтік параметр. Стилистикалық параметр. Эмоционалды - бағамдық
параметр. Нормативтілік пен вариациялық. Статистикалық (сөздің қолданым
жиілігі). Лингвотарихи параметр (сөз тарихы). Лингвоелтанымдық (этномәдени,
тарихи) параметр. Ономастикалық параметр. Терминологиялық параметр.
Тектестік (этимологиялық, генетикалық, біртектілік) параметрі. Кірмелілік
параметрі синонимдік параметр. Антонимдік параметр. Омонимдік параметр.
Паронимдік параметр. Ассоциативтік параметр. Семантикалық өріс. Тақырыптық
топ. Библиографиялық (сөз туралы зерттеулерді көрсету) параметр.
Лексикографиялық параметр (сөз туралы қажетті дерек алуға болатын
сөздіктерге сілтеме). Ж.Байниязова лесикографиялық параметрлердің
көпшілігінің оқу лексикографиясында жасалатын сөздіктерге тікелей
қатыстылығын, оқу лексикографиясындағы тоғыз аспектіні бейнелейтін тоғыз
оқу сөздігінің түрлерінде (түсіндірме, идеографиялық, фразеологиялық,
лингвоелтанымдық, грамматикалық сөздіктер, синонимдердің, антонимдердің,
омонимдердің, паронимдердің оқу сөздіктері) көрсетілген параметрлердің
басым көпшілігі қолданылатындығын атап өтеді.
1.2 Лексикалық шағын жүйенің өзге элементтерін нұсқау жолымен
жасалатын қосалқы түсіндірме.

Лексикалық шағын жүйе ретінде лексеманың ассоциативті және
семантикалық микроөрістері аталады. Лексикалық шағын жүйенің басқа
элементтерін нұсқау жолымен берілетін қосалқы түсіндірме негізінен кешенді
сөздіктерде болады. Толық түсіндірме сөздіктерде бұл үшін жартылай ұялық
принцип қолданылады. Сөздікте аталған байланыстарды көрсететін сөз
тіркестері (еркін және тұрақты)‚ фразеологизмдер‚ мақалдар мен мәтелдер‚
қанатты сөздер‚ т.б. беріледі. Қазіргі түсіндірме сөздіктердің бірқатарында
лексикалық бірліктің дефинициясынан кейін оның синонимдері мен
антонимдерін‚ паронимдерін келтіру лексикографиялық дәстүрге айналған.
Термин ретіндегі лексеманың лексикалық шағын жүйедегі орнын білудің‚ оның
ішкі байланыстарын байқаудың пайдасы көп. Ассоциативтік және
семантикалық өріс элементтері жанама түрде болса да сөз мағынасын
тереңірек аша алады.
Термин белгілі бір затпен, қасиетпен, қатынаспен арақатынасының
белгіленуі жолымен ғана мағынаны иеленетіндігі анық. Терминнің мағынасын
мысал арқылы түсіндіру тәсілі де бар. Оны ингерентті түсіндірме деп атайды.
Мысалы: Аққұлақ зат. Қой‚ ешкіде болатын қотырды аққұлақ дейді. Ақмамық
зат.бот. Малға құнарлы‚ құрғақшылыққа төзімді‚ тамырынан дәрі жасалатын‚
астық тұқымдасына жататын өсімдіктердің бірі - ақмамық. Бұл жағдайда сөз
немесе термин дефинициялық анықтама арқылы түсіндірілмей, сөйленім
ағымында, контексте түсіндіріледі. Түсіндірменің мұндай түрі тар мағынадағы
сөздің семантикасы туралы деректен гөрі негізінен сөздің узусы‚ оның
лексикалық және синтаксистік тіркесімділігі туралы дерек беретіндігі
белгілі. Мұндай дәйектеме материалдағы мысалдар арқылы сөздің көбінесе
дефиниция арқылы толық ашылмайтын коннотативті мағыналары ашық
көрсетіледі. Яғни бұл коннотативті мағыналарды берудің бір тәсілі.
Ғылыми пәндердегі терминдердің анықтамалары әдетте ұсынылатын
терминдердің жинақтарында, нормативті терминологиялық басылымдарда
келтіріледі. Стандарттар - техника мен өнеркәсіп салалары үшін жасалады.
Ұлттық тілдің түсіндірме сөздіктеріндегі анықтамалар - әдеттегі, күнделікті
қолданымдағы білім-білік үшін жасалады. Алайда, қазіргі кезеңде дәл мұндай
айқын шектеушілік үнемі сақтала бермейді. Ұлт тілінің түсіндірме сөздіктері
көп жағдайларда терминологиялық жинақтар мен стандарттарды қайталап беріп
келеді. Бұл, әрине, қателіктерге соқтырып жүр. Нақты ғылым салалары бойынша
жасалып жүрген терминологиялық түсіндірме сөздіктердің сапасының төмен
болуы, жүйесіздіктің байқалуы оларды түзуші авторлардың құрамына тікелей
қатысты жағдай. Терминологиялық түсіндірме сөздіктердің сапасының төмен
болуы оны құрастыру ісіне логика мен лингвистика мамандардың тартылмауына
байланысты. Ұсынылатын терминдердің жинақтарында берілетін анықтамалар
әдетте ұғымның мазмұнын ашуға яғни заттардың, құбылыстардың ұғымда
бейнеленген маңызды белгілерін көрсетуге бағдарланады. Шындығында, маңызды
белгілер жиынтығы ұғымның өзін емес, оның мазмұнын құрайды. Энциклопедиялар
да қолданым аясы жағынан жоғарыда санамаланған басылым түрлерінен көп
ерекшелене бермейді. Олардағы басты ерекшелік -анықтамалардың орнында
сөздік мақалалардың берілуінде ғана. Белгілі бір ғылым салалары бойынша
түзілген энциклопедиялар мен ұсынылатын терминдер жинақтары қатар
қолданымда бола береді. Ұсынылатын терминдер жинақтарындағы анықтамалар тек-
түрлік тәсілмен жасалатындықтан, олардағы білімді жинаулы, буулы тұрған
білім деуге болады. Шынайы білім мұндай анықтамалардың жиынтығымен
шектелмейді. Ұсынылатын терминдер жинақтарындағы анықтамаларда бейнеленетін
білім осы саладағы нысандарды бір-бірінен айыруға ғана жарайды. Мысалға
квадрат дегеніміз тең бүйірлі тікбұрышты төртбұрыш түрінде берілген
анықтаманың көмегімен квадратты үшбұрыштан айыруға болады. Алайда, осы
анықтама арқылы адамға квадрат туралы толық білім беріліп отырған жоқ. Осы
тәрізді айырмашылықтар ұғымдардағы айырмашылықтардан келіп шығады. Сөз
болып отырған тар шеңбердегі кәсіби ұғым бойынша квадрат терминінің мазмұны
оның маңызды белгілері арқылы түсіндіріліп отыр. Оны кең ұғымнан айыра білу
қажет. Мәселе білімдердің әртүрлі жүйесіне байланысты әртүрлі шешілетін
болып отыр. Бірінші жүйеде екінші, кең мағынадағы түсініктің маңызды
нүктелері ғана аталады. Осылайша, Энциклопедиядағы сөздік мақалада сөздің
тар мағынасындағы анықтама беріледі. Энциклопедияның сөздік мақаласын
нысанға анықтама беруден бастаған жөн болмақ. Сөздің тар мағынасындағы бұл
секілді анықтамаларды түзуде жоғарыда сөз болған жалпы талаптардың
сақталуын қадағалау қажет.
Терминологиялық бірліктерді лексикографиялау ерекшеліктері деп
аталатын екінші бөлімінде терминдердің ұлттық түсіндірме сөздікте, салалық
терминологиялық сөздікте, энциклопедиялық сипатты сөздіктерде, автоматты
сөздік түрлерінде және оқу сөздіктерінде берілу заңдылықтары сөз болады.
Терминологиялық бірліктердің түсіндірме сөздіктерде берілу
ерекшеліктері атты тараушада түсіндірме сөздіктердегі терминнің
лексикографиялануына қатысты мәселелер қарастырылады. Терминнің ғылыми тіл
мен әдеби тілдегі мағыналары сәйкес келмейтіндігі белгілі. Себебі ғылыми
тілде – ғылыми ұғым, әдеби тілде – күнделікті қолданымдағы ұғым беріледі.
Бұл ерекшелікті академик Л.В. Щербаның келтірген мысалы арқылы өрнектеуге
болады: түзу (геом.) – екі нүкте аралығындағы ең қысқа қашықтық. Әдеби тіл
сөздігінде: түзу – оңға, солға, жоғары, төмен ауытқымайтын сызық, т.б.
Филологиялық сөздік әдеби тілдің сөздігі болмай, жалпыхалықтық, ұлттық
тілдің түсіндірме сөздігі болса, ондай сөздіктің ғылыми ұғымға ғылыми
анықтама түрінде түсінік беруге мәжбүр болатыны анық. Себебі ол (ғылыми
ұғым) халықтық тілдегі тілдік семантиканың бір бөлігі. Екінші жақтан,
ғылыми ұғымға анықтама беру мен ұғымның таңбасы ретіндегі терминге анықтама
беру бір емес. Ғылыми ұғым – мазмұнды ұғым. Мұндай ұғымның барлық байлығы
мен тереңдігі бір дефиницияға сыймайды. Ол үшін көп дефиниция керек. Осыған
байланысты ғылыми ұғымға сипаттама беру ісі - өзінің табиғатынан
энциклопедиялық сипатқа ие. Ал, терминнің дефинициясында оны
терминологиялық жүйеде ерекшелейтін мәнді белгілер ғана көрсетілуі тиіс.
Мұндай дефиниция мазмұнды ұғыммен емес, формальды ұғыммен сәйкес келеді.
Терминдердің мағыналар жүйесі тілдік семантиканың аясында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ лексикографиясының қалыптасуы мен зерттелуі
Қазақ тілінің лексикографиясының типтері
ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРІК - ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ СӨЗДІГІ
Лексикография туралы жалпы түсінік
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары жайлы мәлімет
Жалпы тіл білімі - тіл білімінің барлық тілдерге тән заңдылықтары мен қасиеттерін зерттейтін ғылым
Қазақ лексикографиясы: біртілді оқу сөздігін түзудің ғылыми негіздері
СӨЗДІК ҚҰРАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Шет тілдер сөздерінің сөздігі
Педагогикалық бақылау теориясы бойынша электрондық терминологиялық түсіндірмелік сөздік
Пәндер