Ақуыздар жайындағы деректер


АҚУЫЗДАР
Ақуыздар жайындағы бізге белгілі деректерді тереңдете түсейік. құрамы
мен құрылысы.
Ақуыздардың құрамы мен құрылысы туралы негізгі деректер олардың гидролизін зерттеген кезде алынды. Кез келген ақуызды гидролиздегенде нәтижесінде а-аминқышқылдарының қоспасы түзілетіні, көбінесе ақуыздардың құрамында 20 аминқышқылдары кездесетіні анықталды. Ақуыздарды құрайтын кейбір
-аминқышқылдарының құрылысы келтірілді. Радикалдың құрамында ашық тізбек, циклдер және әр түрлі фунционалдық топтар болуы мүмкін. Жоғарыда келтірілген аминқышқылдарының молекулаларының радикалында бензол сақинасы, гетероцикл бар екенін көрдік.
Аминқышқылдары ақуыз молекуласын қалай түзеді?
Өткен ғасырдың 80-жылдарының өзінде-ақ орыс биохимигі А. Я.
Данилевский ақуыз молекуласында пептид тобы бар екенін айтқан. XX ғ. басында неміс ғалымы Э. Ф и ш е р полипептидтік теорияны ұсынды, ол бойынша ақуыз молекулалары пептидтік байланыспен қосылған аминқышқыл қалдықтарының ұзын тізбегі болып табылады. Сол кезде Э. Фишер молекуласында 20-га жуық аминқышқылдарының қалдықтары бар полипептидтерді синтез-деді. Бүл полипептидтердің кейбір қасиеттері мысалы, ферменттер-мен ыдырау қабілеті, ақуыздарға ұқсас болды.
Полипептидтік тізбек қалай синтезделетінін көз алдымызға келтірейік. Бұрын қарастырғандай алдымен екі аминқышқылының молекулалары өзара реакцияласады. Реакция сызбанұсқасын қайталап қарастырайық: ''Осылайша трипептид келесі қышқылмен әрекеттеседі және т. с. с. Нәтижесінде полипептид түзіледі.
Ақуыз құрылысының полипептидтік теориясы қазіргі кезде толық қолдау тапты. Табиғи ақуыздар жоғары молекулалык, қосылыстар болып табылатындықтан, олардың полипептидтік тізбектерінде аминқышқылдарының қалдықтары бірнеше рет қайталанады. Әрбір жеке ақуыздың аминқышкылдарының буындары біркелкі реттесіп отырады.
Алфавиттің белгілі бір әріптерінен әр түрлі сөздер құралатыны сияқты, жиырма аминқышқылынан ақуыздардың шексіз санын түзуге болады. Полипептидтік тізбекте әр түрлі аминқышқылдары буындарының белгілі ретпен кезектесіп орналасуы - ақуыз молекуласының бірінші реттік құрылымы болып табылады.
Бірак ақуыздар - күрделі пептидтердің (гюлипептидтердің) сансыз көп мөлшері ғана емес. Олардың ең негізгі ерекшелігі берілген ақуызға ғана тән кеңістіктік құрылымды өздігінен қалыптастыру қабілетінде.
Ақуыз молекуласының кеңістіктік құрылымы сатылап құрылады. Ең алдымен ол созылған жіп немесе оралма (спираль) пішінді болуы мүмкін. Оралма көп жағдайда кездеседі.
Үшінші реттік құрылым - бұл полипептидтік тізбектің оралмаға оралған кезінде кеңістікте алатын конфигурациясы. Кеңістікте белгілі бір конфигурация түрінде шығыңқы, ойық жерлері бар, функционалдық топтары сыртқа қараған үшінші реттік құрылым ақуыз молекуласының жеке биологиялық активтігін көрсетеді.
Ақуыз құрылысын қарастыруды аяқтай келе, олардың көптеген өкілдерінің құрамында қосымша топтар, мысалы, фосфор қышқылының қалдығы, металл атомдары, пигмегіттер, полисахаридтер және т. б. болатынын айта кету керек. Ақуыздарда
әр түрлі қосымша топтардың болуына орай, түрлі кластардың белгілері бірігеді және олар қосылып жаңа сапа береді. Ақуыздар органикалық заттар дамуының ең жоғарғы түрі.
Қасиеттері. Құрылысы сонша күрделі болғандықтан, ақуыздардың қасиеттері де әр түрлі болады.
Бір ақуыздар, мысалы тауық жүмыртқасының ақуызы суда еріп, коллоид ерітінді түзеді; басқалары тұздардың сұйылтылған ерітін-ділерінде ериді; кейбір ақуыздардың ерігіштік қасиеті мүлде жоқ.
Ақуыз молекуласында (аминқышқылы тізбектерінің радикалда-рында) топтарының болуы оларға амфотерлік қасиет береді.
Ақуыздардың маңызды қасиеті - гидролизденуі бізге белгілі. Гидролизді фермент әсерімен немесе ақуызды қышқыл немесе сілті ерітіндісімен қыздыру арқылы жүргізеді.
Мысал үшін табиғи ақуыздың гидролизі нәтижесінде түзілген бір трипептидтің толық гидролизінің реакция теңдеуін келтірейік.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz