Тарихи антропологияның мәні және оның методологиясы мен әдістемелері
1. Антропология ғылымы туралы жалпы түсінік
2. Тарихи антропологияның әдістемелері мен оның зерттеу объектісі
3. ҚОЛА ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
4. АЛҒАШҚЫ ТЕМІР ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
5. ТҮРІК ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
6. МОҢҒОЛ ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
7. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЭТНОАНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ ШЫҒУ ТЕГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ШАРТТЫ ПАНОРАМДЫҚ ТАРИХИ ЖҮЙЕЛЕНУІ
8. Қазақтардың краниологиялық сипаттамасы
9. ҚОРЫТЫНДЫ

Бұл ғылым өзінің зерттеу объектісі мен әдістемелері бойынша биология ғылымының бір саласы болып саналады. Сонымен қатар адамның қоғамда атқаратын рөлінің ерекшелігіне орай оны антропологиялық зерттеу барысында әрдайым тарихи мәселелермен тығыз ұштастырып отырады. Жалпы антропология ғылымдар саласында қандай орын алатындығына Ф.Энгельс өте орынды анықтама берген: «... антропологии, опосредствующей переход от морфологии и физиологии человека и его рас к истории». Сөйтіп бұл ғылым саласы көне грек заманынан белгілі болғанымен, содан кейін ортағасыр кезінде жалғасын тапсада, тек ХIХ ғасырдың екінші жартысында ғана адам биологиясы мен қоғамдар ғылымдарының аралығынан орын алды. Осындай ғылыми аралықтың әсерінен Еуропа мен Америкада антропология ғылымы әртүрлі терминдермен аталатын болды. Мәселен, Батыс Еуропа елдерінде «антропология» деп үш ғылым салаларының қосындысын айтады, яғни антропология, археология және этнографияны қосып оны «Әлеуметтік антропология» дейді. Ал Америкада археология мен этнографияны өзара біріктіріп «Мәдени антропология» деп атайды. Онда физикалық антропологияның бірнеше атаулары бар. Олар «остеология» (бас пен қаңқа сүйекті зерттеуші), «биоархеология», «палеогенетика», «палеоантропология», «молекулярная археология», т.б. Бір ескерте кететін жай физикалық антропология пәні бойынша мамандарды дайындау жолдары бірнеше ғасырлар бойы медицина мен биология университетінде арнайы антропология кафедрасы арқылы жүзеге асырылып келеді.
Бұл «антропология» терминіне орыс әдебиеттері де әртүрлі түсініктеме бергені мәлім. Кеңес үкіметі кезінде, «Педагогикалық антропология», «Спортивная антропология» деген т.б. атаулар болған. Мұндағы терминдердің негізгі ұғымдары бойынша адамның морфологиялық, физиологиялық және психологиялық даму жолдарын анықтау әдістемелері оның биологиялық ерекшеліктеріне негізделіп жүргізілуі қажет деген түсінікпен байланысты.
Дегенменде Кеңес Одағы кезінде «антропология» деген ұғым адамның физикалық құрылымының заңдылығын, тарихи дәуірлерге, тұрған географиялық ортасына байланысты оның өзгеру процестерін, шығу тегін және әлемде таралу жолдарын зерттейтін биология ғылымының арнайы бір саласы болып танылды. Ал, археология мен этнография болса тарих ғылымының арнайы салалары болып антропологиядан мүлдем бөлек пәндер қатарында ажыратылды. Мәселен, археология ғылым саласы адам баласының өткен көне тарихын арнайы үйілген қорған, оба, қоныс орындарын қазу арқылы табылған зат пен бұйымдарды зерттеу арқылы ізденістер жүргізеді. Сөйтіп көне заманның материалдық мәдени тарихын баян ететін ғылыми сала болды. Этнография ғылымы болса тарих ғылымдарының бір саласы ретінде халықтардың материалдық пен рухани ерекшеліктерін, әдет-ғұрыптарын, олардың шығу тегін (этногенезін) тарихи және мәдени байланыстарын, көшіп-қонуларын жан-жақты зерттеумен айналысады. Мұның айғағын кеңес үкіметі кезінде кезекті сандар бойынша жылына бірнеше рет басылымнан шығып тұрған «Советская археология» мен «Советская этнография» журналдарынан көруге болады. Бірақ негізгі антропологиялық зерттеулер көбінесе академияның этнографиялық ғылыми мекемелерімен тығыз байланыста болды. Соның нәтижесі болуы керек этнография ғылымының антропологияға тигізген орасан ықпалының бірі ол халықтың тек физикалық құрылымын ғана анықтап қоймай сонымен қатар оның этникалық ерекшеліктеріне үлкен мән беріліп екі ғылымның нәтижелерін өзара тоғыстыруға мүмкіншілік туғызды. Сөйтіп антропология тарихи мәселелерге бетбұрыс жасай бастады. Бұл салада негізінде адам баласы бір жағынан биологиялық заңдылыққа орай зерттелсе, екінші жағынан тарихи дәуірлерге байланысты оның қоғамдағы ерекшеліктерінеде назар аударылып зерттелді. Сөйтіп антропология саласында негізгі зерттеу жұмыстары адамның биологиялық даму заңдылықтары және оның әлеуметтік пен мәдени даму сатыларымен қалай ұштасатынына да назар аударылады. Қорытып айтқанда биология ғылымының саласында антропология пәні ерекше орын алатыны аян. Адамды ерекше биологиялық объекті ретінде зерттеу барысында ол адамға деген әлеуметтік факторды да ескерусіз қалдырмайды.

ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМІ
ТАРИХИ АНТРОПОЛОГИЯНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕЛЕРІ
Антропология ғылымы туралы жалпы түсінік
Бұл ғылым өзінің зерттеу объектісі мен әдістемелері бойынша биология
ғылымының бір саласы болып саналады. Сонымен қатар адамның қоғамда
атқаратын рөлінің ерекшелігіне орай оны антропологиялық зерттеу барысында
әрдайым тарихи мәселелермен тығыз ұштастырып отырады. Жалпы антропология
ғылымдар саласында қандай орын алатындығына Ф.Энгельс өте орынды анықтама
берген: ... антропологии, опосредствующей переход от морфологии и
физиологии человека и его рас к истории. Сөйтіп бұл ғылым саласы көне
грек заманынан белгілі болғанымен, содан кейін ортағасыр кезінде жалғасын
тапсада, тек ХIХ ғасырдың екінші жартысында ғана адам биологиясы мен
қоғамдар ғылымдарының аралығынан орын алды. Осындай ғылыми аралықтың
әсерінен Еуропа мен Америкада антропология ғылымы әртүрлі терминдермен
аталатын болды. Мәселен, Батыс Еуропа елдерінде антропология деп үш ғылым
салаларының қосындысын айтады, яғни антропология, археология және
этнографияны қосып оны Әлеуметтік антропология дейді. Ал Америкада
археология мен этнографияны өзара біріктіріп Мәдени антропология деп
атайды. Онда физикалық антропологияның бірнеше атаулары бар. Олар
остеология (бас пен қаңқа сүйекті зерттеуші), биоархеология,
палеогенетика, палеоантропология, молекулярная археология, т.б. Бір
ескерте кететін жай физикалық антропология пәні бойынша мамандарды дайындау
жолдары бірнеше ғасырлар бойы медицина мен биология университетінде арнайы
антропология кафедрасы арқылы жүзеге асырылып келеді.
Бұл антропология терминіне орыс әдебиеттері де әртүрлі түсініктеме
бергені мәлім. Кеңес үкіметі кезінде, Педагогикалық антропология,
Спортивная антропология деген т.б. атаулар болған. Мұндағы терминдердің
негізгі ұғымдары бойынша адамның морфологиялық, физиологиялық және
психологиялық даму жолдарын анықтау әдістемелері оның биологиялық
ерекшеліктеріне негізделіп жүргізілуі қажет деген түсінікпен байланысты.
Дегенменде Кеңес Одағы кезінде антропология деген ұғым адамның
физикалық құрылымының заңдылығын, тарихи дәуірлерге, тұрған географиялық
ортасына байланысты оның өзгеру процестерін, шығу тегін және әлемде таралу
жолдарын зерттейтін биология ғылымының арнайы бір саласы болып танылды. Ал,
археология мен этнография болса тарих ғылымының арнайы салалары болып
антропологиядан мүлдем бөлек пәндер қатарында ажыратылды. Мәселен,
археология ғылым саласы адам баласының өткен көне тарихын арнайы үйілген
қорған, оба, қоныс орындарын қазу арқылы табылған зат пен бұйымдарды
зерттеу арқылы ізденістер жүргізеді. Сөйтіп көне заманның материалдық
мәдени тарихын баян ететін ғылыми сала болды. Этнография ғылымы болса тарих
ғылымдарының бір саласы ретінде халықтардың материалдық пен рухани
ерекшеліктерін, әдет-ғұрыптарын, олардың шығу тегін (этногенезін) тарихи
және мәдени байланыстарын, көшіп-қонуларын жан-жақты зерттеумен айналысады.
Мұның айғағын кеңес үкіметі кезінде кезекті сандар бойынша жылына бірнеше
рет басылымнан шығып тұрған Советская археология мен Советская
этнография журналдарынан көруге болады. Бірақ негізгі антропологиялық
зерттеулер көбінесе академияның этнографиялық ғылыми мекемелерімен тығыз
байланыста болды. Соның нәтижесі болуы керек этнография ғылымының
антропологияға тигізген орасан ықпалының бірі ол халықтың тек физикалық
құрылымын ғана анықтап қоймай сонымен қатар оның этникалық ерекшеліктеріне
үлкен мән беріліп екі ғылымның нәтижелерін өзара тоғыстыруға мүмкіншілік
туғызды. Сөйтіп антропология тарихи мәселелерге бетбұрыс жасай бастады. Бұл
салада негізінде адам баласы бір жағынан биологиялық заңдылыққа орай
зерттелсе, екінші жағынан тарихи дәуірлерге байланысты оның қоғамдағы
ерекшеліктерінеде назар аударылып зерттелді. Сөйтіп антропология саласында
негізгі зерттеу жұмыстары адамның биологиялық даму заңдылықтары және оның
әлеуметтік пен мәдени даму сатыларымен қалай ұштасатынына да назар
аударылады. Қорытып айтқанда биология ғылымының саласында антропология пәні
ерекше орын алатыны аян. Адамды ерекше биологиялық объекті ретінде зерттеу
барысында ол адамға деген әлеуметтік факторды да ескерусіз қалдырмайды.
1. Морфология саласында негізгі зерттелетін анықтамалардың қатарына
жыныс ерекшелігі, туғаннан бастап қартайғанға шейін жас ерекшеліктері, адам
денесінің әрбір физикалық құрылымының ауытқулық көрінісі, дене
салмағы және оның көлемі, дене пропорциясы, нормадағы дене құрылысын
анықтау, т.б. Бұл саланың көбінесе тығыз байланыста болатын пәндердің бірі
нормадағы (қалыпты жағдайдағы) анатомия, эмбриология, гистология. Бұл арада
морфология мен қалыпты жағдайдағы анатомияның өзара айырмашылығын дұрыс
ажырата білу қажет. Нормадағы адам анатомиясын зерттегенде оның
морфологиядан ерекшелігі жинақталған тип анықтамасы арқылы орташа адамды
сипаттау. Ал морфологиялық зерттеу негізінде дененің ауытқулық түрлеріне
назар аударып және оның мәнін, заңдылығын, себептерін анықтауға тырысады.
2. Антропогенез саласында адамның тегіне жақын жануарларды
(маймылдарды) және төрттік геологиялық кезеңдегі адамдарды зерттейді. Жалпы
адам баласының жануарлар жүйесінде алатын орнын анықтайды. Зоологиялық
тұрғылықтан адамды жоғарғы деңгейдегі приматтарға байланысты қарым-
қатынастарын зерттейді. Сонымен қатар адам эволюциясына орай бүгінгі
адамның қалыптасу түрін және оның себептерін, жолдарын анықтайды. Сөйтіп
бұл салада бүгінгі дәуірдің маймылдары мен қазбалардан табылған көне заман
маймылдардың өзара салыстырмалы ерекшеліктерімен айналысады. Сол сияқты
адам эволюциясынада назар аударады. Көне заман адамдарының бас сүйектері
мен қаңқа сүйектердің дәуірлік динамикасын зерттейді. Бұл салада қосымша
ізденістер ретінде көптеген ғылымдардың нәтижелерін жан-жақты пайдалануға
ұмтылады. Солардың ішінде геологиялық дәуірлерге, археологияның палеолит
мерзіміне орай адамның физикалық даму жолдарына, әлемде расалық типтердің
таралуы мен олардың қалыптасу себептеріне, әлеуметтік-тарихи
ерекшеліктеріне, т. б. жүйелеріне назар аударады.
3. Расатану (расоведение) саласында бүгінгі дәуірде әртүрлі
географиялық аймақтарда өмір сүріп жатқан адамдардың биологиялық
ерекшеліктерін, олардың биологиялық бір түрге (Homo sapiens)
жататындықтарының себептерін, анықтамаларын зерттейді. Сонымен қатар
әлемдегі халықтардың антропологиялық құрамын, этникалық топтарға байланысты
ерекшеліктерін, олардың расогенездік шығу тегін анықтайды. Осыған орай бұл
саланың көптеген фактілерін арнайы тарихи дерек ретінде пайдалану жолдарын
орыс әдебиетінде тарихи антропология деп атауды ұсынған болатын. Бұл
ұғымда алғаш 1979 жылы ғылыми айналмаға кіргізген академик В.П. Алексеев.
Оның берген бұл терминге анықтамасында былай делінген: ... Историческая
антропология – прикладная наука, служанка истории, но служит она истории,
особенно применительно к древним эпохам, верой и правдой, дает такую
информацию, которая не перекрывается никакими другими видами исторических
источников. Жалпы алғанда тарихи антропологияның негізгі мәні мен оның
ғылыми орыны аталмыш автордың пікірінше: ... Историческая антропология
есть отдел антропологии, исползующий антропологические данные в
исторических целях на протяжении всей истории человечества, начиная с
древнейших этапов, т.е. С момента появления семейства гоминид, - деп
жазады. Негізінде тарихи антропологияда қоғамтану мәселелеріне байланысты
жағына көбірек қарастырылғандықтан расатанудың барлық мәселерін қамти
алмайды. Сондықтан расатану саласының ғылыми зерттеу көлемі тарихи
антропологияға қарағанда көбінесе ауқымды және кең мағыналы ұғымды
білдіреді. Аталмыш расатану саласын зерттеу барысында қосымша сүйемел
ретінде тарихи, мәдени, рухани, діни әлеуметтік қауымдастардың
ерекшеліктеріне де үлкен мән беріледі. Сөйтіп антропология биология
ғылымының саласындағы алатын орны өте ерекше және ол қоғамдар ғылымының
заңдылығыменде ұштасып отырады. Расатанудың осындай ерекшеліктері арқасында
биология мен қоғамтану ғылымдарының арасындағы алшақтықтар біраз әлсірей
түседі, яғни олардың жақындықтары өзара күшейді.
4. Физиология саласында адам организмінің иммуно-биологиялық және
биохимиялық қасиеттерін зерттейді. Адам денесінің бұл ерекшеліктері
негізінде қан жүйелері, дәм сезімі, ауыз сілекейі (түкірігі) т.б.
қасиеттері арқылы анықталады. Бұл анықтамаларды көбінесе қанның қызыл
түйірлеріне арнайы анализ жасау арқылы жүргізіледі. Ең алғаш ХХ ғ. басында
анықталған қан жүйесі тек АВ0 ғана болды. Бұл қан жүйесі топтарының (0, А,
В, АВ) халықтар арасында таралым шарттары әртүрлі деңгейде болатындығы
өткен ғасырдың 20 – жылдары ашылған болатын. Бұл күнде адам организмінде
отыздан артық әртүрлі қан жүйелерінің түрлері барлығы аян болып отыр. Қан
жүйелерінің таралым шарттары негізінде этникалық топтардың әртүрлі
географиялық пен климатологиялық аймақтарда қоныстанғандығын, ұзақ уақыт
оқшау қалғандығын, немесе ғасырлар бойы өзара араласуда, не болмаса
миграциялық процестерде болғанын, кейбір тарихи дәуірлерде этномәдени
өзгерістерге шалдыққандығын және т.б. өзгерістерге тап болғандығын көрсете
алады. Сонымен қатар қан жүйелерінің құрылым ерекшеліктері медициналық,
әсіресе генетикалық тұрғыдан ғылыми қолданбалы жағынан маңызы өте зор.
Жалпы адам организміндегі көптеген иммуно-биологиялық ерекшеліктер
халықтардың раса тобына бөлінбей тұрған кезде пайда болған антропогенез
дәуіріндегі экологиялық адамның морфофизиологиямен байланысты екендігін
аңғартады. Сөйтіп әлем деңгейінде қан жүйелерінің таралу заңдылықтарын
зерттеу жолдары антропологияда ерекше салаға айналды.
Тарихи антропологияның әдістемелері мен оның зерттеу объектісі
Жалпы антропологияда адамның дене құрылысын және оның физиологиялық
пен биохимиялық ерекшеліктерін, әсіресе халықты раса тұрғылығынан
зерттеудің өзіндік бірнеше ғылыми әдістемелері қалыптасқан. Соның ішінде
ғылыми айналмада көп таралым алған әдістемелердің бірі популяциялық
зерттеу.
Енді антропология ғылымының зерттеу объектісіне қысқаша тоқталайық.
Бұлда үлкен ізденіс жолдарының айрықша бағыттары мен оның нақты материалдар
жинайтын объектісі және оның тиісті зерттеу орындары. Себебі адам организмі
өте күрделі биологиялық жүйе болып саналады. Сондықтан оны бөлшектеп және
түрлі салаларға бөліп зерттеуге мамандар мәжбүр. Бүгінгі таңда адамды
зерттеу объектісінің шеңбері өте кең. Ол оның молекуляр және биохимиялық
деңгейінен бастап конституциялық құрылымына дейін қамтиды. Ұсынылып отырған
еңбектің талабына орай біздер антропология ғылымының тек қалыптасқан
негізгі классикалық салаларының зерттеу объектісіне ғана назар аудармақпыз.
Тарихи антропологияның зерттеу барысында негізгі объекті ретінде алынған
және оны тиісті ақпарат бойынша іске асырылғаны соматологиялық зерттеуді
айтуға болады. Мұнда негізгі объекті ретінде тек тірі адамдардың дене
құрылысы, дене пропорциясы, салмағы, антропометриясы мен антропоскопиясы
т.б. сыртқы ерекшеліктері зерттеледі. Сонымен қатар арнайы объекті ретінде
алақан мен саусақ тері бедерлері де зерттеледі. Қан жүйелері мен тіс
морфологиясының ерекшеліктері де қажетті зерттеу объекті қатарына жатады.
Бас және қаңқа сүйектерде антропологиялық зерттеу объектасында алатын орны
өте жоғары. Тарихи антропологиялық іздену объектісі ретінде кейбір қоғамдық
ғылымдар саласындағы объектіге де назар аударылады. Соның қатарына қазақ
халқының субэтникалық құрылымы, территориялық аймақтары, демографиялық
анықтамалары т.б. ерекшеліктері зерттеу объектісі ретінде біздердің
антропологиялық ізденістерімізде жиі қолданылды.
Жалпы қазақ халқының тарихи антропологиясының объектісі, бағдарламасы
және оның ақпараты қанағаттанарлық деңгейде іске асырылды деп айта аламыз.
Қазақ халқының антропологиясына байланысты соңғы 40 жыл жиналған
материалдан әдістеме тұрғылығынан және оларды салыстырмалы ретінде
пайдалануда ешқандай қайшылық болмайды деген пікірдеміз. Өйткені монография
авторлары тиісті уақытында Мәскеудің әлемге танымалы антропология
мектебінен өткен және олармен күні бүгінге дейін байланыстарын үзбей келе
жатқан мамандар. Сонымен қатар бұл кітап авторлары ұзақ уақыт жылдар бойы
алыстағы ауылдарда тарихи қоныстарын өзгертпеген қазақтарға арнайы зерттеу
үшін жыл сайын экспедициялар ұйымдастырып оларға кешенді антропологиялық
зерттеулерін сол жерде және сол субэтникалық топтардың арасында өткізген
тәжірибелі мамандар. Соның арқасы болу керек Қазақстан антропологтары
бірнеше халықаралық экспедицияларға (Индия, Монғолия, Италия т.б.)
қатысқандары аян. Бұл күнде қазақ антропологтары Италияның Болон
университетінің мамандарымен Қазақстан бойынша он жыл бойы қол үзбей
халықаралық деңгейде кешенді зерттеулер жүргізіп келеді. Сондықтан
біздердің қазақ антропологиясының салаларында қолданылған әдістемелеріміз,
ақпараттарымыз, зерттеу жүйелерінің үлгісі әлем номенклатурасының
биологиялық стандарттық деңгейіне толық сәйкестікте екендігі ешбір күмән
туғызбайды.
Антропоскопия. Бұл зерттеу әдістемесімен көбінесе өлшеуге келе
бермейтін бет әлпетінің морфологиялық белгілері зерттеледі. Оларды тек
арнайы шартты түрде қабылданған бағалау балл сандары арқылы ғана сипаттауға
болады. Мәселен, мұндай физикалық белгілерге тері, шәш, көз бояуларының
түстері және мандай, қабақ, мұрын, ерін т.б. бет әлпетінің морфологиялық
құрылым ерекшеліктері жатады. Жалпы зерттеушілер антропологиялық
сипаттамалар арқылы адамның фенокейпіне барынша терең ғылыми сараптамалар
жүргізеді. Берілген сипаттамалар мейлінше обьективтік түрде бағалану үшін
морфологиялық анықтамалардың табиғи түріне дәйекті ұқсастығы бар арнайы
жасалған муляждар, эталондар, графикалық суреттер мен бланкалар
қолданылады. Негізінде антропоскопияға байланысты көптеген морфологиялық
үлгілерді ғылыми айналмаға кіргізгендер ХХ ғ. 30 – жылдардағы Ресей
антропологтары болатын. Солардың ішінде эпикантусқа (моңғол қатпары),
көздің жоғарғы қабақ қатпарларының түріне, маңдай, мұрын, ерін формаларының
құрылымдарына арналған модельдерін қазақтар арасында жүргізілген
соматологиялық зерттеуде жиі қолданылады.
Осыған орай, мәселен, сақал шығу түрі мен оның маңызына назар
аударайық. Ерлер тобын зерттегенде олардың сақал шығу ерекшеліктеріне үлкен
назар аударылады. Өйткені еуропеоид пен монғолоид расаларының өкілдері
арасында бұл анықтама бойынша оның жоғарғы таксономиялық ерекшеліктері бар.
Негізінде 25 жастан асқан ерлер арасында ғана сақал шығудың жиілігі
(қалындығы) бір мен бес балл аралығындағы сандармен бағаланады. Сақал
шығудың баға балы жоғары болса, зерттелген топ еуропеоидтық расаның өкілі
болып саналады. Ал бұл көрсеткіштің орта баллы өте төмен болса, онда
керісінше, зерттелген топ тек монғолоид расасына жатады.
Үлкен екі раса өкілдерін (еуропеоид пен монғолоид) бір-бірінен
ажыратуда көздің жоғарғы қатпарларын дүрыс аңықтай білудің де
антропоскопиялық маңызы зор. Көз қатпарының баллы жоғарлаған сайын,
зерттелген топ моңғолоидтық расаның негізгі өкілі болып саналады.
Бет формасының горизонтальдық (көлбеу) профилі расалық таксономия
жағынан өте құнды морфологиялық ерекшелік болып танылады. Егер беттің бұл
профилі балл 3 - мен сипатталса, ондай бет профилі еуропеоид тобына, ал ол
белгі бал 1 деп бағаланса, моңғолоид тектестер қатарына жатады. Көздің ішкі
және сыртқы бұрыштары өзара көлбеу, не болмаса бірі төмен, ал екіншісі шеті
жоғары болып кездесуінің айтарлықтай таксономиялық маңызы зор.
Көздің ішкі бұрышында жоғарыдан төмен қарай тік созылған тері қатпары
эпикантус, не болмаса моңғол қатпары деп аталады.. Бет морфологиясының
сипаттамасында мұрын қыры мен жоғарғы ерін профилінің таксономиялық мәні де
жоғары. Қабылданған шарт бойынша мұрын профилінің көрінісі балл 1-ден 4-ке
шейін анықталады. Көбінесе балл 2 мен 3 формалары еуропеоид расасына тән
белгілер болып саналады. Сол сияқты жоғарғы ерін профилінің де өзіндік
ерекшеліктері бар, мысалы, оның тік формасы еуропеоид тектестер арасында
жиі ұшырасады. Үлкен, яғни бірінші қатардағы раса өкілдерін бір-бірінен
ажыратуға маңдай профилінің түрлерін анықтауда себебін тигізеді.
Антропоскопиялық зерттеу жұмысында ерін қалындығының да өзіндік
таксономиялық маңызы бар. Еуропеоид тектестерде ерін қалындығының орта
баллы көбінесе 2 санынан аспайды. Бұл арада айтылып отырған бет бөлімінің
сипаттамаларына жалпы түсінік ретінде еуропеоид расасына ғана тән
антропологиялық бет-бейнесінің морфологиялық құрылымының дәлдік
ерекшеліктерін білу қажет.
Антропоскопиялық аңықтамалардың қандайы болмасын қабылданған
халықаралық методикалық шарт бойынша ғана жүргізіледі. Өйткені
антропоскопиялық аңықтамалар бүкіл жер шарында тұрып жатқан расалар
өкілдерінің морфологиялық ауытқулық масштабына қарай алынған ортақ
сипаттамалар болып саналады.
Антропометрия. Бұл саладағы зерттеу әдістері тек арнайы құрал
саймандар арқылы жүргізіліп, сантиметр, миллиметр өлшемдерімен анықталады.
Адамның бой биіктігі, қол мен аяқ ұзындықтары, дене пропорциялары, бас пен
бет бөлімдерінің көптеген өлшемдері арнайы өлшем құралы (циркуль) арқылы
анықталады. Негізінде барлық антропометриялық өлшемдер адамның табиғи
морфологиялық ерекшеліктерін нақты анықтауға бейімделіп, шартты түрде
қабылданған антропологиялық нүктелер бойынша алынады. Онда әрбір
нүктелердің атаулары латын әрпімен белгіленген. Бас пен бет бөлімдерінің
жалпы өлшеу саны мен оның көрсеткіштерін қосқанда 20-дан артық атаудан
тұрады.
Антропометриялық зерттеулерде бас пен бет формаларының ерекшеліктерін
дұрыс сипаттау үшін мамандар арнайы қабылданған анатомиялық қағидаларға
сүйенеді. Солардың біріне басты табиғи нормада, яғни франкфурт (неміс)
горизонталында ұстау болып саналады. Бұл қағида бас пен бет формаларын
табиғи нормада алдынан, жанынан т. б. түрлер бойынша дұрыс қарауға
мүмкіндік туғызады. Ғылыми әдебиеттерде көп тараған бас анықтамасының
біріне бас көрсеткіші жатады. Осы көрсеткіштің принциптеріне орай барлық
бас формасы үш түрге бөлінеді: долихокефалия, яғни сопақ бас (көрсеткіші
төменнен 75,9-ға дейін), мезокефалия, яғни орта жалпақ бас (көрсеткіші 76,0-
ден 80,9-ға дейін) және брахикефалия, яғни жалпақ (жұмыр) бас (көрсеткіші
81,0-ден жоғары). Осы сияқты көрсеткіштерді бет пен мұрын формаларын
сипаттау үшін де кең пайдаланады.
Бұл бөлімде тағы бір айта кететін жай – ол қандай да морфологиялық
зерттеулер болмасын ізденіс барысында кәсіби мамандар әр уақытта жыныс
ерекшелігіне (жыныс деморфизміне) айтарлықтай назар аударып, олардың
арасындағы биологиялық айырмашылықтарын ескеріп отырулары қажет. Өйткені әр
этникалық топ әр түрлі табиғи ортада, мәдени-тарихи кезеңдерде өзіндік
тұрмыс жайына қарай тиісті жыныс ерекшеліктерімен оқшаулануы мүмкін.
Сайып келгенде айтарымыз – барлық соматологиялық анықтамалар адам
баласына ортақ деңгейде алынып өлшеніледі. Сондықтан авторлар ұжымы
Қазақстан бойынша ұзақ жылдар бойы жүргізілген барлық соматологиялық
зерттеулердің жоғарыда айтылған ғылыми талаптарға сай болуын өте қатты
қадағалау арқылы іске асырды.
ҚОЛА ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Қазақстан жерінен жиналған барлық археологиялық материалдар қола
дәуірінде тіршілік еткен тайпалардың мәдени-шаруашылығының жоғарға деңгейде
дамығанын көрсетеді. Бірақ бұл дәуірдегі материалдардың хронологиясын көп
уақытқа дейін тиісті дәрежеде жіктелмеді.
Қазақстанның белгілі археологі К.А.Акишев 1953 жылы андронов
мәдениетін үш кезеңге бөледі. Кейінгі кезде Ә.Х.Марғұлан мен К.А.Акишев екі
кезеңге андроновтық пен беғазы-дандыбай деп бөледі. Сонымен бірге
С.С.Черников 1960 ж. Шығыс Қазақстандағы андронов мәдениетін төрт кезеңге:
1) усть-букон (б.з.д. XVIII-XVI); 2) қанайлық (б.з.д. XVI-XII); 3) кіші-
красноярлық (б.з.д. ХІІ-Х); 4) трушинковтың (б.з.д. X-VII)Қола дәуірінде
Қазақстан жерінде өмір сүрген тайпалар осы кезкң бойынша зертелді.
Мамандардың зерттеулері бойынша андронов мәдениетінің Қазақстан
территориясында пайда болғанын айтады. Сонымен қола дәуіріндегі
полеоантропологиялық материалдың нәтижелеріне назар аударайық. Бұл
дәуірдегі антропологиялық материалдың хронологиялық кезеңдерге бөлу мүмкін
емес, сондықтан оларға (б.э.д. XVIII-VIII) аралығындағы қола дәуірінң
тұрғындарына жалпы антропологиялық сипаттама берілді.
Барлық зерттелген палеоантропологиялық материалдардың краниологиялық
сипаттамасы біртекті, бір протоеуропеоидты расаға жатады. Дегенмен де
кейбір бассүйектің анықтамаларында жерорта теңізі типінің кездесетіні де
байқалады. Қазақстан аймағынан жиналған барлық қола дәуірінің
хронологиялық материалдарын көршілес Орта Азия, Оңтүстік Сібір, Алтай және
Еділ жерінен табылған материалдармен салыстырылды. Салыстыру барысында
бассүйек сауыты мен бет сүйек құрылымы бойынша Қазақстанның тұрғындары Қара-
тепе, Гюксера серияларынан айтарлықтай ажыратылады.Сонымен қорыта айтқанда
Қазақстанның барлық аймақтарынан зерттелген қола дәуіріне жататын
полеоантропологиялық материалдардың нәтижелері олардың антропологиялық
типінің еуропеоидты расаға жататынын, Оңтүстік Сібір мен Арал өңіріндегі
қола дәуірі тұрғындарымен генетикалық жақындығын дәлелдейді. Жалпы алғанда
бұл зерттеулердің нәтижесі қола дәуірінде Қазақстан тұрғындарында
моңғолойдық расаның ешқандай элементтерінің жоқтығын анықтайды.
Сонымен қазақ халқының гендік қоры қазақстан жерінде пайда болып,
осында жетілгенін осы хранологиялық анықтамалардың сипаттамасы толығымен
дәлелдеп бергені қазіргі заманда ғылымда белглі болып тұр.
АЛҒАШҚЫ ТЕМІР ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
Алғашқы темір дәуірінде (б.з.д. VII-IV ғғ.) арасында сақ тайпаларының
мәдениеті болғаны аян. Шартты түрде бұл дәуір екі кезеңге сақ кезеңі б.з.д.
VII-IV, үйісн кезеңі б.з.д. ІІІ-IV б.э. бөлінеді. Сондықтан бұл кезеңдерде
өмір сүрген тайпалардың антикалық сипаттамасының ерекшіліктерін толық білу
үшін екі бөліп зерттеуді қажет етеді. Сақ дәуірінің шаруашылығы мен
мәдениеті көршілес Оңтүстік Сібір, Алтай Орталық Азияның мәдениетімен өте
ұқсас болып келеді
Енді соңғы кездерде Қазақстанның бірнеше аймақтарынан табылған сақ
дәуірінің палеоантропологиялық материалдарың краниологиялық сипаттамасына
тоқталайық. Бұл материалдардың жағдайы өте нашар, сондықтан қалпына келтіру
жұмыстарынан кейін ғана оларға антропология талдау жүргізілді. Жетісу
өңірінің қызылауыз моласынан табиғи материалдар б.э.д. IV-ға,
анттропологиялық сипаттамасы еуропеоидтық типті екені, дегенменде
моңғолоидтық элеметтердің де кездесетіні анықталды.
Зерттеу барысында сақ дәуірінде өмір сүрген тайпалардың өзара
өзгешеіліктерінің кездесетіні де байқалды. Әсіресе ол Орталық пен Шығыс
Қазақстан өңірінен табылған серияларда байқалды. Сонымен бұл дәуірде өмір
сүрген Қазақстан тұрғындарының антропология типінің біркелкі болмағандығы
әліде болса еуропеоидтық компоненттерінің басымдығы анықталды.
Осы анықтамалардың сипаттамасы ерте темір дәуірінде Қазақстанда тіршілік
еткен тұрғындардың антропология типінде қола дәуіріндегі ежелгі
еуропеоидтық (андроновтық) типтің сақталып қалғанын яғни ұрпақ жалғастығын
дәлелдейді. Бұл сондай-ақ заттың мәдениеттің материалдары бойынша да
дәлелденеді. Сонымен қатар бұл дәуірде моңғолоид тектес тайпалардың
Қазақстан жеріне келуіне байланысты тұрғындарда моңғолоидтық элементтер
кездеседі. Сақтардың антропологиялық ерекшіліктерінде моңғолоидтық
элеметтердің шамасы мен оның пайда болу жолдарын анықтау үшін оларды
көршілес аймақтардың сақтарымен салыстыруды жөн көрдік. Бұл салыстыру
барысында Қазақстан сақтары бір жағынан Арал өңірінің сақтарына ұқсас
болса, екіншіден Алтай скифтермен өзара жақындықтарын байқатады. Дегенменде
Қазақстан сақтарында моңғолоидтық элементтердің шамалы екені байқалады.
Сонымен қорыта айтқанда, Қазақстан сақтарының физикалық типінде
моңғолоидтық элеметтердің іздерін айқын көруге болады. Сондықтан Қазақстан
жерінде метисация (араласу) процесі осы сақ дәуірінен басталғандығы
байқалады.
Сонымен қорыта айтқанда Қазақстан жерінде өте күрделі де ұзақ араласу
процесі (метисация) б.э.д. І-мыңжылдықтың екінші жартысында басталғандығын
айқындайды.
Енді ерте темір дәуірінің үйсін (б.э.д. III- б.э.IV) кезеңіндегі
палеантропологиялық материалдың нәтижелеріне тоқталайық.
Бұл кезеңде палеоантропологиялық материалдар Қазақстанның солтүстік-
шығыс, оңтүстік-шығыс, Жетісу өңірлерінен археология қазба жұмыстарының
нәтижесінен табылған. Сонымен үйсіндердің бассүйек көрсеткіштерінің өзіндік
ерекшіліктерін айта кету керек. Өйткені бұл кезеңде моңғолоидтық
белгілердің жиі ұшырасатыны зерттеу барысында айқындалды. Қорыта айтқанда
үйсін кезеңіндегі Қазақстан тұрғындарының антропология кейпінде
еуропеоидтық типтің негізі жатқаны белгілі. Бірақ ол тұрғындардың не
андроновтық, не Орта Азия өзенаралық типтердің ешқайсысына жатпайтыны
байқалады. Краниологиялық анықтамалардың бұл сипаттамасы сақ пен үйсін
тайпаларының өзара тұстастығын айқындап, археологиялық материалдар
нәтижелерін толықтыра түседі. Осыған орай айта кететін жәй, ерте темір
дәуірінде Қазақстан жерінде сақ пен үйсін тайпаларынан басқа сармат
тайпаларының өмір сүргені аян. Сонымен осы дәуірдің палеоантропологиялық
материалдарының нәтижелері жергілікті еуропеоидты мен сырттан келген
моңғолоидтык тайпалардың өзара араласу (метисация) процесінің басталған
дәуірі болып саналады.
ТҮРІК ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Қазақстанда түрк дәуіріндегі ескерткіштер саны көп табылғанымен
археологиялық тұрғылықтан әліде болса, жеткілікті дәрежеде зерттелмей
келеді. Бұл дәуірден зерттелген археологиялық материалдар өткен дәуірлердің
материалдарына өте ұқсас, яғни олардың өзара байланыстарын көрсетеді. Түрік
дәуіріндегі палеоантропологиялық материалдардың нәтижелері тұрғындардың
антропологиялық типін зерттеуге толығып жол ашты. Шығыс Қазақстан өңірінен
С.С.Черниковтың басшылығымен жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары
кезінде табылған палеоантропологиялық материалдар зерттелді. Бұл
бассүйектердің краниологиялық анықтамалары түрік-қимақ тайпаларына жататыны
анықталды. Батыс және Солтүстік Қазақстандағы түрік дәуірінің
палеоантропологиялық материалдарын Ресей антропологі В.В.Гиизбург зерттеген
болатын. Ол зерттеу барысында түрік дәуірінің тұрғындарында араласу
(метисация) процесі біркелкі болмағанын айтқан. Өйткені Шығыс Қазақстан
өңірінің тұрғындарында еуропеоидтық компоненттердің үлесі Солтүстік өңірдің
түріктеріне қарағанда басымырақ болды.
Қазақстанда 1956-1961 жж. жүргізілген археологиялық нәтижелерінде
түрік дәуіріндегі палеантропологиялық материалдардың саны өсті. Атап
айтқанда Ертіс өңірінен (Ф.Х.Арсланова), Зайсан көлінің маңы
(А.М.Оразбаев), Іле даласынан (Е.А.Агеева, К.А.Акишев, В.Г.Кушаев) жиналған
краниологиялық материалдардың саны 50-ге жетті. Енді бұл материалдар
Қазақстанның әр өңірінен болғандықтан оларды аймақ бойынша зерттеуді жөн
көрдік. Жетісудың түрік дәуірінің ерте кезеңі (VI-VIII ғғ.) 12 бассүйектер
табылды. (8 ерлер, 3 әйелдер және 1 бала). Ерлердің бас ұзындығы мен ені
орташа, бас көрсеткіші мезокранды екені, және бастың брахикранды типтерінің
кездесетіні анықталды. Ал әйелдер сериясына келетін болсақ, олардың
бассүйек формалары тек қана брахикранды екені анықталды.
Басқа антропологиялық анықтамаларына назар аударсақ онда, маңдай
кеңдігі орташа, бет биіктігі мен жалпақтығы орташа , мұрын формасы орташа,
мұрын түбі қырынның сүйегі орташа көтеріңкі және тағы да басқа осы айтылған
анықтамалар бұл топтың өзіндік антропологиялық ерекшіліктерін айқындайды.
Атап айтқанда еуропеоид және моңғолоид тектес халықтардың араласу
нәтижесінде пайда болғандығын көрсетеді, яғни қазіргі замандағы
қазақтардың антропологиялық типіне жақындығын айқындайды. Осы жоғарыда
айтылған анықтамалар Жетісу өңірі түріктерінің антропологиялық типінде
тураноидтық расаның (оңтүстік-сібірлік) ерекшеліктерінің қалыптасқанын
байқатады. Сонымен қатар Павлодар облысынан Ф.Х.Арсланова 1960-1961 жж.
жүргізген археологиялық қазба жұмыстарынан алынған палеоантропологиялық
материалдар зерттелді. Бұл материалдар VII-IX ғғ. мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz