Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсету алгоритмі
Кіріспе
Бөлім І
1.1 Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға лекотека жағдайында коррекциялық көмек көрсету
Бөлім ІІ
2.1 Ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмысты ұйымдастыру.
2.2 Лекотеканы құру және жабдықтау
2.3 Балаларды лекотекаға іріктеуде диагностикалық зерттеуді ұйымдастыруға қойылатын талаптар
2.3 Лекотекада оқытуға іріктелген, дамуында ауытқулары бар балалардың клиникалық сипаттамасы.
2.4 Оларға көмек көрсету алгоритмі.
2.5 Даун синдромы бар балаларды дамыту және оқытудың жекелей бағдарламасы..
2.6 Есту қабілеті бұзылған балалардың сипаттамасы...
2.7 Көзінің көруінде бұзылулары бар балалардың
сипаттамасы.
2.8 Психикалық дамуында кешеуілдеуі бар балалардың сипаттамасы.
2.8 Балалардың церебральды параличі диагнозы бар балалардың сипаттамасы
2.9 Ақыл.ой кемістігі бар балаларға сипаттама
2.10Сөйлеуі бұзылған балаларға сипаттама
Бөлім ІІІ
3.1 Ата.аналармен жұмыс.
Қосымша
Ата.аналармен жекелей әңгімелесу.
Ерекше білім беруге мұқтаж балалары бар ата.аналарға тренингтер жүргізу.
Ата.аналарға арналған кеңестер.
Ата.аналарға арналған нұсқаулар.
Балалармен сабақ өткізуге арналған практикалық материалдар.
Саусақ ойындары
Балаларға жүргізілетін сабақ конспектілер үлгісі.
Әдебиеттер..

Қазіргі таңда Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларға кәсіби көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселесіне қызығушылық арта түсті. Бұл міндетті сәтті шешуге ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, Денсаулық сақтаудың Дүниежүзілік ұйымы (ДДҰ), ақыл-ойдың артта қалуын ғылыми тұрғыда зерттейтін халықаралық ассоциациясы, ақыл-ойының дамуы артта қалғандарға қызмет көрсететін қоғамдардың халықаралық лигасы сияқты және т.б. халықаралық ұйымдардың қызметі ықпалын тигізуде.
Мәселенің көлемі және оны тиімді шешу қажеттілігін әлемдік, сонымен қатар республикалық статистика дәлелдеп отыр. БҰҰ эксперттерінің бағасы бойынша мүгедектер, соның ішінде мүмкіндігі шектеулілер орта есеппен жердің тұрғындарының 10%, және 25% созылмалы ауруларға шалдыққан.
Зерттеушілердің бағасы бойынша таяудағы 10 жыл ішінде дамуында қиындықтары бар балалар санының көбеюін күту керек және бұл мәселенің Қазақстанға да қатысы бар. Әсіресе бұл мәселе экологиялық болып табылатын Шығыс Қазақстанда өте айқын көрінеді. Семей ядролық полигонындағы көп жылғы зерттеулер, Өскемен металлургиялық зауытындағы 1990 жылы болған соңғы апат аймақтағы экологиялық жағдайды күрделендіре түсті.

1. Назарова Л.П. Методика развития слухового восприятия у детей с нарушениями зрения. - Москва, 2001
2. Кондратенко И.Ю. Выявление и преодоление речевых нарушений в дошкольном возрасте. - Москва, 2005
3. Земцова М.И. Учителю о детях с нарушениями зрения. - Москва, 1973
4. Кирьянова Р.А. Комплексная диагностика дошкольников. – С-Петербург, 2002
5. Майорова А.С. Домашний логопед. - Москва, 2003
6. Коноваленко С.В. Коммуникативные способности и социализация детей 5-9лет. - Москва, 2001
7. Забрамная С.Д. От диагностики к развитию. - Москва,1998
8. Сулейменова Р.А., Ерсарина А.К., Алпысова А.Б., Шалмардина М.В. Диагностика психического развития в раннем детстве. – Алматы, 2001
9. Козлова А.В., Дешецлина Р.П. Работа ДОУ с семьей. – Москва, 2004
10. Белопольская Н.Л. Детская патопсихология. – Москва, 2000
11. Федорова И.П. Двигательная коррекция у детей с детскими церебральными параличами. – Алматы, 2004
12. Разенкова Ю.А., Айвазян Е.Б. Ранняя психолого-медико-педагогическая помощь детям с особыми потребностями и их семьям. – Москва, 2003
13. Колмагорова Е.А., Козлова Е.Ю. Организация социально-психологической и медико-педагогической работы с детьми с ограниченными возможностями в разных видах учреждений. - Астана, 2007
14. Ерсарина А.К. Психолого-медико-педагогическое обследование детей с нарушениями опорно-двигательного аппарата. – Алматы, 2008
15. Бгажнаковой И.М. Обучение детей с выраженным недоразвитием интеллекта. – Москва, 2007
16. Малер А.Р. Социальное воспитание и обучение детей с отклонениями в развитии. – Москва, 2005
17. Князева О.Л., Стеркина Р.Б. Я, ты, мы. Социально-эмоциональное развития детей от 3 до 6 лет. – Москва, 2004
18. ЮНЕСКО РНПЦ САТР. Проблемы включения детей со специальными образовательными потребностями в общеобразовательном процессе – Алматы, 2002
19.Рычкова М.Н. Поведенческие расстройства у детей: диагностики, психопрофилактика и коррекция. – Москва, 1998
20. Айтжанова Д., Закаева Г., Искакова А. Соросовский ОЦ «sStep by step». Пути сотрудничества в работе с детьми с особыми нуждами. – Алматы, 2003
21. Мастюкова Е.М. Лечебная педагогика. Ранний и дошкольный возраст. – Москва, 1997
22. Смирнова П.П. Психологическая коррекция агрессивного поведения детей. – Ростов-на-Дону, 2003
23. Мастюкова Е.М., Московскина А.Г. Семейное воспитание детей с отклонениями в развитии. – ВЛАДОС, 2004
24. Петрова В.Г., Белякова В. Психология умственно-отсталых школьников. – Москва, 2002
25. Кряжева Н.Л. Мир детских эмоций. Дети 5-7 лет. –Ярославль, 2000
26. Клюева Н.В. Психолог и семья: диагностика, консультации, тренинги. – Ярославль, 2001

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
ЮНИСЕФ
ЕРЕКШЕ БІЛІМ АЛУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ АЛГОРИТМІ
СЕМЕЙ – 2009 жыл
ӘӨК: 373
ББК 74.202.4
А 45
РЕЦЕНЗЕНТТЕР:
Едігенова А.Ж. – Семей мемлекеттік педагогикалық институты, педагогика
кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты;
Аубакирова Р.Ж. – Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті,
психология және педагогика кафедрасының аға оқытушысы, педагогика
ғылымдарының кандидаты
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР:
Полупанова Н.В., Лель Г.В., Жумагулова С.С., Нурсеитова С.Г., Аскатова
С.К., Тирская И.А.
ISBN 978 – 601 – 7044 - 98 – 5
Бұл құралда ЮНИСЕФ-тің қаржы және ұйымдастыру жағынан қолдау көрсетуімен
Ерте көмек қызметі ерекше қажеттіліктері бар отбасыларын психологиялық-
педагогикалық қамсыздандыру жобасы аясында құрылған Семей қаласының №5, 9
балабақшалары лекотека мамандарының тәжірибесі жинақталған. Мамандар ерекше
білім алу қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу және оқыту үрдісіндегі
медициналық-психологиялық-педагогик алық көмек көрсетудің және
психофизикалық кемшіліктер коррекциясының алгоритмін сипаттайды.
Авторлар лекотека жағдайында ата-аналар және педагогтар үшін ерекше білім
алу қажеттіліктері бар балаларды дамытуға арналған жекелей бағдарламалар,
бірқатар кеңес беру және нұсқаулар, сабақ конспектілерін ұсынады.
Құрал ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін педагогтарға
арналған. Құрал ЮНИСЕФ Халықаралық ұйымның қолдауымен баспадан шығарылды.
Кіріспе
Қазіргі таңда Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларға кәсіби көмек
көрсетуді ұйымдастыру мәселесіне қызығушылық арта түсті. Бұл міндетті сәтті
шешуге ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, Денсаулық сақтаудың Дүниежүзілік ұйымы (ДДҰ), ақыл-
ойдың артта қалуын ғылыми тұрғыда зерттейтін халықаралық ассоциациясы, ақыл-
ойының дамуы артта қалғандарға қызмет көрсететін қоғамдардың халықаралық
лигасы сияқты және т.б. халықаралық ұйымдардың қызметі ықпалын тигізуде.
Мәселенің көлемі және оны тиімді шешу қажеттілігін әлемдік, сонымен қатар
республикалық статистика дәлелдеп отыр. БҰҰ эксперттерінің бағасы бойынша
мүгедектер, соның ішінде мүмкіндігі шектеулілер орта есеппен жердің
тұрғындарының 10%, және 25% созылмалы ауруларға шалдыққан.
Зерттеушілердің бағасы бойынша таяудағы 10 жыл ішінде дамуында қиындықтары
бар балалар санының көбеюін күту керек және бұл мәселенің Қазақстанға да
қатысы бар. Әсіресе бұл мәселе экологиялық болып табылатын Шығыс
Қазақстанда өте айқын көрінеді. Семей ядролық полигонындағы көп жылғы
зерттеулер, Өскемен металлургиялық зауытындағы 1990 жылы болған соңғы апат
аймақтағы экологиялық жағдайды күрделендіре түсті.
Өткен ғасырдың 70-ші жылдары батыс елдер дамуында бұзылулары бар адамдарды
қоғамға интеграциялауға толық бағыт алынғанын хабарлап, дәстүрлі
терминологиялардан бас тартты (есі ауысқан, даун – баласы, ақыл есі
дұрыс емес және т.б.). Кейбір елдерде (АҚШ, Ұлыбритания, Скандинавия
елдері және кейіннен Ресейде) баланың дүниеге келген сәтінен бастап балаға
және оның ата-анасына көмек көрсетуге бағытталған ерте араласу
мемлекеттік бағдарламалары өңделген.
Қазіргі таңда демографиялық мәселе көптеген дамыған елдердің, соның ішінде
Қазақстанның да әлеуметтік саясатында бірінші қатарда тұр. Бұл мәселе
көптеген мамандар және шенеуніктер тарапынан басты болып есептеледі. Көп
жағдайда бұл адамдардың дамуындағы өзгерістерімен, жаңа моральдық және
әлеуметтік императивтердің пайда болуымен және күшеюімен шарттас. Сонымен
қатар, өркениеттің жедел дамуы жағдайында адамға, оның ақыл-ой,
адамгершілік, физиологиялық қасиеттеріне қойылатын талаптар жоғарылайды,
бұл өз тарапынан балаларды тәрбиелеу, дамыту және оқыту мәселесіне ерекше
көңіл бөлу қажеттілігін көрсетеді.
Қазіргі кездегі Қазақстандық қоғамдағы жеке тұлғаға деген қызығушылықтың
жоғарлауы бала құқығы туралы мәселелерді қарастыруға, мүмкіндігі шектеулі
балаларға әлеуметтік психикалық және медициналық-педагогикалық көмек
көрсетумен және оны зерттеу мәселесіне байланысты жаңа мәселелерді белсенді
қарауға мүмкіндік береді.
Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеудің белгілі
тәжірбиесі жинақталған. Оқыту бағыттары және жекелей дамыту бағдарламалары
өңделуде, әртүрлі патологиялары бар - неврологиялық симптоматика, ерте
жастағы аутизм, церебральды паралич, ақыл-ойдың артта қалуы, тіл
мүкістіктері және басқа психофизиологиялық бұзылулары бар балаларға
арналған реабилитациялық бағдарламалары жасалуда.
Біздің еліміз 1994 жылы БҰҰ бала құқығы туралы конвенцияны ратификациялады,
мұнымен мемлекет барлық қажеттіліктері бар балаларға деген қатынасын саналы
түрде сезінетінін декларациялады, баланың өмірге келген кезінен бастап және
ата-анаға оқыту формасын таңдау құқығын беру жағдайында.
2002 жылдың 11-ші шілдеде №343 – ІІ Мүмкіндігі шектеулі балаларға
әлеуметтік және медициналық-педагогикалық коррекциялық көмек көрсету
туралы Қазақстан Республикасының Заңының қабылдануымен байланысты әкімдік,
еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау департаменттерінде мүмкіндігі
шектеулі балаларға әлеуметтік көмек көрсету орталықтары ашылды. Қалаларда
және аудан орталықтарында, ауылдарда мүмкіндігі шектеулі балаларға
әлеуметтік қызмет, әлеуметтік психологиялық көмек көрсетудің бірқатар
жүйесі қалыптасуда.
Өзгерістер кезеңінде Қазақстанда дамуында қиындықтары бар балаларға
нәтижелі көмек көрсету формалары өзекті болып отыр. Мұндай балалармен жұмыс
бірнеше бағытта жүзеге асырылады; медициналық, әлеуметтік, психологиялық
және педагогикалық. Олардың арасындағы байланыс ынтымақтастыққа
негізделген, тығыз болуы керек, сол кезде ғана ол дамуында қиындықтары бар
балаларға және олардың отбасына кепілді көмек көрсете алады.
Қазақстан Республикасында баланың физикалық және психикалық дамуын
бақылаудың белгілі тәртібі бар.
Жанұялық дәрігерлік амбулаториялар (ЖДА) адамның, жанұяның денсаулық сақтау
жүйесімен байланыс жасаудың бірінші деңгейі, ол адамдардың тұрғылықты
жерлеріне және жұмыс орнына медициналық қызметті жақындата түседі. Алғашқы
көмек барлық адамдарға арналған, және оның қызметкерлері әлемдік қорғанысы
жоқ, бірқатар бағдарламалар бойынша әлемдік және медициналық қызмет
көрсетілетін тұрғындармен жұмыс жүргізіледі.
Ерте көмек көрсетудің отандық жүйесін құруда Батыстық тәжірибені зерттеу
өте маңызды, бірақ Қазақстан жағдайына сүйенетін отандық жұмыстарды
назардан тыс қалдырмауы керек. Біздің елімізде мемлекеттік деңгейде
сәбилердің жаңа туған кезінен бастап дамуында ауытқушылықты анықтауға
мүмкіндік беретін және әрбір баланы оған қажетті медициналық-психологиялық-
педагогикалық коррекциялық жұмыспен қамтамасыз ететін жүйені құру өте
маңызды.
Балалар дамуындағы ерте коррекция бүкіл әлемде арнайы педагогика және
психологиялық басты бағыттардың бірі болып табылады.
Л. Выготскийдің дамудағы оқытудың рөлі туралы ілімі қалыпты және аномальді
балаларды оқытудың педагогикалық тәжірбиесі үшін үлкен маңызы бар.
Аномальды балалардың дамуында оқытудың маңызы өте зор, себебі балалардың
психикасының дамуы оқыту және үйретудің белгілі жүйесінде ғана жүзеге
асады. Аномальды балаға қарағанда, қалыпты бала қоршағандармен әлеуметтік
қарым-қатынас барысында көп тәжірибе жинайды. Сондықтан психикалық іс-
әрекеттің күрделі түрлері аномальды балада педагогикалық ықпал етудің
нәтижесінде қалыптасуы мүмкін, ол дамудағы ауытқушылықтарды жеңуге
бағытталған.
Дамудағы дефектіні ерте анықтау және ауытқудың ерте коррекциясының
маңыздылығы дәлелденді. Аномальды даму кезінде қозғалыс саласында әртүрлі
деңгейдегі бұзылулардың болуы байқалады, бұл баланың тәжірибелік іс-
әрекетін тарылтып, баланың өмірлік тәжірибесін таяздатады. Бала тілінің,
қабылдауы, есте сақтауы, эмоционалды-еріктік саласының дамуына, тұлғалық
дамуына нұқсан келеді. Сөздік қордың дамымауы тек қарым-қатынасты ғана
емес, сонымен қатар белгілі бір деңгейде қабылдаудың және мақсатты
бағытталған бақылаудың дамуын кешеуілдетіп, сөздік-логикалық есте сақтаумен
ойлаудың дамуына кедергі келтіреді. Ойын іс-әрекеті және онда тәрбиеленетін
баланы мектепте оқуға даярлап, оның тұлғасын қалыптастыратын ұжымдағы қарым
-қатынас дағдылары дамымайды. Әрине, мұның барлығы әртүрлі дефектіде
түрліше көрініс береді, бірақ барлық жағдайда белгілі бір дәрежеде осы
кемшіліктерді әлсірететін, дамудағы екінші қайтара және одан кейінгі де
ауытқулардың алдын – алуға мүмкіндік беретін ерте коррекциялық оқыту және
тәрбиелеу қажет.
Бірқатар жағдайларда арнайы мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу дамудағы
бұзылулардың көрініс беруін алып және балалардың көпшілік мектепте
оқытудағы қиындықтардың алдын - алуға мүмкіндік береді, мысалы бұл
фонематикалық қабылдауы дұрыс дамымаған балаларға қатысты екендігі
дәлелденді. Айқын көрініс беретін бұзылулар кезіндегі балалармен
жүргізілетін ерте коррекциялық-тәрбиелік жұмыс олардың жағдайын қалпына
келтіруге мүмкіндік береді.
Осыдан ерте сәбилік және мектеп жасына дейінгі жастағы аномальды балаларды
оқытумен тәрбиелеудің қажеттілігі туындап тұр. Мүмкіндігі шектеулі
балалардың әлеуметтік интеграцияға құқығы халықаралық заңдармен расталған.
Дегенмен, табиғат бойынша инертті қоғам мұндай балалардың әлеуметтік
интеграциясына кедергі келтіруі мүмкін. Балаларды толық құнды дамыған және
толық құнды дамымаған деп бөлу тек обьективті факторларға ғана емес,
қоғамда ежелден қалыптасқан жағымсыз стереотиптерге негізделеді. Балалардың
ұстанатын белгілі позициясына баланың қол жететін даму деңгейі тәуелді.
Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың мазмұнды және әржақты өмір
сүру мүмкіндігі болуы қажет.
Бөлім 1
Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға лекотека жағдайында
коррекциялық көмек көрсету
Соңғы он жылдықта Қазақстан дамуында проблемалары бар немесе бұзылулары бар
балаларды тәрбиелейтін отбасыларын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан
қамтамасыздандырудың әртүрлі технологиялары белсенді түрде ендірілуде.
Мұндай көмекті ұйымдастырудың және мектепке дейінгі білім берудің
формаларының бірі – Лекотека.
Лекотека – дамуында қиындықтары бар балаларды тәрбиелейтін отбасыларына
психологиялық-педагогикалық қамтамасыздандыру жүйесі. Лекотека жұмысының
негізгі әдісі – ойын.
Лекотеканың мақсаттары:
Балалардың тұлғалық дамуы үшін, қоршаған ортаға сәтті бейімделуі үшін
жағымды жағдай жасау және оқу іс-әрекетінің алғы шарттарын қалыптастыру.
Мектепке дейінгі жастағы ерекше қажеттілігі бар балалар отбасыларына
психологиялық қолдау көрсету.
Балалардың мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне қабылдануына кедергі
келтіретін психологиялық қиындықтарды шешуге ықпал ету, отбасында және
басқада әлеуметтік топтарда бейімделуге көмектесу.
Лекотеканың міндеттері:
психофизикалық дамуында ерекшеліктері бар балаларға лекотекада мақсатты
бағытталған медициналық-психологиялық-педагогик алық көмек көрсету;
ата-аналармен балаларды тәрбиелеу және дамытудың біртұтас жүйелі бағыттарын
қамтамасыз ету мақсатымен серіктестік қатынас орнату;
баланың ерекшеліктеріне байланысты жекелей сабақтардың бағдарламасын құруға
мүмкіндік беретін ойын және ойыншықтарды қолдануға байланысты ата-аналар
және педагогтарға әдістемелік нұсқауларды өңдеу үшін лекотека қорын
пайдалану;
баланың оқу іс-әрекетінің алғышарттарын қалыптастыру үшін жекелей
техникаларды іріктеу;
дамуында бұзылулары бар балалармен психокоррекциялық жұмыс жүргізу;
- ата-аналарды балалармен өзара әрекеттесу үшін адекватты құралдарды таңдау
дағдысына үйрету.
Лекотека жағдайында балалар дамуындағы бұзылуларды ерте анықтау және түзету
мүмкіндігі ауытқудың орнын толтыруға және бала дамуы үшін жағымды жағдай
жасауға мүмкіндік береді.
Лекотека сөзі (Lekotek) швед сөздері leko, яғни ойыншық және tek -
жиналыс, жинақ - сөздерінен шыққан. Алғашқы лекотека 1963 жылы
Стокгольмде университет клиникасында ата-аналар мен педагогтардың
бастамаларымен ашылды. Лекотеканың негізін қалаушылардың мақсаты ойын
арқылы госпитализациялаудың психологиялық жарақаттау ықпалын жеңілдету.
Алғашқы америкалық лекотека 1980 жылы Иллинойс штатында мемлекет тарапынан
қолдауға ие болған қоғамдық бастама ретінде ашылды. Алғашқы америкалық
лекотеканың мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар балаларға және олардың
отбасыларына мамандармен кездесу үшін жағдай жасау. Бүгінгі таңда
америкалық лекотекалар мүгедектігі бар балалар отбасылық және қоғамдық
өмірге тез бейімделуге мүмкіндік алатын білім беруші және белгілі қоры бар
орталықтар болып табылады.
Лекотека – бұл құрылымдық қызмет атқарушы жүйе, лекотека қызметі автономды
түрде, сонымен қатар білім беру мекемелерінің құрамында жүзеге асырылады;
мектепке дейінгі мекеме; психологиялық-педагогикалық және медициналық-
әлеуметтік көмекке мұқтаж балаларға арналған мекемелер; арнайы білім беру
мекемелері.
Лекотека клиенттері - дамуында бұзылулары бар немесе айқын көрініс беретін
психогенді бұзылулары бар балалар және отбасы мүшелері. Бала үшін білім
алудың аз мөлшерде болса да мүмкіндігі маңызды фактор болып табылады.
Лекотека мамандары жекелей бағдарланған коррекциялық дамыту бағдарламаларын
жүзеге асырып, отбасыларын әртүрлі ойын үрдісіне психологиялық
қамтамасыздандыру бойынша жұмыс жүргізеді.
Қазақстанда туғаннан бес жасқа дейін және одан үлкен, дамуында мәселелері
бар балаларға көмек мектепке дейінгі мекемеден тыс көрсетіледі. Бұл баланың
әлеуметке қосылу мүмкіндігін төмендетіп, мектепте оқуы үшін қосымша
қиындықтар туғызады. Мұндай балалардың ата-аналары баламен үй жағдайында
қандай қарым-қатынаста болу керегін білмейді, бір нәрсені дұрыс істемей
қаламыз деп қорқады, ең алдымен барлығын бірден өзгертіп, баланың
денсаулығын түзеуге болатын жаңа емдеу тәсілі жөнінде ойлайды. Ата-аналар
баласын барлық мәселелерден, соның ішінде эмоционалды және әлеуметтік
қиындықтардан құтқаруы қажет мамандардың ойларына бағдарланады. Сөйтіп,
біртіндеп ата-аналардың көмек көрсете алмауы, ата-ана және бала арасында
кедергі туындайды. Балалар депривация күйінде болады (сенсорлық,
педагогикалық). Мұндай балалармен өзара әрекеттесу өте күрделі. Осы үшін
ерекше білімге қажеттіліктері бар балаларға мамандар коррекциялық көмек
көрсететін лекотекалар құрылды.
Лекотека жағдайында баланы ойынға тартып, оны ары қарай дамытудың басты
принципі баланың өз еріктілігі, сондықтан ересектер тарапынан баланы ойын
іс-әрекетіне күштеуден бас тартқан жөн.
Лекотека жағдайында ересек адам ойын ортасын ұйымдастырушы, бақылаушы рөлін
атқарады. Бала ересек тарапынан ақымақ, дөрекі ойынды таңдауы мүмкін.
Бірақ бұл баланың таңдауы, бұған ол құқылы. Бала өзі үшін еш мағынасы жоқ
ойынды ойнамайды. Ересек балалармен серіктестік қарым-қатынас орнатқан соң
ойынды қолдап, оның қатысушысы болу керек, егер ойын бір сарынды және
мағынасыз болса оны өзгерту мүмкіндігін көрсету керек. Баланың ойынға және
ойыншықтарға қатынасын көрсететін белгілерді қабылдай алу өте маңызды.
Әсіресе баланың әрекеттеріне сын айтуға, бала ойынын негізсіз үзуге жол
беруге болмайды. Баланың дамуы үшін оның ойнына немқұрайлы болуда қауіпті.
Баланың жекелей даму бағыты аурудың генетикалық себептері және ортасымен
анықталады. Темперамент ерекшеліктері, бала психикасының күшті және әлсіз
жақтары қоршаған ортасымен қарым-қатынасы барысында көрініс береді. Балаға
тән мінез бітістерді байқай алу, түсіне алу іскерлігі ересектерге ырықсыз
және ресми түрде қызықсыз ойынға итермелемеуге көмектеседі. Баланың
функционалды құзыреттілігін бағалаудың бірінші кезеңінде қажетті
ойыншықтарды іріктей алу маңызды болып келеді. Алынған мәлімет негізінде
пара-пар ойын іс-әрекетін жобалау және ойыншықтарды дұрыс іріктей алуға
болады.
Ойын ойнайтын кеңістіктің жабдықталуы дамудың қиындықтарына және бұзылулар
сипатына байланысты жоспарланады. Ойын ортасы ұйымдастырылған болу керек,
бұл баланың бейімделуін жеңілдетеді, тәртіпке үйретеді. Лекотека мамандары
осындай сұрақтарды шешуде ата-аналарға көмек көрсетуге даяр.
Баланы дамыту және тәрбиелеу бойынша жұмыс мазмұны, оның психологиялық
күйін және әрекет-қылығының коррекциясы баланың мүмкіндіктеріне байланысты
мамандармен келісіліп, ұсынылған жекелей бағдарламалар және жекелей
сабақтар негізінде жүргізіледі.
Лекотека жұмысын ұйымдастыруда баланың жас ерекшеліктерін ескере отырып
ойын және ойын материалдары қолданылады. Лекотекада баланың
психофизиологиялық дамуы үшін ойыншықтар болу керек. Бұл зейін, ойлау, ес,
қабылдау, қиял, шығармашылықты, қозғалыс белсенділігін дамыту үшін,
эмоционалды күштенуді, қол білегінің моторикасын дамытуға арналған әртүрлі
ойындар.
Жұмыстың негізгі түрлері жекелей және топтық ойын сабақтары, кеңес беру,
тренингтер, сайыстар, ата-аналар тәрбиесімен алмасуға арналған дөңгелек
үстелдер және т.б.
Лекотеканың кейбір жабдықтары ата-аналар және балаларына уақытша қолдануға
беріледі. Ата-аналарға ойыншықтарды 10-14 күнге алуға мүмкіндік беріледі.
Педагог ата-аналарға ойыншықты дұрыс таңдап алуға нұсқау бере алады.
Зерттеу және мәселені анықтау негізінде отбасын психологиялық қамсыздандыру
жөнінде шешім қабылданады. Лекотеканың клиенті ретінде тек балалар емес,
олардың ата-аналары болып табылады. Отбасымен жұмыс үйлесімділік және
сыйластық атмосферасын құруға бағытталған, осының арқасында бала дамудың
барлық мүмкіндіктерін пайдалана алады. Осындай мақсатпен ата-аналарға
кеңестер және топтық тренингтер жүргізіледі.
Балалармен жұмыстың барлық формаларында ата-аналар белсенді қатысуы шарт.
Лекотекада жекелей ойын сабақтары аптасына екі рет өткізіледі. Ойын
сабақтарының уақыттың шектеулері бар, бірақ олардың құрылымы және мазмұны
әр баланың қажеттіліктеріне және ерекшеліктеріне байланысты өзгеруі мүмкін.
Барлық берілулерді жалпылаудан кейін әрбір баламен коррекциялық жұмыстың
бағыттары анықталады.
Жекелей сабақтар кезіндегі коррекциялық жұмыстың негізгі бағыттары:
Қозғалыстарды жетілдіру және сенсомоторлық даму:
қол білегі және саусақтардың ұсақ моторикасының дамуы;
артикуляциялық моториканың дамуы;
қозғалыстардың жалпы дамуы.
Психикалық қызметтің жеке жақтарының коррекциясы.
көріп қабылдау және тануды дамыту;
көріп есте сақтау және зейінді дамыту;
заттың қасиеттері туралы жалпыланған түсініктерді қалыптастыру (түс, форма
көлемі);
кеңістік ұғымдарын дамыту;
уақыт туралы ұғымдарын дамыту;
ес зейіні және есте сақтауды дамыту.
Ойлау түрлерін дамыту.
көрнекі-әрекеттік ойлауды дамыту;
көрнекі-бейнелі ойлауды дамыту.
Қоршаған орта туралы ұғымдарын кеңейту және сөздік қорын байыту.
заттарды жекелей мүмкіндіктеріне байланысты топтастыра алу іскерлігі;
сөздің нұсқау бойынша жұмыс істей алу іскерлігі, айтылған сөзді түсіну.
5. Эмоционалды-тұлғалық сала дамуындағы бұзылулар коррекциясы.
Жекелей ойын сабақтарына қосымша ретінде лекотека мамандары аптасына 1 –
рет 2 – жастан кіші емес балалармен топтық сабақтар өткізеді. Ата-аналардың
топтық сабақтарға белсенді қатысуы – міндетті шарт. Мұндай сабақтардың
негізгі мақсаттары бала және ата-ана, балалар арасында, әртүрлі балалардың
туыстары арасында, балалар және лекотека қызметкерлері арасында қарым-
қатынастың және өзара әрекеттесудің туындауына ықпал ету. Топтық сабақтарда
жаңа эмоционалды күйлер, еліктейтін қабілеттер дамуы үшін, құрбыларына
мейірімді қатынас орнату, бірлескен ойын және өзара әрекеттесуді дамыту
үшін, эмоционалды және әлеуметтік саланы, когнетивті дағдылар және өзіне
қызмет көрсету дағдылары, белсенділігі және ынтасын жоғарлату үшін жағымды
жағдайлар жасалады. Әдетте топтар пара-пар мәселелері және балалардың даму
деңгейі бойынша қалыптастырылады - мұндай жағдайда бағдарламаларға осы
топтың ерекшеліктерін және олардың дамуына қолайлы болып келетін жаттығу
және ойындар енгізілуі мүмкін. Әртүрлі мәселелері бар балалардың, бір жасты
балалардан тұратын топтар қалыптастырылуы мүмкін. Барлық осы жағдайларда
топтарға дамуы қалыпты аға және апайларын енгізуге болады.
Топтық жұмысты ұйымдастырудың кейбір шарттары
Сабақ аптасына бір рет 1,5 сағат көлемінде өткізіледі.
Топтағы қолайлы болатын балалар саны 3 – 6 адам.
Сабақ өткізілетін бөлмеде тұрақты аймақтар болады, бұл балаларға кеңістікте
бағдарлануды жеңілдетеді.
Сабақты өткізу кезінде отбасымен жұмыс істейтін екі маманның қатысуы тиімді
(мысалы, психолог және педагог немесе дефектолог).
Топтық сабақтың құрылуының үлгісі:
Баланың келуі, бала және ата-аналардың еркін қарым-қатынасы. Құрылымдық
сабақтың алдында балаға бөлмеге және басқа балалар қоғамына, ересектер
ортасына бейімделуге уақыт беру өте маңызды.
Маман баланы ата-анасымен қарсы алады, сәлемдесу жүреді, мұнда баланы тек
маманның өзімен ғана емес, лекотекадағы барлық ересектермен сәлемдесуге
итермелейді. Сонымен қатар баланың есімі бірнеше рет аталуы қажет. Лекотека
мамандары келесі жұмыстарды жүргізеді:
қозғалыс координациясының дамуы бойынша;
зейіннің дамуы және суретте қарастыра алу іскерлігін дамыту бойынша;
сөздік қорын және тілдік қатынастың дамуы бойынша.
Стол басында ойын формасында бірқатар жаттығулар орындалады, олар
бағытталған:
естіп және естіп-көріп қабылданған, дауыстың шығуына байланысты шартты
қозғалыс реакциясын қалыптастыруға;
көз-қол координациясының, өзара әрекеттесудегі кезекті, бірдей заттарды
түсі, формасы, саны бойынша сәйкестендіре алу іскерлігін дамытуға;
еліктеу қабілеттерін дамытуға, айтылған сөзді түсіне алуын қалыптастыруға
бағытталған.
Сонымен қатар, балалармен қозғалыс ойындары, хоровод өткізіледі. Хоровод
ойындары Каравай, Көпіршік үрлен, Өрмекші тіл және қарым-
қатынастардың дамуына ықпал етеді, тілді сезіне алуды, кезекті сақтай алу
іскерлігін қалыптастырады, көп қуаныш әкеледі.
Алдына-ала жоспарланған немесе жоспарсыз пайда болған үлкен доп, модулдерді
қолданылатын ойындар енгізіледі.
Балалардың шығармашылақ қабілеттері драмматизация және ертегілерді қою
көмегімен дамытылады. Балалар және ата-аналармен шағын таныс ертегілер
ойнатылады.
Сонымен қатар, лекотекада сурет салу, ермексазбен жасау, аппликация үшін
жабдықтар қажет. Балалар тобының құрамына, бағдарына және көңіл күйлеріне
байланысты белгілі бір іс-әрекет түріне аз немесе көп уақыт бөлуге болады.
Мұндай шығармашылық балалар тарапынан көп күш жұмсауды, ұзақ уақыт зейінін
шоғырландыруды талап етеді.
Еркін ойында қажет. Балалар өз бетімен немесе ересектер, мамандардың
қатысуымен ойнайды. Ересектер міндетті балалардың бір-бірімен ойынын және
өзара әрекеттесуін ұйымдастыру, заттарды, ойыншықтарды қолдануды
ынталандыру, ойын әрекеттерін мадақтау.
Топтық сабақ қоштасу сөздерімен немесе қимыл қозғалыспен аяқталады.
Топтық сабақтар мазмұны, мақсаты, ұйымдастырылуы бойынша әртүрлі болуы
мүмкін, бірақ олар:
бала дамуы және тәрбие мәселелеріне байланысты ата – аналар құзыреттілігін
қалыптастыруға;
балалардың тұлғалық дамуы және әлеуметтік бейімделуіне;
өзара интеграция үрдістерін дамытуға бағытталу керек.
Мысалы: сабақ барысында:
1. Балаларда өзі туралы көзқарас қалыптасады, дене бөлшектерімен танысады,
басқа балалармен әлеуметтік байланыс орнатылады.
2. Ана және баланың өзара әрекеттесуі ұйымдастырылады (бірлескен ойында
ананың баланың ырқына көнуі эмоционалды қарым-қатынас, басқа балалармен
бірлескен және өзбетімен ойынды дамыту жалпы және ұсақ моториканы,
қабылдау, зейін, ойлау, тіл, әрекетті үлгі бойынша меңгеруді дамыту.
3. Ата-ана және балалардың өз беттілігі, ынтасы, ата-аналардың бір-бірімен
және мамандармен қарым-қатынасы дамиды.
Лекотеканы ұйымдастыруда бірқатар принціптерді сақтау қажет:
ата-ананың жекелей және топтық сабақтарға өз еркімен қатысуы.
сабақтардың арнайы ұйымдастырылған кеңістікте арнайы іріктелген әртүрлі
жабдықтармен, ойыншықтармен өткізіледі.
сабақтың үнемі және жүйелі болуы.
Баланың сабақтың аяқталуы туралы шешім бірқатар жағдайлар бойынша
қабылдануы мүмкін:
Ата-аналар сұранысының қанағаттандырылуы және балалардың белгілі бір даму
деңгейіне жетудің негізінде.
Баланың мектепке дейінгі мекемеге ауысуы.
Ата-аналармен баланың болашағы туралы әңгіме жүргізіледі, мектепке дейінгі
мекемеде немесе ата-ананың өзімен баланы қамсыздандыру туралы нұсқаулар
беріледі. Лекотека мамандары әрбір баланың психофизиологиялық дамуы үшін
қажетті жағдайлар жасап, ерекше бала тәрбиесіне және оқытуда көмек көрсету
қажет. Лекотека жағдайындағы коррекциялық көмек дамудағы ауытқушылықтарды
жеңуді және мінездегі бұзылулардың, оқытудағы қиындықтарды алдын-алуды
көздейді.
Бөлім 2
Ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмысты ұйымдастыру.
Лекотеканы құру және жабдықтау
Ерекше білімге қажеттіліктері, ментальды және басқа да бұзылулары бар
балаларды қолдаудағы басты міндет қазіргі таңда психофизикалық кемшіліктер
коррекциясына, оларды тәрбиелеу және оқыту барысында медициналық-
педагогикалық көмек көрсету.
Қазақстан Республикасының Шығыс-Қазақстан облысында Ерте көмек қызметі
ерекше қажеттіліктері бар отбасыларын психологиялық-педагогикалық
қамсыздандыру жобасы аясында ЮНИСЕФ-тың қаржы жағынан және ұйымдастыру
жағынан қолдау көрсетуімен мектепке дейінгі ұйымдар негізінде үш лекотека
құрылды.
Бұл құралда Семей қаласының №5, 9 ясли бақшалары лекотека мамандарының
тәжірибесі жинақталған. Біздің лекотекаларда әртүрлі дамыту ойындары және
ойыншықтары, балалар кітаптары, бейнелеу іскерліктері, шығармашылығын
дамыту, эмоционалды күштенуден арылу және релакция үшін қажет жабдықтар
жинақталған. Лекотекада жинақталға үстел-үстілік-баспа ойындар балалардың
қоршаған дүние туралы білімдерін кеңейтеді, қабілеттерін дамытады. Ойында
балалар үйренеді:
бейнені шынайы объектімен біріктіруге, оны басқа объектілер тобынан бөліп
алуға;
адамдар қызығуларымен таныса отырып, суретте бейнеленген жағдайды сөзбен
сипаттауға;
заттар арасындағы логикалық байланысты орнатуға, заттарды ортақ белгісі
бойынша біріктіруге: түсі, формасы, көлемі және т.б;
уақыт бойынша бағдарлануға.
Еркін ортада ойын формасында балалар материалдар және олардан жасалған
бұйымдармен танысады, заттарды жеке функциялардың жиынтығы ретінде, бір
бүтіннің бөлшектері ретінде қабылдауға үйретеді, заттарды контуры бойынша
анықтап, оларды атауға үйретеді.
Қиюға арналған арнайы ойыншықтар балаларға тұтас және жартысын анықтауға
көмектеседі. Лимон тұтас, лимонның жартысы, саңырауқұлақ тұтас – қиылған
соң – аяғы, басы және тағы сол сияқты.
Ойын барысында балалар көзбен қабылдап, заттарды контуры бойынша анықтап,
орнына қоюды үйретеді. Домино, Лото үстел-үстілік-баспа ойындары зейін,
қабылдау, есте сақтауды дамытады, өз бетімен шешім қабылдауды және басқа
балалармен ойнауды үйренеді.
Әртүрлі құрастырушы ойындар және мозаикалар модельдеу және шығармашылық
нәтижелер – сурет және құрылыстарды жасауға мүмкіндік береді.
Әртүрлі көлемдегі ағаш паззлы қабылданады, қиял, ойлау және қол білегінің
ұсақ моторикасын дамытады. Танымдық даму үшін әріптері, суреттері бар
кубиктар, балалардың сенсорлық іскерліктерін қалыптастыруға арналған
әртүрлі ойыншықтар: тесігі бар үйлер, логикалық куб, пирамидалар, және
басқалары. Лекотекада балаға санауды үйрететін ойындар бар. Балық аулау,
Бақалар магниттік ойындар қозғалыс координациясын, көріп өлшеуді
дамытады. Егер екі бала ойнаса, әртүрлі түсті балықтарды саны бойынша
жинауға болады, кім тез деп жинайды және тағы басқа. Құрастыру іс-әрекетін,
шығармашылығын дамыту үшін әртүрлі құрылыс материалы бар, олар жекелей және
кіші топтар сабағында қолданылады.
Ерекше қажеттіліктері бар балалардың қозғалыс белсенділігін дамыту үшін
жүруге, жүгіруге, секіру, шығуға арналған жұмсақ корпустық материал
іріктелген.
Сонымен қатар бейнелеу қабілеттерін дамытуға арналған әртүрлі материал бар:
түрлі-түсті ермексаз, түрлі-түсті саз, альбомдар, акварель бояулары, шыны
бояулары, түрлі-түсті қағаз, қайшы және басқада жабдықтар.
Лекотекадағы корректорлық дамыту жұмысы мульти-дисципметорлы мамандар
тобымен жүзеге асырылды (педагог – дефектолог, психолог, сурдолог,
психиатор – дәрігер), олар бала дамуының негізгі бағыттарына бағдар алады:
әлеуметтік;
физикалық;
танымдық.
Ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларға коррекциялық жұмысты ұйымдастыру
келесі жоспар бойынша жүзеге асырылды:
психологиялақ-медициналық-педагогик алық кеңес арқылы мүмкіндігі шектеулі
балаларды іріктеу;
бала туралы мағлұмат жинау;
баланың психофизикалық күйін зерттеу;
боланы дамыту және оқытудың жекелей корректорлық жоспарын жасау;
баланы дамыту және оқытудың жекелей бағдарламасын жасау;
ата-анамен жұмыс.
Лекотека жағдайында коррекциялық көмек көрсету үшін балаларды іріктеу
психикалық-медициналық-педагогикалы қ кеңес арқылы жүзеге асырылды. ПМПК
мамандары баланың даму тарихын зерттеді (амбулаторлық карта), балалар
туралы анамнездік мәліметтер талданды. Осы берілулердің негізінде балалар
лекотекаға коррекциялық көмек алу үшін жіберілді.
Тәжірибенің көрсетуі бойынша объективті диагностика үшін баланы клиникалық-
физиологиялық және психологиялық-педагогикалық зерттеудің берілулеріне
сүйену керек. ЖДА дәрігері анамнездік ақпарат жинайды (жүктілік және
босанудың өтуі, баланың бірінші айы және өмірінің бірінші жылының даму
ерекшеліктері), психикалық іс-әрекеттің барлық салаларының дамуы-тілі,
қозғалыс функциялары, эмоционалды жауаптары. Ұйқы және сергектік кезі,
тамақтануы тиянақты зерттеледі, потологиялық, невротикалық белгілердің,
дірілдеу пароксизмінің пайда болу жағдайлары анықталады. Дәрігер бала
дамуындағы белгілі бір патологияны анықтайды, психикалық-медициналық-
педагогикалық кеңеске бағыттайды, мұнда мамандар командасы неврологиялық,
психиаторлық, логопедиялық, офтольмологиялық, сурдологиялық,
дефектологиялық зерттеу жүргізіп диагноз анықтайды.
Ерекше қажеттіліктері бар балалардың денсаулығын нығайту және физиологиялық
дамуына кешенді медициналық-педагогикалық қамтамасыз ету жүйесінде бір-
бірімен тығыз байланысқан екі бағыт анықталады: медициналық және
психологиялық-педагогикалық. Әрбір бағыт аясында жалпы және арнайы
міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін әртүрлі іс-шаралар жүргізіледі.
Медициналық аспект емдік сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырудан көрінеді, бұл
жұмыс жоспарлы және жүйелі түрде жүргізіліп, оған кіреді:
алдын-алу шаралары (баланы мұқият тексеруден өткізу, денсаулығы және жүйке
жүйесінің жағдайына динамикалық бақылау жасау);
сауықтыру іс-шаралары (массаж, ЕФМ).
Балаға көрсетілетін медициналық көмек коррекциялық – дамыту жұмысының
барлық бағыттарын нәтижелі жүзеге асыру үшін барлық жағдайлар жасайды
(физиологиялық, ақыл-ой, эмоционалды және әлеуметтік даму.)
Бала денсаулығын нығайту және физиологиялық дамуына кешенді медициналық-
педагогикалық қамтамасыз етудің педагогикалық аспектісі лекотекада ең
бастысы болып табылады. Оның негізгі элементі танымдық іс-әрекетті
ұйымдастыру. Сонымен қатар ересектер және бала арасында, балалар арасында
қарым-қатынас орнату үлкен маңызға ие болады, бұл қарым-қатынас:
педагогтар және ата-ана тарапынан бірдей талап қоюға негізделеді;
балалармен қарым-қатынаста педагогикалық такт сақтау;
балаға деген қатынаста мейірімділікті, құрметтеуді таныту, баланың даму
мүмкіндіктеріне сәйкес талап қою.
Коррекциялық-дамыту жұмысын жүргізу үшін балаларды алдын - ала іріктеу
үрдісіне лекотека мамандары балалардың ата-аналарымен жекелей әңгіме
жүргізіп, бала және оның отбасының әлсіз және күшті жақтарын анықтады.
Анықталғандай, ата-аналар баланың мәселесін және өздері алғысы келетін
көмектің (медициналық немесе психологиялық-педагогикалық) сипатын анықтауды
қиналады.
Балалар дамуында әртүрлі ауытқушылықтардың болуы анықталады. Олар
психофизиологиялық дамуының әртүрлі жақтарына қатысты болады: есту тіл
жүйесі, көріп қабылдау, ақыл-ой, эмоционалды-еріктік, қозғалыс салалары,
әртүрлі дәрежеде көрініп және әртүрлі себептермен туындады: ананың жүктілік
кезіндегі кейбір инфекциялық сырқаттары (күрделі вирустық тұмаулар,
қызамық) ұрықтың жарақаттық зақымдары және тағы басқа.
Танысудың басынан анықтау қажет етеді:
ата-аналардың мамандармен бірлесіп әрекет етуге даярлығын анықтау;
ата-аналарды бірлесіп әрекет етуге даярлау, бұл көп уақытты күш жұмсауды
талап етеді;
мамандармен бірлесіп жүзеге асыра алатын коррекциялық жұмыс көлемін
анықтау;
ата-аналарға қолдау және көмек көрсету, себебі жұмыс нәтижелері бірден
көрініс бермейді, сондықтан ата-аналар нәтижесіз күш жұмсадық деген
көзқараста болуы мүмкін.
Бала және отбасымен жұмыс мазмұны және бағыты әрбір балаға
дифференциацияланған (жекелей) бағыт жасаумен анықталады және келесі
жағдайлар есепке алынады:
жасы;
соматикалық, неврологиялық және психологиялық дамудағы ауытқулардың
өзгешілігі;
әр баланың жекелей ерекшеліктері;
Зерттелген балалар анамнезінде анықталды:
генетикалық бұзылулар;
орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымданулар,
ерте босану (недоношенность);
перинаталды энцефалопатил;
балалар церебральді параличінің қалдық белгілері;
психомоторлық және сөздік дамудың кешеуілдеуі;
есту және көрудің бұзылулары;
туа берілген гидроцефалия.
Лекотекада жұмысты жүзеге асыру үшін 12 баладан тұратын топ іріктелді, 6 –
ұл және 6 – қыз балалар, әртүрлі диагноздары бар:
Даун синдромы және ВПС – 1;
көрудің бұзылуы және психикалық және тіл дамуындағы кешеуілдеулер – 1;
туа берілген кереңдік және психикалық және тіл дамуындағы кешеуілдеулер –
1;
балалар церебральді параличінің (ДЦП) қолдың белгілері. Диплеция
психикалық, тіл және моторлық дамудың кешеуілдеуімен – 4;
туа берілген гидроцефалия психикалық және тіл дамуындағы кешеуілдеумен, 1
дәрежелі нейросенсорлык кереңдік, оңжақты гемопорез – 1;
перинаталды энцофолопатия салдарынан психикалық және тіл дамуының
кенеуілдеуі – 4.
Балаларды лекотекаға іріктеуде диагностикалық зерттеуді ұйымдастыруға
қойылатын талаптар
Бірінші кезекте, әрбір бала туралы психологиялық-медициналық-педагогик алық
ақпарат жинау керек, мұнда көрсетіледі:
баланың аты-жөні, туған жылы;
үйдің мекен жайы;
ата-анасы туралы мәлімет;
клиникалық анамнез;
психомоторлық даму;
самотикалық сырқаттары;
психологиялық зерттеу;
педагогикалық зерттеу.
Әр балаға психологиялық-педагогикалық зерттеу картасы толтырылып, соңында
қорытынды жазылады.
Психологиялық-педагогикалық зерттеу картасы
Әлеуметтік даму
1. Қарым-қатынас құралдары:
Сөздік: дыбыстарға еліктеу, жеке сөздер, сұрағы, ойлары
___________________________________ ___________________________________ ______
__________________________________
Экспресивті – ым – ишара (күлуі, табиғи, арнайы қимылдары)

Заттың - әрекеттік (заттарды беруі, ересек адамға жақындатуы, қарсылық
білдіруі.__________________________ _____________
___________________________________ ____________________
Баланың ересектермен байланыс орнатуға ынтасы:
Жеңіл және тез________________________________ __________
Таңдамалы байланыс жасайды____________________________ _
Ресми байланыс___________________________ ______________
Байланысқа түспейді___________________________ __________
Баланың басқа балалармен байланыс орнату ынтасы:

Әрекет-қылық және эмоционалды-еріктік сала ерекшеліктері
Белсенді (енжар)____________________________ _____________
әрекетшіл (инертті) ___________________________________ ___
басқа балаларға агресивтілік көрсетпейді (агресивті) __________
басым көңіл-күйі (сергек, байсалды, ашушаң, тұрақсыз, көңіл -күйі күрт
өзгереді) ___________________________________ ____
Балалардың мінез-құлық ерекшеліктері – байсалды, бедсенді, белсендігі
төмен, енжар, өмірді жақсы көреді (жизнерадостный), күлімсіреп тұрады,
ашушаң, қырсық, дау-дамайлы, әлсіз, жиі (сирек) жылайды және тағы басқа.

6.Баланың дағдылары:
қасықпен өзбетімен тамақтанады________________________ ___
ас ішу (столовые) құралдары қолданады_____________________
тиянақтап ас ішеді, майлықты қолданады, тамақтан кейін рахмет
айтады___________________________________ ________
өзбетімен қолын сабынмен жуады__________________________
жеке бас тазалығы заттарын пайдаланады___________________
үй тұрмысының шаруаларын орындауда тазалықты
ұстанады___________________________________ _________________________________
__________________________________
тазалық ұстанбайды___________________________________ ___
7. Сенсорлық даму:
қиылған суреттерді жинау______________________________ ___
матрешкаларды жинау______________________________ ______
заттарды түсі бойынша топтастыру_________________________
заттарды формасы бойынша топтастыру_____________________
көлемі, формасы, түсі әртүрлі заттарды салу_________________
8. Көрнекі-әрекетті ойлаудың дамуы:
әртүрлі жағдайда өзбетімен шешім қабылдайды _____________
көп заттардың ішінен сандарды шығару_____________________
заттарды атқаратын қызметі бойынша топтастыру____________

9. Сөйлеу жағдайы:
баланың ауызша сөйлеуді түсінуі
көрнекі таңдау жасамау жағдайында сөздерді,
сөз тіркесін (фраза) түсіну:
иә
мысалы___________________________________ ___________________________________
_________________________________
жеке сөздер және сөз тіркестері, мысалы,____________________
жоқ ___________________________________ ________________

нақты шектеулі таңдау жасау жағдайында жеке сөздерді, сөз тіркестерін
түсіну:
иә,
мысалы,___________________________________ __________________________________
__________________________________
жоқ___________________________________ ___________________________________ ___
__________________________________
10.Баланың өзбетімен сөйлеу жағдайы:
Екі және одан көп сөзден тұратын фразалық сөйлеу, мысалы,

жеке толық және былдыр сөздер, дыбыстарға еліктеу,
мысалы,___________________________________ _____________
дыбыстарға еліктеу және дауыс реакциялары (бар немесе
жоқ)___________________________________ ________________
байланыссыз былдырлау, дауыс реакциялары, айқайлау (бар немесе жоқ)
___________________________________ _________
сөздік қоры импрессивті (енжар): жас шамасына сай келеді, сәйкес
келмейді___________________________________ ______
сөздік қоры экспрессивті (белсенді)________________________
Қорытынды: ___________________________________ ________

Лекотеканың барлық мамандары келесі жұмыс түрлерін жүзеге асырады:
Бала және оның отбасын жан-жақты зерттеу, анықтау
медициналық және отбасылық анамнез;
баланың әлеуметтік даму жағдайы;
тәрбие жағдайын және түрін;
отбасылық қарым-қатынас сипатын.
Кешенді түрде зерттеу жүргізу
соматикалық күйі;
есту қабілетінің жағдайы;
көру қабілетінің жағдайы;
қозғалыс жағдайы, қимыл;
баланың эмоционалды дамуының ерекшеліктері.
Диагностикалық зерттеу жағдайларын және әдейілеп ұйымдастыруда баланың
ерекшеліктерін есепке алу.
Бала туралы барлық ақпаратты талдау негізінде баланы зерттеу кезінде оның
жасы және жекелей дамуы есепке алынды.
Ерекше мүмкіндіктерге ие балалар байланыс орнатып және тапсырма орындау
барысында іс-әрекетке тез және өз еркімен кіріспейді. Зерттеуді баланың
өзбетті іс-әрекетін бақылаудан бастаймыз, оның белсенділігін белгілейміз,
заттың және ойын әрекеттеріне назар аударамыз. Кейбір жағдайларда балалар
ойыншықтармен ешқандай әрекет жасамаған кезде, біз балаға ойыншықтар және
олармен әрекет жасау тәсілдерін ұсындық. Зерттеу кезінде баланы сөзбен, ым-
ишарамен, мадақтап, эмоционалды тұрғыдан қолдап, көмектесіп отыру керек.
Зерттеу кезінде анықталды:
орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымданулары;
перинаталды энцефалопатия;

естудің бұзылулары;
көрудің бұзылулары;
туа берілген гидроцефалия.
Алдын-ала зерттеу және ата-аналарымен әңгімелесу балалардың келесі
мәселелерін анықтауға мүмкіндік береді:
баланың нақты күн кестесі болмаған;
баланы оқытуға бірдей талаптар сақталмаған;
кейбір балаларда танымдық іс-әрекетті дамытуға арналған ойыншықтар және
құралдар болмайды;
өзіне қызымет көрсету дағдылары қалыптаспаған: (киіну, киімді шешу, түйме
тағу дағдылары);
балаларға өз заттарын белгілі орынға жинауды үйретпеген;
балаларды өз денесіне және киіміне күтім жасауды үйретпеген;
кейбір балаларды қарым-қатынастың вербальды формалары көрініс бермейді,
айтылған сөзді жартылай түсіну тән;
ойын және өнімді іс-әрекет түрлерінің алғышарттары қалыптаспаған;
сенсорлық естіп қабылдау және зеиіні қалыптаспаған;
балалар заттың түсін, формасын, көлемін ажырата алмайды;
баланың ересектермен бірлескен әрекеттері көрініс бермейді;
үй және жабайы жануарлар, олардың төлдері туралы түсініктер қалыптаспаған;
жалпы моторика қалыптаспаған;
көру-моторлық координациясы қалыптаспаған;
балалар сюжеттік ойындарға қызығушылық танытпады.
Дамыту және оқытудың жекелей коррекциялық жоспары келесі бағыттардан
тұрады:
денсаулық жағдайы және тәрбие шарттары;
дене шынықтыру тәрбиесі;
өзіне қызымет көрсету және мәдени-жеке бас тазалық дағдылары;
әлеуметтік даму;
танымдық іс-әрекеттің дамуы;
сөздің дамуы;
ойын іс-әрекетінің дағдылары;
нәтижелі іс-әрекет түрлерінің қалыптасуы;
еңбек тәрбиесі;
ата-аналарға нұсқаулар беру.
Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға арналған коррекциялық жұмыс
жоспары
Жұмыс Коррекциялық жұмыс мазмұны
бағыттары
Денсаулық Бала денсаулығын нығайту және
жағдайы және нақты күн кестесін сақтау.
тәрбие Жекелей сабақтың ұзақтығы 60
шарттары минуттан, топтық сабақтың ұзақтығы
Дене шынықтыру1,5 сағаттан аспауы керек.
тәрбиесі Тыныс алу және релакциялық
жаттығулар.
Массаж, бала организімін
шынықтыру.
Қозғалыстың негізгі түрлерін
(жүру, жүгіру, шығу секіру,
лақтыру, еңбектеу);
Әртүрлі қозғалыс дағдыларын
дамыту;
Ұсақ моториканың және
көру-қозғалыс координациясының
дамуы;
Дұрыс (осанка) қалыптастыру,
тепе-теңдікті дамыту.
Өзіне қызмет Мәдени жеке бас тазалығы
көрсету және дағдыларын қалыптастыру – жуыну,
мәдени – жеке тамақтануға үйрету.
бас тазалық
дағдылары
Әлеуметтік Өзі туралы көзқарас қалыптастыру
даму Сенсорлық, есту және көру
қабылдауы және зейінді дамыту.
Танымдық іс - Заттардың түсін, көлемін,
әрекетті формасын, тұтастығын, тактильді
дамыту қозғалыс қабылдауын дамыту.
Көрнекі-әрекетті ойлауды
қалыптастыру, бейнелі ойлауға
алмасуы.
Бағдарлау іс-әрекетін және
танымдық белсенділікті дамыту,
ақыл-ой іс-әрекетінің негізгі
компоненттерінің арасындағы өзара
байланысты нығайту: әрекет, сөз
және бейне арасында.
Баланы шешімін табу қажет
жағдайлармен таныстыру (балаға
судан допты алу немесе бұтадан
шарды алу, ойыншықты таяқшамен алу
сияқты тапсырмалар беру);
Жабайы және үй жануарлары туралы
түсініктерін қалыптастыру;
Сандық түсініктерін қалыптастыру;
Қоршаған дүние туралы түсініктерін
қалыптастыру.
Әлеуметтік Ересектер және құрбыларымен өзара
даму әрекеттесуі тәсілдерін
қалыптастыру; эмоционалды қатынас
және сезімдерін жақын адамдарына
білдіре алу тәсілдерін тәрбиелеу.
Сөздің дамуы 1. Белсенді артикуляциялық
гимнастика өткізу: еріндерін
күлімсіреп созу, оларды трубка
тәріздес алға шығару, ауызын кең
ашып және тістерін көрсету және
тағы басқа, статикалық және
динамикалық жаттығулар орындау;
дыбыстар және буындар жиынын
еліктей отырып айту; ауа жолын
қалыптастыру; шар, көбелек және
т.б. жеңіл заттарға үрлеу.
2. Айтылған сөздің мағынасын
түсінуді дамыту.
Сөздік нұсқау бойынша әрекет
жасауды үйрету: Тәтең қане,
көрсетші? Міне ол! Тәтенің көзі
қане, көрсетші?
Міне олар! Тәтенің қолы қане,
көрсетші? Міне олар!
1-2-3 әрекеттерінен тұратын сөздік
нұсқау бойынша әрекет жасауды
үйрету: Қуыршақты ал. Қуыршақты
алып Машаға бер. Қуыршақты ал,
үстелге отырғыз, тамақтандыр.
Заттар арасындағы кеңістік
қатынастардан туатын сөздік нұсқау
бойынша тапсырма орындауды үйрету:
применение предлогов на, под, в,
за
Фонетикалық-фонематикалық естуді
қалыптастыру.
Дыбыстар, буындарды және дара
сөздерді қайталауға ынталандыру
жатады, жансыз табиғат және тіл
дыбыстарын тыңдату;
Дыбысқа еліктеумен ән айту,
тақпақтарда жетіспейтін сөз және
буындарды қайта жаңғыртуға
ынталандыру.
Актив және пассив сөздік қорының
дамыту.
Тілдің граммтикалық құрылымын
қалыптастыру, байланысты тілді
қалыптастыру.
Заттық ойын ісБалаларда көрнекі-әрекетті ойлауды
- әрекеті дамытуға алғышарт жасау:
мақсатқа бағытталған заттық-ойын
әрекеттеріне және заттардың
қасиеттерін ескере отырып жеке
ойын әрекеттеріне үйрету: затты
пара-пар ұқсас формасы, көлемі,
түсі бойынша ажырату; заттың
екінші жұбын таңдау:
баланы ересектің әрекетіне еліктеу
бойынша әрекет жасауға
ынталандыру: заттарды қолмен ұстап
алу, тесікке салу, қорапшаға салу
және т.б.
тексеру және өлшеуді қолдану
көзбен сәйкестендіру.
тәжірибелік және ойын
тапсырмаларын орындау үрдісіне
мақсатқа бағытталған қарулы
іс-әрекетті қалыптастыру.
Нәтижелі іс - Суреттемелерден (сурет, құрау,
әрекет аппликация) қоршаған шындықтың
түрлеріне шынайы заттарын тануды үйрету.
қызығушылықтыңСурет салу. Сурет салуға
қалыптасуы қызығушылық туындату: ересек
баланың алдында өз әрекетін
сипаттай отырып сурет салады.
Ересек адам заттардың суретін
салып, олардың элементтерін салуды
аяқтауды ұсынады, мәселен ересек
адам шардың суретін салады, балаға
шардың жібін салуды ұсынады және
т.б.
Заттарды жапсыру алдында зерттеу
әдістерін қалыптастыру; әртүрлі
тәсілдерді қолдану арқылы жұмыс
жасау; ермексазды бөліктерге
бөлуді үйрету, түзу, шеңбер
қимылдармен жасау және т.б.
Аппликация. Жайпақ заттарды
қағазға жапсыруға болатындығын
таныстыру; заттарды көрсету
бойынша жабсыруға үйрету –
жіптегі шарлар, аквариумдағы
балықтар, заттарды қағазда
орналастыруды үйрету, желімді,
майлықты, қылқаламды пайдалануды
үйрету.
Құрастыру. Көрсету, үлгі және
сөздік нұсқау бойынша құрастыруды
жасауды үйрету, екі әртүрлі
элементтерден құрастыру жасау, екі
– үш жасалған затты құрастыруды
жасау, жасалған құрастырулармен
ойнау.
Еңбек Қарапайым тұрмыстық әрекеттерді
тәрбиесі. бірлесе отырып орындауды үйрету,
содан кейін нұсқау бойынша орындау
(үстелді сүрт, гүлдерді суар,
еденді сыпыр, ыдыс – аяқты жу:
кесе, тарелка және т.б.
Дамыту және оқытудың жекелей коррекциялық жоспарының негізінде дамыту және
оқытудың бағдарламасы өңделіп жасалды.
Жекелей бағдарламаның мазмұнында келесі жағдайлар көрініс алды:
тәрбие жағдайыбірыңғай талаптардың болуы, отбасында күн кестесін сақтау;
физикалық тәрбие;
өзіне қызмет көрсету дағдылары;
әлеуметтік даму;
танымдық іс-әрекеттің дамуы;
тіл дамуы;
ойын іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру;
нәтижелі іс-әрекет түрлерін қалыптастырубейнелеу өнері;
ата-аналармен жұмыс (кеңестер, семинарлар, тренингтер, сауалнамалар,
бірлескен сабақтар);
Педагогикалық коррекция танымдық, тіл, эмоционалды-коммуникативті
дағдыларды қалыптастыруға бағытталған арнайы коррекциялық сабақтардан
тұрады. Балалар жекелей және топтық сабақтарға қатысты. Балалар топтық
сабақтарда өзіне қызмет көрсету және әлеуметтік-тұрмыстық бағдар дағдыларын
жақсы меңгереді. Лекотека жағдайындағы сабақтар танымдық, қозғалыс және
эмоционалды-тұлғалық дамуға, балалар-ата-аналар қатынасының жақсаруына
ықпал етіп, баланың жалпы соматикалық күйін шынықтырды.
ЛЕКОТЕКАДА ОҚЫТУҒА ІРІКТЕЛГЕН, ДАМУЫНДА АУЫТҚУЛАРЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ
КЛИНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Оларға көмек көрсету алгоритмі
Даун синдромы (ауруы) бар балалардың сипаттамасы
Бұл ауру хромосомды сырқаттар қатарына жатады, оның негізінде хромосома
сандарының немесе құрлымының өзгеруі жатыр. Даун ауруында адамда норма
бойынша 46 емес, ал 47 хромосом (2 хромосомның орнына 3).
Кариотип аномалиясының 3 варианты бар:
Регулярная трисомия
Мозаицизм
Несбалансированная транслокализация
Әдетте регулярная трисомия (барлық жағдайдың 95 %) жиі кездеседі.
Сырқат бала дүниеге келген соң оның түрінен бірден анықталады. Баланың беті
жалпақ, көз қиығы монголоид тәріздес, бас сүйегінің көлемі кішірейтілген,
желкесі орып тасталған, деформацияланған, көлемі үлкен емес және төмен
орналасқан бақалшақ. Мұрыны қысқа, кеңсірігі майысқан, әдетте жоғары жақтың
толық дамымауы байқалады, тілі үлкен қыртысты, географиялық. Даун ауруына
шалдыққан балалардың дүниеге келген кезде дене салмағы аз, бойы аласа,
қолдары денесіне пропорционалды сәйкес келмейді. Олардың көпшілігінде ішкі
мүшелердің, әсіресе жүрек-қан тамыр жүйесінің ақаулары болады. Дүниеге
келген алғашқы айлардан бастап психомоторлық дамуы артта қалады. Олардың
көбінде тілі кеш шығады және дыбыстарды айтуда дефектілері болады. Балалар
өзіне айтылған сөзді жақсы түсіне алмайды, олардың сөздік қоры таяз.
Балалардың эмоционалды саласында салыстырмалы тұрақтылық, еліктеушілік
байқалады. Даун ауруы кезінде ақыл-ойдың артта қалуы әртүрлі деңгейде
көрініс береді. Мұндай балалар ойлауы нақты, баяу, олардың зейіні және
мазмұнды есте сақтауы бұзылған. Механикалық есте сақтауы сақталып қалады.
Балалар қарым-қатынаста ашық, тез сенеді. Дегенмен олардың кейбіреулері өте
қозғыш, қырсық, тежелгіш болуы мүмкін. Мұндай балалар әр уақытта толық
әлеуметтік бейімделе алмайды және жақын адамдарының қамқорлығы және
көмегіне зәру.
Мұндай балалар үшін мамандардың ерте диагностикасы және коррекциялық көмегі
өте маңызды. Ерте диагностика және емдік гимнастика көмегімен бала қажетті
моторлық қабілеттерге ерте ие болады. Баланың ересектермен бірге бірлесіп
ойнауы Даун синдромы бар балалардың дамуы үшін маңызды болып келеді.
Балалар көп ойыншықтарды қажет етеді, себебі олар баланы белсенді әрекет
жасауға ынталандырып және таным үрдісін жеңілдетуі керек. Ойынға басқа
балаларды қатыстыруда маңызды, бұл балаға көп қуаныш әкеледі. Осы
нұсқауларды лекотека жағдайында сәттілікпен жүзеге асыруға мүмкіндік бар.
Даун синдромы бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстың жалпы
принциптері және ережелері
Ерте коррекция принципі.
Даун синдромы бар балаларды тәрбиелеу және оқытуда іс-әрекет бағытын жүзеге
асыру принципі.
Коммуникативті бағыттылық принципі.
Тәрбие және оқыту жекелей – дифференциацияланған бағыт тұрғысынан жүзеге
асырылады.
Әртүрлі әдістерді қолдана отырып (көрсету, түсіндіру) өзіне қызмет көрсету
дағдыларын дамыту қажеттілігі.
Балардың танымдық іс-әрекетін, тілінің дамуын, оқу іс-әрекеті дағдыларының
қалыптасуын белсендендіретін әдістерді қолдану.
Емдік-сауықтыру іс-шараларын қолдану, балаларды қоршаған дүние туралы
білімдермен қамтамасыз ету.
Осы категория балаларына деген қатынаста педагогикалық такт көрсету.
Даун синдромы бар балаларды дамыту және оқытудың жекелей бағдарламасы
Денсаулығы және тәрбиелеу шарттары
Нақты күн кестесін сақтау: баламен сабақты үнемі аптасына 2 рет, 45-60
минуттан өткізу керек. 2 ойыншықтар жинағы және құралдар болуы керек,
олардың біріншісі күнделікті ойынға (машиналар, кубиктер, ыдыс-аяқ жинағы,
жұмсақ ойыншықтар), екінші жинақ балаға ересектермен сабақ барысында ғана
беріледі.
Барлық ересек адамдар баланы оқытуға бірыңғай талаптарды ұстану керек.
Күн режимі сәттерін орындау барысында ересектер баланың қолының
саусақтарына массаж жасайды: 5-7 минуттан күніне 2-3 рет.
Массаж ересектің баламен эмоционалды және вербалды қарым-қатынас
көрсетуімен жасалады.
Жаттығу түрлері:
ересек адам қол үстілерін (ішкі және сыртқы) шетінен ортасына қарай
бағыты бойынша шынтағына дейін, әрбір қолын 6-8 рет;
ересек адам ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz