Visual Basic ортасында тексттік файлдарды шифрлеу және қайта шифрлеу


Кіріспе

80-жылдардың басында пайда болған дербес ЭВМ-дер қазіргі кезде ғылым мен техниканың барлық салаларына енді. Сонымен бірге дербес ЭВМ-дерді қоланушыларда көптеген проблемалар туды. Олардың бірі ақпаратты қорғау. Егер статистикаға сенетін болсақ компаниялар мен кәсіп орындардың 80 пайызы ақпарат қауыпсіздігі бұзылуы салдарынан зиян шегуде. Қазіргі кезде ақпарат қорғау өте күрделі проблеманың біріне айналып отыр. Оның негізгі себептері ЭВМ-дердің көп қолдану табуы, шифрлеу технологияларының күрделенуі, мемлекеттік және әскери құпиялармен қатар өндіріс, коммерциялық және т. б. құпыяларды қорғау проблемасы.

Ғылыми - техникалық прогрестің қазіргі заманғы жағдайларға сәйкес дамуы компьютерлендіру тенденциясымен, электронды-есептеу машиналары, жүйелер және компьютерлік желілерден тұратын деректерді өңдеудің тармақталған жүйесін жасаумен айқын ерекшеленеді. Қолданушыларының саны ұдайы өсетін Интернеттегі жағдайдай, мұндай бағытталушылық мемлекеттік және қоғамдық өмірдің барлық дерлік жақтарын қозғайды. Бұл жағдайда ақпараттық ресурстар, деректерді өңдеу жүйелері және компьютерлік желілер мемлекеттің ұлттық ішкі құрылымының ең осал бөлігі болады.

Интернет бұрынғысынша ешкіммен бақылауға алынбайтын, виртуалды еркін кеңістік болғандықтан, қазіргі ақпараттық технологиялар мүмкіндігін қылмыстық қоғамдастықтар белсенді пайдалануға тырысуда, нәтижесінде қылмыстық әрекеттердің жаңа түрлері - киберқылмыстар пайда болды. Атап айтсақ, электронды-есептеу машиналары жұмысына заңсыз қатысу, компьютерлік ақпаратты ұрлау, иемдену және күшпен алу, ақпараттық ресурстарға қашықтықтан шабуыл жасауды ұйымдастыру, ақпаратты жою, жинау және өзгертуді жүзеге асыратын компьютерлік вирустарды («логикалық бомбалар», «трояндық аттар» деп аталатын және басқа ақпараттық қарулар түрі) жасап, өңдеу.

Курстық жұмыстың мақсаты - Visual Basic ортасында тексттік файлдарды шифрлеу және қайта шифрлеу болып табылады.

Бұл курстық жұмыста жалпы ақпараттық қауіпсіздік және шифрлеу ұғымдары қарастырылып, шифрлеу/қайта шифрлеу программасы құрылады.

Тарау І. Ақпараттық қауіпсіздік және криптоалгоритмдер

  1. Ақпараттық қауіпсіздік негізгі аспектілері

Қауіпсіздік жүйесі дегеніміз - қалыпты қызмет жасау процессіне кездейсоқ және әдейі кірісуден, жоюдан, бүлінуден және ақпаратты жұртқа жаюдан қорғану қасиетін құруға бағытталған құқықтық және моральдық-этикалық нормалар, әкімшілік және ұйымдастыру шаралар, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық әдістер жиынтығы болып саналады. Қауіпсіздік жүйесі қазіргі қорғаныш жағдайын талдау, қауіпсіздікке нақтылы қатерлі жағдай мүмкіндігін есептеу мен оларды жүзеге асыру қаупі, басқару мен технологиялық шешімдер қабылдау методологиясы мен ақпараттық қауіпсіздікті жүзеге асыру бойынша механизмін құру негізінде қалыптастырылады.
Төлем жүйесінің қауіпсіздігінің негізгі аспектілері:

  • сақтау - ақпаратты сақтаушыларды жоюдан, бүлінуден, ұрлықтан, техникалық жүйе мен жабдықтарды физикалық қорғауды қамтамасыз ету;
  • тұтастық - ақпаратты кездейсоқ немесе әдейі бұрмалаудан қорғауды қамтамасыз ету;
  • құпиялылық - ақпаратқа рұқсатсыз енуден қорғауды қамтамасыз ету;
  • дәлелділік - заңды орындаушылыққа, дәл сондай ақпараттық қатынастарды бұзушылыққа дәлелдер беру мен қалыптастыру жағдайларын қамтамасыз ету;
  • заңды орындаушылық - ақпараттық қатынастар процесінде қалыптасқан заңдылық, нормативтік, құқықтық актілер мен этикалық мінез-құлық ережелерін сақтауды қамтамасыз ету.

Ақпараттарды қорғаудағы нормативтік құқықтық базалар:

  • ұлттық Банкінің ақпараттық қауіпсіздік концепциясы;
  • төлем жүйесіне енуді қамтамасыз ететін ережелер;
  • төлем жүйесін пайдаланушының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелері;
  • төлем жүйе орталығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелері;
  • электрондық құжаттардың дұрыстығына байланысты туындаған даулы жағдайларды талдау ережелері.

Төлем жүйесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ҚБЕАО жүйесі мен кешендері:

  • ақпараттарды қорғаудың криптографиялық жүйесі;
  • ашық кілтті инфрақұрылым;
  • желі аралық экрандар;
  • жеке виртуалдық желілер жүйесі;
  • коммутациялану желісі бойынша авторизациялық ену сервері;
  • шабуылды білу мен қорғануды талдау жүйесі.

Ішкі қауіпсіздікті ұйымдастыру:

  • сигнал беру сақшы мен ғимаратқа енуді басқару жүйесі;
  • бейне бақылауды қорғау жүйесі;
  • РЕ компьютерді қорғаудың бағдарламалық-аппараттық кешені;
  • телефондық сөйлесулерді жазу жүйесі;
  • техникалық каналдар бойынша ақпараттарды жойылудан қорғау аппараттары.

Ақпарат - бұл адамдар, заттар, оқиғалар, құбылыстар және процесстер туралы мағлұматтар.

Банкілік құпия
Банкілік құпия: Дәрігерлік құпия
Банкілік құпия: Байланыс құпиясы
Банкілік құпия: Нотариальдық құпия
Банкілік құпия: Адвокаттық құпия

1. 1 - сурет. Ақпараттың классификациясы

Қорғалатын ақпарат деп, құқықтық құжаттар немесе ақпарат иесінің қойған талаптарына сәйкес қорғалатын ақпаратты айтамыз. Бірақ, барлық ақпараттар қорғала бермейді, тек құнды (бағалы) ақпараттарғана қорғалуы мүмкін. Құнды ақпарат деп, ақпаратты алған адамға қандай да бір ұтыс әкелетін ақпаратты айтамыз: моральдық, материальдық, саяси және т. б.

Ақпарат құндылығы екі үлкен топ бойынша бағалануы тиіс:

  • ақпараттың тағайындалуы бойынша;
  • оны өңдеу шарттары бойынша.

Бірінші топта екі критерийді көрсетуге болады:

  • қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының маңыздылығы;
  • сәйкес шараларды орындау үшін ақпараттың маңыздылық деңгейі.

Екінші топта екі критерийді көрсетуге болады:

  • ақпаратты өңдеу кезінде болатын жоғалтулар деңгейі;
  • ақпаратты қайта қалпына келтіруге кететін шығындар.

Ақпарат құндылығы оны қорғау бойынша шешім қабылдауда критерий болып табылады. Ақшалық түрде ақпаратты қорғауға кететін шығындар, мүмкін болған жоғалтулардан аспауы керек.

Маңыздылығы бойынша ақпараттар мына түрлерге бөлінеді:

- тіршілік үшін маңызды, ауыстыруға болмайтын ақпарат - ол ұйымның жұмыс істеуіне қажетті;

- маңызды ақпарат - ауыстырылуы немесе қайта қалпына келтірілуі мүмкін болған ақпарат, бірақ қайта қалпына келтіру процесі өте қиын және үлкен шығындармен байланысты;

- пайдалы ақпарат - қайта қалпына келтіру қиын, бірақ ұйым ол ақпаратсызда жақсы жұмыс істей алады

- маңызсыз ақпарат - ұйымға енді керек болмаған ақпарат

Маңыздылық категориясы, ақпарат құндылықтары уақыт бойынша өзгереді. Ақпаратты қорғау жолдары ақпарат түріне, оны сақтау формаларына, өңдеу, жіберу және оған мүмкін болған шабуылдарға байланысты.

Ақпарат иесі ақпаратқа қашан, кім, қандай жолмен шабуыл жасайтынын білмейді. Сондықтан ақпарат иесі мына сұрақтарға жауап іздеуі тиіс:

  1. Қандай ақпарат қорғауды талап етеді?
  2. Ол ақпарат кімді қызықтырады?
  3. Ақпараттық қандай элементтері құнды?
  4. Ақпарат қанша уақыт қорғалуы керек?
  5. Қорғауға қанша ақша кетеді?

Ақпараттық қауіпсіздік. Ақпараттық қауіпсіздік дегенде ақпаратық жүйенің кездейсоқ немесе қасақана қол сұғу арқылы оның иелеріне немесе ақпарат қолданушыларына зиян алып келуден қорғау.

Практикада ақпараттық қауіпсіздіктің үш аспектісі маңызды болып келеді:

Ақпараттың қол жетерлігі - ақпарат, техникалық жүйелер және өңдеу технологияларының қасиеті болып, ақпаратпен жұмыс істей алатындарға ақпаратқа бөгетсіз рұқсатты қамтамасыз ету.

Ақпарат бүтіндігі - ақпарат техникалық жүйелер және оны өңдеу технологияларының қасиеті болып, ақпаратты рұқсат етілмеген немесе қасақана құртуға және бұрмалауға қарсы тұруды білдіреді.

Ақпарат жасырыны - ақпарат, техникалық жүйелер және оны өңдеу техникаларының қасиеті болып, онымен танысуға құқықтары жоқтардан құпияда сақтауда білдіреді.

1. 2. Ақпараттық жүйелерді қорғаудың криптографиялық құралдары

Криптография - мәліметтердің өзгеру әдістерінің жиынтығы, яғни осы мәліметтерді айқынсыз бейнеге әкелуге бағытталған мәліметтерді қорғаудың екі басты мәселесін шешу:

  1. жасырындық мәселесін;
  2. бүтіндік мәселесін.

Ақпараттық жүйелердегі ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістері ЭЕМ-де өңделген немесе есте сақтау құрылғысының әртүрлі типінде сақталған ақпаратты қорғау үшін қалай қолданылса, байланыс жолдары бойынша әртүрлі элементтер арасында берілген ақпаратты жабу үшін де солай қолданылады.

Аж-де ақпараттардың криптографиялық жабылуына қойылатын талаптар:

  1. Криптографиялық жабудың күрделілігі мен беріктігі мәліметтер құпиялылығының деңгейі мен көлеміне байланысты таңдалуы қажет.
  2. Жабудың сенімділігі қаскүнемге жабудың әдісі белгілі болған жағдайда да құпиялылық бұзылмайтындай болуы керек.
  3. Жабу әдісі, қолданылған кілттер жиыны және оларды тарату механизмі өте күрделі болуы керек.
  4. Тікелей және кері өзгеру процедураларының орындалуы формалды болуы қажет және хабардың ұзындығына байланысты болмауы керек.
  5. Өзгерудің орындалу процесінде туындайтын қателер жүйе бойынша таралмауы қажет.
  6. Процедуралармен енгізілетін қорғауда артықшылық ең аз болуы қажет.

Мәліметтердің криптографиялық өзгеру әдістері:

  1. Шифрлеу.
  2. Кодтау.
  3. Басқа түрлері.

Шифрлеу - қорғалатын хабардың әрбір символы өзгеруге жатады.

Шифрлеу тәсілдері:

  • ауыстыру;
  • алмастыру;
  • аналитикалық өзгеру;
  • гаммирлеу;
  • аралас шифрлеу.

Кодтау - қорғалған элементтердің кейбір элементтері (жеке символдар міндетті емес) алдын ала таңдалған кодтармен ауыстырылады.

Кодтау тәсілдері:

  • магыналык кодтау;
  • символдық кодтау.

Басқаларға (жеке түрлеріне) - кесу, тарату және мәліметтерді қысу әдістері кіреді.

Кесу - мәліметтерді тарату, қорғалатын мәліметтер массиві әрқайсысы қорғалатын ақпараттар мазмұнын ашуға мүмкіндік бермейтін элементтерге бөлінеді және осындай тәсілмен ерекшеленген элементтер есте сақтау құрылғысының әртүрлі аумағында орналасады.

Шифрлеу процесін басқару кілттің көмегімен жүзеге асады.

Криптожүйелер екі класқа бөлінеді:

  1. Симметриялық (біркілтті) криптосистемалар.
  2. Асимметриялық (ашық кілті бар екікілтті криптосистемалар) .

Бір құпия кілтті симметриялық криптожүйенің сызбасы (1-сурет) .

Симмметриялық криптожүйеде құпия кілтті жіберуші мен алушыға кілттерді таратудың қорғаушы каналы бойынша беру керек.

Ашық кілтті асимметриялық криптожүйенің ықшамдалған сұлбасы.

Асимметриялық криптожүйеде қорғалмаған канал арқылы тек ашық кілтті ғана беруге болады, ал құпия кілтті оның генерациялық орнында сақтайды.

Ақпаратты жабу құралдарын қолдану тәсілі бойынша ағындық және блоктық шифрлеу деп бөледі.

Ағындық шифрлеуде бастапқы мәтіннің әр символы басқалардан тәуелсіз өзгереді. Сондықтан мұндай өзгеру байланыс арнасы бойынша мәліметтерді берумен біруақытта жүзеге асуы мүмкін.

Блоктық шифрлеуде жабық бастапқы мәтіннің кейбір символдар блогі біруақытта өзгереді, сонымен қатар блоктар шегіндегі символдардың өзгеруі өзара тәуелді болады. Кейбір аралас блоктардағы символдардың өзгеруі арасында да тәуелділік болуы мүмкін.

Криптоталдау - кілтке қатынаусыз шифрленген хабардың бастапқы мәтінін ашу жайлы ғылым.

Криптоталдаудың орнықты ережесі (1-ші рет XIX ғасырда голланд А. Керкхофпен құрылған) шифрдың (криптожүйенің) тұрақтылығы кілттің құпиялылығымен анықталуы керек деп қорытындыланады.

Криптоаналитикалық шабуылдың келесідей негізгі типтері бар (криптоаналитикке қолданылатын шифрлеу алгоритмі және хабардың шифромәтіні белгілі дейік) :

  1. тек белгілі шифромәтіні бар криптоаналитикалық шабуыл;
  2. белгілі ашық мәтіні бар криптоаналитикалық шабуыл;
  3. ашық мәтінді таңдау мүмкіндігі бар криптоаналитикалық шабуыл.

Алфавит - белгілері ақпаратын кодтау үшін қолданылатын шекті жиын.

N әріптерді біріктіре отырып, m n -нен тұратын n-грамм (а 0 а 0 , а 0 а 1 , …, а m a m-1 m 2 биграммнан тұратын алфавитін, а 0 а 0 а 0 , а 0 а 0 а 1 , …, а m а m a m-1 m 3 триграммнан тұратын алфавитін) алфавитін аламыз. Мысалы, көлемі m=26 әріптен тұратын ағылшын алфавиті 26 2 =676 биграмнан тұратын алфавитін конкатенациялау операциялары арқылы генерациялауға мүмкіндік береді. Криптографиялық өзгерулерді орындау үшін алфавит әріптері бүтін сандармен 0, 1, 2, 3, … (А→0, Б→1, …, Я→31) ауыстырылады.

Криптоберіктік - шифрдың сипаттамасы, яғни оның кілтті (яғни криптоанализге) білмей дешифрлеуге беріктігін анықтау.

КБ-тің негізгі көрсеткіштері:

  • барлық мүмкін болатын кілттер саны;
  • криптоталдауға қажетті орташа уақыт.

Криптожүйелерге қойылатын талаптар:

  1. Шифрленген хабар тек кілт болғанда ғана оқылуы тиіс.
  2. Шифрленген хабар фрагменті бойынша шифрлеудің қолданылған кілтін анықтау үшін қажетті операциялар саны және оған сәйкес ашық мәтін мүмкін болатын кілттердің жалпы санынан аз болмауы керек.
  3. Барлық мүмкін болатын кілттерді артық таңдау жолымен ақпараттарды шифрлеуді ашу үшін қажетті операциялар саны қатал төмен бағамен болуы тиіс және қазіргі компьютерлердің мүмкіндіктерінің (тораптық есептеу мүмкіндіктерін ескере отырып) шегінен шығуы керек.
  4. Шифрлеу алгоритмін білу қорғау сенімділігіне әсер етпеуі тиіс.
  5. Кілттің аздап өзгеруі бір кілтті ғана қолданғанның өзінде шифрленген хабар түрінің елеулі өзгеруіне әкелуі тиіс.
  6. Шифрлеу алгоритмінің құрылымдық элементтері өзгеріссіз болуы керек.
  7. Шифрлеу процесінде хабарға енгізілетін қосымша биттер шифрленген мәтінде толық және сенімді жасырылуы тиіс.
  8. Шифрленген мәтіннің ұзындығы бастапқы мәтіннің ұзындығына тең болуы тиіс.
  9. Шифрлеу процесінде тізбектей қолданылатын кілттер арасында жай және жеңіл орнатылатын тәуелділіктер болмауы керек.
  10. Мүмкін болатын жиындардың ішіндегі кез келген кілт ақпаратты сенімді қорғауды қамтамасыз етуі тиіс.
  11. Алгоритм программалық тәрізді аппараттық іске асуды жіберуі тиіс, бұл жағдайда кілт ұзындығының өзгеруі шифрлеу алгоритмінің сапалы төмендеуіне әкелмеуі керек.

Трисемус шифрлеу кестесі

1508 жылы Германиялық Иоганн Трисемустың криптология бойынша «Полиграфия» атты еңбегі баспадан шықты. Бұл кітапта ол алғаш кездейсоқ толтырылған шифрлеу кестелерінің қолданылуы туралы айтады. Мұндай орын ауыстыру шифрін алу үшін әдетте алфавит әріптерін жазу кестесі және кілттік сөз қолданылған. Кестеге алдымен қатарлар бойынша кілттік сөз қайталанатын әріптер тастап жіберіліп жазылған. Содан соң кестеге алфавиттегі қалған әріптер тәртіп бойынша жазылған.

Кілттік сөзді есте сақтап қалу оңай болғандықтан, мұндай тәсіл шифрлеу және қайта шифрлеу процессін жеңілдетеді.

Мысал. Орыс алфавиті үшін шифрлеу кестесінің өлшемі 4х8 болуы мүмкін. Кілттік сөз БАНДЕРОЛЬ болсын. Мұндай кілтті шифрлеу кестесі төменде көрсетілген

Б: Б
А: А
Н: Н
Д: Д
Е: Е
Р: Р
О: О
Л: Л
Б: Ь
А: В
Н: Г
Д: Ж
Е: 3
Р: И
О: Й
Л: К
Б: М
А: П
Н: С
Д: Т
Е: У
Р: Ф
О: Х
Л: Ц
Б: Ч
А: Ш
Н: Щ
Д: Ы
Е: Ъ
Р: Э
О: Ю
Л: Я

Шифрлеу үшін кестеден ашық тексттің келесі әрібі таңдалып, шифртекстке кестеде сол бағаннан төменде орналасқан әріп жазылады. Егер тексттің әрібі ең соңғы қатарда болса, онда шифртекст әрібі сол баған бойынша бірінші қатардан алынады.

Егер КОМПЬЮТЕР хабарын шифрлеу керек болса, онда шифртекст: ЦЙЧШМОЫЗИ

Полибиан квадраты

Тік бұрышты кесте алфавит әріптерімен кездейсоқ тәртіпте толтырылады. Ашық хабардың әрбір әрібі сол бағанда бір қатар төменде орналасқан әріппен ауыстырылады. Егер әріп ең соңғы қатарда орналасқан болса, онда шифрленетін символ бағандағы бірінші әріп болады. Мысалы, «АЛФАВИТ» хабары шифрленгеннен кейін «УЪ УТСЗ» көрінісіне келеді:

У: У
К: К
В: В
Ъ: Ъ
М: М
Ю: Ю
Ь: Ь
Д: Д
У: И
К: Б
В: Т
Ъ: Л
М: Э
Ю: Г
Ь: Щ
Д: Н
У: С
К: Ф
В: З
Ъ: Ы
М: П
Ю: Ц
Ь: Е
Д: Я
У: А
К:
В: Р
Ъ: Х
М: Ж
Ю: Ш
Ь: О
Д: Ч

Тарау ІІ. Visual Basic орасының пайдалану жолдары

2. 1 Visual Basic мүмкіндіктері

Visual Basic бұл күшті программалау орта, практикалық тапсырмаларды қысқа спектрде жүзеге асырып шығарады. Қолданбалы программаларды дайындауда оның негізгі тиімді қарапайым тіркесте пайдаланады, әр түрлі мүмкіндіктермен барлық негізгі әрекеттерді қамтып жүзеге асырады.

Бұл тілдегі “Visual” сөзі атауының әдісімен пайдаланушы интерфейстерінің графикалық мәліметтерін программалық ортада көрсетеді. Бағдарламашы өзінің қарапайым қосымшаларының программалық бөлімдерін сипаттағанда өздерін этаптармен керекті жерлерге орналастырады.

Сондай-ақ жағдайлардың басым көпшілігінде дайын басқару элементтерін пайдаланады, яғни құрылған объектінің әдіс және қасиеттері болады. Бағдарламашы таңдалған объектінің қасиеттерін немесе мәндерін, сондай-ақ әртүрлі әдістермен бейнелеп өзгертуге болады. Бұдан басқа бағдарламашы әртүрлі оқиғаларды пайдалануға мүмкіндік береді.

Visual Basic тілінің мүмкіндіктері мына төмендегідей болады:

1. Өзінің қосымшалары үшін ыңғайлы интерфейс және максимальды гибкаларды пайдалануды жүзеге асырады;

2. Әр түрлі шарттар және мәзірлер құруды орындайды;

3. Пернелік тақта және тышқан оқиғаларын өңдеу, сондай-ақ әр түрлі геометриялық фигураларды графикалық бейнемен экранға шығарады;

4. Түстерді басқару және принтерді баптау стандартты диалогты терезелерді пайдаланады;

5. Графиктермен жұмыс істеу, яғни бейнелерді суреттеуді жүзеге асырады;

6. Таймерді пайдалану;

7. Файлдар және каталогтармен жұмыс істеу;

8. Мәліметтер базасымен жұмыс істеу;

9. ActiveX басқару элементтерін пайдалану.

Сондай-ақ Visual Basic программасын іске қосу үшін төмендегідей жағдайды орындау қажет:

  1. Windows жүйесінің тапсырмалар панельдерінің Пуск батырмасын шерту.
  2. Пуск → программы қатарын таңдау.
  3. Программа тізімдерінен Microsoft Visual Basic бөлімін таңдау.
  4. Microsoft Visual Basic командасын таңдау.

Осы жағдайларды орындағаннан кейін экранда Visual Basic ортасының терезесі пайда болады.

Жаңа астарлы бетіндегі Standard. Exe ерекшеленген таңбашаны таңдау арқылы біз Visual Basic жобалау ортасына стандартты тәсілмен ену мүмкіндігіне ие боламыз. Мұны жасақтаудың жинақталған ортасы деп те атаймыз. Жасақтаудың жинақталған ортасы (Integrated Development Envivonment - IDE) Microsoft’тың басқа қосымшаларынан өзімізге таныс графикалық интерфейс.

Жасақтаудың жинақталған ортасының негізгі элементтері мыналардан тұрады:

Мәзір . Visual Basic ортасының жұмысын басқару командалары. Бас мәзірде шоғырланған. Оның құрылымы Windows’тің басқа программаларының мәзірлері сияқты болып келеді. Visual Basic ортасының жұмысын басқару командалары атқаратын қызметтеріне қарай әртүрлі топтарға орналасқан (мысалы, File, Edit, View, Project т. б. ) .

ToolBox . (Басқару элементтер панельдері) Visual Basic қосымшалары көбінесе формада орнатылған басқару элементтері деп аталатын объектілер негізінде дайындалады. Басқару элементтерін орнататын түймелер элементтер панеліне орналастырып қойылған.

Контексті мәзір . Формаға енгізілген мәзірді тышқанның оң түймесін шертіп көрсетуге болады. Мұндай мәзірді бетке шығатын немесе контексті мәзір деп аталады.

ToolBar (Стандартты саймандар панелі) . Бұл мәзірдің астына орналасқан. Саймандар панелінің құрамында ең жиі пайдаланылатын командалардың қызметін орындайтын батырмалардың бүтіндей бір жиыны бар.

Стандартты саймандар панелінің батырмалары 1 - кесте.

Команда
Атқаратын қызметі
:
Команда:

Add Standard

EXE Project

Атқаратын қызметі: Жаңа проект құру үшін пайдаланылады
:
Команда: Add Form
Атқаратын қызметі: Жаңа форма немесе файлдар қосу
:
Команда: Menu Editor
Атқаратын қызметі: Мәзір редакторын шақыру
:
Команда: Open Project
Атқаратын қызметі: Жобаны ашу
:
Команда: Save Project
Атқаратын қызметі: Жобаны сақтау
:
Команда: Cut
Атқаратын қызметі: Информацияны алмасу буферіне қиып алу
:
Команда: Copy
Атқаратын қызметі: Информацияны алмасу буферіне көшіру
:
Команда: Paste
Атқаратын қызметі: Информацияны алмасу буферіне кірістіру
:
Команда: Find
Атқаратын қызметі: Информацияны мәнмәтіні бойынша іздеуді жүзеге асыру
:
Команда: Undo
Атқаратын қызметі: Алдыңғы әрекетті болдырмау
:
Команда: Redo
Атқаратын қызметі: Қайталауды болдырмау
:
Команда: Start
Атқаратын қызметі: Программаны орындау үшін іске қосу
:
Команда: Break
Атқаратын қызметі: Программаның орындалуын үзу
:
Команда: End
Атқаратын қызметі: Программаның орындалуын аяқтау
:
Команда: Project Explorer
Атқаратын қызметі: Жоба сілтеуішінің терезесін ашу
:
Команда: Properties Window
Атқаратын қызметі: Қасиеттер терезесін ашу
:
Команда: Form Layout Window
Атқаратын қызметі: Форма жоспарының терезесін ашу
:
Команда: Object Browser
Атқаратын қызметі: Объектілер броузерінің терезесін ашу
:
Команда: Toolbox
Атқаратын қызметі: Саймандар терезесін ашу

Кестедегі бірінші батырманың оң жағындағы төмен қарай бағытталған стрелка бұл жобаны жаппай тұрып қосымша жасауға болатын жоба түрлерінің тізімін ашуға мүмкіндік береді.

Екінші қатардағы батырманың оң жағындағы төмен қарай бағытталған стрелка, бұл жобаға қосымша қосуға болатын файл типтерінің тізімін ашуға мүмкіндік береді. Оларға формалар, программалық модульдер және т. б. типтер жатады.

Графикалық режим . Жобаның басты панеліндегі саймандар панелінің оң бөлігінде орналасқан. Яғни оны белсенді объекті орнының және өлшемдерінің индикаторы деп атайды.

Егер форма ерекшеленген болса, онда аталған сандар монитор экранында оның орнын және өлшемдерін көрсетеді. Егер формада объект орналасса, соны ерекшелеп объектінің орнын және оның өлшемін көрсетеді.

Қасиеттер . Қасиеттер {Свойства-Properties) терезесі форма қасиеттерін сондай-ақ оларға орналасқан объектілерді бейнелеу және баптау үшін қызмет атқарады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Visual Basic ортасында құрылған бағдарламаны сериялық нөмер арқылы қорғау программасын құру
Криптография тарихы және түсінігі
Ақпараттық қауіпсіздік туралы
MS Access программасының программалық құралдарын қолдана отырып тауарлардың қоймалық есебін автоматтандыру есебін шешу
Visual Basic 6 ортасында программалық код
Ақпараттық қауіпсіздік жайлы
Виженер шифрлеуінің программасы
Delphi Windows жүйесінде программалаудың ыңғайлы құралы
Операциялық жүйелердің көбісінде
Visual basic ортасында программалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz