Алаш қозғалысы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында



1 Кіріспе
2 Қорытынды.
3 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Тақырыптың өзектілігі: 1991 жылдың желтоқсан айында қазақ халқын өзінің ғасырлар бойы армандаған тәуелсіз мемлекет мәртебесіне жеткеннен кейін мол тарихымыздың қасақана бұрмаланып мән мағынасы шындыққа жанаспайтын тұрғыда баяндалып келген мәселелерін қайта жазып жұртқа жеткізу мүмкіндігі туды.
ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстанның қоғамдық саяси экномикалық және әлеуметтік өмірінде елеулі роль атқарған алаш қозғалысы «Алаш» партиясы және Алаш орда үкіметі тарихын зерттеуді жан –жақты әрі терең ғылыми тұрғыда жалғастыру міндеті тәуелсіз Қазақстан тарихшыларының елшісіне тиді. Белгілі тарихшы К. Нүрпейісов алаштану саласын төмендегідеймаңызды деп танылған мәселелер тізгінін зерттеуді ұсынды. «Алаштың әлеуметтік саяси және экономикалық бастау көздері, оның ХХ ғасырдың алғашқы 20 жылында Қазақстанның қоғамдық - саяси өміріндегі алатын орны атқарған ролі » 1917 жылы екі революция мен қарым-қатынасы мен байланысы Алаш пен Алаш орда және кеңес өкіметі Алаш қозғалысының ішкі қайшылықтары және оның көріністері: Алаш қозғалысының көрнекті қайраткерлерінің көз қарасы эволюциясы: Алаш қозғалысына қатысушылардың 1920 жылдардан кейінгі қасіреті: Алаш қозғалысы және Орта Азия мен Еділ бойының түркі тілдес, мұсылман тілдес халықтарының саяси партиялары мен қозғалыстары мен байланыстары:
Алаш немесе Алаш орда қозғалысы мәселесінің ғылыми жан-жақты, толық әрі шынайы тұрғыдан зерттелінуі КСРО ыдырағанға дейін мүмкін болмады. Алайда КСРО –ның қоғамдық саяси өміріндегі өзгерістер толқыны жаңа бетбұрыстар әкелді. Тарихшы М, Қойгелдиевтің сөзімен айтсақ ....... идеолгиядағы соңғы бет бұрыс, ғылыми қоғамдық ойлардағы сілкіністер, Сталиндік репресия құрбаны болған интеллегенттердің ақталуы және олардың еңбектерінің еліне қайтарылуы «Алаш» мәселесін құн тәртібіне қойып отыр
1. К. Нүрпеиісов Алаш һәм Алаш орда Алматы «Атамекен » 1995 -125 б
2. М. Қойгелдиев «Алашты» бұғаудан қашан босатамыз? Арай журналы 1990 ж № 8 6 бет
3. М. Қозыбаев Еліміз Алаш, керегеміз ағаш, қазақ әдебиеті 16 желтоқсан 1997 жыл
4. А. Махаева қазақ халқының мүддесін қорғаған комитетер. Ақихат 1995 ж № 1 32-39 бет
5. М. Қойгелдиев Алаш өткен жол Ақиқат 1994 ж №2 45 бет
6. Егеменді Қазақстан 23 қыркүйек 2008 ж
7. Егеменді Қазақстан 6 сәуір 2007 ж
8. Балаби журналы № 9 2006 ж
9. Балаби журналы № 7 2006 ж
10. Дихан Қамзабекұлы Алаш және әдебиет Астана 2002 ж

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: 1991 жылдың желтоқсан айында қазақ халқын
өзінің ғасырлар бойы армандаған тәуелсіз мемлекет мәртебесіне жеткеннен
кейін мол тарихымыздың қасақана бұрмаланып мән мағынасы шындыққа
жанаспайтын тұрғыда баяндалып келген мәселелерін қайта жазып жұртқа жеткізу
мүмкіндігі туды.
ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстанның қоғамдық саяси экномикалық
және әлеуметтік өмірінде елеулі роль атқарған алаш қозғалысы Алаш
партиясы және Алаш орда үкіметі тарихын зерттеуді жан –жақты әрі терең
ғылыми тұрғыда жалғастыру міндеті тәуелсіз Қазақстан тарихшыларының
елшісіне тиді. Белгілі тарихшы К. Нүрпейісов алаштану саласын
төмендегідеймаңызды деп танылған мәселелер тізгінін зерттеуді ұсынды.
Алаштың әлеуметтік саяси және экономикалық бастау көздері, оның ХХ
ғасырдың алғашқы 20 жылында Қазақстанның қоғамдық - саяси өміріндегі
алатын орны атқарған ролі 1917 жылы екі революция мен қарым-қатынасы
мен байланысы Алаш пен Алаш орда және кеңес өкіметі Алаш қозғалысының ішкі
қайшылықтары және оның көріністері: Алаш қозғалысының көрнекті
қайраткерлерінің көз қарасы эволюциясы: Алаш қозғалысына қатысушылардың
1920 жылдардан кейінгі қасіреті: Алаш қозғалысы және Орта Азия мен Еділ
бойының түркі тілдес, мұсылман тілдес халықтарының саяси партиялары мен
қозғалыстары мен байланыстары:
Алаш немесе Алаш орда қозғалысы мәселесінің ғылыми жан-жақты, толық
әрі шынайы тұрғыдан зерттелінуі КСРО ыдырағанға дейін мүмкін болмады.
Алайда КСРО –ның қоғамдық саяси өміріндегі өзгерістер толқыны жаңа
бетбұрыстар әкелді. Тарихшы М, Қойгелдиевтің сөзімен айтсақ ... ...
идеолгиядағы соңғы бет бұрыс, ғылыми қоғамдық ойлардағы сілкіністер,
Сталиндік репресия құрбаны болған интеллегенттердің ақталуы және олардың
еңбектерінің еліне қайтарылуы Алаш мәселесін құн тәртібіне қойып отыр

Қорытынды.
Алаш қозғалысы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстанда
орын алған әлеуметтік –экономикалық, қоғамдық –саяси және рухани мәдени
өзгерістердің нәтижесінде өмірге келді. Бұл қозғалыстың өзегі орталық
элеметті өзінің бастау көздерін 1905-1907 жылдардағы 1 орыс революциясы
әкелген өзгерістерден алған, ал саяси ұйымы ретінде 1917 жылғы жазда
құрылған тұңғыш жалпы ұлттық Алаш партиясын құру үшін ұлттық –
демократиялық қазақ интелегенциясының жұрт таныған жетекшілерінің бірі.
Әлихан Бекейхан — ірі ғалым; көреген саясаткер ғана емес, қылышынан
қан тамған болыиевиктік өктем саясатка каскайып кдрсы тұрған, кеңестік
шындықка бетпе-бет келген бірден-бір кайсар түлға. Ол "найзаның үшымен,
айбалтаның жүзімен болған үкіметті" кабылдай алған жок. Оның: "1905 жылы 9
январьда астанадағы (Сакнт-Петербург — автор) неше мын жүмысшылар бостандык
бер деп Николайға барған. Николай бұларға пулемет бостандығын көрсеткен
еді. Большевик Николайдың аяғын қүшты. Николайдың да, мұның емшектес інісі
большевиктің де пулеметтеп жатканы жалпы жүрт, екеуінің де сүйен-гені
қараңғы солдат", деп жазуы осы кайсарлықтың жарқын көрінісі еді. Мұстафа
Шоқой сөзімен айтқанда, "ол (Ә. Бөкейхан — автор) өз халкына жат
пролетариат қозғалысы мен пролетариат диктатурасының кесір-кесапатын
жүрттың бөрінен бұрын сезді, түсінді. Ол Сталинге өзінің осы керген-
білгендерін батыл да ашык айтқан болатын". Осылар үшін ол "буржуазиялық
ұлтшыл" аталып, жазықсыз кудаланды, атылды. Қайта күру кезеңі ғана оның
ардақты есімін халқына кайтарды.
Халқының бостандығы мен азаттығы, болашағы мен бақыты жолында жан сала
күрескен, сол жолда күрбан болған Әлихан Бөкейханның сан салалы асыл
идеялары бүгінгі тәуелсіз Қазақстан жағдайында бірте-бірте жүзеге асуда.
Кезінде Алаштың Әлиханы атанған ұлтымыздың ұлы перзентінің халқына жасаған
үшан-теңіз еңбегі, рухани асыл мұралары қазақ өз елінін иесі болып тұрғанда
мәңгі жасай бермек.
Сөз сонында Әлихан Бөкейхан сиякты Алаштың ардақтыларын халқымыздың
есінде қалдырудың жолдарын әлі де ойластыра түскен жөн. Біріншіден, Әлихан
Бөкейханның колда бар еңбектерінің толық жинағын шығарған абзал. Қазіргі
кітапханаларымыз оған сусап отыр. Осыдан он-он бес жыл бұрын шыккан
кітаптардың тозығы жетті. , Кейінгі екі томдық басылымды кез келген
кітапханадан таба кою қиын, өйткені. ол өте, аз тиражбен басылған. Сондай-
ак еңселі елордамызда төуелсіз ұлттық мемлекет құру жолында асыл
ғұмырларын құрбандыкқа шалған Алаш қозғалысының саяси топ басшыларының алаң-
аллеясы жасалып, онда ардақтыларымыздын мүсіндері лайықты орын тауып
жатса, нұр үстіне нұр болар еді.

XX ғасырдың басында Алаштың Әлиханы аталып, Ресейдің алдыңғы қатарлы
зиялы қауымына да аты мәшһур болған аса ірі қоғам және мемлекет кайраткері
Әлихан Бөкейхан өмірінің соңғы он жылында Мәскеуге жер аударылып, өз
пәтерінде "үй тұтқынында" ұсталып. 1937 жылдын 27 қыркүйегінде өлім
жазасына кесіліп, сол құні атылуының шынайы себептерін бүгінгі ұрпақ біле
бермейді.
Әлихан Бекейхан 1870 жылы бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі,
Тоқырауын болысына қарасты 7-ші ауылда, қазақ хандарының тікелей ұрпағы
Нұрмұхамедтің отбасында дүниеге келген еді. Халықтың бай ауыз ацебиеті мен
Шығыстың кисса-дастандарын жақсы білетін, ұлы Абайдың асқақ ойлы
шығармалары мен оның талантты шәкірттерінін туындыларын жаттап өскен ортада
бой түзеген Әлихан үш кластық бастауыш мектепті, уезд орталығындағы үш
жылдық училишені, Омбы қаласындағы төрт жылдық техникалық училишені де
ойдағыдай бітіреді. Өте жақсы оқуы және ерекше тәрбиелшігі арқасында ол
1890 жылы Дала генерал-губернаторы кеңсесінін ұсыныс-хатымен Санкт-
Петербург Императорлық орман институтына түседі.
Туасы зерек Әлихан Бөкейхан студент кезінде-ақ Ресей орталығындагы
саяси жағдай-лардан тыс кала алмады. Сабактан тыс кездерде марксизм іліміне
ден койып, кызу пікірталастарда оның экономикалық материализм қағидаларын
корғайды. Қоғамдык белсенділік танытып, әртүрлі студенттік тол-куларға да
араласады. Мүның барлығы болашақ Алаш көсемінің Ресейдің мемлекеттік
күрылымын, онын қазақ даласындағы отар-шылдық саясагының қыр-сырын
тереңірек түсінуіне игі ыклал етеді.
Окуын ойдағыдай бітіріп, ормантанушы ғалым. экономист мамандығын алған
Әлихан Бөкейхан Омбыға оралып, осында 14 жыл тұрады, каланың қоғамдык
өміріне қызу араласып, осындагы прогресшіл, демократиялық ұстанымдағы зиялы
кауыммен кауышады. Олардың арасында саяси көзқарастары үшін орталықтан жер
аударылғандар да бар болатын. Мүның барлығы оның ғылыми-теориялық жағынан
толыса түсіп, саяси күрескер ретінде калыптасуына айрықша ыкпал етеді.
Қазақ халкынын аса бір маңызды тарихи кезеңінде саяси сахнаға шыккан
Әлихан Бөкейхан ұлтының санасын оятуға айрықша әсер етті. оиың әлеуметтік-
саяси өміріндегі бұрын-соңды болмаған ерекше жаңалықтардың, тағдырлы
оқиғалардың басы-қасында болды. оны ұйымдастырды, соған жетекшілік жасады.
Сондыктан да оған кесем, ұстаз, түңғыш, бірінші, айрыкдіа деген теңеулер
жараса кетеді. Бұл сапалық көрсеткіштерге толық негіз бар еді.
Қазақ тарихы Ресейдің отарлық езгісіне қарсы жүргізілген сан түрлі ұлт-
азаттық қозғалыстар мен күрестерді біледі. Кіші жүз қазақтарының Сырым
Датов, Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған көтерілістері, 1837-
1847 жылдарғы Кенесары ханның басшылығымен болған көтеріліс және Сырдария
қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедов басқарған көтерілістері халкымыздың
жанында мәнгілік орын алған. Алайда Алаш қозғалысы өзінің саяси топ
басшылары, қозғаушы күші мен алдына қойған мақсаты жағынан қазақ
тарихындағы қозғалыстардын ең маныздысы әрі жоғары деңгейде ұйымдасқаны
еді. Ол отарлық саясатының езгісіне соның салдарыман туындаған қоғамдағы
өкіметтік пен әділетсіздікке қарсы шыккан қазақ халақының жанаша түрдегі
ұйымдасқан іс-әрекеті кезеңге сай ұлттық санасынын оянуының қоғамдык
көрінісі болатын.
Алаш қозғалысының бұрын-сонды болған баска ұлт-азаттық. қозғалыстардан
басты артықшылығы жер және билік мәселесімен қатар, ұлттық болмыс пен
құндылықтарды сақтау және оларды заман талабына сәйкес етіп бейімдеу
мәселесін көздеуінде болды. Ол күрес жолында саяси демократиялық партия мен
ұлттық дербес мемлекет құру деңгейіне шейін көтерілді.
Әлихан Бөкейхан — қазақтың жаңа тұрпатты ұлт-азаттық қозғалысының
көсемі. Бұл қозғалыс Әлекең бастаған саяси топ басшыларының ойлап тапканы
емес. Бұл да патшалық Ресейдің отарлық, саясатының езгісінен, өктемдігі мен
әділетсіздігінен туған заңды құбылыс болатын.
Ресей империясы қазақты тиісті өзіндік өсіп-өркендеу жолы бар этностық
кауым ретінде орыс халқымен тең көрмеді. Ең бірінші, оны жерінен айырута
тырысты. Патшаның жергілікті әкімшілігінің күшімен коныстанушыларға ежелгі
тұрғындардың ата коныстары, отысуы мол, ең шүрайлы, шөбі шүйгін жерлері
тартып әперілді. Кдзак шөл және шөлейт, т.б. құнарсыз жерлерге еріксіз
ығыстырылды. Қазақ тұратын аймактар өлкелерге бөлініп. бірлік пен тұтастық
бұзылды.
Осындай теңсіздіктен тутан наразылықтардың басы-қасында ұлттық
интеллигенция өкілдері болды. Оны хат, жолдаулардың мазмұндарынан-ақ
байкауға болады. Осы зиялы топтар бірте-бірте әлеуметтік саяси күшке айнала
бастады. Олар сан жағынан өте аз болғанымен, көбісі Ресей орталықтарында
окып, саяси күрестін алғашкы қыр-сырын ұғынғандар болатын.
Міне, сондай, кейін Алаш атына ие болган қозғалыстың акыл айтар көсемі
де, оны тікелей ұйымдастырар жетекшісі де Әлихан Бөкейхан болды. Ол ұлтының
азаттығын мұрат еткен жастарға: "Ұлтқа пайдалы адам болғыңыз келсе, бәрінен
бұрын орыс өкіметінің атамекеніміздегі жер саясатын мұкият зерттеп үйренуге
тырысыңыз. Сізге не істеу керектігін осы саясаттың өзі-ақ көрсетіп
береді", — деп кеңес бергенді.
Сол кездегі Әлихан Бөкейхан бастаған ұлт зиялылары патша үкіметінің
отарлық саясатына ашықтан-ашық қарсы шығудың әзір ерте екенін түсінді.
Сондықтан саяси ұстамдылықка барып, халықты алдымен қараңғылықтан шығарудың
жолын іздеді. Мүны Әлихан Бөкейханның 1905 жылдың қарашасында Мәскеуде
өткен жергілікті және кала кайраткерлерінің съезінде сөйлеген сөзінен айкын
байкаута болатын еді. Ол қазақ халкына таяудағы кажеттіліктер — ана тіліне,
дін мен сайлауға бостандык туралы мәселелерді көтерді.
Алаштың саяси тобының алгашкы ізденістері нәтижесінде жасаған түжырымы
— қазақ, қоғамын ортағасырлық әлеуметтік-экономикалық мешеуліктен алып
шығатын батыстың буржуазиялық қатынас жолы еді. Олар халқынын ұлттық
ерекшеліктері мен дәстүрлі мәдениетін сактай және дамыта отырып, қазақ
халкын Ресей мен Еуропаның озық мәдениетіне жеткізуді мақсат етті. Әлихан
Бөкейхан бұл бағытта рухани мәдениетке ерекше көніл бөле отырып, оның басты
белгісі жұртты жалпы оқуға тарту, газет пен кітап шығару, ғылым аркылы
ұлтка жаксылық жол ашу деп жазды. Қазақтың шығар биігін, алар асуын осыдан
іздеді. Мұны Германия жүмысшы қозғалысының кернекті өкілі А. Бебельдің қаза
болуына байланысты және неміс мәдениеті такырыбына жазылған мақалаларында
Ә. Бөкейханның қазақ оқырманын каираткердің бұқара ісі үшін күресімен,
неміс жүртының демократиялық және мәдени дәстүрімен таныстыруынан да айкын
анғаруға болады.
Сондыктан қазақтың тұңғыш басылымы "Дала уәлаятының газеті"
жабылғаннан кейін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІХ ғасырдың ІІ жартысы – ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясы: тарихы мен тарихнамасы
Ресей жоғары оқу орындарында оқыған қазақтар, олардың қоғамдық-саяси қызметі (хіх ғ. аяғы – хх ғ. 20-30жж.)
ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ
Қазақ қоғамындағы білім жүйесінің даму деңгейі
Алаш қозғалысының тарихнамасы
Түркістан қаласының әлеуметтік-саяси тарихының мәселелері
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі
Орыстандыру саясаты
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының мәселелері қазақ зиялылары еңбектерінде
Алаш партиясының құрылуы, бастау көздері
Пәндер