Актер, режиссер - А. Әшімов


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Жеке мәліметі

  • Туған күні:8 мамыр 1937 жыл
  • Туған жері:Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент (бұрынғы Байқадам) ауылы
  • Жанры:Отбасылық, Фантастика, Боевик, Экшн
  • Алғашқы фильмі:Ботагөз, 1958
  • Өмірбаяны:

КСРО халық артисі (1980), Қазақ КСР халық артисі (1978) .

1937 ж. 8 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент (бұрынғы Байқадам) аулында дүниеге келді. Мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваторияның театр бөлімін бітірген (1961) . 1963 жылдан Қазақ Мемлекеттік М. Әуезов атындағы академиялық драма театрында актёр, режиссёр. А. Әшімов көптеген киноға түсті. «Атаманның ақыры», «Транссібір жүрдек поезы» және «Манчжурлық нұсқа» атты трилогияда басты рольдерде ойнады. Алғаш рет студент кезінде С. Мұқановтың «Ботагөз» романы бойынша түсірілген фильмге түсті (1958 ж) . Актердің кинода жасаған көрнекті рольдерінің бірі қазақ эпосы бойынша түсірілген «Қыз Жібек» кинодрамасындағы Бекежан (режиссері Сұлтан Қожықов, 1970) . Фильмге 1972 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Белгілі актер А. Михалков-Кончаловский сценарийі бойынша режиссер Ш. Айманов түсірген «Атаманның ақыры» фильмінде басты роль орындады. Осы фильмдегі ролі үшін Әшімов 1973 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды. Бұл - чекист Шадияров туралы кинотрилогияның алғашқы фильмі еді. 1977 жылы режиссер Э. Оразбаев «Транссібір жүрдек поезыі» атты екінші фильмді түсірді (сценарий А. Адабашьян мен Н. Михалковтыкі) . Ал, 1989 жылы А. Әшімовтің өз сценарийі бойынша режиссерлер И. Вовнянко мен Цой Гук Инмен бірлесіп трилогияның «Маньчжурлық нұсқа» атты үшінші, соңғы фильмін түсірді. Ал, арада 20 өткен соң режиссёр Қ. Ахметов А. Әшімовтің идеясымен осы тарихтың бүгінгі жалғасы ретінде «Сіз кімсіз, Ка мырза?» (2010 ж) атты фильм түсірді. Басты рольде А. Әшімовтің өзі.

Негізгі жұмысы театрда болса да А. Әшімов кино саласында табысты еңбек етіп, отыз шақты фильмге түсті. Уақыт өте келе актер режиссураға мойын бұрды. Оның алғашқы режиссерлік жеке еңбегі жазушы З. Самадидің XIX ғасырда Шыңжаңда болған ұйғырлар көтерілісі туралы романы бойынша түсірген «Аждаһа жылы» (сценарий Ю. Визбордыкі) көркем фильмі (1981) . Ал, 1984 ж. А. Әшімов атақты ғалым, әйгілі саяхатшы Ш. Уәлиханов туралы фильмін түсіреді, мұндағы басты рольді оның өз ұлы Сағи (1961-1999) орындады. Бұл туындыға 1986 ж. ҚазақКСР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Бұдан кейін А. Әшімов «Жусан» (1986), «Қозы-Көрпеш пен Баян сұлу» (1992) және «Тұзды көл жанындағы үй» (2004) фильмдерін түсірді.

  • Фильмдер тізімі:

1958 - Ботагөз
1959 - Ертіс жағасында
1961 - Бір ауданда
1961 - Әуен шақырады
1962 - Балам менің
1963 - Қиылыс
1965 - Тұлпардың ізі
1967 - Мазасыз таң
1967 - Ән қанатында
1970 - Қыз Жібек
1971 - Атаманның ақыры
1974 - Сарқырама (Қырғызфильм)
1976 - Зымырау немесе барлығы сенбіден басталды
1976 - Таңдау
1978 - Транссібір экспресі
1979 - Нан дәмі
1980 - Ала-Таудың күміс шоқысы
1980 - Жаушы
1981 - Провинциальды роман
1985 - Шоқан Уәлиханов
1986 - Түрксіб
1989 - Маньчжурлық нұсқа
1993 - Әбілқайыр хан
1996 - Ермак (Ресей, бес сериялы)
2001 - Қазақы оқиға
2003 - Сарышаян
2004 - Ежелгі бұлғарлар дастаны (1-фильм, реж. Болат Мансуров, Ресей)
2010 - Сіз кімсіз, Ка мырза?

Марапаттары:

«Атаманның ақыры» фильміндегі ролі үшін К. Байсейітова атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы (1973)

Театрдағы жұмыстары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы (1974)

Қазақ КСР халық артисі (1978)

КСРО халық артисі (1980)

Кино өнеріндегі зор үлесі үшін «Тарлан» тәуелсіз сыйлығы (2000)

«Отан» ордені (2001)

Жамбыл облысының құрметті азаматы (2002)

«Қазақы оқиға» фильміндегі ролі үшін 1 «Шәкен жұлдыздары» кинофестивалі лауреаты (2003)

«Құрмет» ордені (2007)

Әлемдік кинодағы зор үлесі үшін ЮНЕСКО (2007) Халықаралық Академиясының «Алтын қыран» ордені

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
А. Әшімовтың өмір жолы
Қазақстандағы ұлттық киноматографиясының алғашқы қадамдары (1920-1940 жж.)
Қазақ театрының қалыптасуы мен дамуындағы актерлік өнердің маңызы
Кино рольдері
ҚАЗАҚ КИНОСЫ ҚАШАНҒЫ ТҰРАЛАЙ БЕРЕДІ
Қазақ театр режиссурасының жаңа белестері
Өнер және эстетикалық дәстүрлер
Өнер - өмір дейтін жұмбақ әлемнің жарқ етіп көрінген көркем көшірмесі
Актер өнерінің шығу тарихы
Хронологиялық деректер тізбесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz