Асқазан гастритін қалай емдейміз?


Асқазан гастритін қалай емдейміз?
Бал арқылы емдеу. Асқазан гастриті кезінде 30-35 грамм балға қайнап, салқындатылған суды араластырып, әрбір ас алдында 15 минут бұрын ішіп отыру қажет. Егер бұл қоспа асқазанда қыжыл тудырса, онда оған ірімшік немесе сүт қосып қабылдаған дұрыс. Емдік шараның уақыты 1 жарым ай.
Картоп арқылы емдеу. Картоптың шырынын күнделікті 3 стаканнан ішіп отыру қажет. Емдік курс уақыты - 10 күн.
Жаңа сығылған картоптың жарты стакан шырынына 1 ас қасық бал қосып, күніне 2-3 рет тамақтанар алдында ішіп отыру қажет. Курс уақыты - 2 апта.
Көк алманы үккіштен өткізіп, ертемен жеу қажет. Үгітілген алманы жегеннен соң, 3-4 сағатқа дейін тамақтанбаған жөн. Курсты 1 ай бойы күнделікті үзбей жасау қажет. Алма шайын ішу арқылы емделу. Алма шайының жасалу жолы: 4 алманы жуып, тазалап алып, ұсақтап турап алып, 1 литр суда 15 минут қайнату қажет. Осы шайды күнделікті 3-4 рет ішіп отырған жөн.
Күйзеліске бейім адамдарға арналған емдәм
Күйзеліс жүйке жүйесіне зиянды әсер етеді, адамның ағзасын аздырады, оның жұқпалы ауруларға төзімділігін төмендетеді және шаршағандық сезіміне, ұйқысыздыққа және денсаулық қиыншылықтарына алып келеді. Күйзелісті жою үшін сәйкес емдәмді қолдануға болады.
Төзімділікті нығайтады
Қара қарақат - біздің ағзамызды жұқпалы ауруларға деген төзімділігін жоғарылататын С дәруменінің көзі.
Дәрумендер
Жүйке жүйесінің дұрыс қызмет жасауына В тобы дәрумендері жауап береді. Олар жайландыратын әсер етеді, ағзаның энергетикалық қуаттануына мүмкіндік туғызады және дәрілер туралы ұмытуға мүмкіндік береді. Оларды төмендегі өнімдерден табуға болады: ет, балық, сүт, ашытқы, ботқалар, дәнді, бұршаққынды өсімдіктердің өсінділері, қырыққабат, сәбіз, саумалдық, картоп, авокадо, банандар, грек жаңғақтары немесе бадам. С дәрумені төзімділікті нығайтады, бұл жұқпалы аурулардан қорғауға немесе аурудың өтуін жеңілдетуге көмектеседі. Оны біз ашытылған қырыққабатта және келесідегідей көкөністерден кездестіреміз: саумалдықта, брокколиде, гүлді және брюссель қырыққабатында, қызанақтарда, пиязда, сонымен қатар цитрустілерде, таңқурайда, қожақатта.
Шөптер
Күйзеліске шөптер де жақсы әсер етеді: мысалы, жаужапырақ, насыбайгүл, емдік шүйіншөп, сүйелшөп, құлмақ, жебіршөп, майоран, жұпар жаңғағы сияқты шөптер. Осылардан дайындалған қайнатпаларды ішуге, жаңа піскен шөптерді салаттарға қосуға немесе олармен дайындалған тағамдарды дәмдеуге де болады.
Жеңіл тамақтанулар
Күйзеліс сәттерінде үнемі жеңіл таамақтанулар сәттері пайда болады. Осындай жағдайларда тәттілер мен чипстерге жүгірмеңіз, керісінше, қол астында сәбіздің, кольрабидің, кептірілген жемістердің немесе жаңғақтардың болғаны жақсы. Сонымен қатар көп су ішу қажет, ол күйзелістің, шаршағандықтың пайда болуын оңайлатады және жоғалған қуатты қайтарады.
Бақыт гармоны
Шоколад күйзелісті жеңілдетеді, ми жұмысын белсенді етеді және көңіл-күйді жақсартады. Бұл жүйке жүйесінің жасушаларының қызметін реттейтін магнийдің еңбегі. Мырыш пен селен эндорфиндердің немесе былайша айтқанда, бақыт гормондарының бөлуіне ықпал жасайды, сонымен қатар көңіл-күйді жақсартатын және қуат беретін серотониннің бөлінуіне көмектеседі. Осылай, анда-санда жеген шоколад плиткасының еш зияны жоқ.
Неден аулақ болу қажет?
Көңіл-күйді уақытша көтеретін, бірақ жүйке жүйесін жоятын алкогольден бас тартуымыздың қажеттілігі анық. Сонымен қатар кофеинді көп қолдануға болмайды: қою кофе немесе шәй тынышсыздық сезімін күшейтеді және зейін қоюға мүмкіндік туғызбайды. Күйзеліс кезінде ағза май қорларын жасауға қатты бейім болғандықтан, майлы тамақ жеу жүрек аурулары қауіп-қатерлерін ұлғайтады.
Мәзір
Азанғы ас:
Таңдауыңыз бойынша:
- сүрленген еті / қақталған арқан балығы және салат жапырақтары, майы бар қара нанның 2 тілімі, грейпфурт шырыны,
- мюсли және жемістер / мейіз қосылған табиғи йогурт,
- табиғи йогурт және аскөк / шөптер қосылған асылған жұмыртқадан жасалған паста,
- тауық паштеті, жаңа піскен паприка немесе қызанақ қосылған 2 тілім қара нан.
Екінші азанғы ас:
Таңдауыңыз бойынша:
- банандар мен жаңғақтар қосылған сүт коктейлі,
- ішетін йогурт, алма,
- грейпфурт, лимон қосылған минералды су,
- банан, лимон қосылған минералды су.
Түскі ас:
Таңдауыңыз бойынша:
- аз мөлшердегі тұз, бұрыш және шөптер қосылған, зәйтүн майында қуырылған балық, лимонмен және желкекпен беріледі,
- бұқтырылған бұзау еті, ботқа, үккіштен өткізілген қызылша,
- буда піскен балық, қабығымен пісірілген картоп, саумалдық,
- жүгеріден / жасымықтан жасалған сорпа.
Бесіндік:
Таңдауыңыз бойынша:
- табиғи йогурт қосылған қызыл үрмебұршақтан, хош иісті балдыркөктен, паприкадан, пияздан, аскөктен жасалған салат,
- салат жапырақтарындағы қақталған арқан балықтың бірнеше түйірі, алма,
- сәбіз шырыны, майсыздандырылған сүзбе және шалғам,
- тұзбен, бұрышпен, шөптермен және табиғи йогуртпен дәмделген тауық етінен, балдыркөктен, грек жаңғақтарынан дайындалған салат.
Кешкі ас:
Таңдауыңыз бойынша:
- көкөністер қосылған тауық етінен жасалған құйма, ірілей тартылған ұннан дайындалған нан,
- паприка, бұршақ және консервіленген жүгері (мексикандық қоспа), күріш және қышқыл қияр қосылған тунецтен дайындалған салат,
- зәйтүн майында қуырылған қозықұйрықтар және паприка қосылған омлет,
- қызанақтар мен қиярдан жасалған салат қосылған күрке тауықтың пісірілген белдемесі.
Суды дұрыс іше біліңіз
Бұрын барлық нәрсенің бастауы нан делініп келсе, қазір ол суға ауысқан. Су өте қажет және керек, оның істей алатын нәрселері.
- Оянғаннан соң 2 стакан су ішу - ішкі органдардың дұрыс жұмыс істеуіне көмектеседі.
- Тамақтан 30 минут бұрын 1 стакан су - ас қорытуды жақсартады.
- Ваннаға түсер алдында 1 стакан су - қан қысымының артпауына әсерін тигізеді.
- Ұйқы алдында 1 стакан су - инсульт пен жүрек талмасынан сақтайды.
Әйелдің интимді гигиенасы
Әйел адамның интимді гигиенаны дұрыс сақтауында үлкен мән бар. Ол аса сақ болатын және қажет нәрсе. Көбіміз ол үшін күнделікті жуынған мен іш киімді уақытылы ауыстырып тұрған және айлық белгі кезінде гигиеналық жаймаларды қолдансақ болды, сол жетеді деп ойлайды. Оның өзін дұрыс және толық орындамайды.
Адасу. Интимді гигиенаға кәдімгі сабын жарайды және сол ең дұрыс шешім
Қынаптың қалыпты жағдайында pH 3, 3 - қышқылы бар. Мұны қышқыл ортада көптеген микробтар өлсін деп жасаған. Ал сабында сілтілі pH бар, ол қынаптың қышқылдығын азайтады, солайша микробтарға жол ашады. Ал олар өз кезегінде вагинит және де сол сияқты ауруларды туғызады.
Сол үшін интимді гигиена үшін арнайы құралдарды пайдаланып, қынаптың қышқылын құртып алмауды көздеу керек.
Адасу. Гигиеналық жаймаларды душ қабылдаған соң, 1-2 рет ауыстырған жеткілікті.
Бұл да дұрыс емес. Гигиеналық жаймаларды әр 4 сағат сайын ауыстырып отыру қажет. Егер сіз оларды одан ұзақ қолдансаңыз, олардан пайдадан гөрі, зиян көп болады. Себебі олар сол 4 сағатта жиналғандарының барлығы - бұл микробтардың таралуына жайлы мекен, оның ақыры қабыну процестеріне соқтырады.
Ал хош иісті жаймаларды, тек оларға аллергияңыз болмағанда ғана қолдануға кеңес береміз, ондай болмаған жағдайда қынабыңыздың қызаруы, қышуы, күюі мүмкін.
Адасу. Интимді гигиенаға арналған крем - әдемілік
Арнайы интимді гигиенаға арналған кремдер жұмсартады, қынаптың қабықшасын ылғалдандырады, сонымен қоса антисептикалық қасиеттерге де ие. Оның үстіне олар қынап қабықшасын қорғау арқылы қалпына келуіне көмектеседі.
Крем мына жағдайларда ұсынылады:
- Күнделікті интимді гигиена үшін
- Ашық жерлерді, бассейнде шомылғанда, антисептик орнына қолданылады.
- Қатынасқа түсер алдында жақпа ретінде
- 40 жастан асқан әйелдерге, себебі сол кезде қынаптың ылғалдануы кемиді.
Дұрысы, мұндай кремдерді арнайы дәріхана мен дүкендерден алған жөн.
Адасу. Мен күнде екі мәрте душ қабылдағандықтан, интимді гигиена үшін арнайы салфетка қолданбаймын
Дұрысы, әр дәретханаға кірген сайын жуыну. Бірақ біз ондай мүмкіндікке ие бола алмайтындығымыз үшін немесе жалқаулық пен жағдайдың болмауынан, жұмыс орнында душтың жоқтығынан интимді гигиеналық салфеткаларды қолдануымыз керек. Олар арнайы антисептикалық лосьондармен толықтырылған, тек залалсыздандырып қоймайды, қынап қабықшасын жұмсартып, тынышталдырады. Арнайы «интимті гигиена үшін» деген салфеткалардың құрамында спирт кездеспейді.
Айлық белгі кезінде қуыққапты қолданбай қосылуға болады
Қазір айлық белгі кезінде қосылуға болатыны, болмайтыны жөнінде пікірталастар көп, дегенмен гинекологтар бұл жағдайдан сақтануға кеңес береді.
Жатыр мойны ол кезде ашық болады. Сол себепті қосылғанда, індет түсіріп алу қаупі басым. Және айлық белгі кезінде бала көтеру мүмкін емес деген де шындыққа жанаспайды. Дұрысында сау әйел циклдің кез келген күнінде жүкті бола алады.
Интимді гигиенаны сақтау үшін бізге көп нәрсе керек емес. Тек ұқыптылық қажет.
Шаш түсуіне лимон мен тұз көмектеседі
Сәлем редакция. Шаш түскенге қарсы қандай ем қолдансам болады?
Дина, шаштың өсуіне ықпал жасап, оны түсірмейтін мынадай халық емі бар. Лимонды сығып, сөлін 1 ас қасық етіп жинайды, оған пиязды сығып, сөлін 1 жұмыртқаның сарысын қосып араластырады. Аптасына бір рет осы қоспаны шаш түбіне жағып, целлофанмен 2 сағат бойы байлап, таңып тастайды. Сыртынан қалың орамалмен байлап қояды. Соңынан шашты жуып, шайып алу керек.
Күніне бір рет басты жуып, оған ас тұзын жағып, 15 минуттай уқалау керек. Сосын басты жылы сумен шаю керек. Осылайша 6 рет жасаса, шаш түсуі тоқтатылады. Бұл емдеу процедурасын екінші рет қайталап жасаған адам жоқ, өйткені оның қажеті жоқ. Бірақ, біраз уақыттан кейін бұл емді қайталап қойсаңыз, өзіңізге пайдалы.
Өзіңе қарап байқауға болатын 18 түрлі симптомдар
Таңертең айнаға қара . . .
Мүмкін, дәрігерге бару керек шығар?
Өзіңізге тіліңізді көрсетіңіз
1) Өзіңізге тіліңізді көрсетіңіз. Сау болса - жұмсақ-қызғылт болады, егер тіл ақ қатпармен жабылған болса - асқазан мен ішек жолдарыңызды тексеріңіз, сарылау - бауыр ауруы, көкшіл түске ие болса - жүрек.
2) Қолыңызбен шашыңыздың арасын жүріп өтіңіз - шаш тұлымы қолыңыздың арасында қалып кетсе, иммунитетіңіздің төмендегені. Неден екенін анықтау үшін, толық қан мен биохимияға сараптама жасату керек.
3) Маңдайда көлденең әжімдер, ал көздің астында - көлеңке түстер ме? Бұл созылмалы шаршағандық синдромының белгісі. Тез арада жұмысыңызды бітіріп, жүзу мен босаңсытатын массажға барыңыз. Қатал диеталарды жиыстырып қойып, шоколад пен жаңғақтарды қалағаныңызша жеңіз.
4) Шашыңыз кенеттен: күңгірттенсе - ағзаңызды тез арада В дәруменімен толықтырыңыз, құрғақ болса - Е дәруменімен, ал майланып кетсе - жүйкеңізді тынышталдырыңыз.
5) Көзде тамыршалар жарылып кетсе - көздің бұлшық етіне көп күш түскен. Бұл жағдай көп қайталанса - ішкі көз қысымының көтерілгені немесе мидағы қан айналымының бұзылғаны.
Қызарасыз ба? Қан қысымыңыз жоғары емес пе?
6) Жағыңыз бен мойныңыз кішкене физикалық жаттығудың өзінде қызарып кетсе, қан қысымыңызды жиі өлшетіп тұрыңыз - бұл қан қысымыңыздың жоғары екендігін білдіреді.
7) Денеңізде жаңадан қалдар пайда болса - дерматолог маманына бару керек. Сонымен қоса қал дееген сол жердегі ішкі ағзаның дұрыс еместігінен де болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz