Банк және ақша-несие саясаты


Банк және ақша-несие саясаты
22. 1. Ақшаға сұраныс пен ұсыныс
22. 2. Ақша нарығындағы тепе-теңдік
22. 3. Банк жүйесі және банктің атқаратын қызметтері. Ақша мультипликаторы
22. 4. Орталық банктің ақша-несие саясатының құралдары
22. 1. Ақшаға сұраныс пен ұсыныс
Ақша массасы - бұл экономикада тауарлар мен қызметтердің айналымы үшін қажетті қолма-қол және аударым ақша нысанындағы барлық ақша құралдарының жиынтығы.
Ұсыныс - ақша массасының айналымы немесе айналымдағы барлық ақшалар. Ақша ұсынысы үшін ақша агрегаттары қолданылады:
М1 - айналыстағы қолма-қол ақшалар: монета, қағаз ақшалар, ағымдық есептегі ақшалар
М2 - М1 + тұрғындардың депозиттері мен банктік емес заңды тұлғалардың депозиттері, ағымдық салымдар
М3 - М2 + коммерциялық банктердің жинақ шотындағы ақшалар, мамандандырылған қаржы институттарындағы депозиттер
Ақшаға сұраныстың үш түрі ажыратылады:
- келісім жағынан ақшаға сұраныс
- активтер жағынан ақшаға сұраныс
- ақшаға жалпы сұраныс
1. Келісім жағынан ақшаға сұраныс. Ақша адамдарға айналым құралы ретінде, яғни тауар мен қызметтерді сатып алу үшін қажет. Үй шаруашылығына тауар сатып алуға, қарыздар мен коммуналдық төлемдерді төлеуге жұмсалады. Кәсіпорындарға еңбек ақы төлеуге, материалдар мен энергияға кеткен шығындарды төлеу үшін қажет. Осы мақсаттар үшін қажетті ақша келісім үшін ақшаға сұраныс деп аталады. Келісім үшін қажетті ақшаның саны жалпы ұлттық өнім құнымен анықталады.
Ақша айналымының заңы айналыс үшін қажетті ақшаның санын реттейді:
Барлық тауарлар мен қызметтер бағасының сомасы
Ақша саны = ;
Ақша бірлігінің айналым саны немесе ақша жылдамдығы
Біріншіден, қажетті ақшаның саны өндірілген өнім мөлшері мен тауардың бағасына тәуелді. Екіншіден, ақша белгілері санының ұлғаюы өзгеріссіз жалпы ұлттық өнім жағдайында бағаның өсуіне алып келеді. Осы және басқа ерекшеліктері ақша айналысын реттеуде қолданылады. Айналымдағы ақшаның саны қажетті мөлшерден аз да, көп те болмауы қажет. Ақшаның қажетті мөлшерден артуы инфляцияға, ал жетіспеушілігі өндірістің тоқтауына алып келеді.
2. Активтер жағынан ақшаға сұраныс. Адамдар ақшаны қор жинау құралы ретінде, актив түрлерінің бірі ретінде ұстауды көздейді. Қаржылық активтерді әртүрлі формада - акция, облигация немесе ақшалай (қолма-қол немесе чектік салымдармен) ұстауға болады. Демек, активтер жағынан ақшаға сұраныс бар. Ақшаны иемдену өз алдына құндылық болып табылады. Активтерге қолма-қол ақша, ағымдық, мерзімсіз шоттардағы, жедел шоттардағы ақшалар, сертификаттар, облигация, акция, алтын және күміс заттар, автокөлік, жер учаскесі, пәтер, үй жатқызылады. Кез-келген уақытта толық құны бойынша басқа кез-келген затқа айырбасталатын актив ликвидті (өтімді) актив деп аталады. Ақша басқа актив түрлерінің ішіндегі ең ликвидті (өтімді) актив. Егер ақшаны иемденудің артықшылығы оның ликвидтілігі (өтімділігі) болса, кемшілігі басқа қаржы активтерімен салыстырғанда оның процент түрінде табыс әкелмеуі болып табылады.
Жинақтаушы салымдар, облигация мен басқа да бағалы қағаздар бойынша процент ставкасы активтің қанша бөлігін бағалы қағаздар, қаншасын ақшалай түрде ұстау керектігін шешуге ықпал етеді. Айталық, сізде әрқашан шығындарға жұмсайтын 1000 доллар ақшаңыз болсын. Егер ағымдық салымдар бойынша проценттік ставка ай сайын 5% болса, онда "жіберіп алған мүмкіндіктерініз" ай сайын 50 долларды құрайды. Егер мемлекеттік қарыз облигациялары бойынша процент 10% болса, онда сіз ай сайын қолма-қол ақша қоры ретінде 100 долларды жоғалтасыз. Проценттік ставка жоғары болған сайын ақшаны қолда ұстаудың мүмкіндігі азаяды. Егер акциялар бойынша дивиденттер немесе облигациялар бойынша проценттік төлемдер артатын болса, онда сіз ақшалай қорларыныздың бір бөлігін акция мен облигацияға айналдырасыз. Осылайша ақшаның белгілі бір санын қорда ұстауға деген тілекке ықпал ететін фактор - бұл басқа актив түрлерінің, ең бірінші кезекте салымдар бойынша проценттік ставканың тиімділігі болып табылады.
3. Ақшаға жалпы сұраныс. Ақшаға жалпы сұраныс бұл келісім жағынан ақшаға сұраныс пен активтер жағынан ақшаға сұраныстың қосындысы. Ақшаға жалпы сұраныс жалпы ұлттық өнім құны мен проценттік ставкаға тәуелді болады.
22. 2. Ақша нарығындағы тепе-теңдік
Ақшаға сұраныс пен ұсынысты біріктіре отырып, біз ақша нарығы мен тепе-теңдіктің проценттік ставкасын анықтай аламыз. Тауарлар нарығы сияқты ақшаға сұраныс пен ұсыныстың қиылысуы тепе-теңдіктің бағасын анықтайды. Тепе-теңдіктің процент ставкасы ақшаны пайдаланғаны үшін төленетін баға болып есептелінеді.
Төмендегі суретте (22. 1 сурет) келісім жағынан ақшаға сұраныс қисығы көрсетілген. Келісім жағынан ақшаға сұраныс проценттік ставкаға тәуелді емес, ол басқа факторлармен анықталады (тауар бағасының сомасы мен ақша бірлігінің айналым саны) . Сондықтан сұраныс сызығы Y осіне параллель орналасады.
%ставка
10
D1
7, 5
5
2, 5
50 150 сұраныс
22. 1сурет Келісім жағынан ақшаға сұраныс қисығы
Қор жинау үшін ақшаға сұраныс проценттік ставкаға тәуелді болады (22. 2 сурет) . Проценттік ставка жоғары болған сайын ақшаны қорда сақтау қымбатқа түседі, демек активтер жағынан ақшаға сұраныс азаяды. Проценттік ставка төмен болса адамдар өтімділік ретінде ақшаны қорда ұстайды.
%ставка
10
7, 5
5
D2
2, 5
50 150 250 сұраныс
22. 2 сурет. Активтер жағынан ақшаға сұраныс
Ақшаға жалпы сұраныс 22. 3 суретте көрсетілген. Dm - бұл ақшаға жалпы сұраныс. Бұл сызықты келісім үшін ақшаға сұраныс шамасына D2 сызығына оңға қарай ауыстыру арқылы аламыз. Сұраныс пен ұсыныстың қиылысуы ақша нарығының жағдайын береді және тепе-теңдіктің проценттік ставкасын анықтайды. Демек, ақша ұсынысы көп болған сайын процент ставкасы төмен болады және керісінше. Проценттік ставка акция, облигация және т. б. бағалармен өзара байланысты. Проценттік ставкаға капитал салымы, яғни инвестициялық белсенділік тәуелді.
%ставка
Sm
10
7, 5
5
Dm
2, 5
сұраныс
50 150 250 350
22. 3 сурет. Ақшаға жалпы сұраныс
Ақша ұсынысын үкімет тарапынан белгілі бір шаралар көмегімен өзгертуге болады. Үкімет ақша ұсынысын, яғни қолма-қол ақша ретінде ақша эмиссиясын, сондай-ақ несиелік эмиссияны бақылап, белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін ақша ұсынысын басқару қажет.
Ақша нарығында сұраныс алдын-ала жалпы ұлттық өнім құнымен анықталған салыстырмалы тұрақты шама. Ал ақша ұсынысын үкімет және Ұлттық (Орталық) банк тарапынан белгілі бір шаралар жүргізу жолымен өзгертуге болады. Ақша ұсынысының өзгеруінің белгілі бір салдары болады. Айталық, ақша нарығында аталған сәтте уақытша тепе-теңдік орнасын, адамдардың қолында олардың сұранысына сәйкес келетін ақша бар. Енді ақша ұсынысы ұлғайды деп елестетейік. Ақша қорларын олар өздерінің активтерінің құрылымын өзгерту - мысалы корпорацияның акциясын сатып алу немесе мемлекеттік облигациялар сатып алу арқылы өзгертеді. Ақша ұсынысының өсуі басқа да актив түрлеріне сұранысты арттырады. Бұл тауарларға бағаның өсуіне, акция мен облигацияға бағаның жоғарылауына және ақшаны пайдаланғаны үшін нарықтық проценттік ставканың төмендеуіне алып келеді. Активтер құрылымы оның барлық түрлерінің шекті пайдалылығы бірдей болғанша өзгере береді.
Егер ақша айналымға оған деген сұраныстан аз шығарылатын болса, онда адамдар тағы да активтердің құрылымын өзгертуге тырысады. Олар сатып алу көлемін қысқартуға талпынады, бұл тауарларға бағаның төмендеуіне алып келеді. Сондай-ақ жылжымайтын мүлік, акция, облигация сата бастайды, бұл олардың нарықтық бағасының төмендеуіне алып келеді. Аталған процесс барлық активтердің шекті пайдалылығы бірдей болғанша жалғаса береді. Ақшаны пайдаланғаны үшін проценттік ставка бұл жағдайда өсетін болады. Осылайша ақша ұсынысының санына әсер ете отырып, ақша массасының көлемі бүтіндей экономиканың жағдайына әсер ететіндіктен көптеген процестерге ықпалын тигізеді. Көрсетілген тәуелділіктерді білу монетарлық саясаттың негізінде жатыр.
Ақшаның сатып алу қабілеттілігі - бұл ақша әрбір бірлігіне сатып алуға болатын тауарлар мен қызмет көрсетулер саны. Баға деңгейінің жоғарлауында ақшаның сатып алу қабілеттілігі төмендейді немесе керісінше.
Ақшаға сұранысты талдау кезінде әртүрлі теориялық тәсілдер кездеседі. Соның бірі монетарлық теория болып табылады. Монетаризм - макроэкономикалық талдаудың негізгі құралы ретінде айналымдағы ақшаны қарастырады. Бұл бағыт 20 ғасырдың 50-ші жылдарында пайда болды. Бұл бағыттың бастаушысы - Гервинг Фишер. Батыста қазіргі заманның монетаризм лидері М. Фридмэн. Монетаризмнің мәні екі түрлі тезиске саяды.
- 1. Ақша экономикада басты роль ойнайды. 2. Орталық банк ақша ұсынысына, яғни айналымдағы ақша санына әсер ете алады.
Монетаризм ақшаның сандық теориясына негізделеді, бұл теория Рикардоның, Кантильонның, Маршаллдың және т. б. еңбектерінде дамыған. Ақшаның сандық теориясы ақша сұранысын Фишердің теңдігімен сәйкес анықтаған.
M • V=P • Q
Мұндағы: M-айналымдағы ақша саны;
V-ақшаның айналым жылдамдығы;
P-тауарлар мен қызметтердің орташа бағасы;
Q-сатылған тауардың саны.
Егер теңдікті қайта өзгертсек, онда:
M= P • Q/V
Егер барлық келісім-шарттар ЖҰӨ-де берілсе, онда P*Q көлемі номиналды ұлттық өнімге тең болады.
Қазіргі заманғы монетаризмде ақшаның кейнсиандық және неокейнсиандық теориялары бар. Кейнстік теория ақшаға сұранысты анықтау үшін экономикалық тұлға тетіктеріне сүйенеді, яғни ол тұлға байлығының бір бөлігін ликвидті (өтімді) ақшалай актив нысанында сақтауға ықпал жасайды. Кейнстің айтуы бойынша ақшаға сұраныс номиналды табысқа және қарыз процентінің нормасына тәуелді. Номиналды табыс ақша сұранысына тура пропорционалды, ал қарыз процентінің нормасы кері пропорционалды. Кейнсиандық бағыт ақшаны екінші орынға қояды, монетарлық теория бойынша ақша айналымы өндірістің, жұмыспен қамтудың және бағаның деңгейін анықтайды. Кейнсиандық ілім жорамалы бойынша ақша ұсынысының өзгеруі проценттік мөлшердің өзгеруіне әкеліп, инвестициялық сұраныс және тек мультипликатор арқылы номиналды ЖҰӨ өзгеруіне әкеледі. Монетарлық бағдар бойынша ұзақ мерзімді саясатта мемлекет тұрақты түрде негізделген ақша массасының өсуін қамтамасыз етіп отыруы тиіс.
Монетарлық бағдардың кейнсиандық ілімнен айырмашылығы: ақша ұсынысының өсуі негативті салдарға әкеліп соқтырады. Егер ақша ұсынысы өссе, сұраныс төмендейді, несие бағасы қысқарады, яғни пайыздық мөлшері төмендейді, бұл ақша ұсынысының өсуіне әсер етпейді. Нәтижесінде экономикада ақша саны мен номиналды ЖҰӨ арасындағы байланыстың себеп-салдарлы байланысы үзіледі. Сондықтан кейнсиандықтардың монетаристерден айырмашылығы олар экономиканың тұрақтылығының негізгі құралы ақша емес, фискалды саясат деп есептейді.
22. 3. Банк жүйесі және банктің атқаратын қызметтері. Ақша мультипликаторы
Банк - ақша нарығында пайда табуды көздейтін қаржылық делдал. Нарықтық экономикасы дамыған барлық елде екі деңгейлі банк жүйесі қызмет атқарады:
- Орталық банк
- Коммерциялық банктер
Орталық банкті үкімет ұйымдастырады, оның басты функциялары:
- үкімет операцияларын жүзеге асыру;
- ақша эмиссиясы;
- коммерциялық банктердің қызметіне бақылау жасау, олардың резервтерін сақтау;
- елдегі ақша санын реттеу;
- ұлттық валютаның тұрақтылығын ұстап тұру.
Орталық банктің активтік операцияларының негізгі түрлері - бұл бағалы қағаздарды шығару мен сату және несиелер беру. Бағалы қағаздар мен несиелер Орталық банктің активтерінің екі негізгі түрін құрайды. Мемлекеттік бағалы қағаздарға қазыналық міндеттемелер, мемлекеттік облигациялар, казначейлік вексельдер жатады. Бағалы қағаздар ұлттық қарыздың бөлігін құрайды. Нарық жағдайында облигацияларды сату мемлекеттің маңызды табыс көзі болып табылады. Мемлекет үшін облигацияларды сату мен сатып алудың тікелей мақсаты табыс емес, коммерциялық банктердің резервіне, демек, елдегі ақша массасының мөлшеріне ықпал ету болып табылады.
Активтерді орналастырудың екінші жолы - бұл несие беру. Орталық банк коммерциялық банктерге несие береді. Несие негізінен үш мақсатты көздейді: резервтік талаптарды қамтамасыз ету үшін несие, маусымдық несие және қаржы жағдайы тұрақсыз банктерге несие беру. Бұлардан басқа шетелдік валютадағы активтер де бар. Шетелдік валюта халықаралық валюта нарығында валюталық интервенция құралы болып табылады.
Орталық банктің пассивтік операцияларының 3 негізгі түрі бар:
1. Мемлекеттің жүргізетін операцияларына қызмет көрсету. Үкіметтің Орталық банкте салымдары сақталады және осы депозиттерден өзінің міндеттемелерін төлейді. Үкімет бұл депозиттерді салықтық түсімдер мен бағалы қағаздарды сатудан алынатын қаржыларды салу жолымен құрады және толтырады.
2. Коммерциялық банктердің резервтерін сақтау. Орталық банк тұрғысынан коммерциялық банктердің резервтері - бұл коммерциялық банк алдындағы оның міндеттемелері, демек, орталық банк үшін бұл резервтер - пассив болып табылады.
3. Банкнот шығару (ақша эмиссиясы) . Орталық банктің банкноттар түрінде қағаз ақшаларды шығаруға құқығы бар. Банкноттар оның иелеріне тауарлар мен қызметтерді қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер болып табылады. Бірақ Орталық банкте міндеттемелерден басқа меншікті капитал барын ұмытпау қажет. Меншікті капиталға банк мүлкінің құны, шоттар, процент түрінде алынған пайда жатады.
Пассивтік операциялар арқылы банк қаржылық ресурстарды жұмылдырады, ал активтік операциялар көмегімен оларды орналастыруды жүзеге асырады.
Коммерциялық банктер - тұрғындар мен кәсіпорындардан салымдар қабылдауға, сондай-ақ несиелер беруге мүмкіндік беретін орталық банктен арнайы лицензия негізінде жұмыс істейтін қаржы институттары. Негізгі мақсаты- пайда табу. Олардың қызметін реттеп жүйелейтін Орталық банк болып саналады.
Ақша үнемі айналыста болуы қажет. Өндіріс үрдісінде фирмаларда белгілі бір уақытта ақша құралдары уақытша босатылады. Ал осы уақытта басқа фирмаларда қажеттілігі сезінеді. Бұл қайшылық несие көмегімен шешіледі. Несие - бұл экономикалық субъектілер арасындағы келісім-шарт, яғни белгілі бір мерзімге процент төлеу және қайтару шартымен несиеге берілетін ақша құралының қозғалысы. Ол негізгі екі функцияны атқарады.
1. Несие көмегімен фирма, аймақ және сала арасында ақша құралын қайта бөлу жүреді. Бұл функцияның іске асуы уақытша бос ақша құралдарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
2. Несие айналымдағы нақты ақшаны несиелік ақшамен және несиелік операциямен ауыстыруға мүмкіндік береді, бұл айналым шығындарын қысқартады.
Несие негізінен үшке бөлінеді:
а) беру тәсілі бойынша:
- тұтыну тауарлары;
- шикізаттар;
- ресурстар;
-ақшакапиталы;
- акция, облигация;
- вексельдер.
б) беру мерзіміне байланысты:
- қысқа мерзімді (1жылға дейін) ;
- орта мерзімді (1-5 жылға дейін) ;
- ұзақ мерзімді (5-10 жылға дейін) ;
- арнайы ұзақ мерзімді (20-40 жылға дейін) .
в) несиелік кеңістік сипаты бойынша:
- халықаралық;
- мемлекеттік;
- банктік;
- тұтынушылық;
- ипотекалық;
- коммерциялық.
Несиелік жүйе- валюта-қаржылық мекемелердің кешені, бұл кешен айналымдағы ақша санын өзгерту жолымен экономиканы реттейді. Оның алғашқы деңгейі - Орталық банк, ал коммерциялық банктермен ұсынылатын екінші деңгейі тікелей клиенттермен жұмыс істейді. Коммерциялық банктер несие институттары секілді ақша массасын реттеуде басты роль атқарады. Арнайы несие - қаржылық институттармен ұсынылған несие жүйесінің үшінші деңгейі: зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, инвестициялық және ипотекалық банктер, қарыз және қор жинау ассоциациялары және т. б. Олар өздеріне көптеген ақша ресурстарын шоғырландырады, сондықтан ақша саясатына үлкен ықпал жасайды.
Ақша ұсынысы банк жүйесінен тыс нақты ақшалар мен депозиттерден құралады және мұны экономикалық агенттер келісімдер үшін қажеттіліктеріне қарай қолдана алады. Қазіргі банк жүйесі - бұл бөлшектік резерв төлемдерінен құралатын жүйе: банктер тек өз депозиттерінің бір бөлігін ғана резерв күйінде сақтайды, ал қалғандарын несие беруге қолданады. Банктер басқа қаржы институттарына қарағанда ақша ұсынысын ұлғайту қабілетіне ие. Несиелік мультипликация - коммерциялық банктер шегіндегі төлем құралдары эмиссиясының жүру үрдісі.
Банк несие бере отырып, депозиттік қаржыларды құрайды. Банктердің депозиттік ақшаны құру мүмкіндігі артық резервтермен шектелген. Артық резервтер міндетті резерв нормасының қалай белгіленетініне тәуелді болады. Айталық, А банкінің салымдары 1 теңге болсын. Резерв нормасы 20% болған жағдайда А банкінің резервтері 2 теңгені құрайды, ал 8 теңгені несие беру үшін пайдалана алады. Бұдан әрі осы 8 теңге тағы да банкке түссе процесс қайталанады, яғни Б банкіне жаңа 8 теңге пайда болады да заңға сәйкес Б банкі 16000 теңгені резервте ұстап, қалған 64000 теңгені банк несиеге бере алады.
64000 теңге енді В банкіне келіп түседі. Осы сомаға сәйкес 12800 теңге резерв болу керек, қалған 51200 теңге процентке несиеге беріле алады. Қорытындысында банктік депозиттік ақшалардың жалпы жиынтық көлемі - 1+8+64000. Бірақ процесс мұнымен аяқталмайды. Жаңа ақшалар Г банкіне келіп түседі де банктің балансы өзгереді:
Актив Пассив
Резервтер +12800 депозиттер +64000
Несиелер 51200
Барлығы 64000 Барлығы 64000
Депозиттерді құрудың жалпы нәтижесін келесі кестеден көруге болады:
Құрылған ақшалардың жалпы саны 400. 000
Біз қосымша 100. 000 теңге депозиттің пайда болуы барлық банктік жүйеде депозиттердің көпреттік ұлғаюына алып келетінін көріп отырмыз. Егер резерв нормасы 20 % болса, онда депозиттер 5:1 қатынасындай кеңейеді. Осылайша банктік жүйе елдегі ақша ұсынысын көбейте алады.
1
Ақша мультипликаторы =
Талап етілетін резервтік норма
Біздің мысалымызда мультипликатор 5-ке тең. Банктердің депозиттік ақшаларды құру қабілеттілігі елдегі ақша массасын басқару үшін және іскерлік белсенділікке ықпал ету үшін қолданылады. Ақша мультипликаторын қолдана отырып, резерв нормасының өзгеруі жағдайында ақша массасының жиынтық көлемінің ұлғаюын немесе азаюын есептеуге болады.
- Орталық банктің ақша-несие саясатының құралдары
Орталық банкте ақша-несиелік бақылаудың негізгі үш құралы бар:
1. Ашық нарықтағы операциялар
2. Резервтік норманың өзгеруі
3. Есеп ставкасының өзгеруі
1. Орталық банк ашық нарықта коммерциялық банктерге бағалы қағаздарды сатты делік. Бағалы қағаздарды сату нәтижесінде коммерциялық банктердің резервтері төмендейді. Резервтің төмендеуі несие қоры мөлшерінің төмендеуіне алып келеді, ал ізінше елдегі ақша ұсынысы азаяды.
2. Орталық банктің директорлар кеңесі белгіленген резервтік норманы 20%-дан 25 %-ға көтеруге шешім қабылдады делік. Мысалы, банктің 50 мың теңге резерві болса, оның 40 мыңы 200 мың теңге салымдардың міндетті нормасына сәйкес келеді. Демек, банктің несиеге беруге болатын артық резерві 10 мыңды құрайды. Резерв нормасын 20%-дан 25 %-ға көтергеннен кейін міндетті резервтер 50 мың теңгені құрайды да артық резерв болмайды. Банк несиелеу жолымен ақша массасын кеңейту мүмкіндігі қысқарады. Заңға сәйкес коммерциялық банктер өзінің қаражаттарының бір бөлігін резерв түрінде Орталық банкте сақтауға міндетті. Резерв мөлшерін Орталық банк орнатады. Егер 10 % резервтік нормада банк тұрғындардан 200 мың теңгеге дейін салымдар қабылдайтын болса, онда ол резервте міндетті түрде 20 мың теңгені ұстауы керек. Резервтің азаюы коммерциялық банктердің еркін ақшаларын клиент арасында орналастыру мүмкіндігіне алып келеді де ақша массасы мемлекетте өседі. Резервтің өсуі ақша ұсынысының азаюына әкеледі, олардың бағасы, яғни пайыз деңгейі өседі, яғни ақша қымбаттайды. Орталық банк жүргізетін резерв саясаты ақша-несиелік реттеудің құралы болып табылады. Ол елдегі несие көлемін тез қысқарту немесе кеңейту құралы ретінде пайдаланылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz