Аэробикалық жаттығулар арқылы дене қозғалысының белсенділігін арттыру теориясы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . … 3
1. АЭРОБИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР АРҚЫЛЫ ДЕНЕ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ ТЕОРИЯСЫ
1. 1 Спортпен шұғылдану үшін үміткерлерді іріктеу және оның мақсаты мен міндеті . . . 5
1. 2 Акробатикаға іріктеу түрлерін және спорттық бағдарды жіктеу . . . 14
2. АКВААЭРОБИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР АРҚЫЛЫ ДЕНЕ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
2. 1 БЖСМ-нде акробатикаға тәрбиелеу әдістемесі . . . 40
2. 2 БЖМС-де бастапқы дайындық тобын жинақтау және іріктеу . . . 48
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……… . . . …… . . . 61
ҚОСЫМШАЛАР . . . 63
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі мерзімге арналған білім беру ісін дамыту тұжырымдамасында отандық білім беруді жетілдіру мен оның әлемдік білім беру аясына ықпалдасуының басты бағыттары белгіленген .
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында Қазақстандағы білім беру жүйесінің алдында тұрған негізгі мәселелерге тоқталып, оның басты міндеті - еліміздегі білім берудің ұлттық үлгісін әлемдік стандарттарға сәйкестендіре отырып, білім сапасын арттыру деп көрсетті [1] .
Қай мемлекеттің де негізгі тірегі- білімді де білікті, іскер де белсенді адамдар. Сондықтан қоғам талабына сай қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу маңызды, алған білімі мен біліктілігі негізінде өмірді еркін бағдарлай алатын, өзін-өзі дамытып, өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдай білетін тұлғаны тәрбиелеу мақсаты қойылған.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ең алғаш рет әр баланың интеллектуалды дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту мәселелері сөз болады. Жеке адамды тек жеке тұлғаның өзі ғана тәрбиелеп өсіретіні айдан анық. Осыған орай бүгін педагог кадрларын дайындау жүйесінде болашақта терең мағыналы, жан-жақты ойлау, білу қабілеті бар, болашақты толық сезінетін, өз жұмысына соншалықты берілген, алда тұрған міндетін атқара білетін мамандарды тәрбиелеп өсіру жұмысының маңызы зор. «Жоғары оқу орны мамандар даярлауда білімді, ғылым мен білімді ұштастыру, оқытудың белсенді әдістері, жаңа ақпараттық технологиялар кешенін қолдана отырып даярлау негізінде студенттердің шығармашылық және практикалық қабілеттерін дамыту, қалыптастыру және дамыту үшін мүмкіндіктер туғызу арқылы жүзеге асырылады», - делінген [2] .
Дәстүрлі тәжірибе техника-тактикалық дайындыққа байланысты акробатикаға жайлап қосумен үйрету және сонымен қатар жаттықтырушы техника-тактикалық әрекеттердің базалық элементтерін үйрену үлкен роль ойнайды екенін көзден таса етеді (тік тұру, арақашықтық, қозғалту, ұстап алу, ұстап алудан босату, қысу, маневр жасау және т. б. қарапайым әрекеттер) . Олар аэробикашылардың және аквааэробикашылардың дағдыларды меңгеру өзінен-өзі болады деп ойлайды [3] .
Негізгі қайшылық, біздің зерттеу жүргізуге қозғау болған, ол тәжірибеде бар бастапқы дайындықта акробатиканың арасында сәйкессіздік негізін меңгеру керектігі және бұл мәселенің оқыту әдістерінде әсерінің төмен екендігі балалардың мақсаттарын есептемейтін ойын түрлеріне өз бетімен келмеушілік, шығармашылық техника-тактикалық спорттық ойын меңгерулерін өздігінен шеше алмауы.
Зерттеу проблемасы бастапқы дайындық әдістерінің жоғарыға көтеруден тұрады және тәжірибелік тексеруден ойын әдістерінің әсері жас акробатшылардың техника-тактикалық дайындық деңгейінің керектігінің құрылуынан зерттелді.
Қойылған проблеманың шешімі ойын әдістерін оқытуды қолдану негізінде жүреді және жаттығу соңғы технология және педагогика және денешынықтыру теориясында өңделген. Мамандандырылған қозғалыс ойындарын іріктеу кезінде тәжірибесі есептелінді.
Тақырыптың зерттеу деңгейі: Қазіргі жұмыста экспериментті зерттеу нәтижелері келтірілген мамандандырылған қозғалыс ойындарын қосуының әсері және техника-тактикалық дайындықта қолдану әдістері мен арнайы дайындық әсері бастапқы спорттық мамандықта табу. Осы мәселелердің шешімін табу біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын айқындап, оны «Акробатикалық жаттығулар арқылы дене қозғалысының белсенділігін арттыру» деп алуға негіз болды.
Диплом жұмысының мақсаты: Акробатикалық жаттығулар арқылы дене қозғалысының белсенділігін арттырудың теориялық негізі мен әдістемесін жасау және жүзеге асыру.
Зерттеу міндеттері:
1. Аэробиикалық жаттығулар арқылы дене қозғалысының белсенділігін арттыру жағдайларын теориялық тұрғыда қарастыру және оның кәсіби қалыптастырудағы орнын анықтау;
2. Аэробиикалық жаттығулар арқылы дене қозғалысының белсенділігін арттыруда педагогикалық қырларын белгілеу;
3. Аквааэробикалық жаттығулар арқылы дене қозғалысының белсенділігін арттыру, оның құрамдас бөліктерін анықтау.
4. Аквааэробикалық жаттығулар арқылы дене қозғалысының белсенділігін арттыруда ғылыми-әдістемелік нақтылау.
Зерттеудің нысаны - Аэробиикалық және аквааэробикалық жаттығулар арқылы дене қозғалысының белсенділігін арттыру үдерісі.
Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі: Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
1. АЭРОБИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР АРҚЫЛЫ ДЕНЕ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ ТЕОРИЯСЫ
1. 1 Спортпен шұғылдану үшін, үміткерлерді іріктеу және оның мақсат мен міндеті
Дене жаттығулары бастапқы кезде еңбек қимыл әрекеттерімен тығыз байланыста болды. Дене жаттығуларының дамуына өнер, әскери қызмет, сонымен бірге құрамына дәстүрлі ойындар мен билер кіретін діни табынушылық салт-дәстүрлер елеулі әсер етті. Дегенмен, материалдық қажеттілік пен жағдай барлық уақытта дене жаттығуларының қалыптасып, дамуының қозғаушы күші болды. Дене жаттығуларын меңгеру басынан бастап басты негізде жетілген білімге, біліктілікке және дағдыға байланысты болды. Қоғамның және оның ішінде дене тәрбиесінің даму деңгейіне қарай дене жаттығуларының еңбекпен және басқа тікелей қолданбалы әрекеттермен байланысы тікелей тәуелділік сипатын жоғалтты. Енді олар белгілі бір өндірістік немесе әскери жағдайларға байланысты болмайды. Мысалы, табиғи жүгіруден (олжаны қуалау немесе жаудан құтылу үшін қашу), яғни белгілі бір қажеттіліктен немесе қауіптің дәрежесінен табиғи кедергілерге байланысты жүгіруден басқа осы нақтылы жағдайлардың нәтижесінде қысқа, орта және ұзақ қашықтыққа кедергімен секіру пайда болды.
Дәл осы сияқты найзаны аңшылықтағы сияқты белгілі бір нысанаға емес, ұзаққа лақтыру, ұзындыққа секіруді келісімді кедергілер арқылы орындай бастады және т. б. Дене жаттығуларын дерексіздендіру (абстрактілеу) нәтижесінде күрделі қозғалыс актілерінің жекелеген бөліктерін бөлек және оны дене тәрбиесінің мақсатына пайдалану келісім бойынша "табиғи" деп аталатын еңбек, әскери және тұрмыстық қызметтен тарихи алмасқан жаттығулардан басқа (жүру, жүгіру, өрмелеу, секіру, лақтыру, ауырлық көтеру, жүзу және т. б. ) дене тәрбиесінің ілімі және іс-тәжірибесінің (практикасының) даму барысында арнайы жасалынған талдауға жұмсалатын жаттығулар қалыптасты.
Талдауға жұмсалатын жаттығулар қозғалыс негізіне үйрету, қозғалыс сапаларын дамыту, сол сияқты педагогикалық немесе емдік міндеттерді шешу үшін қолданылады. Бұған гимнастикалық қондырғылардың көпшілігінде орындалатын жаттығулар, дененің жекелеген бөліктеріне (аяқ, қол, кеуде және т. б. ) арналған жаттығулар, әр түрлі заттармен орындалатын жаттығулар және т. б. жатады.
Дене жаттығулары еңбек негізінде пайда болғандықтан, еңбекпен ортақ қозғалыстары көп, яғни екеуінде де биомеханикалық, физиологиялық, биохимиялық ішкі құрылыстарында ортақтық көрінеді. Дегенмен, бұл дене жаттығулары мен еңбекті теңестіруге арналған негіз болмайды.
Еңбек адам мен табиғат арасындағы орындалатын қызмет жүйесі: табиғаттың сыртқы көрінісін өзгерту арқылы -адам оның заттарын өз қажеттілігіне жаратады және сонымен бірге ол өзінің де дене пішінін өзгертеді. Алайда өндірістік жұмыс барысында адамға дене еңбегінің әсер етуі өндірісті дамыту заңдылықтарына бағынышты бағытталған қозғаушы күш болып саналады. Қоғамдық өндірісте еңбек өнімділігінің арттырылуы басты негізде сол өндірістің жетілдірілуінің есебінен жүреді, мысалы, өндіріске автоматтандыруды ендіру. Яғни мүнда дене еңбегінің үлесі азаяды және оның тікелей жұмысының дене дамуына әсері де азаяды. Ал дене жаттығуларына келетін болдақ, олардың әсері дене тәрбиесі жүйесі заңдылықтарымен айқындалады.
Дене жаттығуларының көмегімен адамның дене және рухани қабілеттерін дамыту мақсатында бағытталған әсер ету іске асырылады. Жекелеген жағдайларда дене еңбегі дене жаттығуларымен үйлестікте, сыртқы ортаның қолайлы жағдайында (ормандағы, даладағы жұмыс), анықталған жүктеме өлшемімен өткізілсе дене тәрбиесінің көмекші құралы орнына жүреді. Бірақ бұлай пайдаланылған дене еңбегі дене тәрбиесінің мақсаты мен заңдылықтарына бағынып, оның қолданылуы мен бағыты өзгереді. Жоғарыда айтылғандарды ескеріп, дене жаттығуларын дене тәрбиесінің заңдылықтарымен іске асатын қызмет ретінде айқындауға болады.
Дене жаттығуларының жіктелуі - бұл оларды барынша маңызды белгілеріне сәйкес өзара байланыстағы топтарға бөлу. Мұндай таратып, бөлудің нәтижесінде әрбір топ белгілі орын алатын және өз кезегінде майда топтарға бөлінетін жүйе пайда болады. Дене жаттығуларының жіктелуі мұғалімге сипаттық қасиеттерін бөлуге жәрдемдеседі, ал содан кейін көп деңгейде педагогикалық міндеттерге жауап беретін қажетті дене жаттығуларының орындалуын жеңілдетеді. Дене тәрбиесі туралы ғылым үздіксіз жаңа мәліметтермен толықтырылып отырылатындықтан, жаттығулардың жіктелуі тұрақты болуы мүмкін емес, яғни олар уақыт өте айқындалады. Дене жаттығуларының әрқайсысы бір емес бірнеше сипаттамалық белгілерге ие болады. Сондықтан бірдей дене жаттығулары әр түрлі жіктемелерде ұсынылуы мүмкін. Мысалы, белтемірге (турникке) тартылу анатомиялық белгісіне қарай құрылған жіктеме түрінде де (қолдың және иық белдеуінің бұлшық еттеріне арналған бұлшық еттер) және қозғалыс сапаларын дамытуы басымдылық көрсететін жіктемелерде де (күшті басымырақ дамытуға арналған жаттығулар) ұсынылуы мүмкін.
Әрбір қозғалыс-қимылының барлығы үшін арналған бірегей жүктеменің болуы мүмкін емес, олар барлық уақытта бірнешеу болады. Дене жаттығуларының жүктелуне арналған негіздемесіне педагогикалық міндеттерді шешуге арналған барынша маңызды белгісін санауға болады. Қазіргі уақытта дене жаттығуларының бірнеше жіктелулері бар.
Дене тәрбиесі жүйесінің тарихи жинақталған белгісіне қарай жіктелуі (гимнастика, ойындар, туризм, спорт) . Бұл жіктелуге сәйкес тәжірибеде (практикада) пайдаланылып жүрген дене жаттығулары төрт топқа бөлінеді: ағзаның құрылысьі мен қызметіне әсерінің жіктелуі мен тиімділігі бағаланатын, өнерлеп даярланған қозғалыс пен қимылдық әрекеттің әр түрлілігімен, сонымен бірге барлық қозғалыстың дұрыс орындалуымен, сұлулығьшен және үйлесімділік күрделілігімен сипатталатын гимнастикалық жаттыгулар; қозғалыс әрекетінің қорытынды нәтижесі (озу, жоғары секіру, дәл лақтыру және т. б. ) және ағзаға бүтіндей әсер ету әсерлілігі бойынша бағаланатын және өзгеріліп отырылатын жағдайға сәйкес әр түрлі бейнедегі түрлерде орындалатын қозғалыс әрекетінің табиғи түрлерінен тұратын (жүгірулер, секірулер, лақтырулар және т. б. ) ойын жаттығулары; жүру, жүгіру, секіру, кедергілерден өту, шаңғымен жүру, велосипед айдау сияқты ағзаға тиімділігі кешенді әсер етуімен және ара қашықтық пен кедергіден өтудің нәтижелілігімен бағаланатын туристік дене жаттығулары; барынша жоғары спорттық нәтижелерге жету үшін маманданудың пәні болатын және олардың орындалуы бірегей республикалық спорттық жүйелеуге (классификация) сәйкес өнерлеп стандартталған қозғалыс әрекетінің сол топтарын біріктіретін спорттық жаттығулар. Алғашқы үш топтың кейбір дене жаттығуларын, егер оларға аталған белгілері тән болса, соңғы топқа жатқызуға болады (спорттық гимнастикалық жаттығулар, спорттық ойындар жаттығулары, спорттық туристік дене жаттығулары) . Жоғарыда келтірілген жіктелудің шарттылығы дене жаттығуларының осы топтарын сипаттайтын белгілердің айырмасынан көрінеді. Сондықтан, мысалы, жүгіру әр түрлі әдісте орындалатын болса да барлық төрт топта да көрсетілген. Жіктелу дене жаттығуларының сипатында жалпы бағдарлау ретінде ғана есептеледі.
Мұғалімге көп түрлі жаттығулардың арасынан қойылған міндетті шешуге барынша көп дәрежеде сәйкес келетіндерін таңдап, іріктеуге мүмкіндік беретін әр түрлі белгілеріне қарай құралған бірнеше жіктелулердің болуын оңды құбылыс деп бағалаған жөн. Табиғаттың табиғи күштері мен гигиеналық қозғаушы күштері дене тәрбиесінің құралы ретінде Адам өзін қоршаған ортамен үнемі өзара байланыста. Ағза мен ортаның бірлік заңдылықтары осыдан көрінеді.
Спорт ядросы үш элементтен тұрад: спорттық іріктеу, жаттығулар және жарыстар. Аталған осы үш элемент спорт саласындағы қызмет пен дамуды бүтіндей іске асырудың негізгі бағыты болып табылады.
Бір қатар авторлардың ойы бойынша спорттық іріктеу - бұл спорттық қызметтің қандайда бір түріне баланың (дарыны) бейімділігінің жоғары деңгейін анықтауға мүмкіншілік беретін кешенді іс-шара [2] .
Спорттық іріктеу - ұзақ, көпсатылы процесс, яғни спортшыны көпжылдық дайындау кезеңдерінде, оның жеке басын бағалауда кешенді әдістермен қамтамасыз етуде, зерттеудің түрлі әдістерін пайдаланған кезде ғана ( педагогикалық, дәрігерлік-биологиялық, психологиялық, әлеуметтік және басқа) тиімді болмақ. Спорттық бағыт пен іріктеудің әдістемелік жоспарн В. М. Смолевский және Ю. К Гавердовский қағидалы ережелер қатарына жатқызады [3] .
Оған жетерліктей тұрақты құрлым ретінде түсінікпен қарау, бірақ жеке тұлғаны тәрбиелеу әсерінен өзгеріске ұшырайды, сонымен қатар жетілдірудің белгілі бір қызметін және оқытудағы жетістіктерді анықтайды.
Кеңістік психологтар, адам ағзасының анатомофизиологиялық ерекшелігін қабілетпен өзара байланыстыра қарады. Яғни сыртқы ортаның жағдайына байланысты, оларды дамытудағы қиыншылықтар немесе жеңілдіктер.
Қызметтің көптеген түрлері адамға талаптарының өзіндік ерекшелік-терін ұсынады. Музыкант үшін - бұл есту, балғашы үшін - күш, қысқа қашықтыққа жүгіретін желаяқ үшін - жылдамдық, ал ұзақ қашықтық үшін - шыдамдылық. Қимыл-қозғалыс өнерімен байланысты спорт түрі үшін, - нәзік үйлесімділік.
Спорттық жүйе қызметіне тарту үшін белгілі бір шарттар қажет. Олардың ішіндегі өзгелеріне қарағанда ең маңыздыларына жататындары, оған жеке бейімділігі, жекебас бағдар, талап, қызығушылық. Оларды анықтау, қалыптастыру мен дамыту табиғи және әлеуметтік факторлардың әсер етуімен болады, сонымен қатар дүмпулі апаттарға да бағытталатыны айтпаса да түсінікті [4] .
Спорттық жетілдіру барысын оңтайландырудың ықтималдылығы көбінде, спорттың қай түріне болсын бейімділік жеке жас ерекшелігінің қай кезеңінде байқауға байланысты. Спорттық бағыт лайықты қамтамасыздан-дырылады яғни спорттық қызметтін магистральды көздеуді қалыптастыру және оны дамытуда жеке бейімділігіне сәйкес мақсатты, болашағынан үміт күттіретін жол таңдау.
Бірқатар авторлар, бейімділікті байқау, сонымен бірге қазіргі спорттық жедел дамуы және халықаралық спорттық аренадағы бәсекелестің қатты асқынуы, спорттық іріктеудің кейбір өзекті мәселелерін, оның зерттеу және ұйымдастыру тәжірибелік аспектілерін шарттастырғанын айтып отыр. Соңғы бірнеше онжылдықтағы іріктеу мәселелеріне, көптеген зерттеулер мен публикациялар арналған. Спорттың дамып кеткен бірқатар елдерде спорттық іріктеу тәжірибесі кең бұтақ жайған. «Спорттық іріктеу» ұғымы әзірге толығымен түсіндірме алған жоқ. Көптеген мамандар қандай да бір спорт түрінен жетістікке жету үшін жеке білімділікті (қабілеттілік, дарындылық) алдынала байқаумен байланыстырады [5] .
Осы ой бойынша іріктеу тәжірибесі қарама-қайшылық көрсетті. Біржағынан ол дарынды спортшыларды іздеу белсенділігіне және оларды дайындау жүйесін қалыптастыруға ықпал етті, ал басқа жағынан келсек - өзінің бекітілген түрі бойынша теріс сипаты да бар, оның ішінде ең қауіптісі бұқаралық спорттық қозғалысты жіктеу - жүйелі спорт қызметіне алғаш қадам басқандарды бірден «болашағынан үміт аз» немесе «болашақсыз» деп бөліп тастау және осы негізде спортшылар контингентіне жақсы спорттық дайындықтан өту үшін кіре алмау (балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және т. б. ) . Өкінішке орай біздің жағдайда мұндай тәжірибе кеңінен таралып отыр. Мұның тереңдігі мынада, «спорттық іріктеу» ұғымы спортты адам үшін таңдау емес, спорт үшін таңдау емес, спорт үшін іріктеу ойына кеп тоғысады. Мұндай түсінік белгілі бір шегінде антигумандық ой қалыптастырады. Спорттық бейімділікпен бағытты анықтау үшін спортқа тарту барысында гуманистік, жалпыадами ұстанымның барлығы болу керек, әрине спорт үшін іріктеу деп айтпау керек, бұл тек пән таңдау және спорттық мамандану болашағы яғни жеке қажеттілікпен жеке қызығушылыққа толығымен сәйкес келуі керек. Осы арқылы спорттың қай түрінен болсын жетістік нәтижесінің жеке мүмкіншілігін айқындау, бірақ істің жайы болашағын анықтауда емес тек таза спорттық нәтижесін ұлғайту мүмкіншілігін ұстануда. Ең маңыздысы спорттық қызмет бағдарының мейлінше мақсаттылығы нақты қандай бағытта екенін анықтау, яғни оның жеке қабілетін жетілдіруге ықпал жасаудың тиімді болуы, тұлғаның қажетттілігі мен қызығушылығын қанағаттандыру және қалыптастыру [6] .
Іріктеуде «сұрыптау» деген әңгіме болмауы керек, әсіресе спортқа тарту кезеңінде (егер, әрине денсаулығында кінарат болмаса) - қалыпты әлеуметтік жағдайда барлығына өздерінің спорттық қызығушылығын қанағаттандыру үшін теңдей мүмкіншілік берілуі керек.
В. М. Волков пен В. П. Филиннің ойы бойынша, спорттық іріктеу кәсіби-бағыттағы спорттық мекемелерде конкурстық жинақтау мәселесі шешілгенде және осы іспеттес спортшылар тобы, өздерін спорттың жоғары жетістігіне арнайтын спортшылардың қатарын толықтыру үшін дайындалатындардың мәселесі шешілгенде ғана өз ісін жүзеге асыра алады [7] .
Спортшыларды іріктеу, құрама команданы жинақтау спорттық-бәсекелестік негізде өткізілсе және жоғарғы шендегі жарыстарға қатысу үшін тікелей жоғарғы спорттық жетістігінің деңгейіне байланысты алынса сонда ғана өз үмітін ақтайды. Мұндай іріктеу спорттағы бәсекелестік сипатта заң жүзінде шарттастырылған, және бұл ешкімді «жарамсыз» деп тастау емес, керісінше спортта жетістікке жетуге ұмтылуды қалыптастырады.
Спорттық бағыттың бірнеше сәттері мен қозғалысы.
Мамандар мыныдай тұжырымға келіп отыр, яғни спорттық жеттістікке жеке бейімділікті дұрыс анықтауға бірреттік процедура (бақылау, тестілеу және т. б. ) жүргізу жолмен аз уақыттың ішінде анықтау мүмкін емес. Екі негізгі себептер бойынша мүмкіншілік жоқ:
1. Спорттық бейімділік - жеке сипаттық күрделі кешен (биофизикалық және жеке - психикалық), біруақытта пайда болып, пісіп жетілмейді, яғни әртүрлі кезеңде жетіледі, спорттық қызметтегі өтілі мен жас ерекшелігіне тәуелді;
2. Спорттық жетістікке жетудегі жеке мүмкіншілік және жеке бағдарды іске асырудың динамикалығын, жеке жетілдірудің табиғи ерекшеліктерінің күші өмірдегі әлеуметтік жағдайдың әсерінен өзгеруі мүмкін екендігін еске сала кетеміз. Осыдан барып жеке спорттық бейімділіктің диагностикасын («диагноз» деген сөзден - тану, анықтау) жалғасады, сондықтан спорттық бағыттың сүйенішін бір жолғы іс-шара ретінде емес, кезең-кезеңімен жаңарып отыратын процесс ретінде жүзеге асыру керек [8] .
С. В Брянкин өзінің қаламдастырымен көпжылдық спорттық қызметті шартты түрде ауқымды үш кезеңге бөледі, оның әрқайсысы жеке өмірдің бірқатар жылдарын қамтиды, - базалық дайындау кезеңі, спорттық - жетістік мүмкіншілігін барынша жүзеге асыру кезеңі және «спорттағы өміршеңдік кезеңі» спортшыны жүйелі дайындауды оңтайландыру қатарының заң-дылығы, алғашқы спорттық бағытты қамтамасыздандыруға міндеттейді және тереңдетілген спорттық мамандану құралын мығым таңдауға, келесі спорттық қызметтің арақашықтығы және бағытына байланысты нақтылау [9] .
Бірінші кезең және оның ішкі кезеңдері уақыт шекараларының барлығы үшін бірыңғай емес, ол спортпен шұғылдануды бастаған уақыттағы жеке жас ерекшелігіне байланысты, мазмұн ерекшелігі шынайы құрылған және спорттық жаттығуларды, жарыс қызметінің сипатын, спортшыны дамытудың жеке ерекшеліктерін, басқа да факторлар мен жағдайларды дұрыс қоя білуде. Жуық мәнде айтуға болады, яғни жүйелі спорттық қызметті балалық және жеткіншектік жаста бастағанда, көп жағдайда екі-үш жастан, алғашқы жақындауда спорттық маманданудың мақсатты бағытын нақты анықтау керек және спорттық болашағын болжауға болады. Бірақ бұл алғашқы бағыт болашақта көп немесе азғана елеулі коррекцияға жатады, әсіресе жетіліп келе жатқан спортшыға шынайы өмір жағдайында, жоғары жетістікті спорт саласында қалу керек пе, әлде біртекті, жалпыға бірдей спортпен шектелу керек пе, осының қайсысын қарайтынын шешіп алуы қажет. Іріктеуші мен бағдаршының алдына қойған мақсаты көбінде олардың қызметіндегі басқа элементтерді қызметі мен таңдауын алдын-ала анықтайды (міндеті, құралы және т. б. ) . Элементтер өз кезегінде белгілі-бір дәрежеде мақсат қоюға әсер етеді. Сондықтан мақсатты қою тапсырыс беруші мен орындаушының бірлесе істейтін жұмысы (іріктеуші немесе бағдаршы) [10] .
С. В. Брянкин шектеулі және көрсетілген төрт топқа бөледі :
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz