Ауылдық жердегі балалардың қазақтың ұлттық ойындары арқылы өзіндік сабақтарында дене дайындығы дағдыларын қалыптастыруы


Ауылдық жердегі балалардың қазақтың ұлттық ойындары арқылы өзіндік сабақтарында дене дайындығы дағдыларын қалыптастыруы
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Диссертациялық зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына сәйкес адамның денесін жетілдіруді саналы түрде қалыптастыру жас кезінен басталатыны анықталған, яғни бұл дағды отбасында, мектепте және оқу орындарында қалыптасып, салауатты-тәрбиелік бағыттың әдістемелік бағдарламаларын жетілдіру, дене тәрбиесі мен қазақтың қозғалмалы ұлттық спорттық ойындарын дамытудың жолдары негізінде өз бетінше жүргізілетін сабақтар арқылы дене дайындығы дағдыларын қалыптастырудың жүзеге асатыны және оның алғышарттары, оларға жасалатын жағдайды жетілдіру жолдары қарастырылған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақтың ұлттық дене шынықтыру мәдениеті жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің құрамдас бір бөлігі ретінде мектептегі кезеңнен қалыптаса бастайды. Сондықтан оны пайдалану тек қозғалғалмалы біліктілік, дағдыларды дамытып қана қоймайды, сонымен қатар мектеп оқушыларынан қазақтың ұлттық спорт түрлеріне деген көзқарасын қалыптастырып, дене жаттығулары мен ойындарын өз беттерінше дамытуға тәрбиелеп, оқу-ойын материалдарын бір жүйе ретінде олардың руханилығын, адамгершілігін, дене тәрбиесін тәрбиелеуге баулуды қарастырады.
Педагогикалық эксперимент нәтижелерінің сапалық көрсеткіштерін анықтау үшін математикалық-статистикалық әдістерді, соның ішінде, Ю. Ф. Курамшин [2004], Л. П. Матвеев[1991], Н. И. Шарабакин [1997], Қ. І. Адамбеков [1995], Х. Ф. Анарқұлов [2007], Т. Ә. Ботағариев [2002], С. І. Қасымбекова [2002], А. М. Мамытов [1997], А. Н. Макогонов [2003] және басқа ғалымдардың жан-жақты дамуға бағытталған қозғалыс белсенділігі тек дене шынықтыру сабақтарымен ғана шектелетінін, олар қажетті локомоцияның тек тәуліктік көлемінің қажетті 10% пайызын ғана игере алатынын атап айтқан. Оқушылардың басым көпшілігі ортатәуліктік қозғалғыш белсенділігінің 35-40% пайызы гигиеналық нормаға сай келмегендіктен, оқушылардың денсаулығына кері әсер ететіні белгілі.
Бұндай жағдай Қазақстан Республикасының оқушыларының көпшілігінде ұлттық спортпен, ұлттық ойындармен, дене жаттығуларымен жүйелі түрде айналысуға деген мұқтаждықтың, осы саладағы өз бетінше жүргізілетін сабақтардың ғылыми негізделген әдістемесінің жоқтығын, сонымен қатар көптеген жалпыға міндетті білім беру мекемелерінде, мектептерде (әсіресе, ауыл мектептерінде) оқудың материалдық базасының нашарлығынан, оқушылардың оқитын орындары да қашықта болғандықтан, мектептен тыс сабақтар мүлдем жүргізілмейді. Осы жоғарыда айтқан мәселелердің бәрі аталған тақырыптың әлі де болса жан-жақты толық зерттеуді қажет ететіндігін көрсетеді.
Мектеп оқушыларының дене тәрбиесін жетілдіру мәселелері көптеген жетекші ғалымдар зерттеулерінің негізгі нысанына айналды. Мектеп оқушыларының дене тәрбиесін дайындаудың тиімділігі бойынша көптеген нұсқаулар жасалынды. Алайда, бұл зерттеулердің бәрі негізінен, дене тәрбиесі сабақтарының тиімділігін арттыруға, сабақтағы дене сапасын дамытуға ғана арналған, сондай-ақ өз бетінше жүргізілетін жұмыстың ғылыми-әдістемелік негіздері жеткілікті дәрежеде жасалмаған. I-XI сыныптардағы дене тәрбиесінің кешенді бағдарламасы дене жаттығуларының ұлттық түрін пайдаланумен бірге өз бетінше жүргізілетін сабақтардың санының көбейтілуін талап етеді.
Ғылыми-әдістемелік жұмыстар мен жетекші оқытушылардың тәжірибесінен байқайтынымыз, дене жаттығуларының ұлттық түрін үй тапсырмасына қосу оқушылардың тәрбиесі мен оны оқытуға ерекше ықпал етеді. Осындай кешенді нұсқаулар мен әдістемелер бола тұра, нақты анықталған, ғылыми негізделген әдістеме күні бүгінге дейін жасалмаған. Оның ішінде дене жаттығуларының ұлттық түрін оқушылардың өз бетінше жүргізілетін сабақтарының күнделікті тәртібіне енгізу мәселесі тағы жоқ. Практикалық нұсқаулардың көпшілігі «дене жаттығуларының классикалық түрін» қамтыған. Сондықтан оларды республикамыздағы кейбір ерекше жағдайларға байланысты өз деңгейінде пайдалану мүмкін болмай тұр.
Зерттеу мәселесі қазақ ұлттық ойындары бойынша жаттығулардың түрін қамтитын өз бетінше жүргізілетін сабақтардың әдістемесі, мазмұны, ғылыми тұрғыдан жоспарлануы, дене жүктемесінің бөлінуі, организмнің жағдайын бақылау күні бүгінге дейін жеткілікті деңгейде жасалмаған. Дене жаттығуларының аталған ұлттық сипаты өте төмен дәрежеде ынталандырылған.
Осы деректердің барлығы жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың өз бетінше жүргізілетін сабақтарында қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығуларының түрлерін пайдаланудың жолдарын іздестіру және ғылыми тұрғыдан негіздеу қажеттігін көрсетеді.
Зерттеу нысаны - оқу-тәрбие жұмыстарының заңдылықтарымен қатар, қазақ ұлттық ойындарының түрлері бойынша дене жаттығуларының түрлерін пайдалану тиімділігін көрсету арқылы құрылған 11-12 жастағы оқушылар дайындығының нақты үдерісі.
Зерттеу пәні - қазақ ұлттық ойындарын өз бетінше жүргізілетін сабақтардың дене пайдалану әдістемелерін ғылыми тұрғыдан негіздеу.
Зерттеу болжамы. Өз бетінше жүргізілетін сабақтардың дене жаттығуларында қазақтың ұлттық ойындарын пайдаланудың өзіндік ерекшелігін анықтап, оларды практикада тиімді пайдалану үшін ойындардың нақты және тиімді түрлерін айқындап, 11-12 жас аралығындағы оқушыларға өз бетінше жүргізілетін сабақтарда қазақ ұлттық дене жаттығуларын пайдаланудың тиімді жолдарын күшейтуге болады.
Зерттеу мақсаты. 11-12 жастағы жасөспірімдердің дене тәрбиесінде өз бетінше жүргізілетін сабақтарға қазақтың ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарын енгізу әдістемесін жасау мен тәжірибелік тұрғыдан негіздеу.
Зерттеу міндеттері.
- Ауыл мектептері оқушыларының дене тәрбиесі үдерісінде қазақ ұлттық қимыл-қозғалыс ойындары бойынша өз бетінше сабақтар өткізудің практикалық тәжірибесін ұйымдастыру мен әдістемесін зерттеу.
- Ауылдық және қалалық жасөспірімдердің дене дамуы мен қозғалыс дайындығы ерекшеліктерін анықтау.
- Түрлі сипаттар мен бағыттардағы қазақтың ұлттық дене жаттығуларын орындау барысында 11-12 жастағы жасөспірімдерге арналған мүмкін дене жүктемелерін белгілеу.
- 11-12 жастағы ауылдық жасөспірімдердің қазақ ұлттық қимыл-қозғалыс ойындары бойынша дене жаттығуларына арналған өз бетінше жүргізілетін сабақтарының әдістемесін (моделін) жасау және оның тиімділігін бағалау.
Бізге белгілі болғандай, көрсетілген міндеттер мектеп оқушыларының дене тәрбиесінің мазмұнына толық сәйкес келеді, олардың организмі мен саналарындағы шынайы өзгерістерді түсінудің логикалық байланысына сәйкес ғылыми-практикалық сараптамалармен және нұсқаулармен қамтамасыз етеді.
Зерттеу әдістері. Зерттеу әдісінің ерекшеліктеріне қарай түрлі әдіс-тәсілдер пайдаланылды. Мәселен, зерттеудің бастапқы сатысында олар келесідей сипатта болды: әдебиеттерді талдау және жинақтау, оқушылар арасында сауалнама жүргізу және сұрақ-жауап алу, алынған тақырыптың ғылыми-әдістемелік негіздерінің теориялық мәселелерін зерттеу. Бұдан әрі жетекші әдістердің қатарында зертханалық әдіс, яғни тәжірибе арқылы алынған деректерді өңдеу. Осы әдістер арқылы дене дайындығының деңгейлерін, өзгеру қарқынын, ықпал ету ерекшелігін, оқушылардың функционалдық жағдайын байқадық, әсіресе, бұндағы педагогикалық үдерістер қатаң сынға алынды, алайда ең басты нысанда қазақ ұлттық дене жаттығуларының 11-12 жастағы балаларға жүргізілетін өз бетінше сабақтарында ұйымдастырылуына әсер ету деңгейлерін анықтау.
Зерттеу көздері мен әдіснамалық негіздері. Зерттеудің негізгі дерек көздері ресми жалпы мемлекеттік құжаттар болып табылады: «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Президенттің халыққа Жолдауы (2007), Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (2007), Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңы (2000), Қазақстан Республикасының білім жүйесінде қазақ ұлттық спорты мен ұлттық ойындарын дамыту тұжырымдамасы (2003), 050108 «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша Мемлекеттік білім стандарты (2007) .
«Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі», «Мектептегі дене тәрбиесі» оқу пәндерінің негізгі ережелері және дене тәрбиесі мен спорт саласындағы жетекші мамандардың Ю. Ф. Курамшин [2004], Л. П. Матвеев [1991], Қ. І. Адамбеков [1995], Х. Ф. Анарқұлов [2007], А. М. Мамытов [1997], С. І. Қасымбекова [2002], М. В. Антропов [1997] және басқа ғалымдардың еңбектеріндегі негізгі теориялық тұжырымдамалары зерттеудің әдіснамалық негізі болып табылады.
Бұлардан басқа осы мәселеге қатысы бар философиялық, тарихи, педагогикалық, биологиялық, медициналық және психологиялық сипаттағы еңбектер де пайдаланылды.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы :
- өз бетінше жүргізілетін сабақтарда қазақ ұлттық ойындары бойынша дене
жаттығуларын пайдалануды ғылыми түрде негіздеу және сипаттамасын белгілеу;
- жалпы білім беретін мектеп оқушыларының өз бетінше жүргізілетін сабақтарында қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығуларын пайдаланудың тиімді жолдарын ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негіздеу;
- 11-12 жастағы оқушылардың өз бетінше жүргізілетін сабақтарында қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығуларын пайдаланудың теориялық кешенді тиімді әдістерін зерделеу;
- Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектеп оқушыларының дене тәрбиесі жүйесінде қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығуларын жан-жақты пайдаланудың тиімділігін көрсету.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы өз бетінше жүргізілген сабақтарда дене тәрбиесінің ұлттық әдіс-тәсілдерін пайдалану негізінде өз бетінше жүргізілетін сабақтарға ынталандыру арқылы олардың сапасын арттыру болып табылады. Олардың түрлері:
- 11-12 жастағы оқушылардың өз бетінше жүргізілетін сабақтарында пайдаланылатын қазақтың ұлттық ойындарының дене жаттығуларына өте қолайлы түрлері;
- жалпы білім беретін мектеп оқушыларының өз бетінше жүргізілетін сабақтарында қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығуларының түрлерін пайдаланудағы педагогикалық қызметтің сипаты;
- 11-12 жастағы оқушыларға өз бетінше жүргізілетін сабақтарда пайдаланылатын қазақ ұлттық ойындары негізінде дене жаттығуларының түрі бойынша нұсқаулар;
- қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығулар түрлерінің әдістемелік сипатын қалыптастыруда олардың білімдік, сауықтыру және тәрбиелік жақтарына ерекше мән беру;
- қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығуларының түрлері бар өз бетінше сабақтарында қимыл-әрекеттің сапасын арттыру, денсаулықты нығайтуға бағытталған мектеп бағдарламасындағы нормативтік талаптарды күшейту, дене тәрбиесіндегі тұрақтылықты сақтау әдістемесін қалыптастыру.
Диссертациялық жұмыста ұсынылған өз бетінше жүргізілетін сабақтарында қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығулары түрлерінің мазмұны мен ұсыныстарын ауыл мектептерінде де және қалалық мектептерде пайдалануға болады.
Практикалық нұсқаулар негізінен, дене тәрбиесі оқытушыларының жұмыстарында және физкультурник-студенттерге арналған лекцияларда, оқытушыларға арналған біліктілікті арттыру курстарында пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы төмендегідей бірқатар мәселелерден туындайды:
- 11-12 жастағы балалардың дене жаттығулары барысында қазақ ұлттық ойындары түрлерін өз бетінше сабақтарда оңтайландыруды және жоспарлауды жүйелі түрде негіздеу тәжірибелік әдіспен жүзеге асады;
- Қазақстан Республикасының Атырау облысында тұратын 10-14 жастағы мектеп оқушыларының қимыл-әрекетінің дайындығы мен денесінің дамуының сипаттамалық ерекшеліктерін бекіту;
- заңды өзгерістері байқалатын көптеген нәтижелер алынды, мәселен әр түрлі сипаттағы дене жаттығуларын орындау барысында жүрек-қан-тамырлары жүйесінің көрсеткіштерінің қалыпқа келуі, зерттеуге алынған организмдердің негізгі жүйесіне оң әсер етуінің нәтижесін көрсететін деректердің жинақталуы;
- 11-12 жастағы оқушылардың қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығуларын өз бетінше орындауда тиісті дене жүктемелері анықталды;
- қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығуларының түрлері негізінде өз бетінше жүргізілетін сабақтың моделі әзірленіп, ғылыми түрде негізделді, ол бес сатыны қамтитын, мектеп бағдарламасы аясындағы дене дайындығының сапалы жетістігін көрсететін тұйық жылдық циклды құрайды.
Қорғауға ұсынылған қағидалар :
- ауыл мектептері оқушыларының дене тәрбиесін қазақ ұлттық қимыл-қозғалыс ойындары бойынша өз бетінше жүргізілетін сабақтары жүйесінің дене жаттығуларын кең түрде пайдаланудың тиімділігімен арттыруға болады;
- дене дайындық көрсеткіштерінің байқалатын заңды өзгерістері мен қалыпқа келуі, ауыл балаларының қала балаларына қарағанда денесінің даму ерекшелігі және олардың қимыл-әрекеттері бойынша дайындығы;
- 11-12 жастағы жасөспірімдердің қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығуларын жасайтын өз бетінше сабақтары жүйесінің моделін жасау, қимыл-әрекеттің сапасын арттыру, денсаулықты нығайтуға бағытталған мектеп бағдарламасындағы нормативтік талаптарды күшейту;
- 11-12 жастағы жасөспірімдердің өз бетінше сабақты жүргізуге деген ынтасы, олардың әр түрлі сипаттағы жаттығуларды орындаудағы жүктемелерін оңтайландыру, дене тәрбиесіндегі тұрақтылықты сақтау мақсатында қазақ ұлттық ойындары бойынша өз бетінше сабақтар әдістемесін қалыптастыру мен оны тәжірібелік бағалау.
Автордың жеке үлесін мынадай факторлардан анықтауға болады:
- жұмыс болжамын ғылыми түрде негіздеп белгіленген тәртіп бойынша жүйелі түрде жүргізілген өз бетінше сабақтардағы қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығуларының (білімдік, сауықтыру және тәрбиелік) сипаты мен өлшемдерін өзгерту;
- аталған үдеріс оқушылардың педагогикалық және функционалдық сипаттарына әсер етуінің анықтап өз бетінше сабақтарында қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығулардың қажеттігін көрсете білуі;
- 11-12 жастағы жасөспірімдердің өз бетінше сабақтарындағы қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығуларының ұйымдастырылуы мен әдістемесін қалыптастырудағы маңызды талаптар қоя білуі және жасөспірімдердің дене дайындығының басты көрсеткішін және қимыл-әрекеттерінің сапасын көрсететін ерекшеліктерді көрсете білуі;
- тиісті дене жүктемелерін белгілеп өз бетінше сабақтарында орындалатын қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығуларының моделін жасай білуі;
- практикалық нұсқаулар жасап, оны оқу-тәрбие үдерісіне ендіріп халықаралық және отандық практикалық маңызы бар конференцияларда жариялауы.
Зерттеудің негізділігі. Зерттеу оқушылардың денсаулығын, білімін, сонымен қатар мектептегі дене тәрбиесін жетілдіруге бағытталған. Оның үстіне, мектеп оқушыларының дене тәрбиесін жетілдірудегі қиындықтардың объективті және субъективті жақтары тыс қалған жоқ.
Зерттеу нәтижелерінің нақтылығы ғылыми деректерді жинақтаудағы лайықты және дұрыс әдістерді пайдалану арқылы, жасалған ғылыми қорытындыларды шығаруға басты ықпал ететін статистикалық материалдарды дұрыс өңдеуді жүзеге асыру мақсатында зерттеу барысында анықталған нақты фактілерді ұтымды пайдалану әдіс-тәсілдері қолданылды.
Нәтижелерді жүзеге асыру. Зерттеу нәтижелері Атырау облысындағы ауылдық жерлердегі жалпы білім беретін мектептердің және Мұнай және Газ институтының оқу-тәрбиелік үдерісіне енгізілді.
Зерттеу нәтижелерінің жарияланымы . Ғылыми зерттеудің мазмұны бойынша Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің бекіткен тізімі бойынша үш ғылыми мақала, практикалық және халықаралық маңызы бар конференцияларда үш тезисі жарық көрді. Сонымен қатар ТМД елдерінде де жарық көрген мақалалары бар.
Диссертацияның көлемі мен құрылымы. Диссертация кіріспеден, төрт тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады. 218 әдебиет пайдаланылды, оның 9 шетелдік әдебиеттер. Диссертация бойынша 23 кесте және 11 сурет жасалынды.
Диссертациялық зерттеудің кіріспесінде зерттелетін тақырыптың өзектілігі, оның зерттелу деңгейі, зерттеудің теориялық міндеттерін шешуге бағытталған мақсаттар мен міндеттер анықталған. Сонымен қатар, нысаны мен пәні айқындалып, зерттеудің әдістері көрсетілген. Зерттеудің ғылыми жаңалығына сипаттама беріліп, қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар берілген, жұмыстың құрылымы талаптарға сай негізделген.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
«Таңдап алынған тақырыптың жасалу жолдары» деп аталатын 1 бөлім «10-14 жастағы жасөспірімдердің денесінің дамуы мен ептілікке дайындықтарының ерекшеліктері» деп аталатын бөлімшеден басталады.
А. А. Гужаловский [1987] балалар мен жасөспірімдердің қимыл-әрекеттерінің дамуының төрт сенситивтік түрін ажыратып көрсетті: өсудің максималды қарқыны; өсудің субмаксималды қарқыны; өсудің бірқалыпты жоғары қарқыны және жай даму кезеңі.
Мектеп оқушыларының қимыл-әрекеті функцияларын қалыптастыру жоғары жүйке қызметін, жүйке-бұлшық ет аппаратын және олардың функцияларын, ішкі органдардың дамуымен, зат алмасу үдерісін жетілдірумен тығыз байланысты болады.
Ауылдық жерлерде өнеркәсіп мекемелері, көліктер аз, жасыл-желек баршылық. Ауыл адамдары қала адамдарына қарағанда калориясы мол үйдің азық-түлігімен тамақтанады, химиясы жоқ таза ауамен дем алады. Осының бәрі адамдардың денсаулығына игі ықпалын тигізеді. Осындай факторларға қарап, ауылдық балалардың дене дамуы мен қимыл-әрекеттерінің дайындығы қала балаларына қарағанда едәуір жоғары екенін байқадық. Алайда, бірқатар авторлардың пікіріне қарасақ, мейлі қала болсын, мейлі ауыл болсын олардың денелерінің дамуында белгілі бір заңдылық бар екені де байқалады. Мәселен, жылдамдық, шапшаңдық сипаттағы жаттығуларда, сондай-ақ үйлесімдік қабілеттілігі бар және орындалу техникасы жоғары жаттығуларда қалалық балалар ауыл балаларына қарағанда алдыңғы қатардан көрінеді, ал күш сынасу немесе табандылыққа келгенде ауыл балалары ешкімге жол бермейді.
Көптеген ғалымдарымыз күнделікті жүйелі түрде дене жаттығуларын, қимыл-әрекет жасау дененің дамуына, денсаулықтың жағдайына жақсы әсер ететінін, сондай-ақ еңбекке қабілеттілігін дамытып, организмнің функционалдық жағдайын жақсартатынын айтқан. Спортпен айналысатын жасөспірімдер өте жоғары антрометрикалық көрсеткіштерге ие: бойларының ұзындығы және дене салмағы, демалу көлемі, көкірек клеткаларының дамуы т. б. Сондай-ақ дене жаттығуларын күнделікті өмірдің тәртібіне ендіру олардың денсаулығына, жалпы организмнің жағдайына, ақыл-ойының дамуына, оқушылардың еңбекке қабілеттілігін дамытуға оң әсер ететінін М. В. Антропов [1987] және т. б. авторлар да айтқан болатын.
Ауыл балаларының денелерінің дамуы және қимыл-әрекетке ширақтығы қала балаларына қарағанда төмендігі оқу-материалдық базалардың нашарлығымен, ауыл мектептеріндегі ғылыми-әдістемелік әдебиеттердің жоқтығымен, сабақтан тыс уақытта дене жаттығуларын игеруге тиісті мөлшерде көңіл аудармағандығынан болады. Олай болса, ауыл балаларының денелерінің дұрыс дамуы, денсаулықтарын нығайту олардың күнделікті өмір тәртібіне қимыл-әрекет белсенділігін арттыру мен олардың әлеуметтік жағдайының жақсартуды оңтайлы ұйымдастырудан барып туындайды.
«Балалар мен жасөспірімдердің организмдерінің функциясына қозғалу белсенділігінің әсері» деп аталатын 1. 2 бөлімше адамның бүкіл моторлы қызметінің биологиялық негізі болғандықтан да оның қимыл-әрекетке деген мұқтаждығы қалыптасады. Шығармашылық дамудың тұжырымдамасындағы белгілі бір нәтижелердің бірі кинезофилия жүйкелігі теориясының пайда болуын көрсетеді. Кинезофилия - мида тұқым қуалау арқылы қалған және жоғары жүйке қызметінде (функциялардың жүйеаралық келісуі, бейімділік мінез-құлық, психика) байқалатын энергияның күшті көзі. Кинезофилия - қимыл-әрекетке деген табиғи мұқтаждық адаммен еңбекке араласу кезінде жүзеге асады.
Ауыл мектептерінде жүргізілген зерттеулер ауыл және қала балаларының тәуліктік қозғалыс белсенділігінен бәлендей айырмашылықты таппаған. Ауыл мектептеріндегі оқушылардың қозғалыс тәртібіндегі басты ерекшелік бір күнге қозғалыс әрекетін бірдей бөле білу. Ауыл мектептері оқушыларының жалпы тәуліктік қимыл-әрекетінің 75% ертеңгі және күндізгі уақытта, ал қалалық балаларда 50% орындалатыны байқалды. Қала балалары мен ауыл балаларының күн тәртібін зерттей отырып, олардың қимыл-әрекеттерінің, қозғалу белсенділігін төмендететіні маңызды факторы артық майдың жиналуы, дәл сол аз қимылдың әсері екенін байқатады. Мектеп жасындағы жеткілікті дәрежеде қозғалмау, қозғалу стеореотипінің қалыптасуына әкеліп соқтырады.
Зерттеулерге қарап күн тәртібіне енген дене жаттығулары мектеп оқушыларының дене және ақыл-ойының дамуына жақсы әсер етеді. Мектепте болған уақытында қозғалу белсенділігін 40% арттырғанда және дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын бағытты жүргізгенде физиометриялық көрсеткіштердің өзгеруіне оң әсер етеді және аурушаңдыққа да қарсы күресе алады. Зерттеулер деректеріндегі мектеп оқушыларының күнделікті өмірінде әр түрлі дене жаттығуларының және қозғалу ойындарын оңтайлы нұсқада пайдалана алуы, олардың еңбекке және ақыл-ой қабілеттіліктеріне маңызды әсер ететіндігін дәлелдеген және олардың жалпы жағдайы да жақсарта түседі.
10-13 жас аралығындағы биологиялық қозғалысқа деген мұқтаждық күніне 4 сағатты құрайтынын білдіреді. Осы санда уақыттың 20% орташа дене жүктемесін атқарады, қалған уақытта - ең кіші жүктемемен орындайды. Соңғы уақытта өмірдің жақсы жағдайына қарай жасөспірімдер аз қозғалу позициясын ұстануда (көбіне көп теледидар көру немесе компьютер ойнау т. б. ), яғни гипокинезия жағдайында өмір сүруде.
Әдебиеттердегі деректерге сүйенсек, балалар мен жасөспірімдердің қозғалу белсенділігі оқу үдерісі басталысымен 50% азаяды. В. К. Бальсевич [1997] оқушылардың күндізгі уақытының 60% отырған жағдайда өткізетінін және оған еш энергия да жұмсамайтынын келтірген.
Гипокинезия барлық аурудың түрін де асқындырып жібереді және жүйке-бұлшық ет жүйелерінің, ішкі органдардың, қан айналымы, тыныс алу органдарының патологиясына әкеп соқтырады. «Гипокинезиялық ауру» деп аталатын ауру пайда болады, ол үлкен ми қыртысының астенизациялануымен, локомоторлы және висцералды саланың функционалдық жағдайының бұзылуына әкеп соқтырады.
Қозғалу белсенділігінің заңдылықтары мен маңыздылығы бойынша әдебиеттерді талдай отырып, мынадай қорытынды жасаймыз:
1. Балалар мен жасөспірімдердің үйлесімді, дұрыс дамуы үшін қозғалу белсенділігін күнделікті арттырып отырған жөн.
2. Қозғалу белсенділігі онтогенетикалық, тәуліктік және мерзімдік өзгерістерімен байқалады.
3. Гипокинезияны жою үшін ең алдымен арнайы ұйымдастырылған, жоспарланған дене жаттығулары бар өз бетінше сабақтар қажет.
4. Дене тәрбиесінде қандай да бір жетістікке қол жеткізу үшін тәуліктік қозғалу стеореотипін құру қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz