Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеттері



1 Шипалы өсімдіктер
2 Лалагүлділер тұқымдасы алоэның сипаттамасы.
3 Химиялық құрамы
4 Алоэның қолданылуы
Денсаулылғымыз мықты болуы үшін батпандап кіріп,мысқылдап шығатын ауруды дәрісіз-ақ үй жағдайында айналада өсетін дәрілік өсімдіктермен-ақ емдеп жазуға болады. Дәрілік өсімдіктермен айналысу денсаулығымызды сақтауға көмектеседі, отбасының қаражатын үнемдейміз, табиғат байлығын қорғауға да атсалысамыз.
Міне, осындай емдік қасиеті бар өсімдіктерге оқушылар кішкентайынан мән беріп, өз игілігіне қолдана білсе, шипаны алыстан іздемейді. Дәрілік өсімдіктерді пайдалану денсаулықты сақтаумен бірге қазіргі нарықтық заманда отбасылық қаражатты үнемдеуге көмектеседі. Дәрілік өсімдіктер жанға шипа, дертке дауа болады.
Алоэ бөлме өсімдіктер ішінде ең көп тарағаны. Өзінің әсемдігімен көздің нұрын алады, гүлдеуі өте сирек, бірақ та жұмыс жазу барысында ұққаным өсімдік көптеген пайда әкеледі. Мен өз сыныптастарымның арасында осы өзімнің жұмысыма байланысты сауалнама жүргіздім. Алоэны сыныптастарымның арасында кеңінен насихаттадым. Ерте заманнан дәрілік өсімдіктердің қасиетін ата-бабаларымыз білген. «Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ» дегендей қазіргі заманда химикат дәрілер көбейіп жатыр. Олардың адам ағзасына тигізетін зияны көп. Өсімдік адам үшін азықтың қайнар көзі. Дәрілердің барлығы өсімдіктерден алынады. Аурудың алдын алуға емдеу үшін дәрілік өсімдіктердің маңызы өте зор.
1. Ж.А.Адаев. Р.Н.Нұрғалиев. Шаңырақ энциклопедиясы.
2. Ж.Жатқанбаев.Өсімдік және адамзат.
3. М.Қожабеков.Дәрілік өсімдіктер. Алматы, «Қазақстан»1982.
4. .М.Оспанова, Ж.Лұқпанов.Өсімдік жанға шипа, дертке дауа.
5.В.Г. ПышинскийЛечение травами Ленинград «Наука»1990
6. Денсаулық журналы №8 2006 жыл.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
АЛОЭ ӨСІМДІГІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЕМДІК ҚАСИЕТТЕРІ
Жұрағатова Ақбота, Әлтаева Айғаным Бауыржанқызы,
Әбішев Бауыржан Әлтайұлы
Қызылорда облысы, Шиелі кенті,
Аудандық Оқушылар үйінің Жас экологтар үйірмесі
E-mail: bauirjan_raioo@mail.ru
Жетекшісі: Әбішев Бауыржан Әлтайұлы
Қазақстан жері әр түрлі табиғи жағдайдан, орманды далалы, таулы
аймақтардан тұрады. Міне осындай ұланғайыр өлкемізде алуан түрлі
өсімдіктер өседі. Қай заманда болмасын, адамзат баласы өсімдік
өнімдерінің тағамдық жағынан ғана емес, емдік, шипалық жағына да көңіл
бөлген. Жер жүзіндегі дәрілердің 40% өсімдіктен дайындалады. Жанға шипа,
дертке дауа дәрілердің көпшілігі өсімдіктен алынады. Жер бетінде өсетін
барлық өсімдіктердің пайдасына көз жіберіп қарасақ, жүрек ауруларын
емдейтін дәрі – дәрмектің 70%, ішек – қарын, бауыр дәрілерінің 75%, жатыр
ауруларының шипалы дәрі –дәрмектерінің 80%, қақырық түсіретін дәрілердің
80%, қан тоқтатын дәрілердің 65% тек өсімдіктен алынады. Шипалы өсімдіктер
қатарына әр түрлі сәнді өсімдіктер де жатады. Сондай-ақ, біздің бау-
бақшамызда аяқ астында қаптап өсетін арамшөптер жөнінде де осыны айтуға
болады. Өздерінің жер үстінде және жер астында өсетін мүшелерінде аса
бағалы үй дәріханасына қажетті заттардың болуы арқылы олардың көпшілігі
аса пайдалы. Адам баласы ақылы мен еңбегінің арқасында жабайы өсімдіктерден
тұқым алып 20 мыңнан астам мәдени өсімдіктерді қолдан өсіріп шығарады.
Сөйтіп қазіргі кезде олар адамның игілігіне айналды. Ерте заманнан-ақ ата-
бабаларымыз дәрілік өсімдіктерді тани біліп, оның емдік қасиеттерін және
тиімді пайдалану жолдарын өз тәжірибелерінен өткізген .
Мәдени өсімдіктер арасында ең көп белгілісі алоэ. Алоэ араб тілінен
аударғанда ащы дегенді білдіреді. Сонымен қатар дәрігерлер мыңжылдық деп
те атайды. Алоэнің қоспалары Қытайдың мыңжылдық қоспаларында бар. Египетте
үйдің кіре беріс жерінде алоэ отырғызылады. Ол денсаулық пен ұзақ өмірдің
символы. Халық медицинасында оны қызыл иектің, қабақтың қызаруына, өкпе
туберкулезіне, экземді емдеуге, асқазан жарасына пайдаланылады. Осындай
ғасырлар бойы тәжірибеден өтіп сұрыптала келіп, адам баласына орасан зор
пайдасын тигізетін қарапайым өз ауламызда немесе ауыл маңында, үйде өсетін
дәрілік өсімдіктерді неге пайдаланбасқа? Дәрілік өсімдіктерден жаңа
дайындалған тұнбалар мен ертінділердің химиялық жолмен жасалған дәрі
–дәрмектерден анағұрлым тиімді болады.
Сол себептен жұмысымыздың құндылығы да осында деп есептейміз. Алоэ
өсімдігін зерттей отырып емдік ерекшеліктерін тиімді пайдалану және
насихаттау жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.
Зерттеу жұмысының негізгі болжамы: Алоэ өсімдігінің емдік ерекшелігін
пайдалану арқылы көптеген аурулардың алдын алуға болады.
Зерттеу жұмысының әдістемесі:
- Ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау;
- Тәжірибелер жүргізу;
- Оқушылар арасында сауалнамалар жүргізу;
Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі:
-Алоэ өсімдігінін емдік ерекшеліктеріне жан – жақты сипаттама берілді;
-Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттерінің тиімді пайдаланудың жолдары
көрсетілді.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні:
Ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау арқылы алоэ өсімдігіне жан – жақты зерттеу
және емдік ерекшеліктерін көрсету жұмыстың теориялық мәні болып табылады.
Жұмыс барысында қолдан жасалған емдік қоспаны көпшіліктің
тұрмыстық жағдайда жасап пайдалану мүмкіндігі яғни, қолжетімдігі жұмыстың
практикалык мәні болып табылады.
Кейінгі жылдары медицинада шөптердің емдік қасиеттері, оларды кеңінен
пайдалануға ерекше назар аударылуда. Қазіргі кезде шөппен емдеу –
фитотерапияны үй жағдайында кеңінен қолдануға мүмкіндік жеткілікті. Ол
үшін дәрісіз ем – домды жасауды дәрілік өсімдіктерден іздеуіміз керек.
Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес сондықтан оларды орынды пайдаланып
қорғай біліудің маңызы зор Мың теңге тұратын дәрі шарбағыңның дәл түбінде
өсіп тұр деген халық даналығы бекер айтылмаған. Дәрі-дәрмек жасау ісінде
өсімдіктердің алатын рөлі аса зор екені тәжірибеден мәлім.
Алғаш рет Қазақстанда өсімдіктердің емдік құрамы туралы мәліметтер
ХІІІ-ХV ғасырда жазылды. Көптеген орыс қалаларында жасыл өсімдіктерді
сататын аптекалар ашылды ІІІ ғасыр бойы емдік өсімдікдерді қолдану
тәжірибелері жүргізілді. Бұл жазбалар ХVIII –ғасырдың соңына дейін
жалғасты, қаншама рет толықтырылды, ауру түрлері ажыратылды. Дәрілерді
жасау әдісі қарастырылды. Елімізде өсетін 20 мыңнан астам түрлерінің 2500 –
інің шипалық маңызы бар. Бұның 600-ге жуық түрінен дәрі дайындауға шикізат
ретінде пайдалануға болады. Алайда медицинаға 200-ге жуық дәрілік
өсімдіктер түрі белгілі. Қазақстанда өсетін 6000-ға жуық өсімдіктің
түрінің 500-і дәрілік өсімдіктерге жатады.
Лалагүлділер тұқымдасы алоэның сипаттамасы.
Алоэ- емдік қасиеттерімен бөлме өсімдіктерінің патшайымы атанған
өсімдік. Отаны-Оңтүстік Африка. Таралуы: Африка мен Индияның жартылай шөл
далаларында, Мадагаскарда кездеседі. Алоэ-асфоделовтар тұқымдасының
суккулентті өсімдіктер туысы, 400 түрі бар. Олар мәңгі жасыл немесе
алабажақ, шөптесін, бұта, ағаштектес көпжылдық өсімдік.. Суккулентті,
жапырағының жиектері тегіс немесе ара тіст. Құрғақшылық жылдары бұл өсімдік
жапырағының шырышты өзегіне қоймалжың шырын жинайды да, ол өсімдікті солып
қалудан сақтайды.. Көп жерде бөлме өсімдігі, яғни әсемдік ретінде
өсіріледі. Көбеюі вегетативтік жолмен. Ресейде мәдени өсімдік ретінде 40-
жылдарда орын тапты. Гүлдеу уақыты: қысқы айлар, әр жылда емес. Қолдану
бөлігі: жапырағы, сөлі. Жинау уақыты: жыл бойы. Қытайда веналық ауруларды
емдеуге қолданады. Алоэ суық тигенді емдейді. Мысалы: тұмау ауруына, жара
мен кесілген жерлерді жазады. Мидың үлкен ми сыңарларындағы тітіркену мен
тежегішті реттейді. Жұмыс істеу қабілетін жоғарылатып, физикалық ауырлықты
жеңеді. Ағзаның сақтандыру функциясын ретке келтіреді.
Химиялық құрамы
Жапырағында антрагликозид-алоин бар, 1,66 алоэ-эмодин, 25% алоэзин,
натолин, геманатолин, ребарберон, шайырлы қоспа, 20% эфир майы, ферменттер
мен микроэлементтер, витаминдер, фитонцидтер кездеседі. Ең құндылығы сол
құрамындағы 22 амин қышқылының 20-ы адам организмінде кездеседі. Ал жақында
ғалымдар оның құрамынан сирек кездесетін күрделі көмірсу –ацеманнан тапты.
Ацеманнан тұмау мен қызылшаны және ісік ауруларын емдеуге қолданылады.
Бүгінде ол затты СПИД-ті емдеуге қолдануда.
Қолдану бөлігі: жапырағы, сөлі. Жапырағын кесерден 2 апта бұрын
суармау керек. Емдік мақсатқа 3-5 жылдан асқан алоэ ғана жарайды. Жинау
уақыты: жыл бойы. Қасиеті: кермек дәмді, усыз келеді.
Алоэның қарсы көрсетілімдері
-өт жолдары аурулары
- бүйрек, бауыр аурулары
- гипертония
-гемморой
-жүктілік мерзімі

Алоэның пайдасы

Өкпе туберкулезі

Иммунитет

Тәбет ашады

Ангина

Күйік

Жөтел

Жараларды жазу
Суық тию

Ағзаның жалпы жағдайын жақсарту Рак
жасушаларының өсуіне тосқауыл жасайды

Алоэның қолданылуы
Жапырақ сөлі тәбет ашады, ас қорытады. Әр түрлі микробтарға қарсы тұра
алады. Химиялық медицинада алоэның шырыны жараны таңуға, әр түрлі тері
ауруларына пайдаланады. Өсімдіктердің жаңа сөлі әсіресе қараңғы жерде
ұстағаны туберкулезді емдеу үшін қолданады. Халық медицинасында жаңа
жапырақтарды күйікті жазуға, дерматитке қарсы дәрі ретінде қолданылады.
Алоэның су тұнбасы тәбетті толықтай ашады. Академик В.П.Филатов алоэның
жапырағын түнде яғни 4-8 рет ұстауы ескертеді, себебі осы уақытта алоэ
жапырағында негізгі заттар жинақталады. Олар ұлпа жұмысын жақсартады. Бұл
заттар биогенді стимуляторлар деп аталады. Осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық қоспасы
Суккулентті бөлме өсімдіктерін өсіру
Алоэның емдік қасиеттеріне шолу
Бөлме өсімдіктерінің дәрілік қасиеттерін тану, ажырата білу, олардың емдік қасиеттерін анықтау
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктердің теориялық мәнін негіздеу
Ботаникалық бақ
Өсімдіктер әлемінде кактустар мен суккуленттердің алатын орны мен маңызы
Алматы облысы бойынша орналасқан туристік обьектілермен танысу
Қара зере майы негізінде косметологиялық спрей алу
Бөлме өсімдіктерін күту және баптау жолдары
Пәндер