Қазақ хандығының қалыптасуы туралы


КІРІСПЕ
Қазақстан тәуелсіз ел болғалы бері ғана оның өткен тарихына сын көзбен
қайта қарау мүмкіндігіне ие болдық. Бұл еліміздегі тарих ғылымының жаңа тыныс алуына жол ашты. Қазақ хандығы - қазақтардың XV және XIX ғасырлар аралығында қанат жайған, тәуелсіз ұлттық мемлекеті. Қазақ хандығы қазақ халқының ғасырлар бойы сақтап, қорғап келген мемлекеттігінің нышаны. Ол ұлан - байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші роль атқарды.
Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде XIV - XV ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі XV ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды. Сөйтіп, XV ғ. 50-70 жж, яғни 1459 ж. Әбілқайыр хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас өзендерінің жазықтығына көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталығына айналды.
Қазақ хандығының құрылу тарихындағы ең көп талас тудырып отырған мәселелердің біріне - хандықтың құрылған жылына қатысты мәселе жатады. Сонымен Қазақ хандығы қашан құрылды деген сұраққа ең алғаш рет мәлімдеген 1499 ж. Дүниеге келіп, 1551 ж. дүниеден қайтқан Мұхаммед Хайдар Дулати болған. « Тарих-и Рашаиди » атты енбектің авторы « қазақ сұлтандары мемлекетінің басы сегізжүз жетпісінші жылдан басталады » деп көрсетеді. Мұны қазіргі жыл санауына аударсақ, 1465-1466 жылдар, бұл жылдар тарихи фактілерге қайшы келмейді. XIX ғасырдың ортасынан XX ғасырдың 70-80-ші жылдарына дейін осы мәселе жөнінде пікір білдірген зерттеушілер 1456 жылдан XV ғ. 90-шы жылдары аралығындағы бір жылды көрсетеді. Тіпті 1428 жылды, 1445 жылды, XVI ғ. 40-шы жылдарын көрсеткен авторлар бар.
Белгілі тарихшы, осы дәуірдің ірі маманы Т. И. Сұлтанов хандықтың құрылуы бір жылда емес, 1459 -1470/71 жылдар аралығында жүзеге асқан деген пікірін өзінің бірнеше зерттеулерінде дәлелдеп береді. Ғалымның бұл пікірін ешбір зерттеуші мамандар соңғы 15-20 жылда теріске шығарған жоқ. Соған қарап қазіргі таңда Қазақ хандығының құрылуы бір жылда, бір оқиға нәтижесінде емес, бір тарихи кезеңдегі бірнеше оқиғалар барысында жүзеге асқан деген пікірдің үстем болып тұрғанын байқаймыз. Дегенменде анда-санда мерзімді басылым беттерінде әуесқой тарихшылар мен тарихты жақсы көретін қаламгерлердің хандықтың құрылған жылына қатысты өзгеше пікірлер немесе бұрынғы пікірлердің бірін қайта жаңғыртуға арналған жарияланымдары шығып тұрады. Осы мақала авторы Т. И. Сұлтановтың жалпы пікірімен қосыла отыра, оның Керей мен Жәнібек хандардың Әбілқайыр ханнан бөлініп, Моғолстанға келген жылы - 1459/1460 жылы болған деп көрсетуінде сәл дәлсіздік бар деген ойды айтқан болатын.
Белгілі түрколог С. Г. Кляшторный, Қазақ хандығының тарихын оны басқарған, мемлекет болуына ұйытқы болған билік тобын танымай, оның құрамын, құрылымын зерттемей білу мүмкін емес. Қазақ хандығы Шыңғысхан құрған империяның бір бөлігі, бір сынығы іспетті оның бір жалғасы болды. Қазақ хандығының саяси элитасы Шыңғыс ханның тұқымы өз мүдделері мен мақсаттарын іске асыру мақсатында жергілікті тайпаларды біріктіруші күшке айналып, Орталық Азияның көпғасырлық этникалық және саяси тағдырын шешті деп санайды. Қазақ халқының элитасының тарихынсыз қазақ халқының, қазақ мемлекетінің құрылуы мен қалыптасуын дамуын тану мүмкін емес.
Қазақ билеушілері туралы қазақтың жалайыр руынан шыққан Қадырғали Жалайыридің жазбалары аса құнды тарихи дерек болып табылады [15] . Қазақ хандары туралы ғылыми білімнің негізін XIX ғасырдың атақты ғалымдары А. И. Левшин мен В. В. Вельяминов-Зерновтың қалағанын ғалымдар жақсы біледі. Ал ағылшын шығыстанушысы Г. Ховорстың 1880 жылы Лондонда басылған «History of the Mongols» атты көп томдық зерттеуіндегі VIII бөлімін қазақ хандарына арнағаны зиялы қауымға беймәлімдеу болып келеді. Г. Ховорс жеке-жеке 24 қазақ билеушісіне қысқаша мәлімет берген.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. XV-XVI ғасырлардағы Қазақ хандығының саяси тарихын шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады. Ол кезеңдерге: 1458-1470-ші жылдар - хандықтың құрылуы, 1470-ші жылдар мен 1521 жыл аралығы - хандықтың күшеюі мен нығаюы, 1521-1538 жылдар - хандықтың «уақытша әлсіреуі», 1540-1598 жылдар - хандықтың қайта көтерілуі немесе этникалық территорияның қалыптасуының аяқталу дәуірлері жатады. Әрбір кезеңнің басты белгілерін хандықтың сол тұстардағы ішкі және сыртқы саяси жағдайының қандай болғандығы, жекелеген хандардың жүргізген саясаты, сондай-ақ билік басындағы хандардың жеке тұлғалық қасиеттері арқылы анықтауға болады. Керей мен Жәнібек, Бұрындық пен Қасым, Хақназар, Шығай, Тәуекел хандардың билік құрған кезіндегі Қазақ хандығының жағдайы осыған дәлел. Бізде әлі күнге дейін тарихнамамызда XV-XVI ғасырдағы Қазақ хандарының жеке тарихи тұлғасы толық түрде арнайы зерттелген емес. Кейбір хандардың есімдері хандықтың әр дәуірдегі тарихына қатысты мәселелерде аталып, тарихи тұлға ретіндегі зерттелінуі тарихшылар назарынан тыс қалып келеді. Тіпті кейбір хандардың тарихтағы орны зерттелінбек түгіл, есімдерінің өзі кейбір еңбектерде аталынбайды да. Олар: Мамаш, Тақыр, Бұйдаш, Қожа Ахмет, Тоғым хандар болатын. Аталған бұл бес хан - 1521-1538 жылдары, яғни жоғарыда айтып өткеніміздей, Қазақ хандығының «уақытша әлсіреу» кезеңінде билік етті. «Уақытша әлсіреу» кезеңінде билік құрған хандарға қатысты зерттеу жұмыстарының болмауы тікелей жазба деректердің тапшылығына байланысты болып отыр. Ал жазба деректердің сирек болуының бір себебіне XVI ғасырдың 20-30-шы Қазақ хандығының көрші елдермен саяси қарым-қатынасында белсенді жылдары Қазақ хандығының көрші рөл атқара алмауы жатса керек. Өйткені сыртқы саясатта жетекші рөлге ие болмау - тікелей хандықтың ішкі саяси жағдайымен байланысты. Ішкі саяси тұрақтылықты сақтау, нығайту көп жағдайда биліктегі ханның жеке басындағы бірқатар саясатына байланысты. Бұған Қасым, Хақназар, Тәуке, Абылай және басқа да хандардың тұсындағы Қазақ хандығының саяси жағдайының қандай дәрежеде болғандығы дәлел. XVI ғ. 20-30 жылдарындағы Қазақ хандығының «уақытша әлсіреуі»- елдегі тұрақсыздықтың тікелей нәтижесі. Өз елінде толыққанды билік құралмаған немесе саяси бытыраңқылықты жеңе алмаған билеуші сыртқы саясатта билігін керсете алмай, көрші елдердің жазба деректеріне ілінбегендіктен, бұл ойларымыз «уақытша әлсіреу» кезеңіндегі бес ханға байланысты туған еді.
Зерттеу объектісі. Жалпы алғанда, Қазақстан тарихында XV-XVІ ғасырлар маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. Осы кезеңдегі Қазақстан тарихын жазба деректердің негізінде жан-жақты тарихи талдау жасау, оның негізгі саясатын, экономикалық, тарихи маңызын көрсету біздің дипломның негізгі зерттеу объектісі болып табылады.
Зерттеу пәні. XV-XVІ ғасырлардағы Қазақ хандығының қалыптасуы мен билеушілерін жан-жақты зерттеп, обьективті тарихын айқындау.
Тақырыптың тарихнамасы. Бізде әлі күнге дейін тарихнамамызда XV-XVI ғасырдағы Қазақ хандарының жеке тарихи тұлғасы толық түрде арнайы зерттелген емес. Кейбір хандардың есімдері хандықтың әр дәуірдегі тарихына қатысты мәселелерде аталып, тарихи тұлға ретіндегі зерттелінуі тарихшылар назарынан тыс қалып келеді. Тіпті кейбір хандардың тарихтағы орны зерттелінбек түгіл, есімдерінің өзі кейбір еңбектерде аталынбайды.
XV ғ 20 шы жылдарында Өзбек ұлысында соғыстар көптеп болып жатты. 1428 ж соғыс кезінде көшпенді өзбек ұлысының ханы, Өзбек ханның немересі Барақ оғлан каза тапты. 1428 ж соңында Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде Әбілқайыр хан билікті өз қолына алды. Әбілқайырдың 40 жылдық билігі кезінде көптеген үлкен кішілі жұмыстар атқарылды. Солардың бірі біршама дешті тайпалардың Өзбек ұлысынан көшіп кетуі. Әбілқайыр хан көшіп кеткен сұлтандардың өзі бұл оқиғаның болашақта елдің тағдырындағы маңызды бір бөлігі болатынын білмеді. Айта келе қазіргі Қазақстанның тағдыры осы көшуден бастау алады.
Хижра күнтізбесінің 864 жылында (1459-1460жж) Шығыс Дешті Қыпшақ билеушісі Әбілқайыр ханның үлкен ұлы Шах-Бұдақ сұлтан кайтыс болады. Қаза тапқан сұлтанның екі ұлы 8 жасар Мұхаммед (болашак Мұхаммед Шайбани-хан) 5 жасар Махмұтты күтуші ұйғыр Бай-Шайхқа асырауға беріледі. Бай-Шайхтың қолында атқа мінуді садақ атуды әскери іс қимылдарды үйренеді. XV-XVI ғғ Темір әулетін құлатушы және Орталық Азиядағы Шайбани мемлекетінің қалаушылары болады. Сұлтан Шах-Бұдақ қаза тапқан соң Әбілқайыр кегін қайтару үшін Жошы әулетінің біршама сұлтандарын қырып салады. Кек алуының себебі баласының таққа талас кезінде қайтыс болғаны кейбір деректерде кездеседі.
Саяси билікке талас-тартыста Орыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандарда Әбілқайырдың жауына айналды. Керей мен Жәнібек Әбілқайыр ханның елінен кетуге бет бұрады. Керей мен Жәнібекті мойындайтын біршама тайпаларды ертіп, көрші елден баспана сұрап Моғолстан еліне жол тартты. Хижра күнтізбесінің 864 жылында ( 1459-1460жж ) Керей мен Жәнібек озінің қол астындағылары мен Жетісу жеріне келеді, бұл жер сол кезде Шағатайлықтардың қолында болды және Моғолстанның маңызды жерлерінің бірі саналды. XVғ Талас пен Шу, солтүстік шығыс Ертістен Едилге, Балқаш көлінен оңтүстіктегі Қашқарияға дейінгі жерді алып жатты. Бұл жылдары моғол елінің басшысы Есен-Бұға хан еді. Ол Керей мен Жәнібекті және де басқада сұлтандарды құрмет пен салтанатты түрде қарсы алып оларға Моғолстанның батыс бөлігін Шу мен Балқаш бөлігін тапсырды. Сұлтандар мен дешті тайпалардың қоныс аударуы ұзаққа созылып 1462 жылы Есен-Бұға хан каза тауып орнына інісі Жүніс (1462-1487 жж. биледі ) . Керей мен Жәнібек және қоластындағылары көшпелі өзбек ұлысында мекендегендіктен оларды өзбек-қазақ немесе қазақтар деп атаған. Моғолстан жерінде мекендеп қалған, мыңдаған өзбек-қазақтың басында болған сұлтандар Әбілқайырдың қорқынышын тудыртты. Сондықтан Әбілқайыр хан Моғолстанға қарсы қарқынды түрде шабуыл жасауға әзірленді, бұл мәлімет Махмұд ибн Уәли дің «Бахр әл-асрар» шығармасында кездеседі. 1469 жылы Әбілқайыр хан Волга өзенінің жағалауынан шабуылға аттанды, біраз уақыт өткен соң Жеті-Құдықта уақытша қоныс тебеді. Кейін қатты дауыл басталып, жаңбыр жауып, артынан кар жауып, күн күрт суып кетіп, Әбілқайыр хан ауырып жағдайы күрт нашарлап 57 жасында кайтыс болады [13] .
Деректерге шолу. Бұл дипломды жазу барысында XV-XVІ ғасырлардағы Қазақстан тарихына қатысты жазба деректердің әулеттік деректер тобына жататын Шайбанилық, Шағатайлық әулет дерекетері мен орыс тіліндегі деректер мен еуропалық, иран, түрік тілдес авторлардың мәліметтерін пайдаландық.
Қазақ хандығының тарихы туралы тек иран тілдес және түркі тілдес жазушылардың шығармаларында ғана кездестіреміз. XV-XVIII ғ Қазақ хандығы бойынша материалдар [10, 15] . жинақталған. Қазақ хандарының өз есімдерімен тиын жасатуы кейбір хандардың жерленген жері кездескені мен нумизматикалық эпиграфиялық деректер мүлдем кездеспейді. Қазақ хандығының нақты құрылған уақытын қарастыратын болсақ ең алдымен Мырза Хайдар Дулатидың (годы жизни: 1500-1501) « Тарих-и-Рашиди », бұл орта ғасырдағы жалғыз мұсылмандық тарихтануда Қазақ хандығының тарихы туралы жазылған кітап. Қазақ хандығының бірінші тарихшысы былай деп жазуда. Тарихи кітаптарда Қазақ хандығының кұрылуы 870/ 1465-66 жылдар жазылып қалыптасқан. Себебі бұл уақыт қазіргі қазақ өзбек халқының тарихында шешуші рөл атқарған. Мырза Хайдар Дулати Қазақ хандығының құрылған уақытын нақты жазбайды, қазақ сұлтандарының билікке келуін Хижраның 870 жылына көп тоқталады, бірақ қазіргі таңда бұл уақытты қате деп тануда. Мырза Хайдар Дулати Қазақ хандығы Әбілқайыр хан қаза болған соң кұрылғанын айтады және бұл мәлімет басқа да деректерде кездеседі. Мырза Хайдар « Тарих-и-Рашиди » де Әбілқайыр хан хижраның 870 жылға дейін немесе осы жылы қайтыс болғанын жазуда. Бірақ Әбілқайыр хан 870/ 1465-66 жылдар емес біраз уақыттан кейін 1468-69 ж күзінде, (874 хижра жылы бойынша ), қайтыс болғаны жазылады. ) [Бартольд, т. 2, ч. 2, с. 490; МИКХ, с. 361; Кляшторный, Султанов, с. 236-237] . Осыған сүйене Қазақ хандығы 1469 ж бұрын калыптаспағанын түсінеміз. Сондықтан қазіргі тарихшылар XVI ғ 40 жылдарында Кашмирде Мирза Хайдар жазған [Тарих-и Рашиди] ге жаңа мәліметтер мен нақты хранологиялық мерзімді толықтыруына мүмкіндіктері бар. Мұсылман күнтізбесі мен 12 жылдық күнтізбе бірдей екені белгілі, себебі төмендегі мерзімдер еуропалық күнтізбенің екі жылымен берілген .
Воцарение Абулхана - 1428-29 гг. [Тарих-и АбулХархани, л. 220а; Бартольд, т. 2, ч. 2, с. 489; Ахмедов, 1965, с. 46] . Отложение Гирея и Джанибека с частью племен и родов от главы кочевых Дешт-и Кипчака АбулХайр-хана и их перекочевка в западные пределы Моголистана - 1459-60 гг. [Султанов, 1982, с. 113-11] . Смерть Есен-Буга-хана - 1461-62 гг. [Бартольд, т. 2, ч. 1, с. 88; Акимушкин, 1984, с. 159] . Смерть АбулХайрхана - 1468-69 гг. [Бахр ал-асрар, т. 6, ч. 3, л. 1606; Бартольд, т. 2, ч. 2, с. 490; Кляшторный. Султанов, с. 237] Усиление Гирея и Джанибека за счет новых беглецов из Дешт-и Кипчака и возвращение их казачьей вольницы из Моголистана в Узбекский улус - 1469-70 гг. [Кляшторный, Султанов, с. 237-239] . Қазақ хандығының құрылуы- 1470-71 гг. [Султанов, 1971, с. 54-57; Кляшторный, Султанов, с. 239-240] .
Зерттеу жұмысының методологиялық негіздері. Зерттеу жұмысын талдау барысында біз соңғы жылдары Отандық тарих, деректану, ғылымдарында болып жатқан өзгерістерді негізге алдық. Біз өз зерттеуімізде жаңа бағыттағы ғылыми ой-пікірлер мен тұжырымдарды, сыннан өткен, жаңа көзқарастар тұрғысынан жазылған отандық және шет елдік зерттеулерді басшылыққа алдық, ғалымдардың тарих саласындағы жаңа әдіс-тәсілдері қолданылды. Зерттеуде осындай әдіс-тәсілдерді қолдану Қазақ хандығының тарихын объективті түрде сипаттауға қол жеткізеді.
Ғылыми жұмыстың мақсаты. Біз жұмысты зерттеу барысында, жазба және ауыз әдебиетінің деректері мен тарихнамалық жетістіктерге сүйене отырып, XV-XVІ ғасырлардағы Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы, Қазақ хандығы үшін маңызын жан-жақты тарихи талдау жасап, қорытындыларын анықтауды мақсат етіп қойдық. Алдымызға қойған мақсатты орындау үшін бірнеше міндеттерді айқындадық.
Жұмыстың міндеттері: Қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасы тарих ғылымының негізгі міндеті - отандық тарихты объективті тұрғыдан қайта қарап, «ақтаңдақ» беттерін қайта қарау, ашылмай келген тұстарын тереңірек зерттеу мәселесі болып табылады. XV-XVІ ғасырлардағы Қазақ хандығының қалыптасу тарихын жан-жақты талдап, ауызша, жазбаша деректердің негізінде кешенді тарихнамалық талдау жүргізу;
- тарихи деректер мен зерттеу еңбектерінің негізінде XV-XVІ ғғ хандықтардың жалпы сипаттамасын, олардың қалыптасуы мен дамуын анықтау;
- Қазақ хандығының тарихи кезендеріне байланысты, ел билеушілерін анықтау болды;
Хронологиялық шеңбері. Жұмыстың хронологиясы XV-XVІ ғасырды қамтиды. Қазақ хандығы мен билеушілеріне тоқталсақ ертеректе жазылған жазба деректерді, археологиялық мәліметтерді де жан-жақты қарастырдық.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығына ауызша және жазба дерек мәліметтерін терең талдай отырып, жаңаша концептуалдық тұрғыдан XV-XVІ ғасырлардағы Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығайуына байланысты жасалған жаңаша қорытынды жатады.
Практикалық маңызы. Жұмыстың негізгі тұжырымдары мен қорытындылары ортағасырлардағы Қазақстан тарихын, Қазақ хандығының тарихын байытуға көмектеседі. Әсіресе, XV-XVІ ғасырдағы Қазақ хандығының тарихын баяндайтын көмекші құрал бола алады.
Ғылыми жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі тарау мен бес тараушадан және қорытындыдан тұрады. Соңында қысқартулар, пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
1 XV-XVІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ
1. 1 XV-XVІ ғғ. Қазақ хандығының қалыптасу тарихындағы алғы шарттары
Бүкіл Ұлы Дала Днестр мен солтүстік кара теңізден, Ертіс өзеніне дейін. Балқаш, Сырдарияның ортаңғы ағысымен Хорезм арасын, 11 ғ бастап Дешті Қыпшақ деп аталды. Шығыста Қыпшақ деген атпен, Киев Русінде половцевтер, Орталық европада куман деп аталды. Дешті Қыпшақ негізинде 2 ге бөлінді: Батыс Дешті Қыпшақ және Шығыс Дешті Қыпшақ, Батыс Қыпшақ шығыс тан батысқа карай, Жайық өзенінен Днестрге, Қара теңізден Каспий теңізіне дейін алып жатыр. Шығыс Қыпшақтар шығыста Ертіс өзені, батыста Жайық өзені нен солтүстіктегі Тобол өзенінен оңтүстіктегі Балқаш пен Сырдарияның төменгі ағысын алып жатты.
Қазақ хандығының құрылуы белгілі бір дәрежеде тарихи процестердің заңды қорытындысы болғандықтан оның тарихи алғы шарттары болады. Тарихи алғышарттардың өзін іштей жіктейтін болсақ, ол мынадай факторлардан тұрады:
- Қазақ хандығының құрылуының этникалық алғы шарттары
- Қазақ хандығының құрылуының діни-рухани алғы шарттары.
- Қазақ хандығының құрылуындағы моңғолдық фактор немесе мемлекеттіліктің дамуының әсері.
Бұл көрсетілген факторларды ғылыми тұрғыдан терең зерттеу бізге қазақ хандығы құрылуының алғышарттарын түсінуге мүмкіндіктер береді. Енді қысқаша түрде осы факторларға назар аударсақ.
- Алдымен қазақ хандығы құрылуының этникалық алғышарттары туралы.
Кез-келген мемлекет белгілі бір этностың әлеуметтік территориялық ұйымы және қоғамның ішкі және сыртқы қатынастарын реттейтін басқару жүйесі болғандықтан этнос-мемлекет бір-біріне етене тығыз ұғым болып саналады. Қарапайым тілмен айтсақ мемлекетті этностар туғызады. Ал мемлекеттер этностың дамуына өркендеуіне жағдайлар жасайды. Осы қағиданы қазақ халқы мен қазақ хандығына қолданып көрсек онда қазақ хандығын дүниеге әкелген қазақ этносы болып шығады. Ал тарихи деректерде қазақ этносы қазақ хандығы құрылғаннан кейін жүзеге асқан деп баяндалады. Әрине деректің авторлары орта ғасырдың адамдары болғандықтан олар тарихи процестің алғышарттарына терең бойламай тек тарихи болмысты немесе обьектіні баяндайды. Этнос-мемлекет принципіне сүйеніп біз қазақ хандығын дүниеге келтірген этникалық процестің дамуы деп түсіндіреміз. Яғни бұл жерде Дешті Қыпшақтағы тайпалар өз дамуының белгілі бір сатысында жаңа мемлекеттік жүйені қажет еткен. Ол қазақ хандығы болған. Міне, қазақ хандығы құрылуының этникалық алғышарты деп аталатын бұл мәселе тағы да қайталап айтамыз терең зерттеуді қажет етеді. Біз тек бұл жерде проблеманың өзін ғана атап көрсетіп отырмыз.
Қазақ хандығы құрылуының келесі бір алғышартына діни-рухани алғышарттар жатады. Кез-келген этнос немесе этносты құраған ру-тайпалар жиынтығы өздерін нақты бір этностың мүшесіміз және басқа этностардан ерекшелендіріп көрсететін нәрсеге олардың ру-тайпалық санадан жоғары тұрған халықтың санасы жатады.
- Ал халықтық сананың пайда болуына діни фактор мен рухани факторлар
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz