Газ құбырлы двигательдерге қажетті отындар


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

  1. Газ құбырлы двигательдерге қажетті отындар.
  2. Отындардың физикалық қасиеттері.
  3. Отындардың коррозияға тұрақтылығы.

Газ турбиналары өнеркәсіп, энергетика, басқа да әр турлу салаларда кеңінен қолданылады. Оларды теңіз және өзен кемелерінде, темір жол локомотивтерінде, газ және мұнай айдау станцияларында, тұрақты және жылжымалы электр стансаларында негізгі қозғалтқыштар ретінде орналастырылады. Газ турбиналарының кеңінен қолданылуы олардың басқа дизельдік және бу турбиналы қондырғыларға қарағанда біршама артықшылықтарына байланысты.

Газ турбинасы бір агрегаттан көбірек қуат алуға мүмкіндік береді. Оның өлшемдеріжәне қуат бірлігіне шаққандағы массасы аз - 1, 0-1, 2 г/(Вт*сағ), бу турбиналарында 21, 6 г/(Вт*сағ) . Газ турбинасының отынның кез келген түрімен: газ тәріздес, сұйық, тіпті қатты(шаң тәріздес отындар, эмульсиялар және т. б. ) отындармен жұмыс істей алу мүмкіндігі оның маңызды артықшылығы болып табылады. СУытатын суды онша қажет етпеуі, тез оталуы және басқарудың қарапайымдылығы, жоғары сенімділігі және пайдаланылған газдардың уыттылығының жоғары еместігі - мұның бәрі газ турбиналарының кең қолданысына себеп болады.

Газ турбиналарының кемшіліктері - ПӘК-нің салыстырмалы түрдегі төмен болуы(дизельде-40%), бу турбиналары үшін - 24-27%. Алайда тұрақты газ турбиналарын пайдаланылған газдарын жылыту немесе ыстық сумен қамтамасыз ету үшін қолдануға болады, бұл олардың ПӘК-ін арттырады.

Газ құбырлы двигателдерге қажетті отындар

Газ құбырлы қондырғы әр түрлі отындармен жұмыс жасай алады. Яғни газ тәрізді отындар мен сұйық отындарда жұмыс жасайды. Отын ретінде кез - келген ыстық, дисперлеуге болатын өнімдер қолданылады. Оларға бензин, керосин, мазут, газ, спирт, тіптен ұнтақталған көмір де қолданылады.

Газ құбырларының отын жүйесі отын бактерінен, төмен және жоғары қысымдағы сораптардан, отын реттегіштерден, дөрекі және нәзік тазалау сүзгілерінен, түтіктерден, форсункалардан тұрады.

Газ құбырлы двигательдерге қажетті отындардың қасиеттері

Отындардың буланғыштығы шектелмейді, алайда отындарға тұтқырлығы және тығыздығы бойынша қойылатын талаптар фракцияоар бойынша құрамын жанама түрде реттейді. Отынды форсункалармен тозаңдатып шашырату дәрежесі, шашыратылған отын жалынының алысқа соққыштығы тұтқырлыққа байланысты.

Газ құбырлары отындарының тұтқырлығы шартты тұтқырлықпен өлшенеді.

Газ құбырларына арналған дистилятты және қалдық отындарды көбінесе 50-80°С-қа дейін қыздырады.

Газ турбиналары отындарды шайырлы-асфальтенді заттардың көп мөлшері болады, олар отындардың беттік керілісін жоғарылатып, оларды шашыратудың сапасын нашарлатады. Газ турбиналарына арналған арнайы отындардың тығыздығы 935кг/м 3 -ден артық болмауы керек.

Жақсылап тозаңдатып шашыратылған газ турбиналары отындарының тұтануы және жануы газ ауа трактысының конструкциялық рәсімделуі және жану камераларына ауаның дозаланған мөлшерін беру есебінен тұрақты түрде өседі. Газ турбиналарының жану камерасындағы тұтану және жану үдерістерін ұйымдастыру пайдаланылатын отынның сапасына байланысты.

Ауыр қалдық отындарды қолдану үшін қоспа түзілуді жақсарту, күйік түзілуді, бағыттағыш аппараттар және турбина қалақшаларының кокс қыртыстарының және эрозиясының коррозиялық агрессивтілігін төмендету үшін арнайы шараларды қарастыру қажет.

Жану камерасы қабырғаларындағы және форсункалардағы кокс қыртыстарынан бөлек күйік түзілуі мүмкін. Әсіресе мұнай құрамындағы арендер көп отындарды қолданғанда түзілетін күйіктің мөлшері көп, қыртыстарға органикалық бөліктен басқа, темір, ваннадий, натрий, және т. б. металдар бар күл элементтері кіреді.

Газ турбиналарында қыртыстар түзілуімен күрес отын сапасын жақсартумен қатар жану камерасындағы форсункаларды, газ трактысының басқа да бөлшектерін конструкциялық жақсарту есебінен де жүргізіледі.

Газ турбиналары отындарының ағындылығы олардың тұтқырлық-температуралық қасиеттерімен және қату температураларымен анықталады. Отынның фракциялық құрамынан басқа олардың химиялық құрамы әсер етеді. Газ турбиналары отынының қату температурасы 5ºC тан жоғары болмауы тиіс. Кеме газ турбиналарының от алуы үшін қату температурасы минус 5ºС-тан жоғары болмауы қажет. Қату температурасы бойынша құю, айдау, төгу мүмкін болатын температураны шамамен анықтайды. Газ турбинасы отындарының төменгі температуралық қасиеттерін олардың құрағыштық және химиялық құрамын таңдап алу, сондай-ақ арнайы депрессорлық қосындылар енгізу арқылы жақсартады.

Тасымалдау, айдау, ұзақ сақтау кезінде газ турбиналары отындарының тұрақтылығы көмірсутек құрамына, шайырлы заттар, су, гетероорганикалық қосылыстар мөлшеріне байланысты. Сақтау кезінде отындардың тотығудың шайырлы өнімдері түзіліп, қатты ерімейтін тұнбалар мен қыртыстар түзіледі.

Ауада температура онша жоғары болмағанда термиялық крекинг жолымен алынған құрағыштар құрамында газ турбиналары отынына түсетін алкендер және құрамында көміртегі бар қоспалар тотығады. Термиялық крекинг дистиляттарының химиялық және термототығу тұрақтылығы төмен.

Сүзгілерді бітеп тастайтын қатты тұнбалар мен отын жүйесі бетіндегі қатты қыртыстады түзудің негізгі көзі шайырлы заттар болып табылады. Олар отынға мұнайдан өтеді де, не тұрақсыз қосылыстар тотыққанда түзіледі. Бұл шайырлы заттар тығыздалу және тотықтырғыш полимерлеу реакцияларына түсіп, олардың молекулалық массасы артады, ал көмірсутектегі ерігіштігі төмендейді. Отындардағы тұнбалар сүзгілер тұмыстарына әсер етіп қана қоймау, отынды тозаңдатып шашырату үдерісіне де әсер етеді, қйткені форсунка тесіктерін бітеп қалуы мүмкін.

Газ турбиналары отындарына арналған тиімді тотығуға қарсы қосындылар әзірге табылған жоқ.

Газ турбиналары отындарының коррозиялық белсенділігі олардың құрамындағы күкіртті қоспалар және ваннадий және натрий конценгтрациясына байланысты. Күкіртті қоспалардың барлық түрі SO 2 және SO 3 түзе жанады да, жоғары емес температурада күкіртті және күкірт қышқылын түзеді.

Газ турбиналары жағдайларында пайдаланылған газдардың жоғары температурада олардың турбиналарда конденсациялануы тіпті жүрмеуі мүмкін. Күкіртті қосылыстардың жану өнімдері туғызғызған коррозия газ турбинасы тоқтап қалғанда қауіпті. Күкіртті отындардың отын жүйелері бөлшектеріне коррозиялық әсері және жану өнімдеріндегі күкіртті қосылыстардың әсерін бейтараптандыру үшін қосындалар қолдануға болады. Ваннадийдің валенттілігі ауыспалы, оның оттегімен қосылыстардағы ең жоғары валенттілігі 5-ке тең. Газ турбиналары жіне жанарғы құрылғылары жағдайында жану оттегінің артық болуы кезінде жүреді. Бұл V 2 O 5 , натрий және темір түзілуіне түрткі болады. Ваннадийдің бұл қосылыстарының балқу температурасы 600-900ºC, яғни газ турбиналарының кейбір бөлшектерінің жұмыс температурасына жақын. Бұдан бөлек, V 2 O 5 жоғары температурада натрий қосылыстарымен әрекеттесіп, балқу температурасы шамамен 650ºC оңай балқитын натрий ванадаттарын - NaNO 3 және Na 3 V 2 O 7 түзеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бензин және олардың маркаларының сараптамасы
Жанар-жағармай шикізаттары
Мұнайдың индексациясы және оның қайта өңдеу технологиясымен байланысы
МҰНАЙДЫ ӨҢДЕУДЕН АЛЫНҒАН ӨНІМДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ
Мұнайды біріншілік айдау қондырғыларының технологиялық схемалары
МТБЭ синтезінің катализаторы
МҰНАЙ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨҢДЕЛУІ
Мұнайды атмосфералық және атмосфера-вакуумды айдау қондырғысының технологиялық сызба нұсқасы
Жанармай- мұнай өнімінің теориялық аспектілері
Мұнай өңдеудің біріншілік процестері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz